Қылмыстық зардаптар


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Тарау - І. Қылмыстық зардаптардың ұғымы.
І - 1. Қылмыстық зардаптардың түсінігі және олардың құрылымы . . . 7
І - 2. Қылмыстық зардаптардың нысандары және түрлері. Материалдық және формалдық құрамдар . . . 22
Тарау - ІІ. Қылмыстық зардаптардың маңызы
ІІ - 1. Қылмыстық зардаптардың қылмысты саралау үшін маңызы . . . 42
ІІ - 2. Қылмыстық зардаптардың жаза тағайындау үшін маңызы . . . 52
Қорытынды . . . 62
Пайдаланған әдебиеттер . . . 64
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Конституциясының І - бабында: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігі бекітілген.
Құқықтың заңи функциялары реттеу және қорғау болып табылатын болса қылмыстық заңнама қылмыстық жауаптылықты бекіте отырып қоғамдық қатынастарды құқық бұзушылықтың ерекше ауыр түрі болып табылатын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайды.
Қылмыстық жауаптылық өрісінде әділеттілік идеясын жүзеге асыру қылмыс жасаған тұлғаларға «тең шараны», «бірдей көлемді» қолдануға ғана негізделе алады. Осының барысында шама мен көлемнің абсолюттік теңдігі қаншама дәлірек болса кінәлі тұлғаға қолданылатын жауаптылық соншама тиімдірек және әділеттірек болады. Сонымен бірге қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың бірде-бір негізі ол тұлғаның қылмыс жасауы, себебі оны жазаға тартудың шегі болып оның іс-әрекеттерінің шегі табылады. Міне, сондықтанда қылмыстық құқықтың бүкіл мазмұнында орын алатын «қоғамдық қауіптілік» категориясын зерттеу ерекше маңызды болып табылады. Сонымен бірге қылмыстық құқықтың осынау іргелікті категориясының теориялық жағынан зерттелу деңгейінің әлі де болса төмен екендігін және оның практикалық қажеттіліктерді өтей алмайтындығын өкінішке орай атап өтуге тиіспіз. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып «қоғамдық қауіптілік» ұғымының көп деңгейлі, көп аспектілі сипаттамасының барысында қоғамдық қауіптіліктің негізгі компоненттерінің бірі қылмыстық салдар (зардап) мәселесіне құрылымдық-жүйелік талдау жасаудың маңызы өте жоғары деп есептейміз.
Заң әдебиетінде қоғамдық қауіпті салдармен байланысты мәселелер әрдайым терең және тұрақты қызығушылықты туындатып келеді. Бұл тақырыпқа бірнеше монографиялар жарық көрген атап айтар болсақ: Н. Ф. Кузнецова «Қылмыстық жауаптылық үшін қылмыстық салдардың маңызы» (1958 ж), А. С. Михлин «Қылмыс салдары» (1969 ж) және В. В. Мальцов «Қоғамдық қауіпті салдардың қылмыстық құқылық мәселесі (1989 ж) . Сонымен қатар Я. М. Брайнин, В. К. Глистин, Ю. А. Демидов, Н. Д. Дурманов, М. И. Ковалев, Н. И. Коржанский, Г. А. Кригер, В. Н. Кудрявцев, Б. С. Никифиров, А. А. Пионтковский, В. С. Прохоров, А. Н. Трайнин, Е. А. Фролов, Т. В. Церетели және басқа да бірқатар ғалымдар өздерінің еңбектерімен қылмыстық салдар теориясына өз үлестерін қосқан. Барынша толық зерттелгендер қатарында қылмыстық салдардың түсінігі және түрлері, олардың қоғамдық қауіптілігінің (ауырлығының) критерилері, салдарға тәуелді түрде қылмысты саралау мәселелерін жатқызуға болады. Қылмыстық салдардың құрылымы, нысандары қылмыс жасаған адамдарға жазаны дербестендіру мәселелеріне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбеген. Басқаша айтатын болсақ қоғамдық қауіпті салдар теориясы, қылмыстық заңның нақты нормаларының мазмұнына, қылмыстық жауаптылықты дербестендіру барысында практикалық жағынан қолдану үшін тиімді болып табылатын кепіл-кеңестерге жол тартпай қалды. Сонымен қатар ең дұрыс теория, тіпті құқықтық реформа және қылмыстық құқықты радикалды түрде қайта қарау кезінде де пайдасыз немесе еленбей қалуы мүмкін, егер оның тұжырымдары өзінің логикалық түйініне жетпесе заңнаманы және оны қолдану практикасын жетілдіру бойынша айқын ұсыныстар қатарына енбей қалатын болса.
Норманың диспозициясында салдар екі жақты көрініс табады. Біріншіден, нақты қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқылық қорғаудың астына ала және қылмысты жүріс-тұрыстың типін анықтаумен, сонымен қатар қылмыс құрамын функционалды түрде формализациялауға байланысты заңшығарушы осы жағдайда мәнді болып табылмайтындарды дерексіздендіреді, бірақ олар іс-әрекетті қылмыстық деп тануда ескерілуі мүмкін және маңызды, тән болып табылатын салдарды диспозицияда жанама түрде көрсетеді. Екіншіден салдар, көп жағдайда қылмыс құрамының міндетті белгілері бола отырып диспозицияда дербес терминдер арқылы да жиі білдіріледі, ал терминдердің дұрыс таңдалуы, тиісті салдардың нақты ерекшеліктерін дәл бағалау негізінде ғана мүмкін болады.
Қылмыс салдарының қоғамдық қауіптілігі сонымен қатар норманың санкциясында бекітілетін жазаның түрі мен мөлшерінің қаталдығы арқылы да бағаланады. Салдар неғұрлым ауыр болса басқа шарттардың тең болуына қарамастан санкцияда қарастырылған жауаптылықта ауырырақ болады және керісінше. Норманың санкциясын құрастыру барысында салдардың ауырлығының дәл бағалануы нақты қылмыстарды жасағаны үшін тағайындалатын жазаның әділеттілігінің алғы шарты болып табылады. Қылмыстық құқылық-норманы жүзеге асыру деңгейінде қол сұғушылық арқылы келтірілген залалды нақтылау және оны нормада білдірілген типтік түрімен салыстырудың құқықтық талабы қылмыстық салдарды бағалаудың өзегі болып табылады. Осындай бағалау нақты түрінде қылмыс оқиғасы анықталған сәттен үкім шығарылғанға дейінгі сот органдарының құқық-қолданушылық қызметіне органикалық түрде кірістіріледі. Сонымен қатар ол іс-әрекетті қылмысты деп тану үшін жеткілікті болып табылатын қоғамдық қауіптіліктің дәрежесін дұрыс анықтауға, қоғамдық қауіпті іс-әрекетті жасаған тұлғаларды жауаптылықтан босатуға, қылмысты саралауға және жазаны дербестендіруге өте үлкен ықпал жасайды.
Біздің дипломдық жұмысымыз екі тараудан түрады. «Қылмыстық зардаптың ұғымы» - деп аталатын бірінші тарауда біз қылмыстық салдар ұғымына, түсінігіне жалпы аталған ұғымның құқықтық табиғатына қатысты мәселелерді қарастырдық. Сонымен қатар біз жұмысымыздың кіріспе бөлімінде біздің пікірімізше маңызды болып табылатын мәселе терминология мәселесін атап өтуді жөн санаймыз. Себебі кейде қылмыстық салдар ал, кейде қылмыстық зардап деп атау жиі кездеседі. Жалпы негізде айтқанда салдар әрқашанда белгілі бір себептердің нәтижесі болып табылатындығы ешқандай дау туғызбайды. Дегенмен салдардың барлығы бірдей жағымсыз бола бермейтіндігі белгілі. Зардап әрқашанда жағымсыздық зиян, залал деген ұғымдарды қалыптастыратын сияқты. Егер қылмыс қоғамда тыйым салынған, яғни болмауы тиіс құбылыс деп ұғынатын болсақ оның салдары да белгілі бір жағымсыз зиянды деген түсінікті қалыптастыратындығы сөзсіз ендеше қылмыстық салдар дегеннен де қылмыстық зардап десек оның ұғынылуы айқынырақ болатын сияқты. Дегенмен біз жұмысымыздың барысында кейде зардап ал, кейде қалыптасқан әдет бойынша қылмыстық салдар деп атауды жөн санадық.
«Қылмыстық зардаптың маңызы» - деп аталған екінші тарауында қылмыстық салдардың қылмысты саралау және нақты жазаны тағайындау үшін маңызына қатысты мәселелерге талдау жасадық. Дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптарға сай жұмыстың құрылымына кіріспе, қорытынды бөлімдер және пайдаланған әдебиеттер тізімі енгізілді.
Тарау - І. Қылмыстық зардап ұғымы
І - 1. Қылмыстық зардаптың түсінігі және олардың құрылымы
Адам қоғамдық тұлға бола отырып күн сайын өзінің айналасындағылармен қарым-қатынастарға түсетіні белгілі. Адамның әрбір іс-әрекеті өзін қоршаған өмір ағысына белгілі бір өзгерістерді туғызуға бағытталады. Адамның іс-әрекеттерінің барлығы бірдей өзі өмір сүріп отырған қоғам, өзінің айналасындағы өзге адамдар үшін үнемі пайдалы бола бермейді немесе қоғамға қарсы мәнісі оның зиянды салдарды туғызатындығынан көрініс табады, яғни қылмыс тек әрекет немесе әрекетсіздік жасаумен аяқталмайды, ол өзіне жүріс-тұрыстың осындай түрімен келтірілген зиянды кірістіре отырып одан әрі жалғасын табады.
Қылмыс арқылы келтірілген залалдың нақ өзі тиісті іс-әрекетке тиым салуға және оны жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға алып келеді.
Кез-келген қылмыс әртүрлі күштердің, адамдардың іс-әрекеттерінің, қоршаған ортаның, табиғаттың, әртүрлі механизмдердің өзара әрекетінің нәтижесі болып табылады. Алайда тек адамның белсенді (әрекет барысында) немесе енжар (әрекетсіздік барысында) жүріс-тұрысының көрінісі болып табылатын күштер ғана заңи маңызға ие болады. Қылмыстық істі тергеу барысында кінәлі адамның жүріс-тұрысынан басқа факторлардың барлығы тек адамның жүріс-тұрысының рольін және қоғамдық қауіптілігін дұрыс бағалау үшін ғана тексеріледі. Сондықтанда «Нәтижеге келтіретін барлық адамдар мен факторлар ішінен қылмыстық заң тек адамның жүріс-тұрысын ал осы фактордың мүмкін болатын салдарының ішінен тек қылмыстық жазалануға жататын салдарды ғана жасанды түрде оқшаулайды» - деп жазған. А. Н. Трайнин пікіріне қосылуға болады. /1/
Кез-келген құбылысты зерттеуді оның пайда болуының себептерін талдаудан бастаған дұрыс болады. Қоғамдық қауіпті салдар - адамның жағымсыз жүріс-тұрысының нәтижесі, ол қылмыстың объектісін құрайтын қоғамдық қатынастарға әсер етеді. Бұл қылмыстық құқық теориясындағы бастаушы ереже. Бұл жөнінде Кудрявцев В. Н., Кузнецова Н. Ф., Михлин А. С., Никифиров Б. С., Коржанскии Н. И., және т. б. жазған. Сондықтан қылмыс салдарының маңызды белгілері құқықпен қорғалатын объектінің және қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің маңызды белгілерімен тікелей тәуелділікте болады және тек олардың соңғысымен байланыста ғана ашылуы мүмкін болады. Бұдан шығатын қортынды қоғамдық қауіпті салдар ұғымының анықтамасына қылмыс объектісінің және қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің қатынасын айқындау логикалық жағынан алдымен талап етеді. Қылмыстық салдар объекті және қылмыстық салдар арасындағы байланыстырушы түйін болып табылады. Сондықтан қылмыстық салдар бір жағынан қылмыстық әрекетпен (әрекетсіздікпен) сипатталса екінші жағынан қол сұғушылық объектісімен сипатталады /2/. Ең алдымен қылмыстық салдар және әрекеттің ара қатынасына тоқталу қажет. Қылмыстық іс-әрекеттің өзіндік ерекшелігі оның қоғамдық қауіптілігінен көрініс табады. Қылмыстық іс-әрекет өзіне объективтік және субъективтік белгілерді жасау мақсатында қылмыстық құқық теориясы қылмыстық іс-әрекеттің объективтік және субъективтік жақтарын бөлек қарастырады. Әрекет туралы құрамның объективтік жағының белгісі ретінде қарастыра отырып біз оның объективтік қоғамдық қауіптілігін, объективті қылмыстық залал келтіруді айтамыз. Қоғамдық қауіпті іс-әрекет тұлғаның қылмыстық еркінің оның кінәсінің көрінісі болса екінші жағынан іс-әрекет қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың қоғамдық зиянды өзгерістердің себебі болып табылады. Ендеше қоғамдық қауіпті іс-әрекет объективтік және субъективтік екі белгіге ие болады. Бірақ олардың қоғамдық қауіпті іс-әрекетке ықпал етуінің мөлшері мәселесі әдебиетте әртүрлі шешіледі. Кейбір авторлардың пікірінше қылмыстың қоғамдық қауіптілігі тек ғана объективтік мазмұнға ие болады /3/. Мысалы, П. С. Дагель «Қоғамдық қауіптіліктің объективтік сипаты қылмыс арқылы келтірілген залалдың объективтік сипатымен шартталады. Сондықтан іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі оның объективтік белгілерімен сипатталады (салдар, тәсіл, орын, уақыт, объект және т. б. ) - деп жазған /4/. Басқа ғалымдардың пікірінше «Қоғамдық қауіптілік» объективті-субъективтік ұғым себебі құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар жүйесі үшін қауіптілікті аталған қатынастарға залал келтіруге бағытталған адамның ерікті және саналы іс-әрекеттері ғана төндіре алады /5/.
Жалпы қоғамдық қауіптілік және қылмыстың қоғамдық қауіптілігін ажырататын В. С. Прохоровтың концепциясы да өзіндік қызығушылықты туындатады. Қоғамдық қауіптілік категориясы қоғамға келтірілген барлық зиянды білдіреді және ол оны келтірген тұлғаның әлеуметтік және өнегелік саналарына және кінәсіне тәуелді емес және қалыптасуына оның барлық элементтері қатысатын құбылыс - қылмыстың іргетасы болып табылады /5/. В. В. Мальцевтің пікірі бойынша қылмыстық іс-әрекетті жасаған тұлғаның іс-әрекеттің қарқындылығы мен кінәсінің дәрежесі қоғамдық қауіптіліктің объективтік және субъективтік белгілерінің негіздемесі болып табылады. /6/. Қол сұғушылықтың объектісіндегі нақты өзгерістер барлық уақытта қылмыстық іс-әрекеттің сыртқы жағымен байланысты ол қаншама қарқынды болса қылмыс объектісіндегі өзгерістер соншама тереңірек, қылмыстық салдар ауырырақ болады. Іс-әрекеттің жоғары қарқындылығы ауыр салдардың туындау қауіптілігінің мүмкінділігін арттырады және қол сұғушылыққа ұшыраған объектілер шеңберінің ұлғаюының алғышарттары болып табылады. Мысалы, қылмыскердің атыс қаруын қолдануға ауыр салдардың туындау мүмкіндігін күрт арттырады және сонымен бірге өмір, денсаулық, меншік, қоғамдық тәртіп және с. с көптеген объектілерге нақты қауіп төнеді. Одан басқа, қылмыс жасаудың тиімді құралдарын пайдалану кінәлі адамды субъективтік түрде ауырырақ залалдар келтіруге итермелейді себебі, онда ойына келгенді істеу, жазаға тартылмаушылық сияқты пікірлердің қалыптасуына себепкер болады. Ендеше іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің объективтік белгісіне қылмыстық салдардың қоғамдық қауіптілігінің объективтік белгісі яғни адамдарға, материалдық дүние заттарына немесе рухани құндылықтарға келтірілген нақты залалдарға сәйкес келеді. Алайда қылмыстық салдардың қоғамдық қауіптілігін тек оның объективтік белгілерімен ғана біріктіру қате болады. Бұл жерде Ю. А. Делендовтың қылмыстың қоғамдық-саяси мәнінің қоғамдық қауіптілігін тани отырып оны кездейсоқ залал келтіруге таратуға болмайды, себебі ол залалдың осындай түрін келтіргені үшін қандайда болмасын жаза түрін қолданудың негізділігі туралы пікірдің қалыптасуына және объективтік айыптау қауіптілігінің күшейуіне алып келеді. Тек қылмыстық іс-әрекетті жасаған тұлғаның кінәлілігі ғана қылмыстық салдарға қоғамдық қауіптілік қасиетін түпкілікті береді. Себебі адамдардың барлық іс-әрекеттері сананың басшылығымен және еріктің бақылауы арқылы жасалатын болғандықтан субъективтік іс-әрекеттен ажырамайды. Қылмыстық салдарда ішкі (субъективтік) жағы болмайды ол оны туындатқан іс-әрекеттің аяқталуымен бірге жойылады. Сондықтан қылмыстық салдар нақты түріндегі субъективтік белгілерге ие болмайды. Осылайша қоғамдық қауіптілік тек қылмыстың заңды бұзған тұлғаның кінәсімен бірлікте ғана анықтауға болатын қылмыстық салдардың маңызды белгісі болып табылады. /7/
Заңды әдебиеттерде қылмыстық салдардың іс-әрекетінің өзінің элементтері болып табылатындығы жөніндегі пікір талап жалғасын табуда. Профессор Н. Д. Дурманов іс-әрекет және нәтиже ұғымдарын араластырған. Мысалы, ол «объектіге оған сәлде болса өзгеріс еткен кез-келген әсер ету іс-әрекетке жатқызылуы тиіс. Сапалық негіздегі өзгерістер (заң диспозициясында жазылғанға сәйкес) нәтижені құрайды - деп жазған. /8/. Н. Ф. Кузнецова оған қарама-қайшы қылмыстық салдар іс-әрекеттің өзінің элементі болып табылмайды - деп атап көрсеткен /9/. Кез-келген қылмыстық іс-әрекеттің негізінде санаға бағынатын, ниетті дене қозғалысы немесе одан бас тарту орын алады. Тұлға кез-келген сәтте өзінің жүріс-тұрысын тоқтатуы немесе өзгертуі мүмкін. Салдар болса сыртқы әлем өрісіне жатқызылады. Олар қол сұғушылық объектісіндегі қоғамдық залалды өзгерістер болып табылады. Белгілі-бір тұлғаның тарапынан қылмыстық салдардың тағдырына ықпал ету нақты іс-әрекеттерді жасаумен шектеледі. Оқиғаның одан әрі объективтік дамуы оған тәуелді емес. Міне нақ сондықтан қылмыстық нәтиженің болуы іс-әрекеттің элементі болып табылмайды, сыртқы әлем өрісіне жатқызылып оқталу және дайындалу, сонымен бірге абайсыз қылмыстар болуы мүмкін.
Кінә мен қылмыстық нәтиже де өзара тығыз байланысты. Кінә дегеніміз тұлғаның іс-әрекетте және оның қоғамдық қауіпті салдарына қасақаналық және абайсыздық нысанындағы психикалық қатынасы екендігі белгілі. Ал қылмыстық салдар ретінде адамның кінәлі түрде келтірілген іс-әрекеттерінің нәтижесі ғана танылады. Кінә және нәтиже қылмыс құрамы үшін бірдей қажет болады. Қалай болғанда да кінәлі және қылмыстық нәтижені қарсы қоюға болмайды. Осы аталған аса маңызды ереже ҚР ҚК-нің 19 бабында адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс - деп атап көрсетілген. Осы айтылған тұжырым одан әрі ҚК-тің 20-бабында тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған әрекет деп танылатындығы атап көрсетіліп одан әрі нақтыланған.
Айтылғандардан байқайтынымыз тек субъектімен сезінілген немесе сезініле алатын субъектінің әрекеті мен келтірілген зардаптың арасындағы байланыс ғана қылмыстық-құқықтық маңызға ие болады. Қасақаналық немесе абайсыздықпен қамтылған зардаптар үшін соның ішінде саралаушы белгілер ретінде қарастырылатындары үшін де тиісті болады. Сонымен бірге кінәлі адамның қасақаналық немесе абайсыздығымен қамтылған зардаптар үшін жауаптылық принципінің заңда көрсетілмеген бірақ жазаның шамасына әсер ететін зардаптарға да тисті болатындығын атап өту керек. Бұл жерде объективтік айыптауға жол берілмейтіндігін есте ұстау керек.
Сот практикасында айыпталушылардың өздері болжай білмеген салдар үшін жауап бермеуі тиіс екендігіне сілтеме жасайтын жағдайлар өте жиі кездеседі.
Мысалы М. 19 жастағы Д-ны зорлаған одан кейін Д. өзін-өзі өлтірген. М оның өзін-өзі өлтіретіндігін болжап білмегенін және болжап біле алмайтындығын мәлімдеген. Сот М-ны аса ауыр зардаптарға әкеп соққан зорлау үшін соттай отырып жас қызға қарсы аса ауыр қылмыс жасаудың оның тарапынан өзін-өзі өлтіруге дейін баруы мүмкін екендігін болжай алатындығын және болжауы тиіс екендігін атап көрсеткен. /11/
Субъектінің өзінің іс-әрекеттерінің зардаптарын көре білуінің мәселесі соттпен істің барлық мән-жайларының жиынтығын талдау негізінде шешіледі, себебі әрбір нақты жағдайдағы бұл мүмкін әртүрлі болады.
Қылмыстық зардап пен қылмыстық іс-әрекеттің арасында себепті байланыс болған жағдайда ғана жауаптылықтың туындауы қылмыстық заңдағы соның ішінде қазасқтанның қылмыстық құқығының негізгі прициптерінің бірі болып табылады. Қылмыстық нәтижемен себепті байланыстағы әрекет объективті түрде қоғамдық зиянды өзгерістердің шарттарын немесе себептері ретінде орын алады. Объективтік түрде қоғамдық қауіпті болып табылмайтын әрекеттерге қатысты зиянды нәтижемен себепті байланыс туралы мәселе қойылмуы тиіс, тіпті ол орын алған жағдайдың өзінде де. Мысалы, К жерде мас күйінде құлап жатқан Б-ны орнынан аяғына тұрғызып оған үйіне бар деп айтып өзі кетіп қалған. Б тәлтіректеп жүріп бірнеше қадам жасағаннан кейін жолға қарай күрт бұрылып қарсы келе жатқан автомобилдің астына түсіп қайтыс болған. К-нің әрекеттерін біз объективті түрде қоғамдық қауіпті деп тани алмаймыз: олар өлім үшін жағдай туғызған жоқ және оның себебі болып табылмайды. Олар тек пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталды. Сондықтан бұл әрекеттерге қатысты келген зардаппен себепті байланыстылығы туралы мәселе қойылмауы тиіс.
Егер кінәлінің әрекеті объективті түрде қоғамдық қауіпті болмаса себепті байланыстың барлық зерттелуі тоқтатылуы тиіс. Сандық тұрғыдан әрекет және нәтиже келесідей қатынаста болуы мүмкін.
- бір әрекет және бір зардап (қарапайым қылмыстар)
- екі немесе одан да көп әрекеттер және бір зардап (күрделі қылмыстар)
- бір әрекет және бірнеше зардап (қылмыстың идеалды жиынтығы)
Қылмыстың зардапқа талдау жасай отырып кімге немесе неге зардап келетіні туралы мәселені айналып өтуге болмайды. Себебі қылмыс қоғамда жасалады және қалыптасқан қоғамдық қатынастарға қол сұғады яғни ол қатынастар Қазақстан Республикасының ҚК 2 бабында көрсетілген адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық тәртіппен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастығы, қоғаммен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі болып табылады.
Алайда, залалдан тек объектінің қорғалатындығы олардың қылмыстың зардаптарымен тығыз байланысын білдіреді. Аталған байланыс салдардың объектісіз мүмкін болмайтындығымен және көбінесе қылмыстың объектісімен анықталатындығынан туындайды. Сондықтан қылмыстың зардаптарын талдау үшін объектінің және қылмыстың зардабының өзара байланысын қарастырып, талдау жасау қажет болады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі ретінде түсіндіріледі. Сонымен бірге әдебиетте қоғамдық қатынастардың бірегей тұжырымы әліде болса қалыптаспаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz