Мемлекеттік басқару органдарындағы мемлекеттік қызметтің құрылуын талдау


Кіріспе
Қазақстандағы қазіргі заманғы тиімді мемлекеттік басқару жүйесінің дамуы мəселесі ғылыми жəне саяси элитаның назарының объектісі болып келді. Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптастып, тəуелсіздігінің нығаюының басынан бастап мемлекеттік қызмет жүйесі, оның тиімділігін арттыру стратегиялық міндет болып анықталды. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі елдің экономикалық жетістіктеріне жетуге тікелей əсер ететіні анық.
Қазақстан халқына
Елбасының жолдауы шеңберінде
экономикасы
дамыған отыз ел қатарына ену
қабілеттілікті арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет институына, атап айтқанда мемлекеттік органдардың жұмысына жаңа мазұмын мен міндет жүктелді жəне осы міндеттердің орындалуы барысында мемлекеттің саяси-экономикалық үрдістер мен механизімдердің дамуына тигізетін оң əсері де қарастырылды.
Стратегиялық мемлекеттік əлеуметтік-экономикалық жобалар мен бағдарламаларды орындау барысында, əкімшілік алдына стратегиялық жоспар, нақты нəтижелерге жететін мақсаттар қойылды. Қазақстанның əлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру тұжырымдасамында ұзақ мерзімді басты көрсеткіштердің бірі ретінде тиімді жəне кəсіби үкіметті құру жəне осы арқылы мемлекеттік басқару мен жемкорлық деңгейі бойынша халықаралық рейтингіндегі дамығандардың қатарына кіруге мүмкіндік туатыны анықталды[1] .
Қазіргі заманның талабы, жоғары білікті, кәсіби шеберлігі мықты, жаңа технологиялар мен үрдістерді меңгере білетін, өз ісінің майталманы, болатын мемлкеттік қызметтекерлерді талап етеді. Біз де әлі де болса, ескі қағидарлармен, бағыт-бағдарымен мықтап ұстаған, бір деңгейден аса қойматйын қызметкерлер әлі де көптеп кездеседі. Уақыттың озып бара жатқаны сонша, кешегі талаптар, ережелер, жұмыс жасау әдіс-тәсілдері, т. б. толып жатқан мәселердің бәрін жаңа жүйеге келтіріп, жаңа үрдіспен қызмет ету.
Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясынаың негізінде шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғары халықаралық стандартарына сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы қажет. Қазіргі кездегі мемлекеттік қызметтің әдіс-тәсілдеріне, жаңа құрылымына, жүйелік салаларының жаңа жүйесіне өту керектігімен, дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және қоғамдық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі.
Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі - мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық процесстерге араласуы - объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет ролінің күшеюі мемлекетаралық экономикалық интеграциялық объективтілігі және экологияның кең ауқымды мәселелерін әлемдік деңгейде қажеттілігімен байланысты екендігін де атап өту керек. Мұның бәрі де жас экономиканы жан-жақты зерделеу қажеттілігі туралы мәселені күн тәртібінде қойып отыр. Қазіргі кезеңінде экономиканы мемлекеттік қызметтің ғылыми-әдістемелік негіздерімен қатар тәжірибесін де танып-білу маңызды рөл атқарады.
Сондықтан саяси және мемлекеттік іс-әрекет, әлеуметтік-саяси балансты бұзбауы үшін, мемлекеттік құрылымдағы қызметкерлердің мемлекеттік және жергілікті басқарудағы белгіленген стандарттарды орындауды талап етеді. Жаңа саяси инновациялармен технологияларға қатынасы және қоғамды дамытумен ондағы басымдылық прогресіне оның мәдениеті, ұлттық дәстүрі және әлеуметтік-саяси жағдайына тікелей байланысты.
Өкінішке орай, қазіргі қоғамдағы көптеген мемлекеттік мәселелердің шешімін таппай жатуы мамандардың біліктілік пен іскерлік қабілетінің төмендігіне байланысты. Оның өзіндік тарихи себептері бар. Кеңестік жүйедегі кадрлар дайындау мәселесі көбіне сан жағымен шектеліп сапа жағына көңіл бөлінбеді.
Қазіргі ғаламдану жағдайында мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен қызметке деген талабын жаңаша қарастырады, және төмендегідей талаптарды міндеттейді. Біріншіден қоғамдағы кенес заманынан мұра болып қалған әкімшілік -командалық басқару стилінен арылу, екіншіден қоғамдағы саяси мәдениетті көтеру, үшіншіден қоғам мүшелерінің қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттыру. Міне осы мәселелер толық шешімін тапқанда ғана қоғамда тұрақтылық, үйлесімділік және болашаққа деген сенім арта түседі.
Қазіргі заманның басты талабы бізден, мемлекеттік қызметтегі, корпорациядағы және топтық ұжымдағы білімсіздікті жоюмен қатар білімді, біліктілік пен шеберлікті талап етеді. Мұндағы басты рөлді басқарушылық мәдениет атқарады. Осы тұрғыдан алғанда, бітіру жұмысының өзекті екендігі дау туғызбайды.
Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау, жаңа бастамалар бойынша мемлекеттік қызмет институты жетілдіру транзиттік мемлекеттер үшін транзиттік кезеңнен сəйкесінше шығуға мүмкіндік береді. Осы ретте мемлекеттік қызмет институтын жоспарланған түрде, қоғамдық өмірдің түрлі салаларында қалыптасқан жағдайлардың ескерілуімен оны модернизациялау мəселесі өзекті болып қала береді.
Мемлекеттік қызметшілердің əлеуметтік жəне адамгершілік-этикалық жағдайымен байланысты мəселелер тобын шешу де өзектілігі жағынан кем түспейді. Бұл мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы мəртебісі, сəйкесінше əлеуметтік қорғалуы сияқты мəселелрді қамтиды. Осымен бірге, мемлекеттік қызмет саласындағы саясат қажетті деңгейінде жүріп жатқанымен, жаңа саяси жəне құқықтық толтыруды қажет етеді. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер аталған мəселелердің практикалық тұстарын қамтып, мемлекеттік қызмет жəне мемлекеттік басқару саласындағы саясатты жетілдірудің жаңа механизмдерін дамытуға мүмкіндік береді.
Тақырыптың өзектілігі мемлекеттік қызметтің, оның қоғамдағы орнын анықтаулағы жаңа тəсілдеме мемлекеттік қызмет институтының дамуын, оның əлеуетінің артуын талдауды қажет етеді. Осыған байланысты басқару жүйесінің субъективті факторы - басқару мəдениеті, мемлекеттік қызметшілердің профессионалдылығына көңіл бөлу қажет.
Қазақстанның мемлекеттік қызметтің қазіргі кедегі жағдайына, мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру бойынша инновациялық шараларды əзірлеудің қажеттілігі, осы маңызды институттың қызмет етуі мен реттеудің сапасын арттырудың өзектілігі осы тақырыпты таңдауға əсер етті.
Дипломдық жұмыс мақсаты мен міндеттері - мемлекеттік басқару органдарындағы мемлекеттік қызметтің құрылуын талдау.
Аталған мақсатқа сай мынадай міндеттер қарастырылды:
- мемлекеттік қызметтің теориясы, және оның принциптерін анықтау;
- мемлекеттік қызмет және оның құрылымын зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің қалыптасуы және
қазіргі ахуалын зерттеу;
- Ақтөбе облысындағы мемлекеттік қызметтің дамуын талдау;
- Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселерді шешу жолдарын саралау;
- Мемлекеттік қызметті арттырудың негізгі бағыттарын айқындау.
- мемлекеттік басқару органдарындағы мемлекеттік қызметті жетілдіруді нақты ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жалпы жүйесі
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы :отандық ғылымның теориялық жəне қолданбалы əлеуетін дамытуына үлес қосуына, мемлекеттік басқару жүйесін реформалау мен əрі қарай жетілдіру, мемлекеттік қызмет мəселелері бойынша ұлттық жəне мемлекеттік бағдарламаларды даярлау кезінде қызығушылық тудыруы мүмкін.
Теориялық және методологиялық зерттеулердің негізі болып менеджмент теориясы мен практикасы, ұйымдық теория, сондай - ақ, негізгі және қосымша зерттеулердің мәдениетінің эффективті(нәтижелі) мемлекеттік басқару органдарындағы қызметті жоғарылату, отандық және шетелдік құрылыми проблемалары, қолдау корсету мен структураның кәсіби - басқарушылық мәдениетін өзгерту секілді ғылыми басылымдар мебеп болды.
Дипломдық дұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен, бес қосымша жазбадан тұрады.
1 Мемлекеттік қызметтің қалыптасуының теориялық негіздері
1. 1 Мемлекеттік қызмет түсінігі, мәні мен принциптері
Ғылыми және оқулық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік қызметті кең және қысаң мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада кызметшілердің өздерінің міндеттерін (жұмысын) мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, өзге де ұйымдарда орындауға саяды; қысаң мағынада - бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазакстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы қысаң мағынада берілген. Онда мемлекеттік қызмет, - делінген, - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. [2]
Ал, лауазымдық өкілеттікі заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілердің өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік ұғынылады.
Мемлекеттік кызметтің құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, жоғарыдағы аталған Заң, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» 1998 жылғы 12 қарашадағы №4141 және «Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы» 1999 жылғы 24 акдандағы №13 өкімдері, республиканың өзге де нормативтік-құкықтық актілері жатады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканын еңбек, зейнетақы туралы және өзге де зандармен реттеледі.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы заңдарынан, соларға сәйкес қабылданған занға тәуелді актілерден, сондай-ақ құкықтык ғылым мен басқару ғылымы тұжырымдаған нақты негізге алынатын принциптерге негізделеді. Олардың түрлері мемлекеттік кызмет туралы Занда нақтыланған. Оларға мына төмендегі принциптер жатады. [3]
1. Заңдылық. Бұл ешкімді де тыс қалдырмайтын әмбебап принцип болып табылады. Мемлекеттік өкімет органдары, лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарын сақтауға міндетті.
2. Қазақстандық патриотизм (Отанға деген сүйіспеншілік) .
3. Мемлекеттік өкіметгің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне карамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы.
4. Азаматтар құықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері аддындағы басымдығы.
5. Мемлекеттік қызметтің жалпыға ашықтығы, яғни Республика азаматтарының өз кабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке кіруге және мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқылығы.
6. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде кабылдаған шешімдерді орындаудың бағынышты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі.
7. Мемлекеттік кызметшілердің бақылуда болуы және есептілігі.
8. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы. Бұл кызметке кіретін азаматтардың алдындағы мемлекеттің өзіне алған міндеттемелерін сөзсіз орындау және мемлекеттік қызметшіге заңсыз тиіспеуге құкыктық кепілдіктерді қамтамасыз ету болып түсініледі.
9. Мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін адал, ынталы аткарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу.
10. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы.
Аталған Занда және оқулық заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың бұлардан өзге де принциптері айтылған. Олардың ішінде, мысалы, коғамдық пікір мен жариялылықты ескеру; мемлекеттік кызметшілердін, кәсібилігі мен жоғары біліктілігі және басқалар.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Занда мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейтіндігі ерекше атап айтылған. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде зандардың талаптарын басшылықка алуға тиіс және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмауы керек.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда мемлекеттік лауазым нормативтік-кұқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдык міндеттердің белгілі тобы жүктелген мемлекеттік органның кұрылымдық бөлігі делінген.
Мемлекеттік лауазым - оны атқаратын адамнын өкілеттігінің мазмұны мен көлемін қамтып көрсетеді.
Лауазым мемлекелік қызметштің қызметтік міндеттерінін, құкықтарының көлемін және жауапкершілігінің шеңберін, оның кәсіби-мамандық даярлығына қойылатын талаптарды белгілейді. Ол қызметшінің атқаратын жұмысының мазмұнын көрсетеді, оның құқыктық жағдайын анықтайды.
Әрбір лауазым өкімдік тәртіппен құрылады, ол басқару органының штат кестесіне енгізіледі және тиісті мамандарға орналастыруға жатады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Занда мемлекеттік кызметші ұғымы берілген. Ол бойынша мемлекеттік қызметші болып заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазакстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан акы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы табылады.
Заңда мемлекеттік қызметшілерді екі топқа бөліп, түсініктеме берген.
Бұлардың бірі мемлекеттік әкімшілік қызметші деп аталады. Оған мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік кызметші жатады.
Енді бір тобы - мемлекеттік саяси қызметші. Мұндай қызметші болып тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси - айқындаушы сипатта болатын және саяси мак-саттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші табылады.
Жалпы алғанда құкықтық мәртебелерінің ерекшеліктеріне қарай мемлекеттік кызметшілер әр алуан түрлерге бөлінуі мүмкін.
Ең алдымен: а) мемлекеттік органдардың, ә) мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметшілері бөлінеді.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері мемлекеттің қоғамға басшылық жасау жөніндегі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға шоғырланған.
Ал, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметшілерінің функционалдық міндеттері өзгеше. Олардын қызметі тиісті өндірістік, әлеуметтік-мәдени жене өзге де қызмет процестерін, яғни кәсіпорындардың, мекемелердін және ұйымдардың мақсаттары мен атқаратын жұмыстарына орай негізгі міндеттерін орындауды ұйымдастырумен байланысты.
Мемлекеттік қызмет туралы заңда осы заңның барлық мемлекеттік қызметшілерге колданылатындығы, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясымен конституциялық зандармен немесе өзге заң актілерімен олар үшін басқадай құқықтық мәртебе белгіленген жағдайлар қосылмайтындығы айтылған. [4]
Техникалык қызмет керсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жүмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметшіге жатаайды. Мұндай адамдардың тізбесін республика Үкіметі бекітеді.
Жүйелеу мәселесін зерттегенде әкімшілік құқық ғылымында ең алдымен құқықтық жағы ескеріледі.
Қызметшілерді, олардың жүзеге асыратын функцияларының сипатына байланысты үш жүйеге: лауазымды адамдарға, жедел құрамға, көмекші персоналға; немесе бес топқа: басшыларға, жауапты мамандарға, техникалық персоналға (техникалық орындаушылар) және көмекші қызмет көрсететін персо-налға бөлуге болады.
Лауазымды адам, - делінген «Мемлекеттік қызмет туралы» Занда, - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінін міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім етушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам.
Зад әдебиеттерінде лауазымды адам деп өз құзыретінің шеңберінде заңдық салдар туғызатын биліктік іс-әрекет жасауға құқығы бар мемлекеттік қызметшіні айтады (мысалы, басқарудың құқықтық актілерін шығаратын, ақша кұжаттарына қол қоятын, тіркеу іс-қызметтерін жасайтын т. с. с) .
Қазіргі кезеңнін. талаптарына сәйкес аталған заңда мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын жаңадан жүйелеу енгізілген. Ол бойынша жүйелеу негізгі белгілеріне қызметшілердің мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын органнын ұйымдык-құкықтық деңгейі, олардың нақты лауазымдағы құзыретінің көлемі мен сипаты, лауазымның мемлекеттік орган құрылымындағы рөлі мен орны жатады.
Осыған ораймемлекеттік қызметшілердін лауазымдары саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Саяси лауазымдарға:
1) Қазакстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардын орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары және Парламент-палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;
4) орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.
Мемлекеттік кызметшілердің әкімшілік лауазымдарына мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдык өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер жатады.
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік лауазымдарына мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекетті қызметшілер.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаттар белгіленеді. Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді.
1. 2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет қағидалары мен өкілеттіліктері
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет:
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;
5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;
6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiліктiлiгi;
8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу;
9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;
10) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;
11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;
14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi. [5]
Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.
Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi өз құзыретi шегiнде:
1) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне байланысты шешiмдерiн ресiмдейдi, қызметшiлердiң жеке iстерiн жүргiзедi, мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбек кiтапшаларына (қызмет ету тiзiмдерiне) қажеттi жазбалар енгiзедi;
2) мемлекеттiк қызметшiлердiң заңда белгiленген шектеулердi қабылдауы туралы келiсiмін жазбаша нысанда белгiлейдi (өзiне қабылдаған шектеулердi бұзған жағдайда құқықтық салдарлар туралы хабардар етедi) ;
3) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың құқықтық жағдайының мәселелерi жөнiнде ақыл-кеңес бередi, мемлекеттiк қызметте болумен байланысты шектеулердiң сақталуын бақылайды;
4) уәкiлеттi органға ұсыну үшiн бос лауазымдар тiзiмiн, бос лауазымдарды толтыру жөнiнде өтiнiмдер және өзге де қажеттi ақпарат дайындайды;
5) мемлекеттiк қызметшiлердi оқытуды, қайта даярлауды (қайта мамандандыруды) және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
6) заңдарда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы
Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кіредi.
Саяси лауазымдарға:
1) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары;
3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын мемлекеттiк саяси қызметшiлер;
4) орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшiлер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.
Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін. [6]
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттар бойынша тізілімін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Мемлекеттiк саяси қызметшілер үшiн лауазым санаттары белгiленбейдi.
Мемлекеттiк қызметшiнiң:
1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz