Нысанның табиғи – климаттық және шаруашылықтық жағдайлары туралы ақпарат


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Нысанның табиғи - климаттық және шаруашылықтық жағдайлары

1. 2Ауыл шаруашылық жағдайлары

2. Ауыспалы егістікке ауыл шаруашылығы дақылына тыңайтқыш қолдану

2. 1Ауыспалы егістік тиімді құрамы мен құрылымын таңдау

2. 2Жергілікті органикалық тыңайтқыштарды жинау және оны пайдалану

2. 3Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоспарлау

2. 4Жоспарланған өнімге қажетті тыңайтқыштар мөлшерін есептеу

2. 5Тыңайтқышты енгізудің тәсілімен мерзімін анықтау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. НЫСАННЫҢ ТАБИҒ-КЛИМАТТЫҚ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

1. 1 Табиғи-климаттық жағдайлары

1. 1. 1 Климаты

Ауданның климаты ыстық құрғақ жазымен және салыстырмалы түрде суық қысымен сипатталады. Массивтің негізгі ерекшеліктеріне климаттың континенталдығы, жауын-шашынның уақыт бойынша біркелкі түспеуі, булану құбылысның жоғарғы қарқынмен жүруі, қыстан жазға, жаздан қысқа өту кезендерінің қысқалығы жатады.

Тау етегі далалық шөл аймағына жататын, бұл жердің климаттық жылы әрі ұзақ болуы, ал қысынығ қысқы әрі жылы болуы жатады. Ауаның орташа жылдық температурасы 9, 6 ° С тең. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 170 күн. Күздегі мұз қату кезеңі қыркұйектің соңы мен қазан айынынң басынан басталады. Жазы құрғақ ыстық, әрі ұзақ. Шаруашылықтың негізгі климаттық көрсеткіштері 1. 1-ші кестеде көрсетілген.

«Новотроицкое» метостанциясының мәліметтері бойынша орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 268мм. Жауын-шашын мөлшерінің басым бөлігі ерте көктемде түседі, ал жаз айлары жауын-шашыны аз құрғақ болып келеді. Бұл жағдайлар табиғи өсімдіктер мен өсірілетін дақылдардың дамуына кері әсерін тигізеді. Қар қабаты температуралық режимге байланысты тұрақсыз басқа аудандарымен салыстырғанда біршама саяз. Топырақтың қабатының қату тереңдігі қыстың күндері 20 сантиметрден 38 см жетеді.

Ауаның ең құрғақ кезеңдері маусым, шілде және тамызайларына келеді. Ауа ылғалдылығының орташа жылдық тапшылығы 9, 5 мб ең жоғары тапшылығы шілде айында байқалады және 24-26 тең. ауаның ең жоғарғы булануы да 175мм шілде айына тән құбылыс, сонымен қатар жаз айларындағы орташа жылдамдығы 2, 6 көрсеткішінің жоғары булануына жел де өз әсерін тигізеді, желдің жаз айларындағы орташа жылдамдығы 2, 6м/с

Кқктемде аязды күндер сәуір айының екінші он күндігі мен, мамыр айының бірінші он күндігінде аяқталады. Күзгі суық, қыркүйек айының үшәншә он кундігінен бастап 85-100 тәуліктей жатады. Қар жамылғсының орташа қалыңдығы 10-20 см.

Объект территориясының ауа-райы құрғақ болып келеді. салыстырмалы ылғалдылығы 30%дан төмен күндер саны 100-120 ыстық желдер. Негізінен бастыстан шығыс бағытына ғарай тұрады, желді күндердің ұзақтығы 110-130 күнге созылады. Жауын-шашынның орташа жылдамдық мөлшері 335 мм құрайды. Негізгі жел тқру бағыты оңтүстік бағытта.

1. 1. 2 Топырағы

Топырақтық зерттеулер мен физико-химиялық сараптаулардың нәтижесінде бойынша қарастырылып отырған аймақта шалғындық топырақ түрлерінің 4 түрі анықталады.

Шалғындық топырақтар Шу өзенінің орта бөлігінің тұсында орналасқан, шалғынды-сұр және сқр-шалғынды топырақтармен араласа отырып жалпы ауданының 5 пайызын құрайды. Массивті шалғындық топырақтар орналасқан жер асты суының деңгейі 2, 0-2, 5м. Олар үнемі капиллярлы ылғалды болады. Маусым айында 150 см қабаттағы ылғал қоры 443 мм-ді құрайды. Шалғындық топырақтар аллювиалдық жыныстардан бастау алды. Ондағы қарашірік қабаттың қалыңдығы 25-30 см-ге тең, яғни суғару тереңдігіне пара-пар. Органикалық заттардың ең жоғары мөлшері 1, 5-2, 0%-ды құрайды. Табиғи кұйінде бқл топырақтардың беткі қабаттары шымды болып келеді, құрамында қарашірігі көбірек, бірақ пішіні қысқарақ болады. Создақ қабат көбінесе екінші метрлікпен басталады. Суда еритін тұздар суғармалы жерлерде және сорланған(суғарылмайтын) жерлерде көбіне кездеседі. Жыртуға жарамсыз жерлердің топырақтарына негізінен тау жыныстары мен тастар жатады. олар негізінен фермалар мен мал қораларын, тұрғын жайлардысалуда құрылыс материялдары ретінде пайдаланады.

Массивтік өсімдік жамылғысы әртүрлі өсімдіктерге бай. Қарастырылып отырған территория құмды-далалық аймаққа жатады. Мұнда негізінен эфермерлі жусанды-түрлі өсімдіктер аралас өседі. Негізінен:қамыс, жантақ, жусан, сафер және әр түрлі эфермерлер кездеседі. Жер асты суларының деңгейі 1, 5-2, 5м. Бұл суларды мал азықтық және дәнді дақылдарды суғармалау үшін пайдалануға болады.

1. 2 Ауыл шаруашылық жағдайлары

Өсімдік шаруашылығы шаруашылықта қосымша сала болып табылады және мал шаруашылығына мал азығы мен қызылшасын өндіреді. Суғармалы жіне суғарылмайтын жерлердегі ауыл шаруашылық дақылдарының соңғы 5 жылдағы өнімділігі төмендегідей ц/га суғармалы жерлерде:

  • жаздық дақылдар - 13, 5
  • дәндік жүгері- 30, 0
  • бақша дақылдары - 600, 0
  • қант қызылшасы - 200, 0
  • картоп - 30, 0
  • көп жылдық шөптер- 56, 5
  • сүрлемдік жүгері

Суғарылмайтын жерлерде:

  • жаздық дақылдар-6, 6
  • көп жылдық шөптер - 20, 0

Көріп отырғанымыздай суғармалы жерлерде суғарылмайтын жерлерде де ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі төмен және жылдар бойынша тұрақсыз боып отыр. Бқл тек қана қолайсыз ауа-райының салдары емес, сонымен қатар ауыспалы егістің дұрыс пайдаланылмауының нәтижесі болып табылады.

Мал шаруашылығы негізгі сала болып табылады. Эфемерлрердің, яғни балауса мен азығының шаруашылық территориясы жерлерінде мол өсуі ірі қара шаруашылығын дамытуға, жайылымдардың кең болуы қаракөл қойларын өсіруді және жылқы шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Шаруашылықтағы мал басының саны төмендегідей:

  • ірі қара мал - 322
  • қойлар мен ешкілер - 26040
  • жылқылар- 898

Мал өнімділігі соңғы жыдары төмендегідей:

1 мал басынан шығатын тірі салмақпен есептегендегі ет көлемі:

  • ірі қара мал-53, 5кг;
  • қойлар -14 кг
  • 1 қойдан қырқылатын жүн-2, 4 кг;
  • 1 қойдан алынатын қаракөл үлбірі - 0, 2 дана

Мал шаруашылығы өнімдерінің төмен болуы себебі олардың қажетті мөлшерде және толыққанды, яғни құнарлы қоректенбеуінде. Болашақта тұрақты мал азығы базасын құруға негізінен егіншілік шаруашылығын дамыту мен ауыл шаруашылық дақылдарының қнімділігін арттыру арқылы қол жеткізі көзделуде. Шаруашылықтың мамандануын ескере отырып төмендегідей ауыспалы егісті, яғни 6 танапты мал азықтық ауыспалы егісті дақылдарды төмендегідей ретпен ауыстыра отырып енгізуді ұсынамыз:

1 танап - арпа + көп жылдық шөптер;

2 танап - көп жылдық шөптер;

3 танап - көп жылдық шөптер;

4 танап - көп жылдық шөптер;

5 танап дәндік жүгері;

7 танап - арпа;

Сонымен қатар, егіншілікті дамыту барысында төмендегідей қант қызылшасын жобалауға болады:

1 танап - арпа+жоңышқа;

2 танап - жоңышқа;

3 танап - жоңышқа

4 танап қант қызылшасы;

5 танап қант қызылшасы;

6 танап күздік бидай;

Суғармалы жерлерді дұрыс пайдалану, шаруашылықта алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірбилерін пайдалана отырып агроэкономикалық, агротехникалық және мелиоративтік шаралардың дұрыс жүргізілуі нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарынан төмендегі кестеде көрсетілгендей жоспарланған өнім алуға болады.

2. 2Жергілікті органикалық тыңайтқыштарды жинау және оны пайдалану

Ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесін жасауда шаруашылықтағы органикалық тыңайтқыштарды (көң, көң садырасы, құс саңғырағы т. б. ) жинауға, дайындауға және егістікке беруге үлкен көңіл бөлінуге тиіс. Өйткені топыраққа органикалық тыңайтқыштармен өсімдікке қажетті қоректік элементтер енгізіледі. Олар топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін және су, ауа, жылу режимдерін жақсартады.

Органикалық тыңайтқыштар дұрыс пайдаланылса, топырақта көмір қышқыл газының мөлшері молаяды. Минералдық тыңайтқыштардың тиімділігі артады.

Органикалық тыңайтқыштардың өсімдікке әсері оларды шаруашылықта дайындау жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты. Ол үшін шаруашылықтағы әрбір оганикалық тыңайтқыштардың мөлшерін білу керек. Ал көңнің, көң садырасының мөлшерін малдың түріне, санына, оларды қолда ұстау мерзіміне қарай анықтайды.

Шаруашылықтағы малдың санын студент өзі есептеп шығарады. Ол үшін әрбір 100 га пайдаланатын жерге 10-15 бас ірі қара мал, 25-30 бас қой, ал әрбір 100 га жыртылған жерге 3 бас шошқа аналығы 2-3 жылқы және 100 га (жыртылған) астық дақылдарының егістігіне 150-200 құс жоспарлануы керек.

Шаруашылқтағы жинақталған органикалық тыңайтқыш мөлшерін әртүрлі әдіспен анықтауға болады.

Бірінші әдіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ландшафттық типологиялық карталарды құрастыру мен ауыл шаруашылық жерлердің территориясын ұйымдастыру
MapInfo бағдарламасындағы ГАЖ технологиясын пайдаланып дифференцияцияланған ландшафтық карталарын жасау әдістері (Алатау аумағында)
Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын құрастыру
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Атырау облысының экологиялық жағдайын картографиялаудағы қазіргі технологияны пайдалану
Тараз қаласындағы 2000 орындық оқушылар сарайын көкжелектендіру
Нысанның табиғи-климаттық және шаруашылықтық жағдайлары
«БҚО, Бөрлі ауданындағы Қарағанды селолық округінде орналасқан «Тулеугалиев Б.Е.» шаруа қожалығының территориясын ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы»
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Түркістан облысы, Сарыағаш елді - мекені 1200 орындық лицей аумағын көкжелектендіру жобасын құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz