Бастауыш сынып мұғалімінің өзін өзі жетілдіру жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сынып мұғалімінің өзін өзі жетілдіру жолдары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 3

АНЫҚТАМАЛАР . . . 4

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 5

КІРІСПЕ . . . 6-9

І. Бастауыш сынып мұғалімінің өзін-өзі жетілдіруге қойылатын

Талаптар

1. 1. Қазіргі кездегі мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіру туралы ғалымдардың ой-пікірлері . . . 10

1. 2. Бастауыш сынып мұғаліміне қазіргі кезде қойылатын талаптар . . . 21

1. 3. Бастауыш сынып мұғалімінің өзін-өзі жетілдіру жолдары . . . 30

ІІ. Бастауыш сынып мұғалімінің өзін өзі жетілдіру жолдары

2. 1 Мұғалімнің өзін -өзі жетілдіру деңгейін анықтау . . .

2. 2 Өзін - өзі жетілдіру формалары, әдістері . . .

2. 3. Бастауыш сынып мұғалімінің өзін- өзі жетілдіруге байланысты

ұсыныстар . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша . . .

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалынған.

[1] Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 29 қаңтар, 2010 жыл

[2] ҚР жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 2005ж.

[3] Қазақстан Республикасының Білім беру заңы 27 шілде, 2007жыл.

[4] Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 14желтоқсан, 2010ж. 5б.

[5] Қазақстан 2030 стратегиясы// Егемен Қазақстан 2012ж. 12қазан, 3бет

АНЫҚТАМАЛАР

Аттестация - педагогтың квалификациялық санатына сәйкестілігін анықтау

үшін жүргізілетін зерттеу.

Бейімділік - адамның әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы,

оянып келе жатқан қабілеттердің алғашқы белгісі.

Қабілеттер - әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістік-

терге жеткізетін адамның касиеттерінің синтезі.

Мұғалім - жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларды оқытып,

тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.

Мұғалімнің имиджі - киінуі, гримі, шашты сәндеуі.

Мұғалімнің сөзі - сөз арқылы мұғалімнің өзінің тұлғалық сапалары көрініс

беріп, обьектілердің, құбылыстардың, қатынастың мәні ашылып, оқушының

тұлғалық қасиеттерінің дамуына мүмкіндік туады.

Мұқтаждық - адамның рухани, материалдық қажеттіліктері.

Өзіндік білім алу - адамның білім, ілім және қажетті дағдыларды өз бетімен

игеруі, білімін жетілдіруі.

Өздігінен білімін жетілдіру - жеке адамның білім деңгейін көтеруі.

Өзін-өзі тәрбиелеу- адамның өзін- өзі тұлға ретіндегі жетілдірудегі саналы әрекеті.

Педагогикалық этика - этика ғылымның бір бөлігі. Педагогикалық процесте

көрініс алатын моральдің спецификалық түрі. Мұғалімнің қызметінде көрініс

алатын адамгершілік әрекетінің аспектілері.

Педагог қызметкерлерді аттестаттау - педагог қызметкердің біліктілік

деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында

жүргізілетін рәсім;

Тіл мәдениеті - бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі.

Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы - бұл

қоғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу,

грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес,

сондай-ақ, орынды сөйлеу (Л. И. Ожегов) .

Шығармашылық дегеніміз - кісінің ерен іс-әрекетпен айналысу нәтижесінде

жаңадан, бұрын соңды болмаған, қоғамға аса қажетті туындылар жасауы.

Идеал- абстракт, образ

Сауаттылық, оқытушылық деңгейі деп түсініледі, қазіргі адамның әрекеттенуі үшін қоғамда талап етілетін және оған қосқанда қажетті білімдерді, белгілі бір ғылым мен техникада, өнердегі және т. б. мағлұматтарды білуді қамтиді.

Біліктілік - қажетті кең ой-өрістің және тұрлі мәселелерді түсіну тереңдігі бойынша белгілі бір таңдаушылықтың болуын қамтитын жүйе.

Кәсіби құзырлылық дегеніміз өзіндік кәсіби деңгейімен, тәжірибесімен, тұлғаның жеке ерекшеліктерімен, оның білім алуға ұмтылыстарымен, шығармашылыққа қабілеттілігімен, іске жауапкершілігімен анықталатын жүйе.

Мәдениет дегеніміз белгілі бір іс-әрекетті немесе білімдер кәсібін меңгеруде қол жеткізген жетілудің деңгейі.

Менталитет дегеніміз әлемді қабылдаудың терең негіздерін, мінез-құлық пен дүниетанымдық негіздерін, адамның қылығы мен оның қоғамның өміріне түрлі жақтарын қамтитын жүйе.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан Республикасы

БОПӘ - бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз Қазақстанның XXI ғасырға ену стратегиясының негізгі бөлігі - білім жүйесін жақсарту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Үкіметке тапсырған 8 міндетінің екеуі осы ағарту жүйесіне байланысты болғаны баршаға аян.

Білім беру жүйесінің үшінші тарауының он бірінші бабында былай делінген: « Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» [1] .

Демек, мұғалімнің басты мақсаттарының бірі оқушыны білімменғана байытып қоймай, даралыққа, шығармашылыққа негіздеу, өзін-өзі уақытталабына сай үнемі жетілдіру.

Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болып отырғаны айдан анық. Қай заманда болмасын, мұғалімге қойылатын талап өзгеріп отырады. ҚР-ның «Жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» жаңа қоғам мұғалімі - ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман делінген [2:13] .

Ал, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» - делінген, ол үшін мұғалім өзі жан-жақты жетілген, құзырлығы мол, үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тырысқан маман болуы шарт [3:2] .

2011-2020 бағдарлама аясында мұғалім жоғарғы оқу орнынан кейін де білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі кезеңде жеке тұлғаға бағдарланған білім мәселесі 12 жылдық білім беруге көшу мен жаңа тұрпатты педагог қалыптастыру міндетін қойып отыр. Сондықтан да ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педогогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана, өзінің кәсіби шеберлігін арттырады. Қазіргі уақыт талабына сай мектептердің материалдық базасы нығайтылып, озық техникамен жабдықталып жатыр [4:5] .

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші,

жаттандылықтан аулақ практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, шығармашыл ұстаз керек.

Елбасының өзі білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» [5:4] деген.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан 2030» жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге

асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен. Демек, бүгінгі таңда педагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері - сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін арттыру, танымдық ізденімпаздығын белсендіру [5:3] .

Педагогикалық тәжірибені бүгінгі даму деңгейінде белгілі болып отырғандай оқытудың озық әдіс тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушыл ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана жүзеге асатын іс. Өз білімін көтеру негізінде - оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет атқару үшін мұғалім бірінші кезекте өзінің әдістемелік, саяси-экономи-

калық, экологиялық, психологиялық, дидактикалық білімін ұдайы толықтырып

үздіксіз іздену үстінде өз мамандығы бойынша білімін жетілдіріп отыруы керек. Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу әдістемелік мазмұнының

өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңарту, шығармашылық ізденістерін шыңдауын қажет етеді. Қазіргі уақытта барлық салада даму үздіксіз болуы қажет.

ТМД ғалымдары: В. Н. Дружинин, А. В. Брушлинский, Д. Б. Богоявленская,

Н. С. Лейтес, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, Б. Г. Теплов, К. К. Платонов, А. Г. Ковалев, И. И. Ильясов, Н. Б. Шумакова, В. И. Панов, М. А. Холодная, В. С. Юркевич, И. В. Калиш, Д. Б. Богоявленская, M. Матюшкин, С. Медник, В. Ф. Вишнякова, Д. Д. Эльконин, В. В. Давыдов, Н. Хмель, Н. А. Менчинская, М. Парлов және т. б. Қазақстандық ғалымдар: К. М. Нағымжанов, Н. С. Нұрғазиева,

А. Ж. Аяғанова, А. С. Мұстояпова, Р. С. Омарова, Ш. Т. Таубаева, Ж. Қараев, С. Смаилов, А. Әбілқасымова, С. Бегалиева, М. Құдайқұлов, Т. Сабыров жәнет. б.

Тақырыбы: Бастауыш сынып мұғалімінің өзін-өзі жетілдіру жолдары.

Зерттеудің мақсаты: Қазіргі заман талабына сай мұғалімнің өзін-өзі жетілдіріп, дамытып отыру қажеттілігін көрсетіп, өзін-өзі жетілдіру жолдарын

анықтау, көрсету.

Зерттеудің міндеті:

- Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру жолдары жөнінде ғылыми теориялық

әдебиеттерге талдау жасау;

- Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру деңгейін диагностикалық әдістер арқылы

анықтау;

- Мұғалімнің білімін жетілдіру ерекшеліктерін, формаларын, жолдарын көрсету;

  • Мұғалімнің үнемі өзін-өзі жетілдіру жолдарына байланысты жасалған

ұсыныстар, кеңестер.

Зерттеу нысаны: Мектептегі педагогикалық үрдіс.

Зерттеу пәні: Мұғалімнің заман талабына сай өзін-өзі жетілдіру жолдары, формалары.

Ғылыми болжам: Бастауыш сынып мұғалімі заман талабына сай өзін-өзі жетілдірер еді, егерде:

- бастауыш сынып мұғалімі мектепте әдістемелік жұмыстардың кеңесіне белсене араласып, үнемі ашық сабақтар өткізіп, әріптестерінің сабақтарына

қатысып, тәжірибе алмасып отырса;

- озат педагогтармен тығыз қарым -қатынас жасап, тәжірибелерінен үлгі алып отырса;

- Аудан, облыс, Республикаларда болып жатқан семинар, конференцияларға қатысып, белсене араласса;

- Сабақта жаңа әдістерді, технологияларды, инновацияны қолданып оқушылардың танымдық белсенділігін тудыра алса;

- Өз бетімен білімін жетілдіріп курстардан өтіп, өзін-өзі тәрбиелеп отырса;

онда оның білімі заман талабына сай болар еді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі ерекше орын алады. Ақпаратпен қамтамасыз ету, білімін толықтыру, жоспар жасау, ғылымның түрлі саласынан хабардар болу арқылы, оны іс-тәжірбиеде қолдану арқылы өзін-өзі жетілдіреді.

Зерттеу жұмысында өзін-өзі жетілдіруге жоспар жасалды. Мұғалімдерге

оқу-әдістемелік ұсыныстар жасалды, «өзін-өзі жетілдіру» жаднамалары жасалып, бастауыш сынып мұғалімдеріне теориялық мәліметтер көмек ретінде

ұсынылды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеуде пайдаланылған диагностикалық әдістер (сауалнама, тест) мен формалары (тренинг) мұғалімдер

үшін практикалық маңыздылығы өте зор. Атап айтсақ, Р. С. Немовтың ерік-жігерге арналған тестісі, К. Томастың «Мұғалімнің кәсіптік бағытын» анықтау

тесті, Мұқытова Ж. Қ. «Өзіңізді білесіз бе?» сауалнамасы, «Өзін-өзі дамыту қабілетін анықтау» сауалнамасы, «Педагогикалық жағдайда дұрыс жолдарды табуға бейімділікті анықтау»тапсырмалары арқылы тәжірибелік жұмыстар жасалды.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру жайында осы күндерде әлі де болса тиісті дәрежеде толық зерттелмеген, сондықтан зерттеу жұмысында теориялық мәліметтерді саралай отыра, тәжірибелік көрсеткіштер арқылы бұл үдерістің тиімді жолдарын табу;

Тәжірибелік база: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қарабұлақ негізгі мектебінің ұстаздары.

Дипломның құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен

әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерді зерттеп саралау, әңгімелесу, сұхбат

алу, сауалнамалар, Р. С. Немов ерік-жігерге арналған тестісі, К. Томас «Мұғалімнің кәсіптік бағытын» анықтау тесті, Мұқытова Ж. Қ. «Өзіңізді білесіз

бе?» сауалнамасы, «Өзін-өзі дамыту қабілетін анықтау» сауалнамасы, «Педагогикалық жағдайда дұрыс жолдарды табуға бейімділікті анықтау» тапсырмалары арқылы тәжірибелік жұмыстар жасалды.

1 Бастауыш сынып мұғалімінің өзін-өзі жетілдіруге қойылатын талаптар

1. 1. Мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіруі туралы ғалымдардың ой-пікірлері

Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бақтияр Сманов өз тарапынан « Мұғалім беделі - ел абыройы» деп мынадай пікір айтып кеткен болатын: «Білім беру дәрежесі ең алдымен мұғалімнің біліктілігіне байланысты. Ұстаз біліктілігін арттыру - ауадай қажет, оның абырой-беделінің негізгі көрсеткіші осы біліктілігі екені айтпаса да түсінікті. Ол ұстаздан өз мамандығы бойынша білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Мұндай мұғалімдерді жаңаша тәжірибелермен, озық технологиялармен қаруландыру ордасы, дәстүрлі оқу-әдістемелік білім көздері - біліктілікті арттыру институттарының курстары мұғалім беделінің артуына себебін тигізер еді».

Қазіргі кезеңдегі қойылып отырған әртүрлі тапсырыс-талаптарға сай республикалық институтта (Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт) мемлекет тапсырысы бойынша өткізілген курстық іс-шараларға қатысқан тыңдаушы төмендегідей:

Одан соң жыл сайын 300 адамға артып отыр. Бұған қоса мұның сыртында сан алуан курсаралық іс-шаралар - конференциялар, семинарлар, әдістемелік кеңестер, дөңгелек үстел басқосулары, интернет-форум, интернет-семинар, онлайн кеңестер, жазғы мектеп жұмыстары жүргізілуде.

Әр күні өзгеріске толы қазіргі заманда көштен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат

еткен әрбір маманның ең қасиетті борышы, абзал парызына айналмақ. Сонымен қатар психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтармен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы шарт. Әрбір пән

мұғалімінің ешкімге тәуелсіз кәсіби бағыты болуы керек. Сонда ғана мұғалім мен ұжым қызметінің желісі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің талабына үлес қоспақ.

Педагогика саласының ғалымдары (В. И. Андреев, Ю. К. Бабанский, Н. В. Кузьмина, В. В. Сериков, В. А. Сластенин, А. В. Усова, Н. Д. Хмель, Г. Қ. Ахметова, З. А. Исаева және т. б. ) мұғалімнің іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, оқушылардың шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынады.

Мұғалімнің іскерлігін қалыптастыру және дамыту проблемасы ғалымдардың маңызды зерттеу объектілерінің бірі болып табылады. Оны ғылыми-теориялық тұрғыдан төмендегі ғалымдар талдап саралаған: О. А. Абдуллина, В. А. Беликов, Г. Д. Бухарова, М. М. Левина, К. С. Оспанов, К. Өстеміров, Н. Н. Хан және т. б.

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықты енгізу жүйесіне басшылық жасау мәселелері Н. В. Горбунова, М. В. Кларин, А. В. Лоренцов, П. И. Пидкасистый, Л. И. Романова, В. И. Загвязинский, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики және т. б. ғалымдардың зерттеулерінде толығымен қарастырылды. Педагогикалық инноватика және оны меңгеруге мұғалімдерді даярлау М. М. Поташник, Н. Р. Ясуф бекова, И. И. Цыркун, Я. С. Турбовской, Ш. Т. Таубаева, С. Н. Лактионова және т. б. зерттеулерінде қарастырылған.

Педагогикалық технология, оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін В. П. Беспалько, М. В. Кларин, В. Н. Монахов, И. Я. Лернер, Қ. Қабдықайыров, Ж. Қараев және басқалар теориялық тұрғыда қарастырса, Л. В. Нефедова, В. Николаева, Т. А. Лавина, Г. Г. Брусницына, Г. К. Нургалиева, Г. Д. Жангисина және т. б. зерттеулері мұғалімдерді ақпараттық, педагогикалық технологияларды қолдана білуге даярлау мәселесіне арналады.

Жоғарыда аталған ғалымдар зерттеулері еліміздегі оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға мүмкіндік беріп отыр.

Кәсіби түрде өзін-өзі жетілдіру дегеніміз - ол қазіргі педагогикалық талаптарға сай келу үшін өзінің кәсіби және жеке қабілеттерін дамыту.

Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өзін-өзі тұлға ретіндегі жетілдірудегі саналы әрекеті.

Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуге деген түрткілердің қалыптасуының бірнеше жолдары бар. Оның біріншісінде - мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуіне қоғам-талаптары, мектеп басшыларының талаптары, мектеп өмірінің стилі, яғни белгілі біреудің әсері итермелесе, екіншісінде - мұғалімнің өзіндік қасиеттері: жауапкершілігі, кәсіби мәртебесі итермелейді. Әрбір түрткінің жанында нақты мұқтаждық тұр. Мұқтаждық болмаған жағдайда, өзін-өзі тәрбиелеудің түрткілеріне осы процеске деген мұғалімнің қызығушылығын жатқызуға болады.

Бұл жағдайда жағымды эмоция үлкен рөл атқарады. Өзін-өзі тәрбиелеуде мұғалім үлкен жұмыс атқарады.

Өздігінен білім көтеру ауқымды мәселелерді қамтиды. Әйтсе де педагогикалық өз білімін көтеру мұғалімнің педагогикалық оқу орнында оқымаған, бірақ қазіргі уақытта мектеп үшін өзекті мәселелерге бағытталуы тиіс.

Осындай мәселелердің қатарында педагогикалық қатынас, оқуды дербестендіру және жіктеу, дамыта окыту, лицей, гимназия, колледж сияқты жаңа типті оқу орнында оқыту ерекшеліктерін атауға болады. Мәселелер топтамасының арасында оқушылардың ғылыми көзқарасын, оның рухани мәдениетін, азаматтық тәрбиесін қалыптастыруды атауға болады.

К. Д. Ушинский өз халқын шын сүйетін және оның дамуы туралы қамқорлық жасайтын мұғалімге - тәрбиешіге басты рөлді берді. Адам, педагог-гуманистің тұжырымдауынша, қоғам үшін ұлы байлықтың қайнар көзі. Баланың ойы мен жан дүниесін дамытатын, қоршаған ортаны оның танымымен байытатын мұғалімнің шығармашылық қызметінің нәтижесінде ол ержеткен соң, «балшықты жерлерді, құмдарды, адамсыз тауларды» байлықтың қайнар көзіне айналдырды. [20:45] .

Мұғалімнің жеке басы бұл ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жас дүниесі үшін күн көзінің жарқын сәулесі. Осындай «күн көзінің жарқын сәулесі» болуы үшін қатаң белгіленген жалпы және педагогикалық танымның көлемін меңгеруі қажет және соның негізінде қалыптасқан берік педагогикалық сенімдермен қарулануы керек. Осындай сенімдердің болмауы нағыз тәрбиеші бола алмайды ол қарапайым чиновниктің деңгейінде қалады. Ушинский чиновник тәрбиеші емес деген болатын. Тәрбиешіге өз ісіне ақыл-ойын және бүкіл жан дүниесін салу және өзінің барлық қызметі арқылы табанды іс жүргізуі қажет деген. Жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелеуге лайықты халық мұғаліміне ең жақсы өз халқына тән қасиеттерді меңгеру өте қажет.

Халық мұғалімдерін даярлау үшін Ушинский мұғалімдер семинарияларын ұйымдастыруды ұсынды, ал орта мектептің мұғалімдерін даярлау үшін университеттер жанындағы педагогикалық факультеттерді ашуды ұсынған.

Семинарияның оқу жоспарына ол орыс тілімен әдебиетін, арифметканы, жағырафияны, тарнихты жаратылыстануды енгізді, болашақ мұғалімдерді ауыл шаруашылығы мен медицина салаларынан кейбір мәліметтермен таныстыруды ұсынды. Ушинский семинарияның оқу курсында ерекше орынды психологияны, педагогиканы және бастауыш білім беру әдістемесін оқытуға және педагогикалық тәжірибеге арнады.

Ушинскийдің пікірінше, мұғалім білім беру саласындағы қол жеткен табыстарымен тоқтап қалмауы керек, ол өзінің білімін және педагогикалық шеберлігін одан әрі жетілдіріп отыруы керек. Өз-өзімен жұмыс істеу К. Д. Ушинскийдің көрнекті педагог болуына жәрдемдесті. Оқыту мен тәрбие үрдісін мұғалімнің жеке басының жігерлендіретін ықпалынсыз елестету мүмкін емес. «Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс . . . Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдіргенмен, тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес»

Ал А. Г. Ковалев, А. И. Кочетов сияқты өзін-өзі жетілдіруді қоғам мен өзіндік идеалдың талаптарына сай өзін дамытумен байланыстыра

отырып, бұл өздік жұмысты мақсатты, саналы және жүйелі болуы керек деп

нақтылайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарты
Білім берудің құрылымы
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндерді меңгертудің кәзіргі жағдайы
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Бастауыш мектепте мұғалімдердің беделін анықтау жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz