Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жүйесінің теориялық және тәжірибелік негіздерін жетілдіру
Кіріспе ... ... .3
1. бөлім. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Шағын бизнестің экономикалық мәні және несиелеу теориясы ... ..5
1.2 Казақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу механизмі..13
1.3 Шағын бизнесті несиелеудегі шетел тәжірибесі..
2. бөлім. «БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ» АҚ.НЫҢ ҰЙЫМДЫҚ.ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1«Банк ЦентрКредит» АҚна жалпы сипаттама және оның экономикада алатын орны ... ... ... ... 21
2.2 «Банк ЦентрКредит» АҚ.ң несиелік және қаржылық жағдайы ... .29
3. бөлім. Шағын бизнесті несиелендіру процестерін жетілдіру
3.1 Шағын бизнесті несиелендіру проблемалары және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... .45
3.2 Шағын бизнесті несиелендіруді дамыту бағыттары ... ... ... ... ... ..47
Қорытынды ... ... ... ... ... 51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ...53
Қосымша ... ... ... ... ... 56

Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет»,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.
Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделді.

1. Айешева Г.А. 5В 050900- «Қаржы» мамандығы студенттеріне арналған дипломдық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау [Мәтін] / Г.А.Айешева, А.Ш.Абдешова //Орал, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ.- 2016.б.38.
2. Қазақстан Республикасының Заңдары. «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік» Кодексі. [Электрондық ресурс] :заң [2016 жылғы 6 ақпанда қабылданды] – Кіру рәсімі: http://adilet.zan.kz еркін.-Экрандағы атауы.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы атты жолдауы. [Электрондық ресурс] 27.01.2012. Кіру рәсімі:http://www.inform.kz еркін.- Экрандағы атауы.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. [Электрондық ресурс] 2014 жылғы 17 қаңтар // Қазақстан Ресубликасы Президентінің ресми сайты www.akorda.kz. еркін. - Экрандағы атауы.
5. Назарбаев Н.А. Лекция в Казахском национальном университете имени аль-Фараби «Казахстан в посткризисном мире: интеллектуальный прорыв в будущее». [Электрондық ресурс]13 октября 2009г. Кіру рәсімі:http://www.kaznu.kz //
6. А.Д. Умбетәлиев «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», [Мәтін]: Оқулықэкономика баспасы. // А.Д. Умбетәлиев, Мырзалиев Б.С., Әуелбеков С.Ш., Жақыпбеков С.Ж.- Алматы 2009ж.- Б-9.
7. Б. Абдуллаева Шағын бизнестегі несиелік тәуекелді басқару [Мәтін]: Оқулық – Б. Абдуллаева /Қаржы-қаражат/ 2008ж. №1, Б-16
8. Бейсенғазиев М.Б. Кәсіпкерлік негіздері. [Мәтін]: Оқулық Орал. 2006ж.- Б-54.
9. О. И. Лаврушин, М. А. Абрамов, Л. А. Александрова «Деньги, кредит, банки» [Мәтін]: Оқулық- О. И. Лаврушина, 2013г. – Б-448
10. Давлетова М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане: учебное пособие.[Мәтін]: Оқулық /Алматы: Экономика, 2007г- Б-34.
11. Құлпыбаев С., Ынтықбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: .[Мәтін]: ЖОО арналған оқулық. / Алматы: 2010ж. – Б522.
12. Зиябеков Б. Кредитное бюро - инструмент выявления рисков, Банки Казахстана .[Мәтін]: Оқулық, 2008 г. №3.-Б37-40
13. Кулбаева М.А. «Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері». [Мәтін]: Оқулық /Түркістан, 2009-Б-87
14. Сәбден О. Шағын бизнес негіздері. [Мәтін]: Оқулық Астана. 2008 ж. Б125-145.
15. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері // ҚазЭУ хабаршысы [Мәтін]: Оқулық № 2 /2007 ж. Б165-169
16. «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының мәліметтері 2014-2016 жж. [Электрондық ресурс] Кіру рәсімі: www.bcc.kz
17. Капуста М.Г. Предпринимательство. [Мәтін] Оқулық: .2004. Б-150.
18. Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы. [Мәтін]: Оқулық Алматы.2007ж, Б 13
19. Романовский М.В., Врублевская О.В. Финансы. [Мәтін]: Оқулық – М.: Юрайт, 2012. Б343.
20. Смирнова Г.Б. Менеджмент. М., [Мәтін]: Оқулық 2002.Б-292.
21. С.П. Мороз «Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық» [Мәтін]: Оқулық Алматы, 2009ж-Б 48.
22. Шағын бизнестегі несиелік тәуекелді басқару [Мәтін]: Оқулық //Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана № 1/2008 ж. Б16-21
23. Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік несие желісі есебінен қаржыландыру [Мәтін]: ҚазЭУ хабаршысы № 2/ 2008 ж. Б146-150
24. Шелекбай Ә., Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент, [Мәтін]: оқу құралы Алматы Экономика – 2008, Б18-39
25. Шеремет А.Д.,Негалиев Е.В. Методика финансового анализа. [Мәтін]: Оқулық -2005.-Б208.
26. Хамитова К.З. Экономика және кәсіпкерлік негіздері: [Мәтін]: Оқулық – Астана: Фолиант, 2007. – 192б.
27. Жаңалықтар порталы [Электрондық ресурс] Кіру рәсімі: www.kazinfo.kz
28. Ақпараттық банктік портал [Электрондық ресурс] Кіру рәсімі: www. Nationalbank. kz
29. Ақпараттық банктік портал [Электрондық ресурс] Кіру рәсімі: www. Ipoteka. Kz
30. Ақпараттық банктік портал[Электрондық ресурс] Кіру рәсімі: www. Bankir. kz.
31. 2014 жылдың қаңтар айындағы Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің мониторингі // ҚР-ның Статистика агенттігі сайты [Электрондық ресурс] Кіру рәсімі: www.stat.gov.kz
32. Нұрсұлтан Назарбаев. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол [Электрондық ресурс] Кіру рәсімі: // http://egemen.kz

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. бөлім. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Шағын бизнестің экономикалық мәні және несиелеу теориясы ... ..5
1.2 Казақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу механизмі..13
1.3 Шағын бизнесті несиелеудегі шетел тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ...17
2. бөлім. БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ АҚ-НЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1Банк ЦентрКредит АҚна жалпы сипаттама және оның экономикада алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2 Банк ЦентрКредит АҚ-ң несиелік және қаржылық жағдайы ... .29
3. бөлім. Шағын бизнесті несиелендіру процестерін жетілдіру
3.1 Шағын бизнесті несиелендіру проблемалары және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
3.2 Шағын бизнесті несиелендіруді дамыту бағыттары ... ... ... ... ... ..47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .53
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты Қазақстан халқына Жолдауында: Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.
Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына: Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында Жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынаң Банк және банктік қызмет туралы Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі банктік несиелеудің аумағын арттыру.
Тақырыптың ғылыми зерттеу дәрежесі. Кәсіпкерліктің теориялық негіздерін қарастыруға атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер, француз экономисі Жан Батист Сэй, ағылшын экономисі Ричард Кантильон, американдық ғалымдар А.Берли мен Г.Минз және тағы басқа ғалымдардың монографиялық- ғылыми еңбектерінде кеңінен зерттелген. Сонымен қатар, жұмыста Ресей мен Қазақстанның іргелі зерттеушілерінің еңбектері, оның ішінде Л.Н. Красавина, О.И. Лаврушин, Г.Т. Қалиева, Қ.Қ. Ілиясов, М.С. Саниев, Н.Н. Хамитов сияқты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды. Аталған авторлардың еңбектерінде кәсіпкерліктің теориясы және тәжіриесінің кейбір тұстары қарастырылған. Бұл авторлардың еңбектері кәсіпкерліктің даму жүйесінде маңызды орын алады. Дегенмен, қазіргі экономикалық өзгерістер мен жаңа талаптар кәсіпкерліктің дамуы жүйесін жетілдіруді қажет етеп отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жүйесінің теориялық және тәжірибелік негіздерін әлемдік тәжірибемен салыстыра отырып, шағын кәсіпкерлікті несиелеудің одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру болып табылады.
Осы аталған мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер алға қойылады:
шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру;
шағын бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын талдау;
шағын бизнестің заңдық негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жүргізу;
қазіргі кездегі шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемаларды ашып көрсету;
шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- шағын бизнесті несиелеу сияқты экономикалық терминдердің ұғымдары зерттеліп және олар бойынша авторлық көзқарастар ұсынылды;
- Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту факторлары құрастырылып, бір жүйеге келтірілді;
- шағын бизнесті мемлекет тарапынан қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары ұсынылды;
- республикадағы шағын бизнесті дамытуды тежейтін және несиелеуге кедергі болып отырған негізгі факторлар және олармен күресудің іс-шаралары анықталды;
- коммерциялық банктердің шағын бизнесті несиелеу үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірілді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі елдің шағын кәсіпкерлікті несиелендіру процестерін жетілдіруді жүзеге асыру болып табылады. Зерттеу объектісі АО Банк Центр Кредит.
Қазіргі таңдағы шағын кәсіпкерліктің дамуы нарықты әртүрлі қызметтермен толтырып отыратын негізгі жетілдіруші факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпкерліктің қосатын үлесі де маңызды деп айтуға болады. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шаралары әрбір елде болатын іс-әрекет шаралары.
Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Болашақта елде шағын кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі кеңейту бағыттары жоспарланып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Шағын бизнестің экономикалық мәні және несиелеу теориясы
Ғылыми термин түсінігінде кәсіпкер экономика теориясына тұңғыш рет VIII ғасырдағы атақты ағылшын экономисті, банкирі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкер - бағаның тұрақсыздығы мен сату болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сатып алу мен сату процесстеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле бермейтін адамдар. Ең басты ерекшелік - тәуекелділік - деген.
Кәсіпкерлік ұғымын зертеуге тұңғыш ден қойғандар саяси экономиканың ғылым ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері. Негізін салушы Ф. Кенэ (1694-1774). Ол былай деген : Жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер қоғамдық өнімді өткізуде басты роль атқарады.
ХХ ғасырдың басындағы капиталистік елдер экономикасының шапшаң өсуі және ғасырдың отызыншы, жетпісінші жылдардағы әлемдік дағдарыстар кәсіпкерлікке қатысты жаңа баптардың пайда болуына әкелді. Мұнда әйгілі экономист Йозеф Шумпетерді атап өту керек.
Й. Шумпетер кәсіпкерлер деп әр түрлі комбинацияларда экономикалық жаңашылдықпен айналысатын адамдарды атады. Оның пікірі бойынша, кәсіпкерлік қызмет адамға мәңгілік бекітілмеген, ол оның жеке қасиеттеріне байланысты.
А.Смит шағын кәсіпкерлік пен кәсiпкер туралы төмендегідей жазған екен: ... ол тек өзінің жеке қызығушылығын, өзінің жеке пайдасын ғана ойлайды және де көрінбейтін қол арқылы жоспарланбаған мақсаттарына жетеді. Қоғамға қызмет етемін деп ойлаған кезден гөрі, өзінің жеке пайдасын ойлаған кезде, қоғамға көбірек пайда алып келеді.1.
Осылайша ғасырлар бойы кәсіпкерліктің теориялық негіздемелері дамып отырды. Сонымен мынадай қорытынды жасауға болады: Кәсіпкерлік - бұл, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін - өзі ұйымдастыру және өзін - өзі жаңарту процесі.
Қазіргі таңда кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативті - құқықтық базаның жетілдіруімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық - коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен; капиталдық тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің, моральды және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде.
Қазақстан Республикасында бұл бизнес түрінің дамуына заңдар қабылданды, сонымен қатар заңдылық және басқа да нормативті құқық актілері қабылданып, іске асуда. Сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуы дамуы туралы түрлі сұрақтар қамтылуда, ол: шаруашылық серіктестерінің дамуы, акционерлік қоғам; тұлғалық кәсіпкерлік; лицензиялау, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік көптеген түрде дамуда. Қызметтің туындауына қарай - өндірістік, коммерциялық, қаржылық, меншік сипатына қарай - жеке меншік, біріккен; ұйымдастыру нысаны бойынша - тұлғалық, ұжымдық (серіктестік, АҚ); шаруашылық субъектілері бойынша - ірі, орта және шағын болып бөлінеді. Қазіргі кезде шағын кәсіпорындар дамып, экономикадағы позицияларды жеңіп алуда, ірі бизнестің серіктері болды. Бұл инновациялық ұғым - кластерге тән. Сонымен қоса, барлық елдер мемлекеттері шағын кәсіпкерліктің дамуын қолдау мен ынталандыруда.
Қазақстан экономикасының жалпы жағдайын және бюджет тапшылығының көлемін ескере отырып, шағын бизнесті қаржыландырудың ең тиімді көзі ретінде қазіргі таңдағы банктік несиелендіруді қарастыра аламыз.
Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеудің үш деңгейлі жүйесі қызмет етеді.
1. Екінші деңгейлі коммерциялық банктер
2. Банктің қызметтерді жекелеген түрлерімен айналысатын ұйымдар (қорлар, лизингтік компаниялар)
3. Микронесиелеу ұйымдары
Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінде экономиканың басым және перспективалы секторларын қаржылық қолдауға бағытталған бірнеше несиелік бағдарламалары бар:
- шағын және орта бизнесті несиелеудің аймақтық бағдарламасы;
- жеке тұлғаларды несиелеудің аймақтық бағдарламасы;
- шағын және орта агробизнесті несиелеу бағдарламасы;
- кәсіпорын кепілдігімен қызметкерлерін тұтынушылық мақсатта несиелеу бағдарламасы;
- Еуропалық Қайта құру жҽне Даму банктің несиелік желісі бойынша шағын бизнесті несиелеу бағдарламасы;
- несиелік карточкалары бойынша, банктің жинақ шотына салынған ақшасының кепілдігі есебінен, жеке тұлғаларды несиелеу бағдарламасы;
- отандық өндірушілерге банктік қарыздар ұсыну бағдарламасы.
- Еуропалық Қайта құру жҽне Даму банктің несиелік желісі бойынша шағын бизнесті несиелеу бағдарламасы.
Екінші деңгелі банктерге ұсынып отырған ең басты қаржы көзі Даму бағдарламасын ұсынуда. Қазақстан Республикасының бюджеті тарапынан халықаралық институттар шағын және орта бизнесті қаржыландырудың түрлі схемеларын ұсынып, несие желілерін енгізуде. Бүгінде шағын және орта бизнесті қолдау үшін келесі несиелік желілер жұмыс жасайды:
1. Шағын бизнесті қолдау жөнінде германдық несие желісі
2. Әлемдік қайта құру және даму банкі
3. Азия даму банкі
4. Европалық қайта құру жҽне даму банкі
Қазақстандағы Европалық қайта құру және даму банкінің несие желісі Қазақстанның Шағын Бизнес Бағдарламасымен ұсынылған. Қазақстанның Шағын Бизнес Бағдарламасы Европа Қайта Құру жҽне Даму банкі мен АҚ Казақстан Республикасының Шағын Кәсіпкерлікті Дамыту Қорының бірлескен ықыласы шағын бизнеске қаржыландырудың тұрақты жҽне ұзақ мерзімді көзін Қазақстандық коммерциялық банктер арқылы ұсынуға бағытталған.
Европалық қайта құру және даму банкінің өкілдері Қазақстан Республикасының экономикасының диверсификациясына ықпал ететін, берілетін несиелердің кең географиясы мен түрлі бағытталғандығын атап көрсетеді. Мысалы, олардың 84% -нан астамы Астана мен Алматыдан тыс аймақтарға беріледі. Қазіргі кезде ай сайын 20 млн. АҚШ долл. сомасында 4 мың қарыз алушылар несиеленіп отырады. Несиеленетін салалар ауқымы өте кең-базар сатушыларынан компьютер орталықтарына дейін, киімді шығаратындардан мал өсірушілерге дейін. Нәтижесінде, Қазақстанда 50 мыңнан аса жұмыс орындары ашылды. Банктің Қазақстан Республикасы экономикасына инвестициясы 2013 жылы 685 млн. евродан астам соманы құрады. Еске түсірсек, Қазақ Европалық қайта құру жҽне даму банкінің шағын жҽне орта бизнесті дамытуға берген займның жалпы сомасы 77,5 млн. АҚШ долл. және ол 3 займға бөлінген (әрбір келесі транш алдыңғысы қоланылғаннан кейін бөлінеді). І-займ мемлекеттің кепілдігімен 72,5 млн. АҚШ доллары кҿлемінде шағын жҽне орта бизнесті несиелеуге бағытталған. ІІ-займ -- 2,4 млн. АҚШ доллары; ІІІ-займ -- 2,6 млн. АҚШ доллары. II және ІІІ-займдар техникалық көмек көрсетуге арналған. Техникалық көмекті Европалық қайта құру және даму банкінің кеңес берушілері соңғы қарыз алушыларға (шағын және орта бизнес субъектілеріне) займдарды беру жөнінде операцияларды жүргізуді жҽне несие экперттерін оқытуды қамтамасыз етеді. Әріптес-банктермен жемісті серіктестік күшейген кезде Қазақстанның Шағын бизнес бағдарламасын аймақтық кеңейту жоспарлануда (параллельді әрбір қарыз алушыға қызықты өнімдер мен процедураларды жасау жұмыстарын жалғастырумен қоса). Еуропалық Қайта құру және Даму Банктің (ЕҚҚДБ ) серіктестерінің бірі -Халық банкі АҚ-ы табылады. Еуропалық Қайта құру жҽне Даму Банкі тарапынан несиелік желі бизнесінің көлеміне қарамастан әрбір кәсіпкердің несие алу мүмкіндігін арттыруға бағытталған. ЕҚҚДБ бағдарламасы бойынша несиелер ұсыну технологиясы - бұл несие өтінішін рәсімдеу процедурасын жеңілдету, яғни қарыз алушы бизнес-жоспар дайындамайды, банктің көрсететін барлық қызметтері: кеңес беру, құқылық құжаттардың несиелік сарпшымен дайындалуы жҽне жинақталуы тегін жүргізіледі ЕҚҚДБ Бағдарламасы банктік қарыздардың үш түрімен ұсынылған: 1. Экспресс микронесиелер (100-ден 1500-4000 АҚШ долларына дейін); 2. Micro несиелер (10000 АҚШ долларына дейін); 3. Small несиелер (10000 - нан 200 мың АҚШ долларына дейін).
Несиеге алынған қарыз ақша қызметтің келесі түрлеріне жұмсалмауы тиіс:
- әскери жабдықтарды өндіру немесе сату;
- темекі өндірісі;
- ішімдіктер;
- казино;
- валюта спекуляциясы;
Европалық қайта құру және даму банкі АҚ Шағын Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры Қазақстандық коммерциялық банктер Шағын және орта бизнес субъектілері 160 - елдің экологиялық жағдайына нұқсан келтіретін қызметтер. - іске қосылған бизнесті ғана несиелейді. Банкке келетін әрбір клиент ең алдымен жобасының өміршеңдігін көрсететін нақты дәледерді беруі қажет. Ал банк өтініш білдірушінің шындығында да өз кәсіпорынын басқара алуына, оның қаржылық жағдайының қалыпты жағдайда екендігіне және оның ұсынған жобасы күмәнсіз пайда әкелетініне көзі жетуі керек.
Кесте 1 Микронесиелер ұсыну шарттары
Стандартты шарттары
ЕҚҚДБ өкілдерімен арнайы келісу қажет болатын жағдайлар
Несие сомасы
Төменгі сома: жоқ Ең жоғары сома: 30.000. USD
-
Несие валютасы
АҚШ доллары (USD). Қазақстан теңгесі (KZT).
Несиені теңгемен АҚШ долларының валюталық баламасына есептей отырып ұсыну
Ұсыну реті
Клиенттің ағымды шотына банктік аудару Қолма қол 20,000. USD
20000 USD асатын сома Аймақтық Координациялық кеңсе мақұлдауымен ғана
Несие мерзімі
3 айдан 12 айға дейін
13 айдан 24 айға дейін
Пайыз мөлшері
Серіктес банкпен келісілген саясатқа байланысты
Өтеу кестесі
Негізгі қарыз жҽне сыйақыларды тең төлемдермен ай сайын өтеу Жеңілдік кезеңі жоқ
Негізгі қарызды өтеудің еркін кестесі, (бір ақ негізгі қарызды мерзімнің соңында ғана өтеуге рұқсат берілмейді)
Аймақтық Координациялық кеңсемен келісілгеннен кейінгі 2 ай жеңілдік уақыты болып табылады.
Бағдарлама бойынша берілген несиенің 25% өндіріс саласындағы кәсіпорындарға, оның ішінде жеңіл өнеркәсіпке тиді. Несиенің қалған бөлігі қызмет көрсету және сауда саласына келеді. Шағын және орта бизнес негізгі капиталға үлкен салымдарды қажет етпейді, көбіне айналым құралдарына мұқтаж. Несиелердің сомаларын, мерзімдерін жҽне бағытталуын салыстыра отырып несие құрылымын көруге болады: 13 -- негізгі, 23 -- айналым капиталға жұмсалады. Европалық қайта құру және даму банкінің Қазақстанда Шағын бизнесті несиелеу Бағдарламасы бойынша мынандай корытындылар жасауға болады:
1. Ірі өнеркҽсіп қалаларында бизнес жақсырақ дамыған.
2. Микро және шағын несиелердің жаңа жұмыс орындарын құрудағы тиімділігі.
3. Несиелерді қарастыру мен берудің қысқа мерзімдеріне қарамастан несие портфелінің жақсы сапасына жетуге болады.
Қазіргі таңда екінші деңгейдегі банктердің шағын бизнес субъектілеріне берген несиелері және олардың сыйақы жылдан жылға артып отыр.
Қазіргі кезде отандық кәсіпкерлерге төніп тұрған ешқандай қауіп-қатер жоқ, яғни тұрақты деуге болады.. Оны дамытуға жағдай жасалып, заңнамаларға өзгерістер енгізілуде. Шағын және орта бизнес нысандарын тұрақты түрде несиелеуді қамтамасыз етуге өткен жылы 48,8 млрд теңге бөлінді. Қазір осы қаржының есебінен шағын кәсіпкерлікке қатысты 2207 жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде бөлінген қаржы екінші деңгейлі банктер арқылы толық игерілді. Бұған қоса, шағын және орта бизнесті несиелеуге Үкімет Даму қоры арқылы 50 млрд теңге бөлді. Даму қоры өз кезегінде бұл қаражаттың жартысын екінші деңгейлі банктерге салды. Бір тиімді болатыны, қаржы және экономикалық дағдарыстың әсерінен банктердің көпшілігі несие бойынша көлемін өсіріп жатқанда, бұл қаражат шағын және орта бизнес субъектілеріне 12,5 пайызбен беріледі. Бұл әрекет кәсіпкерлердің көпшілігін қолдауға, өз бизнесін кеңейтуге жҽне жаңа бастаманы іске асыруға, түптеп келгенде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Сайып келгенде, кәсіпкерліктің гүлденуіне жүйелі түрде жасалған іс-шаралардың әсері мол екені сөзсіз. Мәселен, корпоративтік табыс салығын төмендету шикізаттық емес сектордың ахуалын жақсартады. Бұл, әсіресе, шағын және орта бизнес өкілдеріне қатысты. Атап айтқанда, өндірісте, саудада кәсіпкерлік нысандар көбейсе, бұл инфляцияның қарқынын тежейді. Өйткені тұтыну нарығы салаларының кеңеюі және іскерлік белсенділіктің артуы жағымды инфляциялық ортаны қалыптастырады. Ал экономикалық жағынан белсенді ортада ұлттық тұрақты даму орнығып, халықтың ертеңгі күнге деген сенімділігі артады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша 2014 жылы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген несиелері 1 152 245 млн. теңгені кұрады, соның ішінде банкке жатпайтын заңды тұлғаларға берілген несиелер көлемі 501 232 млн. теңгені құраса, жеке тұлғаларға берілген несиелер сомасы 651 013 млн. теңгені құрап отыр. 2015 жылы екінші деңгейлі банктердің шағын кҽсіпкерліктің субъектілеріне берген несиелерің сомасы 62,2%-ға артты, яғни 1 869 851 млн. теңгені құрады, соның ішінде банкке жатпайтын заңды тұлғаларға берілген несиелер көлемі 1 171169 млн. теңгені құраса, жеке тұлғаларға берілген несиелер сомасы 698682 млн. теңгені құрап отыр.
Кесте 2. 2014-2015 жылдардағы аймақ бойынша екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген несиелері, млн.теңге
Облыстар
2014 жыл
2015 жыл
Ақмола
23 506
25 237
Ақтҿбе
40 364
37 298
Алматы облысы
14 593
15 637
Атырау
37 283
36 204
Шығыс Қазақстан
72 613
76 060
Жамбыл
21 992
21 719
Батыс Қазақстан
26 524
27 644
Қарағанды
53242
67310
Қостанай
58 231
55 056
Қызылорда
17 365
19 884
Маңғыстау
46 360
37 581
Павлодар
51 366 48
672 163
Солтүстік Қазақстан
23 621
22 681
Оңтүстік Қазақстан
41497
63 189
Алматы қаласы
514 733
1225233
Астана қаласы 1
08 955
90 446
Республика бойынша барлығы
1 152 245
1 869 851
Жалпы, Қазақстанда шағын және орта бизнестің қалыптасуында орын алған жағдайды жақсарту үшін мемлекет мынадай іс-шараларды атқарып жатыр: несиелендірудің тиімді ставка көлемін 12,5% -дан асырмай ұстап тұру көзделді; шағын және орта бизнестің бір субъектісіне келетін мемлекеттік қолдау бойынша несие көлемі 750 млн. теңгеге дейін арттырылды; шағын және орта бизнестің субъектілері үшін несиені өтеу мерзімі 7 жылға дейін созылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралар бағдарламасына сәйкес Даму қоры келесідегідей бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп отырды: жобалық қаржыландыру және лизинг; Қазақстандағы шағын несиелендіру жүйесін дамыту бағдарламасы; екінші деңгейлі банктерден алынатын орта және шағын бизнес несиелерін кепілдендіру 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап Қор Қазына тұрақты даму қоры АҚ акционерлік холдингінің құрамында, ал 2008 жылдың қазан айынан бастап - Самрұқ-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ұлттық басқарушы холдингінің құрамында жұмыс істеуде. Өзінің жұмыс істей бастаған уақытынан бері 2015 жылға дейін Даму қоры жалпы сомасы 33,3 млрд. теңгені құрайтын 2878 шағын кҽсіпкерлік жобасын қаржыландырды, мұнысы екінші деңгейлі банктердің шағын бизнес субъектілеріне берген несиелерінің жалпы сомасының 2,2% пайызын құрайды. Даму қоры шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруге арнап екінші деңгейлі банктерде қаражаттарды негізделген түрде орналастыруда төрт бағдарламаны жүзеге асыруда: 1) Қаражаттарды екінші деңгейлі банктер арқылы негізделген түрде жайғастыру бағдарламасының 1-ші кезеңі (Тұрақтандыру бағдарламасының 1-ші кезеңі); 2) Қаражаттарды екінші деңгейлі банктер арқылы негізделген түрде жайғастыру бағдарламасының 2-ші кезеңі (Тұрақтандыру бағдарламасының 2-ші кезеңі); 3) Аймақтық бизнестің жобаларын жергілікті атқару органдарымен бірлескен түрде қаржыландыру бағдарламасы (Даму-Аймақтар бағдарламасы); 4) Қаражаттарды екінші деңгейлі банктер арқылы негізделген түрде жайғастыру бағдарламасының 3-ші кезеңі (Тұрақтандыру бағдарламасының 3-ші кезеңі). Аталмыш бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесінде: 260 млрд. теңге мемлекеттік қаржы игерілді (екінші деңгейлі банктерде жайғастырылған қаражаттардың есебімен барлығы 324 млрд. теңге); 8 мыңнан астам жоба қаржыландырылып жҽне қайта қаржыландырылды; 16 мыңнан астам жұмыс орны құрылып және сақталды; Мемлекеттік қаржыландырудың екінші деңгейлі банктердің несиелік қоржынындағы үлесі 14,8%-ға дейін, ал тұтастай тұрақтандыру бағдарламалары шеңберінде - 18,5%-ға дейін артты. Бүгінде Даму қоры - бұл шағын жҽне орта бизнес субъектілеріне қаржылық, сондай-ақ қаржылық емес қолдау аспаптарын ұсынуға қабілетті ұлттық институт, Қазақстандағы кҽсіпкерлікті қолдау шараларының негізгі операторы жҽне интеграторы. АҚ Шағын Кәсіпкерлікті Дамыту Қорының қызметінің негізгі мақсаты (кәсіпорын акцияларының 100%-ы Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі) Қазақстан Республикасының кҽсіпкерлігін дамытуға жаңа ҿндірістер мен жұмыс орындарын құруды камтамасыз ететін шағын кҽсіпкерлікті дамыту жобалары мен шараларын, мемлекеттік жҽне аймақтық бағдарламаларды іске асыру шегінде мемлекет тарапынан бҿлінетін қаржы құралдарын тиімді пайдалану болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінін ұсынысымен екінші деңгейлі 7 банк-әріптес тандалды - Казкоммерцбанк, Қазақстанның Халық Банкі, банк Центркредит, банк ТуранАлем, Цеснабанк, Алматы сауда-қаржы банкі мен Темір банк. Бұл банктерде Қазақстанның шағын бизнес- 164 бағдарламасымен шағын және микро несиелерді жедел қарастыру үшін арнайы жасалған әдістемемен Шағын Бизнесті несиелеуге мамандандырылған секторлар құрылған: мысалы, қарыз алушылардың несие өтініштерін рәсімдеу процедурасын ықшамдау мақсатында бизнес- жоспарларды талап етілмейді, несие эксперттері кеңес беру мен зандық құжаттарды дайындауды, жобаны сараптау мен кепілді бағалауды тегін жүргізеді. Даму қоры шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі 13 қаржылық және 11 қаржылық емес бағдарламаларды жүзеге асырыпты. Қазіргі кезде Даму қоры Қазақстанның Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламаларын жүзеге асыруда. Соңғы екі жылдың ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерліктің тоғыз мыңнан аса субьектілері қор арқылы 500 миллиард теңгеден астам соманың (80 пайыздан астамы мемлекеттің ақшасы) қаржылық қолдауын алды.
Кесте 3. Даму бағдарламалары бойынша шағын және орта бизнес субьектілеріне берілген қаржының салалар бойынша бҿлінуі
Барлығы: оның ішінде:
100%
сауда саласына
45,7%
қызмет көрсету саласына
24,2%
өнеркҽсіпке
17,2%
құрылысқа
5,2%
ауыл шаруашылығына
5,1%
көлік пен байланысқа
2,6%
Даму бағдарламалары бойынша шағын және орта бизнес субьектілеріне берілген қаржының былай бөлінгенін байқауға болады: сауда саласына - 45,7%; қызмет кҿрсету саласына - 24,2%; өнеркәсіпке - 17,2%; құрылысқа - 5,2%; ауыл шаруашылығына - 5,1%; көлік пен байланысқа - 2,6%. Байқап отырсыздар, нақты материалдық игіліктерді жасауға байланысты салаларға жалпы қаржының 24,7% ғана жұмсалып отыр.
Қазақстандағы бизнестің 90 пайызы - шағын жҽне орта бизнес кәсіпорындарының үлесінде. Ал Еуропада олар 99%-ға жеткен. Сөз жоқ, Еуропа мұндай деңгейге шағын және орта бизнестің аяғына оралғы болатын әкімшілік, заңнамалық және өзге де кедергілерді жеңе отырып, жүздеген жылдарда жетті. Бірақ Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту - әлі де өзекті мәселе. Статистика жөніндегі агенттіктің деректері бойынша, 2014 жылдың 1 желтоқсанында елде 1 миллион 84 мың 170 шағын және орта бизнес кәсіпорындары тіркелген. Оның ішінде белсенді түрде жұмыс істеп жатқандары - 628 мың 455 кҽсіпорын. Осы тұрғыдан келгенде Даму қоры екі жылдың ішінде қаржылық көмек көрсеткен тоғыз мың кәсіпорын - ауыз толтырып айтатындай дүние емес. Даму қорының шағын жҽне орта бизнесті қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктердегі салынған қаржы арқылы 10 мың 894 жұмыс орнын аштық дегенінің өзі дәл осы кезде елдегі шағын және орта бизнес саласында жұмыс істеп жатқан 2 миллион 145 мың 243 адаммен салыстыруға еш келмейді.
Қор 2015 жылдың 1 қаңтарына шаққанда Қазақстанда микрокредит беруді дамыту Бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 6 051,83 млн. теңге болатын 199 жобаны, оның ішінде 2014 жылы жалпы сомасы 1 963,07 млн. теңгеге 100 жобаны қаржыландырды. Осылайша, Қор микрокредит беруді дамыту Бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 6 051,83 млрд. теңге болатын 199 МНҰ қаржыландырды, сонымен Қазақстандағы белсенді жұмыс жасап жүрген барлық МНҰ 40,04% қамтып, МНҰ қаржылай қолдаудың қамтамасыз етілуіне айтарлықтай үлес қосты.
ржылай қолдаудың қамтамасыз етілуіне айтарлықтай үлес қосты. Қазақстан Республикасында микрокредит беру жүйесі 1990-шы жылдардың ортасында пайда болды. Халықаралық жобалар шеңберінде құрылып, кейіннен қоғамдық қор болып қайта құрылған коммерциялық емес ұйымдар бірінші микроқаржы ұйымдары болған. Олар кедейшілікті жеңу және жобалық аймақтардағы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді алдарына міндет етіп, шектеулі аумақта халықтың белгілі бір мақсатты тобына халықаралық донорлар дереккөздерін пайдаланып, микрокредит берумен айналысқан.
Қазақстандағы шағын бизнес субъектілерін несиелеу тәжірибесін зерттей келе бұл тҽжірибелердің озық шетел тҽжірибелерінен алынғандығы анықталып отыр. Қазақстан Республикасының ішкі құрылымдық жҽне географиялық орналасу ерекшеліктері ескеріліп, экономика салаларын несиелеу барысында әрбір салаға тиімді келетін несие түрлері коммерциялық банктермен, несиелік серіктестіктермен және баса да несиелік мекемелермен өздерінің шарттары бойынша ерекшеленіп бүгінгі таңда шағын бизнес субектілерін несиелеуде қолданылуда.
1.2. Казақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу механизмі
Барлық қажетті ресурстарды игеру Қазақстан банктік жүйесінде инвестициялық процесті жандандыру тапсырмасымен шешіледі. Шағын кәсіпкерлік саласын дамыту жаңа тапсырыстар мен жаңа кезең көрсетілімдері Қазақстан экономикасының көтерілуін және тұрақтылық үрдісін анықтай отырып, шағын бизнеске жан-жақты қолдау көрсету практика жүзінде тиімді болып келеді. Мен бұл кезеңнің ерекшелігін шағын бизнесті дамытуда барлық артықшылықтарды іске асыра отырып, Қазақстан экономикасының нарықтық бәсекелестегі негізгі толық құнды болуы, жалпы кәсіпкерлердің ортасын құрудағы соңғы кезде белсенді дамып келеді. Менің ойымша бұл кезеңнің нақты болып жатқан ерекше белгісі, Қазақстан экономикасының нақты секторындағы шағын бизнестің дамуы белсендірек болып тұр. Өндіріс саласында қайта құру құрылымын болжау және өнеркәсіп өндірісіндегі жалпы өсу көрсетілімі шағын бизнестің белсенді дамуына сенеміз. Шағын кәсіпорын үшін халықаралық қаржы ресурстарын тарту біршама қиындық туғызады. Бірнеше уәкілетті банктер арқылы Еуропалық Даму және Қайта құру банкінің бағдарламасымен жеке несиелер белсенді түрде беріледі. Негізінен бұл жеткіліксіз және банк саласындағы шағын кәсіпкерлікті несиелеу толық қанағатты болу мүмкін емес.
Біріншіден, жеке кәсіпкер банктен алған несиенің бір бөлігін қысқа мерзімді артықшылықтарымен көрінсе, онда ол несие қарыз алушы үшін қиындықтарын шешуге жәрдемдеседі, Айналымдағы несиелік қаражат оларға өте қажетті болып келеді, бірақ шағын кәсіпкерлердің ұзақ мерзімді қарыз қаражатын алу мүмкіндігі жоқ болғандықтан олар өмжір сүрумен дшектеліп қалады. Шағын бизнесті несиелеу тәуекелі шартта анықталғандай шағын кәсіпкерліктер банктерден ауқымды емес несие алады. Шағын бизнесті несиелеу салдарынан несиенің көлемі транзакциялық ұсталымдардаң өзінен банк шағын кәсіпкерлікті несиелеуде банк үлкен тәуекелге барады, сондықтан банктер аз несие беріп, шағын кәсіпкерліктің дамуына бөгет болып отыр. Менің ойымша, тәуекелдікке бару проблемасын шешпесек, ол өзінің күшін жоғалтады. Бұл үшін банктік тәуекелді басқарудағы механизмдері мен үрдістері шағын кәсіпкерлікті несиелеуді іске асыру қажет.
Шағын бизнесті несиелік тәуекелдің өзіндік ерекшелігі. Шағын кәсіпкерлік субъектіні несиелеуде банктік операцияның өзіндік ерекшелік мінездеме бойынша анықталады. Мұнда тәуекел көзінің дәстүрлі деңгейі жоғарырақ байқалады, ал шағын бизнестің тәуекелдік аумағының өзіндік ерекшелігі бар.
Біріншіден, Қазақстандық шағын бизнестің өсуі қайта бөлісуімен кемімелі қатынаста болып отыр. Нәтижесінде жағдай қиындап, әлсіз байқалып, Қазақстандық шағын бизнес баламасыз ұстанымында жалпы капиталдан ешқандай бөлімін ала алмайды. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлердің жеке капиталы елдің жалпы капиталының құнының 2%, сондай-ақ өндірістік комерциялық капиталдың активтерінің 3%-ін құрайды.
Менің ойымша, қазіргі кезде шағын бизнестің жеке капиталы негізгі капиталдаң арқасында нарық жағдайында дистимулирюттік әсерімен тұрақсызданып, көбейтіндіні қажет етіп, согдай-ақ шаруашылықтағы шағын кәсіпкерді де, Қазақстан экономикасының нарықтық ортада өмір сүруін және тұрақтылығын қажет етіп отыр. Тәуекелді басқару негізінде рота бизнес және шағын бизнесті несиелеу банктік тәуекелді құрудың негізгі қағидаға сүйенген мағынасы бар фактор болып табылады. Қазақстанның шағын бизнесінің қалыптасуының бастапқы кезеңіне шаруашылық қызметтің көлбецінділігін бизнесті қолдаудың негізгі шарты болады, одан әрі сауда мен дюелдалдықтың арқасында көптеген шағын кәсіпорындарға тиімділігі кезеңдегі тікелей өндірістің кейбір элементтерін ұстап қалу мүмкіншілігі болды. Бірақ заман үнемі өзгереді. Шағын бизнесте ең көп инвестиция құрылыс саласында болуы бекер емес, өйткені құрылыс нарығы ең тұрақты, ал шаруашылық қызметтің бағыттары жетерліктей біртекті. Жабдықтаудың қайталама нарығының дамымағандығы да шағын кәсіпорындардың меншікті негізгі капиталына үлкен салымдар жасаудан максималды түрде ұстап тұрады. Қазақстанның шағын бизнесінің банктік несиелеудегі қалыптасқан тәуекелдермен осы тәуекелдерді басқаруға ауқымды түрде әсер ететін бірден-бір ерекшелігі, шағын бизнестің кәсіпкерлік ортаның қалыптасуына оқшаулануы болып табылады. Бұл оқшаулану шағын бизнестің бұрынғы үлкен кәсіпорындарға нарықтық ортасына кірумен байланысты болды, соңғылары бұл қадамды кейінірек және сәтсіз жасады. Осының нәтижесінде Қазақстанның шағын бизнестің әлемдік тәжірибеде шаруашылықтың шағын формаларының тұрақтылығының кепілі, ал кейбір жағдайларда қажетті несиелік-инвестициялық ресурстардың тікелей кепілі болып табылатын үлкен кәсіпорындардың қорғаусыз дамыды және даму барысында. Алайда, банктік қызмет тәжірибесі көрсеткендей олардың меншіктерінің байланысы бірегей инновациялық және өндірістік технологиялық сатысының төзімді шаруашылық қарым-қатынастардың негізінде емес кенеттен боса, үлкен кәсіпкерліктің шағын кәсіпкерлікке төзімді шаруашылық және сенімді қарыз алушы беделін бере алмайды.
Қазақстанның шағын бизнестегі банктік несиелеудің тәуекелдерінің қалыптасуы және осы тәуекелдерді басқаруына барынша әсер ететін келесі фактор шағын бизнестің шаруашылық ортасын деформализация, яғни нысандырылмау болып табылады. Бұл нысандырылмауды шағын кәсіпкерліктің шаруашылық айналымының нақты және нысанды есепке алынған көлемінің және де нысанды есепке алынған және нақты іс-әрекет етуші шағын кәсіпкерліктің арасындағы айырмашылығынан айқын көреміз. Елімізде кредиторлар тек банктердің мүддесіне ең маңызды институционалды-құқықтық кепілдігі орташа жағдайларда қатысатын кіші кәсіпорындарды жоққа шығаратын екі жақтың мүддесін қамтыған процедуралары мүлдем жоқ. Бірден-бір мемлекеттік тіркеуші, салық салу және статистика органдары елімізде жұмыс істейтінін нақтырақ айта алмайды. Кейбір бағаларға байланысты бұл сандар тіркелген шаруашылық субъектісінің атаулы санының 50%-дік көлемді құрайды. Бұл жағдайда өз қызметін тоқтатушы шағын кәсіпорындардың ресми жабылу тәртібі барлығы 1-2%-те болуын айтуға болады.
Қазақстанның шағын бизнестегі банктік несиелеудің тәуекелдерінің қалыптасуы және осы тәуекелдерді басқаруына барынша әсер ететін келесі фактор шағын кәсіпкерлікиің субъектілерін ішкі ақпаратпен минималды қамтамасыз етуі болып табылатын кәсіпкердің банкке несие жайлы өтініш жасауы туралы ақпарат бере алатын қажетті мамандардың жетіспеуі және бухгалтерлік есеппен есеп берудің ықшамдалған үлгісін қолдану себептері.
Басқару тәуекелінің тәртібі мен мазмұны.Тәуекелді басқару банктің негізгі жұмысының мазмұны шаруашылық субъектілерін несиелеу үрдісі мен жұмысының барлық кезеңін қамти отырып, несиелеудің жаңаруын қарау мен есептемеге дейін несиелік арыздарды басынан бастап қарау болып табылады.Осыған орай, тәуекелді басқару бүкәл несиелеу үрдісінің шектеулі бір бөлігі ғана болып табылады.
Несиелеу үрдісі мынадай кезеңдерден тұрады:
o Несиелеу өтінішінің анализі
o Несиелеу операцияларына тиым салу
o Несиелеу операцияларына бақылау жасау
o Несие тәуекелі және портфелі жағдайы туралы есеп беру
o Банктің өкілдігін несиелеу қызметіне бақылау жасау
o Несиелік операциясының табысты болуын қамтамасыз ету, үмітсіз несиелеудегі басқару
o Жалппы несиелік басқаруға бақылау жасау
o Несиелік операцияларды жүзеге асыру және жетілдіру әдістерін қызметкерлерге үйрету.
Тәуекелдерді басқарудың негізгі маңсаты қайта бөлу кезіндегі тәуекелдерді минималдау, ағымдағы нарықтық коньюктура рұқсат ететін және банктің ұстанымын сақтау, әсіресе нарықтағы қызмет етудегі несиелендіру оның ішінде орта шағын кәсіпорындарда, егер бұл банктіің ұзақ мерзімді несиелеу мақсатындағы стратегиясы және приоритетіне жуап беретін болса.
Тәуекелдікті басқарудың негізгі құрамына мыналар кіреді:
o Бөлінген тәуекел
o Ортаға бейімделген тәуекел
o Материалдармен қамтамасыз етуді қабылдау
o Қаржымен қамтамасыз етуді қабылдау
o Несие бойынша жоғары пайыз мөлшерлемесімен тәуеклді ауыстыру
o Венчурлық несиелендіру тәуекелін қабылдау;
o ссуда бойынша шығын үшін қорларды қалыптастыру.
Бұл тәуекелдерді басқару мынадай жұмыстар бағытын ұсынады:
1. Әрбір клиентке жеке тұрақты мониторинг
2. Салалар жағдайындағы тұрақты мониторинг, мұнда әрбір клиенттің негізгі шаруашылық қызметін кіріктіреді
3. Өзіне тарту және кепілдің нәтижесі
4. Тәуекел үшін өтемін алу.
Банктік несиелендіру тәуекелдерді басқарудың, соның ішінде банктер мен шағын кәсіпкерлік субъектілерімен байланысына нақты мәліметтерді қарастырамыз.
Бірінші кезеңде несиенің сомасымен инвестициялық жобалардың нақты бағасымен байланыстылығы қосу қажетті резервтерді қалыптастыру үшін кеткен шығындар, жобаның орындалу мерзімі мен жобаға кеткен шығындар. Сонымен қатар несие сомасының төмендеуі тәуекелдерді минималдаудың себеп болуы, бұл жобаның толық қаржылындырылмау қаупіне байланысты және аяқталу кезінде тоқтап қалу сияқты тәуекелдердің көбеюі. Бұл айтылғандар несиенің мерзімін таңдауына да байланысты. Несиенің өте ұзақ мерзімі оған деген тәуекелді жоғарылатады, бірақ несие мерзімін жасанды қысқарту қарыз алушыға жағымсыз әсерін тигізеді, оны өте жоғары тәуекелге баруына және шаруашылық шешімдерден қателік жіберуіне итермелейді, нәтижесінде қарыз алушымен банктің жалпы тәуекелдері жоғарылайды.
Тәуекелдерді басқарудың потенциалды маңызды құралдарының бірі. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауы шындығында да көпшілік жағдайда банктер жоғары мөлшерде шағын кәсіпорындарда жіне өздерінің ірі және тұрақты алғашқы қарыз алушыларын несиелендіреді. Бірақ әлемдік тәжірибе көрсеткендей шағын кәсіпорындар мен банктердің байланысы, осы жағдайда тәуекелді басқаруда бұл құрал өнімсіз болып табылады. Егер онда шағын бизнестегі дамыған механизмді мемлекеттің және қатаң банкаралық бәсекедегі өзінің ролін атқарса, онда нақты есебі бойынша қазақстандық несие нарығының көтеріңкі пайыз мөлшерлеме механизімі тәуекелдің өтемді болжанбаған түрі ретінде және онысыз жоғары пайыз мөлшерлемесінен шағын кәсіпкерлікке аздаған несилерді беру шаруашылық сферасымен көпшілік банктердің орташа көлемдегі несиелік қатынасқа түсуі.
1.3 Шағын бизнесті несиелеудегі шетел тәжірибесі
Қазіргі таңда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті дамытуда көптеген шаралар жүргізілуде. Экономикасы дамыған елдердің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік экономиканың дамуына көп әсерін тигізетін факторлардың бірі. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық өсіміне әсер ететін қажетті шарттардың бірі ол қаржылық -- несиелік қамтамасыз ету болып саналады. Шағын кәсіпкерліктің жақсы дәрежеде дамуы, мемлекет тарапынан жүргізілетін несиелік -- қаржылық көмексіз өркендей алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену Қазақстан кәсіпкерлері үшін қажетті бағыт болып есептеледі. АҚШ-та шағын бизнесті несиелендіру шағын бизнесті несиелендіру Әкімшілігі арқылы жүзеге асырылады. Ал, Германияда шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жолдары банк арқылы жүргізіледі. Ұлыбританияның тәжірибелеріне сүйенетін болсақ, қаржылық -- несиелендіру көптеген несиелік мекемелер арқылы іске асырылады. Мысал ретінде, қаржылық өндірістік және сауда кәсіпорындары корпорациялары, әртүрлі клирингтік банктер тағыда басқа қаржылық мекемелер. Франциядағы шағын бизнесті несиелендіру негізінен шағын кәсіпорындарды дамыту банкі арқылы жүргізіледі. Бұл банктің капиталының көп бөлігі активтерді басқару және жартылай депозиттер кассасын иеленетін Франция мемлекеті болып табылады. Банктің негізгі бағыты -- бұл мемлекет тарапынан шағын бизнесті қолдау.
Жапониядағы шағын кәсіпорындарды несиелендіру орталықтары ірі қаржы -- несие орталықтары негізінде іске асырылады. Жапониядағы шағын кәсіпорындарды бір орталыққа бағыттау жүйесіне: орталық үкімет, жергілікті билік органдары, ірі бизнес, шағын бизнестің бірігу мекемелері жатады. Дамыған шағын фирмалардың көлемі 70% дейін жетеді. Сонымен қатар Жапониядағы шағын кәсіпорындарды қаржыландыру бюджеттік қаржыландыру есебінен көрінеді. Жапонияда мемлекет тарапынан орта және шағын кәсіпорындарға ерекше көңіл бөлінген және олар үшін жеке меншік банктерде қаржылық органдары құрылған.
Бастапқылары ретінде негізгі үш үкіметтік институт табылады:
- орталық кооперативтік банк сауда және өндіріс құрылғыларын қаржыландыру мақсатында құрылған (негізінен сауда және өндіріс жобаларын қаржыландырады, банк капиталының 23 бөлігі мемлекеттік жарналардан);
- шағын кәсіпорындарды қаржыландыру мақсатындағы ұлттық корпорация (кепілсіз қамтамасыз етуді қаржыландыруды жүргізеді, бұл корпорация ең кішігірім компанияларды қаржыландыру үшін құрылған);
- мемлекеттік қаржылық корпорациясы (инновационды және тәуекелді жобаларды жүргізетін шағын кәсіпорындар жобаларын қаржыландырады); сауда -- өндіріс палаталарын иемденеді (мемлекет бойынша 500-ден жоғары), бұл корпорация жыл сайын шамамен 500 млрд. иен несие береді.
Экономикасы дамыған елдердегі шағын бизнесті қаржыландыру жүйесі маңызды әрі негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Солардың кейбіреулеріне жеке - жеке тоқталу көзделіп отыр.
АҚШ-тағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау. АҚШ-та шағын бизнес проблемалары екі комитетке бөлінеді: барлық мемлекеттік құрылымдар, бұған: 4-5 мың қызметкерлер кіреді.
Оларға:
- шағын бизнес әкімшілігі -- ведомостволар, шағын және орта кәсіпорындардың проблемаларын шешу;
- шағын бизнес ісі бойынша конгресс комитеті.
Шағын бизнес әкімшілігінің негізгі міндеттемелеріне: шағын кәсіпорындарды қаржылық қолдаумен қамтамасыз ету; басқару бойынша
техникалық және консультативтік қызметтер көрсету. Шағын бизнес әкімшілігі тек қана жеке кәсіпкерлікті дамытуға емес, сонымен қатар әртүрлі топтағы қаржылық институттарға да қолдау көрсетеді. Мемлекеттік кәсіпорындарға қаржылық көмек көрсету тікелей займдар беру келісімдері жүргізіледі. Бұл жағдайлар 80-ші жылдардан бері жүргізіліп келеді. 1958 жылы шағын бизнес инвестициялық компанияларын құру басталды. Қазіргі кезде АҚШ-та 450-ден астам шағын бизнес инвестициялық компаниялары жұмыс жасайды. Қаржылық қолдау көрсету формалары келесілерден тұрады:
- шағын кәсіпорындарға шағын бизнес әкімшілігінің меншіктік бюджетінен үлестік саудалар бекіту;
- несиелер бойынша кепілдер;
- арнайы бағдарламаларды қаржыландыру (экспортты бір жүйеге келтіру, өңдеу және зерттеулер, кадрлар дайындау, нашар дамыған территорияларды дамыту);
- шағын бизнеске инвестициялық компаниялардың капиталдарының қатысуы, өндірістік компаниялардың дамуы және бағалы қағаздардың кепілдігі. Осындай мақсатпен шағын және кішігірім бизнесті дамыту реттеліп отырады.
Жапониядағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау.
Жапония мемлекеті өзінің экономикалық деңгейі бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленеді. Әлемдік әйгілі экономикалық айсберг болып айтылатын шағын және орта кәсіпорындар осында орналасқан. Олардың ішінде 55 %-ті өндіріс өнімдерін шығару, ал 60 %-і өндіріс көлемі болып табылады.Елде 6,5 млн. 6,5 млн. Шағын кәсіаорындар бар (жалпы өнімнің 90 пайызы). Жапониядағы шағын кәсіпорындардың құқықтық жағдайы арнайы заңдар мен жеңілдіктер арқылы жүргізіліп отырады. Үкімет аппаратында шағын бизнес істері бойынша өндірістік және ішкі сауда Министрлігі, құқықтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz