Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларын қарастыру және оларды талдау



КІРІСПЕ ... ... .

1.БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУ...
1.1Бюджеттен тыс қорлардың мәні мен экономикалық мазмұны ... ... ... ...
1.2Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары ... ... ... ... ... ... ...
1.3Шет мемлекеттерінің бюджеттен тыс қорлары.

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ...
2.1Зейнетақы қоры қаражатарын басқаруды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2Әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаттарын басқаруды талдау ... ... ... ..
2.3Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаттарын басқаруды талдау ... .

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРДЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ...
3.1Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларында қалыптасқан мәселелер ...
3.2Бюджеттен тыс қорлардың қызметін жетілдіру ... .

ҚОРЫТЫНДЫ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...
Еліміздің қаржы жүйесіндегі 90 жылдардың басындағы реформаның жүзеге асырылуы бюджеттен тыс қорлардың қалыптасуына жол ашты. Оның ішінде әлеуметтік бюджеттен тыс қорларды атап өтуге болады. Бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржысының маңызды буыны. Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз - мемлекеттік органдардың қол астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресуртардың жиынтығы. Бұл қорлар мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде немесе нормативті түрде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақшалай ресурстардың жиынтығы болып табылады.
Бюджеттен тыс қоларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің сипатымен және ауқымдылығымен адын-ала анықталады. Көздердің әртүрлілігі мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы жағдайы әсер етеді. Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік бюджет қаражатына тәуелді емес: қатаң мақсатты бағыты бойынша пайдаланылады – халыққа әлеуметтік қызмет көрсету. Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.
1 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист, 2004.
2 Салық кодексі – «Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жөнінде» ҚР Заңы. – Алматы: Юрист, 2003
3 Қазақстан Республикасының заңдары.
4 Б.С. Өтебаев. Мемлекеттік бюджет. – Алматы: Экономика, 2006.
5 Годин А.М., Подпорина И.В. Бюджет и бюджетная система Российской Федерации: Учебное пособие. – М. Дашков и К, 2002
6 Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005.
7 Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. – Алматы: Қаржы қаражат, 2001.
8 Ильясов К.К., Саткалиева А.Ж. и др. Государственный бюджет: Учебник. – Алматы: РИК, 1994.
9 Қазақстан Республикасының Үкәметінің Қаулылары.
10 Утибаев Б.С., Жунусова Р.М. Бюджетное устройство и бюджетная система: Учебное пособие. – Ақмолa: 1997.
11 Деева А.И. Финансы. Учебное пособие. 2004
12 Ильясов К.К., Исахова П.Б. Расходы государственного бюджета, Алматы, 2003
13 Омирбаев С.М. Бюджетная система РК. Учебник для вузов/ Астана: ИД Сарыарқа, 2007
14 Мельников В.Д. Финансы. – Алматы: «Экономика», 2009

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3

1.БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУ ... ... ... ... ... .
5
1.1Бюджеттен тыс қорлардың мәні мен экономикалық мазмұны ... ... ... ...
5
1.2Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары ... ... ... ... ... ... ...
7
1.3Шет мемлекеттерінің бюджеттен тыс қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

12
2.1Зейнетақы қоры қаражатарын басқаруды талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .
12
2.2Әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаттарын басқаруды талдау ... ... ... ..
13
2.3Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаттарын басқаруды талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

16

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРДЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ...

21
3.1Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларында қалыптасқан мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

21
3.2Бюджеттен тыс қорлардың қызметін жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
25

КІРІСПЕ

Еліміздің қаржы жүйесіндегі 90 жылдардың басындағы реформаның жүзеге асырылуы бюджеттен тыс қорлардың қалыптасуына жол ашты. Оның ішінде әлеуметтік бюджеттен тыс қорларды атап өтуге болады. Бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржысының маңызды буыны. Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз - мемлекеттік органдардың қол астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресуртардың жиынтығы. Бұл қорлар мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде немесе нормативті түрде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақшалай ресурстардың жиынтығы болып табылады.
Бюджеттен тыс қоларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің сипатымен және ауқымдылығымен адын-ала анықталады. Көздердің әртүрлілігі мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы жағдайы әсер етеді. Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік бюджет қаражатына тәуелді емес: қатаң мақсатты бағыты бойынша пайдаланылады - халыққа әлеуметтік қызмет көрсету. Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті - бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.
Курстық жұмыстың өзектілігі еліміздің әлемдік рынокта алдыңғы қатарға қосылу үшін ішкі экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның ішінде өзекті саласы бюджеттен тыс қорлардың дамуы. Және экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекет пен шаруашылық құрылымдардың мақсатты қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған қаржылық ресурстарды орталықтандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып табылады.
Жалпы бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлардың экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне қарай мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты бюджеттен тыс қолардың экономикалық маңызын анықтау, Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларын қарастыру және оларды талдау.
Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржылық ресурстардың едәуір көлемі қайта бөлінеді. Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен: отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу жолдарымен халыққа көмек көрсетуге және де қарыз беруге болады. 1991 жылдан бастап бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады. Қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржылық ресурстардың бір бөлігін оқшаландыру, мемлекеттік бюджеттерді оған тән емес шығыстырдан жеңілдету,бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мемлекеттің қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты мақсатқа сәйкес емес деп танылды. Яғни, қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылды. Бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар әр түрлі әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсатты ақшалай қаражаттарды қалыптастыруға және пайдалануға арналған.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты мақсатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамассыз еткенде мемлекеттің қаржы ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
-Бюджеттен тыс қорлардың мәні және олардың экономикалық мазмұны;
-Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары;
-Шет мемлекеттерінің бюджеттен тыс қорлары;
-Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары және олардың қызмет ету ерекшеліктерін талдау;
-Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорының даму мәселелері мен жетілдіру жолдары;
- Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларында қалыптасқан мәселелер;
-Бюджеттен тыс қорлардың қызметін жетілдіру;

1. БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУ

1.1Бюджеттен тыс қорлардың мәні мен экономикалық мазмұны

Белгілі қоғамдық қажеттілікті қаржыландыру үшін және өз бетімен оперативті түрде жұмсалатын қаржылай қаражатты пайдалануды мемлекет тарапынан, қайтадан таратудың бірі бюджеттен тыс қордың формасы болып саналады.
Бюджеттен тыс қорлардың мақсатты белгісі бойынша экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғатты қорғау (экоклогиялық), көші-қон, құқықтық тәртіпке жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар;

Басқару деңгейіне қарай

Мемлекетаралық Мемлекеттік Өңірлік(жергілікті)
Бюджеттен тыс қорлардың түрлері:
-Экономиканы тұрақтандыру қоры;
-Зейнетақы қоры;
-Әлеуметтік сақтандыру қоры;
-Халықты әлеуметтік қолдаудың біртұтас одақтық-республикалық қоры;
-Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры;
-Жол қоры;
-Әскери өндірісті конверсиялауға жәрдемдесу қоры;
-Әртүрлі мақсатта иновциялық қорлар;
Бұл қорлар қаржы нарығының қатысушы ретінде және инвесторы болып шыға алады. Өйткені, біріншіден, ақшалай қаржыны пайдалану олардың құрылу уақытымен үйлеспейді, ал екіншіден, инвестициядан түскен табыс басқа немесе бөгде қорды қосымша қаржыландырудың көзі болып саналады.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мыналар жатады:
-Зейнетақы қоры;
-Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры;
-Әлеуметтік сақтандыру қоры;
-Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ).
Зейнетақы қоры. Олардың негізгі міндеті:
Балаларға жәрдемақы мен зейнетақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражатты жинақтау, оларды қаржыландыру мен ұйымдастыру;
Халықты әлеуметтік қолдау бойынша аймақтық бағдарламаға келісімшарт негізінде республикалық тұрғыда қаржыландыруға қатысу;
Өзін-өзі қаржыландыру негізінде ұдайы өндіру қаржы қорын кеңейту.
1993 жылдан бастап ол Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынышты. 1994 ж зейнетақы қоры бюджетке енгізіліп, 4 айдан соң оның құрамынан шығарылды. 1995 жылдан бастап зейнетақы қоры бюджетке кірмейді.
Зейнетақы қоры кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің түріне және меншігіне қарамастан азаматтардың сақтандыру жарналарын аудару есебінен қалыптасады. Зейнетақы қоры мен Әлеуметтік сақтандыру қорын бірге алғанда еңбектен төлеу қорының 20%-ын құрайды. Жиналған жарнамалардың 85% қаржысын - Зейнетақы қоры, 15% - Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрайды.
Қордың бюджеттік жобасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде әзірленіп, қордың басшылығына беріледі. Басшылық құрамына Қаржы министрлігінің, ҚР Ұлттық банктің, Үкімет пен Президент әкімшілігінің өкілдері кіреді.
Әлеуметтік сақтандыру қоры - аумақтық дәл осындай, осы салалық тұрғыда бөлінетін жалпы мемлекеттік ресурстардың орталық қоры. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар мен меншіктің түрлі формасындағы ұйымдар мен кәсіпорын қаржыларының міндетті түрдегі қатысуы арқылы сақтандыру әдісімен құрылады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы еңбекке төлеу қорынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылымдары есебіне қалыптасады. 2013-2014 жж аралығында осы аталмыш қорға аударымның жалпы сомасының 50%-ы түсті. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы әр түрлі төлемдерге (еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жүкті кезде және босанғанда, бала туғанда бірмезгілдік, жерлеуге) емдеу-сауықтыру орындарын қаржыландыруға жұмсалады. Бұл қордың негізгі шығындарының үлесі жәрдемақы төлеуге тиеді.
Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру шараларының өткізілуін қаржыландыру үшін арналып жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызмет шеңберінде дербес жүйе ретінде 1991 жылы жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры құрылды. Қаулыда анықтап көрсеткендей оның қаржысы бюджеттік құрамына енбейді, яғни қор бюджеттен тыс болып есептелінеді. Соған қарамастан қор 1993 жылы бюджетке енгізілді, оның қаржылық жағдайының жақсылығымен және артық қаржыны бюджеттің қажеттілігіне жұмсалуының мүмкіндігімен түсіндірілді. 1995 жылдың мамырынан бастап, жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры қайтадан бюджеттен шығарылады.
Оның қаржылық көздерін қамтитындар:
oo Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, еңбекке төлеу қорының белгіленген мөлшерінен және шаруашылық жүргізу мен меншік түрлерінің формасынан тәуелсіз, өзге де жұмыс берушілер мен кооперативтердің міндетті аударымдарынан;
oo Мемлекеттік бюджеттен дотациялар және де олардың бөліну шарттары нақтыланған жоқ;
Отандық және шетелдік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдармен азаматтардың ерікті жарналары, коммерциялық қызметтің табыстары мен басқадай түсімдер.
Міндетті медициналық сақтандыру қоры-халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қорланған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. Барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тегін денсаулық сақтаудан медициналық сақтандырудың айырмашылығы осында. ҚР Үкіметінің жанынан
03.07.2013 жылы 29 қыркүйекте ҚР Үкіметінің №121-V қаулысымен ММСҚ құрылған болатын. Бірқатар мәтіндер үшін ҚР 28.11.2014 № 257-V заңымен (01.01.2015 жылдан бастап қолданысқа енгізілді)ҚР-ң заңында азаматтардың міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде өзін сақтандыруға құқылы екендігі және осы саладағы мемлекеттік қаржы саясатын жүзеге асыру үшін және оны әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ететіні қарастырылған. Сонымен қатар жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру мен Қазақстанның барлық аумақтарындағы сақтандырылған азаматтарға ұсынылатын медициналық көмектің сапасын және оның көлемін теңестіру үшін жағдай жасау.
ҚР Үкіметінің жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қоры қаржылай қаражатының медициналық сақтандыру жүйесі мемлекет меншігінде. Ол бюджеттің және басқа қордың құрамына кірмейді, сондықтан да тиісінше алынуға жатпайды. Олар мыналардың есебінен құралады:
-ҚР Үкіметі белгілеген міндетті медициналық сақтандырудың көлемінде жұмыс берушінің сақтандыру бөлімінің төлемдерінен;
-Мөлшерленген басы артық (запас) сақтандырудың қаржылай қаражат қоры;
-Қордың уақытша босаған қаржысын пайдаланудан түскен табыстардан;
-Ерікті жарналар мен заңды және жеке тұлғалардың сыйлықтарынан;
-ҚР заңында тыйым салынбаған басқа түсімдерден.

Төлеу қоры

21% Жұмыспен қамтудың
мемлекеттік қоры (2%)
85% 15%

Әлеуметтік сақтандыру қоры(5%)
Міндетті сақтандыру қоры(10%)

ҚР бюджеттен тыс қорына аударымдардың пайызы.

1.2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары

Әлемдік практика бойынша қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржылық ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды. Қазақстанда қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың бұл нысанын қолданудың тәжірибесі жинақталған. Мынандай әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар жұмыс істейді:
-Зейнетақы қоры;
-Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры;
-Әлеуметтік сақтандыру қоры;
-Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ).
Зейнетақы қоры.
Олардың негізгі міндеті:
-Балаларға жәрдемақы мен зейнетақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражатты жинақтау, оларды қаржыландыру мен ұйымдастыру;
-Халықты әлеуметтік қолдау бойынша аймақтық бағдарламаға келісімшарт негізінде республикалық тұрғыда қаржыландыруға қатысу;
Өзін-өзі қаржыландыру негізінде ұдайы өндіру қаржы қорын кеңейту.
Қаржы институттарының -- бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен жасалды. Жасалу көздері:
1)кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары;
2)мемлекеттік бюджеттердің қаражаттары;
3)санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан түскен табыс;
4)басқадай көздер.
Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалды:
1)жәрдемақылар төлеуге;
2)санаторийлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға;
3)кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:
а) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;
ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:
1)міндетті зейнетақы жарналары;
2)меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар;
3)жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;
4)жоғары органдардың қаражаттары;
5)ерікті зейнетақы жарналары;
Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары: заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу; балаға қарау жөніндегі жәрдемқыларды төлеу; материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары; Зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты болатын шығыстар; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға ғылыми- техникалық базаны дамытуға және тағы басқа резервтерді орналастыру.
Зейнетақы қоры кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің түріне және меншігіне қарамастан азаматтардың сақтандыру жарналарын аудару есебінен қалыптасады. Зейнетақы қоры мен Әлеуметтік сақтандыру қорын бірге алғанда еңбектен төлеу қорының 20%-ын құрайды. Жиналған жарнамалардың 85% қаржысын - Зейнетақы қоры, 15% - Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрайды.
Қордың бюджеттік жобасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде әзірленіп, қордың басшылығына беріледі. Басшылық құрамына Қаржы министрлігінің, ҚР Ұлттық банктің, Үкімет пен Президент әкімшілігінің өкілдері кіреді.

1.3 Шет мемлекеттерінің бюджеттен тыс қорлары

Мемлекеттік бюджет - ұлттық табысты қайта бөлудің негізгі құралы. Осы элемент арқылы ұлттық табыстың 40 %-ға дейінгі бөлігі қайта бөлінеді. Саяси және әлеуметтік экономикалық қатынастардағы жалпы мемлекеттік шығындардың маңыздылары және ең ірі кірістері мемлекеттік бюджетті құрайды. Мемлекеттік бюджеттің негізгі кірістері салықтардан құралады (мемлекеттік кірістің 70-90%-ын салық құрайды). Франциядан басқа нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің (Францияның мемлекеттік бюджетінің негізгі құралу көзін ҚҚС құрайды) бюджетінің көп бөлігін тікелей салықтар құрайды. Ал дамушы елдерде ол орынды жанама салықтар алады. Оларға: ҚҚС, акциз, кедендік алымдар жатады. Жанама салықтар тұрақты түсімдер ретінде қарастырылады, себебі салықтық тәртіп орын алған жағдайда олардан бас тарту мүмкіндіктері болмайды. Сонымен қатар халық табысының төменділігі, кірістерге әсер ететін инструменттердің әртүрлілігі және кірістерді төмендету мүмкіндігінің бар болуы тікелей салықтарды мемлекеттік бюджеттің құралу көзі ретінде енгізуге жол берілмейді.
Шығыстар бөлігі мына мақсаттарға бағытталады:
-әскери мақсаттарға;
-мемлекеттің экономикаға араласуына;
-мемлекеттік аппаратты материалды қамтамасыз етуге;
-әлеуметтік шығындар;
-дамушы елдерге субсидиялар мен несиелер.
Жергілікті қаржылар мемлекеттік құрылымға және әкімшілік бөлінуге байланысты құралады. Федералды мемлекеттердің жалпы мемлекеттік қаржы жүйесінде жергілікті бюджеттің үлесі 40-50%, ал унитарлы мемлекеттерде
30 %-ға жуығы. Мүліктік салықтар жергілікті бюджеттің негізгі құралу көзі болып табылады. Сонымен қатар жергілікті бюджетке қаржылық ресурстар, мемлекеттік бюджеттен және тең дәрежелі бюджеттерден келетін қаржылар құрайды. Жергілікті бюджеттердің шығындары көбінесе әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымға бағытталады.
Арнайы бюджеттен тыс қорларға мемлекеттік бюджетке тәуелсіз зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және басқа да мақсатты қорлар жатады. Дамыған елдерде ірі арнайы қорлар саны 30-дан 80-ге дейін.
Бағыттарына байланысты оларды келесі топтарға жіктейді:
-әлеуметтік;
-экономикалық;
-ғылыми-зерттеушілік;
-несиелік;
-жеке және мүліктік сақтандыру қорлар;
-әскери-саяси;
-мемлекетаралық.
Шет елдердің қаржылық жүйесінде арнайы қорлар маңызды орын алады. Францияда арнайы қорлардың мөлшері мемлекеттік бюджет мөлшеріне шамалас, ал Жапонияда мемлекеттік шығындардың жартысынан көп бөлігі арнайы қорлардан қаржыландырылады.
Арнайы қорлар:
-отандық кәсіпорындарды несиелендіру, субсидияландыру және қаржыландыру;
-табиғат қорғау шараларын қаржыландыру (табиғат ластанғаны үшін айыппұлдардан және басқа да арнайы көздерден);
-өтемақы, зейнетақы төлеу және жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды субсидияландыру, несиелендіру;
-несиелендіру, соның ішінде шетелдік мемлекеттерді қосқандағы шетелдік серіктестіктерді несиелендіру.
Қаржылық тұрақсыздық орын алған жағдайда үкімет осы қорларды пайдалануға тырысады. Бұл шара қаржы жүйесінің тұрақтандыруға жол береді. Қаржыландыру көздері тұрақты және уақытша болып жіктеледі. Қорлардың ең басты құралу көзі арнайы алымдар мен салықтар болып табылады. Арнайы қорлар мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден субсидиялар негізінде де қаржыландыру мүмкін.
Германияның бюджеттік жүйесі үш бөлімнен құралады: федералды бюджет; аймақтық бюджет ; жер бюджеті (11 мыңнан астам қауым). Сонымен қатар, қаржылық жүйеге арнайы үкіметтік және бюджеттен тыс қорлар кіреді: темір жол Федералды қоры (Bundesbank) және Федералды пошта (Bundespost), мемлекеттік ұйымдар, әлеуметтік сақтандыру мекемелері, федералды жұмыспен қамту мекемесі.
Федералды бюджет федерацияның жоспарлы табыстардан және жоспарлы шығыстардан құралады. 1980 жылдардың басында федералды бюджет арқылы ЖІӨ-нің жартысына дейін қайта бөлінді.
Ұлыбританияның қаржы жүйесі 4 звенодан тұрады:мемлекеттік бюджет,жергілікті бюджет,арнайы бюджеттен тыс қорлар,мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысы.Ұлыбритания - унитарлы мемлекет және оның бюджет жүйесі екі деңгейге ие.Елдің мемлекеттік бюджеті екі бөлімнен тұрады:ағымдағы түсімдер мен олардың шығыстарынан тұратын консолидацияланған қор;капитал қозғалысымен байланысты мемлекеттің кірістері мен шығыстарынан тұратын ұлттық қарыз қоры.

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

2.1Зейнетақы қоры қаражаттарын басқаруды талдау

Қазақстан Республикасы - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында халықты зейнетақымен қамсыздандыру реформасын ең бірінші болып жүзеге асырған ел. Зейнетақы төлеуге арналған мақсатты қор болып табылады.Зейнетақы реформасындағы ең бастысы ұрпақтар ынтымақтастығына негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың үйлестіргіш жүйесінен жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке зейнетақы шоттарында жинақтарды жинауға мүмкіндік беретін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп өту болды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен салымшылардың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері, зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңи тұлға. Міндетті зейнетақы салымдарының барлық түрлері бойынша олардың біртұтастығы бойынша мемлекет кепілдігі сақталады. Зейнетақылық қорланымдар Ұлттық банкте сақталады. Зейнетақы қорын Ұлттық банк басқару кеңесінде бекітілген инвестициялық стратегияға сәйкес басқарады. Кеңестің жеке құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2016 жылы 1қаңтардан бастап әлеуетті құрылымдар қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудағы өзгерістер бойынша БЖЗҚ түсіндірмесі. Әлеуетті құрылымдар қызметкерлерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жаңғырту аясында 2016 жылғы 1қаңтардан бастап оларды толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстыру көзделді. Аталған шара еңбек сіңірген жылдары 1998 жылға дейін кемінде 10жыл болған әлуеттә құрылымдар қызметкерлерінің зейнетақы мөлшерін көбейту мақсатында қабылданып отыр. Бұрын бюджеттен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50%-ы республикалық бюджетке қайтарылды, сондай-ақ әскери қызметшілердің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тоқтатылды.
Зейнетақы жарналары мен есептелген инвестициялық табыстың жартысы БЖЗҚ салымшысы болып табылатын әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің жеке зейнетақы шоттарында қалады.
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жұмыс нәтижесі осы қорлар қызметтерімен сипатталады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері 2 триллион 546 миллиардтан астам сомаға инвестицияланады, бұл барлық зейнетақылық қорланымдар сомасының 96%-ы.
Зейнетақы қоры. Олардың негізгі міндеті:
-Балаларға жәрдемақы мен зейнетақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражатты жинақтау, оларды қаржыландыру мен ұйымдастыру;
-Халықты әлеуметтік қолдау бойынша аймақтық бағдарламаға келісімшарт негізінде республикалық тұрғыда қаржыландыруға қатысу;
Зейнетақы қорының қаражаты:
-жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан;
-жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың сақтандыру жарналарының;
-әскери қызметшілерге және зейнетақы төлеу жөнінен оларға теңестірілген азаматтарға, мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, олардың отбасыларына әлеуметтік зейнетақы төлеуге, Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккендерге тағы да басқа арналып елдің республикалық бюджетінен бөлінген қаражаттан;
-ерікті жарналардан құралады.
Зейнетақы қоры кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің түріне және меншігіне қарамастан азаматтардың сақтандыру жарналарын аудару есебінен қалыптасады. Зейнетақы қоры мен Әлеуметтік сақтандыру қорын бірге алғанда еңбектен төлеу қорының 20%-ын құрайды. Жиналған жарнамалардың 85% қаржысын - Зейнетақы қоры, 15% - Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрайды.
Қордың бюджеттік жобасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде әзірленіп, қордың басшылығына беріледі. Басшылық құрамына Қаржы министрлігінің, ҚР Ұлттық банктің, Үкімет пен Президент әкімшілігінің өкілдері кіреді.

2.2Әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаттарын басқаруды талдау

Әлеуметтік сақтандыру әдетте еңбек ету қабілетін жоғалтқан және жұмысынан айырылған жағдайларда азаматтарды материалдық қолдау және олардың денсаулығын қорғау үшін қоғамдық өнім құнын қайта бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың жүйесін айтады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы №237 қаулысына сәйкес құрылды. Бірақта ҚР 28.11.2014жылы өзгертулер енгізіледі. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін.
Әлеуметтік сақтандырудың ерекшелігі- жұмыс берушілердің және мемлекеттік қолдануымен жұмыскерлердің мақсатты жарналарынан құралатын мамандандылыған қорлардан қаржыландыру, яғни, әлеуметтік сақтандыру кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың міндетті жарналаынан құралатын ерекше қорлардың есебінен жүзеге асырылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесі мынадай негізгі элементтерді қамтиды:
-Мемлекеттік көмек берудің дәстүрлі нысаны (әлеуметтік көмек);
-Әлеуметтік жеңілдіктерді қоса халықтың жекелеген санаттарына берілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер жиынтығы;
Әлеуметтік сақтандырудың екі нысаны бар:
-Міндетті әлеуметтік сақтандыру;
-Ерікті әлеуметтік сақтандыру:
Міндетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің қаржы жүйесінің қызметі
Мемлекеттің қаржылық жүйесі және қаржылық қызметі
Міндетті медициналық сақтандыру қоры
Қаржы – мақсатты ақша қаражат қорларының экономикалық негізі
Тұтыну қоры, қалыптастыру және пайдалану
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Қаржы жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары
Ресейдің қаржы жүйесі
Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірибесі
Пәндер