Қылмыстық жазасын өтеп шыққандар


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-8

ТАРАУ - I. Қылмыстық жазасын өтеуден босатылғандардың құқықтық мәртебесі және олардың құқықтарын шектеудің негіздемесі . . . 9-22

І. 1. Қылмыстық жазасын өтеп шыққандардың құқықтық мәртебесі. . 9-21

І. 2. Соттылық - бостандыққа шыққандардың құқықтарын шектеудің құқықтық негіздемесі ретінде . . . 21-22

ТАРАУ - ІІ. Бостандыққа шыққандардарға қойылатын құқықтық шектеулер және олардың жүйеленуі . . . 23-64

ІІ. 1. Әкімшілік бақылау және оның қолданылуының құқықтық негіздемесі . . . 23-38

ІІ. 2. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылғандарға қойылатын құқықтық шектеулер және қоғамдық бақылау . . . 38-64

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65-67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 68-70

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда қоғамды толғандырып отырған мәселелердің қатарында қылмыстылық және онымен қарқынды түрде күрес жүргізу мәселесі аса өзекті болып табылатындығы айқын. Тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне әлі жиырма жыл толмаған Қазақстан Республикасы өзін егемен мемлекет ретінде орынықтыра отырып аса маңызды және көлемді әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық реформаларды жүзеге асыруға міндетті болды. «Біз елімізді эволюциялық даму арнасына салып, іргелі институттық реформаларды табанды түрде жүргізе алдық» - деп атап көрсетеді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Назарбаев [1. 31. ] . Қоғамдық қатынастарды әділетті реттеу және жекелей алғандағы әрбір қоғам мүшесінің құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету әділетті қоғам орнатып, өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтырғысы келетін мемлекет үшін басты міндет болса керек.

Статистикалық мәліметтерге талдау жасайтын болсақ 1995 жылы Қазақстанда 183913 қылмыс оқиғасы тіркеліп 74 адам қатысқан, 2000 жылы елімізде 150790 қылмыс жасалып оған 99670 адам қатысты болса, ал 2001 жылы 152168 қылмыс жасалып оған 103471 адам қатысқан, 2002 жылы 135150 қылмыс, 2003 жылы 152168 қылмыс, 2004 жылы 143, 6 мың қылмыс, 2005 жылы 146, 3 мың қылмыс, 2006 жылы 141271 қылмыс жасалып оған 84989 адам, 2007 жылы 128064 қылмыс жасалып оған 79641 адам қатысқандығын байқауға болады. Сондай-ақ 2006 жылы жасалған қылмыстардың 13, 4%-ы, 2007 жылы 11, 5%-ы бұрын қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдармен жасалған. Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының ақпараттық-статистикалық материалдарында жарияланған деректерге қарағанда Маңғыстау облысы бойынша 2001 жылы 3011 қылмыс, 2002 жылы 2664 қылмыс, 2003 жылы 2374 қылмыс, 2004 жылы 2926 қылмыс, 2005 жылы 2842 қылмыс, 2006 жылы 3071 қылмыс, 2007 жылы 2749 тіркелгендігін байқауға болады. Маңғыстау облысы бойынша қылмыстылық деңгейінің бес жыл ішінде, яғни 2001-2004 жылдар аралығында төмендегендігі байқалғандығымен бұл көрсеткіш 2004 жылдан бастап қылмыс деңгейінің өскендігін анық көрсетеді. Қылмыстардың ашылу көрсеткіші 2001 жылы 79, 9%, 2002 жылы 80, 2%, 2003 жылы 80, 2%, 2004 жылы 77, 9%, 2005 жылы 75, 6%, 2006 жылы 63, 9%, құраған. Осы мерзім аралығында Маңғыстау облысында тіркелген ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны 10, 41%, артқан немесе 2005 жылы ондай қылмыстардың жалпы саны 663-ті құраса ол көрсеткіш 2006 жылы 732-ні құраған және олардың 202-сі оның ішінде 4 қасақаналықпен адам өлтіру оқиғасы ашылмай қалған. Тіркелген қылмыстардың жалпы санының қатарында ауыр және аса ауыр қылмыстар 23, 8%, -ды құраған. Бір қарағанда Маңғыстау облысында 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғандағыдан 322 қылмыс оқиғасы кем тіркеліп, яғни қылмыстылық жалпы алғанда 10, 7%-ға төмендегенімен аса ауыр қылмыстардың тіркелуі 18-ге артып, яғни 20, 2% -ға өскен [2, 5. ] .

Сонымен қатар кейбір реттерде қылмыстардың тіркелмей қалуы немесе жәбірленушілердің өздеріне қарсы жасалған қылмыстық қол сұғушылық оқиғасына байланысты құзіретті органдарға хабар бермейтіндігін ескерсек қылмыстылықпен күрес қоғамымыздағы аса өзекті мәселелердің қатарында қалып отырғандығын мойындауымыз керек.

Қоғамдағы қылмыстылықтың алдын алудағы әралуан жүйелердің арасында шешуші маңыз әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық пен басқару, идеологиялық, құқықтық және мәдени-тәрбиелеушілік сиаттағы шараларға беріледі. «Құқықтық мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін құралдардың бірі дұрыс айқындалған қылмыстық-құқықтық саясат болып табылады. Біздің елімізде бұл адамды, оның өмірін, құқықтарын, бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп жариялаған Негізгі Заңнан келіп шығады. Заң бұзушыларға қарсы қатаң жазалау шараларынан бас тарта отырып, мемлекет олардың жауапкершілігінің ақылға қонымды түрлерін орнықтырады, ол құқықтық саясаттан және жазаны орындау жүйесін ырықтандырудан көрінеді. Нәтижесінде, егер осыдан біраз ғана бұрын Қазақстан бас бостандығынан айырылғандардың саны жағынан әрбір 100, 000 адамға шаққанда АҚШ пен Ресейден кейін дүние жүзінде үшінші орында тұрса, бұл көрсеткіш бойынша ол қазір 24-позицияға түсті» [3, 92] .

Қылмыстылықтың, соның ішінде қылмыстың қайталануының алдын алуда, яғни олардан сақтандыру бағытындағы қазіргі кезеңде ұйымдастырылып жүзеге асырылуы тиіс шаралардың бірі болып қылмыстың алдын алу мәселесін жан-жақты зерттеу және осының негізінде кепіл-кеңестерді тұжырымдау және де оларды тәжірибеде қолданудың тетіктерін жасақтау болып табылады.

Қылмыстық жүріс-тұрыс бірнеше құқықтық пәндер арқылы зерттеледі, олардың арасында соңғы жылдары крминология және құқық социологиясы үлкен маңызға ие болып отыр. Бұл түсінікті де, себебі қылмыстылықпен күресті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру тек қылмыстылықтың әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәнісін терең ашу, оның себептерін талдау, сонымен бірге қылмыстылықтың алдын алу шараларын жасақтау негізінде ғана мүмкін болады дейді В. Н. Кудрявцев [4, 3. ] .

Біздің ойымызша, қылмыстық жазасын өтеп шыққан адамдарға бақылау қою, олардың өзіндік құқықтық мәртебесінің заңда барынша айқын тұжырымдалуы және оларға қоғамдық бақылау шараларын жасақтап жүзеге асыру арқылы қылмыстың қайталануын белгілі бір шамада шектеуге болады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Атап айтқанда Г. З. Анашкин, Ю. М. Антонян, Н. А. Беляев, А. И. Васильев, И. М. Гальперин, А. А. Герцензон, А. Д. Глоточкин, В. И. Гуськов, В. А. Елеонский, И. И. Карпец, Н. В. Кудрявцев, Е. І. Қайыржанов, А. С. Михлин, В. Ф. Пирожков, А. Т. Потемкина, В. М. Трубников, И. В. Шмаров, Д. С. Чукмайтов аталған тақырыптың әртүрлі аспектілеріне зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Жоғарыда аталған авторлардың зерттеу жұмыстарында жазасын өтеп шыққандардың бостандықтағы өмір жағдайларына бейімделуіне және оларды бейімдеуді барынша табысты түрде жүзеге асыру мақсатында мемлекет және қоғам тарапынан жасақталып жүзеге асырылуы тиіс шаралар кешеніне қатысты көптеген мәселелердің басы ашылып, тақырыптың зерттелуіне қомақты үлес қосылған.

Біздің ойымызша аталған тақырыптың барынша терең зерттелуіне үлес қосқан еңбектердің қатарына заң ғылымдарының докторы, профессор, Россия ғылымының еңбегі сіңген қайраткері И. В. Шмаровтың «Предупреждение преступлений среди освобожденных от наказания», кеңес заманындағы белгілі пенитенциаристер А. С. Михлин, А. Т. Потемкинаның «Освобожденные от наказания: права, обязанности, трудовое и бытовое устройство», Ю. М. Антонянның «Психологические отчуждение личности и преступное поведение», А. М. Яковлевтың «Преступность и социальная психология» атты еңбектерін айырықша атап өтуге болады.

Дегенмен жоғарыда көрсетілген зерттеу еңбектерінің барлығы тек орыс тілінде жарық көргендігін және де олардың басым көпшілігі Кеңес Одағы ыдырағанға дейін жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде орындалғанын сол себепті біздің қоғамымызда соңғы жылдары орын алған орасан зор әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өзгерістерді ескермейтіндігін атап көрсетуге тиіспіз. Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты қылмыстық жазасын өтеп шыққан адамдардың құқықтық мәртебесі өрісінде зерттеу жұмыстарын жүргізу күн тәртібінде тұрған мәселе болып табылады.

Зерттеу объектісі. Қылмыстық жазасын өтеп шыққан тұлғалардың құқықтық мәртебесін айқындауға байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар біздің дипломдық жұмысымыздың зерттеу объектісі болып табылады.

Зерттеу нәрсесі. Зерттеудің нәрсесі болып қылмыстық жазасын өтеп шыққан адамдардың құқықтық мәртебесі ұғымы, оларды айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттардың мазмұндары табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты қылмыстық жазасын өтеп шыққан адамдардың құқықтық мәртебесіне байланысты мәеслелер кешенін теориялық тұрғыдан зерттеу жолымен және де бұрын сотталған адамдардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты ұсыныс, кеңестерді тұжырымдау болып табылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей негізгі міндеттерді шешуге тырыстық:

  • жазасын өтеп шыққан тұлғалар арасындағы рецидивтік қылмыстылықтың ерекшеліктерін зерттеу арқылы олардың себептерін атап көрсету және де олардың алдын алу бойынша жасақталуы тиіс шаралардың ғылыми негіздерін тұжырымдау;
  • жазасын өтеп шыққан тұлғалардың кейбір санаттарына қойылатын құқықтық шектеулердің олардың әлеуметтік ортаға табысты түрде бейімделуіндегі маңызын анықтау;
  • әкімшілік бақылау институтының құқықтық табиғатына талдау жасау жолымен оның жазасын өтеп шыққандардың жаңадан қылмыс жасауынан сақтандырудағы рөлін, әлеуметтік бейімдеуді табысты түрде жүзеге асырудағы маңызын қарастыру және де аталған институтты жетілдіру бағытындағы ұсыныстарды тұжырымдау;

Зерттеу жұмысының әдістері және әдістемесі. Дипломдық жұмыс жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ және арнайы танымдық әдістер: диалектикалық талдау және жүйелеу әдістеріне әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің негізгі тұжырымдарына, сондай-ақ құқықтық құбылыстарды зерттеудің әдістемелік іліміне сүйене отырып орындалды. Зерттеу үрдісінде формалдық логиканың ережелері талдау мен қорыту, салыстырмалы құқықтық және статистикалық нақтылы-әлеуметтік әдістер пайдаланылды.

Зерттеудің нормативтік базасын қазіргі қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасының және басқа да құқық салаларының нормалары құрайды. Сонымен бірге жұмыста әлеуметтану, психология, криминология ғылымдарының әлеуметтік бейімделу мәселесіне қатысты жаңа тұжырымдары көрініс тапты.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Дипломдық жұмыстың қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдары келесідей.

  • Бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеп шыққан тұғаларды бостандықтағы өмір жағдайларына бейімдеуге көмек көрсетудің тәртібін реттеуші қазіргі уақытта әрекет ететін нормалар еліміздің бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы ескеріле отырып өзгертілуі және толықтырылуы керек, осы бағыттағы жұмысты тиімді түрде ұйымдастыру үшін шетелдік озық тәжірибелердің жан-жақты зерттелгені дұрыс.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестендірілген және қойылатын талаптарға толықтай жауап береді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, төрт бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ТАРАУ - I. Қылмыстық жазасын өтеуден босатылғандардың құқықтық мәртебесі және олардың құқықтарын шектеудің негіздемесі

І. 1. Қылмыстық жазасын өтеп шыққандардың құқықтық мәртебесі

Жазаны өтеуден босатылу ерікті азамат мәртебесін қайтадан қалпына келтіреді. Бұл жазасын өтегеннен кейін бостандыққа шығу фактісінің қылмыстық-атқару құқықтық қатынастарының тоқтатылғандығын және соған сәйкес сот үкімі мен жазаны атқару режимінен туындайтын заңнамамен қарастырылған шектеулер үшін негіздің ендігі жерде жоқ екендігін білдіреді. Сонымен бірге ондай адамдарға түзетушілік ықпал ету шараларын қолданудың негіздері де күшін жояды.

Өзіміз жоғарыда атап өткендей соттылық институты және соның негізінде қабылданған нормативтік актілер жазасын өтеп бостандыққа шыққан адам үшін бірқатар өзіндік міндеттер мен құқықтық шектеулерді туындатады.

Жазасын өтегеннен кейін бостандыққа шыққан адамдардың құқықтық шектелулерінің және өзіндік міндеттерінің көлемін айқындау бұл адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін, олардың әлеуметтік ортаға бейімделу үрдісіне басқару жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қызметтеріндегі заңдылықты қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие болады.

Әрекет етуші заңнаманы тиісті деңгейде зерделейтін болсақ жазадан босатылғандардың құқықтық мәртебесінің өзіне бірқатар бөліктерді кірістіретін жеткілікті түріндегі күрделі институт екендігін анық аңғаруға болады. Ол жазасын өтеп жатқан тұлғалғардың және қылмыстық жазаға тартылмаған тұлғалардың құқықтық мәртебесінен айтақаларлықтай айырмашылықтарға ие. Бұл өз кезегінде қылмыстық жазасын өтеп шыққан тұлғалардың арнайы құқықтық мәртебесі туралы мәселе көтеруге мүмкіндік береді. Қылмыстық жазасын өтеп шыққандардың құқықтық мәртебесі туралы айта отырып аталған тұлғалар санатының әртүрлі болатындығын да ұдайы есте ұстаған жөн, себебі олардың қатарына әртүрлі құқықтық шектеулермен байланысты болатын қылмыстық жаза түрлерін өтегендер, жазаны өтеу басталғанға дейін сотталған адамдар болған әлеуметтік байланыстардың үзілу деңгейі бірдей болып табылмайтын тұлғалар кіреді.

Өтеуден босатылған тұлғалардың қоғамдық ортаға бейімделуінің күрделілігін айқындайтын қылмыстық жазалардың өзіндік ерекшеліктерін негізге ала отырып оларды бірқатар топтарға бөлуге болады.

Олардың бірінші тобына сотталған адамды қоғамнан оқшаулауға байланысты жазаларды жатқызамыз. Қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнама бойынша олардың қатарына қамауды, тәртіптік әскери бөлімде ұстауды, бас бостандығынан айыруды жатқызамыз. Қылмыстық жазалардың аталған түрлері көп санды құқықтық шектеулерді туындатып сотталғанғандарға көптеген міндеттерді жүктейді. Қоғамнан оқшаулауға тартылған тұлғалардың бостандықтағы өмір жағдайларына бейімделуінің мәселесі барынша күрделі болып табылады.

Жазаны өтеудің барлық уақытында өзінің азаматтығын сақтай отырып сотталған адам олар үшін заңда арнайы қарастырылған және сот үкімі мен жазаның белгілі бір түрін өтеудің режимі арқылы бекітілген шектеулердің негізінде өзінің құқықтық мәртебесіне ие болады.

Қылмыстық жазасын өтеп шығу тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басым көпшілігінің қайтадан қалпына келтірілуіне мүмкіндік береді. Ол өзінің қалауы бойынша тұрғылықты жерін таңдауға, өзінің таңдаған кәсібі бойынша жұмысқа орналасуға, оқуға түсуге, өз қалауы бойынша жалақысын немесе басқа да табыстарын жұмсауға толық көлемде өзінің саяси және азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға және т . б. құқылы болады.

Сонымен бірге біздің ойымызша жазасын өтеп шыққан адамдарға тиісті болып табылатын жоғарыда аталған құқықтар мен міндеттерді бостандыққа шыққандардың құқықтық мәртебесінің элементтері ретінде қарастырмау қажет. Олардың басым көпшілігі жасалған қылмыс пен өтелген жазамен байланысты емес және де барлық азаматтар үшін де сипатты болып табылады. Біздің пікірімізше бостандыққа шыққандардың құқықтық мәртебесіне тек жазасын өтеп шыққандарға ғана сипатты болып табылатын құқықтық мәртебенің элементтері немесе құрамдас бөліктері кірістірілуі тиіс.

Жазасын өтеп шыққан адамның құықтық мәртебесі әртүрлі заңи фактілермен айқындалады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - жазаны өтеу және оны өтеуден босатылу. Оның біріншісі, яғни жазаны өтеу сотталған адамның құқықтарын айтарлықтай (әртүрлі жаза түрлерін өтеу барысында әртүрлі деңгейде) шектеуді, оның көптеген әлеуметтік байланыстарының үзілуін білдірсе, екіншісі, яғни жазаны өтеуден босату олардың қалпына келтірілуін білдіреді.

Жазасын өтеген адамның құқықтары оның бостандыққа шыққан сәтінен қалпына келтірілетін болса, оның әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруі күрделі және ұзақ уақытты талап ететін үрдіс болып табылады. Шындығын айтар болсақ әлеуметтік ортаға бейімделу дегеніміздің мәнісінің өзі осы.

Осы процестің барынша тез, табысты және қиындықсыз өтуіне мемлекет пен қоғам мүдделілік танытуы тиіс. Бұл үшін қылмыстық жазасын өтеп шыққан адамға көмек көрсетіліп, жағдай туғызылуы керек.

Жалпы алғанда қылмыстық жазасын өтеп шыққан тұлғаларды әлеметтік бейімдеуге қатысты негізгі бірқатар мәселелерді біз диссертациялық жұмысымыздың осыған дейінгі бөлімдерінде сөз еткен болатынбыз сондықтан оларға қайталап тоқталып жатудың қажеті жоқ болар деп санаймыз.

Сонымен бірге қоғамдық пікір бостандыққа шыққан адамның бұрынғы қылмыстық өткенін және оның жаңадан қылмыс жасауының мүмкіндігін ескерусіз қалдыра алмайтындығы белгілі. Сол себепті белгілі бір дәрежедегі сақтық шараларын нақтырақ айтқанда, бостандыққа шыққан адамның кейбір құқықтарын шектеумен, оған арнайы міндеттер жүктеумен, құқыққа қарсы жүріс-тұрыстың барысында оның жауаптылығын күшейтумен байланысты шаралар алынуы мүмкін.

Осы аталған және де біз болашақта сөз қылатын жағдайлардың барлығы жазасын өтеп шыққан адамның құқықтық мәртебесінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Зерттеушілердің басым көпшілігі құқықтық мәртебенің екі элементін атап көрсетеді - арнайы құқықтар және арнайы міндеттер.

Бостандыққа шыққан адамдардың арнайы құқықтарының болуы туралы мәселеге кейде күдікпен қарауға тура келеді. Шындығында да қылмыстық жазасын өтеп шыққан адамдарды басқа азаматтарда жоқ қандай да болмасын құқықты беріп оларды басымдық жағдайына ие қылуға қандай негіз болуы мүмкін?

Осы сұраққа жауап беру үшін жазаны өтеудің барысында сотталған адамдардың көптеген қоғамдық қатынастардан тыс қалып және бірқатар құқықтарынан айырылатындығын есте ұстаған жөн. Жазаны өтеуіне байланысты олар кейбір құқықтарын пайдалана алмайды. Бұл жағдайлар өз кезегінде осы адамдардың бостандыққа шыққаннан кейінгі әлеуметтік бейімделуін күрделендіре түсуі мүмкін. Сондықтан орын алған құқықтық шектеулердің орынын толықтыру үшін және әлеуметтік бейімделудің табысты түрде жүзеге асырылуы үшін қажетті шектерде бостандыққа шыққандардың бірқатар өзіндік құқықтары белгіленген. Бұл құқықтардың барлығын шартты түрде үш топқа бөлуге болады.

1. Материалдық жәрдем алу құқығы. Ол жазаны өтеп шыққан адамдарды тұрғылықты жерлеріне немесе жұмысына дейін, І және ІІ топтағы мүгедектерді сондай-ақ 60 жастан асқан еркектер мен 55 жастан асқан әйелдерді олардың өтініші мен жазаны атқарушы мекеменің ұсынуы бойынша әлеуметтік қорғау органдары мүгедектер мен қарттар үйіне жіберіп оларды тегін жолақымен қамтамасыз етуден, жолда жүргенде азық-түлікпен немесе оларды сатып алу үшін ақшамен, қажетті маусымдық киімі, аяқкиімімен оларды сатып алуға қаражаты болмаған жағдайда оларды мемлекет есебінен қамтамасыз етуден көрініс табады.

2. Тұрғылықты орынына бару кезінде көмек алуға деген құқық. Бұл түзеу мекемелерінен босатылатын денсаулық жағдайы бойынша ұдайы күтімге мұқтаж адамдар, сондай-ақ он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерлеріне туыстарына немесе алып кетуге келген өзге адамға не түзеу мекемесінің қызметкеріне ертіп жіберілуі болып табылады.

3. Жұмысқа орналасуда және тұрмысын жайластыруда, әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алу құқығы.

Жазаны атқарушы мекеменің әкімшілігі қамау мерзімі біткенге дейін екі айдан не бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру мерзімі біткенге дейін алты айдан кешіктірмей сотталған адамды еңбекке орналастыруға және тұрмысын жайластыруға дайындықты бастауы тиіс.

Жоғарыда аталған құқықтардың барлығы бостандыққа шыққан адамдардың жазаны өтеуі барысында үзіліген әлеуметтік байланыстарының орынын толтыру мақсаттарын көздейді. Сонымен бірге олар бостандыққа шыққан адамның қалыпты тұрмысқа енуіне жәрдем беріп, оны жаңа қылмыстарды жасауға итермелеуі мүмкін жағдайларды жоя отырып алдын алушылық немесе сауықтыру маңызына ие болады.

Бостандыққа шыққан адамдардың арнайы міндеттерінің қатарына оларға қойылатын құқықтық шектеулерді жатқызуға болады. Кез келген міндеттілік әрекеттен (тұлға бір нәрсе істеуі тиіс) немесе әрекетсіздіктен (тұлға бір нәрсені істеуден бас тартуы тиіс) өз көрінісін табады.

Қайсыбір зерттеушілер құқықтық шектеулерді алдын алушы және жазалаушы қылып бөледі [5, 204. ] . Олардың соңғысының қатарына тұлғаның құқыққа қарсы жүріс-тұрысының барысында тұлғаның жауаптылығының күшейтілуінің мүмкіндігін кірістіреді.

Осы айтылған пікірмен келісуге болмайтын сияқты. Себебі кез келген шектеу белгілі бір құқықтың бар болуымен байланыстырылады. Сонымен бірге сотталған адамның (бақа да тұлғалардың) қылмыс жасауға деген ешқандай құқығы жоқ екендігі айқын. Сондықтан осындай мәнісіндегі құқықтың шектелуі туралы әңгіме қозғаудың қажеті болмайтын сияқты. Қоғамдық тәртіпті бұзу «құқығы» туралы да айтуға болмайды. Сондықтан да шартты түрде сотталған адамды қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру орынына жіберуді құқықтық шектеу ретінде қарастыруға әсте болмайды.

Сонымен қатар біздің ойымызша, осы аталған жағдайда сотталған адамның арнайы міндетін қарастыруға да болмас. Мысалы, қайталап қылмыс жасаған адамға жазаны күшейтуді соттың міндеті деп (онда да барлық уақытта емес) санауға болар бірақ ол кінәлі адамның міндеті болып табылмайды. Осы айтылғаннан құқыққа қарсы жүріс-тұрыстың барысында жауаптылықтың күшейтілуінің мүмкіндігін жазадан босатылғанның құқықтық мәртебесінің дербес бөлігі ретінде қарастыруға негіз туындайды.

Осындай мүмкіндік сипаты бойынша әртүрлі болып табылатын құқық бұзушылықтың барысында бірдей деңгейде жүзеге асырылмайды. А. С. Михлин жауаптылықты күшейтудің барлық жағдайын салдарға тәуелді түрде үш топқа бөлуге болады деп санайды.

1. Қылмысты саралаудың өзгертілуімен, жазаның түрі мен мөлшерінің тағайындалуымен байланысты салдар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазасын өтеген тұлғалардың әлеуметтік бейімделуінің түсінігі
Қылмыстық жазасын өтеген тұлғалардың әлеуметтік ортаға бейімделуінің ұғымы мен негіздемесі
Әйелдер қылмыстылығы
Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңамасына және арнайы зерттеу әдебиеттеріне талдау жасау
Жазалар жүйесі ұғымы және оның маңызы
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕРІ КҮШІ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық саясат
Сотталғандардың құқықтық жағдайы ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz