Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі


3. 4. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
Қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетілдіру - бұл үдерісте автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық - математикалық әдістер мен электронды - есептеу техникасына негізделген басқарудың астоматтандырылған жүйелері (БАЖ) қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп қаржыны, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу және ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының әкімшілік, экономикалық, математикалық әдістерінің жиынтығын атайды. Ол есепке алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.
Қаржыны басқаруда қаржылық есеп - қисаптардың автоматтандырылған жүйесі (КЕАЖ) қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп іс - әрекет ететін функциялық, қамтамасыз етуші, технологиялық қосалқы жүйелерден тұрады. Ұйымдық тұрғыдан ҚЕАЖ дегеніміз бір - бірімен өзара байланысты мына қосалқы жүйелердіңжиынтығы:
- ұйымдық - эконмикалық қамтамасыз ету;
- ақпараттық қамтамасыз ету;
- бағдарламалық қамтамасыз ету;
- техникалық қамтамасыз ету;
- ұйымдық - құқықтық қамтамасыз ету;
- технологиялық қамтамасыз ету;
- кадрлық қамтамасыз ету.
ҚЕАЖ - дың құрамына қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы әзірлейтін мынадай біріктірілген ақпараттық жүйелер (БАЖ) кіреді:
«Республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру» БАЖ-ы; «Жергілікті бюджеттің жобасын қалыптастыру» БАЖ-ы; «Нормативтік- анықтама ақпарат деректерінің базасы» БАЖ-ы; «Қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және нақтылау» БАЖ-ы; «Бюджеттік үдерістің моитрингі» БАЖ-ы; «Мемлекеттің талаптары мен міндеттерін басқару» БАЖ-ы; «Қаржылық бақылау комитеті» БАЖ-ы;
Жоғарыда аталған жүйелер Қазынашылық комитетінің, Салық комитетінің, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, Ұлттық банктің, Статистика жөніндегі агенттіктің және басқаларының ақпараттық жүйелерімен тығыз түйіндес болады.
Қаржылық есеп-қисаптардың автоматтандырылған жүйесі мына мемлекеттік органдарды қамтиды:
- Қаржы министрлігі (орталық аппарат) ;
- Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (орталық аппарат және аумақтық органдар) ;
- Экономика және бюджеттің жоспарлау министрлігі (ҚР Э және БХМ) ;
- Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері (ББӘ) ;
- Мемлекеттік мекемелер (ММ) ;
- Жергілікті қаржы органдары;
Ақпараттық жүйелерді әзірлеумен және қаржылық қызмет саласында ақпараттық-есептеу қызметтерін көрсетумен Ақпараттық қаржы жүйелерінің орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын - Қаржы министрлігінің АҚЖО РМК айналысады. Предметі мен қызмет мақсатына сәйкес АҚЖО РМК-нің негізгі міндеттері мыналар болып табылады.
- Қаржы министрлігінің бөлімшелеріне және басқа ұйымдарға ақпараттық есептеу қызметтерін көрсету;
- Министрлік бекіткен жоспарларға сәйкес қазіргі технологиялар мен бағдарламалық құралдарды әзірлеу және енгізу;
- Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттің үлестік қатысуы бар шаруашылық серіктестері бойынша реестр иесінің функцияларын жүргізу;
- Министрліктің жоспарларына сәйкес министрліктің бөлімшелерін есептеу, коммуникациялық техника және оргтехника құралдарымен қамтамасыз ету,
- енгізу жайында мемлекеттік мекемелер бойынша үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысу.
«Республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру» біріктірілген ақпараттық жүйесі (РБЖҚ БАЖ-ы) келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру үдерісінің төрт негізгі стадияларын автоматтандыруға және үш жылдық кезеңге жобалық көрсеткіштерді анықтауға арналған.
РБЖҚ БАЖ- ы бюджет жобасын қалыптастыру стадияларының жүйелілігі мен функциялылығының қағидаттары бойынша бөлінген алты қосалқы жүйелерден тұрады:
«Бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін анықтау» қосалқы жүйесі;
«ББӘ бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру» қосалқы жүйесі;
«Бюджеттің шығыс бөлігінің жобасын қалыптастыру» қосалқы жүйесі;
«Бюджет жобасын қалыптастыру және шешімдер қабылдау» қосалқы жүйесі;
«Әкімшілік ету» қосалқы жүйесі.
«Республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру» ақпараттық жүйесі басқа жүйелермен біріктірілген. Жүйе бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мемлекеттік мекемелерден ақпарат және ҚР Э және БЖМ-ға бюджеттің шығыс бөлігі бойынша біріктірме мәліметтер жинауға жағдай жасайды.
Біріктірілген түрдегі республикалық бюджеттің мәліметтері, бағдарламалар/қосалқы бағдарламалар республикалық бюджет шығыстарының жылдық көлемдері, Бюджеттік бағдарламалар Қаржы министрлігінің «Қаржыландыру жоспарларының жобаларын қалыптастыру» біріктірілген ақпараттық жүйесіне экспортталады.
Бюджеттік бағдарламалар сондай-ақ Қаржы министрлігінің «Бюджеттік үдеріс монитроингі» біріктірілген ақпараттық жүйесіне экспортталады.
« Жергілікті бюджеттің жобасын қалыптастыру» біріктірілген ақпараттық жүйесі облыстық және аудандық буынның жергілікті қаржылық органдарына арналған және мыналар бойынша функцияларды автоматтандырады:
- Әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетінің жобасын қалыптастыру, болжамдық көрсеткіштерді негіздеу үшін есеп-қисаптарды жазу;
- Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжау;
- Жергілікті бдюжеттік бағдарламаларды жасау.
ЖБЖҚ БАЖ-ы бюджет жобасын қалыптастыру бойынша бюджеттік рәсімдерді жүзеге асыру кезеңдерінің дәйектілігі, функциялылығы қағидатын негіздей отырып бес қосалқы жүйелерден тұрады:
«ЖББӘ-нің бюджеттік өнімдерін қалыптастыру»;
«Бюджеттің кіріс бөлігінің жобасын қалыптастыру»;
«Бюджеттің шығыс бөлігінің жобасын қалыптастыру»;
«Бюджет жобасын қалыптастыру»;
«Әкімшілік ету»;
ҚЕАЖ-дың құрамына сонымен бірге мына біріктірілген ақпараттық жүйелер кіреді:
«Мемлекеттік мекемелер шығыстарының дара жоспарының атқарылуының бухгалтерлік есебі» АЖ-і (ЕСЕП) ;
«SALARY жалақысының есебі» АЖ-ы;
«Қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру, мекемелер қимасында бюджеттен қаржы бөлу лимиттерінің есебі және бөлу» АЖ-ы;
«Ведомство кадрлары» АЖ-ы;
«Мемлекеттік мекемелердің шығыстары дара жоспарының атқарылуының бухгалтерлік есебі (ЕСЕП) » БАЖ-ы мемлекеттік мекемелер үшін қаржылық-шарушылық операцияларды (оперативті бухгалтерлік есеп) автоматтандырылған өңдеуге арналған.
Жүйе міндеттері мынада:
- Негізгі құралдардың есебі;
- Материалдық құндылықтардың есебі;
- Қаржылық есеп-қисап оерацияларының есебі;
- Тоқсандық бухгалтерлік есептемені қалыптастыру;
Бұл бағдарламалық қамтамасыз етудің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
- Негізгі құралдар мен материалдық құндылықтарды балансқа қою, есептен шығару, ауыстырылуы және т. б. ;
- Түлі қаржылық құжаттарды енгізу және олардан үзінді көшірме. Қыржылық операциялар бойынша құжаттар «Бюджеттің атқарылуы және есептеме нұсқаларын жүргізудің қаржылық рәсімдердің ережелеріне» сәйкес қалыптасады;
- Шығыстар дар жоспарының атқарылуы есебі бағдарламалар, қосалқы бағдарламалар бойынша және өзіндік ерекшеліктер бойынша жүзеге асырылады. Қосалқы шот бойынша өзіндік ерекшеліктерді талдау тізімдемесі, лимиттер мен шығыстар кітабы қалыптасады.
Ұйғарымды құжаттарды (түгендеу кітаптарын, айналым тізімдеелерін, есеп бойынша картечкелерді тіркеу журналдарын, мемориалдық ордерлерді, бас кітапты, талдамалық есептің түрлі тізімдемелерін және т. б. ) қалыптастыру және мөр.
Бұдан басқа, жүйенің жұмысқа қабілеттілігін қолдауға жәрдемдесетін және жұмыс істеудің нақтылы нұсқасына бағдарламалық құралды жөнге салуды қамтамасыз ететін бірқатар көмекші функциялар бар.
ҚР-ның біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесі (ҚРБСАЖ) - ҚР салық органдарының біріккен ақпараттық ортасы, салық төлеушілер, Қаржы министрлігі.
ҚР БСАЖ-ның арналымы:
- ҚР Салық төлеушілерінің мемлекеттік реестрін орталықтан жүргізу; соның ішінде: салық төлеушілерді тіркеу, қайта тіркеу, есептен алу, салық төлеуші туралы қосымша мәліметтерді енгізу, дербес шоттарды автоматты түрде ашу;
- Төлемдер мен мағлұмдамаларды (салықтық нысандарды) өңдеу, соның ішінде: салықтық есептеме нысандарын қабылдау және енгізу; салықтық есептеме нысандарындағы ақпаратты бақылау; бюджетке түсімдердің түсуін бақылау; салық төлеушілердің дербес шоттарын енгізу; есепеулер ме есеп айырысу; обьективті көрсеткіштер бойынша өсімпұлмен және айыппұлдармен есеп айырысу;
- Салықтық операциялардың (салықтық тексерулер мен алымдар) орындалуын қолдау, соның ішінде тіркеу мәліметтері және төлемдер мен мағлұмдамаларды өңдеу негіздемесінде салықтық операцияларды жүргізу үшін істерді тексеру, іріктелген істер бойынша нысандандырылған салықтық операцияларды жүргізуді бақылау және салықтық рәсімдердің нәтижелерін тіркеу; есептеме және әр түрлі аспектілерде салықтық операцияларды жүргізу нәтижелерін қорытындылау;
- Шешімдер қабылдауды қолдау: есептерді, соның ішінде кешенді және аумақтық түрінде бөлінген есептерді дайындау; күрделі алгоритм бойынша деректер жинақтамасынан мәліметтерді іріктемелеу; барлық деңгейлердегі мәліметтерді қарап шығу; мәліметтерді өңдеу (сұрыптау, іріктемелеу, саралау, топтастыру) .
Біріктірілген Салықтық Ақпараттық жүйенің Web қосалқы жүйесі (web-БСАЖ немесе Web-сайт) ҚР БСАЖ жүйесін пайдаланушылар болып табылатын салық органдары қызметкерлерін қолдауды ұйымдастыруға арналған.
Автоматтандырылған басқарудың орталықтандырылған жүйелерінен басқа, автоматтандырылған жұмыс орындарын - АЖО-ны ұйымдастыру жолымен жергілікті нұсқалар пайдаланылады.
АЖО -ны кәсіби бағдарланған шағын есептеу жүйесі, микро-ЭЕМ немесе СЭЕМ басқаратын және белгілі бір кәсіп мамандарының жұмысын автоматтандыруға арналған немесе сырттағы техникалық құралдарлың кешені.
АЖО-ның техникамен жарақтауының құрамы тиісті бағдарламалық құралдарға сәйкес бірқатар экономикалық есептерді шешумен қатар диалогтік тәртіптемеде графиктік, кестелік, мәтіндік құжаттармен жедел жұмыс істеуге, түрлі картотекаларды жүргізуге мүмкіндік береді. АЖО ақпараттарды түзетіп, редакциялауға, тұжырымдамалар мен қорытындыларды қалыптастыруға, мәтінді тіркеуге, аралық және ақтық нәтижелерді талдауға, АЖО-сы бар басқа жұмыскерлермен арақашықтық (дистанциялық) түрде қатынасуға мүмкіндік жасайды.
Кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде (КБАЖ) қаржыны басқарудың дербес функциялық қосалқы жүйесі бөлініп көрсетіледі, онда қаржылық-кредиттік басқарудың есептері шығарылады. Ол өнім өндіріп, оны өткізудің белгілі бір жағдайында ең жоғарғы рентабілділікке жету үшін пайдаланылаиын шаралардың, әдістер мен құралдардың жиынтығы болып табылады. Қосалқы жүйеде басқару ерекшеліктері өндірістік қорлар мен айналыс қорларының толық айналымын қауыштыратын ақшалай қаражаттардың толық айналымымен байланысты және басқарудың бұл функциясының көп мақстты сипатын айшықтайды. Қосалқы жүйе ресурстардың жай-күйі мен олардың қозғалысының үдерістерің сипаттайтын басқару блоктарын кіріктіреді.
КБАЖ-дағы қаржылық есептер ақпараттардың (өндірістің, материалдық ресурстардың, еңбектің және т. б. ) аралық массивтерін пайдалану кезінде, яғни басқарудың басқа обьектілері бойынша шешілетіндіктен кәсіпорынның әр түрлі құрылымдық бөлімшелерінің АЖО-ны кіріктіретін және есептеу орталығының ЭЕМ-мен жалғастырылған АЖО-ның желісін құру қажет. Сөйтіп, екі деңгей құрылады: үлкен ЭЕМ-нің ресурстарын қажет ететін есептер шығарылатын жоғарғы деңгей және ДЭЕМ-мен жарықтанған және жергілікті желіге жалғастырылған АЖО болып табылатын төменгі деңгей.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz