Аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің теориялық жақтарын ғылыми негіздеу


Мазмұны
3. 2
3. 3
Ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік қолдаудың оңтайлы деңгейі
Ұлттық және аймақтық деңгейде азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы жүйесінде азық- түлік нарығының орны
60
71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
88
92
Қысқартулар және белгілеулер
АҚ
АӨК
АТЖ
АШТӨ
-
-
-
-
Акционерлік қоғамы
Агроөнеркәсіп кешені
Ақпараттық-талдау жүйесінде
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері
БҰҰ
ГТА
ДСҰ
-
-
-
Біріккен ұлттар ұйымы
Генетикалық түрлендірілген ағзалар
Дүние жүзілік Сауда Ұйымы
ЖШС
ЕДБ
ЕО
-
-
-
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Еуропа Даму банкі
Еуро Одағы
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісті жандандырмай елдің азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтық қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр. Бірақ бүгінгі күні ұлттық ауыл шаруашылығы өндірісінің ауыл шаруашылығының проблемаларын шеше алатын мамандандырылған қаржы орталығы немесе банкі әлі күнге дейін жоқ. Бұл мәселелерді шешу үшін тек бюджеттік қаржы жағынын жүргізуші түрінде ғана емес, банк жүйесінде ерекше орын алатын осы ресурстарды пайдалану үшін негізгі бақылаушы және қаржы операторы ретінде қызмет жасайтын мемлекеттік жүйені құратын банк құру қажет болып тұр. Бұл мәселелер жөнінде Президентіміз Н. Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауында: Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл - біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек. Бірінші кезекте, әсіресе баға қалыптастырудың ашық механизмдері арқылы тиімді жер нарығын құру маңызды. Ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тарту және озық технологиялар енгізуді ескеріп жалға бергенде ғана бәсеке күшейеді. Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жойған жөн. Болашақ - аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз. Фермерлер ұзақ мерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алатын болуға тиіс. Ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру да өзекті мәселе. Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Егін шаруашылығында суды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін қысқарту, оларды көкөніспен, майлы және азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек. Агрохимикаттарды тиімді тұтынудың, қуаң жерлерде топырақты нөлдік өңдеудің заманауи технологиялары мен өзге де инновацияларды қолдануды кеңейтудің кешенді шаралары қажет.
«Болашақ - аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз. Фермерлер ұзақ мерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алатын болуға тиіс. Ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру да өзекті мәселе» - дей отырып: «Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Егін шаруашылығында суды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін қысқарту, оларды көкөніспен, майлы және азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек. Агрохимикаттарды тиімді тұтынудың, қуаң жерлерде топырақты нөлдік өңдеудің заманауи технологиялары мен өзге де инновацияларды қолдануды кеңейтудің кешенді шаралары қажет» - деп, бұл саланы инновациялық дамытудың өте өзектілігін айтқан болатын[1] .
Азық -түлік проблемасының шиеленісуінен ауыл шаруашылығын және онымен байланысты салаларды, аграрлық қатнастарды дамыту туындайды. Қазіргі уақытта эканомикалық - әлеуметтік саясатты бірінші кезекте аграрлық мәселелерді, әсіресе азық -түлік кешенінің маңыздылығын ескеру дағдарыстан шығудың алғы шарттарын жасау, саладағы жаңа нарықтың құрлымдарға жан -жақты қолдау шараларын және ауыл шаруашылығының дамуындағы мемлекеттің ролін қарастыру өзекті мәселе болып отыр.
Зерттеу тақырыбының зерттелу деңгейі. Қазақстандағы АӨК-ді мемлекеттік реттеудің экономикалық механизм жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық сұрақтары: Г. Қалиевтың, К. И. Искаховтың, К. Қайырбековтың, В. ЕЛевичевтің., Ж. С. Сундетовтың, Т. И. Есполовтың, М. И. Сигарев, Б. Ш. Сыздыковтың, А. А. Шүкіровтың және т. б. көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде жарық көрді. Бірақ әлі де отандық әдебиет көздерінде аз зерттелген мәселелер мен сұрақтар кездеседі. Көп құрылымды экономика шаруашылықтың әр түрлерін ұйымдастыру арқылы кеңістік пен өндірісті қалыптастыру процесін экономикалық механизмнің ажыратылмайтын бөлігі ретінде зерттеу қажеттілігін арттырды.
Аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайы және азық- түлік мәселесіне жаңа қырынан қарауға негізделген мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру теориясын нақтылау қажеттілігі туындады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты болып, аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің теориялық жақтарын ғылыми негіздеу, мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайы және азық- түлік мәселесі, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымның құрамында ауыл шаруашылық өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру бойынша ғылыми-практикалық ұсыныстарды ұсыну.
Алдына қойылған мақсатарға жету үшін дипломдық жұмыста мынадай міндеттер қойылды:
- ауыл шаруашылықты мемлекеттік қолдаудың теориясы мен әдіснамасына көзқарастарын анықтайтын отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектерін түйіндеу, ауыл шаруашылық өнім өндірушілер экономикасына мемлекеттік араласуының қажеттілігіне қатысты авторлық қөзқарасын анықтау;
-нарықтық қатынастарды әрі қарай тереңдету барысында ауыл шаруашылықты мемлекеттік қолдаудың мақсатың, принциптері мен тәсілдерін негіздеу;
- ауыл шаруашылықты мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың тәсілдемесін анықтау;
- Ақтөбе облысы аймағында ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдаудың казіргі деңгейі мен жіктелуін сараптау мен бағалау;
- ауыл шаруашылықтың казіргі жағдайын және кезең-кезеңмен дағдарыстан шығуды назарға ала отырып мемлекеттік қолдауды жетілдірудың негізгі бағыттарын негіздеу;
- Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ауыл шаруашылықтың тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары анықталған.
Зерттеу пәні болып Ақтобе облысы аймағында және жалпы Казақстан Республикасында ауыл шаруашылықты мемлекеттік қолдаудың және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралдар жиынтығы, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды реформалау процесі мен осы реформалаудың нәтижесі табылады
Зерттеу объектісі - Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы саласы мен азық-түлік нарығы.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру, азық-түлік қауіпсіздігінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, ауыл шаруашылықты реформалау бойынша Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік-құқықтық құжаттар қалыптастырады. Зерттеулердің ақпараттық базасы -Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің статистикалық деректері.
Дипломдық жұмысты орындау барысында индукция және дедукция әдістері, талдау және синтез, құрылымдық және салыстырмалық талдау, статистикалық топтастыру әдістері қолданылды.
Зерттеулердің ғылыми жаңашылығы:
- Экономикалық әдебиеттерде көрсетілген теориялық көзқарастарды кешенді талдау мен жүйелеу негізінде "азық- түлік қауіпсіздігі" ұғымның экономикалық мазмұны нақтыланған;
- ауыл шаруашылықты мемлекеттік реттеудің маңыздылығы теориялық жағынан негізделген;
- азық-түлік саласының Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасы дамуының басымдықты саласына жататыны түсіндіріліп негізделген.
- аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісі мен азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеуді оңтайландырудың басымды бағыттары анықталған.
Дипломдық жұмыстағы тұжыpымдaлғaнғылыми пaйымдaулap мен ұcыныcтap ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайы және азық- түлік мәселесін шешу меxaнизмiн нapықтық қaтынacтap қaғидaлapынa cәйкеcтендipуге мүмкiндiк беpедi.
Зеpттеу жұмысының негiзгi мiндеттеpiне сәйкес дипломдық жұмыс кipiспеден, үш негiзгi бөлiмнен, қopытынды мен пaйдaлaнылғaн әдебиеттеp тiзiмiнен және қoсымшaлapдaн тұpaды.
1 Ауыл шаруашылықты мемлекеттік реттеудің теориялық
жақтары
1. 1 Ауыл шаруашылықты мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен
теориялық жақтары
Ауыл шаруашылын мемлекеттік реттеу мәселелері үнемі экономикалық әдебиеттерде теориялық жағынан да, сонымен қатар тәжірибелік жағынан да кеңінен қаралып жан-жақты талқылауда. Басым жағдайларда теориялық талдаудың объектісі ретінде әдістемелік тәсілдемелер, мемлекеттік реттеудің қағидалары қарастырылады.
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» заңына сәйкес агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу азық-түлік қауiпсіздiгін, агроөнеркәсіптік кешен өнiмi нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлiктің тиiмдi жүйесiн құруға, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдауға, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi және тамақ өнеркәсiбін дамыту үшiн жағдай жасау арқылы ауыл халқының тұрмыс деңгейiн көтеруге, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсiздiктi, техникалық жарақтандыру мен басқа да iлеспе қызмет салаларын қамтамасыз етуге, ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға бағытталған [2] .
Осы заңда агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудің құралдары көрсетілген. Оларға мыналар жатады:
1. агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында несие берудi дамыту;
2. агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау;
3. сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу;
4. ауылшаруашылық өнімін кепілдендірілген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;
5. мамандандырылған ұйымдар құру;
6. агроөнеркәсiптік кешен тауарларының экспорты мен импортын реттеу;
7. агроөнеркәсіптiк кешендi техникалық жарақтандыру;
8. агроөнеркәсіптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету;
9. агроөнеркәсіптiк кешенді ғылыми, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау;
10. ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымының дамуын инвестициялауды жүзеге асыру;
11. ауылды оңтайлы қоныстандыруды ұйымдастыру;
12. ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету;
13. суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі және оны бағалау шығындарын қаржыландыру;
14. салықтық, бюджеттiк, кедендiк-тарифтiк, техникалық реттеу шаралары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттiк peттеу:
1. сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу;
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу шараларымен ішкi нарықты қорғау, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады[3] .
Азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында мемлекет сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асырады.
Сатып алу және тауар интервенцияларын мамандандырылған ұйымдар азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша тауар интервенцияларын жүзеге асыруға жол берілмейді.
Зерттеу барысында ауыл шаруашылықтың экономиканың басқа секторларынан ажырататын базалық факторлар анықталып бір жүйеге келтірілген (кесте 1) .
Кесте 1
Ауыл шаруашылықты мемлекеттік реттеуді қажеттіліктің алғы шарты
- Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- Бағалардың айырмашылығының орын алуы
- Бағалардың маусымдық ауытқуы
- Табыстылықтың төмен деңгейі/өтемділіктің ұзақ мерзімі
- ҒТП нәтижелерін баяу жүзеге
- Экономикалық цикл тірі организмдердің өсу мен дамуының табиғи процесімен байланысты
- Технологиялық процесс шектеулі ресурспен, яғни жермен тығыз байланысты
- Табиғи жағдайларға тәуелділік
- Қоршаған ортаға антропогендік әсер
- ДСҮ құрамына кіргеннен кейін импорттық азық-түлік тауарлар үшін шекараның ашылуы
- Дамыған елдердің экспортқа шығаратын азық-түліктерді елеулі субсидияларды төлеу
- Әр түрлі елдерде ауыл шаруашылық өндірісін дамыту үшін табиғи жағдайлардың теңсіздігі
Ауыл шаруашылық өндірісінің аталған ерекшеліктері нарықтық экономика жайдайында еркін бәсеке орын алған жағдайларда ерекше мәнге ие болады. Соның нәтижесі ретінде елдердің көпшілігі ауыл шаруашылықты мемлекеттік реттеудің қажеттілігін мойындап отыр, осы мәселеге қатысты бірнеше заңнамалық актілер қабылдаған. Осы заңнамалық актілер негізінде ауыл шаруашылық өндірістің салаларын тұрақты дамуын қамтамасыз етуімен қатар ауыл тұрғындарын тұрмыстық жағдайларын қамтитын мемлекеттік бағдарламалар қабылданған.
Ауыл шаруашылықты мемлекеттік қолдау экономикалық санаттың мазмұны мен ғылыми көзқарастарды зерттеу барысында «мемлекеттік реттеу» ұғымы «мемлекеттік қолдау» ұғымына қарағанда кеңірек болып табылады. Бұл қолдаумен қатар заң шығару, үйлестіру мен ынталандыру жататын көп жақты экономикалық санаттың көріністерінің бірі. Дипломдық жұмыста мемлекеттік билік органдарының қызметтері арқылы бейнеленген мемлекеттік реттеудің осы нысандарының мәні анықталды (кесте 2) .
Кесте 2
Ауыл шаруашылықты мемлекеттік реттеудің негізгі нысаны
Экономикалық объектілер мен процесстерді басқару теориясында реттеу деп бақыланатын жүйеге тікелей әсер етуіне қарағанда, басқарудың жанама тұтқаларды, экономикалық мінез-құлықтың жалпы ережелері мен нормаларын бегітуге, экономикалық ынталандыру мен жанама әсер ету тұтқаларды қолдануды айтады. Казіргі ауқытта мемлекеттік реттеуде бұрыңғы нүктелі, мақсатты көмектің, әкімшілік етудің орнына экономикалық теорияда автоматты реттегіш деп аталатын әмбебапты сипаттағы әсер етудің басқада құралдарын қолданады[4] . Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында мемлекеттік реттеу саясатын жүзеге асырудың құралдар жиынтығы зерттеліп түйінделді және 1-ші суретте көрсетілген ауыл шаруашылықты мемлекеттік реттеутің механизм түрінде ұсынылған.
Ескерту - автормен зерттеу нәтижесінде құрылған
Сурет 1. Ауыл шаруашылықта кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу механизмі
Экономикаға мемлекеттік араласудың барлық әдістері құқықтық, институционалдық және экономикалық құралдары деп жіктеледі, ал құралдардың өзін ДСҰ талаптарына сай «қоржынның» түрлері бойынша жіктедік.
Шет елдер арасындағы сауда шарттарын бұрмалайтын және өндіріске теріс әсер ететін ауыл шаруашылықты ішкі қолдау шаралары ДСҰ-ның ережелері бойынша «кәріптас жәшігі» қолдау шарасы деп аталады және бұл шаралар міндетті түрде қысқартылуы тиіс. «Кәріптас жәшігі» деп аталатын мемлекеттік қолдау шаралары, дәлірек айтсақ, әлем нарығындағы бәсекеге қабілеттігіне, атап айтсақ, тікелей немесе жанама қолдау нәтижесінде бағалардың жасанды төмендетуі кері әсерін тигізетін, осының себебінен жойылуға жататын, шаралар категориясы табылады. Бұл шараларға кіретіндер: ішкі нарықтағы жоғары бағаларды қолдау мақсатында мемлекеттің ауыл шаруашылық өнімдерін фермелерден интервенциялық сатып алуы; ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік элементтерін субсидициялау, мысалы минерал тыңайтқыш құнының төмендеуі; ауыл шаруашылығы өнімін сату бағаларын төмендету мақсатында фермелерге өтемақылар төлеу; қарыздарды сипаттау немесе кейінге қалдыру. Бірақ та, ауыл шаруашылығы «сезімтал сала» болғандықтан Уругвай кезеңінің барысында азайтылмайтын субсидиялардың белгілі бір көлемін бөлу туралы шешім қабылданды. Осы қолдау көлемі «de minimis» деңгейі деп аталады. «De minimis» деңгейі белгілі бір өнімге (сиыр еті, сүт, бидай, т. б. ) нақты бағытталған қолдаумен қатар өнімге жалпы қолдауды қамтамасыз етеді. «De minimis» көлемі дамыған елдерде 5 пайыз, ал дамып келе жатқан елдерде 10 пайыз құрайды. Сонымен қатар, дамып келе жатқан елдерге «Кәріптас жәшігіне» жатқызылған кейбір шаралардың санын азайтпауға мүмкіндік берілді: олар инвестициялық мемлекеттік субсидиялар; кірісі төмен де, шикізаты шектелген өндірушілер үшін өндіру құралдарына субсидиялар; әртараптандыру мен есірткі дақылдарын өсіруге тыйым салуды қолдау мақсатында фермерге берілетін кез келген субсидиялар болып табылады[5] .
Кіретін әр ел келіссөздер кезеңінде «Негіздік кезеңді» анықтауға міндетті. Осы кезең, әдеттегідей, ДСҰ Хатшылығына ішкі қолдау жөніндегі мәліметтерді ұсыну алдындағы үш «репрезентативтік» жылды қамтиды. «Негіздік кезеңнің» маңызы өте зор, себебі осы үш жыл бойы көрсетілетін қолдау «Жасыл жәшіктің» шараларын қалыптастыруға және азайтуға жататын жиынтық есептесулердің негізін құрайды. Негіздік кезең ішіндегі ішкі қолдаудың орта көрсеткіші «Кәріптас жәшігі» қолдау шаралары жөнінде келіссөздердің негізін құрайды.
Экспорттық субсидияларға тоқталатын болсақ, ДСҰ шеңберінде осы субсидияларға бәсекелестікті бұрмалайтын субсидиялар ретінде тыйым салынған. Экспорттық субсидияларды ұсыну құқығын иелеген дамыған елдер 6 жыл ішінде субсидияланған экспорт көлемінің 21 пайызын біркелкі азайтуға және тиісті бюджеттік қаржыландырудың көлемін 24 пайызға азайтуға міндетті.
«Жасыл жәшік» шаралары, яғни сауда немесе өндіріске кері әсерін тигізетін, үкіметтік бағдарламалар негізінде қабылданатын және өндірушілер үшін бағаларды қолдауды көздемейтін мемлекеттік қолдау шаралары. Ауыл шаруашылық жөніндегі келісімде белгіленген нақты өлшемдерге сәйкес келген жағдайда «Жасыл жәшік» шаралары жойылуға жатпайды. Оған кіретін шаралар: ғылыми зерттеулерді қаржыландыру; зиянкестер немесе жануарлар ауруларымен күресу мақсатында ақшалай қаражаттарды бөлу; қызметкерлер дайындау бойынша жұмыс, ақыл-кеңес беру қызметтері, маркетинг бойынша, инфрақұрылым бойынша қызметтер: автожолдар салу, электр қуатымен жабдықтау, нарықтық және портты құрал-жабдық, сумен жабдықтау мен дренаж жүйелері; азық-түлік, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ең алдымен бидайды мемлекеттік қорға мемлекеттік сатып алу; халыққа ішкі азық-түлік көмегін көрсету мақсатында мемлекеттің фермерлерден ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу; мемлекеттің төтенше жағдайларда астықты сақтандыру жөніндегі бағдарламаларға қатысуы және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz