Мемлекеттін аграрлык саясаты жане онын аймактык кұраушысы


Кіріспе
Ауыл шаруашылық жағдайы өте күрделі мәселе, еліміздің бүгінгі тіршілігі мен келешегінің мүдделі міндеттернің бірі, бірі емес бірегейі. Президент бұл мәселені бекер көтеріп отырмаса керек. Еліміз экономикасының, егемендігінің, мәдениетінің келешегін жан-жақты ойлап, күрделі міндетті қолға алып отыр деп есептеймін.
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: « . . . барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді . . . ». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.
Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр.
Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық процесстің дамуын қамтамасыз ету саясаты. [1]
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазақстанның аграрлық секторы үлкен мүмкіндіктері мен инновацияларды енгізу үшін экспорттық әлеуеті жоғары болады. Әлемде азық-түлікке деген сұраныс жыл өткен сайын өсе беретін болады. Бізге осы мүмкіндікті жөні болмайды. Мемлекет ауыл шаруашылығына үлкен көмек көрсетеді. Кепілдік беру және сақтандыру займдары аграрлық өндірісте жеке инвестицияның тәуекелін төмендету үшін бізге мемлекеттік жүйесін әзірлеу және енгізу керек. Фермерлер қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту үшін балама жолдар табу қажет. Үкіметке мемлекеттік қолдау тетігі делдалсыз бөлшек сауда әзірлеу және енгізу. Мемлекетке астық жіктеу сала бірыңғай астық холдингі жасау және ұйымдастыру қажет. Ет өндірудің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны іске асыруды жандандыру қажет. Үкіметке, оның ішінде қой шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ басқа да мал шаруашылығы салаларын жемазық өндіру мен шалғайдағы мал шаруашылығы.
Азық -түлік проблемасының шиеленісуінен ауыл шаруашылығын және онымен байланысты салаларды, аграрлық қатнастарды дамыту туындайды. Қазіргі уақытта эканомикалық - әлеуметтік саясатты бірінші кезекте аграртлық мәселелерді, әсіресе азық -түлік кешенінің маңыздылығын ескеру. дағдарыстан шығудың алғы шарттарын жасау, саладағы жаңа нарықтың құрлымдарға жан -жақты қолдау шараларын және ауыл шаруашылығының дамуындағы мемлекеттің ролін қарастыру актуалді мәселе болып отыр. Сол себепті аграрлы өндірісті дамыта отырып, осы саланың қызметін түпкілікті жақсарту - елдің азық -түлік мәселесі мен әлеуметтік шиеленісті шешіп, Қазақстанның рыноктық қатынастарға барынша бір қалыпты өтуін қамтамасыз етеді. Тәуелсіз мемлекет трғысынан әсіресе оның даму негіздері мен тәсілдерін өзгерту, шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін меңгеру, өнім көлемін көтеру және оны өңдеу, сақтау, тасымалдау, әдістерін жетілдіру, осы негізде агроөнеркәсіп кешенінің инфроқұрылымдарын дамыту мәселелері зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Дипломдық жұмысты таңдаудағы мақсат: «Мемлекеттін аграрлык саясаты жане онын аймактык кұраушысы» тақырыбын толық зерттеп мәні мен мазмұнын ашу болып табылады.
Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, оған жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:
- Агроөнеркәсіп кешені және оның инфрақұрылымын қарастыру
- Агроөнеркәсіптің нарықтық инфрақұрылымының типтерін талқыға салу
- Шет елдердегі агроөнеркәсіп саласының қолданылуы
- Ауыл шаруашылығы өндірісінің басқару механизмдерін зерттеу
- Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асыру жолдары талқылау
- Ақтөбе облысы мен Ойыл ауданының аграрлық және ауыл шаруашылық секторларын карастыру.
Бағдарламада жергілікті жағдайда азық-түлік және өнеркәісп үшін шикізат өңдірудің тиімділігі, сондай-ақ негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығару және сырттан алу мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан обьективті және қатаң түрде талданды. Тұжырымдық бағдарлама тиісті министрліктер мен ведомстволар, облыстық әкімдер мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мәжілісінде сындарлы жағдайда қаралып, Үкіметтің арнаулы қаулысымен мақұлданды. Сөйтіп, мемлекеттің жаңа аграрлық саясатының негізі қаланды.
Қазақстан экономикасының қазіргі даму кезеңінде бір - бірімен байланысты мынадай екі міндет шешілуге тиіс: нарықтық қатынастарды қалыптастыруды аяқтау және дағдарыстан шығу. Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында едәуір оң өзгерістерге қол жеткіздік: біріншіден, Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет болды; екіншіден, біз кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастадық. Сөйтіп, мемлекеттік - ұжымдық дүниетанымды жекешіл дербес дүниетаныммен ауыстырдық. Дегенмен де, экономикалық әл - ауқатымыз әлі де болса күрделі, шиеленіскен жағдайда тұр.
Қазақстан экономикасының қазіргі даму кезеңінде бір - бірімен байланысты мынадай екі міндет шешілуге тиіс: нарықтық қатынастарды қалыптастыруды аяқтау және дағдарыстан шығу. Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында едәуір оң өзгерістерге қол жеткіздік: біріншіден, Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет болды; екіншіден, біз кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастадық. Сөйтіп, мемлекеттік - ұжымдық дүниетанымды жекешіл дербес дүниетаныммен ауыстырдық. Дегенмен де, экономикалық әл - ауқатымыз әлі де болса күрделі, шиеленіскен жағдайда тұр. Мысалы, бәсекелестерге қабілетсіздік, көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуы, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалту, төлемсіздіктер мен өндірістің құлдырауы, міне, осылардың барлығы, бізде соңғы жылдары өндіріс деңгейінің екі еседен артық қысқаруына, ал бюджеттік түсімдердің одан да көбірек қысқарылуына әкелді. Сол себепті жағдайдың оңалуы үшін көп іс істеу қажет. Осы тұрғыдан шыға келіп, оқырман қауым назарына ұсынылып отырған дипломдық жұмысымда қарапайымда белгілі қағидалармен қатар аграрлық шаруашылықтың күрделі мәселері, алға қойылған мемлекеттік бағдарламалар қозғалды.
Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының аграрлық секторы және оның даму қарқыны мен болашағы.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыста жасақталған Қазақстан Республикасының аграрлық секторының дамуы мен инфрақұрлымы, казіргі күйі, мемлекетке келетін әсері мен Президент жолдауымен қолданылып жатқан бағдарламаларды қолдану жөнінде ұсыныстар жасалды. Осы дипломдық жұмыста нарықтық өзгерістерге байланысты болатын процестер мен құбылыстарды бір жүйеге келтіру, аграрлық нарықты қалыптастыру, мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, салық салу мәселелері секілді маңызды экономикалық процесстерді бір жүйеге келтіруге талпыныс жасалады.
Зерттеу жұмысының ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасы статистика бойынша Агенттігі, министрліктер мен ведомстволардың, академиялық және салалық ҒЗИ мәліметтері, Ақтөбе облысы әкімдігі, Ақтөбе облысы статистика агенттігі, Ойыл ауданы әкімдігі, Ойыл ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің, тұжырымдамалар мен экономиканы дамыту бағдарламалар және, ең алдымен агроөнеркәсіптік кешені мен оның кәсіпорындарының ұйымдарын дамыту бағдарламалары, шетелдік және республикадағы мерзімді баспа материалдары, сондай-ақ ізденушінің көп жылдық экономикалық зерттеулер нәтижелері. Дипломдық жұмыста республиканың заңдық және нормативтік актілері, әлемдік рынокта бәсекелестік қабілеті бар өнім өндіріп отырған елдерде жинақталған тәжірибелер пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмысының алдына қойылған мақсат пен міндеттерге жету логикалық бағытпен жазылған кіріспеден, үш тараудан, ұсыныстар берілген қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және кестелер мен суреттерден құралған беттерден тұрады.
1 Аграрлық саясаттың теориялық негіздері, мәні және емлекеттік
реттеу басқару тетіктері
1. 1 Аграрлық саяаттың мәні, мазмұны және мақсаты
Қазақстан Республикасының саяси тәуелсіздігі оның алдына экономикалық дербестік міндетін қойып отыр. Қазақстанның мұндай дербес экономикалық көтерілуі қайта жаңғырту мен елдің әрі қарай даму жолына терең теориялық негіздеу арқылы ғана іске асуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының стратегиялық нысанасы отандық өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзімдік құнын әлемдік бәсекелестік деңгейінен асырмау, халықты экологиялық азық-түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады.
Қазақстанның аграрлық секторы әлеуметтік - экономикалық жағынан терең түрлендірілді, шаруашылықты жүргізудің экономикалық механизімі өзгерді, щаруашылықтың жаңа нышандары қалыптастырылды.
Тауар өндірушілердің құрамы түбегейлі өзгеруі, меншіктің жаңа, мемлекеттік емес формалары орнықты. Дегенмен, соңғы он жыл ішінде елімізде азық -түлік өнімдері, олардың ең қажетті түрлері бойыша екі және оданда көп есе кеміп кетті, өндірілген өнімді өткізудің қалыптасқан жүйесі өзгерістерге ұшырады. Рыноктың экономикаға көшу көптеген күрделі проблемалар ішінде ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырум формаларын өзгертуді жеке мәселе ретінде қойып отыр. Сондықтан нарықтың қатнастарға өту жағдайында агроөнеркәсіп кешенінің негізгі буынында өндірісті ұйымдастырудың мәселелерін зерттеу өзектілікке ие болып отыр.
Аграрлық өнеркәсіптік өндірістің қазіргі және болашақтағы дамуы тек ауыл шаруашылығының тікелей даму деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оған қызмет көрсететін ауыл шаруашылығының даму дәрежесімен де айқындалады яғни ауыл шаруашылығының инфроқұрылымынада байланысты. [3]
Агроөнеркәсіп кешенінің инфроқұрылымы дегеніміз - салалар, өндіңрістер, тікелей негізгі өндіріске де, өндірістен тыс (әлеуметтік) салаларға да қызмет ететін қызметтер және қызмет түрлері формасындағы өндіргіш күштер элементтерінің жиынтығы.
Агроөнеркәсіп кешен инфроқұрылымы: өндірістік, әлеуметтік және рыноктық инфрақұрылымдардан құралады.
Өндірістік инфроқұрылымдағы материалдармен жабдықтау, техникаларды жөндеу, ауылшаруашылық өнімдерін тасу, өңдеу, сақтау, сату, сол сияқты электр қуаты, жол жүйесі байланыс, т. б жатады. әлеуметтік инфроқұрылымдағы үй - жай, коммуналдық шаруашылық, мәдениет мекемелері, денсаулық сақтау жүйесі, халыққа қызмет көрсету, тұрмыс қажеттерін өтеу мекемелері, білім, балаларға тәрбие беру мекемелері т. б кіреді. Аймақтағы агроөнеркәсіп инфроқұрылымының дамуы мен қалыптасу нақтылы аймақтардың табиғи-экономикалық жағдайына тікелей байланыста. Әрбір аймақтақтың өзіне тән табиғи және экономикалық өзгешіліктері бар, сондықтан инфроқұрылымдар осы нақтылы аймақ бойынша негізгісалалардың дамуына олардың өнімдерінің көбеюіне, сапасының жақсаруына, сол сияқты әлеуметтік салалардың жетілуіне әсерін тигізеді.
Өндірістік инфроқұрылым құрамына кіретін ауыл шаруашылығына тікелей қызмет ететін агрохимиялық, мал дәрігерлік, техниканы жөндеу, оларды күту, өсімдік қорғау т. б салаларды айтпағанда нарық жағдайында халықтың әлеуметтік - тұрмыс халін жаңартуды ауыл шаруашылығының негізгі салаларына қызмет атқаратын электротехникалық сала мен жол құрылыс, сол сияқты көлік (транспорт) қатынастарының да орны ерекше. Әлеуметтік инфроқұрылымдар өндірістік инфроқұрылымдар сияқты тікелей өнім өндірмесе де негізгі өндірістік салалардың бір қалыпты және үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Әлеуметтік салалар өндірістің өркендеуіне халықтың тұрмыс жағдайын денсаулығын, білімін, мәдениетін, мамандық деңгейін көтеру арқылы әсер етеді. Экономикалық аграрлық секторының рыноктық инфроқұрылымның қалыптасуы мен дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Олардың қатарында: өңірдің табиғи-климат жағдайы, шаруашылық субъектілері мен өндірістік объектілердің орналасуы, бұлардың энергия қуаттары, су көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесі, жол және көлік қатынастарының жағдайы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиясы, кәсіпкерлердің белгілі бір кәсіпке жете бейімделуі, бұдан басқа, саланың өзіне тән мына ерекшеліктер: табиғаттың құбылмалы көріністеріне тәуелділігі, қаражат айналымының ұзақтылығы, жұмсалған шығындар мен олардың қайтарылым көздерінің тұспа-тұс келмейтіндігі мұқият ескерілуі тиіс. Ауыл шаруашылығының инфроқұрылымын төмендегі 1 суреттен көре аласыздар
Әлеуметтік инфроқұрылым Өндірістік инфроқұрылым
1. материадық- 2. рухани инф- 3. жол қатынасы, 4. өндіріске
тұрмыстық инф- рақұрылымдар көлік тікелей
рақұрылымдар оқу- ағарту, (транспорт), қызмет
қоғамдық мәдениет, байланыс, ауыл көрсететін
тамақтану, өнер, шаруашылығы салалар
тұрғын-үй, денсаулық, өнімдерін өңдеу,
комуналдық спорт, ғылыми сақтау, сату,
байланыс, қызмет т. б олар
тұрмыстық тасымалдау
қызмет т. б және т. б
Ескерту- Теориялық мәліметтер негізінде автормен құрастырылған
Сурет 1. Ауыл шаруашылығының инфрақұрылымын
Осы және басқа да объективтік факторларды жан-жақты қарастыру инфрақұрылымның рыноктық қатынастар жағдайындағы даму бағытын, оның жалпы құрамымен бөлімдерінің көлемін айқындауға мүмкіндік береді. Нарықтық инфрақұрылымды жіктеу оның салаларымен жекелеген элементерінің жалпы экономикалық өсудегі маңызы мен рөлдерін анықтау, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстарды зерделеу, осының арасында негізгі өндіріс пен оны қамтамасыз ететін субъектердің оңтайлы ара қатынасын қалыптастыру қажеттілігінен туындайды.
Агроөнеркәсіптің рыноктық инфроқұрылымы тиісті бөлімдерден тұрады. Оның негізгі экономикалық айналымға қатысушылар рыногінің белгілі бір жүйелері, тауарлар мен қызметтер рыногі, ресурстар мен қаржы рыногі құрайды[2] .
Нарық инфроқұрылымның жалпы жүйесіндегі ең маңыздысы-тауар рыногы инфроқұрылымының қалыптасуы. Рыноктық экономиканы игеру жылдары еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдері өткізудің инфроқұрылымдық жүйелі бірқатар өзгерістерге ұшырады, бұрынан қалыптасқан салаара аралық байланыстар үзілді. Нәтижесінде өндірілген, тұтынуға дайын сапалы өнімдерді ойдағыдай өткізу проблемалық мәселеге айналды. Тауардың өтімділік дәрежесінің төмендеу беталысы аграрлық экономиканың даму барысынан, халықтың әлеуметтік тұрмыс - тіршілік дәрежесінен айқын сезіле бастады. Өнімнің тауарлық деңгейінің төмендеуі, піскен өнімдердің орынсыз ысырапқа ұшырап, тасымалдау жұмыстарындағы, шығысының азайып кетуін тудырады.
Ауыл шаруашылығы тауар өнімділігіне кері әсерін тигізіп отырған келесі жәйт - бұл өткізу жүйесі инфроқұрылымының жұпынылығы, ресурстардың тапшылығы, өндірістік қорлардың жылдар бойы жаңартылып жаңғыртылмағандығы. [4]
Нарық типтері бойынша саланың рыноктық инфрақұрылымы былайша жіктеледі.
Кесте 1
Агроөнеркәсіптің рынок инфроқұрылымының рынок типтерінің жіктелу
Ауыл шаруашылығының өндірісінің еркін рыноктың қызмет ету механизіміне бейімделуінің объективті күрделілігі, агралық сапаның ерекше статусы туралы мәселе көтереді. Агралық саясат халқаралық көлемде кең талқылануы түрлі мемлекеттік доктриналар мен аграрлық дамудың бірнеше стратегияларын ұстанатын мемлекеттік экономикалық қарама-қарсы бағыттарын көрсетеді. Осыдан екі концепцияның қайшылығы шығады. Бірі либералдық модель және екіншісі көптеген дамыған елдер ұстанатын аграрлық протенционизм моделі.
Ауыл шаруашылық және оған қызмет ететін салалардың теңбе-тең пропорционалды дамуы, түпкі жоғарғы нәтижеге жету үшін халық шаруашылығының барлық бөлімдерін басқаруды жетілдіру азық түлік нарығын толықтырудың маңызды шаралары. Табиғи жағдайларына қаншалықты тәуелді болғанымен, ауыл шаруашылық өндірісініңдеңгейі мен мамандануы табиғат фокторларына ғана емес, көбіне әлеуметтік -экономикалық фокторларға (өнеркәсіптің, көліктің даму сипатына, тарихи қалыптасуына салт-дәстүріне т. б ) байланысты болып келеді.
Сонымен, жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің арқасында, аграрлық өндіріс қоғамдық капиталдық ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне кіреді және ол осы жүйенің даму заңдарына сәйкес дамитын болады.
Осымен қатар, аграрлық өндіріс, көбінесе тұтыну заттарын өндіретін саладан, көбінесе өндіріс құралдарын (шикізат өңдейтін өнеркәсіп үшін) өндіретін салаға айналады.
Азық және ауыл шаруашылық шикізаттарынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндіріс аумағыда экономикалық ерекше сферасы қалыптасады. Ол аграрлық - өнеркәсіптік кешен (АӨК) деп аталады. АӨК -нің құрылымын құратындар -біріншілік және түпкі өнім өндіретін сфера (өсімдік өсірушілік, мал өсірушілік және ослардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салалары) ;
Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік инфроқұрылымы;
Тауар және ақша айналымы және информациялық қамту жүйесі;
Агроөнеркәсіп кешеніні жабық өзін -өзі ұдайы өндіретін жүйе болып қызмет етеді. [5]
1. 2 Аграрлық саясатты мемлекеттік реттеу аспектілері
Мемлекет ауыл шаруашылық өндірісін қолдауға және рыноктық жағдайларға бейімделуге көмек беруі қажет.
Аграрлық өндірісті мемлекеттік реттеу - бұл ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізаттарын және азық-түлік өндіруге, өңдеуге және оларды өткізуге, сондай-ақ тауар өндірушілердің өндірістік-техникалық камтамасыз етілуіне мемлекеттің экономикалық әсері болып табылады.
Аграрлық сектордағы мемлекеттің рөлін көрсетуде С. В. Киселев «Аграрлық секторды реттеуде және қолдауда бас рөлде, нарықтық экономиканың теориясы мен практикасы тудырған реттеу тетіктерінің қолданатын мемлекет болуы қажет» деп көрсетсе, қазақстандық ғалым Ғ. Қалиев «Мемлекет-дағдарыстық жағдаилар тереңдеген өтпелі кезеңде ауыл шаруашылық өндірісін дамыту шарттарын анықтауда маңызды рөл атқарады» деп тұжырымдайды. Батыс экономикасы нарық жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің үлкен тәжірибесін жинақтады, сондықтанда оларға көңіл аудару және оны үйрену бізге пайдалы болмақ. Әрине өтпелі кезеңде мемлекеттік экономиканы реттеуден бүтіндей алшақтады деп тұжырымдауға болмайды. Десе де экономистер арасында нарық өзінен өзі қалыптасуы қажет деген белгілі пастулатқа әбден сенгенін теріске шығара алмаймыз.
Енді аграрлық өндірісті, мемлекеттің реттеуі шектерін қалай анықтауы керек деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер ауыл шаруашылығын зерттеудің тиімді механизмін жасаумен толықтырылмады. Басқарудың тиімді механизмдерінің болмауынан макроэкономикалық реттеу микроэкономика деңгейіндегі қызметпен үйлеспей отыр. Рыноктық мақсаттар негізінде барлық мәселені жедел түрде шешуге болмайтыны анық. Сондықтан да, әкімшіл-әміршіл жүйенің идеяларанынан босаған экономика еркін рыноктық қатынастардың қызмет ету тәртібін бірден үйреніп кетуге қабілетсіз болып отыр. Бірақ, осы жүйеден бас тарту ауыл шаруашылығының экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қызметтерінің орталықтан орындалуын жоққа шығару деген сөз емес. Рыноктық қатынастардың бастапқы кезеңдернде басқару құрылымы экономиканы реформалау шараларының рыноктың өздігінен реттелуіне үлкен үміт артқан болатын. Өкінішке орай, мұндай болжам өзін ақтамады. Өйткені өздігінен реттеліп отыратын экономика ешбір жерде жоқ. [6]
Өркениетті елдердің барлығында да экономикаға мемлекеттік басқару жасалып, ол реттеліп отырады. Сондықтанда халық шаруашылығын реттеу үлкен экономикалық тиімді нәтиже береді. Сол себепті экономикаға мемлекеттік реттеу керек пе, жоқ па деген талас жоқ, мәселе сол реттеуді қалай және қандай әдіспен жүргізуде, мемлекеттік орындардың әкімшілік араласуы мен кәсіпорындардың дербестігі арасындағы шекараны қалай анықтауда болып отыр. Мемлекеттің, агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі мемлекеттік бақыллау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған рынок жағдайында да бірқатар объектиптік факторлармен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары эконмикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әртүрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әртүрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысып отытуы мүмкін. Бірақ олардың мәні тұрақты болып қалады. Сондай-ақ олар көп жылғы тәжірибеде сыналып, көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірісіп кеткен және қазіргі жағдайда рыноктық экономикалық теорияның тиісті тарауларының, негізін құрайды. Сонымен қатар, кейбір шаралар қалыптасқан саяси және әлеуметтік конъюнктураның әсеріне ұшырады.
Халықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуінің төмендеуіне жол бермеу. Дағдарыстан шығуға алғшарттар жасау, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салалары жұмысшыларының табыс дәрежелерін қалпына келтіру және азық-түлік рыноктарын қалыптастырып жұмыс істету, қаржыландыру, несие беру, сақтандыру және салық салу, сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыруда отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау, ауыл шаруашылық ғылымын және ауылдағы әлеуметтік саланы дамыту сияқты басты бағыттарда жүзеге асуы тиіс. Сондай-ақ шаруашылық өнімдері, шикізаттары және азық-түлік рыноктарын дамыту аграрлық өндіріс саласында еңбек етуші тауар өндірушілерге өнімдерін өткізуге мүмкіндік жасау, кепілдік беру арқылы жүзеге асуы тиіс. Өнімді, шикізатты және азық-түлікті өткізудің рыноктық жүйесін қалыптастытуға мемлекеттік басқару органдар жауапты. Өтпелі дәуірде төмендегі элементтер «мемлекеттік реттеуді» басты элементтері болып табылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz