Ж.Нәжімеденов шығармашылығының көркемдік жүйесі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Ж. Нәжімеденов шығармашылығының көркемдік жүйесі».

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

І Ақын және өмір шындығы

1. 1 Ж. Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы . . . 7

1. 2 Жұмекен Нәжімеденовтің көңіл-күй лирикасы . . . , . . . 11

1. 3 Ақынның табиғат лирикасы . . . 19

1. 4 Әлеуметтік мәселелер мен еңбек тақырыбындағы жырлар . . . 23

ІІ Ақынның көркемдік әлемі

2. 1 Жұмекен шығармаларындағы өлең өлшемдері . . . 31

2. 2 Шығармаларының көркемдік өрнегі . . . 36

2. 3 Ж. Нәжімеденов поэзиясындағы балладаның жанрлық ерекшелігі . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Әдебиет - халықтың құлағы, көзі, сезімі. Халыққа батқан ауыртпалықты алдымен оның ақындары сезінеді. Халық басына төніп келе жатқан қауіп-қатерді алдымен сезінетін де, одан шығар жолды іздейтін де ақынның сезімтал жүрегі. Халықтың қуанышын жар салып алғаш жеткізер де сол ақын жүрегі.

Сөз өнерін биік шыңға жеткізген бірегей дарын иелері халқымызда баршылық. Ақын-жазушылар қауымының туындыларын зерттеп-зерделеу әр кезеңде әр түрлі сипатта болғаны анық.

Соған орай бүгінгі таңда қазақ сөз өнері жаңа уақыт талаптары тұрғысынан қарастырылып, жанрлық - көркемдік мәселелері, кейіпкерлер жүйесі, тіл бедері мен стильдік сипаттары соны қырларынан көрініс беріп, талданып-сараланып келеді. Ұлт мұраты, көркемдік құндылықтар, руханият әлемі, жекелеген қаламгерлер шығармашылығы тәуелсіздік тағылымдары негізінде кеңінен қарастырылуда.

Ұлттық поэзияның ұлы мұраттарын бар қырынан ашып, биік бел-белестерге көтерген - Сәбит Мұқанов, Әбділдә Тәжібаев, Тұрсынхан Әбдірахманова, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Мұзафар Әлімбай, Марфуға Айтхожина, Фариза Оңғарсынова, Ақұштап Бақтыгереева, Нұрлан Оразалин, Олжас Сүлейменов, Қадыр Мырза Әлі, Қанипа Бұғыбаева, Мұхтар Шаханов, Темірхан Медетбек, Өтежан Нұрғалиев, Сәкен Иманасов, Рафаэль Ниязбек, Жарасқан Әбдірашев, Кеңшілік Мырзабеков, Асқар Егеубай, Жұматай Жақыпбаев, Ұлықбек Есдәулетов, Есенғали Раушанов, Иран Ғайып, Тұрсынай Оразбаева, Байбота Серікбаев, Гүлнәр Салықбаева, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Нұрлан Мәукенұлы, т. б. ізденіс-еңбектері, көзқарас эволюциялары, кеше-бүгін мәселесін жырлаудағы амал-тәсілдері қалың көптің көңілінен шығып, рухани нәр сыйлады. Аталған ақындар шоғырының бастауында:

«Адыра қалған Нарында» туды талай ірі ақын,

Бір батыр ұл тумапты маған қарсы тұратын[11, 48б. ],

- деп өршіл, рухты өлеңімен белгілі болған - Жұмекен Нәжімеденов тұрады.

Нәжімеденов - қазақ поэзиясына 60-жылдардың бел ортасында келген үркердей топтың белгілі өкілі. Оның шығармашылығында кеше-бүгін-болашақ астасады, ақын тарихи-қоғамдық перспективада сөйлейтіндіктен де, жырларында уақыт атты көш-ағындағы адам тағдыры, халық тарихы барланады, зердеңізде жанданады; от ойлы, сардар сезімді жырлар санаға сәуле құяды. Шығармашылығының бұлақ-бастауы ауыз әдебиетінен, күй өнерінен, көшпенділер поэзиясынан, Ақтамберді, Махамбет, Абайлардан нәр алатын ақын жырларынан Махамбет болмысының жаңа мазмұны, жырының заман нышандарымен байыған өрім-қайырымдары бағамдалады.

Қаһарманның да жырларынан, ең алдымен, өзінің бітім-болмысы, таным-парасаты айқындалады. Шығармаларындағы кейіпкерлерінің барлығында дерлік өз әлемінің бір бөлшегі жататын Жұмекен Нәжімеденов жырлары әу бастан-ақ оттылығымен, өршіл рухымен оқшау тұрды. Жас шамасы, сезім деңгейі, парасат биігі әрқилы кейіпкерлер мінез ірілігі, болмыс біртұтастығымен тәнті етеді. Айталық, тұсаукесер «Балауса» жинағы оқырманның жүрегін бірден жаулап алды. Жинақ шыққан кезде қазақ лирикасы сұлулықты үлбіреген «үр қыздарынан» ғана іздейтін. Жас ақын күнделікті көзіміз көріп жүрген тіршіліктен қаншама сұлулық, қаншама мәнділік тауып берген. Ал «Күй кітабы» өлеңдер кітабында қаламгер әр күйдің астарында жатқан жеңілдігі шабыттай, ауырлығы табыттай құпия сырларды ашады. Бұл жинақ қазақ поэзиясының әуенділігін танытудағы қыруар жаңалығын былай қойғанда төл әдебиетіміздің философиялық пайымдылығын тереңдете түскен санаулы шығармалардың бірі.

«Жоқ, ұмытуға болмайды» - бұл адамзат әлі құтыла алмай отырған соғыс сияқты әлеуметтік кесапаттың антигуманистік сипатын ашқан қазақ әдебиетінде өз орны бар жинақ.

Сөздегі әуен мен әуезге осынша ұғымтал ақын сөздегі сурет пен бояуды айнытпай танып, айнытпай бейнелеуде де соншама ұста.

Жалпы алғанда, поэзия өнері, поэзия ұғымы қазақ әдебиеттануында барынша зерттелген сала. Осы орайда, ұлттық поэзияның арғы-бергі тарихы Жұмыстың мен зерделену тұрғысынан биік белестерге көтерілді. Ақындық өнердің тарихы мен табиғаты, жанрлық-көркемдік жүйесі, тақырыптық-эстетикалық нысанасы - А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, З. Ахметов, З. Қабдолов, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, М. Базарбаев, Ә. Нарымбетов, Т. Әбдірахманова, Қ. П. Жүсіп, Р. Нұрғали, С. Негимов, т. б. ізденіс, еңбектерінен кең орын алды. Сондай-ақ, Ж. Дәдебаев, Қ. Ергөбек, С. Жұмабек, Б. Майтанов, Б. Кәрібаева, Б. Сарбалаев, Ә. Бөпежанова, Р. Тұрысбек, Б. Кәрібозұлы, Е. Тілешев т. б. Жұмыстыңлерінде кеңінен қарастырылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы

  • Ж. Нәжімеденов өлеңдеріндегі көріктеуіш құралдар, сөз қолданысының (өзіндік) сипаты ұлттық-мәдени болмысымен ерекшеленіп, астарлау тәсілі арқылы берілген мағыналар оның саналы мақсатын (прагматикасын) көрсетеді; сөз қолданыс, сөз таңдау, сөз құбылту сияқты көріктеу құралдарының өзіндік дәйектері құм, дала, топырақ т. б. ұғымдармен астасып жатады;

Жұмыстың практикалық маңызы. Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдарын - «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәні мен «Қазіргі қазақ поэзиясы» атты дәрістерде, арнаулы курс пен практикалық сабақтарда қолдануға болады.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. ХХ-ғасырдағы қазақ поэзиясына жаңашылдықпен келіп, өршіл өлеңімен халықты оятқан, сілкінткен ақын Жұмекен Нәжімеденов поэзиясы жіті бақылауды талап етеді, автор өлеңдері мен шығармалары біршама зерттелген.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы Жұмекен Нәжімеденовтің ақындық әлемін қарастыру болып табылады. Сол арқылы танымал тұлғаның әдеби процестегі орын-үлесін, ізденіс арналарын, көркемдік мұраттарын зерделеу.

Ақын ерекшеліктерінің басты сипаттары: тақырыпты терең зерттеп-зерделеуі, өзі танып-білетін мәселе төңірегінде кең көлемді талдау-саралау мүмкіндіктері, ой-сөз жүйесіндегі айқындық, дүниетаным арналарының кеңдігі т. б. жан-жақты назар аудару.

Осы мақсатқа жету барысында төмендегі мәселелерді негізгі назарда ұстау міндет етілді:

- Ж. Нәжімеденов ақындық өнерін тақырып табиғаты, жанрлық-көркемдік жүйесі, тіл-стиль сипаттары аясында қарастыру;

- ақын шығармашылығындағы ізденіс мұраттарын, көркемдік таным арналарын зерделеу;

- ақын өлеңдеріндегі адам әлемі мен мінез-құлқы, іс-әрекеті жайлы авторлық көзқарас арнасына мән беру;

- ақын поэзиясын Жұмыстың негізінде шығармашылық үрдіске жіті көңіл бөлу, ақын қолтаңбасын, яғни стилін анықтау;

Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі. Зерттеу жұмысына ақын өлеңдері, шығармалары негіз болды. Автор шығармаларын талдауда Зәки Ахметов, Зейнолла Қабдолов еңбектері қолданылды.

Жұмыстың нысаны. Ж. Нәжімеденов шығармашылығы, автор, туындыларындағы тақырып кеңдігі, сан алуандығы, ақын шығармашылығының тілдік, көркемдік қырлары.

І Ақын және өмір шындығы

1. 1 Ж. Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы

Жұмекен ақын зор дарын иесі еді. Бұған белгілі қаламгерлердің мына сөздері дәлел: «Нәжімеденов - жиырмасыншы ғасырдың соңғы қырық жылындағы өз мойынына алған суреткерлік міндеттемесін толық орындап, қазақ әдеби кеңістігіндегі поэзия сынды қозы жамыратқан ауылдай мазасыз алқапты аяқ-қолы түгел, басы-көзі бүтін, қапысыз сомдалып, мұқият мүсінделген кесек еңбек тастап кеткен адам» [9, 50б. ] десе Әбіш Кекілбаев, ақын Темірхан Медетбек былайша сыр бөліседі: «…Жұмекен Нәжімеденов деген есім - өзен, көл, таулардың географиялық, тарихи атаулары секілді рухани атауға айналып кеткен есім».

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы қараша айының 28 жұлдызында қазіргі Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қошалақ ауылында дүниеге келген.

Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде (1956-1959) оқыған. Мәскеудегі М. Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген.

Еңбек жолын 1955 жылы Қарағанды шахтасында қарапайым жұмысшы болып істеуден бастаған. 1959-1965 жылдары «Жазушы» баспасында кіші редактор, 1965-1966 жылдары Республикалық «Лениншіл жас» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1966-1971 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1974-1978 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте редактор, 1978-1983 жылдары «Мектеп» баспасында редакция меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрді: «Балауса», «Сыбызғы сыры», «Жоқ, ұмытуға болмайды», «Күй кітабы», «Мезгіл әуендері», «Ұлым, саған айтам», «Қызғалдақ жайлы баллада», «Темірқазық», «Менің топырағым» кітаптары, үш томдық шығармалар жинағы (1996-1997), «Мен - тамырмын» дастандар, «Қасірет пен қайсарлық», «Жұмекен», «Жаңғырық».

1967 жылы «Жоқ, ұмытуға болмайды!» атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.

Ақын жырлары бірнеше шет ел тілдеріне аударылған. «Жұмекен сабақты жақсы оқыды. Әрі мектепке баруы мұң екен, домбыраға төселіп жүре берді. Ауылға келген сайын үйренген жаңа күйлерін тартып беретін. Ал одан босағанда малды ауылдың науқанды жұмыстарына қатысатын» [23, 5б. ], - деп еске алады балалық балдәурен кезін бірге өткізген жолдасы Хамидолла Қабдешов.

Жұмекен Нәжімеденов мәтінін жазған «Менің Қазақстаным» 2005 жылы әнұран болып бекітілді. Ол кісінің жұбайы Нәсіп апайдың айтуынша Жұмекен әнді осыдан 50 жыл бұрын, 1956 жылы Алматыда, белгілі қобызшы Гүлсара Бірманованың үйінде жазған. Бұл өлең бір қарағанда Қазақстан миллиард пұт астық жинағанына арналып жазылған сияқты болып көрінгенімен, негізінен «ел, жер менікі» деген отаршыларға қарсылықтан туған. Оны сезіп қалған коммунистер әнді мүлдем шығармай тастауға айналғанда Жамал Омарова ара түсіп, эфирден шырқауға мүмкіндік алған. Сөйтіп халыққа жетпей жатып қудалана бастаған ән бағы жанып, бейресмиден тәуелсіздіктің арқасында ресми әнұранға айналды.

Жұмекен Нәжімеденов өзінің 48 жасқа толуына алты күн қалғанда, 1983 жылдың 22 қарашасында дүниеден озды. Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және он күй енді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды.

Ақын А. Вознесенскийдің, Е. Евтушенконың, Н. Хикмет пен Ә. Файзи шығармаларын аударған. Жұмекен Нәжімеденов өмірден ерте кетті. Қазір оның есімі өзінің туған жері Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауылға берілді.

Жұмекен Нәжімеденовтің ақындық таланты жастайынан кеңінен танылған. Оның туған жерге арналған өлеңдерінен қоңыр мұң сезіледі. Атасы Нәжімеден қарттың тәрбиесін көп көргеннен, әңгімесін көп тыңдағаннан бала күнінен терең ойға беріліп өскен. Өйткені, әкесі Сабыр екінші дүниежүзілік соғысқа аттанып, майдан даласынан оралмай қалған. Сол Сабыр соғысқа аттанарда Нәжімеден қарт ауыл шетіндегі сорға баласының табан ізін бастырып, үстіне қара қазан төңкеріп қойыпты. Сабыр баласына: “Сені сағынғанда ізіңді көріп, мауқымды басармын. Өзіңді көргендей болармын, балам”, депті даланың данагөй қариясы. Әкесінің сорға басылған табан ізін бала Жұмекен атасына еріп келіп, талай көрген. Әкесінің майдан шебіне түсерден бұрын сағынышты жазған өлеңдерін Жұмекен де оқыған, қоңыр мұңға толы сыршыл жүрегіне мықтап тоқыған. Бізге жеткен әңгімелерге қарағанда, Нәжімеден қария сол ізге күн сайын келіп, қазанды көтеріп, баласының ізіне ұзақ қарап отырады екен. Жұмекеннің артынан ерген қарындасының бірі Сәбила: “Бала кезімде әкемнің қалың дәптерге жазып, атама жолдаған өлеңдерін оқып отырушы едік. Әкем алты ай әскери дайындықта жүргенде ауылға сағынышын өлеңмен жазатын болған ғой. Майданға түскеннен кейін хат-хабар келмеген. Әкемнің сол өлең дәптерін жоғалтып алдық. Жұмекеннің өлең жазуына әкемнің әсері болды-ау деймін. Ол тіпті бала болып ойнамаушы еді. Үнемі қолынан домбырасын тастамай, баяу тартылатын күйлерді шертетін. Үнемі терең ойға батып жүретін. Сол кезде не ойлайтынын қайдан білейік, мүмкін, Жұмекеннің жүрек түкпірінде поэзияның алғашқы шумақтары жазылған болар”- дейді Сәбила апай.

Мектеп бітіргенге дейін ауылдан алысқа аттап шықпаған Жұмекенді атасы қатты жақсы көргені айдан анық. Соғысқа кеткен Сабыр баласының көзі, тұяғы саналған Жұмекенді бертінде әскерге шақырғанда Нәжімеден қария аудан орталығына шығарып салмаққа барыпты. Әскерге шақырылушылар әне-міне аттанады деген сәтте Нәжімеден қария құлап қалыпты. Сірә, өз жанынан да артық көретін Жұмекен немересін ата жүрегі әскерге жіберуге қимаған болуы керек. «Атамыздың көңіліне қараған болуы керек, әскери комиссариаттың жауапты қызметкерлері сол сәт Жұмекенді әскерге барудан босатып, ауылға жіберіпті. Өйткені, Нәжімеден атамыздың жүрегі баласы Сабырды соғысқа шығарып салып, оралмағасын әбден зәрезап болып қалған ғой. Жұмекен ағамыз әскерге аттанарда ата жүрегінің шиыршық атқандай бұлқынуы содан болар деймін. Немеремді әскерге алмаңдар деп айта алмайды. Бірақ жібергісі келмейді. Сол кездің адамдары Нәжімеден атамыздың жан қиналысын түсіне білген-ау» -, дейді Жұмекеннің немере бауыры Қибатолла Қайырмеденов.

Жұмекен бірден әдеби ортаға топ ете түскен жоқ. Әрине, ұлттық университеттен білім алуға ұмтылды. Алайда, алғашқы жылы оқу түсе алмауына өз қолымен жазылған шығармаға төгілген сияның кесірі тиген. Жұмекентанушы, ғалым Қадір Жүсіптің айтуынша, оқуға түсе алмағанына налып, арық жанында отырған Жұмекенді Ғұбайдолла деген қазақ офицері үйіне ертіп апарған екен. Кейін Қарағанды шахтасына жолдама алуына осы Ғұбайдолла есімді офицер мұрындық болған. Қарағанды шахтасында жұмыс істеп жүргенде Жұмекен көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, күй тартады. Оның домбыраны шебер шерткенін көрген облыс басшыларының бірі консерваторияға түсуіне кеңес беріпті. Кейін өзі қалаған оқуға түсіп, содан соң ғана әдеби ортаға таныла бастайды. Оның жүрегі елім деп соқты. Оны ақынның шығармаларынан анық аңғару қиын емес.

Қазақ ақын-жазушыларының абызы Әбділда Тәжібаев Жұмекеннің болмысына былайша баға берген: «Жұмекен - сөз жоқ, ешкімге ұқсамайтын, өзіндік ақындық жаратылысы, өзіндік бейнесі бар, көп ойлап, көп оқитын, көп ізденетін ақын».

Шындығын айтқанда, Жұмекен жаратылысынан жұмбақ ой кешкен тәрізді. Жұмекенді ақын ағалары да жұмбақ ақынға балаған. Әрине, поэзиясына байланысты. Мәселен, қазақтың ақиық-қыран ақыны Мұқағали Мақатаевтың мына бір пікіріне назар аударылып көрелік. «Жұмекен - жұмбақ ақын. Тамырын терең салған, ойға бай, тілге сараң суреткер. Ақындарға тән шалқу, тебіреніс-толғаныстың өзі де құпия, жасырын. Оқушысының қолына тереңде жатқан ойының бір ұшын ұстатады да, арғы жағын өзің тап дегендей жайлап шығарып салады» -, депті кезінде Алатаудың ақбас шыңындай тұлғалы ақын.

Бұл - таланттың талантты тануы. Жұмекен өлеңдерінде мұң да басымдау. Бірақ, көңіл жабырқатардай емес, керісінше, жүрек қылын шертетін сағынышты да тәтті мұң. Әсіресе, туған жерін, өскен ортасын, қоңыр домбырасымен күй шертуге жалықпай үйретіп, термелетіп отыратын Нәжімеден атасын, етегіне сүрініп-қабынып жүретін асыл әжесін, жолына әлсін-әлсін қарағыштаған аяулы анасын сағынған сәттерінде ақынның жыр-жүрегіне қоңыр мұң көбірек ұялағандай. Сол себептен шығар, “Қоңыр дәптерге” сырын айтып, ақтарылады. Жұмекен жүрегіне қонақтаған қоңыр мұң “Қоңыр түс” деген өлеңінде де айқын байқалады.

Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып,

Көзін сулап қалып еді қамығып.

Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп,

Қоңырқай ой маза берер емес түк [16, 25б. ] .

Жұмекеннің аңсары - дала. Табиғат сырларын, құбылыстарын суреттей отырып, далаға деген сағынышын өрнектейді. Оның табиғат жайлы өлеңдерін оқысаңыз, табиғаттың тылсымын өзіңіз қалт жібермей, бақылап тұрғандай әсерге бөленесіз. Туған жердің қаншалықты ыстық боларын өлең жолдарын оқығанда түсінесіз. Даланың жұпар ауасы дертіне шипа боларын:

Дала деген докторға көрінейін,

Профессор емдесін шұбат деген [18, 56б. ], -

деп бейнелейді. Осы бір екі жолда қазақтың ұлттық сусыны - шұбаттың бойға қуат беретін дәруменін бейнелі түрде әсерлеп жеткізудегі шеберлігі тәнті етеді. Жалпы ақынның қай шығармасын оқысаңыз да, шым-шымдап жүрегіңе тараған өлең қуаты терең сырларға батырады. Ұлттық өнерді дәріптеудің үлгісін «Күй кітабынан» табуға болады.

Бір адамның мінез-құлқы, алған тәрбиесіне қарап-ақ жұрт оның елі туралы пікір қалыптастыратынын астарлап жеткізеді.

Қатал болдым жүз рет,

Өскенде елің,

Маңдайыңнан сипасын бір рет деп [18, 16б. ], -

бейнелеуінің астарында бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарауды, осалдық танытпауды ұғындырып тұр.

1. 2 Жұмекен Нәжімеденовтің көңіл-күй лирикасы

Ж. Нәжімеденовтің ақын ретіндегі жемісті еңбек еткен кезі - алпысыншы, жетпісінші, сексенінші жылдар, яғни қазақ поэзиясының философиялық тұрғыдан тереңдеп, көркемдік жағынан әрлене түскен кезеңі. Қазақ поэзиясына ақын өз үлесін осы тұста қосты және ол қазақтың сөз өнерін өркендету жолында қаламы қолынан түскенше еңбек етті.
Жұмекен поэзиясы сан қырлы. Ақын поэзиясы бірден қалыптаса қалған жоқ. Өмірді шынайы бейнелеу жолында талай ізденіс соқпақтарынан өтті. Жігерлі талпыныс, бойға біткен табиғи талантты еңбекқорлықпен баптай білушілік оны майталман лирик дәрежесіне көтерді. Шығармашылық болмысындағы ерекшелік пен асқан шеберлігімен Ж. Нәжімеденов қазақ әдебиетінен өзіндік лайықты орнын алды.

Ақынның лирикалық қаһарманы - үлкен интеллект. Ол ұсақ-түйек төңірегінде, отбасы, ошақ қасында қалып қоймайды. Оның басты көтеретін мәселесі - адамгершілік, ар алдындағы борыш, ізгі қасиеттер үшін күрес, күллі өмірдегі адам ар-ожданына кереғарлықтардың бәріне қарсы майдан ашу, халықтық проблемалар, бүкіл планеталық мәселелер. Лирикалық қаһарманның ойлайтыны жеке бастың қамы емес, халық мүддесі. Айнала етектен тартқан ескілік, мансапқорлық, көрсоқырлық, аярлық, опасыздық, қаныпезерлік тынышын алып, түн ұйқысын төрт бөледі.

«Өлең - сирена», - дейді Қадыр Мырзалиев. Жұмекен Нәжімеденовтің әр өлеңі - ақын сезімінің сиренасы. Оның лирикалық кейіпкері әлем алдында, адамзат баласы алдында үлкен жауапкершілік сезінеді.

Ж. Нәжімеденовтің азаматтық үні «Жүрегімде бір тамшы қан болса егер» деп басталатын өлеңінде-ақ анық естіледі. Ақын ойлары кесек айтылған бұл өлең - кеудеден қайнап шыққан көңілдің ақ жамбысындай үлкен толғанысты туынды. Лирикалық кейіпкер өзін денені аралайтын бір тамшы қанға балап, сол қан сияқты туған жердің тамыр-тамырын аралайтындығын айтады. Адам қансыз өмір сүре алмайтын болса, ел де адамсыз өмір кешуі мүмкін емес деген ой айта келіп:

Мен кідірсем терім сүртіп бір сәтке,

Бүкіл дүние тұрып қалар секілді, [16, 25б. ] -

деп тұжырымдайды.

Ақынның осы шағын өлеңі ақынның бүкіл поэзиясының лейтмотиві деп есептеу керек.

Ақын - заман перзенті, сондықтан заман үнімен үндесе, заман ағымымен бірге болуы керек. Заманның әр сәт сайын қояр сауалына жауап беру - әр қаламгердің азаматтық борышы.

Ақиық ақын мұны терең сезінеді. Оның кез келген өлеңінен өмірге деген ерекше құштарлық көретінеді. «Жүрегімде бір тамшы қан болса егер» деген өлеңімен үндесіп жататын «Соқ, сағат» атты топтама жырлардың мәні де ерекше терең.

Ақын уақыт, заман, өмір туралы ой-сезімдерін бес өлеңге топтастырады. Ақын заманның құбылмалы мінезін дөп басып, дәл бағалайды.

ХХ ғасыр - аласапыран төңкерістер, қаһарлы қақтығыстар, өсулер мен өшулер, жарылыстар мен жаңғырықтар, кереғарлықтар қаптаған, адам ойын талқандап, адам жүрегін тебіренткен ғасыр. Шиеленістер туындап, жаңалықтар ашылып, самғаулар мен шарықтаулар болып жатқан ғасырда ақын жайбарақаттық жасай алмады. Ол өзі де:

Тағы бір ғажайып түн өтті -

Тек қана үлгірдім құмартып [16, 65б. ],

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын мұрасының тақырыптық, жанрлық, көркемдік аясы
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Көш атты өлеңінде
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тұлғасы
Ұлттық поэзиядағы Ұлы Отан соғысы тақырыбы (Қ.Аманжолов, С.Мәуленов туындылары бойынша)
Күләш Ахметованың лирикасындағы стиль және бейнелік мәселесі
Жұмекен Нәжімеденовтің философиялық лирикасы
Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу (Ж.Нәжімеденов өлеңдерінің тілі негізінде)
Ақындық мектеп дәстүрі (Ж. Жақыпбаев шығармашылығы негізінде)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz