Кәсіпорынның қаржылық экономикалық талдау жүргізетін мамандарға қажетті теориялық білім мен тәжірибиелік дағдылардың жиынтығын беру



Кіріспе.
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.
1.3. Қаржылық жағдайды талдау тәсілдері.
2.1. «Тобыл» әлеуметтік.кәсіпкерлік корпорациясына ұйымдық.құрылымдық сипаттама.
2.2. Қаржы жағдайын талдау.
3бөлім. «Тобыл» әлеуметті.кәсіпкерлік корпорациясының қаржылық көрсеткіштер жүйесін талдау.
3.1.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау.Баланс өтімділігін талдау
Қорытынды
Қазақстан Республикасында халықаралық тәжірибені есептеп отырып, бухгалтерлік есепте, қаржылық-экономикалық талдауда және аудитте реформа жүргізілуде. Олардың маңызды түрлері: қаржылық есеп және қаржылық талдау басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдаланушыларын қажетті анық ақпараттармен қамтамасыз етуі керек.
Талдау – мәнділігі уақыт талабымен бекітілмеген бірден-бір жалпы басқару қызметі. Талдаудың қолдану облыстары көп, олардың бірі – шаруашылық субъектілерінің қаржылық қызметі.
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы өзінше қаржыгер-талдаушы мақсатты бағытталған қызметін көрсетеді, олар, өткен кезеңде орын алған шаруашылық өмірінің фактілерінің негізделуі және факторлық түсінігі, белгілі сипаттама беруді мүмкін ететін факторлар мен алгоритмдер, идентификациялық көрсеткіштерден тұрады.
Қаржылық сипаттағы әрбір шешімді қабылдау алдында оған сәйкес талдаулық есептеулер болады, сондықтан, кәсіпорынның басқару аппаратындағы әрбір қызметкер жақсы талдаушы болуға міндетті. Талдаудың мүмкінділігі негізінен ақпараттық базасына кеңінен қолжетерліктімен түсіндіріледі.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

Қазақстан Республикасында халықаралық тәжірибені есептеп отырып,
бухгалтерлік есепте, қаржылық-экономикалық талдауда және аудитте реформа
жүргізілуде. Олардың маңызды түрлері: қаржылық есеп және қаржылық талдау
басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдаланушыларын қажетті анық
ақпараттармен қамтамасыз етуі керек.

Талдау – мәнділігі уақыт талабымен бекітілмеген бірден-бір жалпы
басқару қызметі. Талдаудың қолдану облыстары көп, олардың бірі – шаруашылық
субъектілерінің қаржылық қызметі.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы өзінше қаржыгер-
талдаушы мақсатты бағытталған қызметін көрсетеді, олар, өткен кезеңде орын
алған шаруашылық өмірінің фактілерінің негізделуі және факторлық түсінігі,
белгілі сипаттама беруді мүмкін ететін факторлар мен алгоритмдер,
идентификациялық көрсеткіштерден тұрады.

Қаржылық сипаттағы әрбір шешімді қабылдау алдында оған сәйкес
талдаулық есептеулер болады, сондықтан, кәсіпорынның басқару аппаратындағы
әрбір қызметкер жақсы талдаушы болуға міндетті. Талдаудың мүмкінділігі
негізінен ақпараттық базасына кеңінен қолжетерліктімен түсіндіріледі.

Нарықтық экономика жағдайында, халықаралық тәжірибеге сәйкес
кәсіпорындар өзінің мүліктік және қаржылық жағдайын жариялауға міндетті,
және де, жарияланатын есептеулер едәуір деңгейде үйлестірілген, оларды
көрсету тәсілі және көрсеткіштерінің құрамы бойынша тұрақты.

Талдаудың мақсаты, тек кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және
құрастыру ғана емес, сонымен қатар әрдайым кәсіпорынның жағдайын жақсарту
жұмыстарын жүргізіп отыру.

Талдаудың нәтижелеріне байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайын,
қызметін жақсартып отырудың негізгі әдістерінің қайсысы қолданылатыны
туралы жауап береді.

Курстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық экономикалық талдау
жүргізетін мамандарға қажетті теориялық білім мен тәжірибиелік дағдылардың
жиынтығын беру.

1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.

Қаржылық талдау: мәні, мазмұны және ролі. Қаржылық менеджер
жұмысындағы талдау. Қаржылық талдаушы жұмысындағы талдау. Кәсіпорындарды
қаржылық талдаудың міндеттері. Кәсіпорындарды қаржылық талдаудың әдістері
және тәсілдері.

Талдаулық процедураны орындау үшін кәсіпорын басқару жүйесін
ақпараттық қамтамасыз ету база ретінде. Қаржылық-шаруашылық қызметі
талдауының тереңдетілген процедурасы. Есеп беруді пайдаланушылар
позициясынан нормативтік актілердің сипаттамасы.

Кәсіпорындардың қаржылық талдауының процедурасы. Талдауды жоспарлау.
Талдаудағы дәлелдеу және әдістерді таңдау. Талдау сұрыптауы. Талдаудағы
айғақтықтың (дәлелдіктің) түрлері.

Кәсіпорын қызметін талдаулық бағалауға эволюциялық ықпал. Қаржылық-
шаруашылық қызметінің комплексті талдауының мазмұны және процедурасы.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық талдауының логикасы және негізгі принциптері.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық-шаруашылық экспресс-талдауы.

Талдау қандай да болмасын құбылыстың зерттелу тәсілін сипаттайтын
категория ретінде ғылымда, сондай-ақ тәжірибелік қызмет саласында да
кеңінен қолданылады.

Қаржылық талдау кәсіпорынның қаржылық механизмін оның оперативті және
инвестициялық қызметі үшін қаржылық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
процесін тану әдісі болып табылады.

Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты – оптималды басқару шешімдерінің
өндірімі үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәнді байланыстары мен
сипаттамасын анықтау.

Бұл мақсатқа кәсіпорынның қаржылық жағдайы, яғни оның кірісі мен
шығысының, активтері мен пассивтерінің құрамындағы өзгерісін, дебиторлармен
және кредиторлармен есеп айырысу туралы объективті немесе дәл бейнесін
беретін негізгі ( неғұрлым ақпараттық) параметрлердің аздаған санын алу
арқылы жетуге болады. Сондай-ақ талдаушыны және басқарушыны (менеджерді)
кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайы сияқты, оның неғұрлым алыс кезеңдегі
немесе жақын болашақтағы жобалары қызықтыруы мүмкін.

Талдау мақсаты аудитор алдымен қойылған нақты басқару міндетінің
түрін қабылдайды. Аналитикалық тапсырма оны жүргізудің ұйымдық, ақпараттық,
техникалық немесе методикалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып талдаудың
мақсатын нақтылайды.

Аналитикалық тапсырманың мысалы бола алады:

- Баланс өтімділігін талдау;

- Қаржылық жағдай мен төлем қабілеттілігін талдау;

- Баланстың статистикалық құрылымы мен динамикасын талдау;

- Пайданы факторлық талдау;

- Шығындар мен өндіріс көлемін, оптимизациялауды талдау;

- Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді талдау және т.б.

Қаржылық талдауды жүргізу кезінде бухгалтерлік есеп, қаржы немесе несие,
экономикалық теория, шаруашылық құқықтық сияқты экономикалық тәртіп
білімі қолданылады.

Қаржылық талдауды жүргізуші аудитор, осы білімдердің негізінде бастапқы
ақпараттардың берілгені бойынша талдау объектілерінің қызметін қайта
құрауы, яғни бухгалтерлердің жұмысын қайталайды, бірақ кері тәртіп бойынша
бухгалтерлік есеп беру формаларыда бастапқы мәліметтерді классификациялау
мен қорытындылаудан бастап шаруашылық операцияларының мәнін түсінгені үшін
анализ міндеті мен имидж мақсатының нәтижесінде бастапқы мәліметтерді
аналитикалық оқу қажет.

Қаржылық есептемесін аналитикалық оқудың негізгі принципі болып талдау
барысында көп мәрте қолданылуға тиісті болатын жалпыдан жекеге өтетін, яғни
дедуктивтік тәсіл табылады.

Осындай талдау барысында шаруашылық фактілер мен оқиғалардың логикасын
және тарихи дәйектілігі қалпына келтіріледі, олардың қызмет нәтижесіне әсер
етуінің күші мен бағыттылығы айқындалады.

Егер де талдаудың басқа да қажетті принциптері орындылық, мәнділік,
салыстырмалылық, анықтық сақталмаса, басқару (менеджер) мақсаты үшін
аналитикалық ақпарат пайдасыз болып қалады.

Орындылық және анықтық – бұл шешім қабылдауда аналитикалық ақпараттардың
пайдалалығын анықтайтын екі негізгі сипаттамасы болып табылады.

Ақпарат тек ұсынылған басқару шешімін растай алса немесе теріске шығарса
ғана орынды болады. Басқаша айтқанда, қаржылық талдау бұл шешімге әсерін
тигізуі қажет. Талдау құндылығы орындылық және анықтылықтың маңызды
аспектісі болып табылатын уақыттылылыққа байланысты. Ақпарат егер де ол
шындық, толықтық және бейтараптылық талаптарына сай келсе ғана дұрыс
болады.

Салыстырмалылық маңыздылығы дәрежесі бойынша орындылық және анықтықпен
бірдей орынға тең .Салыстыру – басқару шешімдерін қабылдағанда аналитикалық
қорытындылардың пайдалылығы дәрежесін көтеру үшін қолданылатын қаржылық
талдаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Таңдаудың баламалығы
басқа кәсіпорындардың берілгенін, жоспардың немесе берілгендердің
болжамдылығын, өткен кезең берілгендерімен салыстыру нәтижесіне тәуелді.

Мәнділік аналитикалық есепшешімдері үшін аналитикалық есептеудің
бағалылығы деңгейін сипаттайды. Мәнділік көптеген факторлардың жиынтығына,
соның ішінде аудитордың талдауды жүргізу
ие болу дәрежесіне де тәуелді болып келеді.

Тәжірибелі талдаушы қосымша аналитикалық тәсілдерді – сыртқы ақпарат,
жанама куәліктерді (мысалы, серіктестер мен кәсіпорынның өзара қатынасы),
өндірістің техникалық дайындығы туралы ақпарат, сараптық ақпарат және тағы
басқалар кең қолданылады.Негізінен қаржылық есеп беруде кәсіпорынның
кадрлары , НИОКР сипаттамасы, маркетингтік шаралар туралы мәлімет
қарастырылмайды, алайда бұл мәліметтер аудиторға аналитикалық есепті шешуде
көмектесер еді. Алайда мәнділіктің басты факторы болып талдаудың ақпарттық
базасы ретінде кәсіпорынның қаржылық есеп беруін егжей -тегжейлі талдау
қабілеттілігі табылады. Мұндай ақпарат ғылыми методикаға негізделген
қаржылық есеп беруге зерттеу жасау нәтижесінде алынуы мүмкін.

Тікелей талдауды жүргізбес бұрын аудитор алдымен оның мақсаты мен
міндетін анықтайды. Одан соң ол талдау бағдарламасын әзірлейді, онда
мыналар анықталады:

- Талдаудың алға қойылған мақсаты мен міндетке қол жеткізудің оптималды
әдістері мен тәсілдері;

- Талдаудың ақпараттық базасы;

- Ерекше ауытқулар анықталуы жағдайында шешім қабылдау кезіндегі
критерийлер.

1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.

Қаржы жағдайын талдаудың мазмұны. Қаржылық талдаудың ақпараттық
базасы.

Қаржылық есеп беру – шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын
талдаудың негізгі көзі. Қаржылық есеп брудің құрамы.

Бухгалтерлік баланс, қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижесі туралы есеп
беру, ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп беру және түсініктеме хат.
Қаржылық есеп беруге қойылатын талаптар. Бухгалтерлік баланстың
экономикалық оқылуы. Бухгалтерлік баланстың баптарының нақтылығын тексеру
тәсілдері. Қаржылық талдаудың халықаралық аспекті.

Кәсіпорын қызметінің қаржылық жағы оның бәсекелестік деңгейінің негізгі
критерийлерінің бірі болып табылады. Қаржылық бағалау базасында қандай да
бір қызметтің инвестициялық тартымдылығы туралы қорытынды жасалады және
кәсіпорыннның несие қабілеттілігі анықталады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің алдына бағалау бойынша және қаржылық
тұрақтылықты жоғарылату шараларын құру туралы тапсырмалар қойылады.

Қаржылық жағдай жалпы алғанда егер де жоспарда қарастырылған болса
қаржылық жоспардың орындалу деңгейіне және меншікті қаражаттарды басқа да
көздердің табысы есебінен толықтыру шараларына, сондай-ақ өндірістік
қорлардың айналымдылығының, әсіресе өндірістік құралдардың айналымдылығының
жылдамдығына негізделген.

Осылайша қаржылық қызметті талдауға негізделген жақсы ұйымдастырылған
қаржылық жоспарлау – қаржылық жағдайдың жақсы болуына кепілдік береді.

Қаржылық жағдай – кәсіпорынның экономикалық қызметінің маңызды
сипаттамасы. Ол кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін, іскерлік
ынтымақтастықтағы оның әлуетін анықтайды.

Тұрақты қаржылық жағдай кәсіпорынның барлық өндірістік-шаруашылық
қызметінің процесінде қалыптасады. Оны сол немесе басқа күнге анықтау
кәсіпорынның есепті кезең ішінде қаржылық ресурстарын қаншалықты дұрыс
басқарғанын білуге болады. Алайда серіктестер мен акционерлерді процесс
емес, нәтиже қызықтырады, яғни ресми есеп беру мәліметтері базасында
анықтауға болатын қаржылық жағдайдың бағаланулары мен көрсеткіштері.

Қазіргі кезде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың көптеген
әдістемелері жасалып, қолданылып келеді, мысалы: Шеремет А.Д., Ковалева
В.В., Донцова А.В., Стоянова Е.С., тағы басқа әдістемелері.

Олардың арасындағы айырмашылық талдау жүргізу шарттарында және
критерийлерінде, әдістерінде, көзқарастарында болып отыр. Қолданылып
отырған әдістеме нарықтық экономика шарттарында қаржылық тұрақтылықты
бағалау және кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқаруды қамтамасыз етуге
арналған.

Кәсіпорындардың қаржылық жағдайының маңызды сипаттамаларының бірі –
оның қызметінің тұрақтылығы.Ол кәсіпорын баланстық құрылымымен, оның
кредиторлар мен инвесторларға тәуелділігі деңгейімен байланысты. Бірақ та
кредиторға тәуелділік деңгейі тек зайымдық және меншікті қаражат көздерінің
қатынасымен бағаланбайды. Бұл өзіне меншікті капиталды, айналым және
айналымнан тыс активтердің құрамын, шығындарының болу немесе болмауын
бағалауды қосатын кең мағыналы түсінік.

Сонымен қатар кәсіпорын қаржылық жағдайы салық органдары үшін де
маңызды – кәсіпорынның уақтылы және толықтай салықтарды өтеуге
қабілеттілігіне байланысты және де кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер
үшін де оған несие берудің мақсатқа сәйкестігін, процент мөлшері, мерзімі
туралы шешімдер қабылдауда басты критерийлердің бірі болып табылады.

Осылайша, кәсіпорынның қаржылық жағдайының көрсеткішінің жақсы
болуына оның эконогмикалық перспективалары, тәуелді серіктестермен сенімді
іскерлі кқатынастары болып келеді.

Сыртқы және ішкі факторлардың жерінен кәсіпорынның қаржылық жағдайы
үнемі өзгеріп отырады, сондықтан кәсіпорындарда да, не нарық қатысушыларын
да кәсіпорын жағдайы туралы дискретті есеп мәліметтері қанағаттандырмайды.
Оларға қаржы жағдайының сапалық сипаттамасын білу қажет, яғни оның уақытқа
сәйкес қаншалықты тұрақты болуы және ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен
оның ұзақ уақыт сақталуы, сонымен қатар осындай қалыпты жағдайды сақтауға
немесе ішкі кризистік және кризис жағдайынан шығу үшін қандай ережелерді
пайдалану қажет.Кәсіпорынға басшылық ету дамуын орташамерзімдік және
стратегиялық мәселелерін шешуде қаржылық тұрақтылықтың бағалау және
өзгеруіне болжам жасауда сәйкес құралдарды қолдану қажет.

Бүгінгі Ресейде кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдаудың
тәжірибелік қолданылатын әдістері нарықтық экономика дамуынан қалып барады.
Бухгалтерлік және статистикалық есеп-қисапқа өзгерістер енгізілгеніне
қарамастан, ол толығымен әлі кәсіпорынның нарық жағдайында қажеттіліктеді
басқаруы сәйкес келмейді, сондай-ақ кәсіпорынның қазіргі есебі қандай да
бір арнайы бөлімді және өзге форманы құрамайды, яғни жеке кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын бағалауға арналған кезінде.Кәсіпорынның қаржылық
талдауы факультативті жүргізіледі, бірақ міндетті болып саналмайды.

Кәсіпорында, бір жағынан, басқару шешімдері және оның нәтижелерін
бағалауда уақытылы және толық ақпаратты қабылдау кезінде қажеттілк
туындайды. Келесі жағынан, кәсіпорын оған өзінің қаржысын салым 1де салған
(немесе салатын)адамдарға сәйкес ақпарат беру керек. Сонымен қатар нарық
жағдайында да мемлекет алдында салықтық аударымдардың дұрыстығы туралы
есеп беру қажеттілігі сақталып келеді.

Қаржылық талдауды пайдаланушылардың классификациясына және олардың
мақсатына байланысты ішкі және сыртқы деп бөлуге болады. Сәйкесінше
қаржылық есептеме де пайдаланушыларға және олардың мақсатына кәсіпорынның
басқару персоналы жатады. Ол әртүрлі өндірістік және қаржылық сипаттағы
шешімдерді қабылдайды.

Мысалы, есеп беру базаларында кәсіпорынның келесі жылға арналған
қаржылық жоспар құрылады, өткізу көлемін жоғарылату немесе төмендету
туралы, сатылатын тауарлардың бағасы, кәсіпорын ресурстарын инвестициялау
бағыттары, кредит тартудың мақсатқа сайлығы немесе т.б. туралы шешім
қабылдайды. Осындай шешімдерді қабылдау үшін толық, уақтылы және нақты
ақпарат қажет екені анық, әйтпесе кәсіпорын үлкен шығынға тап болуы, тіпті
банкрот болуы мүмкін.

Төмендегі мысал 1 кестеде кәсіпорын қызметі туралы ақпарат көздерін
қызығушылығы жайында
сығымдалған бейнесі көрсетілген

1 кесте. Қаржылық есептені қолданушылар.

Ақпаратты Қызығушылықтар Көздер
пайдаланушылар
1 2 3
Кәсіпорын Өндірістік және қаржылық Кәсіпорынның ішкі есеп
менеджерлері қызметтердіңнәтижелілігін берулері; кәсіпорынның
бағалау; басқару және қаржылық есептемесі.
шешімдерді қабылдау.
Салық салу органдары Салық салу Қаржы есеп-қисабы;
салық есеп-қисабы; ішкі
тексерістер
мәліметтері.
Акционерлер Табыстың теңдестігін Қаржы есеп-қисабы
бағалау; салынған
инвестициялардың
тәуекелділік деңгейі;
дивиденттердің төлеу
перспективаларын бағалау.
Кредиторлар Несиелерді өтеу және пайыздыҚаржы есеп-қисабы;
төлеу үшін ресурстардың бар арнайы анықтамалар
болуын анықтау
Жеткізулер Жеткізімдерді төлеу үшін Қаржы есеп-қисабы
қаржының болуын анықтау
Тұтынушылар Кәсіпорынның қаншалықты ұзақҚаржы есеп-қисабы
өз қызметін жүргізетінін
бағалау
Қызметкерлер Кәсіпорыннан төлемақы және Қаржы есеп-қисабы
басқа да қаржылық
жеңілдіктер алу, өзінің
жұмысбастыларының келешегін
анықтау мақсатында кәсіпорын
қызметінің рентабельділігін
және тұрақтылығын бағалау
Статистикалық Статистикалық хабарламалар Статистикалық
органдар есеп-қисабы; Қаржы
есеп-қисабы.

Сонымен қатар қаржы есеп-қисабы кәсіпорын және оның сыртқы ортасы
аумағындағы байланыстырушы буын болып табылады. Нарық жағдайында
кәсіпорынның сыртқы пайдаланушыларға есеп беруді ұсынуының мақсаты болып,
ең алдымен қаржы нарығында қосымша қаржы ресурстарын алуы табылады.
Осылайша кәсіпорынның келешегі қаржы есеп-қисабының ұсынылуына тәуелді.

Қаржы нарығы мен кәсіпорынның арасындағы нәтижелі байланысты
қамтамасыз етуге кәсіпорынның жоғары басқару буынының қаржы менеджерлері
жауапты болады.

Сондықтан да олар үшін қаржы есеп-қисабы сыртқы пайдаланушылардың
қандай ақпарат алатыны және оның қабылданатын шешімге қалай әсер ететінін
білу үшін маңызды болып саналады.

Бірақ та ол қаржы есеп-қисабы көп жағдайда ақпараттардың негізгі көзі
болып табылатын сыртқы пайдаланушыларға қарағанда, менеджерлердің қарауында
кәсіпорын қызметі туралы қосымша ішкі ақпарат жоқ дегенді білдірмейді.
Алайда басқа да шарттарында сыртқы пайдаланушылардың шешімі қаржы
есеп-қисабы көрсету шектелген ның негізінде қабылданатын
болғандықтан, тап осы көрсетілген қаржы менеджерлері көп береді және
ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына қабылданған басқару шешімдерінің
тигізетін әсерін бағалау барысында аяқтаушы нүкте болып табылады. Қаржы
есеп-қисабын сыртқы пайдаланушылардың арасынан 2 топ бөлініп шығады:
кәсіпорын қызметіне қызығушы пайдаланушылар; қызығушылық танытатын
пайдаланушылар.

1 топқа мыналар жатады:

1) Кәсіпорын құралдары үлесінің артуы немесе кемуін анықтау және
кәсіпорын басшылығымен ресурстардың пайдалану нәтижелелігін бағалуы
қажет кәсіпорынның қазіргі және әлеуетті меншік иелері.

2) Есеп беруді, несиені ұсыну және мерзімін ұзартыдың мақсатқа сайлығын
бағалау үшін, несиелеу шарттарын анықтау, несиенің қайтарылу
кепілдігін анықтау, кәсіпорынға клиент ретіндегі сенімділікті бағалау
үшін қолданатын қазіргі және әлуетті кредиторлар.

3) Берілген клиентпен іскерлік байланыстардың сенімділігін анықтаушы
жеткізушілер мен сатып алушылар.

4) Мемлекет, ең алдымен есеп айырысу құжаттарының,салықтар есебінің
құрылуының дұрыстығын тексеретін, саясатты анықтайтын салық органдыры
түрінде.

5) Берілген есеп беруге олардың еңбекақы деңгейі және берілген
кәсіпорындағы қызмет келешегі тұрғысынан ден қоятын, қызығушылық
танытатын кәсіпорын қызметкерлері.

Сыртқы қаржы есеп-қисабын пайдаланушы ІІ топ – бұл есеп беруді
пайдаланушылардың 1 тобының мүддесін қорғау үшін зерттеуі қажет жеке және
заңды тұлғалар. Бұл топқа мыналар жатады:

1) Берілген есеп берудің инвесторлардың мүдесін қорғау мақсатында есеп
және есеп берудің жалпы ережесіне және заңнамаға сәйкестігін тексеруші
аудиторлық қызметтер;

2) Есеп беруді өзінің клиентіне олардың капиталын сол немесе басқа к
орналастырумен қатысты ұсыныс беру мақсатында қолданатын қаржы
мәселелері бойынша кеңесшілер;

3) Бағалы қағаздар нарығы;

4) Фирмаларды тіркеу нарығы және кәсіпорын қызметін тоқтату туралы шешім
қабылдаушы және есеп немесе есеп берудің құрастырылу тәсілдерін
өзгерту қажеттілігін бағалаушы тіркеуші немесе басқа мемлекеттік
органдар;

5) Заң шығарушы органдар;

6) Есеп беруге келісімшарттың орныдалуын бағалау, дивиденттерді төлеу
және табыстарды бөлу кезінде заң шығарушы нормалардысақтау, сондай-ақ
зейнтақымен қамтамасыз ету шарттарын анықтау үшін мұқтаж болатын
заңгерлер;

7) Есеп беруді қаржы есеп- қисабының жалпылама көрсеткішінің есебін,
жекелеген компаниялар мен салалардың қызметін талдау және даму
тенденциясын бағалау, шолуларды дайындау үшін қолданатын баспасөз және
ақпараттық агенттіктер;

8) Есеп беруді салалар бойынша стстистикалық жалпылау үшін және салалар
деңгейі бойынша іскерлік қызмет нәтижесін бағалау және салыстырып
талдау үшін қолданатын сауда-өндірістік ассосиациялар.

9) Қаржылық ақпаратқа еңбектік келісілген шарт туралы еңбекақыға қатысты
өзінің талаптарын анықтау үшін, сондай-ақ берілген кәсіпорынға жататын
саланың даму танденциясын бағалау үшін қызығушылығын танытатын
кәсіподақтар.

Дәстүр бойынша қаржылық жағдайды бағалау 5 негізгі бағыт бойынша
жүргізіледі:

1) Мүліктік жағдай;

2) Өтімділік;

3) Қаржылық тұрақтылық;

4) Іскерлік белсенділік;

5) Рентабельдік.

Қаржылық талдау айтылып кеткендей ішкі, сондай-ақ сыртқы көрсеткіштер
үшін іске асырыла алады. Соның өзінде бағалаушы көрсеткіштер құрамы
қойылған мақсаттарға тәуелділігіне байланысты анықталады.

Сыртқы қолданылушылар мен қаржылық жағдайды бағалау 2 бағыт бойынша
жүргізіледі:

1) Есеп айырысудың бағаланушы коэфициентін нормативті мәндермен
салыстыру;

2) Көрсеткіштердің өзгеру динамикасын талдау.

Қаржылық бағалау көрсеткішінің кейбір нормативтік мәндері ресми
материалдарымен регламенттеледі : №118 Бұйрық, 12.08.94 ж бастап, №31-ші
Кәсіпорын қыржылық жағдайын бағалау және баланстың қанағаттандырыл
құрылымын белгілеу бойынша методикалық жағдай, сондай-ақ европалық
стандарттарды қолданады.

Басқа көрсеткіштердің нормативтік мәндері статистикалық ақпараттар
негізінде эксперттік жолмен белгіленеді.Коэфициенттерді талдау кезінде
коммерциялық мәліметтердің жалпы әлеуметтік тәжірибе негізінде алынған
орташа бағдар екенін ескеру қажет.

Шаруашылық жүргізудің ресейлік шарттарының жалпы әлемдіктен айырмашылығы
бар, сондықтан да нормативтік мәндер үшін берік шаруашылық жағдайдың дәлме-
дәл индекаторлары болып табыла бермейді. Сондай-ақ әртүрлі кәсіпорынның
шаруашылық жүргізу шарттарының бір-бірімен айтарлықтай айырмашылықтары бар.

Осылайша, қаржылық жағдайды бағалауға қолданылып отырған тәсіл басқару
шешімдерін қабылдау үшін анық ақпаратты бермейді. Оны сыртқы
пайдаланушылармен экспресс-талдау жүргізу үшін қолдануға болады.

Бағалау жүргізу барысында бұрмалаушылықтар,1-ден бағалаудың нормативтік
бағаланушыларының ресейлік шарттарға жеткілікті дәрежеде бейімделмеуіне,2-
ден,бағаланушы көрсеткіштерді есептеу кезінде методикалық бірліктің
болмауына байланысты.

Сыртқы пайдаланушылар үшін бағаланушы көрсеткіштерді (қаржылық
тұрақтылықты талдау кезінде) қолданушы жүргізілетін неғұрлым терңірек
талдау жасалу қажет.

Осылайша, қаржылық тұрақтылық нарықтың экономика жағдайындағы
кәсіпорынның қаржы –экономикалық қызметінің маңызды сипаттамасы болып
табылады. Егер кәсіпорын қаржылай тұрақты болса, онда ол мамандандырылған
кадрларды және жеткізушілерді таңдауда, несиелерді алуда, инвестицияларды
тартуда басқа да кәсіпорын алдында артықшылыққа ие болып қалады.

Сондай-ақ ол мемлекетпен және қоғаммен келіспеушілікке бармайды, себебі
ол бюджетке салықты,қызметкерлер мен жұмысшыларға еңбекақыны,
акционерлердегі дивиденттер уақытылы төлейді, ал банктерге несиенің
қайтарылуы мен олар бойынша пайызбен төленуіне кепілдік береді.

Кәсіпорын тұрақтылығы неғұрлым жоғары болған сайын, ол нарық
коньюктураларының ойламаған өзгерісіне тәуелсіз болады, сәйкесінше
банкроттық шегінде болу тәуекелдігі төмен болады.

1.3. Қаржылық жағдайды талдау тәсілдері.

Қаржылық талдауды жүргізу кезінде келесі қаржылық есеп беруді зерттеудің
негізгі тәсілдері қолданылады:

Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен
салыстыру.

Тікелей (құрылымдық) талдау – есеп берудің әрбір позициясының жалпы
нәтижеге тигізетін әсерінанықтау, яғни қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – кәсіпорынның есеп беруініңжиынтық
көрсеткішін бәсекелестердің ұқсаскөрсеткіштерімен салыстыру, сондай-ақ
кәсіпорын салаларын шаруашылық аралық талдау, кәсіпорынның құрылымдық
бөлімшелерін ішкі шаруашылық талдау.

Трендтік талдау – барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жеке
деңгейінен бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге
негізделеді.Трендтің көмегімен болашақ кезеңдегі көрсеткіштердің мүмкін
болатын мәні болжанады, сәйкесінше перспективалық талдау жасалады.

Факторлық талдау – бұл зерттеудің детермендік және реттелген тәсілдерінің
көмегімен жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін
талдау. Факторлық талдау тікелей (анализ), болуы мүмкін, онда қорытынды
көрсеткіш құрамды элементтерге бөлінеді немесе кері (синтез), онда
жекелеген элементтерқорытынды көрсеткіш ретінде құрылады.

Көрсеткіштерді (коэфициенттерді) салыстырмалы талдау –
көрсеткіштердіңөзара қатынасын анықтау мақсатында қаржылық есеп берудің
әрбір жекелеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік шығындар нақты шығындар
Айқын шығындардың түрлері
Құрылыс инвестициялардың тиімділігі
Құзыреттіліктерді дамытудағы жоба технологиясының мәні
Консалтинг – қазіргі нарықты экономикадағы жұмыс істеудің мәні мен қажеттілігі
Дуальды оқыту үдерісін жоспарлау
Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі
Аудиторлық тексеруді жоспарлау кезеңдері
Аудиторлық қызметті басқарудың парадигмалары
Аграрлық жоғары оқу орындарына сапа менеджмент жүйесін енгізу негізінде ауыл шаруашылығын білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді жетілдіру
Пәндер