Қарапайымдылардың клетка құрылысын, көбею жолдарын, систематикасын табиғаттағы маңызын зерттеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ...3

1 ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ПАТШАЛЫҚ ТАРМАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Қарапайымдылар туралы мәлімет ... ... ... ... ... 5
1.2 Қарапайымдылар филогениясы ... ... ... ... ... ... 9

2 ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРДЫҢ ДАМУЫ
2.1 Қарапайымдылардың табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы ... ... ... .11
2.2 Қарапайымдылардың жіктелуі мен құрылымы ... .12

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ..19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... 21
Қарапайымдылар- бір жасушалы, өте ұсақ микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер.Марфалогиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір жасушалы формалар, ол тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т.б қызметтер атқарады.
Қарапайымдылардың клеткасының пішіні жеке мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше милиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория, стентордың ұзындығы-1,5 милиметр. Қарапайымдылардың құрылысы көп жасушалардың жасушалардың құрылысымен бірдей- цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы- эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі-эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидттар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т.б цитоплазмада асқорыту қоры түзіліп отырады. Олар асқорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар жасушаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттарға сыртқы жиырылғыш вакуол арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін қарапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су жасушаның ішіне енеді, ал жиырылғаш вакуол артық суды үнемі сыртқа шығарып отырады. Соның нәтижесінде жасуша жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады.
1 Бекенов А., Есжанов Б., Махмұтов С.М. Қазақстан сүтқоректілері. – Алматы. «Ғылым», 19957 280 б.
2 Блинников В.И. Зоология с основами экологии. – М., Просвещение. 1990. 224 с.
3 Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-2 кітап. - Алматы, 2004. 376 б.; 2005. 416 б.
4 Джозеф С. Нельсон. Рыбы мировой фауны (пер. с англ.,). – М., «ЛИБРОКОМ», 2009.
5 Догель В.А. Зоология беспозвоночных. Высшая школа. -М.,1975. 559 с.
6 Домбровский Б.А. Сравнительная морфология животных. – Алматы. «Наука», 1982. 287 с.
7 Есжанов Б.Е., Көбегенова С.С., Нұртазин С.Т. Орнитология. Оқулық. - - Алматы. «Дәуір», 2011. -272 б.
8 Жұмалиев М.Қ., Бәйімбет Ә.А. Жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігі (хордалылар). 1-бөлім. - Алматы. «Қазақ университеті», 2005.
9 Жұмалиев М.Қ., Есжанов Б. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі (амфибиялар, рептилиялар). 2-бөлім. - Алматы. «Қазақ университеті», 2005. – 254 б.
10 Жұмалиев М.Қ., Есжанов Б. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі (құстар). 3-бөлім. - Алматы. «Қазақ университеті», 2006. – 234 б.
11 Жұмалиев М.Қ., Есжанов Б. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі (сүтқоректілер). 4-бөлім. - Алматы. «Қазақ университеті»,2007. – 272 б.
12 Жұмалиев М.Қ., Бәйімбет Ә.А., Есжанов Б.Е. Балықтар биоалуантүрлілігі және ихтиология негіздері. Оқу құралы. - Алматы. «Қазақ университеті». 2009. – 248 б.
13 Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. - М., Высшая школа, 1969. 331 с.
14 Книга генетического фонда фауны Казахской ССР. Часть 1. Позвоночные животные.
– Алма-Ата, 1989. 215 с.
15 Кузнецов Б.А., Чернов А.З., Катонова Л.Н. Курс зоологии. - М., Агропромиздат, 1989. 399 с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ПАТШАЛЫҚ ТАРМАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Қарапайымдылар туралы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қарапайымдылар филогениясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2 ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРДЫҢ ДАМУЫ
2.1 Қарапайымдылардың табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы ... ... ... .11
2.2 Қарапайымдылардың жіктелуі мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...21

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қарапайымдылар- бір жасушалы, өте ұсақ микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер.Марфалогиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір жасушалы формалар, ол тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т.б қызметтер атқарады.
Қарапайымдылардың клеткасының пішіні жеке мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше милиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория, стентордың ұзындығы-1,5 милиметр. Қарапайымдылардың құрылысы көп жасушалардың жасушалардың құрылысымен бірдей- цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы- эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі-эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидттар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т.б цитоплазмада асқорыту қоры түзіліп отырады. Олар асқорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар жасушаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттарға сыртқы жиырылғыш вакуол арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін қарапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су жасушаның ішіне енеді, ал жиырылғаш вакуол артық суды үнемі сыртқа шығарып отырады. Соның нәтижесінде жасуша жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қарапайымдылардың клетка құрылысын, көбею жолдарын, систематикасын табиғаттағы маңызын зерттеу.Қарапайымдылар патшалық тамағына жалпы сипттама беру. Олардың филогениясымен құрылысымен жіктелуін табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Қарапайымдылардың клетка құрылысын зерттеу;
- Қарапайымдылардың көбею ерекшеліктерін анықтау;
- Қарапайымдылардың систематикасымен танысу;
- Саркомастигофоралар-Sarcomastigopho ra типіне сипаттама беру;
- Споралылар Sporozoa типіне сипаттама беру;
- Кірпікшелілер немесе инфузориялар Ciliophora типіне сипаттама беру;
Дерек көзі. Биология кіріспе пәнінен әдебиеттер (Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-2 кітап. - Алматы, 2004. 376 б.; 2005. 416 б., Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. - М., Высшая школа, 1969. 331 с.) және т.б. Биологиялық сайттар (biolog.kz., itest.kz., sabaktar.kz., zignumbio.kz., bioonline.kz).
Академик А.И. Опарин "Тіршіліктің пайда болуы" (1965) деген гипотезасында органикалық заттар жер бетінде тірі организмдерден бұрын пайда болған. Сол себептен алғашқы организмдердің қоректенуі гетеретрофты (дайын органикалық заттармен қоректену) жолымен өтеді деп санаған. Бір клеткалы жәндіктер арасында қарапайым құрылысты саркодалылар (жалған аяқтылар) гетеретрофты жолмен қоректенеді.
Зерттелу деңгейі. Жануарлар туралы мағлұматтар көне дәуірлерден белгілі. Ежелгі Қытай,Үндістан, т.б. елдерде жануарлар туралы кітаптар шығарылған. Дегенмен, зоология ғылым ретінде алғаш Ежелгі Грекияда дамыған және ол Аристотель (б.з.б... 384-322)есімімен тығыз байланысты. 17 ғасырдың аяғы-19 ғасырдың басында француз ғалымы Ж.Кювье жануарлардың салыстырмалы анатомиясын палеонтолгияның негізін салды.Ал 1825 жылы француз зоологы А.Бленвиль жануарлар жүйеленімі тип деген ұғымды енгізді. Ол өз еңбектерінде тұңғыш рет жануарлар дүниесін жүйеге келтіріп, оларды қаны бар жануарлар және қаны жоқ жануарлар деп екі топқа бөлді. Ағылшын табиғат зерттеушісі Ч. Дарвиннің Табиғи сұрыпталу жолымен түрлерлдің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы (1859) атты белгілі еңбегінен кейін зоология ғылымы дамуының жаңа кезеңі басталды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден және екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Көлемі-21 бет.

1 ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ПАТШАЛЫҚ ТАРМАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1 Қарапайымдылар туралы мәлімет

Қарапайымдылар -- жануарлар әлеміндегі бірклеткалы организмдер, деседе оларга кейбір бірклеткалы формаларды да қосады, олар өздерінің қасиеттері бойынша өсімдіктерге сәйкес келеді және фитофлагелляттар деп аталады. Мұндай организмдерге жасыл эвглена (Euglena veridis) мысал бола алады. Бұл патшалықтармагы шегінде 25 000-нан аса түр белгілі, олардың көпшілігі тұщы және ащы суларда, топырақта тіршілік етеді. 3500-ге жуық түрі өсімдіктердің, жануарлардың және адамның клеткаларында, ұлпаларында және дене қуыстарында мекендейтін паразиттері болып табылады. Қарапайымдылардың құрылысы түптеп келгенде көпклеткалы организмдердің клеткаларының құрылысына ұқсас. Дегенмен, олар үшін арнайы ерекшеліктер тән, өйткені қарапайымдылардың кез келген өкілі клетка гана емес, сонымен қатар, жеке организм болып табылатындылыгымен айқындалады. Қарапайымдылардың дене формасы сопақша немесе созылган, ал мөлшері көп жағдайда микроскопиялық (3-150 мкм), сол сияқты біршама ірі формалары да кездеседі. Нағыз қарапайымдылар үшқабатты мембранамен жабылған, оның қалыңдыгы организмдердің әртүрлі түрлерінде өзгеріп тұрады. Мембрананың әрбір қабаты белоктардан құрылган. Жекелеген қарапайымдыларда (бақалшықты тамыраяқтылар) бақалшық түрінде сыртқы цитоқаңқага ие болады. Цитоплазма экто- және эндоплазмага жіктелген. Эктоплазма тыгыздалган түзіліс болып табылады, одан пелликула деп аталатын шеткі пленка түзіледі. Эндоплазма құрылымы бос, борпылдақ болады. Қарапайымдылар үшін органеллалардың (органоидтардың) екі типі -жалпы және арнайы мақсаттағы -- тән. Жалпы мақсаттағы органеллаларга ядро, митохондриялар, рибосомалар, центриолдар, Гольджи кешені, лизосомалар және басқалары жатады. Ең үлкен қарапайымдылар -- көп ядролылар, майдалары -- бір ядролылар. Ядро қос мембранамен қоршалган. Хромосомалардың саны әртүрлі организмдерде түрліше және екіден (мүмкін гаплоидты санды) 160-тан асады. Хромосомалардың ұзындығы 1-50 мкм болады. Арнайы мақсаттағы органеллаларға қозгалу органеллары, сол сияқты асқорыту және жиырылғыш вакуольдар жатады. Қозғалу органелларына (қимыл-қозғалыс құрылымдарына) псевдоподиялар (жалған аяқтар), жіпшелер, немесе кірпікшелер жатады. Мысалы, амебатектес организмдердің қозгалысы цитоплазманың қозғалысына негізделген. Эктоплазма эндоплазмаға қысым түсіреді, нәтижесінде цитоплазма дененің басқа учаскесіне құйылады, ол жерде жалган аяқтар түзіледі, олардың көмегімен организм әртүрлі бағытта жылжиды. Жіпшелер ширатылған фибриллалардан (жіпшелерден) құралған, олардың негізі ерекше түйіршік (базальды денешік) түзейді, оны блефаропласт (кинетосома) деп атайды. Еркін тіршілік ететін қарапайымдылардың жіпшелері бұрама сиқты жұмыс атқарады, олар дененің ось бойынша айналуын қамтамасыз етеді[1]. Кірпікшелер фибриллярлы құрылымға ие. Қарапайымдылардың қоректенуі қоректі сіңіру тәсілдері бойынша біршама алуан түрлілігімен сипатталады. Олардың біреулері пиноцитоз арқылы қоректі ертіндіден барлық денесімен қабылдайды, екіншілері қатты қоректі цитостома (клеткалық ауыз) арқылы сіңірсе, үшіншілері қоректі жалған аяқтарымен ұстайды. Эндоплазмаға түскен қорек, асқорыту ферменттері бар маманданған вакуольдарда қорытылады. Қорытылмаған қоректің бөліктері асқорыту вакуольдарымен бірге ортаға шығарылып тасталады. Көптеген су қарапайымдылары бір немесе оданда көп жиырылғыш вакуольға ие болады, ол тұрақты осмос қысымын қамтамасыз етеді, сонымен қатар енетін жэне шығарылатын судың көмегімен оттекпен жабдықтайды. Қарапайымдыларды өсіру көрсеткендей, олар минералды қоректенуді, сол сияқты өсу факторларына (витамин В12, тиамин, биотин, рибофлавин, никотин қышқылы, пиридоксин, фолий және пантотен қышқыларды және басқалары) мұктаж. Кейбір қарапайымдылар стероидтарға да мұқтаж болады. Қарапайымдылардың кейбіреулері, өсімдіктерге ұқсастары, фотосинтез жүретін хромотофораларға ие. Хлорофилл мен пигменттердің мол болуына байланысты хроматофоралардың түсі жасыл, сары, қызыл, қоңыр және тіпті көкшіл болуы да мүмкін. Хроматофоралы және хроматофорасыз қарапайымдылардың қоректі қажет етуі қарапайым жануарларымен салыстырғанда күрделі емес. Көптеген қарапайымдылар энергияны органикалық қосылыстардың (көмірсулар, май қышқылдары) тотығуы нәтижесінде алады. Бактериялардан айырмашылығы олар бейорганикалық заттарды энергияның негізгі көзі ретінде пайдалануға қабілетсіз. Қарапайымдылардың көбеюі жыныссыз жолмен де, сол сияқты жынысты жолмен де жүзеге асады. Жыныссыз көбею организмнің екі жартыға бөлінуі арқылы іске асады, оның алдында ядро бөлінеді. Кейде дененің бөлінуі мен ядроның бөлінуі бір мезгілде жүзеге асады. Жынысты жолмен көбею сингамия (екі гаметаның қосылуы), конъюгация (гаметалық ядралардың алмасуы) және аутогамия, оның мәні гаплоидты ядролар түзілу жэне олар синкариондарға бірігеді. Кейбір қарапайымдылар бір мезгілде әрі жыныссыз әрі жынысты жолмен көбейеді. Мысалы, безгек плазмодияларының көбеюінде жыныссыз саты олар омыртқалы жануарлардың организмінде болғанда, жыныстысы масалардың организмінде болғанда жүреді. Euplotes raikovi табиғаты полипептидті ферромондар өндіретіні анықталған, бұлар қарапайымдылардың осы түрінің әрі жынысты әрі вегетативті көбеюіне ықпал етеді. Қарапайымдылардың түбегейлі ерекшеліктері олардың даму кезеңдерінің өтуі болып табылды. Қарапайым және күрделі даму кезеңдерін ажыратады. Дамудың қарапайым кезеңі -- тек бір сатының (вегетативтік) болу кезеңі. Керісінше, дамудың күрделі кезеңі қарапайымдылардың әртүрлі ұлпалар мен мүшелерде дамуымен байланысты, оның үстіне олар әртүрлі организмдер-иелерге жатады. Қарапайымдылар тітіркенуге қабілетті, яғни әртүрлі факторлардың әсерлеріне жауап бере алады. Соның ішінде, қарапайымдылардың тітіркенуінің бір формасы олардың вегетативтік формаларының қолайсыз жағдайларда цистаға айналуға қабілеттілігі болып табылады, оны инцистирлену деп атайды. Қарапайымдылар цистаға айналу арқасында әртүрлі қолайсыз жағдайларда (ортаның құрғауы, онда зиянды заттардың пайда болуы, температураның өзгеруі және басқалары) жылдар бойы тірі қалуға қабілетті. Қолайлы жағдайларға түскен кезде цисталардан белсенді вегетативтік формалар (трофозоидтер) дамиды. Сонымен цистаға айналу қарапайымдылардың таралуына себебін тигізеді, олардың жаңа экологиялық қуыстарға түсуіне көмектеседі. Қарапайымдылардың көпшілігі еркін тіршілік етушілер болып табылады. Қарапайымдылар, сонымен қатар, басқа түрдің организмінде де тіршілік ете алады, оған ешқандай зиян келтірмейді, тіпті оған көмектеседі. Мысалы, кейбір талшықтылар, термиттердің ішегінде тіршілік ететіндер, целлюлозаны қорыта алады және осылайша термиттердің қоректік қажеттілігін қамтамасыз етеді, өйткені соңғылары бұл қосылыстарды өз бетінше өңдей алмайды. Деседе қарапайымдылардың басым бөлігі паразиттік тіршілік етеді және кейбір паразиттер адам мен жануарлар үшін өте қауіпті. Адам қарапайымдылардың 25 түрінің потенциальды иесі болып табылады, олардың 2-уі ауыз қуысында, 12-сі ішекте, 1-уі зәр -- жыныс жолында, 10 шақтысы -- қанда және басқа ұлпаларда мекендеуі мүмкін. Қарапайымдыларды олардың қозғалу тәсілдеріне (локомоторлы органдарының құрылысы) және көбею ерекшеліктеріне қарай бес типке жіктейді, атап айтқанда: Саркомастигофорлар (Sarcomasti-gophora), Споровиктер (Sporozoa), Книдоспоридиялар (Cnidosporidia), Микроспоридиялар (Microspora) және Кірпікшелілер, немесе Инфузориялар (Infusoria).
Қарапайымдылар - бір жасушалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір жасушалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады. Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы - 1,5 мм. Қарапайымдылардың құрылысы көп жасушалылардың жасушасының құрылысымен бірдей - цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы - эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар жасушаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су жасушаның ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде жасуша жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді.
Цитоплазманың орталық бөлімінде ядро орналасады. Қарапайымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты). Ядрода қабықша, ядрошырыны, ядрошық және хромосомалар болады. Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. Олар, жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары - pseudopodia (латынша pseudo - жалған, poda - аяқ) және жіптәрізді талшықтар мен кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде жасушаның негізгі бөліну тәсілі - митоз. Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс жасушаларының (гаметаларының) бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай процесті - копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған жасушадан - зигота пайда болады. Зигота диплоидты, өйткені ол екі гаплоидты жыныс жасушаларының (гаметалардың) қосылуы нәтижесінде түзіледі. Жыныс жасушаларының (гаметаларының) мөлшері мен пішіні әр қилы болады. Аталық және аналық гаметалардың мөлшері және құрылысы бірдей болса, бұлардың қосылуын - изогамия копуляциясы деп атайды, ал үлкендеу келген аналық гамета - макрогамета, кішілеу келген аталық гамета - микрогаметамен қосылса - анизогамия копуляциясы деп атайды. Қарапайымдылар конъюгация (ядроның қосылуы), ұрпақ алмасуы, шизогония, гаметагония, спорогония жолымен де көбейеді. Қарапайымдылардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т.б.) жасуша сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Циста күйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда жасуша циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі[2].
Қоректену тәсіліне қарай карапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, вольвокс т. б.) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады, немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен). Кейбір гетеротрофты қа-рапайымдылар және паразиттік тіршілік ететін карапайымдылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік ететін қарапайымдылардың кейбір түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихомонас, безгек плазмодиясы т. б. жатады. Кейбір қарапайымдылар автотрофты және гетеротрофты тәсілімен қоректене ала-ды, бұларды миксотрофты жәндіктер деп атайды. Мысалы, жасыл эвглена - миксотроф.
Қарапайымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді. Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір жасушаның ішінде асқорыту, тынысалу, заталмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән тіршілік белгілері үздіксіз жүріп жатады. Қарапайымдардың көптеген түрлері жаңбырдан пайда болатын іркінді су, шалшықтан бастап, көл, теңіз, мұхитқа дейінгі су қоймаларында кездеседі. Топырақта мекендейтіндері де аз емес. Жануарлар мен адамның ішкі мүшелерінде ( қанда, ішекте, бауырда және т.б. ) паразиттік тіршілік ететіндері де бар[3].
Жай көзге көрінбейтін қарапайым жәндіктердің бар екені XVII ғасырға дейін ғылымда белгісіз болды. 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен голландиялық ғалым Антони ван Левенгук (1632-1723) аталық жыныс жасушасын зерттегеннен кейін ғана қарапайым жәндіктердің түрлері ашыла бастады.
Қазіргі кезеңде қарапайымдардың 70 мыңға жуық түрі белгілі.
Қарапайымдардың тіршілігін сақтауға бейімделуі. Судың температурасы төмендеген немесе су қоймасының суы кеуіп, құрғап кеткен жағдайларда эвглена талшығын тастап, амеба мен кебісше қозғалысын тоқтатады да денелері жұмырланады. Сыртын қалың қабық қаптайды, сөйтіп тыныштық күйге көшеді. Қолайсыз жағдайларын қорғайтын бұл қабықшаны циста дейді (грекше: "цистис"- қаптама). Цистаға оранып жатқан кезде олар желмен ұшып немесе басқа жануарлардың денесіне жабысып таралады. Қолайлы жағдай туғанда жәндік цистадан шығып, тіршілігін одан әрі жалғастырады[4].

1.2 Қарапайымдылар филогениясы
Эукариотты жануарлардың ішіндегі клетка деңгейіндегі организмдердің бірі - қарапайымдылар. Олар жер бетінде бірінші пайда болып және күрделі организмдердің пайда болуына бастама берді. Қарапайымдылардың құрылымын, даму ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып, олардың шығу тегі және филогенетикалық байланыстары жөнінде бірнеше жорамал айтылған. Олардың бірі Пашер (1914). Пашердің көзқарасы бойынша ең алғашқы пайда болған организмдер автотрофты (бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездеу) жолымен қоректене алатын организмдер болған деген. Осындай қоректену әдісі қарапайым жәндіктер арасында тек талшықтыларда кездеседі. Бірақ та фотосинтезді көне замандағы қоректену түрі деп санауға болмайды. Академик А. И. Опарин "Тіршіліктің пайда болуы" (1965) деген гипотезасында органикалық заттар жер бетінде тірі организмдерден бұрын пайда болған, сол себептен алғашқы организмдердің қоректенуі гетеротрофты (дайын органикалық заттармен қоректену) жолымен өтеді деп санаған. Бір клеткалы жәндіктер арасында қарапайым құрылысты саркодалылар (жалғанаяқтылар) гетеротрофты жолымен қоректенеді. Дегенмен - өте ерте кезде, қазбаларда сақталмаған, бір клеткалы, қарапайым құрылымды, эукариотты гетеротрофты организмдердің топтарынан қарапайымдылардың саркодалылар мен талшықтылар класы пайда болған деген жорамал дұрыс сиякты. Саркодалылар мен талшықтылар ерте кезде екі эволюциялық бағытта дамыған және көптеген күрделі құрылысты қарапайымдыларды берген. Олардың ішінде ең күрделі құрылысты кірпікшелілер класының өкілдері болып саналады. Қозғалыс мүшелерінің, талшық пен кірпікшенің ұқсастығы инфузория мен талшықтыларды бір-біріне жақындастырады да, инфузориялар талшықтылардан пайда болған деген ой туғызады. Инфузориялар көп таралып қарқынды эволюцияға ұшырап, күрделі формаларға қарай дамыған. Кірпікшелі инфузориялардан сорғыш инфузориялар дамыған, бұған дәлел - сорғыш инфузориялар дамыған кезінде пайда болған жас бүршіктерінде кірпікшелерінің болуы. Споралылардың да арғы тегі талшықтылар болуы мүмкін, өйткені бұлардың тіршілік циклындағы ерекшеліктері де ұқсас (грегариналар, кокцидиялардың гаметаларының тұрақты болуы, талшықтың болуы талшықтылармен жақындастырады). Книдоспоридиялар мен микроспоридиялардың шыққан тегі саркодалылар деп санауға болады, олар дамуының алғашқы кезеңдерінде амеба тәрізді жалғанаяқтары арқылы қозғалады және ешбір уақытта талшықтары болмайды. Тұрақты колония құрып тіршілік ететін талшықтыларды эволюциялық тұрғыдан қарағанда - олар көп клеткалы (Metazoa) жануарлардың арғы тегі екендігі дәлелденген[5].

2 ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРДЫҢ ДАМУЫ

2.1 Қарапайымдылардың табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы

Саркодалылар көптеген теңiз қалдықтарының құрамына кiредi. Iзбес, бор және шөгiндi жыныс қабаттары фораминифералардың сауыттарынан тұрады. Тамыраяқтылардың түрлерiн геологиялық қабаттардың жасын анықтау үшiн, мұнай және пайдалы қазбалар iздестiруде қолданады.
Талшықтылар органикалық заттың алғашқыпродуценттерi ретiнде биосфераның биологиялық зат айналымында негiзгi рөл атқарады. Мысалы, планктонды организмдер. Көптеген түрлерi су қоймаларының ластану дәрежесiн анықтауда биологиялық индикаторлардың қызметiн атқарады. Кейбiр түрлерi су қоймаларын тазартады. Саркомастигофоралардың көптеген түрлерi эктопаразиттiк және эндопаразиттiк тiршiлiк етуге байланысты қауiптi патогендi организмдер болып саналады. Мысалы, дизентерия немесе амебиаз iшектiң ауруын тудыратындизентериялық амеба; адамда "Ұйқы" ауруын тудыратын және жануарларда трипаназомоз ауруларын тудыратын қанда паразиттiк тiршiлiк ететiн трипаносомалар; терiнi зақымдайтын лейшманиялар, несеп-жыныс жолдарын зақымдайтын трихомоностар, iшек қызметiн бұзатын лямблиялар[6].
Саркомастигофоралар типi
Саркомастигофоралар типiнiң өкiлдерi еркiн немесе паразиттiк тiршiлiк ететiн қарапайымдылар. Жер бетiнде кең тараған жануарлар тобы.
Саркомастигофоралар типiнде бiрклеткалылар, азклеткалылар, көпядролылар, колониальды және көпклеткалы организмдер кездеседi.
Саркомастигофоралар типi екi класқа бөлiнедi: Саркодалылар және Талшықтылар. Талшықтылар класы өсiмдiктер патшалығының бастамсын бердi. Саркомастигофоралар типiне жалаңаш және сауытты амебалар, теңiз радиоляриялары мен фораминифералар, өсiмдiктектес және жануартектес талшықтылар және паразиттiк түрлер жатады.
Типтiң негiзгi белгiлерi:
Жануарлардың бiр клеткалы деңгейi. Бионт клеткамен берiлген.
Қозғалу органоидтарының қызметiн жалған аяқтар немесе талшықтар атқарады. Кей жағдайларда осы органоидтар бiрге кездесуi мүмкiн немесе бiр-бiрiн алмастыруы мүмкiн.
Саркомастигофоралар типiнiң өкiлдерi теңiздерде, тұщы суларда, топырақта кездеседi және паразиттiк тiршiлiк ететiн түрлерi де аз емес.
Екiге бөлiну арқылы көбейедi, кейбiр түрлердiң тiршiлiк циклiнде жынысты процесс кездеседi. Саркодалылар класының өкiлдерi гетеротрофты организмдер, ал Талшықтылар класының өкiлдерi гетеротрофтылар және автотрофтылар[7]. Саркомастигофоралардың маңызы. Саркодалылар көптеген теңiз қалдықтарының құрамына кiредi. Iзбес, бор және шөгiндi жыныс қабаттары фораминифераның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайымдылардың систематикасы
Зоология пәні мен оның міндеттері
Омыртқасыз жануарлардың түрлерінің таралуы, шығу тегі
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Биотехнологияның негізгі бағыттары мен преспективалары
Микробиология және вирусология ғылымдарының даму тарихы
Протозоа дүние тармағы
Микробиология туралы түсінік
Клавициалды саңырауқұлақтарды зерттеу әдістері
Өсімдіктер мен балдырлар
Пәндер