ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРI МЕН ПРИНЦИПТЕРІ



1. Қылмыстық құқықтың пәні түсінігі
2. Қылмыстық құқықтың міндеттері
3. Қылмыстық құқық ғылымы
4. Қылмыстық құқықтың принциптері
Қылмыстык құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықган қорғауға бағытталған қоғаамдық катынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қаты-насқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.
Екіншіден, қылмыстық кұқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, кылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы аркылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануга байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, кажетті қор-ғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіпен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.
Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет, Қылмыстық құқық — бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардын бәрінің. жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.
Қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізгі принциптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру кажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып табылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРI МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

1. Қылмыстық құқықтың пәні түсінігі

Қылмыстык құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен
бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықган қорғауға
бағытталған қоғаамдық катынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен
жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық
қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты
қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады.
Мұндай құқықтық қаты-насқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары,
міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық
жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот
органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті
орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды
реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық
жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.
Екіншіден, қылмыстық кұқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым
салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын
жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық
функцияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, кылмыстық
құқық қылмыстық құқықтың нормасы аркылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат
келтірілгенде олардың одан қорғануга байланысты қатынастарын ретке
келтіреді. Мысалы, кажетті қор-ғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді
ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіпен қорғануға құқылы. Бұл
мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.
Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын
ескеруіміз қажет, Қылмыстық құқық — бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір
саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардын бәрінің. жиынтығы қосылып
қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.
Қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық
теориясына тән белгілердің, негізгі принциптердің осы құқық саласына да тән
екендігін ескеру кажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін
белгілейтін және өзін жеке құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын
өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып
табылады.
Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған
қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылык негізі, жаза жүйелерін, жазаны
тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан босатуды белгілейтін зандылық нормаларының жиынтығы болып табылады.
Басқа кұқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық
базасы — Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық
құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстык
құқықтың нормаларында анық көрсетілген. Қылмыстық кұқық нормалары мазмұнына
қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық құқықтың
жалпы ережелерін, принциптері мен инстигуттарын белгілеу арқылы негізгі екі
ұғым — қылмыс пен жазаны анықтайды.
Бұл нормалар қылмыстық кұқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.
Екінші бір нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің
қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін
тағайындайтын жазаның түрлері мен шегін белгілейді. Мұндай нормалар
қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің мазмұнын кұрайды.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде мынадай өзіндік ерекшелік
белгілерімен көрініс табады:
Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық
қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретте қылмыстық құкықтық
қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және
қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық
қолдану және құқық қорғау органдары болады.
Белгілі бір әрекетті немесеәрекетсіздікті кылмыс катарына жатқызып,
оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық
іс-әрекетке тыйым салып, оны бұзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға
тартатын нормаларды белгілеу — мемлекеттің құзыреті. Осы тұрғыдағы қоғамдық
катынастарды ретке келтіру кылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып табылады.
Қылмыстық кұкық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.
Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі,
міндеттері,қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс
құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-
әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-
ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның
мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауап-тылықтан
және жазадан босатудын, мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін
белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз
байланысты,осы екі белімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Жалпы және
Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсаты мемлекетті, коғамды,
азаматтарды және құқық тәртібін қылмысты қол сұғушылықтан қорғау арқылы
айқын керінеді. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану
арқылы Ерекше бөлімнің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері
мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі
басшылыққа алынады. Сол себепті осы екі бөлім нормалары бір-біріне сәйкес
болуы қажет, Мысалы, бөтеннің мүлкін то-нау деген не екенін білу қажет
болды делік. Бұл үшін Қылмыстық кодекстің 178-бабына жүгінеміз. Бұл бапта
тонаудың зандылық ұғымы, сипаттамасы берілген. Бірақта осы бап бойынша
қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін міндетті түрде қылмыс
құрамы, жас мөлшері, кінәнің нысандары мен түрлері, қылмыс істеу сатыларын,
қылмысты бірлесіп істеу мәселелерін анықтау қажет. Ол үшін міндетті түрде
Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 3,9,15,19,20,21,24,29-баптарына
жүгініп, сонда көрсетілген зандылық ұғымдарды басшылыққа алу керек. Егер
тонау туралы осы қылмыстық іс сотта қаралатын болса, онда сот жазаны
белгілеу (немесе жазадан босату), жазанын түрі мем мөлшерін белгілеу үшін
де Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің осы мәселелерге арналған III, IV, V
бөлімдерінің тиісті баптарына сөз жоқ жүгінеді.
Қылмыстық құқық кұқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа
құқық салаларымен де тығыз байланысты. Сонымен бірге қылмыстық құқық,
өзінің бағыты, атқаратын ролі, мәні мен құқықтық реттеу әдісінің
ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады.
Қылмыстық қуқық пен қылмыстық істер жүргізу кұқығы өзара тығыз
байланыста болады. Қылмыстық құқық кандай іс-әрекеттердің, кылмыс екендігін
және оған қандай жаза колданылатын белгілесе, қылмыстық істер жүргізу
құқығы кылмыстык, жауапка тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істі тергеудің,
және сотта қараудың тәртібін белгілейді, яғни бұл жерде қылмыстық кұқықпен
қылмыстық істер жүргізу қүқығы өзара мазмұнымен оның нысанын байланысы
ретінде көрсетіліп отыр.
Қылмыстық құқық қылмыстық атқару құқығымен де тығыз байланыста.
Қылмыстық атқару құқығының пәні болып, сот үкімі бойынша күшіне енген
қылмыстық жазаны орындау, сотталғандарға түзеу ықпалын жүзеге асыруға,
оларды қылмыс істеуден сақтандыруға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке
келтіру болып табылады және олар айыптау үкімінің занды күшіне енген
уақыттан бастап пайда болады. Яғни, қылмыстық құқықтық қатынастар негізі
қылмыс істеуге байланысты болса, ал қылмыстық атқару құқығы қатынасының
пайда болуының негізі занды күшіне енген айыптау үкімі болып табылады.
Бұл қатынастардың субъектілерінде де айырмашылықтар бар. Қылмыстық
құқықтық қатынастар субъектісі болып кылмыс істеген, есі дұрыс, заңда
белгіленген белгілі бір жасқа толған адам болса, сот үкімі бойынша
сотталғандар қылмыстық орындау құқығының субъектісі болып саналады.
Қылмыстық құқық әкімшілік құқықпен де етене байланысты. Бұл екі құқық
саласы ортақ міндет — қоғамға қауіпті іс-әрекет — құқық бұзушылыққа қарсы
күрес жүргізеді. Қылмысқа қарағанда әкімшілік құқық бұзушылықта іс-
әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі төмен болады. Ондайтеріс кылық
істеген адамға арнаулы әкімшілік органдар қылмыстық жаза емес, әкімшілік
шара қолданады. Әкімшілік шара сотталғандық атақ болып табылмайды, ал
қылмыстық жазаны қолдану сотталғандық атақка ұрындырады. Оның зандылық
салдары бар. Әкімшілік құкық. бұзушылықтың субъектісі болып азаматтардан
басқа заңды тұлғалар болуы да мүмкін. Ал қылмыстын, субъектісі болып тек
қана занда белгіленген.жасқа толған, қылмысты іс-әрекет істеген, есі дұрыс
кінәлі адам ғана болады.
Қылмыстық құқық криминология пәнімен де тікелей байланысты. Бірақ бұл
екеуінің бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар.
Егер қылмыстық кұқық қылмыс пен жазаны белгілейтін ерекше құкық
саласы болса, криминология қылмыстылық, оны туғызатын себептер мен
жағдайлар, қылмыскердің тұлғасы, қылмыстылықтан сақтандыру шараларын
белгілейтін ғылым саласы болып табылады. Криминологиялық деректер
қылмыстылықпен күресудегі қылмыстық заңдардың тиімділігін, оны жетілдіру
жолдарын, кылмыстан сақтандырудың негізгі бағыттарын жасауға мүмкіндік
береді.

Қылмыстық құқықтың міндеттері

Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері
болып:
Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін,
меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті,қоршаған ортаны, Казақстан Республикасының конституциялық
құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау
бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, соңдай-ақ қылмыстардың
алдын алу болып табылады.
Бұл міедеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте кылмыстық жауаптылық
негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай
әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар
мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.
Жаңа Қылмыстық кодекстеқоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік
өмірінде орын алған сапалық өзгерістер еске алынған. Яғни, азаматтардың
жеке басы, олардың кұқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау
бірінші кезекке қойылған. Қылмыстық-құқылық қорғау объекгісінің қатарына
коғамдық тәртіп пен қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, Рес-публиканың
Конституциялық құрылысымен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің
заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан корғау, бейбітшілік
пен адамзаттың, қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету міндеттері
енгізілген. Яғни, қылмыстық құқықтың негізгі міндеті қылмыстық құқықтык
кұралдардың көмегімен заңда көрсетілген осы маңызды объектілерді қорғау,
қылмистыллық пен барынша пәрменді күрес жүргізу болып табылады. Қылмыстық
заңдарда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодекс
кылмыстык, жауаптылықтың негізін белгілейді. Яғни, қылмыстық занда
көрсетілген іс-әрекеттерді істеген адам осы занда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы
Қылмыстық құқық ұғымы
Қылмыстық құқықтың принциптері, міндеттері
Қылмыстық - атқару құқығы ғылымы
Қылмыс құқығы ұғымы, міндеттері, принциптері
Қылмыстың ұғымы
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қылмыстық құқық ғылымы
Қылмыстық құқық жүйесі
Қылмыстық құқық жайлы мәлімет
Пәндер