Т. Әлімқұлов шығармашылығындағы ұлттық психологизм


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Т. Әлімқұлов шығармашылығындағы ұлттық психологизм
Көкшетау 2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1. Жазушы шығармашылығындағы жантану ілімі . . . 7
1. 1 Әдебиеттегі жантану ілімі . . . 7
1. 2 Т. Әлімқұлов шығармаларында психологизмнің зерттелуі . . . 21
2. Т. Әлімқұлов прозасындағы ұлттық психологизм . . . 33
2. 1 Жазушы шығармаларында ұлттық характердің берілуі . . . 33
2. 2 Шығарма тіліндегі ұлттық оралымдар, қолданыстар . . . 48
Қорытынды . . . 57
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 59
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Ұлттық психология - белгілі бір ұлт өкілдеріне тән, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын мінез-құлық пен психологиялық қарекет ерекшеліктері. Ұлттық психология рухани мәдениетте, сезімдерде, әдет-ғұрыпта, тілде, адамгершілік әдептік салада ұлттық мінездің көптеген психологиялық көріністері мен этностық белгілерін қамтиды. Ұлттық психология - тіпті әр түрлі таптарға жататын адамдардағы мінез-құлықтың орнықты негіздерінің бірі. Ұлттық психология қоғамдық (немесе әлеуметтік) психологияны құрайтын элементтердің бірі, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны түсіну қиын емес: қоғам түрлі әлеуметтік топтардан құралады. Ал әр әлеуметтік топтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері болады. Ұлтта - қоғамды құрайтын әлеуметтік топтың бірі. Осыдан ұлттық психологияның қоғамның психологиясын айқындайтын құрауыш екендігі туындайды. Ұлттық психология ұлтаралық қатынастар идеологиясымен, ұлттың құндылықтарға қатысымен бірге қоғамдық сананың маңызды құрауышы болып табылады. Қоғамдық сана - қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын көрсетеді. Зерттеушілердің көпшілігі ұлттық сананы қоғамдық сананың бір элементі ретінде сипаттайды. Ұлттық психология - ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.
Белгілі бір ұлттың, халықтың тағдыры, басынан өткерген тарихи кезеңдері ең алдымен сол ұлттың әдебиетінде, өнерінде із тастайды. Ұлттың рухы көтеріліп еңсесі биіктегенде оның әдебиеті де, өнері де қайта түлеп, қайта толысып, күш-қуат жиып, бойын тіктеп болашаққа көз тігеді. Осындай тарихи кезеңге, яғни ұлттық рухымыздың биіктеп, әдебиетіміз бен өнеріміздің қайта серпіліп, өсіп-өркендеудің жаңа сатысына иек артып, бет түзеген бір белесіне үміт пен сенімді қатар арқалап көтеріліп келе жатырмыз.
Осы кезең аралығында туған әдебиетіміз жоғалтқандарын қайта тапты, сол арқылы қайта жаңғырды, қайта жаңарды. Әдебиет тарихына 1988 жылдан бастап қаншама жылдар бойында тұтас халықтың, бүтіндей бір ұлттың іштен тынып, сарыла. сарғая күткен сандаған құнды, қайталанбас әдеби-көркем, тарихи мұралары санатқа келіп қосылды. Ұлт тарихындағы орны бөлек, қадау-кадау қалам қайраткерлерінің: Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытұлы, т. б. көркемдік құны жоғары қымбат мұраларының мәні мен маңызын қайта бағаладық, қайта бағамдадық. Олардың шығармашылық ғұмырбаянын зерттеуге, зерделеуге кеңінен жол ашылды. Енді аталған қаламгерлердің шығармалары әдебиетіміздің алтын қорынан мәңгілікке орын тепті. Осылай, әдебиетіміздің үлкен бір арналы ағысы өз кемерін тауып, әдебиет тарихы атты ұлы өнер мұхитына қарай жол тартты. Осылай, елдің егемендігінің, ұлттың тәуелсіздігінің нәтижесі ең алдымен сол халықтың әдебиетінен, өнерінен көрінетіндігін уақыт дәлелдеді.
Қазіргі таңда, қазақ әдебиетінің әрқилы кезеңдерінде рухани дамуымызға, мәдени өркениетке, әсіресе ұлттық дәстүрге, ұлттық жан дүниемізге өз шығармаларымен айтулы үлес қосқан қаламгерлердің туындыларын тереңдеп зерттеп, олардың әдебиеттегі орнын, суреткерлік қолтаңбасын ажыратып, бағасын беру қажеттігі туды. Сондай кезеңнің бірі - 60-80 жылдардағы қазақ прозасы дүниеге келген кезең сол тұстағы артық-кемімен көрінген, көзге түскен қазақ әдебиетінің туындылары. Қазақ прозасының өнімді, жемісті тұстарының бірі де осы кезең болды десек қателеспейміз.
Жалпы, қазақ әдебиетінің тарихында шығармаларымен оқырман ықыласына бөленген, өзіндік суреткерлік қолтаңбасымен есте қалған қаламгерлер саны аз емес. Әсіресе ХХ-ғасырдың екінші жартысында қазақ прозасында өз туындыларымен топты жарып, қара үзіп шыққан қаншама қаламгердің шығармашылық даралығы, суреткерлік қолтаңбасы оқырман назарын өзіне аударды.
20-30 жылдар әдебиетіндегі Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сияқты майталман қаламгерлердің жазған көркем дүниелері әлдеқашан әдебиетіміздің алтын қорына қосылды. Бұл туындылар енді ұлтымыздың мәңгі рухани құндылықтары санатында кейінгі толқын қаламгерлерге суреткерлік шеберліктің, жазушылық талап пен талғамның айнымас өлшеміндей жарқырап тұра беретіндігінде дау жоқ.
Ал енді осындай құнды көркем туындыларды дүниеге келтірген құнарлы орта, әдеби дәстүр қазақ прозасының 60-80 жылдардағы кезеңіне де өз әсерін тигізді. Әсіресе, тарихи кезеңдер шындығын, айтулы өнер адамдарының өмір-тағдырын, өнер, дәстүрлі мәдениет, адамгершілік, имандылық тақырыбын және бүгінгі замандастар тыныс-тіршілігін арқау еткен прозалық шығармалар оқырман назарына көбірек ілікті. Айтулы, талантты деген туындылар да қарап отырсақ осы тақырыптардың еншісінде екен. Бұл туындылар туралы, жалпы қазақ әдебиетінің барлық жанрдағы өркендеу кезеңдері жайлы бірнеше құнды әдеби-эстетикалық зерттеулер, еңбектер де жарық көрді. Бұл зерттеулердің қатарында соңғы жылдары жарық көрген З. Қабдоловтың, З. Ахметовтың, С. Қирабаевтың, Т. Қожакеевтің, Т. Кәкішевтің, Р. Нұрғалиевтің, С. Қасқабасовтың, Н. Ғабдуллиннің, Ә. Нарымбетовтың, Р. Бердібаевтың, С. Садырбаевтың, З. Серікқалиевтің, Ж. Дәдебаевтың, Б. Майтановтың, А. Еспенбетовтың, С. Негимовтың, Ө. Күмісбаевтың, З. Бисенғалиевтің, Ж. Тілеповтың, У. Қалижанұлының, М. Хамзиннің, Р. Тұрысбековтің, Б. Әбілқасымовтың, Т. Есембековтің, А. Жақсылықовтың, Б. Әбдіғазиұлының, Н. Жуанышбековтың, Х. Рүстемованың, З. Жұмағалиевтің, Қ. Алпысбаевтың т. б. еңбектерін ерекше атауға болады.
Осы әдебиетіміздің қомақты жүгін арқалаған, талантты, дарынды шоғырдың бел ортасында қаламгер Тәкен Әлімқұловтың да аталуы заңды.
Оның басты себебі - қаламгердің көркемдік деңгейімен оқ бойы озық көрінетін туындылары. Бұл туындылар, яғни Тәкеннің, әсіресе прозалық шығармалары қазіргі тұста әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанасына, тану, талдау өзегіне айналуы өте қажет.
Тақырыбы: Т. Әлімқұлов прозасындағы ұлттық психологизм
дүниетанымды танытатын сөз өрнектерін саралау, талдау. Автордың қазақ халқының психологиясын танытудағы шеберлігін көрсету;
Зерттеудің міндеті:
- Ұлттық психологизм ұғымына түсінік беру;
- Көркем әдебиеттегі психологизм ұғымын талдап-саралау;
- Т. Әлімқұлов шығармашылығындағы ұлттық болмыстың берілу жолдарын анықтау; Ұлттық оралым, салт-дәстүр, өнер ұғымдарына қатысты деректерді зерделеу;
Зерттеу нысаны: Т. Әлімқұловтың өнер туралы әңгімелері, «Ақ боз ат» романы т. б.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақ әдебиеттануында психологизм ұғымы Г. Піралиева, Б. Майтанов, Р. Мұқышева, Н. Қамарова, Н. Серікбаев т. б. еңбектерінде біршама зерттелген. Алайда психологизм ұғымының ұлттық сипаты осыған дейін зерттелген жоқ.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Диплом жұмысында қамтылған материалдар жүйелі түрде топтастырылған, ғылыми тұрғыда тұжырымдалған қорытынды ой-пікірлерді «Қазіргі қазақ прозасы», «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәндеріне қосымша мәлімет, әдеби теориялық талдау ретінде пайдалануға болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: Қазақ ақын-жазушылары шығармаларындағы психологизм ұғымы осы күндерде әлі де болса тиісті дәрежеде толық зерттелмеген, сондықтан зерттеу жұмысында мәліметтерді, деректерді саралай отыра, бұл үдерістің тиімді жолдарын табу көзделеді;
Дипломның құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерді зерттеп саралау, мәтін анализы.
1 Жазушы шығармашылығындағы жантану ілімі
1. 1. Әдебиеттегі жантану ілімі
Л. Н. Гумилев этносты әлеуметтік емес, географиялық, табиғи құбылыс ретінде қарастырады . Бұл бірегей зерттеу үшін этнос бұл - айырықша ішкі құрылымы мен бірегей мінез-құлық қалыптарына ие (динамикалық жүйе), басқа ұқсас ұжымдарға қарама-қарсы («біз» және «біз емес») адамдар ұжымы. Басқаша айтқанда, ұлттың басты белгілері болып психологиялық мінездемелерді атайды: өзіндік сана (бірегейлік) мінез-құлық қалыбы.
Этнопсихология грек тілінен аударғанда (ethnos -ру, ел) деген мағына береді. Этнопсихология ғылыми-теориялық пән. Оның пәні - этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері. ХІХ ғасырда этнопсихологиялық идеялар «халықтар психологиясы» ағымында дамыды. Олардың өкілдері М. Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вунд болған. Этнос бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат, географиялық жері бар. Қандай да бір этносқа тән адамдарда өздеріне тән өмірді қабылдаулары мен әлеуметтік қатынастарда нақты психологиялық-әлеуметтік стереотиптері бар. Этностың барлық шығу тегімен байланысып жатқан мүшелері тірі макроорганизм жасайды.
Этностың ең алғашқы даму сатыларында адамдар рефлексияға дейінгі жағдайда болады, яғни, өзіндік қорғаныс инстинкті айтады, солайша санасыз жүреді, әр-кім өздерінің жанұясының қауіпсіздігімен қолайлылығын қамтамасыз етеді, солайша олар этностың толығымен өмір сүруін қамтамасыз етеді. Этнос жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын басынан кешіреді - сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын көбейтеді. В. Г. Крысько бойынша этнопсихология пәні - әр түрлі этникалық қауымдастықтар өкілдері психикаларының көріну ерекшеліктері. Бірақ, бұл ғылым әр түрлі көзқарастар әсерінен мазмұны мен негізгі феномендерін өзгерте жүріп, қалыптасты. Ұзақ уақыт бойы этнопсихологияның жалпы категориясы - күнделікті өмірден алынатын психологиялық жиналымдар болды. Ұлттық психологиялық жиынтық - сәтті түрде талданатын анықтамаларға жатады, - дейді Г. М. Андреева. Сондықтан этнопсихологияда бұл ұғымды ашатын эквиваленттерді табу жолдары қарастырылуда, өйткені ұлттардың психологиялық жиынтығы ұғымына синоним ретінде-ұлттық мінез, ұлттық сана-сезім, ұлттық психология кіреді. Этнопсихология деген не? Сұраққа көптеген адамдар бұл этностар мен халықтардың психологиясын зерттейтін ғылым деп жауап береді. Біріншіден «этнос» терминінің мағынасын бір мағыналы емес, яғни психологияның бүкіл түрі нені зерттейтінін білесіз. Екіншіден: көптеген авторлар психологияның сипаттамасын этноспен емес, мәдениетпен байланысты зерттеуді қалайды, сондықтан мәдениет деген не екенін нақты саналау керек. Үшіншіден этнопсихология терминінің өзі әлемдік ғылымда жалпы қабылданған болып табылмайды. Осы ғылымдағы көптеген мамандар өздерінің «халықтар психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы-мәдени психология» зерттеушілеріміз деп есептейді.
Дегенмен де, ұлт психологиясы - этнопсихологияның негізгі мәселесі.
Ұлттық психология - әлеуметтік психологияның бір бөлігі, оның үрдістері мен заңдылықтарына бағынған құрылымдық элементі. Демек, ұлттың қоғамдық санасы нақты мәнге ие - этнос тарихтың белгілі бір даму кезеңіндегі санасының жеткен деңгейін айқындайды.
Адамның мінезі дегенді адамның тәртібі мен қылықтарына әсер ететін, оның тек өзіне тән, айқын көрініс беретін психологиялық нышандары деп түсіну керек. Мінез адамның еркі мен бағыттарында көрініс беретін, оның тұлғасының психикалық құрылымы ретінде айқындалады.
Жеке адамның мінезі ол өмір сүріп отырған әлеуметтік топтың мінезіне ұқсас болады, немесе керісінше, жеке адамның мінездерінен әлеуметтік топтың мінезі көрініс береді.
Өзінің ұзаққа созылған қалыптасу жолында қазақтар да өзге халықтар сияқты қадір тұтуға жарайтын ұлттық психологиялық кешендерді бойына сіңіріп келді. Халқымызға тән ұлттық мінездің кейбір нышандары: Жауынгерлік мінез. Тарихтың әр кезеңінде казіргі Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың бәрінің де қызуқанды, қырағы жауынгер болғаны белгілі. Сондықтан олар орасан мол аумақты иемденіп, ғасырлар бойы ұстап тұрды. Қазақ халқының арғы тегі - түркі тектес тайпалардың тарихта Еуразияның ұлан-ғайыр даласын бағындырып, мұхиттан мұхитқа дейінгі аралықта азулы мемлекеттер құрғаны белгілі. Кеңпейілділік (бауырмалдық, мейірбандық) - қазақтарда туған жерінің кеңдігі, оның табиғатының қаталдығы және малшылық кәсіппен айналысу факторларының әсерінен пайда болған мінез. Қазақтың кеңпейілділігін қазақ жеріне келіп коныстанған өзге ұлт өкілдерінің бәрі және көптеген зерттеушілер ризашылықпен атайды.
Бұлардан басқа қазақ халқының ұлттық мінездеріндегі жағымды нышандардың елеулілеріне - мәрттік, жомарттық, конақжайлық, балажандық, аңқаулық жатады.
Ұлттық мүдде деп белгілі бір ұлт өкілдерінің бәрі үшін ортақ қоғамдық мүдделерін айтамыз. Қазақтардың ұлттық психологиясына тікелей қатыстылығы бар, ұлттың баршаға ортақ мүддесі дегенге келетін болсақ, оны әр кездегі әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің түсінуі мен оған сай әрекет етуінің әр түрлі болғандығын көрер едік. Ұлттық мүдденің алдыңғы лекке шығуы мен оны қанағаттандыру бағытындағы әрекет белсенділігінің артуы да ұлттың өзінің ( ұлттық психологияның да ) даму үдерісіндегі ілгері басқан сәттерге сәйкес келеді.
Мүдде адамды алға жетелейді. Ұлттық мүддені сезіну ұлты үшін жаны күйетін отаншылды жанталастырады, оны отқа да, суға да түсіреді, жеңіске жетелейді. Ұлттық мүдде мен қажеттілікті түсінудің ұлттық психологияның құрамдас құрауышы ретіндегі мәні осында. Ұлттық мүддені түсіну өзіндік сана категориясымен тікелей байланысты.
Ұлттық психологияның құрамдас элементтерінің бірі - ұлттық өзіндік сана. Ұлттық өзіндік сана дегеніміз - этностық сананың жоғары, күрделіленген, жетілдірілген формасы. Ұлттық өзіндік сананы ұлттың өзінің әлеуметтік-этностық мәнін танып білуі, дүниежүзілік қауымдастық жүйедегі өзінің орнын және қандай орын ала алатынын, адамзат тарихындағы атқарып жүрген әрекеттік рөлін және оның қандайын атқара алатынын, адамзат жасап жатқан өркениетке қосқан және қоса алатын үлесін сезіп тұшынуы, сонымен қоса өзге халықтармен тең, еркін және тәуелсіз өмір сүрудің табиғи-тарихи құқығын түсінуі деп ұғуға болады.
Әлеуметтік психологияда көпшілік жағдайда ұлттық өзіндік сана ұлт мүддесімен байланыстыра қарастырылады. Ол қоғамдық және халықаралық қатынастар жүйесіндегі ұлттың жағдайымен айқындалатын объективті ұлттық мүдделердің бейнесі немесе ұлттық мүдделердің мәні және оларды іске асыруға тырысу ретінде сипатталады.
Ғалымдардың пайымдауынша ұлттық психологияны қалыптастыратын факторларға мыналар жатады:
- халықтың басынан өткерген тарихы;
- ұзақ жылдар бойы айналысқан шаруашылық түрі;
- төлтума мәдениеті;
- ақпарат алмасу тілі;
- салттары мен дәстүрлері;
- тұрған жерінің табиғаты және климаттық жағдайлары;
- діні;
- әлеуметтік-демографиялық жағдайы.
Бұл аталғандардың соңғысынан басқалары ғасырлар бойы көп өзгеріске ұшырай бермейді, ұзақ уақыт сақталады. Соған сәйкес ұлттық психология да халықтың санасына әбден орныққан құбылыс болып табылады, оны өзгерту өте қиын және ұзаққа созылады.
Бүкіл халық ұстанатын тәлім - тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау - барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт - сана, әдет - ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл - ой, эстетикалық, еңбек, дін, т. б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың, жалпы мінез - құлқы, іс - әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология - психика мен мінез - құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі.
Халықтық психология - адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл - адам мінез - құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім - білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенеміз.
Халықтық психологияның теориялық мәселелрін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады. Этнопсихология - әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет - ғұрып, діл, дін, т. б), жемісін сол халықтың психологиясын, сана - сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т. б) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зертттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т. б. ) сан алуан. Бұл - өте күрделі, әлі де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған Н. Назарбаев былай дейді: «Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этникалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние». Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айырықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасын «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән-мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбексүйгіштікпен қиыншылыққа төзе білу; жаудан беті қайтпау; сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық; ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау (жасы үленді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т. б) . Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан - жүйесі жағынан да жан-жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұғымды мақал мен мәтінді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру - тұрмыстың дағдалы машығына айналды. Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналады. Осы айтқанымыздың дәлелі болып табылатын кейіннен мақал болып кеткен «өнерді үйрен де, жирен», «жігітке жетпіс өнер де аз», «шебердің қолы ортақ», «жауда жүрсе ат ойнатқан батырым, үйде жүрсе, құрт қайнатқам батырым» сияқты бесаспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздер біздің заманымызға дейін жетті. Көшпелі қауым бірін-бірі жақсы білді, әр адамның қадір-қасиеті, оның жасына, жол-жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отырды. Мұндай қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ер жете келе ортақ мүдделілікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік белгісін түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz