Қазақстан Республикасының мемлекеттік қажыларын басқару



КІРІСПЕ ... .

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ..
1.1 Мемлекеттік қаржылардың экономикалық мәні
1.2 Мемлекеттік қаржылардың құрамы мен құрылымы және қаржы жүйесіндегі орны...
1.3 Мемлекеттік қаржылардың шет елдік тәжірибесі ..
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЖЫЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ...
2.1 Мемлекеттік бюджеттің құрылымы және орындалуын талдау ... ... ...
2.2 Ұлттық қордың түсімдерін талдау .
2.3 ҚР мемлекеттік қарыздарының орындалуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... .

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл — ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
1. «конституция республики казахстан от 30.08.2011г. С изменениями и
Дополнениями от 7.10.2012г.
2. гражданский кодекс республики казахстан (общая и особенная части). –
Алматы: юрист, 2012. – 329с.
3. стратегия развития казахстана до 2050 года
4. основные направления внутренней и внешней политики (на
Соответствующий год). Ежегодные послания президента н.назарбаева рк
Народу казахстана
5. стратегия индустриально-инновационного развития республики
Казахстан до 2030г.
6. об утверждении концепции индустриально-инновационного развития
Республики казахстан на 2015-2019 годы. - постановление правительства рк
От 31.12.2013г. - № 1497
7. дорожная карта развития казахстана до 2020г.
8. о концепции по внедрению системы государственного планирования,
Ориентированного на результаты.
9. постановление правительства рк от 16.07.2012г. №599 «о методике
Расчетов трансфертов общего характера».
10. постановление правительства рк от 29.08.20013г. №754 «о
Среднесрочной фискальной политике правительства рк на 2008-2010 годы» (с
Изменениями и дополнениями по состоянию на 16.05.2008г.)
11. закон рк от 03.12.2013г. №149-v зрк «об объемах трансфертов общего
Характера между республиканским и областными бюджетами, бюджетами
Города республиканского значения, столицы на 2014-2016 годы»
12. закон рк от 29.11.2013г. №147-v зрк «о гарантированном трансферте
Из национального фонда республики казахстан на 2014-2016 годы»
13. закон рк от 30.11.2010г. №359-iv зрк «об объемах трансфертов
Общего характера между республиканским и областными бюджетами,
Бюджетами города республиканского значения, столицы на 2011-2013 годы»
14. отчет счетного комитета об исполнении республиканского бюджета
(заключение к отчету правительства).
15. концепция развития финансового сектора республики казахстан до
2030 года, утверждена постановлением правительства рк от 29.08.2014г. №954
16. постановление правительства рк от 5.12.2013г. №1164 об утверждении
Меморандума об основных принципах деятельности ао «фонд национального
Благосостояния «самрук-казына»
17. закон рк от 01.03.2011 n413-iv 3pk «о государственном имуществе»
18. указ президента рк «о стратегическом плане развития рк до 2020
Года» от 1.02.2010г. №922
19. бюджетный кодекс рк от 24.04.2014г. (с изм. От 24.10.2010г. № 95-iv)

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... .. 5
1.1 Мемлекеттік қаржылардың экономикалық мәні 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
1.2 Мемлекеттік қаржылардың құрамы мен құрылымы және қаржы жүйесіндегі
орны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Мемлекеттік қаржылардың шет елдік тәжірибесі 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЖЫЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ
САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.1 Мемлекеттік бюджеттің құрылымы және орындалуын талдау ... ... ... 22
2.2 Ұлттық қордың түсімдерін талдау 25
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2.3 ҚР мемлекеттік қарыздарының орындалуын 27
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... .

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 32

КІРІСПЕ

Мемлекет  экономикасында қаржы жүйесінің  атқаратын қызметтері өте
маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың
жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар
жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, 
пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға жұмсалады.
Президенттің  Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің
кең ауқымды  мақсаты – тәуелсіз гүлденген  және саяси тұрақты Қазақстанды 
орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды  жүзеге асыру керек: ұлттық
қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік
инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының
денсаулығы, білімі мен әл — ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен
байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен
орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді.
Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-
бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын
қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару;
қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-
қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден
басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы
өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда,
өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар
әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен
қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық
қызметті атқаруға жұмсалады.
Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы материалдық және
материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі
бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.
Экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес бұл қаржылар ұлттық шаруашылықты
одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және
пайдалану үшін қолданылады.  Ал халықтың қаржысы шаруашылық, еңбек
қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының проценті және тағы
басқалар) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған
қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде
ақшалай қаражатты құрайды. Бұл құрылымдардың қызметі экономикалық
қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте
құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

1 мемлекеттік қаржылардың теориялық аспектілері

1.1 мемлекеттік қаржылардың экономикалық мәні

Қаржы термині латынның fіnіs - істің соңы, бір нәрсенің өтеу
Мерзімі, таластың аяғы деген мағына беретін сөзінен шыққан. Бұл сөзге
латынның finіге - аяқтау, тартысты шешу (әдетте қаржылай) мағынасын
білдіретін етістігі қосылады. Ортағасырлық латын тілінде finansіо және
finanсіа сөздері пайда болды, олар қолма-қол ақша, кіріс, міндетті
ақшалай төлем деген мағынаны білдіретін[5].
Германияда finans сөзі XVI және XVII ғасырларда жағымсыз сипатқа
ие болды және парақорлық, айлақорлық, алдау, зұлымдық дегенді білтіретін.
Мемлекеттік шаруашылық, мемлекеттің ірістері мен шығыстары дегенді
Білдіретін болды.
XIX ғасырдың аяғында қаржы терминімен тек ақшалай қаражаттар ғана
емес, сонымен қоса қазына түсінігіне ие мемлекетке тиесілі материалдық
құндылықтар да аталатын болды, бірақ уақыт өте келе қаржы тек
ақшалайкатегория ретінде қарастырыла бастады.қаржы категориясын
материалдық мағынасында және ақшатүсінігімен байланысы тұрғысында
қарастырғанда бұл категорияның үш мағынасын бөліп қарастыруға болады.
Кең мағынада қаржы түсінігі ақша түсінігіне синоним ретінде
қолданылады. Дағдылы сөйлесу кезінде де біз осылай қабылдаймыз: қаржы деп
айтамыз – ақша деп түсінеміз. Мысалы, бір адам оның қаржылық жағдайы
қиын деп айтса, онда оның ақшалай қиындықтары бар екенін түсінеміз. Кейбір
экономисттер осындай түсініктерді қолданады[9].
Сондықтан қаржы түсінігін азаматтардың қаржысы, заңды тұлғалар қаржысы,
мемлекеттік аумақтық құрылымдардың қаржылары және жалпы мемлекет қаржысы,
яғни мемлекеттегі айналыстағы барлық ақша массасы деп бөлуге болады.
Көптеген экономисттер көзқарасы тұрғысынан қарағанда қайта өндіріс
процесінің төрт кезеңінің ішінде (өндіріс, тарату, айырбас және тұтыну)
қаржылық қатынастар тек бөліп тарату сатысында ғана орын алады. Осылайша,
барлық ақшалай қатынастар қаржылық болып табылмайды (тіпті жеке қаржы
сияқты қаржының бар екендігін мойындағанның өзінде)[2].
Оларға қоғамдық қайта өндірістің айырбас және тұтыну саласында орын
алатын қатынастары жатпайды. Олардың қатарына кәсіпорындар мен ұйымдар
арасында орын алатын, меншік формасына қарамастан а-т және т-а, яғни сауда-
саттық қатынастарын қалыптастыратын байланыстар жатады.
Мемлекеттік қаржы – экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы, мемлекеттік
органдарды қамтамасыз етуге және мемлекетке тән қызметтерді атқаруға
қажетті ақша қорларының құрылу және қайта бөліну жүйесі.
Мемлекеттік қаржы – белгілі-бір формада мемлекет қатысушысы болып
табылатын ақшалай қатынастар ұйымының йормасы, сонымен қатар – мемлекетке,
оның мүшелерінің және оған сәйкес келетін функцияларын орындау үшін қажет
экономикалық қатынастардың жиынтығы, ақша қорларын құру және бөліп тарату
жүйесі. - орталықтандырылған (көпшілік) қаржыларға жататын қаржылық жүйенің
бір бөлігін құрайды.
Мемлекеттік қаржының негізгі мәні – мемлекеттің функцияларын іске
асыруға қажетті қаржы көздерін құруды және қолдануды қамтамасыз ету..
Мемлекеттік қаржының функциялары: қайта бөлу, реттеушілікжәне бақылау[10].
мемлекеттік қаржы санатына келесідей экономикалық санаттаржатады:
- мемлекеттік несие;
- салық жүйесі;
- бюджетке және бюджеттен тыс қорларға түсетін салықтық емес түсімдер;
- бюджеттік жүйе;
- ақша қаражаты қорларын құруға және қолдануға қажетті қаржы түсінігі
Мемлекеттік қаржыны басқаруды мемлекеттік билік органдары жүзеге
асырады: заңнамалық және атқарушы (президент, үкімет, ұлттық банк, қаржы
министрлігі және т.б.).
Қаржы:
- ЖІӨ ҰТ бөлу және қайта бөлудің экономикалық құралы.
-Ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты мемлекет, кәсіпорындар,
салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасындағы экономикалық қатынастар
жиынтығы[4].
Мемлекеттік қаржы орталықтандырылған (жалпы) қаржы бөлігінежататын
қаржы жүйесінің бір бөлімін құрайды.мемлекеттік қаржының негізгі мақсаты –
мемлекеттің функцияларынорындауға қажетті қаржы ресурстарының құрылу
көздерін және қолданылуынқамтамасыз ету.
ҚР мемлекеттік қаржысына келесідей функциялар тән: бөліп таратушылық,
яғни ақша қаражаттарының мемлекет қолындa жинақталуы және ары қарай жалпы
мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында олардың қолданылуы
жүргізіледі. Қайта бөлу функциясы орталықтандырылған қорлар жүйесі арқылы
іске асырылады және оның нәтижесі болып келесілер болып табылады:
- қайтарымдылығы жоғары салалар табыстарының қайтарымдылығы төмен
салаларға бөлінуі (мысалы, өнеркәсіптен ауыл шаруашылығына);
- өндірістік емес сала ұйымдарын бюджет есебінен қамтамасыз ету;
- тұрғылықты халық арасындағы әртүрлі әлеуметтік топтар арасында
табыстарды қайта бөлу;
- әртүрлі аймақтық туындамалар арасында табыстарды қайта бөлу.
Реттеу функциясы бюджеттік қордың құрылуы және қолданылуымен
байланысты. Бюджеттік қор салықтар, қарыздар, мемлекеттік меншіктен түсетін
кіріс есебінен құрылады[9].
Салық арқылы мемлекет экономикалық белсенділікті тежей немесе керісінше
қосымша серпін бере алады. Бюджеттік қорды қолдану мақсатты шығыстар арқылы
жүзеге асырылады. Мемлекет, жалпы шаруашылыққа ие субъект ретінде,
өндірістік процестің барлық қатысушыларының экономикалық мүдделерін ескере
отырып бюджеттік қаражаттарды мемлекеттің әртүрлі қызмет салалары және
қоғамдық шаруашылық салалары бойынша бөледі.
Осылайша, мемлекеттің көзқарасы бойынша ең қажетті деген шаруашылық
қызметі арналарына қаржылық құралдардың шоғырлануы жүзеге асырылады.
Бюджеттік шығындарды жүзеге асыра отырып мемлекет қоғамдық шаруашылықтың
құрылымын өзгертуге, шаруашылық нәтижелеріне ықпал етуге, әлеуметтік
түрлендірулер жүргізуге мүмкіндік алады. Бюджеттік қорды ғтп жылдамдату
үшін қолдана отырып, дәл осы бюджеттік қор ел экономикасына жағымды ықпал
ете алады[15].
Мемлекеттік қаржының бақылау функциясын кең мағынада және де тар
мағынада қарастырған жөн. Тар мағынада бақылау функциясы келесі бағыттар
бойынша іске асырылады:
- орталықтандырылған қорларға қаражаттарды аудару уақыттылығы және
дұрыстығын бақылау;
- өндірістік және әлеуметтік даму қажеттіліктерін есепке ала отырып
ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорларға берілген параметрлердің
сақталуын бақылау;
- қаржы ресурстарының мақсатты және тиімді қолданылуын бақылау.
Мемлекеттік қаржының бақылау функциясы негізінде мемлекеттің ақша қаражаты
қорын құру және қолдану арқылы экономиканың құрылымдық буындарында өтетін
экономикалық процестердің айқындалуы жүзеге асырылатыны жатыр. Соның
арқасында бюджет мемлекет қарамағына әртүрлі шаруашлық субъектілерінен
ресурстардың қалай түсетіні туралы, мемлекеттің орталықтандырылған
ресурстары оның қажеттіліктер көлеміне сәйкестігі туралы белгі бере
алады.
Кең мағынада бақылау функциясы мемлекеттің қаржы саясаты нәтижелерін
қойылған мақсаттар мен орнатылған критерийлермен салыстыруды білдіреді.
Осылайша, бұл жағдайда қаржы саласындағы өзгерістерді айқындау және соған
сәйкес өзгертулер енгізуді негізге алатын ұзақ мерзімді қаржылық саясаттың
іске асырылуы туралы айтуға болады.
Қаржыны кең және тар мағынасында қарастырғанда олардың жеке және
мемлекеттік болып бөлінуінде, аталған қорытынды толықтай негізделген деп
айтуға болады[19].
Материалдық тұрғыда мемлекеттік қаржы мемлекет иелігіндегі ақша
қаражатының жиынтығы болып табылады. Сонымен қоса айтатын болсақ ақша және
де қаржы нақты ақша (қолма-қол ақша) және қолма-қолсыз формада бола алады.
Бірінші жағдайда олар құндық белгілері көрсетілген белгілі-бір қағаз ақша
немесе монеталық түрде болса, екінші жағдайда олар белгілі-бір шоттардағы
жазбалар түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік және жеке қаржы арасындағы айырмашылық келесіде: - мемлекет
салық салу жүйесі арқылы өз табысын міндетті түрде түсіре алады (сонымен
қоса мемлекеттің өзіне деген мәжбүрлік сипат жоқ, жеке тұлғаларға келетін
болсақ, бұл жерде жағдай мүлдем басқа: олар өз табыстарын мәжбүрлі түрде
қамтамасыз ете алмайды, сондықтан өз міндеттемелерін орындай алмауы әбден
мүмкін);
- мемлекеттік қаржы қаржы жүйесімен байланысты, ал ол өз кезегінде
мемлекетпен басқарылады, ал өз қаражаттарын басқаратын жеке меншік иелері
ақша жүйесіне ықпал ете алмайды; , ал мемлекеттік қаржы, керісінше – бұл
барлық қоғамның қызығушылығын іске асыруға арналған қаражаттар;
- жеке тұлғалар басқаратын жеке қаржыларға қарағанда, мемлекеттік
қаржының көлемі үлкен болып табылады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржыны ақша қорларын құру,
бөлу және қолдану бойынша қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде таниды.
Бюджеттік қорды қолдану мақсатты шығыстар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекет, жалпы шаруашылыққа ие субъект ретінде, өндірістік процестің
барлық қатысушыларының экономикалық мүдделерін ескере отырып бюджеттік
қаражаттарды мемлекеттің әртүрлі қызмет салалары және қоғамдық шаруашылық
салалары бойынша бөледі[3].
Осылайша, мемлекеттің көзқарасы бойынша ең қажетті деген шаруашылық
қызметі арналарына қаржылық құралдардың шоғырлануы жүзеге асырылады.

1.2 мемлекеттік қаржылардың құрамы мен құрылымы және қаржы жүйесіндегі
орны

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, əлеуметтік, саяси
функцияларын орындау үшін оны қажетті ақшалай ресурстармен қамтамасыз
ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады жəне олар
экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік
сектордың өндірістік жəне əлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен
байланысты. Мемлекет қаржысы үшін көп дəрежеде бөлгіштік тұжырымдаманың іс-
əрекеті қолайлы, сондықтан ол бөлгіштік жəне бақылау функцияларын
орындайды. Сонымен бірге экономиканың мемлекеттік секторында нақтылы
өндіріспен байланысты (мемлекеттік кəсіпорындар, ұлттық холдингтер мен
компаниялар) қаржылық қатынастар əрекеті жағдайларында мемлекет қаржысының
.ұдайыөндірістік функциясы іс-əрекет етеді[3].
Жалпы кеңейтілген түсінікте бұл буын қоғамдық ұдайы өндіріске оның
адамның өсіп-өнуіне, оның материалдық,əлеуметтік, табиғи жəне моралдық
игіліктеріне жəрдемдесу бөлігіне жұмыс істейді. Бұл мағынада қаржыда ұдайы
өндірістік функцияның ғаламдық əрекеті жəне жарым-жартылай бөлгіштік туралы
айтуға болады. Мемлекеттің қаржысы республикалық жəне жергілікті
деңгейлерде іс-əрекет етеді жəне мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс
қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік жəне муниципалдық кəсіпорындар
мен ұйымдардың қаржыларын кіріктіреді. Аталған буындардың түрлі функциялық
арналымының арқасында мемлекет экономикалық, əлеуметтік, саяси үдерістердің
үлкен спектріне, салалық жəне аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді.
Экономикалық жəне əлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне
қарай мемлекеттің қаржысы жалпы мемлекеттік (республикалық) жəне жергілікті
(муниципалдық)қаржылар болып бөлінеді. Егер қаржылық қатынастарды
топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен əлеуметтік үдерістерге
басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, онда ҚР мемлекет қаржысының
құрылымын шамамен мынадай түрде көрсетуге болады:ҚР мемлкеттік қаржысы:
1)республикалық қаржы (бюджет және бюджеттен тыс қорлар кіреді);
2)Жергілікті қаржы (мемлекеттік кредит және кәсіпорындардың қаржысы
кіреді).мемлекет қаржысының құрамында республикалық жəне жергілікті
деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар маңызды рөл атқарады.
Бюджеттік өзара байланыстар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың
қарамағына қаржылық əдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едəуір бөлігі
жұмылдырылады. Түрлі деңгейдің бюджеттері – республикалық, жергілікті
бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық жəне жергілікті
органдары үшін тірліктің қаржы базасы болып табылады[15].
ҚР аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық (орталық)
бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік мақсатты кешенді
бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды орындауға,
сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты
мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналған[14].
Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын
беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе эко-номикалық үдерістерді реттеу
үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті
кəсіпорындар шығаратын өнімінің бəсекелестік қабілетін арттыруға,аумақтық
инфрақұрылымды жасауға, еңбек ресурстарының ұдайы өсуі жөніндегі шығындарды
қаржыландыруға жəрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер əлеуметтік
бағдарламаларды жүзеге асыруда зор рөл атқарады.
Бюджеттен тыс қорлардың арналымы – арнаулы мақсатты аударымдар мен
басқа көздер есебінен жеке нысаналы шараларды қаржыландыру. Бюджеттерде
қаражаттар иесізденеді, ал бюджеттен тыс қорлардың құқықтық мəртебесі
қаражаттарды қатаң мақсатты арналым бойынша пайдалануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қаржы – экономиканы реттеуге, азаматтардың әлеуметтік
қажеттіліктерін, қорғаныс және мемлекеттік басқару мұқтаждарын
қанағаттандыруға, мемлекеттік борышты өтеуге, т.б. Арналған мемлекеттік
ақша қорларын құрау мен пайдалануға байланысты құндық бөлу үдерісінде
туындайтын ақша қатынасы. Елдің қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып
табылады.
Мемлекеттік қаржы экономикада мазмұнына қарай әртекті болып келеді,
онда мемлекеттік бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік
несие, мемлекеттік және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындардың қаржысы
қамтылады. Мемлекеттік қаржыныңаталған буындарының сан алуан атқарымдық
мақсатына орай мемлекет қоғамда болып жатқан экономикалық және әлеуметтік
үдерістерге түрліше ықпал етеді, салалық және аумақтық мәселелердің қолайлы
шешімін табады[3].
Мемлекеттік қаржыда мемлекеттік бюджет аса маңызды рөл атқарады. Оның
көмегімен қаржы ресурстары мемлекет қорына жұмылдырылады. Солардың есебінен
мемлекеттікмақсатты бағдарламалар қаржыландырылады, экономиканы
тұрақтандыру, әлеуметтік саланы қаржыландыру, халықар. Және ішкі
мемлекеттікміндеттемелерді орындау, елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз
ету, қарулы күштерді ұстау, мемлекеттікбасқару шаралары жүргізіледі.
Бюджеттен тыс мемлекеттік қорларды, мемлекеттік билік органдары басқарады.
Оларға азаматтардың конституциялық құқықтарын (олардың тегін медициналық
көмек алу, денсаулығын қорғау, сырқаттығына, мүгедектігіне байланысты,
жұмыссыз қалғанда, асыраушысынан айрылғанда, перзент туғанда және
тәрбиелегенде, т.б. Жағдайларда әлеуметтік қамсыздандырылу құқығын) іске
асыру үшін құралатын әлеуметтік мақсаттағы бюджеттен тыс мемлекеттік
қорлар, (инновациялық, экологиялық, аймақтық даму қорлары, т.б.) Жатады.
Мемлекеттік несие заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражатын
жұмылдыруға мүмкіндік береді, бұл қаражат бюджеттік кіріспен қамтамасыз
етілмеген шығыстарды қаржыландыру үшін республиккалық және жергілікті билік
органдарының қарамағына ақылы және қайтарылатын негізде түседі және бюджет
тапшылығын жабуға мүмкіндік береді, ақша айналысы саласында туған
қиыншылықты бәсеңдетеді.
Мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс мемлекеттік қаржының атқарымдық
нысаны болып табылады. Мемлекеттік кіріс қаржы қатынастарының қаржы
ресурстары мемлекеттік билік органдарының қолына жиналып, мемлекеттік
кәсіпорындардың қарамағына берілетін бөлігі болып табылады. Қаржы
ресурстарын бір орталыққа жұмылдыру мемлекеттің бірыңғай қаржы саясатын
жүргізуіне, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуына,
экономиканың жалпы тиімділігін арттыру мақсатымен оны реттеу мүддесі үшін
қаражатты қайта бөлуіне, белгіленген әлеуметтік стандарттар шегінде
азаматтардың әлеуметтік қажеттерінің қанағаттандырылу деңгейін теңестіруіне
мүмкіндік береді. Мемлекеттік кірістің басты көзі – ұлттық табыс. Бірақ
төтенше жағдайлар мен .Басталған кезеңде мемлекеттік кірістің құралу көзі
ретінде бұрыннан жинақталып келе жатқан ұлттық байлық іске қосылады.
Мемлекеттік кірістің құралуында салықтар басты орын алады. Сонымен қатар
мемлекеттік меншікті пайдаланудан (дивиденд), мемлекеттік мүлікті сатудан
(жалға беруден) түсетін түсімдер де мемлекеттік қаржы бірте-бірте көбейте
береді[1].

1.3 мемлекеттік қаржылардың шет елдік тәжірибесі

Францияның мемлекеттік қаржысының құрылымы
Франция – өнеркәсiбі жоғары дамыған елдің бірі болып табылады. Ғылыми
–техникалық прогресс бағыттардың қатары бойынша және өнеркәсiптiк өндiрiс
әлеміндегi алдынғы позицияларында орналасады. Францияда жұө-ң мөлшері (1520
млрд евро) Ақш, Германия, Ұлыбритания, Жапония және қытайдан кейiнгі
әлемдегi 6-шы орын алады. Франция сыртқы сауда операцияларының көлемi
бойынша дүниежүзілiк жетекшiлер санына кiредi және дүниежүзілiк
инвестициялық қызметтегi бастаушы позицияларын сақтайды.
Мемлекеттiк құрылым: республика. Парламент 2 палаталардан тұрады:
ұлттық жиналыс және сенат.
Ақша бірлігі: евро.
Әлеуметтiк-экономикалық Франция сипаттамасы келесі кестеде 10
көрсетілген.

Кесте 10 - Франция экономикасының дамуының негiзгi көрсеткiштерiнiң
динамикасы, %

Көрсеткіш 2014ж. 2016ж.
2015ж.
ЖҰӨ 0,6 2,2 2,5
Тұрғынның тұтынуы 1,7 2,1 2,0
Кәсiпорындардың инвестициялары -1,6 2,8 2,5
Жеке тұлғалардың инвестициялары 0,8 3,4 2,6
Импорт 0,2 7,6 4,6
Экспорт -2,6 3,1 4,0
Жұмыссыздық деңгейі 9,7 9,8 9,7
Халықтардың жинақ ақшалардың нормасы 15,8 15,4 15,4
Инфляция 2,1 2,1 1,6
Бюджет тапшылығы -4,1 -3,6 -2,9

Францияның қаржы жүйесi 3 буынан тұрады:
- бюджеттiк жүйе;
- арнайы қорлар;
- мемлекеттiк сектордың қаржысы.
Франция бiртұтас мемлекет болғандықтан, оның бюджеттiк жүйесi 2
деңгейден тұрады: орталық үкiметтiң бюджеті және коммуналардың бюджеттерi,
ол жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың төменгi жақ буыны болып табылады.
Францияның әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнуi 26 өлкелермен көрсетілген, 100
департамент, және 36 мың коммуналар. Унитарлы мемлекетте мұндай әкiмшiлiк-
аумақтық жүйе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының тікелей құрамында
болады, және оның иерархиясын анықтай алады. Өлкелер, департаменттер және
коммуналардың өзінің бюджеттерi болады[19].
Францияның бюджеттiк жүйе елдердің ортадан жоғарғы қарай салық
автономиясына жатады (мысалы Ұлыбританияда ортадан төменгі қарай). Орташа
дамыған елдердiң арасында бұл жергiлiктi бюджеттердiң үлкен дербестiгін
бiлдiредi. Сонымен қатар, жергiлiктi бюджеттердiң дербестiк деңгейi жоғары
емес, бұл бiртұтас мемлекеттер үшiн тән. Францияның жергiлiктi бюджеттері
өзінің 40% табысын үкiметтің орталықтандырылған бюджеттерінен алады.
Францияның мемлекеттiк бюджетi - қаржы жүйесiнiң негiзгi буыны, оның
үлесіне мемлекеттiң барлық қаржы ресурстарының жартысына дәл келедi.
Мемлекеттiк бюджетті заң шығарушы өкiметпен бекiтiлмейдi, ол ортақ бюджетті
біріктіріп, көмекшi құжат сияқты жыл сайын құрылады. Орталық үкiметтiң
бюджеттері кіріс пен шығыс деп 2 бөлiкке жiктеледi:
Кесiмдi сипаттағы операциясы (қаржыландырудың қайтарымдылығы),
ағымдағы, азаматтық және әскери шығыстарға бөлініп 90% құрайды;
Уақытша сипаттағы операция (несиелік операциялар) - 10%.
Францияның қаржы жүйесiнiң екiншi буыны арнайы қорлар болып табылады,
ол жиынтық ақшалай қор болады, мемлекеттік немесе жергiлiктi органдардың
билігінде тағайындауда болып және ұйғарымда мақсаттық мәнге ие. Оларға
жататындар:
Қаржы мекемесiнiң арнайы есептерi мемлекеттiк ұйымдарға ашылады, (заңды
тұлғаның құқықтарын және қаржы автономиясы қолданылмайтын ұйымдарға);
Қосылған бюджеттерге келесі ұйымдар ие болады, және қаржы
автономияларымен қолданылады, пошта, телеграф, телефон және әлеуметтiк
жәрдемақылардың, ауылшаруашылық қызметтiң бюджеттерi[8];
Қаржы-несиелiк ұйымдардың қорлары заңды тұлғаның құқықтарына ие болады
(Францияның банк қорлары, мемлекеттiк сақтандыру қоғамдары, коммерциялық
банктер, депозиттық – сақталу кассасы, конъюнктура қоры ерекше орынға ие
болады, ол экономиканы реттеп, елдiң экономикалық жағдайларында
қолданылады);
Қаржы жүйесінің үшiншi буыны - Францияның мемлекеттiк секторы - ең iрi
европада, сонымен бiрге бюджет үшiн бiраз мәселелердi құрайды, оның
қаржыландырудың барлық көздері мемлекеттiк дотациялар 20%-ға дейін дейiн
құрайды. Мемлекеттiк қаржының айтарлықтай ағынуы ұлттық өнеркәсiптiк
серiктестiктерiнде инвестициялардың үлкеюiмен қамтамасыз етпедi.
Экономикалық катализатордың қайта дамуын мемлекеттiк сектор бұл себептен
өзінің рөлiн атқара алмады. Сондықтан 1986ж. Бастап мемлекеттiк сектор
кәсiпорындарды жекешелендiруді өткiзуге екпiн жасады.
Францияның бюджеттiк үрдісі және қаржылық бақылау. Францияның бюджеттік
кірісі және шығыс жүйесі.
Бюджеттік реттеу Францияның бюджет жүйесінің негізгі көзі салық болып
келеді, 95% табысты қамсыздандырады, олардың 23 мемлекеттік бюджетке
түседі. Францияның салық жүйесi дәстүрлi және жанама салықтардан тұрады,
сонымен бiрге әлеуметтiк сақтандырудың қорларға жарналар. Көптеген дамыған
елдерге қарамастан Францияда мемлекеттiк табыстардағы жанама салықтар және
жергiлiктi бюджеттер басым болып келеді. Жанама және тiкелей салықтар
мемлекеттiк бюджетiнде байланысты 60:40 құрайды, жергiлiктi бюджеттердегi -
55:45.
Францияда мемлекеттiк салықтарды 3 топқа бөлінеді:
- тұтынуға арналған салықтар - ққс, кеден баждары, акциздер;
- табыстарға салынатын салықтар - табыс салығы, кәсiби салығы, пайдаға
салық;
- капиталға салынатын салық – мүлік салығы, көлік құралдар салығы,
кәсiби салығы.
Франция елінде жанама салықтың 4 түрі қызмет етеді: ққс, акциздар,
кеден салығы, фискалды монополды салықтар.
Франция ққс отаны болып табылады- ол осында 1950ж. Басында іске
асырылып, 1954ж. Бері жиналып келеді.
Жергілікті бюджет кірістері 2 топқа бөлінеді: жеке және реттеуші.
Кірістер құрылымында жеке салықтар басым, олар 60% асады және келесілерден
тұратын:
- салықтар - 56%, соның ішінен тура салықтар - 25% - құрылысты алқапқа,
жер салығы, құрылысы жоқ алқаптарға жер салығы, айлықты қоспағандағы
қызметтен түсетін пайдаға кәсіпшілік салығы;
- муниципалды меншіктен түсетін кірістер - 2-3%- өндірістік қызметтен
жалға беру;
- басқа да кірістер - 4%.

Франция бюджетінің шығыстары. Капитализмнің жалпы дағдарысының қазіргі
кезең жағдайында Франция мемлекетінің қаржылық қорларға деген мұқтаждығы
артып келеді. Салықтық түсімдер өсімділік жағынан мемлекеттік шығындардан
артта қалады, ол өз кезегінде соңғы уақытта тарихи қалыптасқан құбылыс
болған бюджеттік жетіспеушілікті тудырады[8].
Франция бюджетінің шығыстары 11 кестеде мемлекеттік бюджеттің
шығыстарының әлеуметтік бағыттылығын көрсететін Франция елінің мемлекеттік
бюджет шығыстарының құрылымы ұсынылған. Осылай, жалпы шығыстар құрылымында
орта және жоғары білімге кеткен шығыстар 27,8% құрады, сонымен қатар,
маңызды үлесті қорғанысқа кеткен шығындар алады-19,8%.

Кесте 11 - Франция бюджетінің шығыстарының құрылымы

Шығындар статьясы Сомма, млрд 2014ж. %
евро 2015ж.
Ішкі саясат 4,2 +3,5
Ауыл шаруашылығы 5,1 -0,86
Ардагерлер 3,4 -3,1
Жалпымемлекеттік шығындар 53,9 -0,07
Мәдениет және ақпарат 2,6 + 5,38
Экология және тұрақты даму 0,8 + 0,63
Экономика, қаржы және өнеркәсіп 15,0 + 0,21
Инфрақұрылым, тұрғын үй, туризм 19,9 -4,25
Іім, ұлттық қауіпсіздік 20,8 + 5,09
Жергілікті басқару органдарына дотация 58,5 + 1,23
Жастар, білім беру, зерттеу 70,8 + 2,71
Ниокр - барлығы 8,9 + 0,94
Соның ішінде жаңа технологияларға 6,2 + 1,81
Юстиция 5,3 +'4,88
Мухиттық аумақтар 1,2 + 3,32
Премьер-министр кабинеті 1,5 + 1,05
Спорт 0,4 -1,96
Жұмысбастылық, денсаулық сақтау 32,0 + 0,84
Ұлттық қауіпсіздік 41,4 + 3,68
Барлығы 277,9 + 1,5

Францияның шығындарының көлемі (басқарудың орталық және жергілікті
органдары) 1950ж. Жіө 31%, 1993ж. 54,2% дейін. Орталық басқарманың
шығындары 1994ж. Бюджеттің жетіспеушілігі 4,2% болғанда 1270 млрд франк
шамасында болды; жергілікті басқару органдарының шығындары 600 млрд франк
шамасында.
Жергілікті бюджетте білім беру саласындағы шығындар біршама орынды
алады,көптеген бөлігі территорияны оңтайландыруға, тұрғындардың демалысын
ұйымдастыру және әлеуметтік инфрақұрылымға кетеді.
Жергілікті органдардың қызметі конституциямен және ағымдағы заңнамен
реттеледі. Кеңестер (аймақтық, департаменттердің, коммуналардың)
бюджеттерді құрады және жергілікті қорларды басқарады. Францияда бюджеттік
жүйенің бірлігі жоқ. 1981ж. Бастап басқарудың орталықтандырмау реформасы
жүргізіліп келеді, осымен байланысты жергілікті органдарға мемлекеттік
субсидия көлемі ұлғайтылды және қаражаттардың жұмсалу құқықтары кеңейтілді.
Мақсатты бағытталған мемлекеттік субсидия үлесі олардың кірістерінің 25-30%
дейін көтерілген. Жергілікті басқармалар шығындарда жаңа жұмыс орындарын
ашуда көп көңіл бөледі.
Францияның бюджеттік дефициті және мемлекеттік қарызы. Француз
бюджеттерінің негізгі мәселесі болып жетіспеушіліктің айтарлықтай көлемі
болып табылады. Үкімет әлеуметтік міндеттемелердің жоғары болуына
байланысты неғұрлым қолайлы көлемге қол жеткізе алмады[18].
Франция үкіметі 25 жыл бойы бюджеттік жетіспеушілікті жоюға тырысады,
алайда әлі де болса қолынан келер емес.
Бюджеттік жетіспеушілікті өтеу мақсатында жүргізілген жекешелендіруден
басқа ссудалық капитал нарығында ақшалай қорлардың мобилизациясы
қолданылады. Әр түрлі қарыздар есебінен жетіспеушіліктің 80% өтеледі. Осы
жағдайда ішкі қарыздармен қатар сыртқы қарыздар қолданылады.
Негізгі кредиторлар болып Францияның банктері, арнайы қорлар мен жеке
несиелік мекемелер табылады. Инфляция мемлекетке қарыз ретінде берілген
қаражаттарды құнсыздандырады.
Өте көп мемлекеттік қарыз пайыздарды төлеуде және қарыздарды өтеуде
көптеген шығындарды талап етеді.
Францияның үкіметі реформаларды өткізу қажеттігін атап көрсетеді, ірі
мемлекеттік компанияларды жекешелендіреді, бірақ көптеген экономистер ең
алдымен мемлекеттік шығындарды азайту керек деп санайды. Осы жағдайда
федералды деңгейде бюджет шығындарын азайтқан германя елі үлгі ретінде
қойылады.
Францияның ішкі қарызы жіө 66% құрайды, ал ео нормасы бойын бұл
көрсеткіш 60% межеден аспауы қажет. Сауда-саттық балансында ел тарихындағы
ең ірі деген 25 млрд евро жетіспеушілігі орын тапты, бұл мұнайға деген
бағаның өсуімен, импорт тауарларын қолдануының өсуімен түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің негізі. Қазақстан қаржылық
жүйесі
Қазақстан Республикасы — орталық азия мен шығыс европаның оңтүстiк-
шығысында орналасқан аграрлы – индустриалды ел.
Аумағы бойынша әлемдегі ірі мемлекеттердің қатарында – 9 орын.
Астанасы – астана қаласы. Халқы - 16,4 млн адам (әлемде 62 і -орында),
тығыздығы - 6,02 адамкм². Ақша бірлігі – теңге.
Қазақстан — парламенттік типтегі унитарлы президенттік республика.
Экономикалық өсімнің негізгі көзі пайдалы қазбалардың өндірісі болып
табылады. Қазақстанның негізгі даму көрсеткіштері 21 кестеде көрсетілген.

Кесте 21 - әлеуметтік – экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш 2015ж.
Жіө барлығы, млрд долл 193,8 (әлемде 53 орын)
Бір адам басына жіө көрсеткіші, млн долл 11,805 (әлемде 69 орын)
Жіө өсімі,% 7,5
Жалпы сыртқы қарыз, млн долл 111326,3
Инфляция деңгейі,% 8,1
Жұмыссыздық деңгейі,% 6,8
Экспорт, млн.долл 51048
Импорт, млн.долл 22149
Сауда балансының сальдосы, млн долл +28899
Қазақстандық экспорттың құрылымы,%:
Мұнай және мұнай өнімдері 35
Түсті металл 17
Қара металл 16
Рудалар 12
Дәнді дақылдар 9
Басқалар 11

Қазақстанның қаржылық жүйесі халықаралық стандартқа сәйкес жұмыс
атқарады және құрамына кіретін элементтермен тығыз байланысты сипаттағы
интеграциялық типтегі жүйе болып табылады. Қаржылық жүйені ұйымдастыру
принципі:
Бірлік– орталықтанған қаржылық органдармен жүргізілетін, ортақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей мұсылмандарының тарихи оқиғасы
Кәсіпорынды антикризисті басқару негіздері
Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары мен олардың дамуы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік нарығын талдау
Банктің депозиттік қызметі
Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары жайлы
Кәсіпрынның қаржылык жагдайы талдаү
Саяси жүйе жайлы
Қаржылық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құқытық жағдайы
Конституциялық Кеңесті құжаттау және оның құжаттамасын басқару
Пәндер