Қазақстандағы ислам жайлы


Мазмұны
Кіріспе бөлім: . . . 3-4
1. Қоғам, дін және мәдениет: . . . 5-7
2. Жаһандану және мәдениет: . . . 7-9
I - Бөлім. Қазақстандағы Ислам: . . . 10
І. 1. Тәуелсіздікке дейінгі діни ахуал . . . 10-23
І. 2. Тәуелсіздіктен кейінгі діни ахуал . . . 24-25 І. 3. Дін туралы заң және миссионерлік . . . 26-29
II - Бөлім. Оңтүстік Қазақстандағы діни ахуал: . . . 30
ІІ. 1. Оңтүстік Қазақстандағы діни орталықтар . . . 30-33
ІІ. 2. Дін және мемлекет . . . 34-38
ІІ. 3. Жаһандану және діни білім беру мәселесі . . . 39-47
III - Қорытынды бөлім: . . . 48-50
IV - Пайдаланған әдебиеттер тізімі: . . . 51-52
Кіріспе
Зерттеу жұмысының максаты мен міндеті. Бұл зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты жаһандану барысында қазақ қоғамының діни түйсігін аша отырып. Жаһанданудың дін мен мәдениетке ықпалын көрсете білу. Жаһанданудың дінге кері тартпа жағын дәлелдеу. Қазақ халқының дін, діл, тіл мәселелерін көтере отырып болашақ ұрпаққа мирас етіп қалдыруды негіздеп, соны аша білу. Егер де дәлірек тұжырымдасақ, келесі үміттерді жүзеге асырумен байланысты болатыны айқындалады:
- мемлекет пен діни бірлестік қатынастарын реттейтін заңнамадағы өзгеріс;
- ҚМДБ үйлестіруші рөлінің күшеюі;
- жастардың дінге деген қызығушылықтарының артуы;
- имамдардың білім деңгейлерінің артуы;
тұтастай исламдық даму.
Зерттеу әдісі . Зерттеу жүмысында салыстыру, ғаламдану процессін синтездей отырып, анализ жасау әдісі қолданады. Яғни жаһандану барысында Қазақстанның діни ахуалын ашықтай отырып, Қ. А. Йассауидің сопылық бағытын негіздей отырып дәлелді пікірлер келтіріледі.
Диплом жұмысының кұрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әр тарау үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, 35-беттен тұрады.
- Такырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, қазак халқының Қазақстанда исламдық білімнің болашағы туралы мәселе біздің зерттеуіміз үшін аса маңызды болып саналады. ҚР ислам мен исламдық білімнің болашағын оптимистік тұрғыдан бағалайды. «Ислам - болашақ сенімі, сондықтан да ислам бізде дамитын болады». «Егер де біздің ҚМДБ имамдар білімінің сапасына көп көңіл бөлетін болса, исламдық ағартудың болашағы жарқын болады деп ойлаймын».
Яғни исламдық білім беру мен білімді қалай жетілдіруге және тиімді етуге болатыны туралы қарастырылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанда исламық білім берумен мен жетілдіруге ықпал жасау. Қазіргі жаһандану барысында қазақ қоғамының қаралмай жатқан мәселелерді негіздеу.
- мемлекетпен келісім жасай отырып республика мектептеріне кішігірім көлемде дінтану сабақтарын, сондай-ақ ЖОО арнайы курстарды ендіру;
- мемлекет барлық дәстүрлі емес дін мен секталарды өз бақылауына алуы, олардың қызметін шектеу;
- дін басыларына тыңдармандардың кең ауқымын қамтамасыз ету үшін оларды мемлекеттік шараларға шақыру;
- білім және ағарту мекемелерінде исламды тереңдетіп оқыту үшін олрдың жүйесін кеңейту;
Мемлекетаралық және жаһандану процесін одан әрі унификациялаудың болашақты нысана еткен процесі, қалай дегенмен де, осынау әрі мағыналы, әрі кереғар мәндегі процеске ерікті-еріксіз түрде тартылған мемлекеттің саяси-қоғамдық құрылғысына айтарлықтай әсер ететіні өзінен-өзі белгілі.
Қоғам, дін және мәдениет.
Қазіргі таңда адамзат тарихы кең қанат жайған жаһандану процесін бастан өткеруде. Біз осы жаһандану прцесіне өте үлкен дайындықпен келуіміз қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің халыққа жолдауында: «Біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді баршамызға ортақ мақсатқа, еліміздің одан әрі өркендеуіне жұмсаумыз керек»[7. 45] . Ғаламдану әлем елдерінің арасындағы экономикалық бәсекелестікті күшейте түседі Ол бәсекелестіктен қашып құтылмаймыз. Біз жаһандануды қаласақ та, қаламасақ та жаһандану процесі жүріп жатқаны анық. Тек сол өз ұлттық мүддемізді ұмытпасақ сол ғана бізідің жұтылып кетуден сақтайды. Сол мүдденің басты болшегі біздің - дінімізбен, тіліміз, діліміз қалай болмақ. Жеке бір қоғамболып қалыптасқансон өз дінімізді асқақтатып, тілімізді баршаға танытып, тарихымызды ертенгі ұрпаққа мирас етіп қалдырытын дәрежеде жеткізу қажет. Қазірден қолға алмасақ атам қазақ айтқандай, өзіңді өзің сыйламасаң сені кім сыйлап қадір тұтар.
Жаһандану заманындағы қазақтың ұлттық рухы, руханилық пен ұлт мәдениеті, транзиттік қоғамның тұрақтылығы мен тәуелсіз елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тағы басқа мәселелерге арналған. Жыл санап өсіп келе жатқан, өміріміздің барлық салаларына ене бастаған жаһандану процесі қазіргі өтпелі кезеңнің барлық мазмұнын құрайды. Ол сонымен қатар адамдардың санасы мен іс-қимылына әсер етіп, әлеуметтік өмірдің барлық жақтарын қамтыды.
Қазақ халқының қазіргі діни ахуалы күрделі әрі сан-салалы.
Қазақ халқының мәдениеті мен руханиаты ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі. Елімізге ислам діні күшпен емес, бейбіт жолмен енді.
Ислам құндылықтары мен ислам философиясын, ислам мәдениеті мен өнерін дамыту мен жаңарту ісіне қазақ халқы маңызды және зор үлес қосты. Ортағасырлық мұсылмандық философиялық ойының қалыптасуы мен дамуына қуатты серпіліс берген қазақ даласының түркі дүниесіне тән мәдени орта қалыптастырғанын көреміз.
Бұл қалыптасқан мәдениет Қазақстан халқының барлық шаруашылық, тұрмыстық жағдайларына лайық ыңғайластырылған болды.
Президент Н. Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты өзінің кітабында жазғанындай, «Әлем біртіндеп жаһанданумен бірге, біртіндеп адамзат қоғамдастығы дамуының біржақты әдістерінен алшақтауда. Жаһандану біреулердің ойына сай және тиімді, бірақ бірқатар себептермен басқалардың ойынан шықпайды»[6. 54] .
Діннің өзі ешқашан проблема болмаған. Бірақ дін қоғамда танымдық, ғылыми, идеялық және практикалық тұрғыдан өзіндік функционалдық тепе - теңдікті қамтамассыз ете алмаса, басқа қолайсыз жағдайларға себеп болып, қоғамның ішкі бірлігін әлсіретіп, қақтығыстарға себеп болуы ықтимал. Дін мәселесімен әртүрлі деңгейде шұғылданып жүргендер бірге, бірлікте және қатар өмір сүру жолдарын таба алмайтын болса, дін әр деңгейде проблема бола бастайды. Негізінен қоғамымызда дінге қатысты мәселелердің дені психологиялық және танымдық себептерден туындап отыр. Басты мәселе мұсылмандардың діни танымында жатыр. [27. 29]
Ислам жаһандағы барлық жанға тыныштық пен қайырым, әділдік, жақсылық пен игілік тілейді, ислам мемлекеттік және қоғамдық өмірге орнына тек мұсылмандар ғана қажет. Исламның қоғамдық өмірдегі орнына тек мұсылмандар ғана емес, Қазақстанның барлық халқы да мұхият қарау қажет. Исламдық білім біздің мемлекетіміздің дамуына мықты әсер ету мүмкіндігі бар Егерде, қоғам мүшелері иманды болса, онда олар әр кезде Отаны үшін әрқашан қызмет етуге дайын болады.
Ұтымдылықты, зайырлықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар қоғамдық дамуды үйлестіріп отырды. Сондықтан оларды батыс өркениетінің өнертапқыштығы деп айтудың өзі артық. Батыс тек басқалардан бұрын «қазіргі кезеңге» жетті, қоғамдық дамудың қарқынды жолына түсе алды. [37. 186] .
Демек, адам еркіндігі жайлы батыстық идея деп жүргеніміз тіпті де таза батыстық нәрсе емес. Бұл құндылық әрбір мәдениеттің, әрбір өркениеттің түп тамырында жатыр. Олай болса, қазіргі заманғы өркениеттер мен мәдениеттер арасындағы келіспеушілік неден пайда болып отыр? Менің ойымша, бүгінгі өркениеттердің бір-бірімен тиімді сұхбатының қиындықтары алдымен бөтен мәдени үлгі өктемдігін жек көруге негізделген деген тұжырымды келтіру қисынды. Батыстану мен қоғамды жетілдіру бір-біріне жақын терминдер болғанымен, мағыналары әртүрлі. Олардың әртүрлілігі өктемдік көрсету деңгейіне байланысты. Мысалы, қазір бүкіл Шығыс елдеріне өктем түрде ене бастаған . Бұқаралық мәдениетті Батыстың өзінде мәселе туындатты және оның мақсаты пайда табу, сатылу. Яғни оның дәстүрлі мәдениеттен айырмашылығы тауар болғанында және бұл тұрғыдан алғанда оны шын мәніндегі мәдениет деуге болмайды. Дәстүрлі қазақ қоғамы мәдениетті еш уақытта тауар деп қабылдамайды, біздің дәстүрлі мәдениетіміз қоғамның шаңырағын ұстап тұрған діңгектердің бірі.
Ал Батыстың бұқаралық мәдениеті тауар және сондықтан да ол белсенді, барлық елге тез бойлап еніп, таратушыларға пайда әкелуге тиіс. Батыстық бұқаралық мсәдениеттің басқа елдерге белсенді түрде енуінің басқа себебі - адамдардың жаңалыққа қарай ұмтылысы, яғни модаға еліктеушілік сияқты өмірде жиі кездесетін әуестікте жатыр. Сондықтан жаңадан дамушы елдерге ол өте жылдам еніп отыр. [33. 57]
Дегенмен, бұқаралық мәдениеттің өзіне тән ерекше қасиеттері де бар. Олар әмбебаптығы кең таралуға бейімдігі. Ол әлемдік жаһанданудың, қазіргі кезеңдегі өркениеттер арасындағы тіл қатысудың негізгі тетіктерінің біріне айналуда. Бұқаралық мәдениет әлем туралы ақпарат беріп отыр, басқалардың өмірін, бізге түсініксіз адамдардың тіршілігін көрсетеді, әр түрлі мәдениеттер өкілдерінің жақындығы мен бірлігін түсінуге мүмкіндіктер ашады. Ол қарапайым және табиғи. Тек оның батыстық негізге арқа сүйенетіндігі көпшілікке күман туғызады, бірақ жаһанданудың әрі қарай белең алуы бұқаралық мәдениеттің бұл қасиетін әлсіретеді деген ойдамын. Тіпті, таяу болашақтағы бұқаралық мәдениет туындыларында азиялық және шығыстық сипат басым бола бастауы мүмкін. [32. 24]
Шығыстың рухани мәдениеті Батыстың мәдениетінен кем түспейді, тіпті әлем туралы біртұтастанған көзқарас және діни-философиялық түсініктердің әмбебаптығы жағынан одан асып түседі. Бұған қазіргі әлемдегі Шығыс, Азия философиясына деген қызығушылықтың арта түскені дәлел бола алады.
Қазіргі кезеңде барлық әлем үшін дүниені біртұтастық ретінде қабылдау және оны пайымдай білу маңызды болып отыр. Батыс өркениеті ықпалымен қоршаған ортаға пайда табу көзі деп қарау, оны технологиялық тұрғыдан бөлшектеу жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалуға қауіп төндіріп отыр. Шығыстың философиялық принциптері мұндай әрекетті қабылдамайды және мұндағы әрбір өмірдің құндылығы идеясы, зорлық жасамау принципі жаңа экологиялық сананың негізін қалауы тиіс. Шығыс өркениетіндегі ғылым батыстағыдан кем дамыған жоқ, бірақ ол таным жүйесіне абстрактылы ойлауды тірек ете отырып, басқа бағытта өрбіді. Ойлаудың бұл формасы қазіргі әлемге өзінің пайдасын тигізу мүмкін. Мәселен, қазіргі үнділік ғылыми мектептің дамуына ежелгі үнділік философиялық жүйенің ықпал еткенін ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл жерде айта кететін жәйт: кез келген өркениет оның қайнар бастаулары тұрғысынан алып қарағанда, қоспасыз “таза” болып шықпайды. Ежелгі дәуірден бастап, қазіргі заманға дейін өркениеттер мен мәдениеттер бір-бірімен өзара ықпалдасып, байланысып, жаңа білімді, әлемді танудың жаңа үлгілерін алмасып отырған. Ислам өркениеті, мысалға, батыстық ғылыми ой арқылы байи түсті, үнді өркениетімен байланыста болды, Батыспен ықпалдасуын үзбеді. Одан өзіне пайдалысын қабылдап, өз кезегінде оларға өзінің білімі мен тәжірибесін бере білді. Ислам өркениеті мен оның тарихы туралы сөз қозғағанда орта ғасырлардағы араб елдеріндегі ғылымның күрт дамуы жөнінде айтпай мүмкін емес. Араб медицинасы, математикасы, философиясы өз дәуіріндегі ең алдынғы қатарлы ойлау жүйесінің үлгісі болып табылатын.
Біз үшін жасанды, вертуалды әлемде жоғалып кетпеу, жаһандану заманында өз төлтумалығымызды, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлауымыз бен кейпімізді сақтап қалуымыз маңызды болып отыр. ХХІ ғасырда Батыс мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай рухы биік мәдениетімізді қалыптастырған жөн. Рухы мен мәдениеті биік деңгейдегі халық пен мемлекеттің болашағы жарқын. Оған ешқандай күмән болмас.
І. 1. ахуа
Исламның орта Азияға таралуы
Қазақ даласындағы, жалпы түркі дүниесіндегі рухани қүндылықтардың Қожа Ахмет Йасауидің рухани мұрасымен тікелей байланысты екендігі мойындалған. Сондықтан Қожа Ахмет Йасауидің түркі халықтарының тарихи тағдырындағы орнын білу әрбір түркі азаматы үшін рухани қажеттілік. Қазақ халқының рухани дүниесінің өзегі ислам діні, оның ішінде сопылық жолдың түркілік бағыты, Қожа Ахмет Йасауи негізін салған - йасауийа тариқаты. Кезінде түркі тілі мен мәдениетінің, мемлекеттігінің жоғалмай, сақталып қалуына себепкер болған бұл сопылық жол түркі дүниесі мен мәдениетінің одан кейінгі ғасырлардағы өзегі болды. Түркі халықтары Қожа Ахмет Йасауиді өзінің рухани көшбашысы-Пірі, әулиесі санады. Оны ортағасырлық ғұламалар «Қтуб әл-ақтаб» деп атады. Бұл «Түркі дүниесінің Темірқазығы» деген мағнаны білдіреді. [36. 32] Басқаша айтқанда, Йасауи жолынан тыс түркілер үшін исламда жол жоқ дегенді білдіретін еді. Түркі халықтары мәдениетінің кез-келген саласы осы Йасауи жолымен тікелей байланысты. Орта ғасырларда Йасауи жолынан шегінген әрбір қадам түрклерді этникалық жіктелулерге түсіріп, мемлекеттігінен айырып отырды. Түркі билігінің қуатын әлсірету үшін алдымен оның рухани түтастығының кепілі - Йасауи жолын әлсірету қажеттігі орта ғасырлардың өзінде белгілі болған еді. Сол себепті, Йасауи жолы сол кезеңнің өзінде түркі билігіне қарсы күштердің жан-жақты шабуылының басты нысанасына айналды. Нәтижесінде түркі халықтары өзінің мемлекеттігінен айырлып, өзгенің езгісіне түсті. Бұл Йасауи жолының түркі дүниесінде қандай орны болғандыгын бағалауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні Еліміз өз тәуелсіздігін алып, жеке мемлекет болған кезде өзінің шынайы тарихын, түркі мемлекеттігінің күйреу себептерін білуі, ол тарихтан сабақ алуы тиіс. Сондықтан Йасауи жолының түркі тарихындағы орнын зерттеу, оны халыққа жеткізу өзекті мэселеге айналып отыр. Өйткені, кез-келген халық өзінің рухани, мәдени түтастығын қалыптастыра алмаса, мемлекеттігін де сақтап қала алмасы анық. Өкінішке орай, соңғы жылдары Қожа Ахмет Йасауи мен сопылыққа қарсы кейбір шеттен келген діни ағымдар мен солардың ықпалына түскен отандастарымыз тарапынан күрестің қайта басталуы қазақ халқының белгілі бір бөлігінің санасында Қожа Ахмет Йасауи мен ол негізін салған сопылық жолдың түркі тарихындағы орнына күмәнмен караушылардың санын көбейтті. Әсіресе, кейбір діни саланы уағыздайтын БАҚ қүралдары Қожа Ахмет Йасауи мен қазақ халқының дәстүрлі діни танымы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүріне қарсы күрес жүргізуді әдетке айналдырды. [38. 54] Алайда, Қожа Ахмет Йасауиді де, ол негізін салған сопылык жол йасауийа тариқатын да ислам дінінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Әрине, Йасауи жолы арабтардағы ислам дінінің өмір сүру формасын толық қайталамайды, өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ, Құран аяттары мен Мұхаммед Пайғамбар хадистеріне қайшы келетін ерекшелігі жоқ. Алайда, Йасауи жолында түркі халықтарының табиғи және мәдени ерекшелігі барлығын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ олардың ешқайсысы ислам дініне қайшы келмейді. Сондықтан, бүгінгі күні Йасауи жолының түркі тарихындағы орнын халыққа жеткізіп қоймай, оны сырттан келген әсіре діншілдердің шабуылынан қорғау да қажет болып тұр. Ол үшін Қожа Ахмет Йасауидің, жалпы сопылық ілімнің исламдағы орнын айқындау қажеттігі туындайды. Жалпы бұл бағытта зерттеу жұмыстары баршылық. Қожа Ахмет Йасауи мен Йасауи жолын зерттеу қазіргі күні жан-жақты жүргізіліп жатқандығын айтуға тиіспіз. Йасауидің рухани мұрасын әдебиетші-ғалымдар, философтар, педагогика ғыльтмы саласындағы мамандар жан-жақты зерттеп жатыр. [28. 34] Жеткен жетістіктер де аз емес. Өкінішке орай, ол жұмыстардың нәтижесін қолданысқа енгізіп, іске асыру мәселесі кенжелеп отыр.
Діннің адамзат тарихындағы орны ерекше. Адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып, өзінің осы жаратылған барша мақлүқаттың қожасы екенін, бірақ сол үшін осы әлемнің иесі алдында жауапты екендігін сезіндіретін - дін. Бұл адамзат қоғамының діннен тыс өмір сүре алмайтындығын көрсетеді. Өйткені, дін адамзат қоғамының басты реттеуші құралы болуымен қатар, оның мәдениеті мен өмір салтының басты қайнар көзі болып табылады. Сондықтан кез-келген халықтың рухани, мәдени болмысы діннен тыс болуы мүмкін емес. Бұл кез-келген халықтың тарихи тағдырында діннің шешуші роль атқартындығын, оның рухани, мәдени өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын басты фактор екендігін көрсетеді. Өзінің дәстүрлі дінінен бас тартып, өзеге дінді қабылдау кез-келген халық үшін қауіпті қадам болып табылады. Өйткені, дінін өзгертіп, жаңа дін қабылдаған халық, өзінің дәстүрлі мәдениетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін құрбандыққа шалып, жаңа діннің талабына сай келетін мәдениет пен әдет-ғұрып салт-дәстүрді қайта қалыптастыруға мәжбүр болады. Тарих сахнасына өз ата-бабаларынан мүлде бөлек халық шығады.
VIII ғасыр басынан бастап-ақ Мауараннахр мен Хорасандағы саяси жағдай шиеленісе бастады. Оған түркілердің араб экспасиясына қарсы күресі тікелей ықпал етті. Түркеш мемлекетін қайтадан қалпына келтірген Сулық қаған елдің ордасын Таласқа орнатты. 720-72 Іжылдары түркештер Шаш, Ферғана халықтарымен бірігіп, араб әскерлеріне күйрете соққы берді. Ал, 728-729 жылдары Мауараннахрды түгелдей арабтардан азат еткен жылдар болды. Хорасаннан Мауараннахрдың бөлініп кетуі, Хорасанға келер астықтың азаюына әкеліп соқты. 115/733-734 жылдары Хорасанды аштық жайлады. Халық арасында үкіметке қарсы наразылық күшйді. Ол наразылықты омейядтар билігне қарсы оппозициялық күштер өздерінің пайдасына шешуге тырысты.
Хорасан VIII ғасыр басынан бастап Халифаттағы омейядтар билігіне қарсы күрес орталығына айналды. Ол кезде Хорасанда хариджилер мен зайдиттердің, кайсаниттердің астыртын топтары болды. Олар халықты орталық үкіметке қарсы бас көтеруге шақырды. Осы кезде Аббасилердің өкілдері келіп, халыққа Пайғамбар әулеті ғана әділдік орнатады деген үгіт
жүргізді. Олардың біразы Хорасан билеушісі Жунайд ибн Абд ар-Рахман қолына түсіп, өлтірілді. Бірақ ол халық арасында күшейіп келе жатқан наразылықты тоқтата алмады. Халиф бұл үшін Жунайд кінәлі деп тауып, оны орнынан алды. Хорасан билеушісі болып, оның орнына 'Асим ибн
'Абдаллах тағайындалды. Ол Хорасанға келмей жатып, ал- Харис ибн Сурайдж бастаған хариджилер көтерілісі басталды. Ол Құран мен Пайғамбар хадисі бойынша өмір сүру керектігін, омейядтар ол жолды бүзып отырғандығын айтып, халықты көтеріліске шақырды. Көтеріліс
күшпен басылды. Көтеріліс басшысы қашып түріктерге кетті. Одан кейін Хорасан билігіне келген Наср ибн Саййар Түріктер мен Х-ал-Харис ибн Сурайджға қарсы үш рет жорыққа барды. Үшінші барғанда түріктердің қолбасшысы Күрсулді өлтіріп, Шашқа дейін барды. Шаш билеушісі оның
алдынан шығып қүрмет көрсетті. Наср ибн Саййар одан ал-Харис ибн Сурайджды Шаштан қуып жіберуді талап етті. Ал-Харис ибн Сурайдж Шашатан Фарабқа кетуге мәжбүр болды. [39. 42]
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz