Бастауыш мектепте сөз тіркестерін оңытудың әдістемесі



Кіріспе

I. Бастауыш мектепте сөйлемді оқыту
мәселесінің зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.9

II. Бастауыш мектепте сөйлемді оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...9.14
1. Сөйлемдегі сөздердің байланысын оқыту ... 14.19
2. Бастауыш мектепте сөйлем мүшелерін
оқыту әдіс.тәсілдері ... 19.32

III. Бастауыш мектепте сөйлемді ойын әдісімен оқыту жолдары
1. Ойын теориясы және бастауыш мектепте
сөйлемді оқыту барысында дидактикалық
ойындарды іріктеу ... 32.45
2. Бастауыш мектепте сөйлемді меңгертуге
арналған ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45.52

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52.54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54.57
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезеңде
дидактиканың кімді, қалай, және нені оқыту қажет деген сұрағы орта мектептегі оқыту үрдісіне (процесіне) де тікелей байланысты. Себебі, бүгінгі қоғамның дамуы, ғылымның және техниканың алға басуы мектеп оқушыларының сана-сезімін, ойлау туғызды. Мектептегі оқыту процесінде жүргізілген өзгерістер тек жеке тұлғаның тағдырын ғана өзгертіп қана қоймайды, сол арқылы бүкіл еліміздің ертеңгі күнгі әлеуметтік экономикалық тұрмыс деңгейіне эсер ететіндігі белгілі. Мұны Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 желтоқсан айында болған білім қызметкерлерінің 1-ші қүрылтайында анық түсіндіріп, былай деген болатын. Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Сондықтан еліміздің көркейтіп дамуында мектеп мұғалімдерінің оқушыларды қалай оқытып тәрбиелейді елдік тұрғыда стратегиялық міндетке жатады.
Оқушылардың тек интеллектісін дамытумен ғана қалып, олардың рухани қажеттіліктерін қалыптастыруына, эмоционалдық жақтарының жетілуіне, оқуға деген ішкі қажеттіліктерінің оянуына баса көңіл аудармайды. Бұл жас өскін ұрпақтың интеллектісі жоғары, бірақ жанындағы адамдарға жаны ашымас "тас бауыр" етіп қалыптасуына әкеледі. Мұны ғылымда инфантилизм құбылысы деп атайды. Керісінше жанүяларында әке-шешелерінің ұрыс-керісінен балаларда эмоционалдық қасиетінің басты рөлге шығу кездері де болады. Мүндай кезеңде эмоционалдық аспект интеллектіні тежеп, өмірге өкпелі, тұйық балалар өсіп жетіледі. Мұның арты оқушылардың қылмыстық топтарға қосылуымен аяқталатыны даусыз. Сондықтан бастауыш мектепте оқушыларды сабаққа түрлі әдіс- тәсілдермен қызықтырып отыру керек. Сондай педагогикалық құралдың бірі - ойын әдісі. Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш мектепте сөйлемді оқыту арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары ғана артып қоймайды, сонымен қатар олардың дұрыс сөйлеу қабілеттері де артады. Сөйлем адам ойын шығаратын басты материал. Сондықтан бастауыш мектепте сөйлемді оқыту ісіне басты назар аудару қажет.
Диплом жұмысының мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларына сөйлем туралы ұғым беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
1. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлем туралы
білімдерін жетілдіру; ■
2. Оқушылардың сөйлемді дұрыс қолдану дағдыларын
қалыптастыру;
3. Қазақ тілі сабағында пайдаланылатын дидактикалық
ойындардың тиімді түрлерін анықтау;
4. Дидактикалық ойындарды сабақта қолдану жолдарын
айқындау;
5. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдарын айқындау

Диплом жұмысының нысаны болып Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту процесі алынды.
Диплом жұмысының әдістері. Диплом жұмысында баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.
Диплом жұмысы жұмысы үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Осының негізінде диплом жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында оқушылардың сөз тіркесін оқыту тәсілдерін қолданудың міндеттері айқындалды.
Екінші кезеңде Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту тәсілдерін қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Оқушылардың тілін дамыту тәсілдерінің тиімді түрлері анықталып, жүйеге келтірілді. Оқыту процесінде сөйлемді оқыту тәсілдерін қолдануды ұйымдастыру және тиімді пайдалану жолдары айқындалды.
Диплом жұмысының теориялық маңызы Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушыларға сөйлемді ойын әдісі арқылы оқытуға байланысты алынған ғылыми қағидалар мен түжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.
1. Жапбаров А., Тілеубердиев Б. «Оқушыларға мэтін қүрастыру
мен шығарма жаздыру әдістемесі» Ш.2002 ж., 16-бет.
2. Әбдікаримов Т.М. «Бастауыш сыныпта мәітін
арқылы тіл дамыту» А.1993ж, 20-бет.
3. Арғынов Х.К. «Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері»
А., 1987 ж, 205 бет.
4. Айғабылов А. «Тіл устарту» Қазақстан мектебі 1995, N8.
5. Ысқақов Б. «Тіл дамытудың психолингвистикалық
негіздері» А. 1996 жыл
6. Жаппаров. Тіл дамыту. А. 1989, 85-бет.
7. Базарбекова Сөздік жұмыс.
8. Жолдашқызы Р. «Мәтінмен жұмыс істеу» «Бастауыш
мектеп»2001 ж, N1-2. 45-бет.
9.«Сөздік қорды дамыту ерекшеліктері» «Қазақстан мектебі» 2002 5. 47 бет.
10. Отар Әлі Бүркіт. «Көркем мәтінніңсемантикасы» Қазақ тілі
мен әдебиеті. 2001 ж, N8. 25-бет.
11. Аманжолов С, Әбілқаев А., Үйықбаев М. «Қазақ тілінің
грамматикасы» А. 1977. 23-бет.
12. Аханов, Катембаева «Қазақтілі» А. 1982. 23-бет.
13. Исаев, Бектуров «Сөйлемдегі грамматикалық талдаудың
тәсілдері». А. 1985.
14. Г.Абуханов «Қазақ тілі синтаксисі» А. 1990.
15. Қ. Жубанов «Қазақ тілі» А. 1966.
16. Бастауыш мектеп 2000 N3. 4-бет.
17. Бастауыш мектеп 2001 N17 40-бет
18. Қазақ тіл мен өдебиеті. 2001 ж- N 8, 25 бет.
19. Бастауыш мект. 2001 N1-2 45 бет.
51
20. «Балдырған» журналы. N6. 2000 жыл.
21. Бастауыш мектеп 2001ж N2 45 бет.
22. Бастауыш мектеп. 2001 ж. N1-27 43 бет.
23. Қазақстан мектебі 2002 ж. N5 47 бет.
24. Г. Қосымова, Н. Құрманова «Қазақ тілі» әдісемелік нұсқау
59-71 бет Алматы 2004 жыл.
25. Қазақ тілі мен Әдебиеті журналы 47-49 бет ., 2004 жыл

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 278 бет
Таңдаулыға:   
Пікір
Бастауыш мектепте сөйлемді меңгертуде мұғалім оқушылардың пікірлерін,
сөздерін бұзбай, сабырлылықпен тыңдауы, қате кеткен жерлерін жай сөзбен
түзетуі, оқушылар сөздерді дұрыс қолданбаған кезде де басқа оқушыларға әжуа
еткізбеуі қажет. Мұғалім осындай амалдар арқылы оқушылардың өзіне деген
сенімін нығайтып, өз ойын жасқанбай жеткізу біліктерін қалыптастырады. Бұл
балалардың тілдік тұлғаларды орынды қолдануына, олардың өзіндік
заңдылықтарын жете меңгеруіне оң ықпалын тигізеді.
Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде
қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады. Мысалы, бастауыш
мектепте сөйлемді меңгертуде қолданылатын сөйлемді толтыр ойынында
сөйлемді дұрыс қүрау дағдылары жетілдірілсе, Синтаксистік касса ойынында
өтілген тілдік материалдар оқушылардың сөздерді мағыналарына қарай орынды
қолдану, сөз мағыналарын, түрлерін ажырату дағдылары сөйлеммен үштасады.
Жұмбақ шешу ойынында мұғалім жұмбақтарды айтады. Оқушылар оның мазмұнына
қарай шешуін табады. Бұл жұмбақтарды оқушылар жаттап алады. Бұл оқушылардың
логикалық ойлауын ғана жетілдіріп қоймайды, сонымен қатар олардың сөйлемді
дұрыс кұрау дағдыларын дамытады. Мұның барлығы дипломант жұмысының
маңыздылығын көрсетеді.
Дипломант жұмысын жүйелі түрде жазып, әрбір тармақшасы өзіндік
ойға, пікірге негізделген. Негізгі бөлімде алдына қойған мақсатына толык
жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс.
Пікір
Бастауыш мектепте сөйлемді меңгертудің негізгі мақсаты -- оқушыға
біріншіден, қазақ тілінен игерген білімдерін практикада қолдана алуға ,
екіншіден, өзіндік пікірі, көзқарасы бар және тұлға ретінде қалыптасуына,
үшіншіден, тарихи әдеп-ғұрпын тілді құрметтеуге үйрету арқылы кадірлеуге,
төртіншіден, тілдік қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, сөйлеу
нормаларын сақтауға дағдыландыру.Ал, мұның барлығы оқушы сөйлем құрау
заңдылықтарын білген кезеңде ғана жүзеге асады. Себебі сөйлем адам ойын
сыртқа шығаратын бірден - бір жол. Сондықтан сөйлемдерді дұрыс игерту
оқушылардың ана тілінде жақсы сөйлеуіне, сөйлемдерді дұрыс құрауына ықпал
етеді, яғни сабақта балаларға теориялық білімдерді терең игертумен қазақ
тілін адамдар арасындағы тілдесімді, сөйлесімді жүзеге асыратын, олардың
бір-бірімен тілдік қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Бастауыш мектепте
сөйлемді қатысымдық тұрғыдан меңгертуде тілдік салаларын өзара бірлікте,
бір-бірімен тығыз байланыста игерту қажет. Осы аркылы оқушылар казақ тілін
қарым-катынас құралы ретінде үйренеді. Бұл дипломанттың тақырыбы өзекті
екенін көрсетеді. Дипломант жұмысын жүйелі түрде жазып, әрбір тармақшасы
өзіндік ойға, пікірге негізделген. Негізгі бөлімде алдына қойған мақсатына
толық жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс.

Пікір

Г.Дәрменбаеваның Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін
тәрбиелеу тақырыбына жазылған диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан тұрады.
I тарауда бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін
тәрбиелеу негіздері қарастырылған. Қазақстан Республикасының жастарына
үздіксіз тәлім-тәрбие беру тұжырымдамасы , тәрбиенің негізгі мақсаты мен
міндеттері және тәрбиенің отансүйгіштік бағыты қарастырылған.
II тарауда қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік
сезім оятудағы маңызы, Ұлықтау рәсімінің бастауыш сынып оқушыларының
бойында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеудегі орны, оқу-тәрбие процесінде
патриоттық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс-шаралардың әдіс-
тәсілдерінің түрлері, ерекшеліктері жөнінде мәліметтер берілген. Сонымен
қатар отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік
жұмыстар көрсетілген.
Дипломант жұмысын жүйелі түрде жазып, әрбір тармақшасы өзіндік ойға,
пікірге негізделген. Әр тарауда алдына қойған мақсатына толық жеткен.
Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс.

Пікір білдіруші:
п.ғ.к., доцент Ә.Оңғарбай

Пікір
Бастауыш мектепте сөйлемді меңгертуде мұғалім оқушылардың пікірлерін,
сөздерін бұзбай, сабырлылықпен тыңдауы, қате кеткен жерлерін жай сөзбен
түзетуі, оқушылар сөздерді дұрыс қолданбаған кезде де басқа оқушыларға әжуа
еткізбеуі қажет. Мұғалім осындай амалдар арқылы оқушылардың өзіне деген
сенімін нығайтып, өз ойын жасқанбай жеткізу біліктерін калыптастырады. Бұл
балалардың тілдік тұлғаларды орынды қолдануына, олардың өзіндік
заңдылықтарын жете меңгеруіне оң ықпалын тигізеді.
Қазақ тілін дидактикалык ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде
казақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады. Мысалы, бастауыш
мектепте сөйлемді меңгертуде қолданылатын сөйлемді толтыр ойынында
сөйлемді дұрыс құрау дағдылары жетілдірілсе, Синтаксистік касса ойынында
өтілген тілдік материалдар оқушылардың сөздерді мағыналарына қарай орынды
қолдану, сөз мағыналарын, түрлерін ажырату дағдылары сөйлеммен ұштасады.
Жұмбақ шешу ойынында мұғалім жұмбақтарды айтады. Оқушылар оның мазмұнына
қарай шешуін табады. Бұл жұмбақтарды оқушылар жаттап алады. Бұл оқушылардың
логикалық ойлауын ғана жетілдіріп қоймайды, сонымен қатар олардың сөйлемді
дұрыс құрау дағдыларын дамытады. Мұның барлығы дипломант жұмысының
маңыздылығын көрсетеді.
Дипломант жұмысын жүйелі түрде жазып, әрбір тармақшасы өзіндік
ойға, пікірге негізделген. Негізгі бөлімде алдына қойған мақсатына толық
жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс.

Пікір
Бастауыш мектепте сөйлемді меңгертудің негізгі мақсаты - оқушыға
біріншіден, қазақ тілінен игерген білімдерін практикада қолдана алуға,
екіншіден, өзіндік пікірі, көзқарасы бар және тұлға ретінде қалыптасуына,
үшіншіден, тарихи әдеп-ғұрпын тілді құрметтеуге үйрету арқылы қадірлеуге,
төртіншіден, тілдік қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, сөйлеу
нормаларын сақтауға дағдыландыру.Ал, мұның барлығы оқушы сөйлем құрау
заңдылықтарын білген кезеңде ғана жүзеге асады. Себебі сөйлем адам ойын
сыртқа шығаратын бірден- бір жол. Сондықтан сөйлемдерді дұрыс игерту
оқушылардың ана тілінде жатық сөйлеуіне, сөйлемдерді дұрыс құрауына ықпал
етеді, яғни сабақта балаларға теориялық білімдерді терең игертумен қазақ
тілін адамдар арасындағы тілдесімді, сөйлесімді жүзеге асыратын, олардың
бір-бірімен тілдік қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Бастауыш мектепте
сөйлемді қатысымдық тұрғыдан меңгертуде тілдік салаларын өзара бірлікте,
бір-бірімен тығыз байланыста игерту қажет. Осы арқылы оқушылар қазақ тілін
қарым-катынас құралы ретінде үйренеді. Бұл дипломанттың тақырыбы өзекті
екенін көрсетеді. Дипломант жұмысын жүйелі түрде жазып, әрбір тармақшасы
өзіндік ойға, пікірге негізделген. Негізгі бөлімде алдына қойған мақсатына
толық жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс.

Пікір
Дипломанттың Бастауыш мектепте сөйлемді оқыту әдістемесі тақырыбына
жазылған диплом жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан тұрады.
I тарауда бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту
әдістемесінде
сөйлемнің зерттелуі, сөйлемді оқыту жөніндегі ғалымдардың пікірлері
қарастырылған.
II тарауда бастауыш мектепте сөйлемді оқыту жолдары,
әдіс-
тәсілдердің түрлері, ерекшеліктері жөнінде мәліметтер берілген. Үшінші
тарауда Сөйлемді қазіргі заман білім беру технологиялары арқылы оқыту
жолдарын қарастырған.
Дипломант жұмысын жүйелі түрде жазып, әрбір тармақшасы өзіндік ойға,
пікірге негізделген. Әр тарауда алдына қойған мақсатына толық жеткен.
Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс.

Мазмұны
Кіріспе

I. Бастауыш мектепте сөйлемді оқыту
мәселесінің зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5-9

II. Бастауыш мектепте сөйлемді оқыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...9-14
Сөйлемдегі сөздердің байланысын оқыту ... 14-19
Бастауыш мектепте сөйлем мүшелерін
оқыту әдіс-тәсілдері ... 19-32

III. Бастауыш мектепте сөйлемді ойын әдісімен оқыту жолдары
Ойын теориясы және бастауыш мектепте
сөйлемді оқыту барысында дидактикалық
ойындарды іріктеу ... 32-45
Бастауыш мектепте сөйлемді меңгертуге
арналған
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..45-52

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 52-54

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 54-57
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезеңде
дидактиканың кімді, қалай, және нені оқыту қажет деген сұрағы орта
мектептегі оқыту үрдісіне (процесіне) де тікелей байланысты. Себебі,
бүгінгі қоғамның дамуы, ғылымның және техниканың алға басуы мектеп
оқушыларының сана-сезімін, ойлау туғызды. Мектептегі оқыту процесінде
жүргізілген өзгерістер тек жеке тұлғаның тағдырын ғана өзгертіп қана
қоймайды, сол арқылы бүкіл еліміздің ертеңгі күнгі әлеуметтік экономикалық
тұрмыс деңгейіне эсер ететіндігі белгілі. Мұны Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 желтоқсан айында болған білім
қызметкерлерінің 1-ші қүрылтайында анық түсіндіріп, былай деген болатын.
Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздың қолында. Сондықтан еліміздің көркейтіп дамуында мектеп
мұғалімдерінің оқушыларды қалай оқытып тәрбиелейді елдік тұрғыда
стратегиялық міндетке жатады.
Оқушылардың тек интеллектісін дамытумен ғана қалып, олардың рухани
қажеттіліктерін қалыптастыруына, эмоционалдық жақтарының жетілуіне, оқуға
деген ішкі қажеттіліктерінің оянуына баса көңіл аудармайды. Бұл жас өскін
ұрпақтың интеллектісі жоғары, бірақ жанындағы адамдарға жаны ашымас "тас
бауыр" етіп қалыптасуына әкеледі. Мұны ғылымда инфантилизм құбылысы деп
атайды. Керісінше жанүяларында әке-шешелерінің ұрыс-керісінен балаларда
эмоционалдық қасиетінің басты рөлге шығу кездері де болады. Мүндай кезеңде
эмоционалдық аспект интеллектіні тежеп, өмірге өкпелі, тұйық балалар өсіп
жетіледі. Мұның арты оқушылардың қылмыстық топтарға қосылуымен аяқталатыны
даусыз. Сондықтан бастауыш мектепте оқушыларды сабаққа түрлі әдіс-
тәсілдермен қызықтырып отыру керек. Сондай педагогикалық құралдың бірі -
ойын әдісі. Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш мектепте сөйлемді оқыту
арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары ғана артып қоймайды,
сонымен қатар олардың дұрыс сөйлеу қабілеттері де артады. Сөйлем адам ойын
шығаратын басты материал. Сондықтан бастауыш мектепте сөйлемді оқыту ісіне
басты назар аудару қажет.
Диплом жұмысының мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларына сөйлем туралы
ұғым беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлем туралы
білімдерін жетілдіру; ■
Оқушылардың сөйлемді дұрыс қолдану дағдыларын
қалыптастыру;
Қазақ тілі сабағында пайдаланылатын дидактикалық
ойындардың тиімді түрлерін анықтау;
4. Дидактикалық ойындарды сабақта қолдану жолдарын
айқындау;
5. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдарын айқындау

Диплом жұмысының нысаны болып Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту
процесі алынды.
Диплом жұмысының әдістері. Диплом жұмысында баяндау, талдау,
салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.
Диплом жұмысы жұмысы үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалық, лингвистикалық
және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Осының негізінде диплом
жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында
оқушылардың сөз тіркесін оқыту тәсілдерін қолданудың міндеттері айқындалды.
Екінші кезеңде Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушылардың тілін
дамыту тәсілдерін қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Оқушылардың тілін
дамыту тәсілдерінің тиімді түрлері анықталып, жүйеге келтірілді. Оқыту
процесінде сөйлемді оқыту тәсілдерін қолдануды ұйымдастыру және тиімді
пайдалану жолдары айқындалды.
Диплом жұмысының теориялық маңызы Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында
оқушыларға сөйлемді ойын әдісі арқылы оқытуға байланысты алынған ғылыми
қағидалар мен түжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін
теориялық тұрғыдан толықтырады.
Диплом жүммсмнмц практикалық маңызы
Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінің
сөйлем жөнінде алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс
игеруіне ықпал етеді. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін
оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші кұрал бола алады.
Диплом жұмысы кіріспеден, үщ тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Бастауыш мектепте сөйлемді оқыту мәселесінің зерттелу
тарихы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде (бастауыш мектепте оқыту) грамматиканы
оқыту жөнінде зерттеу ісіне А.Байтұрсынов, С.Жиенбаев, С.Х.Сарыбаев,
Х.Бозжанова, Ә.Сәдуақасова, Г.Уайсова, Ы.Маманов, Р.Әміров, Х.Арғынов,
Д.Әлімжанов т.б. үлес қосқан және қосуда.
А.Байтұрсыновтың "Тіл құрал" (1914), "Тіл - құрал" (1925), "Тіл
-құрал" (1915), "Тіл - құрал" (1925), "Методика мәселелері" (1922),"Оқу
құралдары" (1912), "Әліп-би" (1928), "Сауат ашқыш" (1926). т.б. қазақ
тілінің әдістемесіне арналған еңбектері мен мақалаларының қазіргі кезеңге
дейін өз құнын жоймағандығын айта аламыз.
А.Байтұрсыновтың оқулықтарында грамматиканы оқыту мәселесі туралы
айтылған пікірлері кездеседі. Ол: "қазақ тілінің түбірі өзгерілмей аяғына
жалғау қосылып өзгеріледі. Жалғау екі түрлі: 1. Сөздің тұлғасын өзгертсе де
ішкі мағынасын өзгертпейді. 2. Сөздің тұлғасын да мағынасын да өзгертеді.
Сондықтан бастан тысқары (яғни жалғау ), соңғысы ішкері жалғау (жұрнақ ),
деп аталады. "Құлақ" деген сөзге (тың) деген жалғау қоссақ, құлақтың
болады. Тұлғасы өзгерілді мағынасы өзгерілген жоқ. "Құлақтың" деген де
бастың мүшесінің атын көрсетеді. Егер "Құлақ деген сөзге" "шын " деген
жалғау (жұрнақ ) қоссақ "Құлақшын" болады. Мүнда тұлғасы да мағынасы да
өзгерілді.
' Қүлақ" бастың мүшесін көрсетуші еді, "Құлақшын " болған соң басқа
киетін киімнің атын көрсетіп түр", - деп түбір мен қосымшаларды оқыту
жайында сөз етеді.
А.Байтұрсынов сөз таптарын үлкен екі топқа бөледі: 1-атауыш
сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік), 2-шылау сөздер
(үстеу, демеу, жалғаулық, одағай). 1925 жылы шыққан "Тіл - қүрал
еңбегінде грамматиканы сөз тұлғасына қарай 5-ке бөледі:
а) Түбір сөз
ә) Туынды сөз (туған сөз)
б) Қос сөз
в) Қосалқы сөз
г) Қосымшалар
Сөз мағынасына қарай тоғыз топқа бөледі.
Зат есім
Сын есім
Сан есім

Есімдік
Етістік
Есімдеуіш атау сөздер
6.Үстеу (үстеуіш)
7.Демеу (демеуіш)
8.Жалғау (жалғауыш)
9.Одағай (еліктеуіш, лептеуіш)
Шылау сөздер
С.Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1946), "Бастауыш мектепте
кітап оқыту методикасы" (1957), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы"
(1939), тағы басқа секілді қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан еңбектері
мен мақалалары бар.
С.Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1949) жылы шыққан атты еңбегі
үлкен-үлкен екі тараудан тұрады.
Бірінші тарауы - "Грамматика оқыту методикасы" деп аталса, екіншісі -
"Кітап оқыту методикасы" — деп аталады. С.Жиенбаев сөздің мағынасы жеке
тұлғада емес, басқа сөздермен байланысқа түскен жағдайларда ғана өз
мағынасын береді, - деген пікір айтады. "Сөздің мағынасы сөйлем ішінде
түрғанда ғана байқалады. Жеке тұрғанда бір мағына беретін сөз, сөйлем
ішінде басқа мағына беретін тілде көп үшырасады", - дейді.
Ғ.Бегалиев "Әріп, дыбыс, буын" (1935), "Бастауыш мектепте қазақ тілі
методикасының мәселелері" (1950) т.б. еңбектері арқылы қазақ тілін оқыту
әдістемесіне өзіндік үлес қосқан бірегей ғалым.
Ғ.Бегалиев "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері"
(1950) атты еңбегінде грамматиканы оқытуға ерекше тоқталған. Кітап алты
тараудан тұрады:
Оқу-жазуға үйрету методтары;
Жазуға және көркем жазуға үйрету;
3.Оқу сабағына қойылатын міндеттер мен оқыту методтары туралы;
4.Грамматика мен емле программасы материалының мазмұны;
5.Дұрыс жазуға үйрету;
6.Тіл дамыту.
Ғ.Бегалиев "Оқушы қаншалықты пысық тиянақты болмасын - өз ойындағысын
ауызша айтып беретіндігідей етіп жазбаша білдіре алмайды, ауызша тиянақты
түрде мазмұндай алғанын жазуға келгенде, ауыз екі айтқандағысыдай еркін
мазмұндай алмайды", - деп түбір сөзге жалғанып оған қосымша мән беретін
жұрнақтардың мағынасын түсіндіру керек болғанда, сол жұрнақтарды білдіретін
2-3 сөз келтіру керек", - дейді. Х.Арғынов — бастауыш мектепте қазақ тілін
оқыту мәселесіне өзіндік құнды үлес қосқан ғалым. Оның "2-класс "Қазақ
тілі" оқулығына методикалық нүсқау" (1970), "Қазақ тілі методикасы" (1974),
"Қазақ тілінен 2-классқа арналған дидактикалық материалдар" (1980) т.б.
еңбектері бар.
Х.Арғынов, бастауыш сынып оқушылары грамматикасыз ешқандай
білімді игере алмайды, тілдің басқа салаларын түсіне алмайды,- дейді.
Бастауыш класс оқушылары, оның ішінде 3-ші класс оқушылары, сөздің
түбіріне саналы түсінбесе, сөз құрамының басқа салаларын да меңгере
алмайды". Ш.Сарыбаев - қазақ тілінің методикасын қалаған ғалымдардың бірі.
Ш.Сарыбаевтың "Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" (1959), атты
еңбегінде "Бір тақырыпты не бір тақырыпшаны оқыту үшін сол пәннің өзін
жақсы білу керек. Оқытатын пәнді көңілдегідей білмей тұрып, оны оқытудың
методикасына жармасу бос еңбек" - мұғалімнің білімді болуы, көп ізденуі
қажет екендігін атап көрсетті.
Аталған еңбегінде ғалым зат есім, сын есім, сан есім, үстеу етістік,
шылау секілді сөз таптарына тоқталып, өзінің оқыту әдістемесін ұсынады.
И.Қ.Ұйықбаев "Қазақ тілі методикасының очерктері" (1962) атты еңбегінде
сөз таптарын оқытудың қажеттілігіне баса назар аударады. Балалардың сөз
байлығын молайтуға, тілін жаттықтыруға грамматиканың орыны ерекше екендігін
көрсетеді. "балалардың сөз байлығын көбейтіп тілін жаттықтыру үшін бірнеше
сөз беріп, олардан жұрнақтар арқылы жаңа мағыналы сөз жасатып, сол
сөздердің кейбіреулерін келтіре, сөйлемдер құрату керек, сонда оқушылар
жұрнақ пен жалғаудың мәнін іс жүзінде анық байқайды."
у - сызу
^^^ . ушы - сызушы
сыз "^— сызылу ^^\^ сызықша сызғыш
М.Балақаев - қазақ тілі білімінде алатын орын ерекше ғалым.
М.Балақаевтың қазақ тілін оқыту мәселесені арналған "Бастауыш мектептің
екінші сыныбына арналған "Қазақ тілі" байқау оқулығына методикалық нұсқау",
"Тіл әдебиеті және қазақ тілін оқыту" т.б. М.Балақаев грамматикалық
жаттығуларды іріктеуде мынадай талаптар қояды.
Біріншіден, жаттығу материалдары мазмұнды болуға тиіс.
Материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сөз ішінде, сөздер, сөз
тіркесі, сөйлем ішінде алынып талданылады.
Екіншіден, әрбір мысал, әңгіме, өлең, сөз, сөйлем, тіл (стиль)
жағынан мұлтіксіз әдеби норманы ұстануы тиіс. Ол үшін оқушылар дұрыс
құралмаған жасанды мысалдардан аулақ болып, әдеби тілдің жақсы
үлгілері бойынша әдеби тілге тән басқа да мысалдар
бойынша
тәрбиеленеді.
3. Үшіншіден, алынған жаттығу тағы да басқа материалдар құрамынан,
керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар, сөйлемдер жиі
кездесетін болсын.
М.Балақаев грамматикалық жаттығулар, бытыраңқы, шашыраңқы болады дей
келе "оның себебі - грамматикалық, орфографиялық ережелер белгілі нақты
сөздер тұлғалар негізінде емес, абстракцияланған көптеген фактілерді қорыту
негізінде жасалады. Баланы соған жетектеу үшін көптеген байқау, жаттығу
жұмыстары жүргізілуі тиіс" — деп грамматиканы оқыту арқылы "баянды білімнің
белсенді "ойшылы" етіп тәрбиелейтіндігін атап көрсетеді".
Бұлардан бөлек бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мәселесіне
арналған: Х.Арғынов пен Ғ. Сүлейменов "2 - сыныпта каритна бойынша тіл
дамытуға арналған көрнекті құралдарға қосымша нұсқау" (1965), Х.Арғынов
"қазақ тілі программасы мен оқулығын жетілдіру жайында" (1965), Х.Арғынов
"Қазақ тілінен 3 - сыныпқа арналған таблицаларға нұсқау" (1967), Ш.Сарыбаев
"Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" (1959), Р.Әміров "1 класта
қазақ тілін оқыту" (1962), Р.Әміров, А.Асқарова "2-3 класс "Қазақ тілі"
оқулығына методикалық нұсқау" (1983), Ә.Садуақасов "Қазақ тілінен
методикалық құрал" (1964), Бозжанова К, Әміров "бастауыш мектепте қазақ
тілін оқыту" (1964), С.Рахметова "Қазақ тілін оқыту методикасы" (1992),
Байқуатова "Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту " (1997),
"Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы" тағы басқа еңбектер жарық
көрді.
Мұның барлығы бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мәселесіне үлес
қосқан еңбектер.
II Бастауыш сыныпта сөйлемді оқыту жолдары
Сөйлемнің негізгі белгілері әңгіме әдісімен төмендегіше түсіндіріледі.
а) Жаңа материалдарды түсіндіру үшін алдымен мұғалім оқушылардан мына
сұрақтарға жауап алады.
Балалар, мен бір нәрсе туралы ойлап тұрмын. Мен оны
айтпасам, сендер менің ойымды түсінесіңдер ме?
Жоқ түсінбейміз. .
Ол ойымды мен не арқылы айтамын?
Сөйлем арқылы айтасыз.
Дұрыс айттыңдар. Адамдар бір-бірімен сөйлескенде, бір нәрсе
туралы сұрағанда, ойын не арқылы білдіреді екен?
Адамдар сөйлескенде өз ойын сөйлемдермен айтады.
Сонымен, сөйлем нені білдіреді?
Сөйлем ойды білдіреді.
б) Содан соң тақтадағы: Балалар алма ағашын отырғызды. Алма ағашы өсті. Ол
жеміс берді, - тәрізді сөйлемдерді оқушыларға оқытып, тестегі сөйлем санын,
әр сөйлемдегі сөз санын оқушыларға анықтатады. Төмендегі сұрақтардың
көмегімен сөйлемнің негізгі белгілерін танытуға болады.
Балалар, осы сөйлемдегі сөздер бірге жазылған ба, әлде бөлек
жазылған ба?
Сөйлемде сөздер бөлек-бөлек жазылған.
Тақтадағы әр сөйлем қандай әріппен басталған?
Сөйлемдер бас әріппен басталған.
Оларды неге бас әріппен бастап жаздық?
Сөйлемнің басталғанын білдіру үшін, сөйлемді бас әріппен
бастадық.
Дұрыс, осы сөйлемдердің соңынан неге нүкте қойып отырмыз?
Сөйлемнің аяқталғын білдіру үшін соңына нүкте қойдық.
Енді осы сөйлемдерде қандай ой айтылғанын
байқаңдар, - деп мұғалім әр сөйлемнің мазмұнын оқушыларға
айтқызады. Балалар алма ағашын... Балалар алма ағашын
отырғызды деген сөйлемдердің мағыналық айырмашылықтарын
салыстыра отырып, әр сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен
басталғанын, аяқталмаған ой мен аяқталған ойдың өзгешелігін,
сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін баяндау әдісімен
түсіндіреді.
в) Оқушылардың сөйлем жайындағы ұғымы тиянақты болуы үшін, оқушылардан
мектеп өмірі немесе үй тұрмысы, жолдастары т.б. жайында өз ойларын
сөйлеммен айтып беру талап етіледі. Оқушылар бірнеше сөйлем айтады.
Сөйлемнің ережесін 2-3 рет хормен айтады.
г) Оқушылардың осы сабақта алған білімдерін бекіту үшін, шағын
бір текстті алдымен мұғалім, содан соң оқушылар мәнерлеп оқиды.
ғ) Берілген сурет бойынша творчестволық жұмыс жүргізіледі. Мұз
айдынында коньки теуіп жүрген балалар бейнелеген сурет ұсынылады.
д) Оқушылар мұғалімнің басшылығымен сөйлемдер айтады.
Құрастырған сөйлемдерін тақтаға жазады, түсына сөз санын көрсетеді,
сөйлемнің жазылу емлесін түсіндіреді. Оқушылардың
жазған
сөйлемдерінен шағын текст шығады. Текстке тақырып қойылады.

Текст шамамен мынадай болады:
Қыс мезгілі
Қыс түсті. Күн суытты. Жерде қар жатыр. Өзенде су қатқан. Балалар мұз
айдынында коньки теуіп жүр.
Келесі сабақта адам ойының жеке сөйлеммен де, шағын әңгімемен де, көп
сөзбен де айтуға болатыны баяндау әдісімен түсіндіріледі.
Ол үшін алдымен творчестволық жұмыс орындалады.
Оқушылар берілген сөздерден сөйлем құрайды.
өте, ауаның, таза, зор, мәні;
ауамен, біз, дем, таза, аламыз;
ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте;
үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар;
жиі, терезе, түрыңдар, ашып,
отырыңдар, жаңартып, ауаны.
Мұғалім берілген сөздерден оқушыларға ауызша сөйлем құратады.
Сөйлемдерден шағын әңгіме шығатындығы оқушыларға аңғартылады. Әңгімеге
тақырып қойылады. Оқушылар: Денсаулықты сақтаңдар, Таза ауа, Ауаның
пайдасы деген тақырыптарды атайды.
Осындай дайындық жұмысынан соң оқушылар Ауаның пайдасы деген
тақырыпта шағын әңгіме жазады.
Ауаның пайдасы
Таза ауаның мәні өте зор. Біз таза ауамен дем аламыз. Таза ауа
денсаулыққа пайдалы. Үйдің ауасын әр уақытта таза сақтаңдар. Терезені жиі
ашып тұрыңдар. Ауаны жаңартып отырыңдар.
Оқушылар жазғандарын оқиды. Текстегі сөйлем саны, әр сөйлемде кандай ой
айтылғанын, сөйлемдерді қалай жазғанын айтады.
Содан соң текстегі сөйлемдердің негізгі мағынасы
жоғалмайтындай етіп, әр сөйлемнен тиісті сөзді алып тастап, негізгі ойдың
сақтаған-сақталмағанын байқау үшін оқушыларға төмендегідей сұрақтар
қойылады.
- Балалар, бірінші сөйлемде қандай ой айтылған?
Ауаның мәні зор екені айтылған.
Таза ауаның мәні ор деген сөйлемдегі кейбір сөздерді алып
тастасақ, сөйлем түсінікті бола ма екен, соны байқаңдар, - дейді
де, мұғалім сөйлемдердегі сөз санын азайтып отырады.
Үлгі:
Ауаның мәні өте зор. Сөйлем түсінікті ме?
Түсінікті.
Ауаның мәні зор, - десек ше?
Онда да түсінікті.
Ауаның зор, мәні зор, - десек сөйлемді түсінесіңдер ме?
Жоқ түсінбейміз.
Балалар, бұл сөздердің тобы белгілі ойды білдіріп түрған жоқ.
Ендеше бұлар сөйлем бола ала ма?
Жоқ, сөйлем бола алмайды.
Сөйтіп бұл сұрақтар оқушылардың сөйлем бола алатын сөздердің тобы мен
сөйлем бола алмайтын сөздер тобының (сөз тіркестерінің) мағыналық
ерекшеліктерін байқауымен мүмкіндік береді.
Осылайша мұғалім балалардың ойын түсіндірілуге тиісті материалдың
мазмұнына сай белгілі бір жүйеге келтіріп алған соң, баяндау әдісімен таза
ауаның мәні өте зор. Ауаның мәні өте зор. Ауаның мәні зор деген сөйлемдерде
негізінен бір-ақ ой айтылып тұрғанын, яғни бір ойды бір сөзбен де, көп
сөзбен де айтуға болатынын, ал ауаның зор, мәні зор деген сөздер жеке
тұрғанда белгілі бір ойды білдірмегендіктен, сөйлем бола алмайтынын
түсіндіреді.
Сұраулы сөйлем
Сенің атың кім? Сен оқисың ба? Мектептерің үлкен бе? Кластарыңда неше оқушы
бар?
Сұраулы сөйлемде сұрақ мағынасын білдіретін сөздердің болатындығын,
аяқталған сөйлем мен аяқталмаған сөйлемдердің мағынасын салыстыру арқылы
танылады.
Үглі:
Сенің атың... десек сөйлем аяқталды ма?
Сөйлем аяқталған жоқ.
Сұраулы сөйлем болуы үшін осы сөйлемде қалай айтамыз
Сенің атың кім? — деп айтамыз.
Сонда сұрақ мағынасын білдіріп тұрған сөз қайсысы?
Сұрақтың магыиасын білдіріп түрған сөз - кім?
Осылайша хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемнің мағыналық айырмашылығын
салыстырып, ондай айырмышылықтың болу себебі айтылады.
Сұраулы сөйлемге мынадай ереже беріледі: Сұраулы сөйлем жауап алу
мақсатымен айтылады. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрақ белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлем жасайтын негізгі тұлға - қандай?, қайда? т.б. сұрақ
мағынасын білдіретін сөздер екені түсіндіріледі. Сонымен қатар оқушы
хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырады, оны сұраулы сөйлемге
қалай айналдырғандарын айтады. Сұраулы сөйлемнің ма, ме, ба, бе, па, пе
сияқты сұраулы сөздермен (сұраулы шылаумен) жасалуы да осы тәртіппен
түсіндіріледі.
Сұраулы сөйлемнің жасалуын түсіндіру үшін мына таблица пайдаланылады.

Сұраулы сөйлемнің жасалуы
Сұраулы сөйлемдер Сұрақ мағынасын білдіретін сөздер
Сен қайда түрасың? Егін қандай қайда? қандай? немен? неше?
өнім береді? Егінді немен орады?
Астықты неше
машинамен тасыды?

Егін өнім береді. Бұл қандай сөйлем? Хабарлы сөйлем.
Егін қандай өнім береді? - десек ше? Сұраулы сөйлем.
Сұраулы сөйлем қалай жасалады?
- Хабарлы сөйлемге қандай? деген сұрақты қосқанда сұраулы сөйлем
жасалады, - деп әңгіме әдісімен талдау жүргізеді. Лепті сөйлемнің
мағынасын таныту үшін мұғалім оқушыларға таблицадағы сөйлемдерді
оқытады, содан соң олардың байқағанын өз жинақтап, лепті сөйлемнің
бұйрықты, қуанғанды, ренжігенді т.б. білдіретінін, оның
көтеріңкі дауыспен айтылатынын, соңына лепті белгісі қойылатынын
түсіндіреді.

Лепті сөйлем
Лепті сөйлемнің Мысалдар
мағынасы
Бұйрық Отанды сүйер ұлан
болыңдар!
Қуану Отаным қандай тамаша!
Ренжу Қап, дәптерімді қалдырып
қойыппын -ау!
¥ран Көркейе бер, сүйікті Отаным!

Таблица тақтаға ілініп, ондағы сөйлемдер түсіндірілгенен кейін, Лепті
сөйлемдер кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіреді, олар көтеріңкі дауыспен
айтылады, лепті сөйлемнен соң лепті белгісі қойылады, - деген ережені 3-4
оқушы оқулықтан оқып береді.
III Сөйлемдегі сөздердің байланысын оқыту
2-класта сөйлемдегі сөздердің байланысын өткенге дейін оқушыларда
мынадай практикалық дағдылар болады:
орны ауыстырылып берген сөздерді өз орындарына қойып, сөйлем
құрай алады;
сөйлемдегі сөздерді байланыстыру үшін, оларға қосымшалар
жалғанатынын біледі;
сөйлемдегі сөздерге сұрақты дұрыс қоюдың тәртібін үйретеді.
сұрақ арқылы сөйлемдегі өзара байланысып тұрған сөздерді табуға
болатындығы жайында түсінігі болады.
2-класта оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысы жайында
программалық материалдарды өткенде, бұл дағдылары жетілдіріліп, белгілі
жүйеге келтіріледі. Сонымен бірге оқушылар үш-төрт сөзден құралған
сөйлемдердегі бір-бірімен байланысып түрған сөздерді сұрақ қойып табуға
дағдыланады.
2-класта оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысы жайында бұған
дейінгі алған түсінігіне қосымша тағы да мынадай түсінік беріледі.
Балалар, мына тақтадағы: барады, жылы,
қүстар, үлпып, жаққа деген создер осылай түрғанда белгілі бір ойды білдіре
ала ма?
Жоқ, бұлар белгілі бір ойды білдіре алмайды.
Осы сөздер белгілі бір ойды білдіре алатын сөйлем болуы үшін
не істеуіміз керек?
Сөздерді дұрыс орналастырумыз керек.
Дұрыс, енді осы сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем
қүраңдаршы!
Құстар жылы жаққа үшып барады.
Дұрыс, бұл сөздердің тобы енді белгілі бір ойды білдіре алатын
болды. Сендер бұл сөздерді белгілі бір тәртіппен орналастырып,
сөйлем құрыңдар. Сөйлем болуы үшін сөздер белгілі бір
тәртіппен орналасуы керек. Балалар, енді осы сөйлемдегі
сөздердің түбірін табайық.
Оқушылар құс, жылы, жақ, үш, бар, - деп әр сөздің түбірін атайды.
Мұғалім тақтада балалар атаған түбір сөздерді қалдырады да, қосымшаны
өшіреді.
Балалар, енді жаңа өздерің тапқан түбір сөздерді оқыңдаршы!
Балалар қүс, жылы, жақ, үш, бар сөздерін оқиды.
Айтайын деген ойымыз түсінікті ме?
Жоқ, түсініксіз. Өйткені бұл сөйлем емес.

Айтайын деген ойымыз түсінікті болу үшін әр сөзге жалғау
жалғауымыз керек?
Жаңағы сіз өшірген қосымшаларды жалғаймыз.
Дұрыс айтасыңдар. Қазір сөздер бір-бірімен байланысып
тұрған жоқ. Сондықтан сөйлем бола алмайды. Ал осы сөздерге
жаңағы қосымшаларды қоссақ, сөйлемдегі сөздер бір-бірімен
байланысады. Сонда айтылатын ой түсінікті болады. Бұл сөздерге
қосымша жалғап, сөйлемдегі сөздерді байланыстыру керек екен, -
деп, әңгіме әдісімен мұғалім сөйлем құраудың шарттарын түсіндіреді.
Бұдан кейін оқушыларға сөйлемде өзара байланысып түрған сөз тіркестерін
табу жолы үйретіледі.
Мұғалім:
Балалар, біз жоғарыдағы сөйлемдегі сөздердің белгілі
тәртіппен байланысатындығын айттық. Енді сөйлемдегі сөздер
бір-бірімен қалай байланысып түрғанын байқайық. Ол үшін мына
сөйлемдегі (Ардақты ана құрметке бөленді) сөздерге сұрақ
қоямыз. Бұл сөйлемде кім туралы айтылғанын тауып, сол сөзге
сұрақ қойыңдаршы!
Бұл сөйлемде ана туралы айтылған. Ана сөзі кім? деген сұраққа
жауап береді.
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Енді ана сөзімен байланысып
тұрған сөзге бағыттап сұрақ қоямыз. Ол сұрақты қалай қою
керек? — деп мұғалім балалардың сабақ үстіндегі ынталылығы мен
жауапкершілігін арттыра отырып, оларға тиісті сөз тіркестерін
тапқызады. Балалардың жауабын тақтаға жазып отырады.
Үлгі: Ардақты ана құрметке бөленді.
Ана қайтті? - Ана бөленді.
Here бөленді? - Құрметке бөленді.
Қандай ана? - Ардақты ана.
Содан соң сөйлемдігі сөздердің байланысы мына таблица арқылы түсіндіріледі.
қандай? Ардақты кім? Ана Неге? Құрметке қайтті? бөленді.

бөленді

ардақты
құрметке
Соңынан мұғалім оқушыларға оқулықтағы: Сөйлемдегі сөздер өзара байланысты
болады.
Сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы білеміз, - деген ережені оқытады.
Оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысы жайындағы білім дағдыларын
жетілдіру үшін, оқулықтағы 314-316-жаттығулар орындалады. Онда оқушылар
сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қойып табады, берілген сөздерден
сөйлем құрайды. 2-сыныпта сөйлем және оның түрлері жайында өткен
материалдар бойынша оқушылардың білімін бекітіп, практикалық
дағдыларды меңгерту үшін төмендегідей жаттығулар жұмыстары ұсынылады. 1.
Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. а) Әдетте бастауыш сыныпта
сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қоюды керек ететін жаттығуларда
сөйлемдердің ара жігін айырмай, оларды кіші әріппен берген жөн. Бұл
оқушылардың сөйлемдердің мағыналық өзгешеліктерін ұғынуына әсер етеді. Олар
әр сөйлемді бас әріппен бастап жазуға, сөйлем соңына кез келген тыныс
белгісін қоя салмай, сөйлемді саналы түсінуге дағдыландырады. Мәселен, 2-
сыныпта сөйлем жігін ажыратылмаған, тыныс белгісі қойылмаған мына
тәрізді тексті ұсынуға болады.
Алдымен хабарлы, содан соң сұраулы, лепті сөйлемі бар текстер
беріледі.
Көп жылқы жайылып жүр жылқышы Досан келді күн ыстық еді жылқышалар
шөлдеді. Досан жылқыны суға айдады.
Жасасын Қазақстан туған ел, гүлденіп, өсе бер қап, кешігіп
қалғанымай Алақай апам коньки әкелді.
Балалар сөйлемдердің ара жігін ажыратып, оларды бас әріппен
бастап, соңына тиісті тыныс белгілерінің қойылу себебін айтады.
э) Сөйлемді толықтыруға арналған жаттығуларда әр сөйлем кіші әріппен
беріледі. Үлгі: Көп нүтенің орынна тиісті сөзді қойып, сөйлемді
толықтыр. Әр сөйлемді бас әріппен бастап, соңына тиісті тыныс белгісін
қойып көшір.
Жанат ерте ... . Гимнастика ... . Салқын сумен ... . Ол шашын ...
. шашына ал қызыл ленталар ...
Керекті сөздер: байлады, тарады, тұрды, жуынды, жасады. Үлгі: Жанат ерте
тұрды. б) Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер аралас келген текстердегі әр
сөйлемді бас әріппен беруге де болады.
Тапсырма: Оқып шығыңдар. Сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, лепті
екенін айтыңдар.
Кезекші
Бүгінгі кезекші кім Кезекшінің міндетін біле ме екен өзі Тақта
сүртілмеген Терезе ашылмаған Кластын ауасы тазартылмаған Оның бәрін кім
істеуі керек Әрине, кезекші істеуі керек Оспан кезекші екеніңді білесің бе
Өз міндетіңді дұрыс атқар Жалқау болма.
Оқушылардың бұл жаттығуды орындау үшін, біріншіден, текстегі
сөйлемдердің мағыналық, пунктуациялық ерекшеліктерін айыруға, екіншіден,
сөйлемдерді ортақ белгілеріне қарай топтауға тиіс. 2-класта өздіктеріне
мұндай жұмыс түрін орындау оңайға соқпайды. Сондықтан әр сөйлем бас әріппен
басталып жазылады.
2. Творчестволық жұмыстар. Сөйлем және оның түрлерінен оқушыларға
тиянақты білім мен практикалық дағды беру мақсатында әр түрлі творчестволық
жұмыстар орындалады. Осындай жұмыстардың үлгісін мысалға келтірейік.
а) Берілген сөздерден сөйлем құрау, сөйлемдерді
түрлендіру.
Сыныпта қанша оқушы болса, сонша карточка дайындалады. Карточкаға
сөйлем қүрауға тиісті сөздер жазылады. Сол сөздерден оқушылар сөйлем
кұрайды. Сөйлемдер бірінде хабарлы болса, екіншісінде -
лепті,
үшіншісінде - сұраулы болып келеді. Оқушы өзі құраған сөйлемдерін
дәптерге жазады. Содан соң хабарлы сөйлемді сұраулы, лепті сөйлемдерге
айналдырады. Бір сөйлемді үш түрлі етіп жазады.
Карточка. Карточка бойынша жұмыс.
колхозда, арпа, Биыл колхозда арпа көп.
көп, биыл Биыл колхозда арпа көп пе?
Биыл колхозда арпа неткен көп еді!
Оқушылар өз жұмыстарын оқиды. Әр сөйлемнің мағыналық, интонациялық,
пунктуациялық ерекшеліктерін айтады.
ә) Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыру.
Оқушылар сұрақ койып хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып
жазады.
Мектеп ауласына гүлдер отырғызылған. Гүлдерді оқушылар күтеді. Арам
шөбін жүлады. Таңертең суарып тұрады. Мүнда гүлдер жақсы өседі.
Үлгі: Мектеп ауласына нелер отырғызылған?
Оқушылардың хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге өз еркінше айналдыруын да
талап етуге болады. Ондайда, әрине, мына сөзді өзгерту аркылы сұраулы
сөйлемге айналдырыңдар деген шарт қойылмайды.
б) Сурет бойынша немесе суретсіз хабарлы, сұраулы,
лепті
сөйлемдерді қатыстырып әңгіме құрау.
Оқушылар әуелі сурет бойынша класс болып тек хабарлы сөйлеммен әңгіме
құрайды, содан соң олар берілген тақырып бойынша шағын шығарма жазуға
дағдыланады.
Тақтаға күз мезгілі бейнеленген сурет ілінеді. Оқушылар мұғалімнің
тапсыруы бойынша суретте не бейнеленгенін сипаттап жазды. Содан соң
құрастырған сөйлемдерін оқып береді. Күздің аяқталған кезі еді. Ағаштардың
жапырақтары түскен. Сойдиып ағаштар өзі тұр. Жерде сарғайған жапырақ,
қураған бұтақтар жатыр.
Оқушылар белгілі бір тақырып бойынша өздігінен шығарма жазады.
Көктем
Наурыз, сәуір, мамыр - көктем айлары. Наурызда күн жыльша бастайды.
Сайларға су толады. Өзен, көлдердің мұздары бұзылады. Қүстар келеді.
Көктемде егін, бақшалар егіледі. Көк шығады. Бәйшешек гүл жарады.
Біздің жанұя
Менің Анар, Майра деген сіңілдерім бар. Мен оларды өте жақсы көремін.
Менің апам колхозда істейді. Мен апама көмектесемін.
Жұпар мен Жұман
Жұпар мен Жұман орманға жидек теруге барды. Олар қоянның көжегін ұстап
алды. Оны үйлеріне алып келді. Жұпар оған сүт, шөп берді. Олардың Мойнақ
деген иті бар. Мойнақ көжекке тұра ұмтылды. Көжек қаша жөнелді.
Қап, көжектен айырылып қалдық қой.
Мойнақ, сен оны неге қорқыттың? - деді Жұман мен Жұпар.
4. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 300-жаттығу орындалады.
Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің мағыналық, интонациялық
ерекшеліктерін дұрыс танып, оларды дұрыс оқуға жаттықтыруда Ана тілі
оқулығына да пайдалану керек. Оқушылар Бұлт, Жаңбыр, Шегіртке мен
құмырсқа т.б. шағын өлеңдер мен тексттерді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуға
жаттығады.
5. 2-сыныпта хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер өтілген соң шағын
тексттер бойынша көру диктанты, түсіндірмелі және жазу диктанттарын
жазуға болады.

II. 2 Бастауыш мектепте сөйлем мүшелерін оқыту әдіс-тәсілдері
Сонымен 2-сыныпта оқушылар программалық талапқа сай теориялық білім мен
практикалық дағдыларды меңгере отырып, сұраулы, лепті сөйлемдердің
мағыналары, интонациялық ерекшеліктерін таниды, соған сәйкес практикалық
дағдыларды меңгереді.
2-сыныпта оқу жылының екінші жартысынан сөйлем мүшелері ең қарапайым
түрде, бастауыш, баяндауышты ажыртау түрінде өтіле бастайды.
Бұған дейінгі оқушылар аталған тақырыпты игеруге керектімынадай білім
дағдыларын алады: олар сөйлемдегі сөздерге сұрақ қоя отырып, сөйлемдегі
өзара байланысып тұрған сөз тіркестерін табады.
Сөйлем мүшесі жайында алғаш түсінік берген мұғалімдер оқушылардың осы
білім дағдыларына сүйенеді.
Мұғалім тақтаға Балалар орманға келді деген сейлемді жазады да,
ауызшаталдатады. Ол үшін оқушыларға мынадай жетекші сұрақтар ұсынады:
Сөйлемде неше сөз бар?
Үш сөз бар.
Сөйлемдегі сөздердің өзара қатынасы қандай?
Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұр.
Олардың байланысын қалай атаймыз?
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы атаймыз?
Осылайша, сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қойып анықтау
керек екендігі еске түсірілген соң оқушылар берілген сөйлемдегі сөздердің
байланысын ауызша түсіндіреді.
Кімдер келді? - Балалар келді.
Балалар қайда келді? - Орманға келді
Балалар қайтті? - Балалар келді.
Оқушылардың осындай ауызша жауаптарынан кейін мұғалім
бастауыш пен баяндауыштың сұрактарын үстіне жазып отырады.
кімдер? қайда? қайтті?
Балалар орманға келді.
Содан соң белгілі бір сұраққа жауап беретін сөйлем ішіндегі сөздердің
сөйлем мүшесі деп аталатыны баяндау әдісімен түсіндіріледі.
Оқушылардың түсінгенін пысықтау үшін, мұғалім оларға тақтадағы
сөйлемдерде неше сөйлем мүшесі бар екенін анықтатады.
Балалардың жазбаша талдауларының үлгісі:
қашан? кім? қайда? қайтті?
Жазда Қайрат Артекке барды.
Балалардың ауызша жауаптары:

Кім барды? — Қайрат.
Қайрат қайтті? - Барды.
Қайда барды? - Артекке.
Қашан барды? - Жазда
Сөйлем мүшелерін табу үшін осылайша, сұрақ қою әдісін қолдану нәтижесінде
балалар, біріншіден, сөйлем мүшелерінің белгілі бір мағыналық байланыста
болатыны жайында мағлүмат алады. Екіншіден, оқушылардан сөйлем мүшелерінің
байланысын таудың тәртібін үғынуға керекті дағдылар қалыптасады. Сөйтіп,
оқушылар сөйлем мүшелерінің мағыналары мен мағыналық қатынастарын түсіне
бастайды. Сөйлемдегі кім? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап бертін
сөздер мен олардың іс-әрекетін білдіретін сөздердің сөйлемге негіз болып
түрғанын байқайды. Сонымен бірге оқушылардың сөйлем мүшелері мен сөз
таптарының ара жігін ажыратуына да көмегі тиеді.
Осылай екі үш сөзден түратын бірнеше сөйлем талдаған соң, мұғалім
оқушылардың ойын қорыту мақсаттарымен мынадай сұрақтар қояды:
Қандай сөз сөйлем мүшесі болады?
Сөйлемдегі белгілі бір сұраққа жауап болтын сөздерді сөйлем
мүшесі болады.
Содан соң Сөйлемдегі белгілі бір сұраққа жауап болатын сөздер сөйлем
мүшесі дейміз деген ережені 3-4 оқушы айтып шығады.
Оқушылар сөйлем мүшесі жайындағы білімдерін тиянақты ету үшін мынандай
жұмыстар орындайды.
1 .Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы.
Тексті оқиды. Сөйлем ішіндегі сұрақтардың орнына тиісті сөйлем
мүшелерін қойып, сөйлемді толықтырып жазады. Әр сөйлемде неше сөйлем мүшесі
бар екенін айтады.
Балық аулау
Марат (қайда?) барды. Марат (не істеді?). Самат (не?) терді. Марат
(қанша?) балық үстады. Бұлар (несін?) толтырды. (Қашан?) үйлеріне қайтты.
Керекті сөздер: түске жақын, өзенге, шегіртке, қармақ салды, шелегін,
көп.
Оқушылардың осы дағдыларына сүйене отырып бастауыш жайында әңгіме
әдісімен оқушыларды ойландырудың индуктивтік жолымен мэлімет береді.
Оқушылар мұғалімінің басшылығымен алдымен жеке суреттер бойынша сөйлем
қүрастырады, сөйлемде кім туралы айтылғанын айтады. Оқушылардың ауызша
жауаптары мынадай болады:
-Оқушылар мектепке бара жатыр. Сөйлем оқушылар жайында айтылған.
Оқушылар — кімдер? деген сұраққа жауап береді.
Бірнеше сөйлемдерді оқушылар ауызша талдайды, ал мұғалім сөйлемдердің
кейбіреуін тақтаға жазады, онда кім, не туралы айтылғанын көрсетіп түрған
сөздердің астын сызады, үстіне сұрақтарын жазады.
Үлгі:
кімдер?
Балалар ойнап жүр.
нелер?
Үйректер суда жүзіп жүр.
не?
Ешкі жайылып жүр.
кім?
Раушан еденді жуды.
Сөйлем ішінде бастауыш болатын сөздер ерекше дараланған соң мұғалім:
- Балалар, сонымен мына асты сызылған сөздер нені білідіреді?
Сөйлемде кім, не жайында айтылғанын білдіреді, - деген сұраққа жауап
алады.
Осындай сөйлемдегі ойдың негізі болып түрған сөйлем мүшелерінің бірі
бастауышы деп аталатынын, бастауыштың кім? не? кімдер? нелер? деген
сұрақтарға жауап беретін сөздердің мағыналық айырмашылықтарын мұғалім
әңгіме әдісімен түсіндіреді. Мұғалім: Сөйлемдегі ойдың негізі болатын
мүшені бастауыш дейміз. Бастауышқа кім? не? кімдер? нелер? деген
сұрақтартар қойылады деген анықтаманы 2-3 оқушыға оқытады.
Синтаксис матераилдар өтілгенге дейін оқушыларға зат есім, сын есім,
сын есім, етістік жайында мэлімет берілген болатын.
Оқушылардың сөз таптары жайындағы осы білім дағдыларына сүйене отырып,
бастауыштын зат есімнен және зат есімнің орынна жұмсалатын сөздерден (мен,
сен, ол, біз .т.б) болатыны жайында айта кетуге болады.
Бастауыш болатын сөз таптары жайында түсінік беру үшін төмендегідей
таблица пайдаланады.
Зат есім көбінесе бастауыш кызметін атқарады. Мен, сен, ол, біз, олар,
сендер деген сөздер де бастауыш болады.
Таблица бойынша мұғалім оқушыларға бастауыш болатын сөз таптары жайында
мағлүмат береді Оқушылар сұрақ қойып, сөйлемдегі бастауыштарды тауып,
мұғалімнің көмегімен олардың қай сөз табы екенін айтады.
Бастауыш болатын сөз таптары

Сұрақтар Сөйлемдер
Кімдер? Колхозға оқушылар келді. Олар
колхозшыларға көмектесті.
Нелер? Балапандар шықылықтады. Олар жем
Кім? сұрайды.
He? Асан жақсы оқиды. Мен Асанды жақсы
көремш.
Қоян қаша жөнелді. Ол түлкіден қорқады.

Үлгі: Колхозға оқушылар келді. Колхозға кімдер келді? - оқушылар,
бастауыш, кімдер? деген сұраққа жауап береді. Олар колхозшыларға
көмектесті. Кімдер көмектесті? - Олар, бастауыш, сүрағы - кімдер?
Мұғалім:
Балалар, олар деп отырғанымыз кімдер?
Олар деп отырғанымыз - оқушылар.
Өте дұрыс айтасыңдар. Оқушылар деген зат есімнің орнына
олар деген сөз жүмсалып түр. Сонымен бұл екі сөйлемде де
оқушылар туралы айтылып тұр.
Барлық сөйлем осылай талданған соң, мұғалім сұрақ қойып, оқушылардан
жауап алады.
Оқушылар, балапандар, Асан, қоян деген бастауыштар қай сөз
табы?
Зат есім.
Олар, ол деген бастауыштар зат есім бе?
Жоқ, олар, ол деген сөздер зат есім емес, зат есімнің орнына
жүмсалып түрған сөздер.
Сонымен қай сөз табы бастауыш болады екен?
Көбінесе зат есім бастауыш болады. Мен, сен, ол, олар деген
сөздер де бастауыш болады, - деген сұрақтар арқылы
оқушылардың өздерінің ой қорытындысын жасалуына мүмкіндік
жасалады.
Оқушылардың бастауыш жайында алған түсініктерін толықтыру үшін әр түрлі
жаттығу жұмыстары орындалады.
1. Творчестволық жұмыс. а) берілген сөздерге бастауыш тауып, сөйлем
қүрайды. Бастауыштың қандай сұрақтарға жауап беріп тұрғанын айтады.
Үлгі: Жеміс пісті. He?
э) Сұрақтардың орнына бастауышты қойып, әңгіме құрайды. Бастауыштың астын
сызады.
Сабақта
(Кімдер?) мектепке жиналды. (He) соғылды.
(Кімдер?) сыныпқа кірді (He) ашылды.
(Кім?) келді. (Кімдер?) орындарынан түрды.
(He?) басталды. Үйге берілген (не?) тексерілді.
(Кім?) тақтаға. (Кім?) қолына бор алды.
(Кім?) сөйлемді жазды.
Керекті сөздер берілмейді. Балаларға әңгіме мектеп өмірі жайында екені
ескертіледі. Тиісті сөздерді оқушылар өздері табады.
2. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 322-323 жаттығулар орындалады. Сұрақ
қойып, бастауыштарды табады.
Содан соң оқуылықтағы ережені оқушыларға бірнеше рет дауыстап оқытады.
Оларға осында тәртіппен әңгіме әдісі арқылы тілдік фактілерді индуктивтік
жолмен танытудың маңызы мынада:
мұндай сабақ оқушылардың ойлау қабілеті мен
байқағыштығын артырады;
оқушы өз ойын жүйелі баяндап беруге баулиды;
оқушының өз байқауы, дэлелдеуі бойынша дұрыс қорытынды
шығаруға үйретеді;
өз байқауы бойынша қорытынды шығару тиісті
материалдарды талдауда оқушының үқыптылығы мен
жауапкершілігін арттырады.
Осы сабақта баяндауыштың сөйлемді аяқтап, сөйлемдегі ойды тиянақтап
түратындығын да түсіндіреді.
Оқушылар мұғалімнің жетекші сұрақтарының көмегімен Үйректер суда...
дегенде ойдың аяқталмағандығын, бұл сөйлемде баяндауыштың жоқ екенін,
айтылатын ой түсінікті болу үшін сөйлемді Үйректер суда жүзіп жүр деп айту
керек екенін байқайды. Осылайша бірнеше сөйлемдердің мағынасы
салыстырылады, сол арқылы баяндауыштың негізгі қызметі әцгіме әдісімен
түсіндіріледі.
Оқушылардың баяндауыш жайындағы білімдерін бекітіп, тиісті практикалық
дағдыларды меңгеруі үшін мынандай жұмыс түрлері жүргізіледі.
1. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 331-332 жаттығулар орындатылады.
Оқушылар берілген баяндауышты қатыстырып сөйлем құрайды, баяндауыш,
бастауыштарын табады, олардың қай сөз таптары екенін айтады.
2. Творчестволық жұмыстар. а) Баяндауышты тауып, аяқталмаған
сөйлемдерді толықтырады. Баяндауыштың түсына сүрағын жазады. Бастауыш пен
баяндауыштың байланысын сызықпен көрсетеді.
1. Бұлбұл бүтаққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастыруға дағдыландыру
Ағылшын тілі сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамыту
Бастауыш мектепте сөз тіркестерін оқытудың әдістемесі
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесі
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Өрнектер құрастыр
Грамматика және тіл дамыту
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтары
Пәндер