Банктік шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі



КІРІСПE 3
1. БАНКТЕГІ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.1 Банктердегі арнаулы счеттардағы операциялар 7
1.2 Банкіден қолма.қол ақша алу тәртібі. 13 1.3 Банкіге қолма.қол ақшаны өткізу тәртібi. 14
1.4 Вексельдер арқылы есеп айырысу . 15
1.5 Банктің көшірмелері. Есеп айырысудағы қателерді түзету. 17
2. КАССАДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІ
2.1 Валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының есебі 18
2.2 Кассалық операциялар жүргізудің тәртібі 19
2.3 Кассалық кітап жүргізу 20
3. БАНКТЕГІ ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША БУХГАЛТЕРЛІК ПРОВОДКАЛАР 3.1 Ағымдағы банктік шот бойынша негізгі бухгалтерлік проводкалар 21 3.2 Есепті тұлғалармен есеп айырысу 23 3.3 Кассалық операциялардың есебі бойынша негізгі бухгалтерлік проводкалар 24
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды түлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тенаспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды түлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары — бүл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтықжәне корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар, бірақолар жеке және занды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шотгар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және енімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады. Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспондентгік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін керсетуді ез міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мөліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық телеуші-шот иесінің тіркеме немірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды телеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген баска да жағдайлар карастырылуы мүмкін. Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау телеуге және әрекет етіп тұрган заң актілері мен келісімшартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.
1. Әбдішүкіров Р. С., Мырзалиев Б. С. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. І кітап.— Алматы: Нұр-пресс, 2009.— 329 б.
2. Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясаты –Аль – Пари, 2004,N6.
3. “ҚР –дағы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңы. 30.03.1995.
4. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №213 қаулысымен бекітілген ереже.
5. “ҚР Ұлттық банкі туралы” ҚР заңы. 30.03.1995.
6. Қазақстандағы депозиттер нарығы – Қаржы – Қаражат.2001,N6.
7. Сейткасымова Г.С.- Алматы: Қаржы – Қаражат,1998.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі

Оқу тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы : Банктік шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі
Тобы: 12.14.21.
Тексерген: Қойшиева Айна Орынбасарқызы
Орындаған: Тілепқалиева Гүлбақыт

Атырау 2016

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПE 3

1. БАНКТЕГІ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.1 Банктердегі арнаулы счеттардағы операциялар 7
1.2 Банкіден қолма-қол ақша алу тәртібі. 13 1.3 Банкіге қолма-қол ақшаны өткізу тәртібi. 14
1.4 Вексельдер арқылы есеп айырысу . 15 1.5 Банктің көшірмелері. Есеп айырысудағы қателерді түзету. 17
2. КАССАДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІ
2.1 Валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының есебі 18
2.2 Кассалық операциялар жүргізудің тәртібі 19
2.3 Кассалық кітап жүргізу 20
3. БАНКТЕГІ ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША БУХГАЛТЕРЛІК ПРОВОДКАЛАР 3.1 Ағымдағы банктік шот бойынша негізгі бухгалтерлік проводкалар 21 3.2 Есепті тұлғалармен есеп айырысу 23 3.3 Кассалық операциялардың есебі бойынша негізгі бухгалтерлік проводкалар 24
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27

КІРІСПЕ

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды түлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тенаспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды түлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары -- бүл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтықжәне корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар -- банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары -- бұл да банктік шоттар, бірақолар жеке және занды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шотгар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және енімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады. Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспондентгік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін керсетуді ез міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мөліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық телеуші-шот иесінің тіркеме немірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды телеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген баска да жағдайлар карастырылуы мүмкін. Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау телеуге және әрекет етіп тұрган заң актілері мен келісімшартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады. Егер де банкте шот иесіиің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражатының фактысы анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Банктегі шоттардың кешірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру (жеткізу) қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есеп шоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына (тосқауыл қою) немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкітегі есеп шоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді (қаулыларды) қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады. Жаңадан ашылатын занды тұлғалар Қазакстан Республикасының заңына сөйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекетгік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады. Есеп айырысу және басқа да шоттары рәсімдеу үшін банкте келесі құжаттар пайдаланылады. Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол акшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі. Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы акша қаражаттары шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады жене ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі -- бет есебі болып калады.
Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің көшірме үшін мерінің таңбасымен (оттискісімен) расталынады. Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе клиент өкілінің көшірмені алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке карточкада қойған колы болуы керек. Банк кешірмесі төменде келітіріліп отыр. Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің кате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1030 -- Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаты шоты кредитінен 1280 -- Басқа да дебиторлық қарыздар шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1030 -- шоттың дебеті және 3390 -- Басқа да кредиторлық қарыздар шотының кредит! бойынша көрініс табады.
Мысалы Астана Континент ЛТД ЖШС 6-шы наурыздағы банк көшірмесінің алғашқы құжаттары негізінде төлем тапсырмасы толтырылған, онда Цинк НС ЖШС химикат үшін төлем 251125 тг. және Қозыбаев жеке кәсіпкердің қаптар үшін төлем 120000 тг. төленді, берілетін бухгалтерлік жазулар:
Дт 33101 Кт 1030 215125 тг.
Дт 33102 Кт 1030 120000 тг.
Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады. Занды тұлға -- шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе занды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезенде акша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал баска жағдайда оны жабуға тыйым салынады. Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасауы тиіс. Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде -- шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қайтаруы керек.
3510 -- Қысқа мерзімді алынған аванстар, 4410 -- Ұзақ мерзімді алынған аванстар шоттары -- сатып .алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстарына.
1030 -- Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаттары шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:
3310 -- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу шоты -алынған өндірістік қорлар, орындалған жұмыстар, керсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің акцептелген шоттарының төлемақысына;
1010 -- Кассадағы ақша қаражаттары шоты -- еңбек ақыға, іс-сапарларға және басқа да тыбыстарға жұмсауға арналған кассаға алынған сомасына;
3010 -- Қысқа мерзімді банктік қарыздар, 4010 -- Ұзақ мерзімді банктік қарыздар шоттары -- есеп айырысу шотынан өтелген банк несиелері мен заем қаражаттарының сомасына;
3310 -- Еншілес серіктестіктерге қысқа мерзімді қарыздар, 4120 -- Еншілес серіктестіктерге ұзақ мерзімді қарыздар, шоттары -еншілес және төуелді серіктестіктерге есеп айырысу шотынан карыздарды өтеуге;
3100 -- Салықтар бойынша міндеттемелер шоттары -- салыктар бойынша бюджетке телемдер төленгенде;
3410 -- Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер, 4210 Ұзақ мерзімді кепілдік міндеттемелер, -- жеке және мүліктерін сактандыру бойынша қарыз сомасын төлегенде;
3110 -- Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы -- бюджетке корпоративтік табыс салығын төлегенде.
1610 -- Берілген қысқа мерзімді аванстар, 2910 -- Берілген ұзақ мерзімді аванстар шоттары -- жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленген аванс сомаларына

1. БАНКТЕГІ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.1 БАНКТЕРДЕГІ АРНАУЛЫ СЧЕТТАРДАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАР

Кәсіпорын материалдарды жеткізушілермен, өнім алушылармен немесе қызметтерді пайдаланушылармен шаруашылық байланысқа түсіп, олармен алыс-беріс қатынастарда болады. Алыс-беріс қатынастар алушылардың белгіленген уақытта алынған материалдық құндылықтардың, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын төлеу міндеттемелеріне, сондай-ақ жеткізушілердің алушылардан төлемақыны талап ету құқығына негізделеді. Алыс-беріс қатынастары мемлекеттік бюджет, әлеуметтік қамсыз- дандыру, зейнетақы қоры және т.б. органдармен де пайда болады. Есеп айырысудың айқын ұйымдастырылуы айналымдағы қаржы- лардың айналымдылығын тездетуге, төлемдердің мерзімін өткізіп алған жағдайларда кәсіпорынға айыппұлдар мен өсім төлеуден құ- тылу мүмкіндігін береді. Көбінесе ұйымдардың арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді: шот ашу жөнінде өтініш, кәсіпорын ұйымдастырылуының заңдылығы туралы құжат (нотариуспен бекітілген құрылтайшылардың шешімі), жарғы көшірмесінің бір данасы, мөрдің таңбасымен қоса кәсіпорын- ның қаржыларын басқарушылардың қолтаңбалары қойылған но- тариуспен бекітілген екі карточка, кәсіпорынның тіркелуі туралы статистикалық органдардан анықтама және есепке қою туралы салық инспекциясының анықтамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, әрбір кәсіпорын, мекеме, ұйым өзінің негізгі қызметі бойынша опе- рацияларды жүргізу үшін банк немесе басқа несие мекемесінде бір ағымдағы (есеп айырысу) және бюджеттік шот ашуға құқылы. Салық төлеушілер тоқсан сайын салық органдарына өздерінің Қазақстан Республикасы көлемінде, сондай-ақ шет елдерде ашылған барлық шоттары (валюталық, депозитті және т.б.) туралы мәліметтер беріп тұруға міндетті. Кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген өнім үшін ақ- шалар, аванстық төлемдер, банктің несиелері, дебиторлық қарыздар, кассадағы қолма-қол ақша және т.б. келіп түседі. Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшасыз есептер жүргізіледі, еңбекақы төлеу, іссапар, шаруашылық және өкілдік шығыстарына қолма-қол ақша беріледі.Қолма-қол ақша мәлімдемеге сәйкес боса- тылады. Қолма-қол ақша беруді, сондай-ақ есеп айырысу шотынан ақша аударуларын әдеттегіше, банк есеп айырысу шоты иесінің бұйрығы негізінде немесе оның келісімі (акцепті) бойынша жүргізеді. Ерекше жағдайларда банк есеп айырысу шотынан мәжбүрлі түрде ақша қаражаттарын шығыс етеді. Мысалы, салық органдарының ұйғарымы бойынша төлеу мерзімдері өтіп кеткен салықтар, жи- наулар және т.б. аударылады. Одан басқа, өзінің келісімі бойынша ақша қаражаттарын шығыс еті мүмкін, мысалы, банктің несиесін пайдаланғаны үшін (несие үшін процент), есеп айырысу мен кассалық қызмет үшін және т.б. Банктің қызметтері үшін төлем бойынша шығыстар кәсіпорын- ның шығындарына, ал кәсіпорынның уақытша еркін қаржыларын пайдаланғаны үшін банктің төлемдері -- оның негізгі емес қыз- меттерінің табыстарына апарылады. Банктің ағымдағы шотында операциялар жүргізу үшін негіз ретінде бастапқы құжаттар төлем тапсырмалары, чектер, қолма-қол ақшаны өткізу үшін хабарландырулар болып табылады. Төлем тапсырмасы кәсіпорынның есеп айырысу шотынан алушының есеп айырысу шотына, онда көрсетілген қаржыны шығыс ету үшін қызмет атқарады. Ақша чегі банкіге қолма-қол ақшаның көрсетілген көлемінде есеп айырысу шотынан босату туралы бұйрық болып саналады.
Есеп айырысу чектерін қолдану
Есеп айырысу чегі -- чек берушінің шотынан чекте көрсетілген соманы аудару жөнінде банкіге жазбаша түрде тапсырма. Біз сатып алушының банкісімен ісіміз болғандықтан, одан ақша алу процесі тездетіледі. Чектер лимиттік және лимитсіз кітапшалардың чектері бо- лып бөлінеді. Лимиттік кітапшалардың чектерімен тауарлар мен көлік және байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар жаса- лады. Кітапшада лимиттің сомасы мен оған белгіленген мерзім көрсетіледі. Лимитсіз кітапшалардың чектерін банкіден жолдағы есепті құжаттар есебінен несиені қолданатын кәсіпорындар алады. Олар бойынша сомалар шектелмейді. Олар жіберу стансасынан қабылдау стансасына дейін жүктерді тасымалдау үшін темір жол тарифінің сомасына сәйкес, темір жолдың стансасына өнімнің өткізу барысы бойынша жасалады. Есеп айырысу чектер кітапшасын алу үшін дағдылы чек кітапшасын алу үшін жазылғандай үлгіде өтініш жазылады. Одан басқа, есеп айырысу чектер бойынша шығыс ету үшін арнайы шотқа есеп айырысу шотынан белгіленген соманы аудару нұсқауымен банкіге төлем тапсырмасы басылуы тиіс. Материалдық құндылықтарды сатып алу тапсырылған кәсіпорын- ның қызметкеріне есеп айырысу чектер кітапшасы мен оны пайда- лану үшін типтік үлгідегі сенімхат беріледі. Қазіргі уақытта жалған чектердің көбейіпкетуіне байланысты елімізде чектердің жүруі уақытша тоқтатылған
Төлем тапсырмаларын дайындау
Төлем тапсырмасы, бұл -- банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару ту- ралы тапсырма. Бухгалтер оны компьютерде қажетті дана бойынша басады. Онда төлеуші мен оның банкісінің, алушы мен оның банкісінің реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы көрсетіледі. Банктің қызметкері төлем тапсырмасын орындауға қабылдап алып, оның соңғы данасына таңба қояды, одан соң ол операцияны есепте бейнелеу үшін бухгалтерге қайтып береді. Басылған, бірақ банкіге өткізілмеген төлем тапсырмасы он күн ішінде жарамды болып саналады. Төлеуші болып кәсіпорынның есеп айырысу шоты ашылған банк саналады және сол бөлігінде кәсіпорынның аталуы мен оның есеп айырысу шотының нөмірі көрсетіледі. Төменде біз ҚР Ұлттық банкіде біздің банкінің берген кодын, ал дебет бағанасында ҚР Ұлттық банктегі есеп айырысу шотының шифрын көрсетеміз. Одан төмен алушының банкі, ҚР ҰБ-дегі банкінің коды (МФО -- межфилиальные обороты -- филиалдар арасындағы айналымдар), ал кредит бағанасында -- ҚР ҰБ-дегі алушы банкінің корреспонденциялық шоты көрсетіледі. Аударылатын қаржы көлемі бас әріппен сөз түрінде басылады. Оның сандық мөлшері жоғарыдағы оң бұрышта қайталанады. Төменгі жақта төлемнің тағайындалуы көрсетіледі, басшы мен бас бухгалтердің қолтаңбаларымен қоса, кәсіпорынның мөрі қойылады. Мекемелер материалдарды жеткізіп,қызмет көрсетушілермен есептесу кезінде қаржылардың мақсатты түрде пайдаланылуын, аккредитивтер,есептесу чектері,банкілік карточкалар, және т.б. арқылы бақылап отыру үшін, банктерде арнаулы счеттар ашады. Олар ұлттық валюта (теңге) түрінде, сонымен қатар шетелдік валюталар түрінде де ашылады. Шоттардың үлгілтік жоспардың 1000 бөліміндегі бірнеше счеттар тобы осы мақсатта пайдаланылып,қолданылады:
1040 - Карт - счеттағы ақша қаражаттары -Ақша қаражаттарының ұлттық және шетелдік валюта түріндегі қозғалысын есепке алады. 1050 - Сақтау счеттарындағы ақша қаражаттары -Ақша қаражаттарының ұлттық және шетелдік валюталар түрінде сақтау счеттарындағы қозғалысын есепке алады. 1060 - Басқа да ақша қаражаттары -1000 бөлімдегі счеттар тобынды көрсетілмеген басқа да ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алады.

Бұл счеттар ағымдағы және басқа да банкілік счеттардағы,еліміздегі және шет елдегі аккредитивтерде,чек кітапшаларында,басқа да төлем құжаттарында ұлттық және шетелдік валюта түріндегі ақша қаражаттары туралы ақпараттарды топтастырып,сараптау мақсатында пайдаланылады. Аталған счеттар тобындағы қалдық сомалар,олардың мақсатты түрде толық пайдаланылмағанын көрсетеді. Дебет бойынша айналым - қаржының толыққанын, Кредит бойынша - мақсатты түрде пайдаланылғанын немесе қалдық соманың ұйымның есептесу аударылғанын көрсетеді.
Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 42 " Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары " деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:
1060 " Өзге ақша қаражаты" шоты. Бұл шотта аккредитивтегі ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив - клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивкте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.
Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:
жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.
Жабылатын (депоненттелген) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.
Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-щартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.
Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.
Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.
Дәлелденген аккредитив - бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.
Трансферабельдік (аударма) аккредитив - бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.
Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арнаулы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.
Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 " Қысқа мерзімді банктік қарыздар" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1030 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары" шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1030) кредиттеледі де 1060 "Өзге ақша қаражаты" шоты дебеттеледі.
Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде атқарушы банк банк-эмитенті хабар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банке пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі.
Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.
1060" Өзге ақша қаражаты " шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады.
Чек - бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.
1060"Өзге ақша қаражаты" шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.
1050 " Жинақ шоттардағы ақша қаражаттары " шотында субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.

Ағымдағы корреспонденттік және басқа да счеттардан аккредитивке салынған ақша: ДТ1060 - КТ1030 Аккредитивтерді төлеу үшін алынған займдар: ДТ1060 - КТ3010,4010,3020,4020. Аккредитивтің пайдаланылмаған қалдығы корреспонденттік және басқа да банктік счеттарға салынған: ДТ1030 - КТ1060 Чек кітапшаларын беру үшін қалдырылған ақша: ДТ1060 - КТ1030,3010,4010. Банкідегі карт - счеттардан болашақ шығындарды төлеу: ДТ1620,2920 - КТ1040. Банкідегі карт - счеттардан жауапты тұлғаларға ақша беру: ДТ1250,2150 - КТ1040. Жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы қарызды төлеу: ДТ3310,4110,3390,3540,4170,4430 - КТ1060. Банкідегі ағымдағы корреспонденттік счеттан филиалдар мен өкілеттіліктердің счетына түскен ақша: ДТ1030 - КТ1040,1050,1060. Филиалдар мен өкілкттіліктердің аударған авансы: ДТ1610,2910 - КТ1030,1060.

1.2 БАНКІДЕН ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША АЛУ ТӘРТІБІ

Банкіден қолма-қол ақша алу тәртібі - кәсіпорын банкіден қолма-қол ақшаны оның атына жазылған ақша чегі бойынша кассир немесе басқа сенімді тұлға арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
Ақша баламаларының есебінің ұйымдастырылуын зерттеп, оның мәні мен маңызын, өзектілігін оқып, ашып көрсету
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы
ХҚЕС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІМЕН ТАДАУЫН ұЙЫМДАСТЫРУ
Қысқа мерзімді активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі
Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының шығысқа шығарылуы
Кәсіпорынның ақша қаражатының есебі
Қысқа мерзімді активтер есебін зерттеу
Пәндер