Етті бағытта өсірілетін ірі қара мал



1 Шортгорн тұқымды ірі қара мал.
2 Шароле тұқымды ірі қара мал.
3 Санта.Гертруда тұқымды ірі қара мал.
4 Галловей тұқымды ірі қара мал
5 Абердин.ангусс тұқымды ірі қара мал.
6 Ангусс тұқымды ірі қара мал.
7 Герефорд тұқымды ірі қара мал.
8 Қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малы.
Етті қара мал түрлері жітті түрде жемдету нәтижесінде тез өсіп жетілу, қарқынды даму және көп мөлшерде ет беру қасиеттерімен анықталады. Етті қара мал түрлері сүтті және сүтті-етті қара мал түрлеріне қарағанда сүтті аз немесе мүлдем бермейді. Бірақ оларға қарағанда етті бұқалар тез өсіп өлшемдері үлкен болады, еттің дәмі жақсы және сапасы өте жоғары болып келеді.
Бұл етті сиыр тұқымының өте көне түрі болып келеді. Шортгорн аталу себебі сиыр мүйізінің қыска болуына байланысты, short(шорт)-қысқа, horn(хорн)-мүйіз. Бұл сиыр тұқымы 18 ғасырда солтүстік-шығыс Англиядағы жергілікті қысқа аяқты қара мал түрі мен голландия және галловей тұқымдарымен будандастырылуы арқылы алынған. Таңдау ет сапасының касиетімен жүргізілді.
Шортгорн тұқымының жануарлар түсі шие-қызыл, қызыл-ақбас, қызыл-ақ және буырыл болып келеді, таза ақ түсті аз. Бұл қара мал түрі ірі емес, биіктігі 128-130 см ал дене ұзындығы 150-155 см. Денесі доғал, бөшке тәріздес, кеуде бұлшық еттері жақсы дамыған. Жануардың басы үлкен емес, жеңіл және жалпақтау болып келеді. Маңдайы жалпақ, мүйіздері ішке қарай қайырылған. Мойны қысқа, жуан және денемен елеусіз байланысады.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Етті бағытта өсірілетін ірі қара мал.
Етті қара мал түрлері жітті түрде жемдету нәтижесінде тез өсіп жетілу, қарқынды даму және көп мөлшерде ет беру қасиеттерімен анықталады. Етті қара мал түрлері сүтті және сүтті-етті қара мал түрлеріне қарағанда сүтті аз немесе мүлдем бермейді. Бірақ оларға қарағанда етті бұқалар тез өсіп өлшемдері үлкен болады, еттің дәмі жақсы және сапасы өте жоғары болып келеді.
Түрлері.
Шортгорн тұқымды ірі қара мал.
Бұл етті сиыр тұқымының өте көне түрі болып келеді. Шортгорн аталу себебі сиыр мүйізінің қыска болуына байланысты, short(шорт)-қысқа, horn(хорн)-мүйіз. Бұл сиыр тұқымы 18 ғасырда солтүстік-шығыс Англиядағы жергілікті қысқа аяқты қара мал түрі мен голландия және галловей тұқымдарымен будандастырылуы арқылы алынған. Таңдау ет сапасының касиетімен жүргізілді.
Шортгорн тұқымының жануарлар түсі шие-қызыл, қызыл-ақбас, қызыл-ақ және буырыл болып келеді, таза ақ түсті аз. Бұл қара мал түрі ірі емес, биіктігі 128-130 см ал дене ұзындығы 150-155 см. Денесі доғал, бөшке тәріздес, кеуде бұлшық еттері жақсы дамыған. Жануардың басы үлкен емес, жеңіл және жалпақтау болып келеді. Маңдайы жалпақ, мүйіздері ішке қарай қайырылған. Мойны қысқа, жуан және денемен елеусіз байланысады.
1

Кеудесі жалпақ (42 см), терең (68 см), доғал, кеуде құлашы 185-200 см. Жотасы жалпақ, ұзын болып келеді. Арқасы және белі түзу және жалпақ болып келеді. Бөктеріншегі жалпақ, ұзын, түзу болады. Аяқ-колдары қысқа, мықты.Теріні жұмсақ, серпімді, тегіс, жұмсақ шашты, орта ұзындықты және жиі ширатылады.
Ересек сиырлардың салмағы - 550-750 кг, бұкалардың салмағы - 750-950 кг, кейбір түрлері 1300 кг-ға жетеді. Жаңа туған торпақтардың салмағы - 25-35 кг. Сегізінші айда торпақтардың салмағы - 180-250 кг. 18 ай - 450-600 кг. Бір тәулік ішінде салмақтың артуы 1000-1200 гр-ға жетеді. Соғымдылық - 65-70%. Соның ішінде еті - 81%, майы 8%. Еті нәзік, шырынды және мәрмәр тәріздес май қабттары бар. Сүтті өнімділік - 2500-3000 кг, ал таңдаулы түрлерінде 6000 кг-ға жетеді. Сүттің майлығы - 3,8-3,9 %.
Шортгорн тұқымды сыйырларды АҚШ, Канада, Еуропа елдерінде, Аргентинада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Ресейде өсіреді.
Шортгорн тұқымының артықшылығы тез өсіп жетілу, жоғары сапалы ет және сүт, соғым мөлшерінің көп болуында.
Ал кемшіліктері сыртқы ортаға сезімталдығы және баптап күту қиындығы мен жем таңдауы. Басты кемшілігі бұл аз тұқымдылық пен ауруларға шалдыққыштығы болып табылады.

2

Шортгорн тұқымды сиыр.

3

Шароле тұқымды ірі қара мал.
Шароле тұқымы алғаш рет 18 ғасырда Францияның Шароле графтығында жергілікті ала-құла малдың іріктеуінен және жетілдіруінен пайда болған тұқым. Тұқымды малдарды алғашқыда симменталдармен тоғыстырды . 19 ғасырда Шортгорн тұқымымен будандастырған, алайда будандастыруды кейін тоқтатып, тұқымды әрі қарай жетілдіру жүргізілді. Тұым 1855 жылы дербес болып жарияланды.
Шароле тұқымды сиырлар негізінен ақ, дақтары жоқ, сары ренкті немесе кремді ақ немесе бозарған болып келеді. Жануар үлкен (биіктігі 135-145 см), бұлшық еттер жақсы түзелген, үйлесімді дене құрылысты. Денесі ұзын, терең (156-170 см). Басы үлкен емес, қысқа және жалпақ.
Маңдайы да жалпақ болып келеді. Мүйізі ұзын, доғалданған. Мойыны қысқа, қалың етті. Кеудусі терең (68-78 см) және жалпақ (50-55 см), кеуду құлашының ұзындығы 190-210 см. Арқасы түзу, жалпақ, бел жағы ірі болып келеді. Сегізкөз жалпақ, сан еті жақсы дамыған. Аяқ-қолы ұзын емес алайда дұрыс қалыптасқан. Бұлшық еті борпылдақ, дененің артқы жағында және арқада жақсы дамыған. Тері жабыны ұзын және жұқа болып келеді.
4

Ересек сиырдың салмағы - 650-1100 кг, бұқалардың салмағы - 950-1400 кг. Тұқым ірі-ұрықты болып келеді, егіздік те жиі кездеседі (4%). Жаңа туған торпақтардың салмағы - 42-50 кг, алты айға келгенде салмағы - 220-250 кг, ал бір жарым жылға келгенде салмағы - 390-460 кг. Бір тәулік ішінде салмақтың артуы - 800-1600 г-ға жетеді. Соғым мөлшері - 60-71%. Ет жоғары сапалы, соғымның 80%-ын қамтиды. Сүтті өнімділік - 1800-2700 кг, майлығы 4,0%.
Шароле Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Канада жерлерінде өсіріледі.
Шароле түқымының артықшылығы ол жануарлардың пайдалану ұзақтының ұзақтығы, шамамен 15 жыл. Мал төзімді, жуас болып келеді, климатизацияны жақсы шыдайды. Малдың еті жасық, нәзік, майы аз және шырынды болып келеді.
Тұқымның кемшілігі тұратын жағдай мен жемдену күрделілігі болып табылады. Суыққа төзімді емес, кейде тері жабынының үсіп қалуы кездеседі. Малдардың кейбіреуінде жауырын сүйегінің қақ жарылуы, сегізкөз сүйегінің дұрыс жетілмеуі, дене бітімінің қатты борпылдақ болып кетуі, дененің артқы жағының гипертрофиясы байқалады.

5

Шароле тұқымды сиыр.

6

Санта-Гертруда тұқымды ірі қара мал.
Санта-Гертруды тұқымы етті болып келеді. Осы тұқымды 20-шы ғасырдың ортасында АҚШ-тың Техас штатында Santa Gertrudis фермасында шығарды. Техас фермерлері үнділік зебу мен шортгорн сиырларының будандастыруы арқылы алынды.
Санта-Гертруда сиырлары шие-қызыл түсті болады. Денесінің астынғы жағында ақ дақтар болуы мүмкін. Жануарлар үлкен және етті болып келеді. Денесі жалпақ, кеудесі терең, кеулесінің астынғы жағы жақсы дамыған және денесінің артқы жағы ұзын болып келеді. Санта-Гертруда бұқаларының мойнында өркеші бар. Аяқтары мықты, аяқ бұлшық еттері кебір. Тері жабыны жұқа, икемді және мойындырында тыртыстары бар. Құлақтары көбінесе салбыраған. Жүні қысқа және жалтыраған.
Ересек сиырлардың салмағы 560-600 кг, кейде 780-ге жетеді. Бұқалардың салмағы 830-1000 кг болады. Жаңа туған бұзаулардың салмағы 29-30 килограмм. Тәуіліктік сүт беру мөлшері 5-10 кг, майлығы 4,6% тен 6% дейін өзгереді. Бұзаулары күнінде 100-1200 г салмақ қосып отырады. Бір жарым жылдан соң жайылымда жүрген сиырлардың салмағы 400 кг, ал бұқалардың салмағы 460-510 кг болады. Сойылым пайызы жалпы дене массасынан 63-65, ең көп дегенде 70%-ға жетеді.
7

Бұл тұқым негізінен далалық жайылымдардың климаттық жағдайларында өсіру үшін жасалған. Санта-Герруда тұқымды сиырлар мен бұқаларды АҚШ, Аргентина, Бразилия, Қазақстан жерлерінде өсіреді.
Артықшылықтар. Жануарлар аптап ыстықты жақсы өтейді. Жазда, күн ыстықта да салмақты жинай береді. Суық ауа райына да төзімді болып келеді, -30°С-ты температураны өтей береді. Сақтау және тұру жағдайларын талғамайды. Жануар өте төзімді болып келеді. Ұзақ айдауларға, қан ішкіш жәндіктердін шағуына төзімді. Пираплазмоз ауруына шалдықпайды. Будандастыру кезінде ұрпақтарына өздерінің қасиеттерін береді. Ет сапасы жоғары болады. Басқа тұқымды бұзауларға қарағанда тезірек өседі.
Кемшіліктер. Тұқымның өсімталдығының кем болуы, бұзаулардың тек 60-65% өсіп, жетіледі.

8

Санта-Гертруда тұқымды бұқа.

9

Галловей тұқымды ірі қара мал.
Галловей тұқымы ең көне етті тұқымдарының бірі. Ол Шотландияның Галловей графтығында, XIX-шы ғасырда шығарылған. Басында тұқым етті-сүтті болғанымен, кейінінен тек етті болып қалыптасты.
Галловей тұқымының жануарлары тұқыл, қара түсті, кейде қара-бура және сұрғылт сары түсті тірлері де кездеседі. Денесі ұзын, дене бітімі пропорционалды. Мойны жалпақ, кеудесі терең, белі қысқа, арқасы тізу және жалпақ, аяқтары мықты және қысқа, тұяқтары қатты болады. Терісі қатты, жүні бұйра, ұзындығы 20см-ге жетеді.
Галловей тұқымының сиырлары 450-500 кг салмақ жинайды, ал бұқалардың салмағы - 700-800кг-ға жетеді. Жылдық сүт сауымы 1500кг, майлығы - 4,0%. Бұзаулар кішкентай болып туады, бірінші айларда баяу өсіп, кейін тезірек өсіп жетіледі. Галловей тұқымының бұзаулары 95,2% жағдайда аман қалып, өседі. Соғымдық мөлшері - 60-65%.
Тұқымның артықшылығы олардың төзімділігі және тұру ортасының талғамаушылығы. Жыл бойы далада, ауа-райының нашар болуына (жаңбыр, қар,суық) төзімді. Тропиктік ауа райы жағдайларында да оңай бейімделеді.

10

Жануарлар ұзақ өмір сүреді, кеш жетіледі және тұқымдылығы жоғары болады. Оңай бұзауланады. Өнеркәсіптік жағдайларда будандастыруға өте жақсы тұқым болып табылады.
Еті мәрмәр тәріздес, сапасы жоғары, шырынды және жұмсақ, артық майы жоқ, еттің өзіндік жұпар иісі бар, ет талшықтары жұмсақ және қанықпаған май қышқылдарына бай болып келеді.
Кемшіліктеріне, еттің тек мойын мен төс еті мәрмәр тәріздес болуы. Денесінің басқа бұлшық еттері қарапайым сиыр етінен айырмашылығы жоқ.

Галловей тұқымды бұқа.

11

Абердин-ангусс тұқымды ірі қара мал.
Етті бағытта өсірілетін Абердин-ангусс тұқымы Шотландияның абердин графтығының Абеншир және ірірек, ұзын сирақты ангусс графтығының Ангусшир тұқымды кара малдардың будандасыруынан пайда болыды. Сиырларды жаңа тұқымдарды жарату үшін қолданады. Брангус, муррейлік сұр, ямайлық қара, вокалапа, африкангусс және барзон, бұл абердин-ангус тұқымын будандастыруы арқылы пайда болды.
Абердин-ангусс сиырлары генетикалық мүйіссіз, қара және қызыл, кейде қоңыр түсті болып келеді. Денесінің артқы жағында қішкентай, ақ түсті дақ болуы мүмкін. Мал орта және жалпақ дене бітімімен, тұрқы цилиндрлі болып келеді. Мойны қысқа, денесімен және басымен елеусіз байланысады. Бел, сегізкөз және бұлшық еттері жақсы дамығын. Аяқтары дұрыс қойылғын, қысқа және етті болып келеді. Терісі борпылдақ, жұқа және серпімді. Жануардың биіктігі 120-150 см, кеуде кеңдігі 45-65 см, жалпы жалпақтығы 50-60см, дене ұзындығы - 135-140 см болады.
Сиырлырдың салмағы 500-700, бұқалары - 750-100кг салмақ жинайды. Жылдық сауым 2000кг сүт. Жаңа туған бұзаулардың салмағы 22-25 кг (сиырлар), 25-28 кг (бұқалар). Жануарлардың тұқымдылығы 95%. Сойымдылық мөлшері - 62-65%.
12

Абердин-ангус сиырлары өте тез өсіп, жетіледі. Оңай бұзауланады. Суық және қоңыржай климатқа тез бейімделеді. Сиырларды жыл бойы далада ұстауға болады. Орман және тау жайлауларында ажйыла береді. Сиырдың сойымдылығы жоғары(сүйек тек 15-18% дене бітімін қамтиды). Еті нәзік, жұқа талшықты, сіңірлі емес, жақсы мәрмәрланған, стейктер жасау үшін ең жақсы ет түрі болып табылады. Будандастыру кезінде тұқымға өзінің еттік қасиеттерін береді. Абердин-ангус тұқымы етті бағытта өсірілетін сиырлардың тізімінде жоғары беделді алады.

Абердин-ангусс тұқымды бұқа.

13


Ангусс тұқымды ірі қара мал.
Ангусс тұқымы алғаш рет XIX ғасырда Шотландияда, жергілікті қара және мұқыл сиырлардың тұқымдарын жетілдіру арқылы пайда болды. Жануарларды өсіру мен күтіу қоңыржай климатта жақсы жүзеге асады.
Ангусс тұқымының жануарлары бір түсті қара немесе қызыл түсті және мұқыл болып келеді. Басы жеңіл. Мойны қысқа, бас және иықпен елеусіз қосылады. Қаңқасы жіңішке және жеңіл, дене салмағының 15-18% қамтиды. Денесі жалпақ және жоғарғы желісі тізу болып келеді. Сандары толық және көлемді. Аяқтары мен тұяқтары қатты және де мықты. Жота биіктігі 136-145 см. Ерекше, еттің арасында болатын майлы қабаты үшін ангусс тұқымының еті көп тұтынушылар сұранысына ие болады.
Ересек сиырдың салмағы 650-800 кг, ал өндіруші бұқаның салмағы 950-1200 кг-ға жетеді. Жылдық сауым 2500-3000 кг сүтті қамтиды. Алғаш бұзаулану уақыты жануардың 24-27-ші айында болады. Жаңа туған бұзаулардың салмағы 32-35 кг болады. Бір жылға туған бұзаулардың салмағы 500-550 кг. Сойымдылық мөлшері дене салмағынан 60%-ын құрайды.
Ангусс тұқымын Шотландия, АҚШ, Канада, Аргентина, Австралия, Еуропа, Ресей жерлерінде өсіреді.

14

Тұқымның артықшылығына көшуге жақсы бейімделгені, жайлаулық күтіп-асырауда оңай болып келуі, тез жетілуі қасиеттері жатады. Жыл бойы қосымша азықтандырусыз, тек пішен мен шөпті жеп, өсе береді. Малдың сүт беру мөлшеі де жоғары болып келеді. Оңай бұзауланады. Бұзаулары мықты, бейімделгіш болып туады және тез салмақ жинайды. Сиырлар +30°С ыстықты және -30°С суықты өтей береді.
Будандастыру кезінде төлдеріне өздерінің етті қасиетін береді. Малдың тұқылдығы оның асырау мәселесін азайтады. Тұқымда аласалық қасиеті бар ұрпақтар кездеседі. Бір метр биіктігі бар жануардың салмағы 600 кг тартады.
Ангус тұқымының Мәрмәр сиыр еті жалпы сиыр етінің бағасы рейтингінде бірінші тармаққа ие. Еттін кемшілігі оның термикалық жолмен өңдегенде сапалы кесек ет жері, жуан мен жіңішке жері дұрыс өтіп, ал қалған ет өңдеуден сон қатты және құрғақ болып келеді.

15

Ангусс тұқымды сиыр.

16

Герефорд тұқымды ірі қара мал.
Герефорд тұқымы етті сиырлар ішінде озық түріне жатады. Тұқым XVIII-XIX ғасырда Англияның Герефорд графтығында шығырылған. Гетерфорд тұқымын Жаңа Зеландия, Канада, АҚШ, Австралия және Қазақстанда өсіреді. Қазіргі кезде Гетерфорд тұқымы етті бағытта өсірілетін сиырлар түрлерінің арасында екінші орында тұр.
Гетерфорд сиырларының түсі қою қызыл түсті болып келеді. Басы, жотасы, омырауы, қарны, аяқ-қолдарының төменгі жерлері мен құйрығының шашақары ақ түсті болады. Денесінің пішіні бөшке тәрізді, тапал, жалпақ және омырауы қатты шыққан. Кеудесі жалпақ және терең, белі мен арқасы мен мойны қысқа. Жотасы, арқасы және жамбас сүйегі жалпақ болады. Аяқ-қолдары мықты және тығыз болып келгеді. Мұрынайнасы көбінесі алқызыл болады. Мүйіздері кішкентай және жуан. Терісі иілімді, жұқа және нәзік жүнмен қапталған. Жануардың биіктігі 124-130 см, денесінің ұзындығы 152-158 см, кеудесінің тереңдігі 68-72 см, ал жалпақтығы 48-50, құлашының ұзындығы 197 см.

17

Сиырлардың салмағы 550-650 кг, ал бұқалардың салмағы 850-1000 кг. Жылдық сауым мөлшері 1000-1200 кг. Сүттің майлығы - 3,9-4,0 %. Туған бұзаулар 25-28 кг(сиырлар), 28-34(бұқалар) тартады. Қарқанды түрде өсіргенде бір жылға толған бұзаулар 400 кг салмақ жинайды. Еті нәзік, шырынды, көп калориялы, мәрмәр тәріздес. Еттің жұмсағы жалпы ет салмағының 82-84%-ын алады. Сойымдылығы 58-70%.
Артықшылығына сиырлардың тез өсіп жетілуі және акклиматизацияны оңай өтейді. Тұру жағдайларын талғамайды, өте төзімді. Мал жуас, өмір сүру ұзақтығы жоғары (15-18 жыл) және өмір бойы семіздігін және тұқымдылығын сақтайды. Мал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда өсірілетін сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдары
Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы
Тауықтарды өсіру технологиясын жетілдіру
Ірі қара мал етіне қойылатын талаптар Сиыр және бұзау еті
Ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан саласы - құс шаруашылығы
Симментал тұқымды малына сипаттама
Қой шаруашылығы
Кәсіби жануарлардың сойыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау
Жұмыртқа бағытындағы тауық тұқымдары
Тракенен жылқы тұқымының сипаттамасы
Пәндер