Шаруашылық жағдайында жобаланатын ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқыштар қолдану жүйесін жетілдіру
КІРІСПЕ
1. Нысанның табиғи . климаттық және шаруашылықтық жағдайлары
1.1. Географиялық орны
1.2. Климаты
1.3. Топырақ . мелиоративтік жағдайы
1.4. Ауылшаруашылығының қазіргі жағдайы
2. Ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқыштар қолдану жүйесін жасау
2.1. Ауыспалы егістің құрамы мен құрылымын жобалау
2.2. Дақылдардың потенциалдық өнімділігін ФАР бойынша есептеу және жобалық өнімділікті негіздеу
2.3. Ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері
3. Ауыспалы егіске тыңайтқыш енгізу жүйесін жасау
3.1.Жергілікті тыңайтқыштардың жинақталуы және оларды пайдалану
3.2. Ауыспалы егістік дақылдарының жоспарланған өніммен топырақтан қоректік заттарды шығару
3.3. Жоспарланған өнімге қажетті тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау
3.4. Тыңайтқыштарды енгізудің әдістері мен мерзімдерін анықтау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Агрохимия – өсімдіктің, топырақтың және тыңайтқыштың өзара қатынасын, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттырып, сапасын жақсарту үшін топырақ құнарлылығын ұдайы жоғарылатуын зерттейтін ғылым.
Агрохимия биологиялық және химиялық ілім болып саналады. Өсімдік шаруашылығын дамытуда және жетілдіруде тыңайтқыш қолдану ең тиімді әдістердің бірі болып есептелетіндіктен агрохимияның агрономия ілімінің ішінде алатын орны зор.
Агрономиялық химияның мақсаты өсімдіктің қоректенуіне қолайлы жағдай жасау, тыңайтқыштардың жеке түрлері мен формаларын топырақпен әрекеттесуін зерттеу және оларды қолданудың тиімді әдістерін анықтау.
Агрохимия ілімі егіншілікті химияландырудың негізі болып табылады. Себебі, мұнда ауылшаруашылығанда тыңайтқыштарды қолданудың мерзімі, мөлшері, әдістері сияқты мәселелер жан – жақты қарастырылады.
Агрохимия өсімдіктер физиологиясы, топырақтану, биохимия, микробиология, егіншілік, өсімдік шаруашылығы, химия, агрометерология, физика, математика, биология ғылымдарымен тығыз байланысты.
Агрохимияның алдына мынадай басты міндеттер қойылады: егіншілікте қоректік заттардың айналымы мен балансын зерттеу, өсімдіктің қоректенуінің минералдық теориясын жетілдіру, топырақ құнарлылығын арттыру жолдарын белгілеу, тыңайтқыштардың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін төмендету жолдарын іздестіру, топырақ пен өсімдік құрамындағы макро және микроэлементтердің шекті деңгейін белгілеу.

1. Ә.Ә.Әуезов, Т.А.Атақұлов, Н.Ш.Сүлейенова, Қ.Ш.Жаңабаев, «Егіншілік», Алматы «Сөздік – словарь», 2005ж
2. Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев, Н.А.Серепаев, Н.А.Шестакова, С.С.Арыстанғұлов, «Өсімдік шаруашылығы», Алматы, 2011ж
3. Қ.Жаңабаев, Т.Саудабаев, И.Сейітов, «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», Алматы, 1994ж
4. Қ.Жаңабаев, С.Арыстанғұлов, «Агрономия негіздері», Астана, 2010ж
5. Қ.Әрінов, А.Нағымтаев, М.Ысқақов, Н.Серікпаев, И.Жұиағұлов, «Агрономия негіздері», Астана, 2007ж
6. Агрохимия пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, 2012ж

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Нысанның табиғи - климаттық және шаруашылықтық жағдайлары
1.1. Географиялық орны
1.2. Климаты
1.3. Топырақ - мелиоративтік жағдайы
1.4. Ауылшаруашылығының қазіргі жағдайы
2. Ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқыштар қолдану жүйесін жасау
2.1. Ауыспалы егістің құрамы мен құрылымын жобалау
2.2. Дақылдардың потенциалдық өнімділігін ФАР бойынша есептеу және жобалық өнімділікті негіздеу
2.3. Ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері
3. Ауыспалы егіске тыңайтқыш енгізу жүйесін жасау
3.1.Жергілікті тыңайтқыштардың жинақталуы және оларды пайдалану
0.2. Ауыспалы егістік дақылдарының жоспарланған өніммен топырақтан қоректік заттарды шығару
0.3. Жоспарланған өнімге қажетті тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау
0.4. Тыңайтқыштарды енгізудің әдістері мен мерзімдерін анықтау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе.
Агрохимия - өсімдіктің, топырақтың және тыңайтқыштың өзара қатынасын, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттырып, сапасын жақсарту үшін топырақ құнарлылығын ұдайы жоғарылатуын зерттейтін ғылым.
Агрохимия биологиялық және химиялық ілім болып саналады. Өсімдік шаруашылығын дамытуда және жетілдіруде тыңайтқыш қолдану ең тиімді әдістердің бірі болып есептелетіндіктен агрохимияның агрономия ілімінің ішінде алатын орны зор.
Агрономиялық химияның мақсаты өсімдіктің қоректенуіне қолайлы жағдай жасау, тыңайтқыштардың жеке түрлері мен формаларын топырақпен әрекеттесуін зерттеу және оларды қолданудың тиімді әдістерін анықтау.
Агрохимия ілімі егіншілікті химияландырудың негізі болып табылады. Себебі, мұнда ауылшаруашылығанда тыңайтқыштарды қолданудың мерзімі, мөлшері, әдістері сияқты мәселелер жан - жақты қарастырылады.
Агрохимия өсімдіктер физиологиясы, топырақтану, биохимия, микробиология, егіншілік, өсімдік шаруашылығы, химия, агрометерология, физика, математика, биология ғылымдарымен тығыз байланысты.
Агрохимияның алдына мынадай басты міндеттер қойылады: егіншілікте қоректік заттардың айналымы мен балансын зерттеу, өсімдіктің қоректенуінің минералдық теориясын жетілдіру, топырақ құнарлылығын арттыру жолдарын белгілеу, тыңайтқыштардың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін төмендету жолдарын іздестіру, топырақ пен өсімдік құрамындағы макро және микроэлементтердің шекті деңгейін белгілеу.
Аумағы 144,3 мың шаршы шақырымның 574 мың гектар жері мемлекеттік орман қоры алып жатқан ауданда 1,04 млн. халық тұрады.
Орташа тығыздығы 1 км2 - ге 7,2 адамнан келеді. Орталығы Тараз облыс аумағында халық бірдей қоныстанбаған, олар негізінен таулы жерлерде қоныстанған. Облыс әкімшілігі ауданға бөлінген: Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Сарысу, Талас , Мойынқұм, Қордай , Шу, Меркі және Т.Рысқұлов. Облыста барлығы он аудан, төрт қала жүз елу үш кенттік және ауылдық округтерде үш жүз жетпіс тоғыз ауыл бар. Қалада 40- тан астам кәсіпорындар бар.
1. Нысанның табиғи - климаттық және шаруашылықтық жағдайлары.
0.1. Географиясы.
Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік аумақтық бөлініс. Жамбыл облысының көп бөлігі жазық. Жер қойнауынан газ, фосфорит, түсті металдар,гипс,селитра,ас тұзы, әр түрлі құрылыс материалдары барланған. Көптеген ортағасырлық қалалар, қоныстармен бекіністер Шу өңірінде табылған: Атбайлар, Тамды, Төрткүлтөбе, Биназартөбе; палеолит түрақтары, кола дәуірі мен ерте темір ғасырындағы Ақкөл көлі мен Теріс өзенінің сағасындағы қорғандар мен бейіттер; Ишан Ноғай мен Илібай кесенесі. Қарақожа мен Ишан Абдулла мешіттері 20 ғасырдың басындағы өзіндік ерекшелігі бар қолөнерші шеберлердің көз тоқтатып қарарлық туындылары, боп табылады.
Аудан жері, негізінен, жазық, тек оның қиыр оңтүстік - батысы ғана таулы. Мұнда Қаратау жотасының оңтүстік - шығыс бөлігі орналасқан. Ауданның ең биік жері де осы тұста (1109 м). Солтүстігі Мойынқұмға ұласады. Мұндағы тау-төбелердің ішіндегі ең биік жері Кемпіртөбе тауы (409 м). Жер қойнауында ірі кен орындары барланған. Онда әктас, доломит, мәрмәр және гранит, уран, табиғи газ, алтын, гипс, барит, хальцедон, минералды бұлақтар тағы басқа кен орындары бар.
0.2. Климаты.
Жобаланатын ауыспалы егістік Жамбыл облысы Тараз қаласының жерлерінде орналасқан. Аудан климаты күрт өзгермелі, жазы ыстық әрі құрғақ, қысы салыстырмалы құрғақ. Ауданның орташа жылдық температурасы 9, 00 C. Орташа жылдық жауын - шашын мөлшері (161 күн ) 353 мм. Аязсыз күндер ұзақтығы 161күн. Басым желдер бағыты Оңтүстік- Шығыс. Объектіге ең жақын орналасқан метеостанция Жамбыл метеостанциясы. Суғарылатын алқап тау етегіндегі шөлейт аймақта орналасқан.Бұл аймақтың ылғалдау коэффициенті жылдардың ылғалмен қамтамасыздығына байланысты 0,1 ... 0,28 дейін өзгеріп отырады. Сондықтан бұл аймақтың жерлерінен тұрақты да мол өнім суғармалы егіншілік жағдайында ғана мүмкін ауа - райының жағдайын метеорологиялық бекетінің мәліметтері арқылы негіздеуге болады. Қарастырылып отырған нысан облыстың екінші агроклиматтық ауданына жатады. Бұл шөл дала құрғақ ыстық агроклиматтық аудан. 10оС жоғары температуралардың жиынтығы 3400-3900 оС жоғары, ГТК 0,3-0,5. Ауданның климаты салыстырмалы түрде суық емес, қысымен және ыстық жазымен ерекшеленеді. Қаңтар айының орташа температурасы -6,9 - -8,8оС, шілде айының орташа температурасы +24,5 - +26,5оС. Жазы өте құрғақ және ыстық. Жауын - шашын көктемнің наурыз - сәуір айларында ең көп түседі. Температурасы 10 оС жоғары кезеңде орташа 80-190 мм жауын - шашын түседі.
Ауаның өте суық кезі қаңтар, орта айлық ауаның суықтығы 8,5оС, ал төмен суықтығы 40,6оС. Ауа - райының өзіндік ерекшелігі ретінде, көктемдегі ауаның жылулығы өте тез көтеріліп, күзде тез суып кетеді. Қысты күндері ауа - райының жылулығының шамасы 18,7оС дейін қысқы мерзімде кездесіп отырады да, қайта суып кетеді. Ауа райының бұндай өзгеріп отыруы ауыл шаруашылығында ыңғайсыз жағдайлар туғызып отырады.
Күздің күндеріндегі бірінші аязды қазан, ал көктемде мамыр айларында кездестіруге болады. Ауа - райының орта жылулығының 5оС жоғарғы шамасындағы ауысуы көктемде 26-29 наурыз, ал күзде 14-15 қыркүйекте байқалады.
Жауын - шашынның өте көп мөлшері жылдың суық кезінде қараша - наурыз айларының аралығында байқалады, ол шамаммен 135 мм тең, ал жылы кездердегі шамасының жиынтығы -120,3 мм. Ауаның ылғалдылығының өте жоғары дәрежесін қаңтар -20 %, ал өте төмен шілде -66 % айларында кездестіруге болады.
1 - кесте. Жамбыл облысы Тараз қаласының Жамбыл метеорологиялық бекетінің мәліметтері
Көрсеткіштер
Айлар
Жылдар
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Ауа температурасы, оС
-7,6
-3,2
3,2
11,3
16,6
21,6
23,8
21,2
15,8
8,4
0,9
-4,3
9,0
Ауаның салмағы, %
68
68
62
49
40
33
30
29
29
41
59
68
48
Жауын - шашын мөлшері, мм
21
22
37
44
36
21
9
6
8
30
30
23
287
0.3. Топырақ - мелиоративтік жағдайы.
Шаруашылықтың аймағында әртүрлі топырақтар кездеседі.Топырақтық зерттеулер мен физико - химиялық талдаулар мәліметтерінің негізінде 3 мелиоративтік топырақтарға біріктірілген төмендегідей топырақ түрлері анықталады:
oo Далалық - сүр суғармалы орташа және ауыр саздақты әлсіз гипстелген (177 га)
oo Далалық - сүр суғармалы жеңіл - ауыр әлсіз және орташа қаңқалы(427 га)
oo Далалық - сүр суғармалы орта және ауыр саздақты орта және әлсіз тұзданған(232 га)
Орташа сапалы жерлер, аймақтық агротехникаларды қажет ететін және оларға мынандай топырақ жатады:
1. Қарапайым орташа құмдақ сұр топырақ.
2. Қарапайым жеңіл құмдақ сұр топырақ.
3. Орташа және ауыр салмақты сорланған сұр топырақ.
Аймақтық агротехниканы талап ететін суармалы жерлер:
1. Ауыр салмақты сазды - сұр топырақтар.
2. Орташа құмдақ сазды - сұр топырақтар.
Бұл топырақтар негізінен Көктал өзенінің және Ақтөбе ауылының маңына шоғырланған. Олар өзінің су физикалық және физика - химиялық қасиетіне байланысты азықтық дақылдар және көп жылдық шөптер егуге ыңғайлы.
Орташа және төменгі сапалы суармалы егістік жерлер, оған топырақтың түрлері кіреді:
1. Орташа құмдақ қарапайым сұр топырақ.
2. Орташа құмдақ сазды топырақ.
Топырақтың бұл түрлері, ауылшаруашылық дақылдарын өсіргенде суару тәртібін және аймақтың агротехникаларды сақтауға талап етеді.
Төменгі сапалы егістік жерлер, сазды - сұр топырақтар, олар Көктал өзенінің төменгі саласына орналасқан.
Бұл топырақтарда қарашіріуті қабаттың қалыңдығы 50-60 см құрайды. Бұл топқа жататын топырақтарда қарашіріктің мөлшері 1,8-2,2% жылжымалы фосфордың мөлшері 1 кг топыраққа 12,1-21 мг аралығында өзгерсе, жылжымалы калийдің мөлшері 80-120 мг аралығында. Жалпы азоттың мөлшері 0,125 ... 0,128% құраса, фосфордың мөлшері 0,11-0,16 % құрайды.
Топырақтар негізінен орташа құнарлы , тұзданбаған және агромемеоративтік шаралар кешенін жүргізгеннен кейін ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге жарамды болып келеді.
Біршама аудан 70 га сараптаулар нәтижелерінің мәліметтері бойынша 80 см тереңдіктен бастап әлсіз тұзданған , ондағы құрғақ қалдық құрамы 0334%, тұздану түрі- сульфатты.
СНиП ке және шағалды майда тасты жыныстардың жақын жатуына байланысты шаюдың қажеттілігі жоқ.
0.4. Ауылшаруашылығының қазіргі жағдайы.
Шаруашылық мал азықтық дақылдарды өсіруге мамандандырылған шаруашылық қосымша өндіріс салалары астық, яғни тұтынушыларға қажетті тағамдар өсіру.
Ауданда мал шаруашылығы да біршама жақсы дамыған. Әр алуан шаруашылық категорияларын қоса есептегенде (2002): ірі қара мал - 15,8 мың бас, қой мен ешкі - 237,1 мың бас, жылқы - 4,4 мың бас және құс - 130,3 мың болды. Олардан 3,5 мың тонна ет, 3,5 мың тонна сүт, 174 тонна жүн, 22,0 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Қазіргі кезде шаруашылықтағы жалпы бекітілген ауданы 139362 га, оның ішінде 133357 га ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлер. Бұл жердің 3282 га суармалы егістік жерлер, 753 га шабындық, ал 129226 га жайылым жерлер.
Шаруашылық көп салалы шарашылыққа жатады, оның ішінде негізгі бағыты астық өндіру және сүт өндіретін ірі - қара малдар өсіру.
суғармалы және богарлы егіншілікпен айналысады. Богарлы жерлерде негізінен азықтық дақылдар өсіріледі. Суғармалы егістік жерде әртүрлі дақылдар, оның ішінде азықтық, көкөніс, бақша, сүрлемдік жүгері және көп жылдық шөптер бар.
Богарлық және суғармалы егістік жеріндегі ауылшаруашылық дақылдарының соңы 5 жылдағы орташа өнімділігі (цга):
* суғармалы жерлерден:
oo дәндік жүгері - 36,0 цга
oo күздік бидай - 30 цга
oo картоп - 28 цга
oo жаздық арпа - 25,0 цга
oo көкөніс - 160 цга
oo сүрлемдік жүгері - 190 цга
oo көп жылдық шөп - 42,5 цга
Мал шаруашылығы ауыл шаруашылық өндірісінің қосалқы саласы болып табылады. Мал шаруашылығындағы маңызды бағыт - сүтті мал болып табылады.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі жыл сайын өзгеріп отырады. Оның себебі тек қана ыңғайсыз ауа - райының әсері ғана емес, су көзі ресурсының шектелуінен және өте төмен агротехникалық шаралардың орындалуынан.
өндірістік кооперативінің мал шаруашылығы көпсалалы. Оның құрамына сүт өндіретін ірі қара малдар, құс, шошқа және қой өсіру жүйесі кіреді.
Шаруашылықтағы мал басының саны төмендегідей:
oo ірі қара мал - 402
oo қойлар мен ешкілер - 2660
oo жылқылар - 50
Жобалық өнімділік аймақтық топырақ климаттық жағдайларын ескере отырып және өндіріске ғылыми жетістіктермен озат өндіргіштік тәжірибесін өндіру арқылы егіншілікті жүргізу туралы ұсыныстарды ескере отырып қабылданды.
1. Ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқыштар қолдану жүйесін жасау.
0.1. Ауыспалы егістің құрамы мен құрылымын жобалау.
Ауыспалы егіс - егіншілік жүйесінің басты буындарының бірі. Ол егілген дақылдардың көлемі мен алмастырып егу тәртібін анаықтап қана қоймай, көп жылдар бойы жүргізілетін агромелиоративтік және басқа шараларды жүйелі түрде іске асыруға негіз болады. Осыған байланысты егіншілік мәденитін арттыру, оның арқасында әр гектардан алатын өнімді жылма-жыл молайту, егін шаруашылығының тұрақтылығын арттыру шарттарының бірі ауыспалы егістерді және игеру болып есептеледі.
Ауыл шаруашылығы дақылдары мен парлардың егіс танаптарында немесе танабына белгілі уақыт аралығында ғылыми тұрғыдан алмасып отыруын ауыспалы егіс дейді. Бұл айтқаннан туындайтын ұғым ауыспалы егістің негізін дақылдардың өзара алмасып отыруын құрайды. Алмасу жылма-жыл немесе бірнеше жылда бір дақыл екінші дақылмен алмасуы мүмкін. Ауыспалы егістің дақылдары жекелеген танаптарды алып жатуы әбден мүмкін. Олар өнімді жылына беріп отырады, сөйтіп щаруашылықта бір жылда бірнеше дақылдар себіліп, жиналып жатады. Қазіргі кезде де ірі шаруашылықтарда ауыспалы егіс осы тәртіппен жүргізіледі. Сонымен қатар кейбір жағдайларда ауыспалы егістің әр түрлі дақылдары тек бір танапта алмасып егіліп отыруы да мүмкін, яғни нақтылы бір танапта өз ауыспалы егісін қолданып, дақылдардың алмасуы уақытпен байланысты болып келіп отырады. Мұндай жағдайлар алдымен егін көлемі аз, егілетін дақылдардың түрлері шектелген (кейде біраз жыл тек бір дақылды өсіруі де ықтимал) шаруа қожалықтарында орын алуы мүмкін. Бұл сияқты тағы бір танапта ауыспалы егістердің артықшылығына ауыл шаруашылығы дақылдарының құнарлығы біркелкі топыраққа егілетінін, агроландшафт микроклиматының, топырақ сапасының ала-құла болып келмеуін жатқызуға болады.
Алмаспайтын (үзіліссіз) дақыл - егістікте бір дақылды қатарынан көп жыл егу. Бұл - аусыпалы егіске кері ұғым, ауыспалы егістің жоқтығын көрсетеді.
Алмаспайтын дақыл қазіргі кезде ауыспалы егістерді ғылыми тұрғыдан зерттегенде салыстырма (бақылау) ретінде пайдаланылады.
Шаруашылықта бір ғана дақыл егілетін болса, оны бірдақылдылық (монодақылдылық) деп атайды
Алмаспайтын дақыл, монодақылдылық деген түсініктер бір ұғымның екі түрі деуге болады, яғни ауыспалы егістің жоқтығының дәлелі.
Қайталап себілген дақыл - танапта бір дақыл 2-3 жыл, немесе одан да көп уақыт өсіріліп, одан кейін ол басқа дақылмен немесе таза пармен ауыстырылуы (бұл мезгіл ауыспалы егіс айналымынан кем болмайды). Көп жылдық екпе шөптер ауыспалы егістің танаптарында екі - үш, одан да көп жыл өсіп тұруы мүмкін. Соған қарамастан оларды қайталанған дақыл демейміз. Өйткені шөптің өсіп - өнуі үзілмейді және оның келесі жылғы құрамы, пайдалану тәсілі алдыңғы жылмен салыстырғанда едәуір өзгеше болып келеді.
Дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне, қолданылатын технологияның деңгейіне т.б. жағдайларға байланысты оларды қайталап себу мерзімі әр түрлі болып келеді.
Ауыспалы егіс танабында өзінің өсіп- жетілуі үшін вегетациялық кезеңнің көп уақытын дақылды негізгі дақыл дейді. Аралық дақылдарды қолдану бір жылда екі өнім алу мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Өткен жылы ауыспалы егістің осы танабында орналасқан (өмкен) дақыл немесе пар алғы дақыл (алғы егіс) деп аталынады.
Ауыспалы егіс нобайына (схемасына) сәйкес егістік бөлінгенде туындайтын тең мөлшерлі үлескені ауыспалы егіс танаптары деп атаймыз. Танаптардың көлемі, сыртқы пішіні әр түрлі болып келуі мүмкін. Бірақ олардың шаршы (квадратты) (танаптың мөлшері үлкен болғанда) немесе төрт бұрышты болып келгені дұрыс болады. Мұндай жағдайда техниканы тиімді пайдалану мүмкіндігі артады. Ауыспалы егісті шаруашылық жеріне орналастырғанда қойылатын талаптардың тағы бірі - оның танаптарының бір - бірімен көлемі жағынан бірдей болып келуі. Тек қана кейбір мүмкіншілік болмаған жағдайларда олардың көлемінің орташа көрсеткіштен ауытқуы +-5% аспауы қажет.
Бірнеше ауыл шаруашылық дақылдары бөлек - бөлек өзгерілетін ауыспалы егіс танабын құрама танап деп атаймыз. Құрама танапқа биологиялық ерекшеліктері жағынан жақын тұратын, оған байланысты технологиялары да ұқсас болып келетін дақылдарды орналастыру керек. Өздерінің биологиясы мен технологиясы (мысалы, бидай мен қант қызылшасы) әр түрлі дақылдарды мұндай танапқа егуге болмайды. Өйткені, келесі жылы бір танаптан екі алғы егіс пайда болуы мүмкін.
Ауыспалы егістігі алмасу тәртібі (реті) бойынша берілген ауыл шаруашылық дақылдары мен парлардың тізбегін ауыспалы егістің схемасы (нобайы) дейміз. Ауыспалы егістерге арналған әдебиеттерде және ұсыныстарда көпшілік жағдайда оның нобайы көрсетіледі, осы нобайды нақтылы жағдайға бейімдеу қажет.
Топырақ құнарлығын арттыратын және рны пайдалатын екі - үш түрлі дақылдардан немесе таза пар мен 1-3 дақылдардан тұратын ауыспалы егіс нобайының бір бөлігін ауыспалы егіс буыны (звено) деп атаймыз. Қысқа айналымды ауыспалы егістер негізінен бір буыннан тұрады, ал ұзақ айналымды ауыспалы егістерде буынның саны екеу немесе үшеу болуы да мүмкін.
Ауыл шаруашылығы дақылдары мен пардың белгіленген тәртіппен ауыспалы егістің барлық танаптарында юолып өту мерзімін ауыспалы егістің айналымы (ротациясы) дейді, олардың осы мерзімде жылма - жылғы және танаптарда орналасу жоспарын айналым (ротациялық) кестесі деп атаймыз. Өкінішке орай Қазақстанда айналым кезінде алмасуы бұзылмаған ауыспалы егістердің саны өте аз. Оған көптеген себептер бар. Қазіргі міндет дұрыс игерілген ауыспалы егістердің көлемін арттыру болып саналады.
Ауыспалы егістерді жобалау, одан әрі оларды шаруашылықтарға ендіру, игеру егіс көлемінің құрылымына байланысты болып келеді.
Егін шаруашылығының өнімділігін арттыруда - суғарудың маңызы өте зор. Көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы жерлерде ауыспалы егіс құрамында өсіргенде олардың өнімділігінің елеулі түрде жоғарылатындығы дәлелденген. Мысалы, күздік бидайдың өнімі оны ауыспалы егісте өсіргенде алмастырмай өсіргенмен салыстырғанда гектарынан 13-20 центнерге, жүгенрінің өнімі 30 центнерге дейін жоғары болып келетіні анықталған. Өнімнің өсуімен қатар суғару суын, тыңайтқыштарды пайдалану коэффициентінің артатыны, техника тиімді пайдаланатындығы белгілі болады. Суғару басқа факторларды (қоректік заттар, жылу т.б.) толық пайдалануға мүмкіншілік туғызады. Сондықтан суармалы жерлерде күріш, мақта, қант қызылшасы, темекі, күздік бидай, жүгері, дәнді - бұршақты, көкөніс дақылдары, картоп т.б. жоғары өнімді ауыл шаруашылығы дақылдары өсіріледі. Ауыспалы егістерде сапалы биік өнім беретін, топырақтың құнарлылығын арттыратын жоңышқа дақылы кең түрде пайдаланылады.
Мен суармалы жерлерде қолданылатын ауыспалы егісті қолдандым. Суармалы жерлерде қызылша, мақта, күріш, астық және темекі ауыспалы егістері қолданылады. Бұл ауыспалы егістердің ерекшелігі - барлығында дерлік міндетті түрде жоңышқа егіліп, үш жылдай ұсталады. Жоңышқа арқылы танаптардың құнарлылығы көтеріледі, арамшөптер құртылады. Келесі егілетін дақылдардың аурмен күресі жеңілдейді. Жоңышқа 2-3 жыл бойы өте сіңімді, протеин мол, барлық мал сүйсіне жейтін пішен береді.
Егістік, дәнді - шөпті - отамалы 5 танапты
1. арпа + жоңышқа
2. дәндік жүгері
3. жаздық бидай
4. мақсары
5. картоп
2- кесте. Танапты егіс жүйесінің ротациялық кестесі.
Танап нөмері
Дақылдар
жылдар
2015
2016
2017
2018
2019
1
Арпа+жоңышқа
АЖ
Д.ж
Ж.б
М
К
2
Дәндік жүгері
Д.ж
Ж.б
М
К
АЖ
3
Жаздық бидай
Ж.б
М
К
АЖ
Д.ж
4
Мақсары
М
К
АЖ
Д.ж
Ж.б
5
картоп
К
АЖ
Д.ж
Ж.б
М
0.2. Дақылдардың потенциалдық өнімділігін ФАР бойынша есептеу және жобалық өнімділікті негіздеу.
Потенциалдық немесе теоретикалық ең жоғарғы өнім дегеніміз - өте тиімді метеорологиялық жағдайларда, яғни жылу, ылғал және жарық қажетті жағдайда болғанда алынуы мүмкін. Ол ФАР-дың келуіне және дақылдардың немесе оның сортының потенциалдық өнімділігіне байланысты болады. ФАР дегеніміз - фотосинтез процесіне қатысатын толқын ұзындығы 0,38...0,71 мкм аралығында болатын күн сәулесінің бір бөлігі. Өсімдіктердің құрғақ биомассасының 60...65% фотосинтез құбылысы кезінде түзілетін органикалық заттардан тұратындығы белгілі. Сондықтан өсімдікті арттырудың негізгі жолы өсімдіктердің фотосинтетикалық өнімділігін және күн радиациясының пайдалану коэффициенттерін арттыру болып табылады. А.А.Ничипоровичтің айтуы бойынша ауыл шаруашылық дақылдарын ФАР-ны пайдалануына байланысты 3 топқа бөлуге болады: кәдімгі 0,5...1,5%, жақсы 1,5...3,0%, рекордтық 3,5...5% және теоретикалық мүмкіншілікті 6...8%. яғни, өсімдіктердің ФАР-ды пайдалану коэффициенті артқан сайын, биомассаның өнімі де артады.
ФАР-дың келуі бойынша потенциалдық өнімді есептеуде А.А.Ничипоровичтің формуласы қолданылады:
Убиол. =Qфар*K105*q
Мұндағы, Убиол. - абсолют құрғақ өсімдік массасының биологиялық өнімділігі, тга
Qфар - берілген аймақта вегетация кезеңінде келетін ФАР мөлшері, ккалга
К - ФАР-ды пайдаланудың жоспарлық коэффициенті
q - 1 кг құрғақ биомассаны өртеген кезде бөлінетін энергия мөлшері
105 - тоннаға ауыстыру коэффициенті
Әр дақыл үшін ФАР-дың келуі өсірілетін аймақтың географиялық ендігіне байланысты агроклиматтық анықтама бойынша немесе биологиялық температураның жиынтығына байланысты формула бойынша анықталады.
Абсолютті құрғақ биомасса өнімінен стандарт ылғалдылықтағы дәннің немесе басқа негізгі өнімнің өніміне өту үшін келесі фоормула қолданылады:
Уосн.пр. =100*Убиол100-βст*S
Мұнда, Уосн.пр. - стандартты ылғалдылық кезіндегі негізгі өнімнің өнімділігі, тга
Убиол - абсолютті құрғақ өсімдік массасының биологиялық өнімділігі, тга
βст - негізгі өнімнің ылғалдылығы, %
S - негізгі және қосалқы өнімнің салыстырмалы бөліктерінің қосындысы
Есептеу нәтижесі кестеде жазылған.
3- кесте. Ауылшаруашылық дақылдарды өнімділігін келіп түсетін ФАР-дың мөлшері бойынша анықтау.
№
Дақылдар
t,
oC
QФАР, ккалга
К, %
q, ккалга
S
β
Убиол, цга
Уосн.пр., цга
1
Арпа
1400
2,5*109
1,7
4500
2,2
14
122
64,5
2
Жоңышқа
3200
3,9*109
1,5
4500
1
16
156
185,7
3
Дәндік жүгері
2800
3,6*109
2
4400
1,2
14
163
86
4
картоп
2600
3,4*109
2,5
4300
2
75
197
394
5
мақсары
3000
3,7*109
2,1
4300
1,8
14
171
110,5
6
Жаздық бидай
1500
2,5*109
1,4
4600
2,5
14
109
51
Qфар= 13,93+0,0079*t
0.3. Ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері.
Жоңышқа.
Жоңышқа - суыққа төзімді өсімдік. Оның тұқымы +2-4оС жылылықта өніп - өсе бастайды, ал көктеп шығуы үшін +5 оС температура қажет. Жоңышқаның жас өркені -5-6 оС суықта үсімейді. Өсу кезеңіндегі ең қолайлы температура +20-25оС. Жоңышқаның ылғалға қоятын талабы үлкен. Ол топырақтың бір метр тереңдігіндегі ылғалдылық оынң танаптық су сыйымдылығының 75-80 % тең болған жерлерде ғана жақсы өсе алады. Жоңышқаның ылғалды ең көп қажет ететін мезгілі - гүлдену кезеңі.
Суармалы егіншілікте жоңышқаны бүркемелі дақыл ретінде күздік бидаймен немесе жаздық арпамен бірге себеді. Өйткені таза сепсе жоңышқаны арамшөптер басып кетуі мүмкін, ал жауын - шашыны тапшы суарылмайтын жерлерде оны таза күйінде себеді. Ауыспалы егістерде жоңышқаның алғы дақылын дұрыс таңдай білген жөн.
Картоп.
Картоптың құрғақ заттарының құрамында 26 түрлі химиялық элементтердің барлығы анықталған.Алайда еліміздің көптеген топырақ климат аймақтарында ,оның ішінде Солтүстік Қазақстанда ,картоп 3 негізгі элементті - - азот,фосфор,калий -қажетсінеді.
Топырақтан қоректік заттарды шығындауы бойынша картоп көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарынан асып түседі.Оның әрбір 100 ц түйнек өнімі орта есеппен топырақтан 50кг азот,20кг фосфор, 70 кг калий қоректік заттарын шығындайды,бұл көрсеткіштер астық дақылдарынан анағұрлым көп.Өсімдіктердің қоректік заттарға қажетсінуі жапырақ сабағының өсуімен арта түседі де ең жоғарғы деңгейі бүрдену гүлдену кезеңіне ,басқаша айтқанда түйнектердің түзілуі мен пәрменді қорлану кезіне сәйкес келеді.
Өсімдіктермен топырақтардан қоректік заттарды сіңіру мөлшеріне ауа райы жағдайлары , топырақ ерітіндісінің реакциясы, тыңайтқыш түрлері және басқалары көп әсер етеді. Ылғалды жылдары және суармалы жағдайда картоп құрғақ және суарылмайтын жағдайға қарағанда азот,фосфор,калий қоректік заттарын айтарлықтай көп мөлшерде пайдаланады. Бұл ылғалды топырақта қоректік заттардың жылжымалы түрде болуымен және картоптың жер үсті массасының қарқынды дамуымен түсіндіріледі. Картоп қышқыл ортаның өсімдігі, оған топырақтың су сығындысының (pH) 5,5- 6,5 көрсеткіші қоректік заттарды сіңіруге барынша қолайлы деп есептеледі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz