Мемлекеттің кірістері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

11-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІҢ КІРІСТЕРІ

11. 1. МЕМЛЕКЕТ КІРІСТЕРІНІҢ МӘНІ

Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі

үдеріс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл үдерістердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.

Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін

айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.

Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке

кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтық бастапқы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің үдерістеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл үдерістердің нәтижесінде ақшалай қорлар, ең алдымен бюджеттік қор жасалынады.

Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы

арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады, кәсіпорындардың жалпы табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды - оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкішаруашылықтық мұқтаждарға пайдаланылады.

Сонымен бірге хадықтың бастапқы табыстары да қызметтін өндірістік

емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы қайта бөлінеді. Бұл түсімдер қызметтер көрсету сферасы кәсіорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т. б. ) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.

Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына

қаржылық ресустарды қалыптастырумен байланысты болатын қаржылық қатынастардың бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржылық ресурстары отралықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.

Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері,

сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.

Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты

орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.

Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге

орталықтандыру біртұтас қаржылық саясатты жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді. Бюджеттк қаражаттардан басқа мемлекеттің орталықтанырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.

Табыстар ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте,

Шаруашылық жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын "ақшалай қаражаттардың" анықтамасы болып табылады.

Мемлекет кірістерінің экономиикалық табиғаты және оларды

ұйымдастыру шаруашылық жүргізудің жүйесіне, мемлекеттің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді.

Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақшалай

қатынастырдың даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының жүйесі сипатты болады.

Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлкеттің тікелей белсенді

қатысуымен жүзеге асыралады: ол бюджетке орталықтандырылған және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылған қоғамның таза табысының үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның басқа қаражатарын шоғырландырады.

Мемлекет өндіріс құралдырының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпымемлекеттік қажеттеліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржылық активтерді (акцияларды және т. с. с. ), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.

Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:

  1. жалпы табыс (пайда), қосылған құн салығы, акциздер, кеден табыстары

түріндегі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табысы;

  1. мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй

қорынан, жерден, ормандардан, жер-судан, бсқа табиғи ресурстардан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар) ;

  1. мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден

алынатын табыстар (тіркеу алымдары, өлшемдер мен өлшеуіш приборларды тексеру, таңбалау және сараптау, қымбат металдан жасалынған бұйымдарды талдау және таңбалау үшін төлем) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының алымы, тауар белгілері үшін өтінімдік алым) ;

  1. үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы шаруашылық табыстарын

және басқаларды кіріктіретін бюджеттік мекемелердің арнаулы қаражаттары.

«Мемлекеттің кірістері» мен «Мемлекеттің қаржылық ресурстары»

ұғымдарын ажырата білген жөн. Қоғамның қаржылық ресурстары - уақыттың бір мезетіндегі мемлекеттің, кәсіпорындар немесе шаруашылық ұйымдарының меншігіндегі ақша қорларының жиынтығы.

«Каржылық ресурстар» ұғымы мазмұны жағынан «мемлекеттік кірістері»

ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржылық ресурстардың құрамына кірістерге жатпайтын, бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланылуы мүмкін қаражаттар кіреді. Мысалы, негізгі құрал-жабдықтарды (капиталдарды) қалпына келтірудің амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттардың артығы, қуыным мерзімі өткен кредиттік және депоненттік берешектің сомалары, істен шыққан, иесіз мүлікті (өлген адамнан қалған мүлікті), тәркіленген, мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өткен, талап етілмеген (көліктегі талап етілмеген жүк, талап етілмеген депозит сомалары, таратылмаған пошталық жөнелтім) мүлікті өткізуден түскен түсімдер. Бұл ақшалай қаражаттар (сондай-ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, яғни қаражаттарды жұмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер, өсім (өсімпұл) кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін түсімдер де мемлекеттің қаржылық ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін) болғанымен мемлекеттің кірістері болып саналынбайды, өйткені бұлар-қарыз қаражаттары. Қаржылық ресурстарға сондай-ақ мемлекеттік сақтық органдарының қарамағындағы қаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрақты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі ішкішаруашылықтық ресурстар да мемлекеттің кірістері болып саналмайды. Сөйтіп, мемлекеттің қаржылық ресурстары негізінен мемлкеттің кірістері мен басқа көздер есебінен құралады. (11. 1 сызбаны қараныз) .

11. 1 сызба. Қаржылық ресурстар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары

Қарыздар

Мемлекет кірістерінің көзі ұлттық табыс болып табылады, ал қаржылық ресурстар

жалпы қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта бөлу кезінде жұмылдырылады. Мемлекеттің шығыстарын жабу бүкіл қаржылық ресурстардың жиынтығымен қамтамасыз етеді.

«Мемлекеттің кірістері» және «мемлекеттік бюджеттің кірістері»

ұғымдары да бір-біріне тең әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда қатынастардың неғұрлым кең топтары туралы әңгіме болып отыр, өйткені мемлекеттің кірістері құрамына, жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынған табыс, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, салық түсімдері және т. б., ал мемлекеттік бюджеттің кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.

Мемлекет кірістерінің сипаты айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің өзіне

қажет ақшаны жұмылдыратын әдістеріне байланысты болып келеді. Рыноктық экономика жағдайында мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар (оның түрлі нысандары), қарыздар және эмиссия болып табылады. Түрлі тарихи кезеңдегі бұл әдістердің арасалмағы әр түрлі болады және қаржылық саясаттың мазмұнымен, шаруашылық жағдаятымен, нақты экономикалық және әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісу дәрежесімен және тағы басқа көптеген факторлармен айқындалады.

Мемлекет кірістерінің жүйесінде орталық орынды салықтар алады.

Олар рыноктық тұрпаттағы дамыған экономикалық жүйеде әрекет ететін қаржының негізгі қасиеттерін білдіретін әмбебаптық және сонымен қатар басты категория болып табылады. Рыноктық экономика жағдайында салық нысаны қаржылық өзара байланыстардың бүкіл жүйесінде басымырақ болады.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық

Құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекет кірістерін, тиісінше, бюджеттік қордың кірістерін де қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Фиксалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар болып

табылады. Олар тек бюджет тапшылығын жабуғаемес, сонымен бірге әр түрлі күрделі шығындары, әсіресе экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы жүйесінің әр түрлі буындарының шиеленісуі күшейе түсіп отырған экономикалық дағдарыс кезінде қарыздардың маңызы айтарлықтай артады. Қарыздар мемлекет қаржыларының түрлі буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. Олар түрлі деңгейдегі бюджет тапшылығын жабуда кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар қаржы рыногының жұмыс істеуі қарыздарды мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін де пайдалануға мүмкіндік береді. Кәсіпорындарды жаңғыртуға, олардың материалдық-техникалық базасын жаңартып, ұлғайтуға бағытталған күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру енді қарыздардың облигацияларын өткізу арқылы қосымша қаржылық ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі эмиссия, оның үстіне

Тек қағаз-ақшалай эмиссия ғана емес, сонымен қатар кредиттік эмиссия болып табылады. Эмиссияға мемлекет салықтық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы рыногында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдайда ғана иек артады.

Қағаз-ақшалай эмиссия да, кредиттік эмиссия да егер олар

шаруашылық айналымның қажеттілігіне байланысты болмай бюджет тапшылығын жабу қажеттілігіне байланысты болмай бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен байланысты болса, экономикада инфляциялық үдерістердің күшеюіне әкеп соқтырады. Сондықтан дамыған рыноктық шаруашылық елдері әдетте кредиттік эмиссияға жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.

Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда аталған әдістері

мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде эмиссия қолданылмайды. Орталықтандырылмаған ақшалай қорларды жасау барысында аударымдар, түрлі жарналар, ерікті түсімдер түсімдер және т. б. әдістер кеңінен пайдаланылады. Бұл әдістер өте-мөте мемлекеттік кәсіпорындарда қолданылады.

11. 2 МЕМЛЕКЕТ КІРІСТЕРІНІҢ СЫНЫПТАМАСЫ

Мемлекет кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын,

құрамы мен мақсатты бағыттылығын, қалыптасу қағидаттарын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге қарай мемлекеттің

кірістері мыналардан тұрады:

1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;

2) жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;

3) қоғамдық, кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;

4) халықтың салық төлемдерінен;

Жасалу сфераларына байланысты мемлекеттің кірістері:

1) материалдық өндіріс сферасында қалыптасатын кірістер;

2) өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып жіктеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні
Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге талдау жасау
Мемлекет кірістері
Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні мен маңызы
Қаржы жүйесіндегі мемлекет кірістерінің орны мен рөлі
Мемлекеттік кірістер
Мемлекет қаржысының кіріс көздері
Мемлекеттік кірістердің экономикалық мазмұны
Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы
Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz