Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жолдары мен тетіктері



1 Шағын және орта бизнесті дамыту
2 Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда қойып отырған міндеттерінің бірі- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Әсіресе жеке меншіктің нақты өмірге жүзеге асуы және орта таптың қалыптасуының материалдық негізі. Демек, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады.
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес тіптен мешеу қалып отыр деп көрсету шынайы экономикалық жағдайға сай келмейді. Үстіміздегі жылда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей [1], бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар, онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті және 8,3 млрд. теңгені құрап отыр. Қазақстан 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 12 орынға алға жылжып Дүниежүзілік Банк нұсқасы бойынша бизнесті ашу мен жүргізудің оңайлығы рейтингінде 183 елдің арасынан 47 орынға ие болды.
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ЖІӨ-де алатын үлесі-20%. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметтеріне сүйенсек, әлемдік экономикада тек шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады. Олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға дейін жетеді. Дамыған мемлекетердегі шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі мысалы, Жапонияда 55%, Ұлыбританияда-52%, Германияда-57%, Италияда-55%.
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 17 қаңтар 2014 ж.
2. Казиева Р.К. Основы бизнеса: учебник. - Астана: Фолиант, 2008. - 368с.
3. Арустамов Э.А. Организация предпринимательской деятельности: учеб. пособие для студ. Вузов /Э.А.Арустамов, А.Н.Пахомкин, Т.П.Мирофанова. - 3-е изд., испр. - М.: Дашков и К, 2010. - 336с.
4. Абрамов В.Л. Мировая экономика: учеб. пособие для студ. Вузов /В.Л. Абрамов. - 6-е изд., перераб. - М.: Дашков и К, 2010. - 310с.
5. Мировая экономика и международные экономические отношения: учеб. пособие для студ. Вузов /С.Ф. Сутырин [и др.]. - М.: ЭКСМО, 2010. - 320с.
6. Халевинская Е.Д. Мировая экономика и международные экономические отношения: учебник /Е.Д.Халевинская. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Магистр; М.: ИНФРА-М, 2011. - 368с.
7. Омурзаков Т. «Казахстан-2050» - путеводный маяк // Казахстанская правда, 1 февраля 2014 г.
8. Тусупбекова Л. Тарифы и мифы // Казахстанская правда, 8 февраля 2014 г.
9. Ең көкейкесті әлеуметтік мәселелер рейтингі // Егемен Қазақстан, 20 ақпан 2014 ж.
10. Сабден О. Стратегия развития глобальной инновационной экономики в 21 веке // Казахстанская правда, 7 ноября 2014 года
11. ҚР статистка агенттігінің (WWW.stat. Gov. Kz. ) деректері
12. Сабден О. Турар Рыскулов. Навечно в памяти народа // Казахстанская правда, 15 декабря 2014 года

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
УДК 334.012

Н.О.Молдашов, А.Қ.Ауелбекова

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жолдары мен тетіктері

Түйін
Бұл мақалада шағын және орта кәсіпкерліктің теориялық және практикалық
мәселелері қарастырылған. Бүгінгі дүние жүзілік дағдарыс кезеңінде
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті тежеп отырған факторлар
қарастырылып, кәсіпкерліктің даму жолдары негізделген. Сонымен қатар
кәсіпкерлікке теориялық талдау жасалынып, авторлар кәсіпкерлікке жаңа
анықтама берген. Тұжырымдар сатат. материалдармен қатар авторлардың
сауалнама жүргізуі арқылы негізделген.
Негізгі ұғымдар: кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес, тәуекелділік,
халық табысы, экономикалық мүмкіндік, постиндустриалдық қоғам, инновация,
ЖІӨ.

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда қойып отырған міндеттерінің
бірі- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнесті дамыту
экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы.
Әсіресе жеке меншіктің нақты өмірге жүзеге асуы және орта таптың
қалыптасуының материалдық негізі. Демек, шағын және орта бизнестің
экономикадағы үлесі мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың
әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады.
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес тіптен мешеу қалып
отыр деп көрсету шынайы экономикалық жағдайға сай келмейді. Үстіміздегі
жылда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан жолы-
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауында
атап өткендей [1], бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам
субъектісі бар, онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл
сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті және 8,3 млрд. теңгені құрап
отыр. Қазақстан 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 12 орынға алға жылжып
Дүниежүзілік Банк нұсқасы бойынша бизнесті ашу мен жүргізудің оңайлығы
рейтингінде 183 елдің арасынан 47 орынға ие болды.
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің ЖІӨ-де алатын
үлесі-20%. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметтеріне
сүйенсек, әлемдік экономикада тек шағын кәсіпорындардың саны барлық
кәсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады. Олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға
дейін жетеді. Дамыған мемлекетердегі шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі
үлесі мысалы, Жапонияда 55%, Ұлыбританияда-52%, Германияда-57%, Италияда-
55%. Салыстырмалы сараптама Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің
макроэкономикалық көрсеткіште үлесенің өте аз екенін көрсетеді. Оны 50
пайызға жеткізу үстіміздегі ғасырдың елуінші жылдарында қол жеткізу
болжанып отырғаны белгілі. Сол мақсатқа жету үшін мәңгілік сұрақ - не істеу
қажет? Шағын және кәсіпкерлікті дамытудың қандай жолдары мен тетіктері
бар? Қандай экономикалық, әлеуметтік, саяси және психологиялық кедергілері
бар?
Бірінші кезекте шағын және орта бизнестегі кәсіпкердің кім екенін,
оның қоғамда атқаратын қызметі мен маңызын жалпы халыққа түсінікті тілмен
насихат түсініктеме жүргізу қажет. Экономика теориясында келтірілетін
кәсіпкерге берілетін анықтамаларға қысқа шолу жасайық. Кәсіпкерліктің
негізін қалаған экономист және банкир Р.Кантильон кәсіпкер бұл анықталмаған
жағдайда, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында шешім қабылдайтын
адам, саяси экономия классигі А. Смит кәсіпкер-өнеркәсіпті меншіктенуші
және коммерциялық тәуекелділікпен байланысты іс-әрекет деп анықтама берсе
[2], Ф.Уокер, И.фон Тюнен, А.Азрилян ж.т.б экономистер кәсіпкерлікті пайда
табумен байланыстырады [3]. Аты экономика тарихында белгілі көптеген
экономистер кәсіпкерді тиімділік және үнемділікпен (М.Вебер), инновациялық
іс-әрекетпен (И.Шумпетер), менеджментпен (Ф.Найт), адамның психологиясымен
(Дж. Кейнс) байланыстырып қарастырады[4]. Қазақстан Республикасының
заңдарында кәсіпкерлік - бұл дербес, өзінің мүлігін пайдаланып жүйелі
пайда алу мақсатында жүргізілетін тәуекелділікпен байланысты қызмет екені
айтылса, экономистеріміз оның тәуекелділігі мен алатын табысына байланысты
анықтама береді [5].
Біздің пікіріміз бойынша, келтірілген және басқа анықтамаларда
кәсіпкердің басты қызметі - тауар өндіру мен оны сату арқылы халыққа
көрсететін қызметін елемей немесе көп көңіл бөлмей отырған сияқтымыз.
Бүгінгі таңда кез келген тәулік уақытында қалаған тауар мен қызметті
пайдаланып қажеттілігімізді қанағаттандыра аламыз. Кешегі Кеңес кезінде
тауар тапшылығы, ұзақ тұратын кезек бүгінде жоқ және оны экономика тарихы
тез ұмытты. Болған экономикалық-әлеумеметтік келеңсіздердің жоюуылуына
себеп болған негізгі факторлардың бірі – мемлекетіміздегі кәсіпкерлердің
көрсеткен қызметі. Сондықтан, халықтың санасына кәсіпкерді – өзінің
қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, тәуекелділік пен тынымсыз еңбек
арқылы халыққа қызмет атқаратын экономикалық адам-деген ұғымды енгізу
қажет.
Екінші мәселе, ұлттық экономиканың сала ерекшеліктеріне байланысты
кәсіпкерліктердің көлемін анықтау. Кәсіпкерлік туралы Заңға сәйкес
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүргізудің үш түрлі нысаны
бар: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік. Осы кәсіпкерлікті жүргізу түрлерінің
айырмашылықтары негізінен кәсіпорындарда қызмет жасайтын еңбекшілер мен
олардың табыс көлемімен анықталады. Мысалы, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне:
• қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жеке
кәсіпкерлер;
• қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және бір
жылдағы активтерінің жылдық орташа құны 60000-еселік  АЕК-тен аспайтын
заңды тұлғалар жатады.   
Орта кәсіпкерлік субъектілеріне:
• қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан асатын жеке
кәсіпкерлер;
• қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50-ден көп, бірақ 250 адамнан
аспайтын  және бір жылдағы активтерінің жылдық орташа құны 325000-
еселік АЕК-тен аспайтын заңды тұлғалар жатады.  
Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне:
• қызметкерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын немесе бір
жылдағы активтерінің жалпы саны 325000-еселік  АЕК-тен асатын заңды
тұлғалар жатады [6].
Бұл жерде кәсіпкерліктің қызмет жасайтын саласының ерекшеліктері
ескерілмеген. Сондықтан, кәсіпкерлік тиімді қызмет жасауы және дамуы үшін
заң қабылдағанда салалық ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл өз кезегінде
табыс және салық мәселесін оңтайландырған болар еді.
Үшіншіден, мемлекет шағын және орта бизнесті шынайы дамытқысы келсе,
алпауыт монополистердің баға төңірегіндегі аранын тыйюы қажет. Қазақстан
Республикасының статистика агенттігінің мәліметі бойынша біздің елімізде
2013 жылдың көрсеткішін 2003 жыл көрсеткішімен салыстырғанда
электрожарықтың бағасы 169%, судың бағасы 88%, жылудың бағасы 72%
көтерілген. Бұл мәселе халықты қатты алаңдатып отыр. 2013 жылдың 13
қарашасынан 22 желтоқсанына дейін Нұр Отан партиясының Қоғамдық саясат
институты ең көкейтесті әлеуметтік мәселелер рейтингі зерттеуіне қатысқан
16 мен 68 жас аралығындағы 1600 адамның 52 пайызы ең өзекті әлеуметтік
мәселе ретінде коммуналдық қызмет бағаларының жоғарылағанын атаған. Мысалы,
шағын және орта кәсіпкерлердің суға, жылуға, жарыққа тіптен шығаратын
қоқыстарына төлейтін төлемақылары халық төлеп отырған тарифтерге қарағанда
әлдеқайда көп. Монополистер кәсіпкерлерге ерекше қызмет көрсетпейді, ал
кәсіпкерлер олардың қызметтерін пайдаланып табыс тапса бұл олардың
еңбегінің нәтижесі. Сондықтан, бір жағынан тарифтер теңестірілуі қажет және
екінші жағынан монополистердің көрсететін қызметтерінің бағасы тоқтатылып,
оларға моротория жариялануы тиіс.
Төртінші мәселе мемлекет орындарының кәсіпкерлік іс-әрекетті бақылауы
мен тексерулері төңірегінде. Біздің мемлекетіміздегі кәсіпкерлер енді
қалыптасып жатқан қоғамдағы жаңа тап. Олар кешегі мемлекеттің
кәсіпорындарында жұмыс жасаған қарапайым жұмысшы, мал баққан шаруа, баға
оқытқан мұғалім немесе құрылыста жұмыс атқарған құрылысшы. Қысқасы олардың
көбі - арнайы кәсіпкерлік білімі жоқ, туа біткен кәсіпкерлер. Сондықтан
тексерушілер іс-әрекетін айыппұлдан бастамай, олардың кемшілік тұстарын
айтып, оларды жоюға уақыт берсе нұр үстіне нұр болар еді.
Тағы бір айтылатын мәселе- мемлекет тарабынан көрсетіліп жатқан
көмектердің, қабылданып жатқан бағдарламалар мен жолдаулардың халыққа
жетене жету мәселесі. Мысалы, тәуелсіз Қазақстанның құрылған сәтінен бастап
кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың тарихы сонау 1992
жылдан басталатынын біреу білсе біреу білмейді. Айталық, шағын және орта
бизнесті мемлекеттің экономикалық саясатының басымдылық саласы болып
табылатынын және тұтынушылар нарығын тауарлар мен қызметтерді кең қолдануға
жағдай жасайтын Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 6
наурызындағы №3398 Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді
күшейту мен оны дамытуды жандандыру жөніндегі шаралар туралы жарлығы;
шағын кәсіпкерліктің қорын құруға жағдай жасайтын Қазақстан Республикасы
үкіметінің 1997 жылдың 26 сәуіріндегі №665 Шағын кәсіпкерлікті дамыту
қорын құру туралы қаулысы; 1999-2002 жылдарда мемлекет шағын кәсіпкерлік
саласындағы құқықтық актілерді , қаржы-несиелік және инвестициялық саясатты
аймақтардағы шағын бизнестерді дамытуға, 2004-2007 жылдарда мемлекет
кәсіпкерлік ортаны, қоғамдық инститтуттар жүйесін қалыптастыруды белгіледі;
Қазақстан Республика Президентінің 2005 жылдың 18 ақпанындағы Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты жодауына
сәйкес қабылданған бағдарлама 2003-2015жж арналған Қазақстанның
индустриялдық-инновациялық даму стратегиясымен сәйкес кәсіпкерліктің
дамуына жағдай жасайды. Сонымен қатар Даму қорының жобалық қаржыландыру
және лизинг, несие жүйесіндегі кәсіпкерлікті кепілдендіру ж.т.б көптеген
шаралар қабылданды. Дегенмен, осы және басқа мемлекеттің орта және шағын
кәсіпкерлікті қолдап отырған шаралары халыққа жетпей жатады. ҚР Мәжіліс
Парламентінің депутаты Т. Өмірзақовтың мәліметі бойынша осы
бағдарламалардың қамту көлемі шағын және орта бизнестің 10% құрайды екен
[7].
Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен
жүзеге асыруға байланысты міндеттерден басқа мемлекет кәсіпкерлікті
қолдауды қаржылық, ақпараттық-сараптамалық және материалды-техникалық
қолдауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер атқарады. Қолдаудың бұл
нысандарының барлығын мемлекет атқарушы органдар арқылы жергілікті және
аумақтық деңгейде қабылданатын әр түрлі бағдарламалардың көмегімен де, әрі
ұйым капиталының қатысуымен осы үшін арнайы жасалған бағдарламалар
көмегімен де жүзеге асырады.  Демек, теледидиар немесе мерзімді баспа
беттерінде беріліп отырылатын жарнамалар жеткіліксіз немесе тиімді болмай
отыр. Сол үшін жалпы халыққа жетететін оның ішінде кәсіпкерлерге интернет
арқылы мағлұмат жеткізу, білім беру оларды аймақ, аудан, ауыл
деңгейлерінде жинап ақпараттандыруды, құзыреттілікті жалпы білім беруді
қолға алу қажет. АҚШ 1953 жылы шағын кәсіпкерлік мәселелері бойынша
атқарушы үкіметтің арнайы органы құрылды-ол жалпы ел бойынша орналасқан,
400 жуық қызметткері бар, он өңірлік және 120 жуық жергілікті бөлімдерден
тұратын, тармақталған жүйесі бар, шағын бизнес әкімшілігі. Әкімшіліктің
орталық аппараты 1100 қызметкерден тұрады, оның негізгі қызметтері
техникалық және кеңес беру қызметтерін көрсету, шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасында мемелекеттік тапсырыстарды үлестіру, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне қаржылық көмек көрсету механизмін дайындау болып табылады.
Көптеген елдердің тәжірибесінде шағын кәсіпкерлікті қолдау, белгілі
Министрліктердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін дамытудың мүмкіндіктерін талдау
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру формалары
Инновацияның арттыру жолдары
Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
Венчурлік бизнестің даму мәселелері
ОҚО-ның кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің Қазақстан \Республикасына индустриалық-инновациялық 2003-2015 жж даму стратегиясы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні
Кәсіпкерлік венчур ұғымы мен құқықтық мәселелері
Пәндер