Қылмыстық іс қозғау сатысының түсінігі, маңызы, мақсаты


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І. Тарау. Қылмыстық іс қозғау сатысының түсінігі, маңызы,

мақсаты . . . 9 - 21

1. 1 Қылмыстық іс қозғау - қылмыстық процестің басты сатысы ретінде . . .

1. 2. Қылмыс туралы арыз бен хабарламаны қараудың және қабылдаудың міндеттілігі . . .

1. 3. Кепіл түскен арыз бен хабарлама бойынша қылмыстың алдын алу мен ескертуге шараларын қолдану . . .

1. 4. Қылмыс туралы арыз бен хабарламаны қараудың мерзімдері . . .

2. Тарау. Қылмыстық іс қозғаудың негіздері мен процессуалдық

тәртіптері . . . 22 - 45

2. 1. Қылмыстық іс қозғауға құқық берілген лауазымды адамдар мен органдар . . .

2. 2. Қылмыстық іс қозғаудың себептері мен негіздері . . .

2. 3. Қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу мәселелері . . .

2. 4. Қылмыстық іс қозғауды болдырмайтын мән жайлар . . .

3. Тарау. Қылмыстық іс қозғаудың және қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық тәртібі . . . 46 - 53

3. 1. Қылмыстық іс қозғаудың тәртібі . . .

3. 2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту . . .

3. 3. Белгілі бір санаттағы тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғаудың

ерекшеліктері.

  1. Прокурордың қылмыстық іс қозғаудың заңды болуын қадағалауы. 54- 57 бет.

§ 1. Прокурордың қылмыс туралы арыз бен хабарды қабылдау, есепке алу, тіркеудің заңдылығына қадағалауы.

§ 2. Қылмыстық іс қозғау туралы қаулының заңдылығы мен негізділігіне прокурорлық қадағалау.

§ 3. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының заңдылығы мен негізділігіне прокурорлық қадағалау.

Қорытынды. 58 бет

Кіріспе

Құқыққорғау органдарының беделі қылмысты толық және тез арада ашу, кінәлілерді жазалау және заңның дұрыс қолдануын қамтамасыз етумен байланысты.

Осы берілген бітіру жұмысында қылмыстық іс қозғаумен байланысты қылмыстық іс жүргізу қызметінің бөлігі айқындалған. Тәжірибеде осы сатыны дұрыс жүргізбеген соң, оның салдары тергеу қателіктеріне әкеліп соқтыратыны бізге мәлім. Сондай ақ негізсіз қозғалған қылмыстық істер де кездеседі, ал бұл құқыққорғау органдарының қажет емес шығындарға әкелетіні бізге түсінікті. Сөте тұра, жергілікті негіздердің бар болғанымен де, қылмыстық істер қозғалмай қалады және қылмысты жасаған тұлғалар жазадан құтылып кетіп жатыр.

Бұның бәрі мынаны білдіреді, яғни қылмыстық іс қозғау сатысы - процессуалдық қызметтің жауапты кезеңі және тергеуші бұл қызметке кіріскенде қателік жібермеуі тиіс.

Бұл бітіру жұмысының мақсаты - қылмыстық іс қозғау сатысының барлық маңызды жақтарын қамтиды, тергеушінің жұмысын көрсету, прокурордың қатыстылығын және тағы басқа көптеген аса маңызды мәселелерді ашып көрсету, құқыққорғау органының жауапкершілігін көтеріу мәселесін айқындау.

Құқыққорғау органдарының міндеті - барлық заңдардың күш - жігерін қылмыстылық пен құқықбұзушылыққа қарсы пайдалану, себебі кез келген жерде адамдар мемлекет тарапынан қолдау мен қамқорлықты оларға ешкімнің тиіспейтіндігін сезуі керек және бірде бір құқық бұзушының жазадан қашып құтылмайтындығына сенуі керек.

Қылмыстық іс қозғау сатысы елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті орнату үшін - олар кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы белгілерге тез және ұқыпты әрекет етуі қажет. Бұл саты көптеген процессуалистердің назарын аударған: В. С. Афанасьева, С. В. Бородин, Ю. Н. Белозерев, Л. А. Буторин, А. К. Говрилов, Н. Н. Гаванович, Н. В. Жогин, Н. П. Кузнецова, А. Р. Михайленко, В. В. Степанова, Ф. Н. Фаткулин, А. А. Чувилов және т. б.

Осыған байланысты диплом жұмысында келесі жағдайлар көзделген:

  1. Қылмыстық істі қозғау әрі қарай алдын ала тергеу жүргізуге негіз болады.
  2. Егер қылмыстық істі қозғау алдын ала тергеуге әкеліп соқтырса, онда қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті және қажетті белгілер болуы шарт. Бұл белгілердің дәлелдігінің деңгейі соншалықты жоғары болуы керек, себебі оның негізінде қылмыстың болғандығы жөнінде нақты шешім шығарамыз.
  3. Қылмыстық іс қозғау туралы шешімнің негізі болуына талап қою, яғни осы сатыда ешқандай мәжбүрлеусіз және азаматтардың құқықтары мен босмтандықтарын шектемей, дәлелдемелерді алу мен сақтауға бағытталған бірқатар процессуалдық шараларды қолдану мүмкіншілігінің кеңеюі мен байланысты.
  4. Қылмыстық іс қозғау сатынсында алынған дәлелдемелердің мәртебесін ақпаратқа жатқызу, егер де ол заң тәртібімен және осы сатыға жататын қайнар көзден алынса. Дегенмен бұдан біз мұндай ақпараттың дәлелдемелер мәртебесін тез арада иеленіп кетеді деп түсінбеу керек.
  5. Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық іс қозғау институы қайта қаралуға жатады. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша құжаттарды сотқа дейінгі даярлау процедурасы деген бар, ал бұл дегеніміз - сотқа жіберушінің шағымына алдын ала тексеру жүргізу міндеттілігін және айыптау ісін қозғауды жүктеуге негіз жоқ. Дегенмен жеке айыптау ісі бойынша қылмыстық іс қозғаудың тәртібін өзгерту бұл категориядағы қылмыстық істердің арнайы қасиеттердің жойылуына әкеліп соқтырмауы тиіс. Қандай да нысанда сотқа дейінгі даярлау жүзге асырылмасын, бұл категориядағы қылмыстық істер тек қана жәбірленушінің шағымымен қозғалып және оның айыпталушының бітісуіне орай қысқартылуға тиіс.

Жалпы қалмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау жөнінде қылмыстық ісжүргізу ғылымында басты назар аударған.

П. А. Лупинская процессуалдық шешім ұғымына келесідей түсінік береді:

«Қылмыстық сот өндірісіндегі шешім - заңда көзделген нысанда жасалған құқықтық акт, осы актіде анықтама органы, тергеуші прокурор, сот өз өкілеттілігі шегінде заңда көзделген тәртіппен іс бойынша туындаған сұрақтарға жауап береді».

Процессуалдық шешім әртүрлі сұрақтар бойынша шығарылады, бұған қоса тергеу әрекеттерін жүргізу туралы немесе іс бойынша өндірісті тоқтата тұру не тоқтату қажеттілігі туралы және тағы басқа.

Тек шешімнің бір бөлігі ғана қылмыстық процессуалдық қызметтің пәнімен тікелей байланысы бар сұрақтарға жауап берді: қылмыс орны бар ма; оны кім жасады; жасаған қылмысы үшін кінәләләгә; қылмысты жасаған тұлғаға қандай шаралар қолдану. Шешімнің қылмыстық - процессуалдық қызметтің

Негізгі сұрақтарына немесе басқа да сұрақтарына жауап бере алатындығына байланысты, шешім мазмұнына қарай келесідей болып жіктеледі:

  1. Істің мәні бойынша шығарылатын шешім.
  2. Іліспелі шешім (сопуствующий решения) .
  3. Істің мәні бойынша шығарылғын шешім мен іліспелі шешімнің қабылдауын қамтамасыз етуші шешім2.

Шешімді осылайша осылайша мазмұны бойынша жіктеуде, қылмыстық іс қозғау туралы шешім - істің мәні бойынша шығарылатын шешімге жатады. Дегенмен, бұл жерде бір жағдайды ескеру керек. Қылмыстық процесс теориясында қылмыстық істің мәні бойынша дегенімізде, көбінесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы шешімді түсінеміз. Шешімнің мазмұны бойынша жіктелуі функционалдық белгілері бойынша . Бұл белгілер бойынша шешімдер 3 - ке бөлінеді:

  1. Басты немесе бастама шешім (начальные) .
  2. Аралас шешім (промежуточные) .
  3. Соңғы шешім (конечные) .

Мұндай жіктеу процестің шеңберінде жақсы жұмыс істейді, себебі шешім бір саты үшін соңғы болып табылады және процесстің басқс сатысы үшін соңғы болып табылады және процестің басқа сатысы үшін бастама болуы мүмкін. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім істі қозғау сатысын аяқтап, алдын ала тергеу сатысын бастайды. Осындай ситуацияда сұрақ туындайды: қылмыстық іс қозғау актісінің қасиеттерін қандай сипаттама толық қамтиды - істі қозғау сатысы үшін соңғы акт ретінде немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін бастама актісі ретінде. Әрине, осы көрсетілген екі сипаттама шартты болып табылады. Дегенмен де, қылмыстық іс қозғау туралы шешімді басты (бастама) процессуалдық шешімге жатқызу керек. Сонымен, қылмыстық іс қозғау туралы шешім әрбір қылмыстық істің мәні бойынша басты процессуалдық шешім болып табылады. Қабылданған кез келген процессуалдық шешім заңды және негізді болуы тиіс.

Шешімнің негізділігінің түсінігі, оның заңдылығы түсінігімен толық сәйкес келеді. Яғни шешімнің заңдылығы мен негізділігі бір - бірімен тығыз байланысты 3 . кейбір кезде заң шығарушы шешім қабылдауды фактілермен емес, тек фактілердің бар екендігін көздейтіні жеткілікті мәліметтер мен құжаттардың болуымен байланыстырады. «Қылмыстық іс қозғауға қылмыс

Законнось и обосновать судебных актов Советском уголовном судопроизводстве. Автореферат. Докт. Диссертация. Харьков, 1976ж. 9 б.

Белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болу негіз болып табылады. » (ҚР ҚІЖК 177 бабының 2 2 бөлімі) .

«Жасаған қылымысына айып тағу үшін жергілікті дәлелдемелердің болуы . . . ».

Заңда шешім қабылдаудың негізі ретінде фактілерді не дәлелдемелерді көрсетеді. Осының салдарынан, шешімнің негізділігінің 2 элементін қарастырайық. Бірінші элементі - фактілер, екінші элементі - дәлелдемелер. Осы екі элементтің қылмыстық іс қозғаудағы қажеттілігі туралы бірқатар авторлар оқулықтарында жазған. «Қылмыстық іс қорғауға негіздің түсінігі екі элементті өзіне біріктіреді: 1. Лауазымды тұлғаға мәлім болған оқиғадағы қылмыстың белгілері . . . 2. Қылмыс белгілерін орнықтыратын жеткілікті деректер. 4 »

Қылмыс белгілері заңдық критерий деп аталады, ал жеткілікті деректер фактілік критерий деп аталатын 5 . қылмыстық іс қозғауға қатысты екі элементті көрсету қәзіргі уақытта да орын алады. Кейбір авторлар тек бір ғана негізді көрсетеді, ол - дәлелдемелер. ҚР ҚІЖК - нің 115 бабында көзделгендей, «дәлелдемелер дегеніміз ҚР Қылмыстық Кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын,

1 П. А. Лупинская. Решение в уголовном судопроизводстве. М. Юр. лит, 1971. 18 б.

айыптаушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәсіздігін, сондай - ақ істі дұрыс шешу үшін алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. » Яғни, процессуалдық шешімнің негізі ретінде дәлелдемелердің болуын көрсету дұрыс болып

табылады. Бірақта мұндай жолмен келуі аяқталмағандықты білдіреді.

Қылмыстық істі қозғау сипаттамасында көп жағдайда «саты» деген түсінік кездеседі. Қылмыстық сот өндірісінің бөлігі саты деп тек келесі жағдайлар бар болғанда айтылады:

  1. Өзінің нақты міндеттеріне тән болса.
  2. Онда қылмыстық процестің қағидалары орын алса.
  3. Қылмыстық процессуалдық қызмет суъектілердің арнайы ортасымен сипатталса.
  4. Құқық қолдану актілерін типтік рәсімделсе6.

Бұдан көретініміз, қылмыстық прогрестегі саты - бұл тек процестің бөлігі ғана емес, сонымен қатар құқықпен реттелетін бөлік болып танылады. Бұл құқықтық специфика процестің дербес сатысын реттейтін және құқықтық институт деп аталатын құқықтық нормаларда айқындалған. Қылмыстық іс қозғау сатысы жоғарыда аталған жағдайларды қанағаттандыра ма? Әрине, бұл сұраққа «ие» деп жауап беру керек. Біріншіден, ол өзінің нақты міндеттеріне тән. Бұл саты маңызды міндетті шешеді - қылмыс туралы түскен алғашқы міндеттерді қарау және қылмыстық істі бастау үшін материалдық құқықтық пен процессуалдық нұсқаудың (предпосылки) болуымен байланысты сұрақтарды шешу 7 . - өзінің нақты міндеттеріне тән болуы кезеңі, қылмыстық процесстің қағидаларының жүзеге асуына ықпал етеді. Бұл кезеңде процесс жүріп жатқанымен, бірақ қылмыстық іс жоқ. Бұл сатыда қылмыстық істі қозғау немесе қозғамау сұрағы шешіледі. Сондықтан да мұнда жариялылық, жарыспалық, айыптаушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету және т. б. қағидалар толық түрде әрекет ете алмайды. Сондай - ақ істің мән - жайын жан - жақты, толық, объективті зерттеу қағидасы да толық әрекет ете алмайды. Мұнда сөзсіз заңдылық қағидасы сақталуы тиіс. Осы сатының субъектілерінің ортасы жеткілікті түрде белгіленген. Мұнда әзір «процесстің қатысушылары» деп атауға болатындай субъектілер жоқ. Бұл сатыда азаматтар арыз беруші, анықтама алатын тұлғалар ретінде қатысады. Лауазымды тұлғалардың ортасы кәдімгідей, ол бізге мәлім.

Қылмыстылыққа қарсы күрес - құқық қорғау органдарына мәлім болған қылмыстың әрбір фактісіне тез арада және ұқыпты кірісуді талап етеді. қылмысты ашуға, кінәлілерді ұстауға, дереу және белсенді кірісіп кету үшін нақты негіздер қажет, ал ол негіздер қысқа мерзім ішінде анықталуға тиіс. Мұндай негіздерді анықтау қылмыстық іс қозғау сатысына жатады. Бұл негіздерді анықтамай тұрып және қылмыстық іс қозғау туралы шешімді шығармай тұрып, тергеуге кірісуге болмайды. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім шығару алдын - ала тергеуге кірісудің заңы негізі болып табылады. Қылмыстық іс қозғау туралы шешімінсіз қалаған басқа келесі әрекеттер заңсыз деп танылады.

Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыңтөрағалық етуімен Астанада құқыққорғау органдары басшыларының және облыс әкімдерінің қатысуымен алқалы мәжіліс өтті. Онда республика көлеміндегі қылмыстық жағдай талданып, құқыққорғау құрылымдары жұмысының нәтижесін арттыру, қадағалау және сот органдарының заңдылық пен тәртібін қамтамасыз етудегі құқықтық реформаны одан әрі тереңдетудің алдағы міндеттері сараланды.

Мәжілісті ашқан мемлекет басшасы тәуелсіздіктің екінші он жылдығына қадам басқан еліміздегі орын алған жетістіктерде құқыққорғау органдары қосқан үлеске тоқтала келе, ең маңызды реформаның бірі құқықтық жүйеде болуға тиістілігін атады.

Бұдан әрі сөз алған құқыққорғау органдарының басшылары елдегі заңдылықтардың сақталуы мен қылмыстық ахуалға байланысты жағдайды баяндады. Қазақстан Ркспубликасының Бас Прокуроры Р. Түсіпбековтың баяндамасында заңдылықтың сақталуында, әсіресе экономикалық жүйеде көлеңкелі ағымның басым болып отырғандығын атады. өткен жылы прокуратура Үкіметтің 35 актісін заңға сай емес деп тапқан. Олардың көпшілігі қажетті талдау жұмыстары жүргізілмей асығыс қабылданған. Министрлік және ведомстволарда мұндай актілер саны - 96, ал облыстық және аудандық актілер - 2000 нан асады. Прокуратура органдарымен өткен жылы барлығы 29 000 заңсыз құқықтық акт анықталған, оның 2000-ға жуығы нормативтік сипатта.

Күрделі күйде қалып отырған қылмыстық ахуал жөнінде де айтылмай қалған жоқ. Тіркелген қылмыстардың саны өткен жылы 152 мыңнан асқан. Аса алаңдататыны - ауыр және аса ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны ұлғайып, 9 % -дан асқан және 75 мыңға жеткені. Қылмыстың денеге ауыр жарақат салу, зорлау сияқты ауыр қылмыс түрлері өскен. Оң өзгерістер де жоқ емес, соңғы екі айда тіркелген қылмыстар саны 9 % - ға азайған.

Бас Прокурор қылмыстық қудалау органдары қызметін де сынға алады. Қылмысты есептеп жасыру тәжірибеден түспей тұр. өткен жылы прокурорлармен 2, 5 мыңға жуық бұрын тіркелмеген қылмыстар ашылып,

*

2 А. Я. Дубинский. Исполнение процессуальных решений следователем. Киев, 1981, 56 - 57 б.

3 М. И. Бажановтың айтуынша, кез келген процессуалдық акт заңды деп танылады, егер:

а) қылмыстық іс жүргізу заңмен көзделген болса; б) өкілетті органдар шығарса; в) оны шығару қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізуді тудырса; г) заңда көзделген процессуалдық нысанда шығарылса; д) қажетті реквизиттері бар болса. М. И. Бажанов.

4 Советский уголовный процесс. Под ред. Д. С. Карева. Изд. Высшая школа. М. 1963ж. 176 б.

5 Ю. Н. Белозерев, А. А. Чувилев. Проблемы обеспечения законности и обоснованности возбуждения уголовного дела. М. 1973 16 б.

6 П. С. Элькид. Сущность уголовного - процессуального процессуального права. С- П. 1963ж. 50-53

* Назарбаев Н. А. Мемлекетке кімнің жаны ашиды? Жас Алаш. 4 сәуір

2002 жыл № 40

7 Н. В. Жогин, Ф. Н. Фаткуллин. Возбуждение уголовного дела. 5 б.

оның жартысынан көбі сот қарауына жіберілген. Сын тізгінінен Ішкі Істер Органдары да құр қалмады. Прокурорлар өткен жылы 117 азаматтың заңсыз ұсталғанын анықтаған. Жалпы алғанды 354 адамның заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны айқындалған. Жіберілген ол қылықтары үшін өткен жылы құқыққорғау органдары қызметкерлеріне қатысты 50 қылмыстық іс қозғалған. Коррупциялық сипаттағы қылмыстың ашылу көрсеткішіде бұрынғы дәрежесінде қалуды. Жыл сайын 2 мыңнан аса қылмыс тіркелуде. Мұндай әрекет үшін өткен жылы 500-ден аса адам сотталған.

І. Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі, маңызы

мен мақсаты

Ќылмыстыќ іс ќозѓау - болѓан немесе дайындалып ќылмыс туралы ќылмыстыќ ізге т‰су органдарына келіп т‰скен хабарлама мен арызды ќабылдау, тіркеу жєне шешуге арналѓан ќылмыстыќ процестіњ бастапќы сатысы. Онда ќылмыс іздері аныќталады, бекітіледі, сондай-аќ ќылмыстыњ алдын алу мен ескерту шаралары ќолданылады.

Аталѓан сатыныњ болуы зањды жєне негізді алдын ала тергеудіњ басталуын, ќылмыстыќ процесс ќатысушыларыныњ ќ±ќыќтары мен бостандыќтарын шектейтін процесуалдыќ мєжб‰рлеу шараларын ќолданудаѓы єрекеттердіњ ж‰зеге асырылуын ќамтамасыз етеді.

Қылмыстық іс қозғау қылмыстық процестің қажетті, бастапқы және міндетті сатысы болып табылады. Бұл сатыда қылмыстық қудалау органдары нақты іс бойынша іс жүргізуге қажетті мәліметтердің бар немесе жоғын анықтап, қылмыс белгілерінен тұратын аныќталѓан фактілер бойынша єрекеттер жасау ќажеттілігі және осыған орай сот төрелігі органдарының араласуы сияќты бірқатар мәселелер шешіледі.

Қылмыстық істі қозғау - ол өкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың қылмыстық іс бойынша өндірісті бастауға себептер мен негіздердің бар не жоғы жөнінде мәселелер шешілетін қылмыстық процесс сатысы.

Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін қылмыстық ізге түсу органдары нақты істі қарау мен тергеуге бағытталған процесуалдық әрекеттерді жүргізуге және азаматтарға процесуалдық мәжбүрлеу шараларын: тінту, алу, куәлардан жауап алу, тексеру, куєландыру, эксгумация және өзге де тергеу әрекеттерін қолдануға құқылы єрі міндетті болады. Бұл қылмыстық іс қозғау сатысының процесуалдық- құқықтық немесе заңды мәнін білдіреді.

Қылмыстық іс қозғау сатысы саяси мәнге де ие болады. Іс қозғау туралы мәселені дұрыс және жылдам шешу құқықтық тәртіп пен заңдылықтың нығайуына, қылмыспен күресу шараларын өткізуге, сондай-ақ қылмыстың алдын алу мен ескерту шараларын қолдануға өз әсерін тигізеді. Бұл мәселені мұқият қарау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қылмыстық істердің негізсіз қозғалуы орын алмас еді.

Қылмыстық ізге түсу органдары өздеріне мәлім болған қылмыстың кез келген фактілерін жылдам ќарауѓа, тексеруге және қажетті жағдайларда қылмыстық істі қозғауға міндетті болады.

Қылмыстық іс қозғау сатысы - қылмыстық процестің дербес сатысыныњ бірі. Сондықтан ондағы мәселелер дер кезінде және дұрыс шешілуі тиіс.

Аталған сатыда тиісті лауазым иелері болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламаларды ғана қабылданып қоймай, қылмыстық іс қозғау немесе одан бас тарту туралы дәлелді шешімдерді де қабылдайды. Қылмыстық іс қозғау сатысының жеке дара сипатқа ие болуы ондаѓы қылмыстық процесуалдық қызметтіњ жүзеге асырылуы мен әрбір қылмыстық істіњ осы сатыдан басталатындыѓынан кµруге болады [3, 18 б. ] .

Қылмыстық іс қозғау барысында оны жасаған адам нақты белгілі болмаса да, қылмыстық іс болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы фактілі себептермен қозғала береді. Егер қылмыстық іс қозғау кезінде оны жасаған адам туралы мәлімет болса, онда ол мәліметтер алдын ала тергеу немесе сот талқылауы барысында түрлі процесуалдық әрекеттердің көмегімен мұқият тексеріледі.

Белгілі бір тұлғаны қылмыс жасады деп қылмыстық жуапкершілікке тарту үшін айыбын негіздейтін жеткілікті дәлдемелер жиналуы қажет. Мұндай дәлелдемелер анықтама және тергеу барысында жиналады және олар алдын ала тергеу сатысына тән белгілі бір процесуалдық нысанға айналады. Мемлекетіміздің алдына қойған бірқатар міндеттеріне сай қылмыспен күресуге қоғамның қатысуы қылмыстық іс қозғау сатысында үлкен мәнге ие болады. Ќылмыстыќ ізге т‰су органдарының қоғаммен күнделікті тығыз байланыста болуы қылмыстың жасалу фактісін уақтылы анықтауға µз ‰лестерін ќосады.

Қылмыстық іс қозғау туралы мәселені тек арнайы уәкілеттілік берілген органдар мен лауазым иелері ғана шеше алады. Оларды ќылмыстық іс жүргізу заңы нақты көрсетеді. Арнайы уәкілеттілік берілген органдар мен лауазым иелеріне прокурор, тергеу мен анықтама органдарының бастықтары, тергеуші, анықтаушы жатады.

Қылмыстық іс қозғау - күрделі процесуалдық ќызметтіњ бір т‰рі. Ол өзінің мәнін жан-жақты көрсететін бірнеше белгілерге ие болады. Бұл ұғымды тµмендегідей түсінуге болады:

- біріншіден, қылмыстық істің пайда болу шарттарын, тәртібін және өзге де мән-жайларын анықтайтын нормалары бар қылмыстық процесуалдық институт;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс қозғау пәнінен практиқалық (семинарлық) сабақтар
Қылмыстық іс қозғау жайлы
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ
Қылмыстық істі қозғау сатысының құқықтық табиғаты
Қылмыстық іс қозғау – алдын ала тергеудің дербес сатысы ретінде
ҚР қылмыстық іс жүргізу заң бойынша қылмыстық қудалау
«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен лекциялар
Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық нысаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz