Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
КІРІСПE 3
1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
1.1 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу ұғымы. 7
1.2 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің мақсаттары. 9 1.3 Тіркеуді жүзеге асыратын органдар. 10 1.4 Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру кезiндегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң құзыры. 11
2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ТӘРТIБI
2.1 Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің хабарлама тәртібі 12
2.2 Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу тәртiбi 15
2.3 Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу 16
3. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫ 3.1 Құрылтай құжаттарының мазмұны 17 3.2 Тiркеу алымын төлеу 20 3.3 Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік
тiркеу 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

Заңды тұлға әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Мемлекеттік тіркеу тәртібі заңдарда белгіленеді. Мемлекеттік тіркеу деректері, соның ішінде коммерциялық ұйымдар үшін фирмалық атауы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне енгізіледі.Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. Филиалдар мен өкілдіктер заң құжаттарында белгіленген тәртіппен құрылады. Заңды тұлға мынандай жағдайларда қайта құрылуға тиіс: 1) жарғылық капиталының мөлшері азайтылған жағдайларда; 2) атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркелуге тиіс. Аталған негіздер бойынша құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер заңды тұлға қайта тіркелмейінше жарамсыз болып табылады. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен басқа, Қазақстан республикасы Президентінің 1995 жылы 17- сәуірде шығарған «Заңды тұлғаларды мемлекттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі. Мемлекетік тіркеудің құқықтық маңызына келетін болсақ, тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғағазаң талабын сақтауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Заңды тұлғаны тарату негіздері.
Заңды тұлға – жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру ұйымын тарату зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Тарату – заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 27.12.1994.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім). 01.07.1999.
4. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жиынтығы.–Алматы:
5. Қазақстан Республикасының 17.04.1995ж. (29.10.2002 жылғы өзгертулерімен қоса) «Заңды
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.12.2001ж. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
7. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңы.

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі
Оқу тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы : Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Тобы: 12.14.21.
Тексерген: Қойшиева А.О
Орындаған: Әйіпова Айгерим.
Атырау 2016
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПE 3
1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
1.1 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу ұғымы. 7
1.2 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің мақсаттары. 9 1.3 Тіркеуді жүзеге асыратын органдар. 10 1.4 Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру кезiндегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң құзыры. 11
2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ТӘРТIБI
2.1 Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің хабарлама тәртібі 12 2.2 Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу тәртiбi 15
2.3 Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу 16
3. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫ 3.1 Құрылтай құжаттарының мазмұны 17 3.2 Тiркеу алымын төлеу 20 3.3 Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік
тiркеу 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
КІРІСПЕ
Заңды тұлға әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Мемлекеттік тіркеу тәртібі заңдарда белгіленеді. Мемлекеттік тіркеу деректері, соның ішінде коммерциялық ұйымдар үшін фирмалық атауы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне енгізіледі.Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. Филиалдар мен өкілдіктер заң құжаттарында белгіленген тәртіппен құрылады. Заңды тұлға мынандай жағдайларда қайта құрылуға тиіс: 1) жарғылық капиталының мөлшері азайтылған жағдайларда; 2) атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркелуге тиіс. Аталған негіздер бойынша құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер заңды тұлға қайта тіркелмейінше жарамсыз болып табылады. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен басқа, Қазақстан республикасы Президентінің 1995 жылы 17- сәуірде шығарған Заңды тұлғаларды мемлекттік тіркеу туралы заң күші бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі. Мемлекетік тіркеудің құқықтық маңызына келетін болсақ, тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғағазаң талабын сақтауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Заңды тұлғаны тарату негіздері.
Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру ұйымын тарату зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Тарату - заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесінің уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органның шешімі бойынша заңды тұлға кез-келген негіз бойынша таратылуы мүмкін, әрине, бұл жерде әңгіме ерікті түрде тарату туралы болып отыр. Заңды тұлғаны тарату дегеніміз - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден алу арқылы оның құқық және әрекет қабілеттілігінің тоқтатылуы. Заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асырушы орган заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тарату тәртібінің сақталуын тексереді. Егер тексеру барысында таратудың белгіленген тәртібінің сақталуын тексереді. Егер тексеру барысында таратудың белгіленген тәртібінің бұзылғандығы анықталмаса, тіркеуші орган 10 күн ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығын тіркейді. Таратуды тіркеу үшін тіркеуші органға келесі құжаттар ұсынылады: белгіленген үлгідегі таратуды тіркеу туралы арыз (мемлекеттік үлес қатысы бар ұйымдар реестр ұстаушының белгісі соғылған арызы); заңды тұлғаны тарату туралы шешім (соттың, өкілетті органның заңды тұлғаның мүлкінің меншік иесі және т.б.); құрылтай құжаттары мен статистикалық карточканың түпнұсқалары; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуі немесе қайта тіркеуі туралы куәлігінің түпнұсқасы; таратуды тіркеу үшін алымның төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі; заңды тұлғаны тарату және несие берушілердің тілектерін білдіру тәртібі мен мерзімі туралы деректердің жарияланғанын растайтын құжат (Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің Ережесі туралы ҚР Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің 1999 жылғы 23 сәуірдегі № 66 бұйрығының 9 бабы). Заңды тұлға ерікті түрде және ықтиярсыз тәртіппен таратылуы мүмкін. Ерікті тәртіпте таратылуына кез келген негіз ықпал етеді (заңды тұлға мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі негізінде, құрылтай құжаттары бойынша тарату жөнінде шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органының шешімі негізінде). Ықтиярсыз таратылу соттың шешімі бойынша жүзеге асады. Соттың шешімі бойынша заңды тұлға: 1)егер банкрот болған жағдайда орын алған болса; 2) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған; 3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет ұдайы жүзеге асырылған;
4) тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті, не заң құжатында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған не, қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда; 5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін
Сонымен қатар, заңнама мемлекеттік органдардың, несие берушілердің заңды тұлғаны тарату жөніндегі талаптың сотқа беруін көздейді. Заңды тұлғаның таратылуы заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган құрған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Тарату комиссиясы құрылған сәттен бастап заңды тұлға мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттілік соған ауысады. Тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылу жайлы, несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарына жариялайды. Талаптарды мәлімдеу мерзімі тарату туралы жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмауы тиіс. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 51 бабына сәйкес, заңды тұлға таратылған кезде оның несие берушілерінің талаптары мынадай кезек 1) бірінші кезекте - таратылған заңды тұлға өміріне немесе деңсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады; 2) екінші кезекте -- несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде таратылған банкроттың мүлкін кепілге салып қамтамасыз етілген міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады; 3) үшінші кезекте - еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысу жүргізіледі; 4) төртінші кезекте - бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөніндегі берешек өтеледі; 5) бесінші кезекте - заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айырысылады.
Дәрменсіздік(банкроттық). Заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы оны банкрот жариялау болып табылады. Банкрот ұғымы Азаматтық кодекстің 52-бабында көрсетілген . Оған сәйкес, банкроттық - борышқордың соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі . Демек, заңды тұлғаның банкрот деп танылуы оның дәрменсіздігіне қатысты , яғни борышқордың несие берушілердің талаптарын өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуге мүмкіншілігінің болмауы. Заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы оның тарауына негіз болады. Дәрменсіздігі заңды тұлғаны таратудағы негізгі мақсат оған несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету. Таратылған борышқордың мүлкі барлық несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда активтер оларға әділ етіп бөлінеді . Азаматтық кодекске сәйкес, жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның банкроттығы болады. Бірақ мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарға банкроттық қолдануға тиісті емес, өйткені, олар несие берушілердің талаптарын орындау үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, олардың міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікті тиісті мүліктің меншік иесі көтереді. Сондықтан да 1997 жылы 21- қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы Заңының екінші бабына сәйкес, банкроттық қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерге жүрмейді. Дәрменсіз борышқорға банкроттық рәсімді қолдануға банкроттық ерікті немесе мәжбүр ету тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. Ерікті банкроттық борышқордың еркімен сотқа арыз беруі арқылы сот шешімімен танылады немесе несие берушілердің бақылауына негізделген өтініш пен сотсыз - ақ жүзеге асады. Ал мәжбүрлеу тәртібімен болатын банкроттық несие берушінің, сондай - ақ заң актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес өзге де адамдардың сотқа өтініш беруі немесе Банкроттық туралы заң талаптары арқылы мүмкін болады. Борышқор Азаматтық кодекске сүйене тоырып өзінің дәрменсіздігіне байланысты банкроттық туралы іс қозғауды сұрап сотқа өтініш бере алады. Борышқор өзін тарату жөнінде сотқа жүгінгенде қолдағы мүлкі бойынша несие берушілердің талабын қанағаттандыра алмайтындығын , яғни дәрменсіздігін сотқа берген өтінішінде баяндауы тиіс. Заңды тұлғаның банкрот болуы оның таратылуына негіз болған ретте, оның таратылу тәртібі өзгешелеу болып келеді. Банкроттық туралы Заңда несие берушінің өтінішіне қойылатын талаптар да көрсетілген. Істі алдын ала дайындау аяқталғаннан кейін, бірақ іс қозғалғаннан соң бір айдан кешіктірілмей, банкроттық туралы іс соттың қарауына тағайындалуға тиіс, ол туралы сот ұйғарым шығарды. Банкроттық туралы іс сотқа өтініш түскен күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде сот отырысында қаралуға тиіс (Банкроттық туралы ҚР Заңының 34 бабы). Заңды тұлғаның таратылуы жөнінде мемлекеттік регистрге тиісті жазба жасалғаннан кейін оның таратылуы аяқталады.
1.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ 1.1 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ҰҒЫМЫ
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.
Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеруді, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға есептік тіркеу туралы анықтама беруді, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізуді қамтиды.
Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығын берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда) жүзеге асырады.
Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, сонымен қатар, саяси партияларды, шетел және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу және таратуды тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады. Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың қауымдастықтарын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару тиісті облыста және Астана және Алматы қалаларында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады. Комитетте тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті облыстардағы аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады. Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызмет түрлері Бүгінгі уақытта заңды тұлғаларды тіркеу бағытындағы барлық қызмет түрлері Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі:
- Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу);
- Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен ґкілдіктерді есептік тіркеуден алу;
- Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру;
- Заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру;
- Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнің) ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттіктіркеу; Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ұсынылатын қажетті құжаттар тізімі 2007 жылғы 12 сәуірде № 112 Әділет министрімен бекітілген заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі Нұсқаулықпен бекітілген.
1.2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУДIҢ МАҚСАТТАРЫ
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептіктіркеу:
заңды тұлғаның құрылу, қайта тіркелу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу, қайта ұйымдастырылу және қызметінің тоқтатылу, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу, есептік қайта тіркелу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу және қызметiнің тоқтатылу фактiсiн куәландыру;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және өз қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізу;
заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу мақсатында жүзеге асырылады.
1.3 ТIРКЕУГЕ ЖАТАТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР, ФИЛИАЛДАР МЕН ӨКІЛДІКТЕР

Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
ТІРКЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші орган) жүзеге асырады.
1.4 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУДI ЖҮЗЕГЕАСЫРУ КЕЗIНДЕГI ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДIЛЕТ МИНИСТРЛIГIНIҢ ҚҰЗЫРЫ.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
осы Заңға сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi;
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізуді;
заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу жөнiндегi қызметке әдiстемелiк басшылық жасауды;
Әдiлет министрлiгi аумақтық органдарының осы Заң талаптарының орындалуын бақылауды;
заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi өзiнiң аумақтық органдарының iс-қимылына шағымдарды қарауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, бақылау және қадағалау міндеттері жүктелген мемлекеттік органдарға олардың сұратуы бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады.
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ТӘРТIБI 2.1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІНЕ ЖАТАТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУДІҢ ХАБАРЛАМА ТӘРТІБІ
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi және осы Заңның 7-бабында көрсетiлген, қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған және үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі.
Акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы Заңның 6-1-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) рұқсаты қосымша талап етiледi.
Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімімен құрылған, олармен үлестес тұлғалардың тізбесін ұсынады.
Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi не шетелдiк немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тiркеуші органға бередi.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тіркеуші органға береді.
Шетелдік қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:
құрылтайшы - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;
нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.
Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi мемлекеттік тiркеу Қоғамдық бірлестіктер туралы, Саяси партиялар туралы, Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат тіркеуші органға бір мезгілде ұсынылады.
Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделгендерден басқа қандай да бір құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде субъект Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектісінің критерийлеріне сәйкес санатты дербес айқындайды және оны өтініште көрсетеді. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы басталғаны туралы хабарлама береді.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу электрондық үкімет веб-порталында толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.
Шетелдік қатысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:

нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс .
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
2.2 ФИЛИАЛДЫ (ӨКIЛДIКТI) ЕСЕПТIК ТIРКЕУ ТӘРТIБI
Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделеді.
Өтінішке филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркегенi үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат қоса беріледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың филиалдары (өкілдіктері) үшін заңды тұлға бекіткен, қазақ және орыс тілдерінде үш данада филиал (өкілдік) туралы ереже, жарғының (ереженің) көшірмелері және заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) филиал (өкілдік) басшысына берген сенімхаты қосымша ұсынылады.
Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептік тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептік тiркеу үшін белгiленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, филиалды (өкілдiкті) құратын шетелдiк заңды тұлғаның шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын, сауда тiзiлiмiнің заңдастырылған үзiндi көшiрмесі, шетелдiк заңды тұлғаның құрылтай құжаттары немесе басқа да заңдастырылған құжаты, сондай-ақ салықтық тіркеу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетіле отырып, шетелдік заңды тұлғаның инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжат қосымша ұсынылуға тиiс. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz