Қазақстанның герпетофаунасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І ТАРАУ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕРПЕТОФАУНАСЫ

1.1 Қосмекенділердің шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Қосмекенділердің көбеюі және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІ ТАРАУ.
ҚОСМЕКЕНДІЛЕР КЛАСЫ

2.1 Қосмекенділер құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Қосмекенділердің систематикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3 Қосмекенділер экологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

ІІІ ТАРАУ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
IV ТАРАУ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қосмекенділер – саны жағынан аз тараған омыртқалылардың өкілдері, олар балықтар мен жорғалаушылардың аралық формасы болып табылады, сондықтан оларды эволюциялық зерттеулер үшін өте бағалығын көрсетеді.
Қосмекенділер теориялық зерттеулер төңірегінде зоогеография, генетика, популяциялық экология ғылымдарын қызықтыруда.
Қосмекенділер тірі табиғаттың обьектісі ретінде физиологиялық жағынан адамға жақын. Оларда жүрген реакциядан қоршаған ортаның ластануы ғана емес, адамның денсаулығын ластаудың соңына алып келетіндігін көрсетеді.
Оңтүстік Қазақстан территориясында тіршілік ететін жасыл құрбақалардың (Bufo viridis) популяциялық құрылысындағы байланысты зерттеу, олардың морфофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау, тіршілік етуінің экологиялық ерекшеліктерінің ғылыми заңдылықтарының жағдайын, биогеоценоздың продуктивтілігін анықтайды, осы жұмыстар бойынша көтерілген проблеманың теориялық мәні анықталынады.
Тақырыптың өзектілігі: Жасыл құрбақалар (Bufo viridis)Оңтүстік Қазақстан облысында кең тараған, саны жағынан жоғары, барлық тіршілік ортасында кездеседі және әртүрлі техногенді факторларға, қоршаған ортаның өзгеруіне төзімді болып келеді.Олардың биологиялық және морфофизиологиялық параметрлерін, жануарлардың ағзасында кездесетін химиялық элементтердің биологиялық ролін зерттеу бұлардың болашақта популяцияларына болжам жасауға маңызды болып табылады.
1. Биология Оқулық - Алматы 1966
2. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде - Алматы, 1981
3. Қайымов Қ. Қызықты зоология Оқушылар мен мұғалімдерге арналған оқулық -Алматы, 1975.
4. И.В.Семенов. Индикационная зоология / Природа. 1987г
5. Кузьмин С.Л. Зеленая жаба, Среднеазиатская жаба. Озерная лягушка /
Земноводные бывшего СССР.-М.: Товарищество научных изданий КМК,
1999.
6. Щварц С.С. Метод морфофизиологияческих индикаторов в экологии
наземных позвоночных животных / Зоол.ж.,1958.
7. Писанец Е.М. Основные направления в исследовании р.Bufo Руководство по изучению земноводных и пресмыкающихся Киев, 1989.
8. Шалгимбаева С.М. Некоторые данные личиночного развития жаб Bufo
viridis / Вестник КазГУ.А-1998. сер.биологическая.№6 30
9. Гончаренко А.Е. Методика определение возроста безхвостных амфибий.
Журнал Вестник 1988. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
10. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Жаратылыстану факультеті

Биология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстанның герпетофаунасы

Қабылдаған: т.ғ.к.,аға оқытушы Турметова
Гүлмира Жүсіпқызы

Орындаған: Жұмбекова Мөлдір

Тобы: ЖБЛ-113

Түркістан 2013

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І ТАРАУ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕРПЕТОФАУНАСЫ

1. Қосмекенділердің шығу
тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 4
2. Қосмекенділердің көбеюі және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..7

ІІ ТАРАУ.
ҚОСМЕКЕНДІЛЕР КЛАСЫ

2.1 Қосмекенділер
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...12
2.2 Қосмекенділердің
систематикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...16
2.3 Қосмекенділер
экологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...22

ІІІ ТАРАУ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .24
IV ТАРАУ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..25
ҚОСЫМША
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ
Қосмекенділер – саны жағынан аз тараған омыртқалылардың өкілдері, олар
балықтар мен жорғалаушылардың аралық формасы болып табылады, сондықтан
оларды эволюциялық зерттеулер үшін өте бағалығын көрсетеді. 
Қосмекенділер теориялық зерттеулер төңірегінде зоогеография, генетика,
популяциялық экология ғылымдарын қызықтыруда.
Қосмекенділер тірі табиғаттың обьектісі ретінде физиологиялық жағынан
адамға жақын. Оларда жүрген реакциядан қоршаған ортаның ластануы ғана емес,
адамның денсаулығын ластаудың соңына алып келетіндігін көрсетеді.
Оңтүстік Қазақстан территориясында тіршілік ететін жасыл құрбақалардың
(Bufo viridis) популяциялық құрылысындағы байланысты зерттеу, олардың
морфофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау, тіршілік етуінің экологиялық
ерекшеліктерінің ғылыми заңдылықтарының жағдайын, биогеоценоздың
продуктивтілігін анықтайды, осы жұмыстар бойынша көтерілген проблеманың
теориялық мәні анықталынады.
Тақырыптың өзектілігі: Жасыл құрбақалар (Bufo viridis)Оңтүстік
Қазақстан облысында кең тараған, саны жағынан жоғары, барлық тіршілік
ортасында кездеседі және әртүрлі техногенді факторларға, қоршаған ортаның
өзгеруіне төзімді болып келеді.Олардың биологиялық және морфофизиологиялық
параметрлерін, жануарлардың ағзасында кездесетін химиялық элементтердің
биологиялық ролін зерттеу бұлардың болашақта популяцияларына болжам жасауға
маңызды болып табылады.

І тарау. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕРПЕТОФАУНАСЫ
1.1 Қос мекенділердің шығу тегі

Қосмекенділер жер беті омыртқалы жануарларының қарапайым құрылдысты
аздаған тобы. Басым көпшілігінің көбеюі мен дамуы суда жүреді, яғни сумен
байланысын толық үзбеген омыртқалы жануарлар. Бұлардың дернәсілдері суда
ғана тіршілік етіп, желбезек арқылы тыныс алады. Олардың жүректері екі
бөліктен тұрады, құлақшадан және қарыншадан, бір ғана қанайналым шеңбері
бар. Ересектері суда да, құрлықта да тіршілік етіп өкпе және терісі арқылы
тыныс алады. Құрлықты мекен ететін орта ретінде игеруге байланысты бұл
класс өкілдерінде бес саусақты аяқтар түзіліп тыныс алу, қанайналу және
басқа мүшелер жүйелері өзгеріске ұшырайды.
Тері жабыны. Барлық қосмекенділердің терісі жалаңаш. Терінің үстіңгі
қабаты – эпидермисте көпжасушалы бездер орналасқан. Тері бездерінің маңызы
әр түрлі. Олар бөліп шығарған сұйықтық терінің үстінде жұқа жарғақ түзеді,
ол арқылы газ алмасу үрдісі жүзеге асады. Бұл жарғақ денені құрғап кетуден
сақтайды. Кейбір тері бездері улы зат бөліп шығарып қосмекенделерді
жауларынан қорғайды.
Қаңқасы. Қосмекенділердің қаңқасы балықтармен салыстырғанда өзгеріске
ұшыраған. Бұлардың қаңқасы омыртқа жотасынан, бассүйектен және иық пен
жамбас белдеулерінен, алдыңғы және артқы аяқ сүйектерінен құралады. Дененің
тірегі – омыртқа жотасы, ол төрт бөліктен құралған: мойын, тұлға, сегізкөз,
құйрық. Омыртқа жотасын жасап тұрған омыртқа денелерінің пішіндері барлық
қосмекенділерде бірдей емес.
Төменгі сатылы қосмекенділерде (аяқсыздар мен қарапайым құйрықтыларда)
омыртқа денесі екі жағынан ойыс, ондай омыртқалар амфицельді деп аталады.
Екі омыртқа денесі жанасқан жердегі ойыста өмір бойы желі сақталады.
Құйрықсыз қосмекенділердің омыртқа денелері процельді (алдыңғы жағы
ойыс, артқы жағы дөңес), жоғары сатылы құйрықтыларда опистоцельді (алдыңғы
жағы дөңес, артқы жағы ойыс).
Мойын бөлімін жасауға бір омыртқа қатысады, тұлға омыртқаларының саны
әр түрлі. Құйрықсыздарды – жетеу, ал аяқсыздарда – 100-ден артық. Сегізкөз
омыртқасы біреу (аяқсыздарда болмайды) – оның екі бүйірінде орналасқан
көлденең өсінділерге жамбас белдеуінің мықын сүйектері жалғасады. Құйрық
бөлімі құйрықтыларда жақсы жетілген, аяқсыздарда өте кішкене,
құйрықсыздарда уростиль деп аталатын бір ғана сүйектен құралады.
Эмбриональді даму кезінде ұрықта уростиль жеке омыртқалар түрінде
қалыптасады да, кейіннен олар бірігіп кетеді. Құйрықсыз қосмекенділерде
қабырғалар жоқ, сондықтан кеуде қуысы қалыптаспайды, тыныс алғанда ауыз-
жұтқыншақ қуысы ауаны сорып алу қызметін атқарады.
Бұғана, қарға, жауырын сүйектерінен құралған иық белдеуіне алдыңғы аяқ
бекиді. Алдыңғы аяқ тоқпан жілік, кәрі жілік, алақан-саусақ сүйектерінен
тұрады. Тоқпан жілік – иық сүйегі, кәрі жілік – иықалды сүйегі деп те
аталады.
Мықын, шонданай, шат сүйектерінен құралған жамбас белдеуіне артқы аяқ
бекиді. Артқы аяқ ортан жілік, асықты жілік, табан-саусақ сүйектерінен
тұрады. Ортан жілік – сан, асықты жілік – сирақ деп те аталады.
Ішкі мүшелер жүйесі.
Ас қорыту мүшелер жүйесі – ауыз жұтқыншақ қуысынан - өңештен-қарынан –
аш ішек, тоқ ішек, тік ішектен тұрады. Тік ішектің кеңейген соңғы бөлігі
клоака деп аталып оған несепағар, жыныс өнімдері шығатын өзектер және қуық
ашылады. Бауырдан бөлінген өт және ұйқы безінің сөлі қарыннан ішекке түскен
қоректі қорытады.
Қан айналымы. Қосмекенділердің жүрегі үш бөліктен: екі құлақшадан, бір
қарыншадан тұрады. Екі қан айналу шеңбері бар. Оттегіне қаныққан өкпедегі
салатамыр қаны өкпе көктамырлары арқылы сол жақ құлақшаға құйылады, ал оң
жақ құлақша бүкіл денеден келген көмірқышқыл газға қаныққан көктамыр қанын
қабылдайды. Қарыншаға аралас қан өтеді. Ол жиырылғанда ерекше қантамыр –
ұйқы салатамырдағы қан миға, аралас қан бүкіл мүшелер мен ұлпаларға
таралады. Ұлпалар мен мүшелер аралас қанмен қамтамасыз етілгендіктен денеде
зат алмасуы баяу жүреді. Салатамыр қаны өкпеден сол жақ құлақшаға, ал
көктамыр қаны бүкіл мүшелер мен ұлпалардан артқы және алдыңғы қуыс
көктамырлар арқылы оң жақ құлақшаға құйылады. Қарыншадан басталып сол жақ
құлақшамен аяқталатын қанайналым шеңбері – кіші деп, ал қарыншадан басталып
оң жақ құлақшамен аяқталатын шеңбер – үлкен қанайналым шеңбері деп аталады.
Зәр шығару мүшесі тұлға бүйрегі – мезонефростан, несеп ағардан, қуықтан
тұрады.
Жүйке жүйесі – орталық жүйке жүйесі бас миынан, жұлыннан құралған,
шеткі жүйке жүйесі бас миынан кеткен он жұп бас сүйек нервтері мен жұлыннан
кеткен жұлын нервтерінен тұрады. Бас миы балықтардікі тәрізді 5 бөліктен
тұрады, әсіресе алдыңғы ми жақсы дамып, екі ми сыңарларына бөлінген.
Қозғалыстары қарапайым болғандықтан мишық нашар жетілген.
Сезім мүшелері көздері, есту мүшесі – ішкі және ортаңғы құлақ. Ортаңғы
құлақтың сыртында дабыл жарғағы болады, ортаңғы құлақ қуысы жұтқыншақпен
ерекше өзек – евстахиев түтігі арқылы жалғасып, сыртқы ортадағы қысыммен
ішкі қысымды теңестіреді. Ішкі және сыртқы танау тесіктері – иіс сезу
қызметін атқарады.
Тыныс алу мүшелер жүйесі ауызжұтқыншақ қуысында орналасқан көмей
саңылауынан басталып көмей, кеңірдек, ауа жолдарынан, өкпелерден құралады.
Ертедегі қос мекенділер Гренландияда жоғарғы девон қабатынан
анықталған. Әзірше ондай жануарлардың бас сүйегі ғана табылды.
Ал толық скелеті тас көмір мен перм қабаттарынан табылған. Бұл өте
ертеде тіршілік еткен амфибилердің тобы — Филлоспондилер (Рһуііоsропdуlі)
отрядына топтасады. Бұлардың ең ұсақтарының (Вгапсһіоsаигиs) денесінің
ұзындығы бірнеше сантиметр ғана болған. Сыртқы бейнесіне қарағанда, олар
тритондарға ұқсайды. Ми сауытының басым көпшілігі сүйектенбеген, бірақ оның
үстіңгі жағы тері тектес сүйекпен қапталып тұрады. Кейбір түрлерінде
рудиментті желбезек қақпақшалары болған. Бас сүйегінің құрылысындағы кейбір
элементтеріне қарағанда, бірқатарында личинка кезінде сыртқы желбезегі
болғаны байқалады. Филлоспондилер отряды — амфибилердің ертеде тіршілік
етіп, кейін құрып біткен, олардан қазіргі замандағы құйрықты және
кұйрықсыздар отряды пайда болған болуы керек.
Амфибилердің екінші құрып біткен отряды — Лабиринтодонттар
(Lаbугіпthоdопtіа). Олар тас көмір мен перм қабаттарынан және полезоц мен
ерте мезозой дәуірінен белгілі. Бұл алуан түрлі өте көп жануарлардың тобы
еді. Ертеде болған түрлерінің ұзындығы 60 сантиметрдей, бірақ көпшілігінің
дене мөлшері ірі крокодилдердей болған. Жалпы бейнесі саламандраларға
ұқсас, бірақ аяқтары нашар жетілген. Ми сауыты тері тектес сүйекті сауытпен
қапталған. Кейбір түрлерінде сүйекті сауыт кұрсағында да болған, ол құрсақ
бөлімін жер бетіндегі әр түрлі заттардың әсерінен қорғау қызметін атқарған.
Бұл отрядтың ертедегі түрі еогиринус (Еоgигіпиs) тас көмір дәуірінде
батпақты жерде тіршілік еткен су жануарлары. Кейін, карбон дәуірінің аяқ
кезінде жер бетін мекендейтін аяғы жақсы жетілген түрлері пайда болған.
Эволюциялық дамудың нәтижесінде ондай ам-фибилерден бауырымен
жорғалаушылардың шығуы мүмкін.
Қос мекенділердің үшінші отряды. Лептоспондилер (Lерtоsропdуlі) карбон
мен пермнің ортаңғы және жоғарғы қабатынан белгілі. Бұлар тайыз сулар мен
батбақты Мекен еткен, ұсақ жануарлар. Көпшілігінің денесі ұзын, рудиментті
аяқтары болған.
Амфибилердің құрып біткен осы үш отряды стегоцефалдар немесе сауытты
амфибилер (Stеgосерһаlіа) класс тармағын құрайды.
Стегоцефалдардың арғы тегі сүйекті балықтар болуы сөзсіз. Олардың
құрылысының қарапайым (алғашқы скелетінің нашар сүйектенуі) болуымен қатар,
желбезекгеріне қосымша қапшық тәрізді өкпесі болған. Сол сияқты суды есуге
және жер бетінде жүргенде тірек болатын, келешекте бес саусақты аяқ дамитын
жұп органдары да болған. Қауырсын қанатты балықтардың (Асtіпорtегуgіі)
мұндай белгілері болмаған. Қос тынысты балықтар (Dірпоі) өкпемен тыныс
алғанмен, су түбінде тіршілік етуге бейімделген балықтар тобына жатады.
Стегоцефалдарға туыстық жағынан жақынырақ саусақ қанатты балықтар
(Сгоssорtегуgіі). Олар өкпемен тыныс алады және аяқтарының скелеті
стегоцефалдардың аяқтарының скелетіне ұқсайды. Ертедегі саусақ қанатты
балықтар мен стегоцефалдардың бастарынын, сыртқы сүйектерінің орналасуы өте
ұқсас болған. Осы кездегі ғылымға белгілі саусақ қанатты балықтар жер
бетіндегі омыртқалылардың арғы тегі бола алмайды. Өйткені, бұл саусақ
қанаттылар кейінірек уақытта пайда болған. Жер бетіндегі омыртқалылардың
тегі полеонтология ғылымы әлі анықтамаған ертеректе тіршілік еткен саусақ
қанатты балықтардан пайда болған.

1.2 Қосмекенділердің көбеюі және дамуы.
Қосмекенділердің басым көпшілігі сырттай ұрықтанады. Іштей ұрықтану
аяқсыздар отрядының өкілдеріне тән. Кейбір түрлері тірідей туу арқылы
көбейеді.
Қосмекенділер дара жынысты, аталық және аналық бездері жұп. Аталықбезде
жыныс өнімін шығаратын арнайы өзек болмайды, сондықтан ол бүйректердің
жанында орналасып жыныс сұйықтығы несепағар қызметін атқаратын түтік арқылы
клоакаға құйылады.
Аналық бездерде жетілген жұмыртқа дене қуысына түсіп, жұмыртқа жолының
бастапқы шұқырақ тәрізді бөлігіне барады да, одан жұмыртқа жолы арқылы
клоакаға шығады. Аналықтарда жұмыртқа жолының қызметін Мюллеров түтігі
атқарса, аталықтарда несепағар мен тұқым жолының қызметін Вольфов түтігі
атқарады.
Аталық және аналық бездерінің дамуына қажетті кенеулі зат бөліп
шығаратын сары түсті майлы дене жыныс бездерінің үстіңгі жақтарында
орналасады.
Көктем басталасымен ұйқыдан оянған қосмекенділер көбеюге кіріседі. Олар
уылдырық шашу арқылы суда ұрықтанады. Бұл кезде су қоймаларынан бақалардың
бақылдаған шуы естіледі. Бақалардың аталықтары аналықтарына қарағанда кіші
көлемді және аталықтарының басының екі жағында дыбыс күшейткіш шар тәрізді
екі қапшықтары болады. Олар резонаторлар деп аталады. Аналықтар суға балық
уылдырығына ұқсас уылдырық салады да, оған аталық бақалар сперматозоидтары
бар сұйықтық құяды. Сөйтіп ұрықтанған уылдырық дами бастайды. Ұрықтанған
уылдырық бірнеше рет бөлініп, көпжасушалы ұрыққа айналады. Ұрықтан
дернәсідің шығу мерзімі су температурасына байланысты, егер су
температурасы 20-240 С болса 8-10 күнде дернәсіл уылдырықты жарып итшабақ
түрінде суға шығады.
Бақалардың дамуы айналмалы жолмен немесе метоморфоз арқылы жүзеге
асады.
Ұрпағына қамқорлық жасамайтын құйрықсыздар отрядының өкілдерінің
уылдырық саны өте көп, мысалы жасыл бақа 3 – 8 000 уылдырық, құрбақа –
10 000-ға жуық уылдырық шашады.
Бақаның итшабағы балық шабағына ұқсас болады. Уылдырықтан жаңа шыққан
итшабақтың аузы болмайды, ол уылдырық сарыуызының қалдығымен қоректенеді.
Басының екі жағынан саусақ тәрізді тармақталған сыртқы желбезек пайда
болады да, біраз уақыттан кейін желбезек қақпағы бар ішкі желбезекке
айналады. Бұл итшабақтың тыныс алу мүшесі. Уылдырықтан шыққан итшабақтың
жұп аяқтары болмайды. Олар жарғақпен көмкерілген ұзын құйрықтарының
көмегімен суда жүзеді. Алдымен алдыңғы аяқтары қалыптасады, бірақ олар
желбезек қақпағынан ұзақ уақыт байқалмайды, сондықтан ең алдымен артқы
аяқтары көрінеді. Итшабақтың өкпесі жетіліп, желбезек қақпағы жойылған
кезде алдыңғы аяқтары көрінеді. Құйрығы қысқарып, соңынан мүлде жойылады.
Итшабақ су бетіне көтеріліп ауамен тыныс ала бастайды. Бұған дейін оның
жүрегі екі бөліктен құралып, қан айналым жүйесі бір шеңберлі болып,
терісінен бүйір сызығы айқын білініп тұрады. Сөйтіп қосмекенділердің
дернәсілінің құрылысында балықтың белгілерінің байқалуы, қосмекенділердің
өздерінің басын ертедегі саусаққанатты балықтардан алғанының дәлелі болып
табылады.
Итшабақтың алдыңғы аяқтары екі айдан соң айқын көрініп, желбезек
қақпағы жойылады: денеде кіші қан айналым шеңбері түзіледі де, жүрегі үш
бөліктен құралады. Дернәсілдің денесіндегі мүшелер ересек бақаның дене
мүшелеріне ауысады. Дернәсілдің ересек бақаға толық айналуы үшін орта
жағдайына байланысты екі-үш ай қажет.
Құйрықты қосмекенділер отряды. Бұл отрядқа қарапайым құрылысты денелері
бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен құралған космекенділер жатады. Құйрықтары
көлденең кесіндісінде домалақ немесе екі бүйірінен қысыңқы кейде тері
жарғағымен көмкерілген. Алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындықтары бірдей,
кейбір түрлерінің артқы аяқтары жоқ.
Омыртқалары амфицельді немесе опистоцельді. Тұлға омыртқаларына толық
қалыптаспаған жоғарғы қабырғалар бекінеді. Иық белдеуінде бұғана сүйегі
жоқ. Құйрықсыз қосмекенділерден айырмашылығы иық алды және сирақ сүйектерін
құрауға екі сүйек қатысады. Иық алды сүйегін шыбық және шынтақ сүйектері
жасаса, сирақты жасауға үлкен және кіші берцов сүйектері қатысады.
Бұл отряд өкілдерінің басым көпшілігінің ұрықтануы іштей. Көбею
ұрықтанған уылдырық салу арқылы немесе тірідей туу арқылы жүзеге асады.
Кейбір түрлеріне дернәсіл қалпында көбею қабілеті тән. Бұл құбылыс неотения
деп аталады.
Бұл отрядқа 400-ге жуық түрлер біріктіріледі, олар қоңыржай ендіктің
батыс және шығыс жартышарларында таралған.
Басым көпшілік түрлері нағыз саламандралар тұқымдасына жатады. Дене
пішіні кесірткеге ұқсас, құйрығы ұзын, екі жұп аяқтары жақсы дамыған.
Дернәсілдері сыртқа желбезектері арқылы, ересектері өкпе мен тері арқылы
тыныс алады. Бұл тұқымдасқа Европа мен Кавказда таралған тритондар жатады.
Кәдімгі және жалды тритондар жазда өсімдіктер мол өскен ақпайтын немесе
баяу ағатын су қоймаларында тіршілік етеді. Олардың көбеюі және
дернәсілдерінің дамуы су қоймаларында жүреді. Бұлардың ұрықтануы іштей.
Көбею кезінде аталық тритон аталық без өнімдерін сперматофор деп аталатын
арнайы қапшыққа құйып, су асты өсімдіктеріне жапсырады. Аналық тритондар
сперматофорды клоакасымен қамтып алады. Жаз айларының аяғында құрлыққа
шығып құлаған ағаш діңдерінің немесе томарлардың астына қыстап шығады.
Көктемде кейбір жерлерде қар жатса да, олар қайтадан су қоймаларына барады.
Кәдімгі тритонды Жайық өзенінің алқабы мен Арал өңірінің
солтүстігіндегі шағын су қоймалардан кездестіруге болады.
Бұл тұқымдастың келесі өкілі теңбіл саламандра Европаның, Солтүстік
Африканың, Кіші Азияның ылғалды алакөлеңкелі ормандарын мекендейді.
Тритондармен салыстырғанда сумен көп байланыспаған. Күндіз ағаш
тамырларының, тастардың астарына, індерге жасырынады. Жауыннан кейін күндіз
жер бетіне шығады және түнде белсенді түрде тіршілік етеді. Ұрықтануы
іштей. Теңбіл саламандраның аналықтары желбезектері бар дернәсілдер туады,
олар өздерінің ары қарай айналмалы жолмен дамуын су қоймаларында аяқтайды.
Солтүстік Америкада өкпесіз саламандралар тұқымдасына жататын 170 түр
таралған. Тек қана суда тіршілік етуіне байланысты олар өкпелерін жоғалтып,
терілері және жартылай жұтқыншақтың сілемейлі қабаты арқылы тыныс алады.
Солтүстік Америкада кеңінен таралған амбистомалар тұқымдасына жататын
түрлер. Дене тұрқы 15-23 сантиметр, құйрығы жуан. Олардың дернәсілдері
аксолотль деп аталып, олар ересек дараларға айналмай көбейе береді.
Бұрыштіс тұқымдасына сібірлік бұрыштіс пен жетісулық бақатіс жатады.
Сібірлік бұрыштістер Қазақстанның Солтүстік аймағындағы батпақты, көлді
және шалғынды жерлерде мекендейді. Жетісулық бақатіс Жоңғар Алатауының
батыс бөлігінде ғана кездеседі. жетісулық бақатіс Қазақстанның Қызыл
кітабына тіркелген, ерекше қорғауды қажет етеді.
Саламандра

Қосмекенділердің тек суда ғана тіршілік ететін түрлері де бар. Бақалар
мен құрбақалардың ересектері суда да, құрлықта да тіршілік етеді. Аздаған
түрлері ағаш басында өрмелеп өмір сүруге бейімделген. Кейбір түрлері, яғни
аяқсыз қосмекенділер тек жер астында ін қазып тіршілік етеді.
Қосмекенділердің тіршілігі үшін температура, су айдындарының болуы және
ылғалдылық маңызды рөл атқарады. Қосмекенділер зиянды жәндіктермен
қоректенетіндіктен, пайдалы. Кейбір түрлері: бақалар, саламандралар тағам
ретінде пайдаланылады.
Құрлықта тіршілік етуші алғашкы омыртқалылар қосмекенділер болған. Олар
пайда болғанға дейін жерде судың омыртқалылары — балықтар тіршілік еткен.
Қазбадан табылған ертедегі балықтардың арасынан саусақ қанатты балықтар
белгілі. Ендеше девон дәуірі кездерінде (шамамен 400-500 млн. жыл бұрын)
алғашқы қосмекенділер (стегоцефальдар) саусақ қанатты балықтардың ертедегі
тегінен шыққан деп болжайды. Қосмекенділер құрлыққа шығуымен қатар сумен де
байланысын жоғалтпады және толышмен құрлық жануарларына айналған жоқ.

Мексикалық Амбистома
Қосмекенділер гректің "амфибиос" деген сөзінен олардың өз тіршілігінде
тек құрлықпен ғана емес, сонымен бірге сулы ортамен де байланысты екендігін
көрсетеді. Бұл байланыс олардың тіршілік әрекеттерінен көбею, даму және
дене құрылыс ерекшеліктерінен айқын көрінеді.
Ересек өкілдері сазды көлеңкелі жерлерде, көбіне тұщы су қоймаларының
жағалауында тіршілік етеді. Қосмекенділер тұзды суларда өмір сүре алмайды.

ІІ ТАРАУ. ҚОСМЕКЕНДІЛЕР КЛАСЫ
2.1 Қосмекенділер құрылысы.
Ас қорыту жүйесі. Қосмекенділердің негізгі қорегі жануар тектес болады,
оның ішінде омыртқасыздар басым болып келеді. Бақалар өздерінің жалпақ та,
жабысқақ тілімен қозғалып жүрген омыртқасыздарды тез ұстап алады. Барлық
қосмекенділердің тілінің ұстіңгі бетінен, желім сияқты шырын бөлінеді. Осы
шырынның жәрдемімен ұсақ жануарларды ұстап қорек етеді.
Тістері ұсақ біркелкі үстіңгі жақ сүйектеріне, ал кейбір түрлерінде
төменгі жақ сүйектеріне орналасқан. Кейбір түрлеріде (құрбақаларда) тістері
бслмайды. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып жұтқыншақ қуысына
жалғасады. Жұтқыншақ арт жағынан тарылып өңешке айналады. Ауыз—жұтқыншақ
қуысына жалғасады. Ауыз-жұтқыншақ қуысына сілекей бездерінің де жолдары
ашылады. Ішектің үстінде жабысып ұйқы безі жатады. Бауыры үлкен, оның
үстінде өт орналасқан. Өт түтігіне, ұйқы безінің жолы да келіп ашылады.
Өңеш қарынмен жалғасады, қарын ішекпен тура ішекпен жалғасады.
Тік шек айқын ажыратылған, ол клоакаға ашылады. Клоака арқылы нәжістен
басқа зәр және жыныс өнімдері сыртқа шығарылады.
Тыныс алу жүйесі. Ересек кезінде олар өкпесі мен терісі арқылы тыныс
алады. Өкпесі — крегесі ұсақ, жұқа ұя тәрізді қуыстардан екі қалтаға
ұқсайды. Өкпесінің толық жетілмеуіне байланысты тері арқылы тыныс алады.
Тері арқылы тыныс алу тері артерияларының капиллярлары арқылы іске асады.
Мысалы, жасыл бақалардың терісі арқылы канның тотығуына қажетті оттегінің
51 проценті енсе, қалған 49 проценті өкпе арқылы өтеді. Организмнен
бөлінетін көмірқышқыл газының 86 проценті тері арқылы, қалған 14 проценті
өкпе арқылы бөлінеді. Демек терінің тыныс алуда маңызы зор. Бақаның мұрын
қуысы хоана арқылы ауыз қуысымен қатынасады. Тыныс алуда танау тесіктерінің
ролі зор. Ол арқылы бақа тыныс алатын ауаны ішке тартады және сыртқа
шығарады. Бақаның танау тесігі ашылып, жабылып тұрады. Бақаның көкірек
клеткасы және қабырғалары болмайды. Ауа бақаның өкпесіне, басқа
жануарлардағы сияқты көкірек клеткасының кеңеюі арқылы кірмейді, танау
тесігі арқылы кіреді.
Қосмекенділердің суда тіршілік ететін личинкалары сыртқы желбезек және
терісі арқылы тыныс алады. Үнемі суда тіршілік ететін құйрықты
қосмекенділерде желбезек өмір бойы сақталады, ал көптеген түрлерінде
кейінірек желбезек жойылып кетеді. Сайып келгенде тыныс алу жүйесіне
келгенде қосмекенділер балықтарға жақын.
Қан айналу жүйесі. Эволюциялық дамудың барысында омыртқалы жануарлардың
ішінде құрлыққа шығуына байлайысты қосмекенділерде ең бірінші рет өкпе
пайда болады. Осыған сәйкес қан айналыс жүйесінде елеулі өзгерістер туады.
Барлық қосмекенділердің жүрегі балықтардың жүрегі сияқты екі бөлімнен емес
үш бөлімнен: бір қарыншадан, сол жүрекшеден және оң жүрекшеден тұрады.
Өкпеде оттегіне қаныққан және көмір қышқыл газы азайған қан өкпе веналары
арқылы сол жақ жүрекшеге келіп құйылады. Мұндай қандарды вена қан тамырлары
әкелсе де, оны артерия қаны деп атау ұйғарылған. Бүкіл денеге оттегін
таратып, көмір қышқыл газына қаныққан қан веналар арқылы оң жақ жүрекшеге
келіп құйылады. Мұндай қанды вена қаны деп атауға (мақұлданған) ұйғарылған.
Жүрекшелердің жиырылуының нәтижесінде барлық қан құлақшаға құйылады.
Құлақшада артерия мен вена қандары толық араласпайды, өйткені қарыншаның
ішкі бетіндегі әртүрлі өсінділер қандардың толық араласуына мүмкіндік
бермейді. Сондықтан жүрекше жиырылып болғаннан кейін қарыншаның оң жақ
бөлігінде вена қандары, сол жағында - артерия қандары, ал ортасында —
аралас қандар тұрады.
Жүрекшенің оң жақ бөлігінен артериялық конус шығады, одан төрт жұп
артериялық доғалар тарайды. Бірінші жұп артерия таза артериялық қанды бас
бөліміне апарады, оны ұйқы артериясы дейді. Екінші және үшінші жұп
артериялар дененің барлық жеріне таратылған үлкен тамырлар жүйесін ортасын
құрайды. Төртінші жұп артерия — ол қанды өкпеге апарады, әрбір өкпе
артериясынан бірден ұлкен қан тамыры шығып, теріге барып, теріде веноздық
қан оттегіне қанығып денеге тарайды. Сондықтан бұл қан тамырларын өкпе-тері
артериялары деп атайды. Сайып келгенде, қомекенділерде балықтардікі сияқты
бір ғана қан айналыс шеңбері емес, екі қан айналыс шеңбері бар. Үлкен қан
айналыс шеңбері — жүректен шыққан қан артериялар мен капиллярлар арқылы
бүкіл дененің бөліктеріне тарап, одан капиллярлар мен веналар арқылы оң жақ
жүрекшеге келіп құяды. Кіші кан айналым шеңбері - жүректен шыққан қан өкпе
артериясы мен капиллярлар арқылы өкпеге барады, одан капиллярлар және екпе
венасы сол жақ жүрекшеге келіп құяды.
Қосмекенділерде бұл екі шеңбер жылы қанды омыртқалардағы сияқты толық
бөлінбеген. Вена қаны да, артерия қаны да жүректің жалғыз қарыншасы арқылы
өтеді. Қан тамырлар арқылы қан баяу қозғалады және қанда оттегі аз аралас
қанмен қамтамасыз етеді. Сол себептен зат алмасудың дәрежесі жоғары болмай,
олардың денесінде жылу аз болады. Бұлар да балықтар сияқты, суық қанды
жануарларға жатады. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның
температурасымен тығыз байланысты. Қосмекенділердің тіршілігінің маусымдық,
тәуліктік ерекшеліктері және географиялық таралуы осыған байланысты.
Олардың түрлері тек тропикалық жерлерде ғана көп болады.
Нерв жүйесі. Қосмекенділердің алуан түрлі ортада тіршілік етуше,
күрделі және өзгергіштік тіршілік ортасына байланысты миының құрылысы
балықтардікімен салыстырғанда, алдыңғы миы үлкендеу және ол ми жарты
шарларына бөлінген. Ортаңғы миы онша үлкен емес, ал мишығы өте аз болады.
Мидың бұл бөлімінің нашар дамуы қосмекенділердің қозғалысының күрделі
болмай жай баяу қимылдауына байланысты. Жұлын нервтері иық және жамбас
белдеулерінде нерв торларын құрайды. Омыртқа жотасының екі жағында
орналасқан симпатикалық нерв жүйесі жақсы дамыған.
Сезу мүшелерінің ішінде белгілі бір дәрежеде өзгеріске ұшыраған мүше ол
(құлақ) есту мүшесі. Ол балықтарға қарағанда қосмекенділердің есту мүшелер:
жақсы дамыған. Қосмекенділерде тек қатна ішкі құлағы емес, ортаңғы құлағы
мен дабыл жорғағы да бар. Ортаңғы құлақ қуысынын төменгі ауыз-жұтқыншақ
қуысына ашылатын бөлімі евстахиев түтігі деп аталады. Қосмекенділердің
көздері балықтардың көзіне қарағанда өткір келеді, бірақ олар құрлықта
судағыдай алыстан көре алмайды. Көздерін құрғап кетуден және бөгде заттар
түсуден, күшті жарықтан сақтап тұратын қозғалмалы қабағы бар. Көздің мөлдір
қабығының пішіні балықтардікіндей тегіс болмай - дөңес болып, хрусталигі
дөңгелек болмай - линза пішіндес болады. Бұл ерекшеліктер қосмекенділердің
алысырақтан көрінуіне мүмкіндік береді.
Су жануарлары ылғалдылықтың өзгеруін білмейді. Суға қарағанда құрлықта
температураның өзгерісі де күшті. Бақаның терісінде сезгіш нерв ұштары
болады. Олар жылуды және суықты, құрғақ пен ылғалдылықты сезеді, суда
еріген неше түрлі заттарды -сезгіш келеді.
Қосмекенділерде жұп иіс сезу капсулалары болады, олар сыртқы ортамен
бір жұп танау тесігімен қатынасады. Иіс сезімімек ішкі танау тесігі хоандар
кетеді, олар ауыз-жүтқыншақ қуысымен жалғасып тыныс алуға да қатысады.
Қосмекенділер иіс сезу мүшесін ауада ғана пайдаланады, ал суда жүргенде
танауын жауып жүреді.
Балықтарға тән бүйір сызық, қосмекенділердің тек личинкаларына ғана
тән. Бүйір сызық тіршілігі үнемі - суда өсетін қосмекенділердің кейбір
құйрықты және құйрықсыз түрлерінің ересектерінде өмір бойы сақталады.
Зәр шығару жүйесі. Олардың зәр шығару мүшелері жас ерекшеліктерше қарай
құрылысы өзгергіш келеді. Мысалы, ұрықтың алғашқы даму кезінде пронефрос,
ал ересек кезінде мезонефрос зәр шығару мүшелердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік табиғи қорық қоры
Барсакелмес қорығы туралы
Жорғалаушылардың денесінің құрылымы
Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
Қазақстанда діни тақырыптағы экскурсиялық туризмді дамыту
Жабағылы өзенінің ұзындығы
Дипломатиялық қызметтің қалыптасуы
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы геосаяси және экономикалық орны мен рөлі
Негізгі мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды дамыту
Пәндер