Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. Алаш сөзінің шығу тарихы және Алаштану
2. Алаш және Алашорданың зерттелуі
3. Алаш және Алашорда тарихына қалам тартқан зерттеушілер және олардың еңбектері
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Алаш (ежелгі түрік сөзі - бауырластар, қандастар, туыстар) - көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым.
Орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы. Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Моңғол - татар - қазақ шежірелерінде Алаш (Алашы) хан туралы айтылады. Кеген тас жазуында (б.з.б. 4 ғ. шамасында) “Қаған алты бөріг алаш(а) ерті” деген жолдар, Алтай тауының Сібір жағында (Тува) Алаш атты өзен, Алаш атты тау сілемдері бар. Алаш атауы бүгінгі күнге дейін түрікмен, қырғыз, қазақ, ноғай т.б. халықтардың есінде сақталған. Кеген тас жазуында “алты бөріг” (“алты қасқыр”) деген сөздің “алты алаш” мағынасын беретіні жөнінде (үйсін, қаңлы, қырғыз, хақас, татаб-татар, сяньби-ғұн тайпалары) ғыл. болжамдар бар. Алаш туралы аңыздарда мал-мүлікке жеке меншік болмаған кездегі қауым тұрмысының сілемі байқалады. “Алаш - алаш болғанда, Ала тай ат болғанда, Таңбасыз тай, енсіз қой болғанда” деп келетін сөздер осыған меңзейді.
Қазақ халқының басын құрайтын ежелгі тайпалардың көпшілігі Оғыз қағанға бағынғанын ескерсек, “Алты Алаш” деген ұғымды оғыздың алты ұлына ерген ел деп те түсінуге болады. Бұл тұрғыдан алғанда Алаш деген ортақ түріктік атау Алтын Орда (Қыпшақ мемлекеті) ыдырағаннан кейінгі кезде қайтадан жаңғырған бауырлас түрік халықтарының басын біріктіру ұраны, ортақ атауы да болған сияқты. Ал, енді қара қазақ шақыратын “Алаш” ұраны “алаш - алаш болғанда, Алаша хан болғанда, бұл қалмаққа не қылмадық” деген сөздер кейінгі Алаша есімімен байланысты деу қисынға келеді.
Бұл орайда Саққұлақ би шежіресін, Ә.Диваевтың, Г.Н. Потаниннің, Ш.Уәлихановтың, А.Янушкевичтің, Ш.Құдайбердіұлының, М.Тынышбаевтың ел арасынан жинаған аңыз-әңгімелерін, күнделік жазбалары мен ғылылми мақалаларын атаған жөн. Олардың бірінде -алапес болып туған бала, екіншісінде - алашаға отырғызып көтерген хан, үшіншісінде - Ұлытаудан асырып тастаған баланың әскербасы болғаны, төртіншісінде - қалмақты қорқыту үшін “Алаш” сөзін ұран еткені айтылады. Соның қай-қайсысы да Алаштың хан болғандығын, қара халықты соңынан ертіп, айбарының асқандығын дәріптейді. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мысалы, Қадырғали Жалаири өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады.
1 Алаш қозғалысы: құжаттар мен материалдар жинағы / ҚР Президентінің мұрағаты, Ш. Уәлиханов атын. тарих және этнология ин-ты; [құраст. Е. М. Грибанова және т. б.].- Алматы: Ел-шежіре, 2008.- (Алаш мұрасы)
2 Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Көптомдық.-Алматы: «Ел шежіресі», 2007.
3Қозыбаев М.К. Тарих зердесі. - Алматы, 2001.
4Қойгелдиев М.Қ. Қазақ элитасы. - Алматы, 2005.
5Қойгелді М.Ұлттық саяси элита. - Алматы: Жалын, 2004. - 440 б.
6Қойгельдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы, 2008. - 480 б.
7Койгельдиев М.К. Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов. - Алматы, 2009.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. Алаш сөзінің шығу тарихы және Алаштану
2. Алаш және Алашорданың зерттелуі
3. Алаш және Алашорда тарихына қалам тартқан зерттеушілер және олардың еңбектері
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Алаш (ежелгі түрік сөзі - бауырластар, қандастар, туыстар) - көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым.
Орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы. Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Моңғол - татар - қазақ шежірелерінде Алаш (Алашы) хан туралы айтылады. Кеген тас жазуында (б.з.б. 4 ғ. шамасында) "Қаған алты бөріг алаш(а) ерті" деген жолдар, Алтай тауының Сібір жағында (Тува) Алаш атты өзен, Алаш атты тау сілемдері бар. Алаш атауы бүгінгі күнге дейін түрікмен, қырғыз, қазақ, ноғай т.б. халықтардың есінде сақталған. Кеген тас жазуында "алты бөріг" ("алты қасқыр") деген сөздің "алты алаш" мағынасын беретіні жөнінде (үйсін, қаңлы, қырғыз, хақас, татаб-татар, сяньби-ғұн тайпалары) ғыл. болжамдар бар. Алаш туралы аңыздарда мал-мүлікке жеке меншік болмаған кездегі қауым тұрмысының сілемі байқалады. "Алаш - алаш болғанда, Ала тай ат болғанда, Таңбасыз тай, енсіз қой болғанда" деп келетін сөздер осыған меңзейді.
Қазақ халқының басын құрайтын ежелгі тайпалардың көпшілігі Оғыз қағанға бағынғанын ескерсек, "Алты Алаш" деген ұғымды оғыздың алты ұлына ерген ел деп те түсінуге болады. Бұл тұрғыдан алғанда Алаш деген ортақ түріктік атау Алтын Орда (Қыпшақ мемлекеті) ыдырағаннан кейінгі кезде қайтадан жаңғырған бауырлас түрік халықтарының басын біріктіру ұраны, ортақ атауы да болған сияқты. Ал, енді қара қазақ шақыратын "Алаш" ұраны "алаш - алаш болғанда, Алаша хан болғанда, бұл қалмаққа не қылмадық" деген сөздер кейінгі Алаша есімімен байланысты деу қисынға келеді.
Бұл орайда Саққұлақ би шежіресін, Ә.Диваевтың, Г.Н. Потаниннің, Ш.Уәлихановтың, А.Янушкевичтің, Ш.Құдайбердіұлының, М.Тынышбаевтың ел арасынан жинаған аңыз-әңгімелерін, күнделік жазбалары мен ғылылми мақалаларын атаған жөн. Олардың бірінде -алапес болып туған бала, екіншісінде - алашаға отырғызып көтерген хан, үшіншісінде - Ұлытаудан асырып тастаған баланың әскербасы болғаны, төртіншісінде - қалмақты қорқыту үшін "Алаш" сөзін ұран еткені айтылады. Соның қай-қайсысы да Алаштың хан болғандығын, қара халықты соңынан ертіп, айбарының асқандығын дәріптейді. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мысалы, Қадырғали Жалаири өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады.
Шежірелердің бірінде Алашқа өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, ноғайды жатқызады. "Қамбар батыр" жырында ("Тамашаға жиылсын, Алты Алаштың баласы"), Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқанында ("Он сан Алаш баласын, жұмсап бір тұрсың қолыңмен"), Махамбеттің ("Алты сан Алаш ат бөліп, тізгінін берсе қолыма") өлеңдерінде Алаш сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. "Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш" деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. Соның дәлелі ретінде "Алаш қозғалысы", "Алашорда", "Алаш" деген ұғымдарды атауға болады. "Алаш азаматы" деу қазақ халқының ауыз бірлігіне, елдің, жердің тұтастығына меңзейді.

Алаш сөзінің шығу тарихы және Алаштану.
Алаштану-Алаш партиясы, Алаш автономиясы және Алашорда үкіметі деген ұғымдарды қамтитын Алаш қозғалысыныңтарихнамасы немесе зерттелу жағдайы.
Алаштануға арналған алғашқы пікірлер мен зерттеулер 1919-1920 жылдарда мерзімді баспасөз беттерінде жарияланды. Осы мәселе бойынша алғашқы қалам тартушылар көшінің басында Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі А. Байтұрсынұлы пен қоғам және мемлекет қайраткері, ақын С. Сейфуллин тұрды. 1919 жылы тамызда Жизнь национальностей апталығында (Ресей ұлт істері жөніндегі комиссариатының органы) Байтұрсыновтың Революция және қазақтар атты мақаласы жарияланды. Онда Алаш қозғалысының бастау көздері, Алаш автономиясын жариялау мен оның үкіметін құрудағы себептер ашып көрсетілді.
Алашорданың құрылуын 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жеңісі әкелгенанархияға қарсы тосқауыл болған еді деп бағалады. Мұны А. Байтұрсынов қазақтар арасында таптық жіктелудің жоқтығына және жеке меншіктік заттарда белгілі меже болмауына байланысты ... оларға әзірше социалистік қоғамға деген қажеттіліктің жоқтығымен түсіндірді. Байтұрсыновтың мақаласы жарияланысымен және сол Жизнь национальностей апталығында Сейфуллиннің Манап Шамиль деген бүркеншік атпен Қырғыз интеллигенциясы туралы атты мақаласы жарық көрді.
Өз тағдырын, сан қырлы қоғамдық және шығармашылық қызметін социализм мен коммунизм идеяларымен тығыз байланыстырған ақын бұл мақаласында Алаш қозғалысы жалпы алғанда қазақ халқының мақсат-мүддесіне жат құбылыс деген ойдың ұшығын аңғартады.
1920 жылдардың басынан Қазақстанның мерзімді баспасөзінде Алаш қозғалысы туралы белгілі бір дәрежеде пікірталас орын алды. Бұл пікірталас Ш. деген лақап есімімен жасырынған автордың Шығыс Киргизиядағы (Қазақстандағы) революциялық қозғалыстың тарихына (Степная правда,Орынбор,1922, 26-27 шілде), Ә.Байділдиннің Шығыс Киргизиядағы революциялық қозғалыс жөнінде, А.Кенжиннің Киргизиядағы революциялық қозғалыс атты мақалаларын жатқызуға болады. Ә. Байділдин мен А. Кенжин Алашорда тарихын біржақты жамандауға қарсы шықты. 1925 жылы Қазақстанды басқаруға Ф.Голощекин келгеннен кейін Алаш қозғалысына қатысқан адамдарды саяси қудалаумен қатар, ол қозғалыстың тарихын бұрмалау да басталды. 1926 жылы 25-30 қарашада өткен БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің ІІ пленумы республикалық партия ұйымдарын Алашорда идеологиясына қарсы күресті күшейтуге шақырды.
Жекелеген зерттеушісымақтарға Алашорданың контрреволюциялық ұлтшылдық мәнін әшкерелейтін еңбектер жазуға арнайы тапсырмалар берілді. Осындай тапсырмамен жазылған еңбектің бірі А.К.Бочаговтың 1927 ж. Қызылордада жарық көрген (орыс тілінде) Алашорда атты кітапшасы еді. Автор кейбір дұрыс пікірлер айтқанына қарамастан, жалпы алғанда Алашорданы жамандап, оның тарихының әр түрлі кезеңдері мен қызметіне әділ баға бере алмады. Арнайы тапсырмамен дайындалған екінші еңбек 1929 ж. Н.Мартыненконың құрастыруымен Қызылордада жарық көрген Алашорда атты құжаттар жинағы еді.
Кітап сол кездегі Қазақстан үкіметінің басшысы О. Исаевтыңредакциясымен шықты. Жинақтың алғы сөзінде және оған енген құжаттарға берілген құрастырушының түсініктемелерінде комм. идеология мен таптық принцип тұрғысынан Алаш қозғалысы теріс бағаланғанына қарамастан, онда жарияланған деректер Алаш тарихының жекелеген кезеңдері мен оның қызметі туралы нақтылы мәліметтер береді. 1935 ж. БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті жанындағы партия тарихы институтының қызметкерлері С.Брайнин мен Ш.Шафиро Алашорда тарихының очерктері деген кітап жариялады.
Авторлар Алаш қозғалысының жетекшілері мен оған қатынасушыларды орыс патшалығы менУақытша үкіметтің қолшоқ-парлары, қазақ халқының қас жаулары деп бағалап, Алашордаға ұлтшыл контрреволюцияның үкіметі деген анықтама берді. Осыған қарамастан кітаптың негізгі мәтініне қосымша ретінде Алаш қозғалысының тарихы жөнінде берілген құжаттар тізбегі ойлы оқырманның осы тарихтан шындыққа сай мәліметтер алуына көмектесті. 1930-1932 ж. әміршіл-әкімшіл жүйе ұйымдастырған сот процестерінің үкімі бойынша бұрынғы Алаш қозғалысы белсенділерінің басым бөлігі сотталды. Одан елге оралғандары халық жаулары деген айыппен 1937-1938 ж. атылып кетті. Сол 1930-жылдардың ортасынан 1980-жылдардың соңына дейін отандық тарихнамада Алаш қозғалысына байланысты зерттеулер жүргізілген жоқ.
20 ғасырдың бас кезіндегі Ресейдегі қоғамдық-саяси өмір тарихы, оның ішінде Алаш қозғалысының да мәселелері жөнінде шет елдерге эмиграцияға кеткен ресейлік, ортаазиялық, қазақстандық және кавказдық халықтардың, сол сияқты шет елдерде өмір сүріп, қызмет істеп жүрген отандастарымыздың еңбектерінде молынан кездеседі (А.Ф.Керенский, М.Шоқай, З.У.Тоған, А.Авторханов, Х.Оралтай, т.б. еңбектерінде).
ҚР өз тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан кейінгі кезеңде зерттеуге ондаған жылдар тыйым салынған Алаш тақырыбы жөнінде тарихи шындықты қалпына келтіруге бағытталған талпыныстар жасалды. 1989 жылы шілдеде Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихы институты Алашорда: пайдаболуының, қызметі мен күйреуінің тарихы деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырды. Пікірталасқа қатысушылардың ойлары көп жағдайда әр қилы болғанына қарамастан, басқосу жаңа тарихи кезеңде бұл тақырыптың бірінші кезекте зерттелуі қажет мәселелерінің басын ашуда оңды рөл атқарды.
Алаш қозғалысына жаңа көзқарас қалыптастыруда соны пікірлер айтып, дәлелді тұжырымдаржасауда М.Қойгелдиев,Т.Омарбеков белсен-ділік көрсетті. Кейін Алаштану мәселелері жекелеген монографиялық зерттеулерге арқау болды. 1994-1995 жылдары осы тақырыпқа арналған К.Нұрпейісовтің, М.Қойгелдиевтіңмонография еңбектері жарық көрді.
Алаш және Алашорданың зерттелуі
Көпшілікке мәлім, 1980 жылдардың соңы мен 1990жылдардың басы қоғамда кеңес мемлекеті тарихының берік қалыптасқан бұрынғы тұғырнамаларын, тарихи оқиғаларды зерттеудің таптық козқарастарын қайта қараумен әйгілі болды. КСРО-ның ыдырауы, егемен Қазақстан мемлекетінің құрылуы, халықтың үлттық санасының оянуы, кеңестік мемлекеттік жүйенің күйреуі және коммунистік идеологияның күйреуі тарих ғылымының жағдайын түбірімен өзгертті.
1980 жылдары КСРО-да орын алған қоғамдық-саяси үрдістер ең алдымен гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар саласын қамтыды. Қоғамдық және мемлекеттік өмірдегі өзгерістер объективті шындық ұстанымдарына негізделген тарихи зерттеулерді алдыңғы қатарға шығарды. Біртіндеп ғылымды идеологияландырудан, оқиғалар мен фактілерді беру мен баяндаудағы еуроцентристік үстанымдардан арылу беталысы басталды, күні өткен таптық-топтық басымдық пен бірпартиялылық бағдарынан бас тартқан тарихи зерттеулердің әдіснамасы озгерді. Бұл ретте, мемлекеттің біртұтастығы мен ұлттық және рухани келісім тарихи үрдістерді терең зерттеудің ықпалында қалыптасуы тиіс деген қағида Қазақстанның тарих ғылымы дамуының талассыз фактісіне айналды. Осы факторлардың барлығы бүгінде тарихи зерттеулердің ең басты басым бағыты болып табылады.
Қазақстандық тарих ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы XX ғасырдың 20-жылдарындағы ұлттық кеңестік мемлекеттің дүниеге келуі және қазақстандық партия ұйымдарының құрылуы секілді нақты оқиғалармен тығыз байланысты. Жоғарыда аталған оқиғалардың баршасы І.М. Қозыбаевтың Қазақстан тарихнамасы: тарих тағылымдары (А., 1990) деп аталатын жұмысында егжей-тегжейлі қарастырылды. Республиканың ғылыми саласы ұйымдық құрылысының негізгі кезеңдері мен формаларын атап өтейік. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК) 1920 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен Ағарту халық комиссариатының жанынан, одан соң 1921 жылдың 1 желтоқсанынан РК(б)П ОК жанынан бөлім құқығында құрылған Истпарт (Қазан төңкерісі тарихы және Коммунистік партия тарихы жөнінгі материалдарды жинау мен зерттеуге арналған комиссия) деп аталған құрылым Қазақстандағы қоғамдық ғылымдар бойынша алғашқы ғылыми мекеме болды. Қазақ өлкесінде алғашқылардың бірі болып, 1921 жылдың 24 қарашасында құрылған Семей истпарты қызмет ете бастады. Ал 1924 жылға қарай губерниялық партия тарихы мекемелері Ақмола, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей, Жетісу губернияларында іске қосылды. Осымен бір уақытта сол кезде Түркістан АКСР-інің құрамына енген Қазақстан аудандары аумағындағы революцилық қозғалыс тарихын Түркістан партия тарихы мекемесі зерттеді. Сондай-ақ аталған мәселені зерттеу ісіне Сібір, Омбы және басқа да шекаралас аймақтардағы осы секілді комиссиялар өз үлестерін қосты. 1920 жылдары бұрынғыша, ғылыми-зерттеу жұмыстарын Ғылым академиясының мекемелері жүргізді. Алайда бұрынғы жылдардағыға қарағанда бұл жұмыс неғұрлым кең ауқымды әрі мақсатты сипатқа ие болды.
Мұндай ғылыми мекемелердің ішінен қазақтардың саны мен орналасуын зерттеумен айналысатын Ресейдің ұлттық кұрылымын зерттеу комиссиясының Түркістан және Сібір бөлімдерін; КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы антропологиялық отрядын; Материалдық мәдениет тарихы мемлекеттік академиясын; Шығыс мәдениеті, антропология мен этнография мұражайларын ерекше атауға болады. Бұл кезде, ең ірі бөлімі тарихи-этнографиялық бағытта жұмыс істеген Қазақстанды зерттеу қоғамының қызметі есіп, тереңдей түсті. Қоғамтану бағытындағы жұмыстарды партия тарихы мекемелерімен бірге, КазКСР Халық ағарту комиссариатының ғылыми, ағарту және көркемдік саладағы қызметіне басшылық ететін академиялық орталығы да үйлестіріп отырды.
Сөйтіп XX ғасырдың 20-жылдары қазақ өлкесінің тарихын зерттеудің ғылыми және ғылыми-ұйымдық ұстанымдарының негізі салынды. Бұл үрдістін айқын түрдегі таптық-идеологиялық, партиялық сипаты болды, себебі Қазақстанда партия ұйымдарын құрумен тығыз байланыста жүргізілді. Дәл осы фактор тарих көріністерін таңдауда, жекелеген тарихи тұлғалардың және тұтас оқиғалар мен құбылыстардың КСРО ыдырағанға дейінгі кезеңдердегі рөлі мен мәнін бағалауда айқындаушы маңызға ие болды. Сондықтан алғашқы тарихи жұмыстар Қазақстан аумағындағы революциялық проблемаларға, Азамат соғысы тарихына арналды.
20-30жылдардағы басылымдарда, кейіннен партия және кеңес органдарының көрнекті қызметкерлері болған, Азамат соғысы мен Кеңес өкіметі үшін күрестің белсенді қатысушыларының қаламынан туған мемуарлық сипаттағы материалдардың үлесі орасан зор болды.
Бұл авторлардың жарияланымдарында 1917 жылдың қарсаңындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай, тұрғындардың әр алуан жіктерінің 1917 жылғы екі төңкеріске қарым-қатынасы, 1918-1920 жылдардағы қызылдар мен ақтардың қарулы қақтығыстары туралы зерттеушілердің қалың ортасына көп белгілі емес, қызықты материалдардың болуымен құнды, сондай-ақ Пролетариат диктатурасы мемлекетінің органы ретіндегі жергілікті Кенестердін калыптасу үрдісі туралы мәліметтер келтірілген. Сонымен катар ол жарияланымдарда, орталықтағы Казан төнкерісінің женісі және Ресейдің ұлттық шет аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда да Кенес өкіметін орнату еңбекшілердің түпкілікті мүдделеріне жауап беретін занды кұбылыс екендігі және сондықтан да Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінін және олардың жақтастарының коммунистік идеология мен Кеңес өкіметінің нақты іс-қимылдарына қарсы бағытталған теориялық көзқарастары мен практикалық іс-шаралары халыққа және революцияға қарсы әрекет болып табылатындығы жайындағы тезисті дәлелдеуге талпыныс жасалған. Ал дәл осы орайдағы мәселені А. Байтұрсынов пен бірқатар Алашорда көсемдері басқаша пайымдады. Мәселен, А. Байтұрсынов өзінің РКФСР Халық Комиссариатының Ұлттар ісі жөніндегі органы Жизнь национальностей басылымында жарияланған (1919 жыл, 3 тамыз) Революция және қазақтар деген мақаласында: Қырғыздарға (қазақтарға. - авт.) Ақпан революциясы қандай түсінікті болған болса, оларға Қазан революциясы соншалықты түсініксіз болып көрінді... Олар алғашқы революцияны қандай куанышпен қарсы алған болса, екіншісін сондайлық үрейлі қорқынышпен карсы алуларына тура келді, - деп жазды. Мұны ол Ақпан революция қазақтарды патша үкіметінің езгісі мен зорлық-зомбылығынан азат етті, - деп түсіндіреді, - және... олардың өздерін дербес баскару жөніндегі қасиетті арманын жүзеге асыруға деген үміттерін орнықтырды. Ал екінші революцияның кырғыздарға түсініксіз болатын себебі қарапайым ғана шындықпен түсіндіріледі: қазақтарда капитализм де, таптық жіктеліс те жоқ тіпті оларда меншіктің өзі де басқа халықтардағыдай айқын анықталмаған, көптеген тұтыну бұйымдары оларда қоғамдық меншік болып саналады. Бірақ мұндай пікірлер мен көзқарастар Қазан революциясы мен 20-30жылдардағы Азамат соғысы тарихнамасында озық идея бола қойған жоқ және бұл жағдай 80-жылдардың соңына дейін жалғасты. 20-30жылдар мақалаларының барлығының, өзінің мазмұны мен тарихи оқиғаларды қамтуы жағынан маңыздылығы бірдей емес еді. Олардың көпшілігі Қазақстанның жекелеген, жергілікті аудандарына немесе Азамат соғысы мен Кеңес өкіметінің және оның Қазақстанда орнығу үрдісінің жекелеген оқиғаларына арналды.
Өз кезінде Т.Е. Елеуовтің дұрыс көрсеткеніндей, 20-жылдар әдебиеті кемшіліктерінің бірі деректемелік негізінін әлсіздігі еді. Ол кезде Қазан революциясы мен Азамат соғысының құжаттары жарияланбады. Kөп жағдайда зерттеушілер өз қорытындыларын революция мен Азамат соғысының даму үрдісін сипаттайтын фактілердін бүкіл жиынтығын есепке алмай, сол тұста қол жетерлік болған жекелеген деректерге негізделіп шығаруға мәжбүр болды. Қазан революциясы мен Қазақстандағы азамат соғысының тарихын зерттеу жұмыстары белгілі бір деңгейде 40-50жылдары жандана түсті, әсіресе ол Отан соғысынан кейін мақсатты іске айналды . 1943 және 1949 жылдары жарық көрген Қазақстан тарихы жөніндегі жалпы тұжырымдар жасалған жұмыстарда, сондай-ақ Қазақ КСР тарихы (социализм дәуірі) кітабының екінші томында өлкеде Кеңес өкіметі мен Азамат соғысы женісінің барысын көрсетуге арналған арнаулы тараулар болды. 1917-1920 жылдардағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдар жинақтары шыға бастады. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында Кеңес өкіметінің орнау тарихы және олардағы Азамат соғысының барысы, сондай-ақ бұл үрдістердің ерекшеліктері зерттелді. Революция мен аграрлық-шаруа қожалығы мәселесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Алаш жайлы
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарасы
Әлихан Бөкейханұлының саяси көзқарастарының қалыптасу шарттары
Әлихан Бөкейханов және Алаш партиясы
Алаштың жолы
Большевиктік тәртіпке және қазақ зиялылары 1917-1920 жылдарындағы қызметіне жаңаша тарихи саяси көз жүгірту
ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Пәндер