Қылмыстық жазалардың жүйесі



ЖОСПАР

Кіріспе

1. Қылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері
Қылмыстық жауаптылық негіздері
1.2 Қылмыстық жаза түрлері және оларды қолдану тәртібі

2 Қылмыстың жекелеген түрлері
2.1 Меншікке қарсы қылмыстар
2.2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар


Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Заңды бұзу фактілері, қылмыс жасау, мүлікті ұрлау, экономика аясындағы қылмыс, лауазымдық қылмыстар сияқты қауіпті қылмыс түрлері мейлінше көп тараған. Бұлар мемлекет, қоғам үшін қауіпті. Сондықтан да қылмыспен аяусыз күрес жүргізу өзекті мәселе болып қалып отыр.
Қылмыстық заңның өзіндік міндеттері жеке адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, меншігін, табиғи ортасын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді, барлық құқық тәртібін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып табылады.
Қылмыс дегеніміз- Қылмыстық Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік). Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінде көзделген қайсыбір әрекеттің белгілері формальды болса да, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды (ҚҚ, 9-бап). Осы анықтамада көрініп тұрғандай, қылмысқа қоғамдық қауіптілік және құқық бұзушылық сияқты маңызды белгілер тән.
Қоғамдық қауіп дегеніміз - қылмыстың әлеуметтік мәні, оның материялдық белгісі ашылатын жағдай. Егер де теріс әрекет қоғамдық бар қатынастарға нұқсан келтіріп, өзінің сипаты бойынша халық мүддесіне қайшы келсе, ол қоғамдық тұрғыдан қауіпті.
Қылмыс құқықтың белгілі бір нормасын бұзатын іс-қимыл, сондықтан да ол заңсыз. Егер де істелген іс-қимыл қылмыстық заңда көзделген болса, ол қылмыс деп танылады.
Қылмысты тәртіпсіздіктен және басқа да құқық бұзушылықтан ажырата білу керек. Мұндай шек қоюшылық проблемасының тәжірибелік маңызы зор: оған адам тағдыры, қылмыстық істің әділ шешілуі тікелей байланысты. Қылмыстың тәртіпсіздіктен айырмашылығы мынада, ол мемлекеттік тұрғыдан ерекше қорғалатын қоғамдық қатынастарға айтарлықтай елеулі зиян әрі нұқсан келтіретіндіктен, қоғамдық қауіпті әрекет болып табылады. Сондықтан да онымен күресте қылмыстық-құқықтық шаралар қолданылады.
Қолданылған әдебиеттер:

1 А.Н Ағыбаев Қылмыстық құқық
2 Азаматтық құқық
3 Қылмыстық кодекс

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

1. Қылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері
. Қылмыстық жауаптылық негіздері
1.2 Қылмыстық жаза түрлері және оларды қолдану тәртібі

2. Қылмыстың жекелеген түрлері
2.1 Меншікке қарсы қылмыстар
2.2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Заңды бұзу фактілері, қылмыс жасау, мүлікті ұрлау, экономика
аясындағы қылмыс, лауазымдық қылмыстар сияқты қауіпті қылмыс түрлері
мейлінше көп тараған. Бұлар мемлекет, қоғам үшін қауіпті. Сондықтан да
қылмыспен аяусыз күрес жүргізу өзекті мәселе болып қалып отыр.
Қылмыстық заңның өзіндік міндеттері жеке адамды, оның құқықтары мен
бостандықтарын, меншігін, табиғи ортасын, қоғамдық және мемлекеттік
мүдделерді, барлық құқық тәртібін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып
табылады.
Қылмыс дегеніміз- Қылмыстық Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған
айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік). Қазақстан
Республикасы Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінде көзделген қайсыбір
әрекеттің белгілері формальды болса да, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан
қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян
келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе
әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды (ҚҚ, 9-бап). Осы анықтамада көрініп
тұрғандай, қылмысқа қоғамдық қауіптілік және құқық бұзушылық сияқты маңызды
белгілер тән.
Қоғамдық қауіп дегеніміз - қылмыстың әлеуметтік мәні, оның
материялдық белгісі ашылатын жағдай. Егер де теріс әрекет қоғамдық бар
қатынастарға нұқсан келтіріп, өзінің сипаты бойынша халық мүддесіне қайшы
келсе, ол қоғамдық тұрғыдан қауіпті.
Қылмыс құқықтың белгілі бір нормасын бұзатын іс-қимыл, сондықтан да
ол заңсыз. Егер де істелген іс-қимыл қылмыстық заңда көзделген болса, ол
қылмыс деп танылады.
Қылмысты тәртіпсіздіктен және басқа да құқық бұзушылықтан ажырата
білу керек. Мұндай шек қоюшылық проблемасының тәжірибелік маңызы зор: оған
адам тағдыры, қылмыстық істің әділ шешілуі тікелей байланысты. Қылмыстың
тәртіпсіздіктен айырмашылығы мынада, ол мемлекеттік тұрғыдан ерекше
қорғалатын қоғамдық қатынастарға айтарлықтай елеулі зиян әрі нұқсан
келтіретіндіктен, қоғамдық қауіпті әрекет болып табылады. Сондықтан да
онымен күресте қылмыстық-құқықтық шаралар қолданылады.

І.Қылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Қылмыс жасау, яғни Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының
барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып
табылады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға
болмайды (ҚҚ-тың 3-бабы). Қылмыс құрамы деп қоғамдық қатынастарға қоғамдық
тұрғыдан қауіпті қол сұғушылық әрекетін сипаттайтын, қылмыстық заңда
белгіленген негізгі белгілерінің жиынтығын түсіну керек.
Қылмыс құрамының белгілері: объекті, субъекті, объективтік және
субъективтік тараптар болып табылады.
Қылмыс объектісі дегеніміз- қылмыс бағытталған, қылмыстық қол
сұғушылықтан зиян шегетін жақ. Олар қылмыстық заңмен қорғалатын нақты
қоғамдық қатынастар бұл қатынастарды қол сұғушылықтың объектісі емес, мәні
болып табылатын нақты заттардан, материялдық және рухани игіліктерден
ажырата білу керек.
Қылмыс субъектісі болып тек жеке тұлға, адам ғана танылады. Заңды
тұлғалар қылмыс субъектісі болып табылмайды. Қазір қылмыс субъектісі
ретінде заңды тұлғаны да тану мәселесі талқылануда.
Он алты жасқа толған азаматтар қылмыстық жауапқа тартылады. Алайда,
заң тізбесі Қылмыстық кодекстің 15-бабында көрсетілген белгілі бір
қылмыстарды (мысалы, адам өлтіру, зорлау, қарақшылықпен шабуыл жасау,
ұрлық, маскүнемдік, ауырлататын мән-жайлар кезіндегі бұзақылық және т.б.
үшін) жасаған жағдайда, заң он төрт жастағыларды қылмыстық жауапқа тартуға
рұқсат береді.
Қылмыс құрамының объективтік жағы деп әрекеттің немесе әрекетсіздіктің
сипатын, қылмыс жасаудың әдістері мен тәсілдерін түсіну керек. Қылмыс
белсенді әрекет жолымен (мысалы,мемлекеттік қаражатты, құндылықтарды жүйелі
түрде шығын жасау) немесе әрекетсіздік, іске бейғам қарау жолдарымен
жасалуы мүмкін.
Алайда, кез келген теріс әрекеттің бәрі қылмыс емес. Егер де теріс
әрекет пен қылмыс нәтижесінің арасында себепті байланыс болып, ол қоғамға
қауіпті және заңға қайшы болса ғана қылмыс.
Қоғамдық қауіптілік пен жазалаушылық деңгейі қылмыстың жасалған
жағдайына, шарттарына және уақытына да (мысалы, астық жинау науқаны
кезеңінде астық ұрлау қаупі елеулі түрде артады) байланысты болып келеді.
Қылмыс құрамының субъективтік жағы қоғамға қауіпті теріс әрекетті
жасаған адамның кінәсының болуымен сипатталады. Қылмыстық құқықта кінә
дегеніміз- маскүнемдіктің немесе аңғалдықтың нысанында бейнеленетін адамның
өзі жасаған қылмысқа психикалық қатынасы деп түсіну керек.
Қылмыс құрамының субективтік жақтарын дұрыс анықтауға әділетьіліктің
және заңдылықтың міндеттерін шешу, қылмыс құрамын жіктеу тікелей
байланысты.
Сонымен, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін аталған төрт
белгінің байқалуы негіз бола алады. Егер олардың бірі жоқ болса, теріс
әрекет қылмыс деп бағаланбайды.

Қылмыстық жаза түрлері және оларды қолдану тәртібі
Қылмыс жасаған адамға мемлекеттік тұрғыдан мәжбүр етудің маңызды түрі
болып табылатын қылмыстық жазалаудың өлшемдері қолданылады.
Қылмыстық жазалаудың мақсаты сотталғандарды түзеу, олардың қылмыстық
әрекеттеріне тыйым салу, сондай-ақ сотталғандардың және басқа адамдардың
жаңадан қылмыс жасауына ескерту жасау болып табылады. Жаза адамның қадір-
қасиетін қорлау немесе күш қолдану мақсатын көздемейді.
Жазаның мақсаты: қылмыс жасаған адамдарды түзету және қайта тәрбиелеу,
сондай-ақ сотталғандардың және басқа да адамдардың қылмысты қайталамауына
ескерту жасау.
Заңда қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын жазалаудың белгілі бір
түрлері бар. Мұндай жазаларға: ауыр салдарға соқтыратын жекелеген қылмыстар
үшін алты айдан он бес жылға дейін мерзімге; Қылмыстық Кодекстің 49-бабында
бірінші бөлігінде аталған ерекше ауыр қылмыстар үшін-жиырма жылға дейінгі
мерзімге не өмір бойына белгіленеді (48-бап, 3-тармақ); сот үкіміне орай
екі айдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленген немесе сотталушының жұмыс
орны бойынша, я басқа бір жерлерде, атқару органдарының жұмысын жүргізетін
органдардың тағайындалуы бойынша тек сотталушының тұрғылықты жерінде
тағайындалатын түзету жұмыстары; сот негізгі жаза ретінде бір жылдан бес
жылға дейін мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жыл
мерзімге дейін тағайындаған белгілі бір лауазымды атқару құқығынан немесе
белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыру; сот сотталушыны заң белгіленген
шеңберде кейбір жағдайларда ақшалай айыппұл өндіру белгілейді.
Сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери
қызметін өтеп жүрген офицерлерге Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің
тиісті баптарында көзделген жағдайларда әскери қызметке қарсы қылмыс
жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген,
сотталған әскери қызметшілерге Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті
баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екі жылға дейінгі
мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалды (44-бап).
Жаңа Қылмыстық Кодекс бойынша мынадай жеңіл жазалар тағайындалды: бас
бостандығын шектеу, қамау т. б.
Бас бостандығын шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы
мекемеде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімде оны қадағалауды жүзеге асыру
жағдайында ұстаудан тұрады (45-бап).
Қамау сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан
қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады. Қамау бір айдан алты айға
дейінгі мерзімге белгіленеді (46-бап).
Өлім жазасы – ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр
қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік
сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және
ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде
қолданылуы мүмкін (49-бап).
Жаза қолдану арқылы маңызды алдын алу міндеті шешіледі. Сендірумен
бірге мәжбүр етудің ескертушілік маңызы да, егер әркім оны қолданудың
дұрыстығына сенетін болса, айырықша болмақ.
Мәжбүр ету дегеніміз-тарихи, өзгермелі құбылыс. Оның сипаты мен
мазмұны көптеген объективті және субъективті жағдаяттарға байланысты.
Мәжбүр ету - мінез-құлықтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жаза ұғымы және оның мақсаттарының тиімділігі»
Абайсызда жасалған қылмыстар үшін жазалардың тиімділігі
Жаза жүйесі жайлы
Жазалар жүйесі туралы
Қылмыстық құқықтағы айыппұл
Қазіргі қылмыстық құқықтағы айыппұл
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қылмыстық жаза жүйесіндегі айыппұлдың түсінігі мен қалыптасу тарихы
Мүлікті тәркілеу жазасының қолдану ерекшеліктері
Жазалар жүйесі ұғымы және оның маңызы
Пәндер