Мемлекеттің төлем балансының экономикалық мәнін ашу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді есептеу орта ғасырда пайда болған. Төлем балансы терминін шотландық экономист (ХVІІ ғ. ) Джеймс Стюарт ойлап тапқан. ХХ ғасырдың басында төлем балансын құрау әдісі АҚШ және Англияда дами түсті. Осыған негізделе отырып Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) барлық елдер бойынша ортақ төлем балансын құраудың стандарттық әдістемесін жасаған.

Макроэкономикалық зерттеулердің пәні болып елдегі өндірістің жалпы көлемі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, төлем балансының сальдосы мен валютаның айырбас бағамы сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау болып табылады. Бұл талдаудың мақсаты - осы көрсеткіштердің өзгеруін түсіндіріп, ел үкіметі жұмысында қойылған экономикалық мәселелерді шешу бағыттарын анықтау мен экономикалық даму барысында болжамаған өзгерістерге жауап беру. Өзгерістерді дәл талдау мен бағалау, ал одан кейін соған сәйкес саясатты жасақтау жүйеленген және уақытылы негізде келіп түсетін экономикалық статистикалық ақпараттың дәлдігін талап етеді. Сонымен қатар, дұрыс экономикалық шешімдерді қабылдау үшін елдің сыртқы жағдайын тұрақты түрде бағалау мен өлшеу қажет. Біз білетініміздей, елдің бсқа елдермен арасындағы қаржы ағымдары мен экономикалық операциялар мәліметтері жүйеленіп төлем балансында көрсетіледі де, ол елдің сыртқы жағдайын талдау мен қажетті өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылады.

Әр мемлекетте өздерінің сыртқы экономикалық жағдайын білу үшін оларға кезеңдік статистикалық мағлұмат керек. Осы мағлұматтарды төлем балансынан көруге болады. Ол- бір кезеңде сол елдің сыртқы экономикалық іс-әрекет балансын айқындайтын статистикалық құжат.

Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы, халықаралық валюталық қатынастағы төлем балансының құрылымын талдау және ұлттық экономикадағы төлем балансының оң сальдосының маңыздылығын түсінудің қажеттігі болып табылады. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi. Бұл тақырып өзектілі, себебі төлем балансы экономиканың сыртқы көрінісі болып табылады. Қазіргі жағдайларда төлем балансы нақты және дәлді балансталған болмаса, экономикалық болжау мен халықаралық валютвлық қаржылық қатынастарға белсенді қатысу қиын. Мемлекетаралық қатынастардың обьективті дамуы төлем балансын құруға аса дәлдікті талап етеді. Сонымен қатар төлем балансының жағдайы мемлекет тұрғындарының шекаралардан өту бостығының дәрежесін, төлем балансы негізінде сыртқы есеп айырысу бағаланады, оның арқасында валюталық бағамға түзету енгізу туралы шешімдер қабылданады. Валюталық бағам ауытқулары жиынтық ұсынысқа және жиынтық сұранысқа әсер етеді, яғни өзінің макроэкономикалық нәтижелері бар.

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта және ен басты элементтердің бірі төлем балансы жатады.

Төлем балансы деген белгiлi бiр уақыт аралығында мемлекеттiң шетелге төлеген валюталық соммасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем балансы болады.

Курстық жұмысты орындаудағы негізгі мақсат мемлекеттің төлем балансының экономикалық мәнін ашу және оның экономиканың тиімді қызмет етуіндегі үлесін анықтау болып табылады. Сонымен қатар төлем балансының құрылымын, оған әсер ететін факторлар және төлем балансын реттеудің негізгі әдістерін ашып қарастыру.

Жұмыс барысында келесідей міндеттер қарастырылған:

- Төлем балансының мәні және принциптері;

- Төлем балансының құрылымы және түрлері;

- Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу әдісітері;

- ҚР Төлем балансын талдау

- Қазақстан Республикасындағы төлем балансы жағдайы ;

- Қазақстан Республикасындағы төлем балансының проблемалары, оларды шешу және дамыту жолдары;

- Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі мәселері;

- Проблемаларды шешу және дамыту жолдары.

1. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Төлем балансының мәні

Әрбір елдің көпқырлы, кешенді халықаралық экономикалық қатынастары оның халықаралық операцияларының баланстық (тепе-теңділік) есебінде көрініс табады. Бұндай есепті қалыптасқан дәстүр бойынша төлем балансы деп атайды. Төлем балансы дегеніміз тауарларды, қызмет көрсетулерді, капиталдарды әкету мен әкелу көрсеткіштері формасында (нысанында) елдің дүниежүзілік байланыстарын анықтайтын құндық өлшем. Халықаралық операциялардың баланстық есебі елдің сыртқы экономикалық операцияларының көлемін, құрылымын және сипатын сандық және сапалық тұрғыдан анықтайтын құндық көрсеткіш. Барлық операциялар бойынша валюта ағындарының көрсеткіштері төлемдер мен кірістер деп белгіленеді.

Экономикалық мазмұны бойынша белгілі бір мерзімдік және белгілі бір кезеңдік төлем баланстарын ажыратады. Белгілі бір мерзімдік төлем балансын статистикалық көрсеткіш ретінде дәл атап айту мүмкін емес, себебі ол күн сайын өзгеріп тұратын төлемдер мен кірістер арақатынасы түрінде көрініс береді. Төлем балансы жағдайын ұлттық және шетелдік валютаға деген осы сәттегі сұраныс пен ұсынысты анықтайды және мұның өзі валюта бағамын өалыптастыру факторларының бірімен саналады.

Белгілі бір кезеңдік (ай, тоқсан, жыл) төлем балансы осы кезең аралығында жүзеге асырылған сыртқы экономикалық мәмілелердің статистикалық көрсеткіштері негізінде жасалады да, елдің халықаралық экономикалық қатынастардағы өзгерістерін сараптауға мүмкіндік береді. Кезеңдік төлем балансы көрсеткіштері экономикалық дамудың агрегаттық көрсеткіштерімен (жиынтық ішкі өнім, ұлттық табыс т. с. с. ) байланысты сондықтан мемлекеттік реттеу обьектісі болып табылады. Кезеңдік төлем балансының жағдайы ұлттық валюта жағдайымен, оның тұрақтылығымен немесе валбта бағамының өзгерістері сипатымен тығыз байланыста болып келеді.

Бухгалтерлік есеп тұрғысынан төлем балансы әрқашан тепе-теңдік жағдайында тұрады. Бірақ негізгі бөлемдері бойынша егер кіріс төлемдерден жоғары болса, онда оны сальдо орын алады, ал төлемдер түсімдерден артып кетсе, теріс сальдо бой көрсетеді. Сондықтан, төлем балансын жасау және сальдоны есептеу әдістері елдік сыртқы экономикалық операцияларын сипаттайтын көрсеткіштерді дұрыс сараптауды ұйыдастыру жолында үлкен рөл атқарады.

Төлем балансының әртүрлі анықтамалары бар. Егер төлем балансының шетелдік әдебиеттердегі анықтамасына зер салатын болсақ, онда олардың көпшілігі төлем балансын елдік сыртқы экономикалық қызметтің статистикалық өлшемі дегенге саяды.

Американдық экономистер Виссерман мен Уэйрдың төлем балансы проблемаларына арналған еңбегінде мынадай анықтама берілді. Төлем балансы белгілі бір кезең ішіндегі осы елдің резиденті мен басқа елдер өкілдері арасында орын алған экономикалық операциялардың статистикалық көрінісі. Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) әдістемелік нұсқауларында былайынша айтылған: «Төлем балансы дегеніміз аталған кезеңнің статистикалық көрсеткіштері жинақталған кесте, онда:

А) белгілі бір ел мен басқа елдер арасындағы тауарлармен, қызмет көрсетулермен және табыстармен операциялар;

Б) осы елдің иелігіндегі монетарлық алтынға байланысты меншіктік өзгері, сондай-ақ басқа елдерге қатысты қаржылық талаптармен міндеттер;

В) біржақты аударулар және конценсацияланушы (орын толтыру) жазбалар көрсетеледі». Осы нұсқауларға байланысты төлем балансына тақарылған операциялар ғана емес, сонымен бірге операциялардың тепе-теңдігіне қол жеткізу үшін дайындалған жасанды көрсеткіштер де кіреді.

Францияның ресми ақпарат көздерінде мынадай анықтама берілген: « Елдің төлем балансы дегеніміз- тұрақты түрде жасалатын статистикалық ведомость, онда есептелген көрсеткіштер ретінде белгілі бір кезең ішіндегі резиденттер мен резидент емес тұлғалар арасындағы қаржылық ағындар қозғаласы көрсетіледі». Германиядағы төлем балансы туралы зерттеулердің бірінде: «Әдетте төлем балансын жүйеленген барлық экономикалық мәмілелер баланс формасында жинақталған статистикалық көрсеткіштер деп түсінген абзал» делінген.

Төлем балансын жасау теориясы мен практикасы дүниежүзілік экономикадағы өзгерістерге сәйкес және жетілдіріліп отырады. Халықаралық төлем қатынастарында «баланс» термині баланстық есеп, сальдо немесе есепшот қалдығы, есепшот жағдайы, теп-теңділік және т. б. түсініктерді анықтау үшін қолданылады. Сондықтан, төлем балансы елдің халықаралық операцияларының есебі ғана, сонымен қатар осы операциялардың белгілі бір жағдайының көрінісі де табылады.

Төлем балансы талдауының дұрыстығы оның негізгі принциптері арқылы қалыптасады. Халықаралық валюталық қор арқылы жасалатын және басылымға шығарылатын осы стандартты ережелер, барлық мемлекеттерде төлем балансын талдауда және құрастыруда бағыт ретінде қолданылады. Кейбір жеке мемлекеттер өздерінің экономикалық ерекшеліктеріне байланысты, мемлекеттің әлемдік сахнадағы жағдайына байланысты, сондай-ақ ұлттық есептеу жүйесіне байланысты бұл ерекшеліктерге өз тұзетулерін енгізетінін айта кету керек. 1993 жылы төлем балансы бойынша Халықаралық валюталық қор басқармасымен бесінші басылым шықты, ол қазірге дейін қолданылады.

Екі жақты жазылу жүйесі. Кез-келген келісім екі жақты болғандықтан, төлем балансында да екі жақты жазылу принципі қолданылады. Бұл әдісте әрбір тіркелетін операция тең мағыналы екі жақты түрде болады, сондықтан төлем балансы мен түсім сәйкес болуы керек. Операциялардың бірі «қосу» таңбасымен кредит түрінде, екіншісі «алу» таңбасымен дебет түрінде тіркеледі.

Резиденттік принципі. Төлем балансын құрудың негізгі принципі болып түрлі резидент және резидент еместердің арасындағы айырмашылықтары болып есептеледі, барлық сыртқы экономикалық келсімі жүргізгенде ХВҚ басқармасы мынадай анықтамалар береді: «Мемлекет экономикасы бірлік қатынас ретінде қаралады, ол басқаларға қарағанда өз территориясымен тығыз байланысты», яғни бастапқы критерий экономикалық орталық болып табылады. Мұнда туристер, халықаралық ұйымдардың адамдары, елші жұмысшылары, кеме командасы және ұшақ экипаждары есептелмейді, олар шетелге келген мерзіміне қарамастан, сол келген қаланың резиденті болып саналады.

Мемлекеттің экономикалық территориясы. Экономикалық территория мағынасы ретінде мемлекеттің заңдылығына берілген географиялық аумақты атаймыз. Құрлық пен аралдарда құрлық бөлігі мен тауарларды тасу, жұмыс күші, кеден немесе миграциялық формалдылықсыз еркін жүзеге асатындай, олардың экономикасы сол ақшалай және фискалды органдарға қарасты болса, ьеңізі ірі болған жағдайда, оларға аралдар қосылады. Мемлекеттің экономикалық аумағы егер мемлекет құқықты болса немесе балық аулау немесе шельфте пайдалы табыс алуға құқылы болса, сонымен қатар су аумағы және континеттік шельфтің халықаралық суда орналасқан бөлігі жатады. Сонымен қатар оған басқа мемлекетте орналасқан аумақтық анклавтар, елшілік, консульстволар және әскери базалар, көмек көрсету агенттіктерінің территориясы жатады.

Келісім-шартты анықтау. Экономикалық келісім - шарттар өз кезегінде құн айырбасын білдіреді, яғни акт, онда тауарға меншік құқығы беріледі, экономикалық қызмет көрсетіледі немесе актив меншігінің құқығы бір мемлекет резидентінен басқа мемлекет резидентіне ауысады.

1. 2 Төлем балансының құрылымы және түрлері

Төлем балансы құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

1. Сауда балансы, яғни тауарларды әкету мен әкелу арақатынасы;

2. Қызмет көрсетулер және коммерциялық емес төлемдер балансы;

3. Ағымдағы операциялар балансы;

4. Капиталдар мен несиелер қозғалысы балансы;

5. Ресми валюта резервтерімен операциялар.

Сауда балансы, тарихи тұрғыдан сыртқы сауда ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықтарды байланыстыратын халықаралық экономикалық қатынастардың бастапқы формас болып табылады. Сыртқы сауда арқасын халықаралық еңбек бөлінісі қалыптастыралы.

Төлем балансында сыртқы сауда көрсеткіштері дәстүрлі маңызды орын алады. Тауарлардың экспорты импорты арақатынасы сауда балансын түзеді. Сыртқы сауданың едәуір бөлігі несие жүзінде асатындықтан тиісті кезеңде атқарылған мен түсімдер арасындағы айырмашылықтар болады. Осы айырмащылықтарға байланысты кезінде төлем балансы атқарылған ақшалай төлемдер мен нақты түсімдер арақатынасы ретінде анықталған еді.

Теріс сауда балансы ұнамсыз құбылыс саналады және әдетте елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы позициясының әлсіздігін көрсетеді.

Қызмет көрсетулер балансы көлік тасымалы, сақтандыру, электронлық, телеғарыштық, телеграф, телефон, пошта және байланыстың басқа да түрлері бойынша халықаралық туризм, ғылыми-техникалық және өндірістік тәжірибеде эксперттік қызметтер көрсетулер, шетелдерде дипломатиялық сауда және басқа да өкілдерді ұстау бойынша, ақпараттар алмасу, жарнама, жәрмеңке т. с. с. үшін төлемдер мен түсімдерден тұрады. Қызмет көрсетулер дүниежүзілік экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқан секторы болып табылады және оның төлемдер мен түсімдер көлемі мен құрылымына әсері тұрақты өсу үстінде.

Ағымдағы операциялар бойынша төлем балансы сауда балансы және «көрінбейтін» операциялардан тұрады. Бұл операциялардың ағымдағы деп аталуы тауарлар мен қызмет көрсетулердің дүниежүзілік саудасын капиталдар мен кредиттер нысанындағы қаржылық ресурстарының халықаралық қозғалысын ажыратып алу үшін қажеттігі де болып отыр.

Капиталдар мен кредиттер қозғалысының балансы мемлекеттің және жеке меншік капиталдарды әкету мен әкелу, берілген және алынған халықаралық кредиттер арақатынасын көрсетеді. Экономикалық мазмұны бойынша бұл операциялар кәсіпкерлік капиталдың және қарыз капиталының халықаралық қозғалысы деген атаулармен екі категорияға бөлініп қарастырылады.

Кәсіпкерлік капитал құрамына тікелей шетелдік инвестициялар (шетелде кәсіпорындарды сатып алу немесе құрылысын жүргізу) және портфельдік инвестициялар (шетелдік компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алу) кіреді. Тікелей инвестициялар ұзақ мерзімді капиталды шетелге шығарудың маңызды нысаны болып есептеледі және төлем балансына едәуір әсер етеді. Тікелей инвестициялар халықаралық өндірісдамиды, ұлттық экономикалық дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануы артады.

Қарыз капиталының халықаралық қозғалысы мерзімдік белгісі бойынша жіктеледі.

1. Ұзақ және орта мерзімді операциялар құрамына бір жылдан артық уақытқа берілген мемлекеттік және жеке меншік займдар мен несиелер кіреді. Мемлекеттік займдар мен несиелерді алушыларға негізінен лидер елдерден кейіндеп қалған елдер жатады. Ал, қаражатты беруші кредитор-елдер қатарына жетекші, дамыған елдерді көреміз.

2. Қысқа мерзімді операциялар қатарына бір жыл мерзімге дейін берілетін халықаралық несиелер, шетелдік банктердегі ұлттық банктердің ағымдағы есеп шоттары (авуарлары), ақша капиталдарының баркаралық қозғалысы жатады.

Төлем балансының статистикалық көрсеткіштерін жинау мен өңдеу әдістерінің ұдайы жетілдіруіне қарамастан едәуір қателіктердің де орын алатындығы жасырын емес. Сондықтан, төлем балансында «қателіктер мен қалдырулар» айрықша көрсетеді бұл бапты статистикалық қателіктер есепке алынбаған операциялар кіреді.

Төлем балансының қорытынды баптары өтімді валюталық активтер мен операцияларды көрсетеді. Бұл операцияларға мемлекеттік валюта органдары араласатындықтан орталықтандырылған, ресми алтын- валюта резервтері көлемі мен құрамында өзгерістер пайда болады.

1. 3 Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу әдістері

Белгілі бір мемлекеттің төлем балансы - бұл олардың резиденттерінің арасындағы және сыртқы әлеммен жасалған экономикалық келісімдерінің белгілі бір мерзімдегі статистикалық есеп берулері болып табылатыны белгілі. Төлем балансында ағымдағы операциялар есебі - NX, каптиал қозғалысының есебі - КА және арнайы резервтік активтердің өзгерісі -R белгісімен есептеледі. NX және КА сомаларын негізінде арнайы есеп беру шотының балансы деп те атайды.

BP = NX + KA (1)

Егер, арнайы есеп беру шотының балансы шетел тауарларының таза сатып алымдарын, қызмет көрсетулер және активтерін көрсетсе, валюталық реттеу органдары дисбалансты орталық бакнте сақталып тұрған шетел валюталарының резервтерін пайдалану арқылы қаржыландырулары керек.

NX + KA - R (2)

Өзіне арнайы резервтік активтерді кірістірген жағдайда оның жалпы сомасы нөлге тең болады. Ағымдағы есеп балансы сыртқы келісімдердің масштабтары мен бағыттарын анықтайтын болғандықтан, ол төлем балансының жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады. Елдің импорты экспорттан асып түскен жағдайда ағымдағы операциялар баланысының дефицит көлеміне сәйкес теріс ағымдағы операциялар балансы сыртқы саудадағы борыш есебінен жабылуы тиіс.

Сонымен операциялар шотын (NX) оны қаржыландыру көзінің негізгі сомасы ретінде қарастырған жағдайда мынаған ие боламыз:

NX -R -KA - NFA (3)

Бұл жерде: R - таза резервтердегі шетел валютасының өзгерісі;

KA- таза ликвидті міндеттемелердің сыртқы әлем алдындағы өзгерісі (капитал кірісі мемлекеттің басқа мемлекеттер алдындағы ликвидті міндеттемелерінің өскенін білдірсе, капитал шығысы елдің басқа

R және KA арасындағы айырмашылық мемлекеттің таза шетелдік активтеріндегі өзгеріс көлемін көрсетеді (NFA) . NFA - мемлекеттің басқа елдерге ликвидті міндетемелер көлемінің таза өсімі.

NX мемлекеттің таза сыртқы активтерінің қаншалықты өскенін көрсетеді. Егер мемлкеттің ішкі шығындары оның түсімдеріне аз болып және NX оң нәтижелі болған жағдайда мемлекеттің басқа елдерге ликвидті міндеттемелері өседі. Ағымдағы операциялар шотының оң сальдосы шетелдік валюталық резервтердің және мемлкеттің кірістер көлемінің азайғанын көрсетеді.

Егер NX оң болып және мемлекет халықаралық қаржы нарығында кредиттер берген жағдайда оның жағдай өседі. Себебі шетелдіктер осы мемлекеттің экспортының әрбір бірлігін бүгінде өздерінің импортымен төлемей, соңында осы алынған кредиттер пайыз көлемінің өсуімен үлкен сомада төленеді.

Егер NX теріс болып, мемлекет халықаралық қаржы нарығында борышты болған жағдайда оның жағдайы төмендейді.

Сонымен қатар, NX-R-KA-NFA теңдігінде ұзақ мерзімдік кезеңдегі ағымдағы операциялар балансының күнделікті дефицитінің нәтижесі теріс көлемде болуы мүмкін, таза шетелдіе активтер көлемінің қысқаруына алып келеді. Осының нәтижесінде мемлекет нетто-қарызгерлерге айналып мемлекет алдында қарызды қалай төлеу керек туралы проблема туындайды.

Теңдікті жалғастыра отырып, мынаған ие боламыз:

(Sp-I) + (T-G) = NFA (4)

Жеке сектордағы инвестициялар және жинақтарды тең деп пайымдайық. Бұндай жағдайда мемлекеттік бюджеттің артықшылықтары мемлекеттің басқа елдерге қатысты міндетті төлемдерінің өсуін көрсетеді. Ол сыртқы қарыздың азаюымен немесе шетелдік валюталық резервтердің көбеюімен сипатталады.

Осыған байланысты төлем балансының жағдайына ықпал етудің бірнеше негізгі әдістері бар.

Бірінші- тікелей бақылау, регламенттік импортты қосқанда (сандық шектеулер арқылы) және кедендік т. б. жинақтар, шетелге шетелдік инвестициялар арқылы және ақшалай трансферттер арқылы жеке адамдардың пайда келтіруіне тыйым салу және шектеу осындай көмектің күрт қысқартылуы, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдың шығарылуы және т. б.

Тікелей бақылаудың бұл түрі елдің көптеген фирмаларына (қатты) үлкен қиындықтар және өшпенділіктер туғызады.

Ұзақ мерзімде бұл әдістер жағымды және жағымсыз нәтиже туғызады. Жергілікті өндірушілерге «қолайлы жағдай» жасау шетел инвесторларының табыстарын өткізуге тыйым салу олардың қызығушылығын төмендетеді. Сондай-ақ шетелдік мамандарды тартуда қиындықтар туындайды.

Отандық экспорттаушылар үшін шетелдерге тауар және қызмет көрсету жүйелерінің кеңеюіне кедергілер келтіреді.

Бұл өшпенділік туғызбайды, керісінше, тікелей шара отандық фирмалар мен экспорттың көмек қаражат (субсидия) жасалуын қолдайды. Бірақ ол қымбатқа түседі, оның қолданылуы мемлекеттің бюджетіне байланысты.

Мемлекеттік ықпалдың келесі әдісі-дефляция (инфляциямен күрес), ішкі экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған, бірақ жанама әсер төлем балансының жағдайын жақсартады. Дәстүрлі дефляция саясат көпшілігінде өндіретін көлемін төмендетеді, импорттың қысқаруына және экспорттың өсуіне әкеп тірейді.

Сол мемлекеттерде несие-банк жүйесі дамыған болса, қысқа мерзімді капиталды келуге ықпал етеді.

Бірақ дефляция, сонымен қатар, қарам-қайшы жағдайлар да туғызады. Мысалы: ұлттық валюта айырбас курсы жоғарылайды, ол импорттың көбеюіне жол ашады. Бірақ ұлттық валютаның курсының өсуі мемлекетте экспорттық табысты төмендетеді.

Күшті экономикалық дағдарыстарды болдырмау үшін мемлекет тарапынан валюта курсының тұрақты және «қалқымалы» курсына қатаң бақылау жасалуы керек.

Төлем балансы тапшы елдер мынадай саясаттарды қолдануы тиіс:

1. Дефляциялық саясат: бюджеттік шығындарды қысқартады; ішкі сұранысты қысқартады; жалақыны және бағаны ұстап тұрады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық қатынастар
Сауда балансы
Төлем балансының – халықаралық саудадағы орны
Валюталық бағамның экономикадағы орны және оны экономикалық реттеу
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Төлем балансының теориялары
Валюта жүйе: мәні мен түрлері және негізгі элементтері
Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері
Қазақстанның қаржылық жүйесі
Халықаралық валюталық өтімділік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz