Бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі

Тақырыбы: Бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік

Тобы: 12. 14. 21

Орындаған: Сапарғалиева Бақтыгүл

Тексерген: Қойшиева А. О.

Атырау, 2016 жыл

Жоспары:

  1. Бухгалтелік баланс туралы жалпы түсінік.
  2. Бухгалтерлік баланстың мәні, мақсаты.
  3. Бухгалтерлік баланс және есеп беру.
  4. Баланс активі мен пассиві.
  5. Шаруашылық операциялар әсерінен баланста болатын өзгерістер.

Бухгалтерлік баланс туралы жалпы түсінік

Қаржылық есептің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Бухгалтерлік баланс (французша balanсе - таразы) - шаруашылық жүргізуші заңды тұлғаның белгілі бір күнгі, көбіне күнтізбелік кезеңнің (айдың, тоқсанның, жылдың) басындағы не аяғындағы қаржы-шаруашылық жай-күйін ақшалай түрінде жинақтап сипаттайтын бухгалтерлік есеп құжаты. Өзара байланысты екі жақты кесте нысанында әзірленетін бухгалтерлік баланстың сол жағы (актив) шаруашылық құрал-жабдықтарының құрамы мен орналасуын, оң жағы (пассив) солардың құралу көздері мен нысаналы мақсатын көрсетеді. Актив пен пассив қорытындылары бір-бірімен тепе-тең болады. Бухгалтерлік баланс мүліктің, міндеттемелердің нақты түріне, мүліктің құралу көзіне сай келетін баптарға бөлінеді. Баптар экономикалық мазмұнына қарай топтарға не бөлімдерге біріктіріледі. Баланстың әрбір жолының (бабының) реттік нөмірі болады, бұл әр бапты табуға және оған сілтеме жасауға мүмкіндік береді. Баланс кестесінің активі мен пассивіндегі әр баптың тұсында сомаларды көрсететін ашық орындар қарастырылған. Оларға заңды тұлғаның есеп беріп отырған кезеңнің басындағы (әдетте жыл басындағы) және аяғындағы сол бапқа қатысты қаражатының (құрамы мен көздері бойынша) қалдықтары жазылады. Бухгалтерлік баланс - қаржылық жағдайды талдаудың басты құралы. Талдау жасау арқылы сол заңды тұлғаның төлем қабілеттілігі, алған несиелерді қайтару мүмкіндігі анықталады. Бухгалтерлік баланстың кіріспелік, мерзімдік (ағымдағы), жылдық, жиынтық, т. б. түрлері болады.

Бухгалтерлік баланстың мәні

Бухгалтерлік баланстың мәні - оның атауына негізделеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдістерінің бір бөлігі болып саналса, екінші жағынан бухгалтерлік баланс -жылдық және кезеңдік есеп берулердің бір формасы болып табылады.

Бухгалтерлік баланс көбіне ақпараттық формаға жатқызылады. Балансты оқып білу -оның әрбір баптарының мазмұнын, бағалау әдістерін, кәсіпорын қызметіндегі алатын орнын, басқа баптармен байланысын білу.

Бұл тақырыптың маңыздылығы сол, бухгалтерлік баланс арқылы:

- талданып отырған кәсіпорын туралы көп көлемде ақпарат алынады;

- кәсіпорынның жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін анықталады;

- айналым құралдарының өзгеріс мөлшерін анықтауға болады;

- аналитикалық көрсеткіштерді есептеуінсіз кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы бағаланады;

- жыл ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында қандай өзгерістер болғаны анық көрінеді.

Сондай - ақ, бухгалтерлік баланс коммуникацияның нақты құралы болып табылады, ол арқылы:басшылар ұқсас кәсіпорындар жүйесінде өз кәсіпорны қандай орын алатыны туралы, таңдалған стратегиялық курстың дұрыстығы туралы, пайдаланылатын ресурстар тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы туралы мәлімет ала алады, және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға байланысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді; аудитор өз тексерісін жоспарлау, аудит жүргізу процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін қосымша мәлімет ала алады, есеп жүйесіндегі әлсіз орындарды анықтауға және клиенттің сыртқы есеп берулеріндегі кейбір мүмкін қателіктерді анықтауға мүмкіндік алады; аналитиктер қаржылық анализ бағыттарын анықтай алады.

Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен, белгілі бір сәтке екі топпен: орналасу мен пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

Басты мақсат -нақты кәсіпорынның материалдары бойынша бухгалтерлік баланстың мәні мен маңызын, оның басқару шешімдерін бақылаудағы ролін анықтау болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер айқындалады:

- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында бухгалтерлік баланстың мәнін анықтау;

- бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызын талдап, ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне шолу;

- бухгалтерлік баланс аудитіне шолу;

- қазіргі кездегі балансты есептеудегі ақпарат жүйелеріне сипаттама беру;

- ХҚЕС - на көшудегі бухгалтерлік балансты қайта құрастырудағы ерекшеліктерін анықтап, талдау.

Бухгалтерік баланс шаруашылық субъектісінің жылдық қаржылық есебінің негізгі формасы болып табылады. Баланс жасау тәртібін «бухгалтерік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашылымдардың» №2 бухгалтерлік есеп стандарты, бухгалтерік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №3 қаулысы және ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 1997 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен бекітілген қаржылық есеп беру жөніндегі методологиялық нұсқауы белгіленген.

Баланс дегеніміз-бұл шаруашылық субъектісінің ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста бұл екі категория-ресурстар мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше анық ерекшеленеді. Баланстың негізгі бухгалтерлік есептің классикалық:актив-пассивке (міндеттемелер+жеке меншік капитал) теңдеуі болып табылады.

Активтер субъектісінің қолында не бар екенін, яғни барлық құны бар мүмкін, мүліктік және мүліктік емес жеке игілігімен құқын көрсетеді.

Міндеттеме дегеніміз-борышкердің несие берушінің пайдасына белгілі бір іс-қимыл жасау немесе одан бастарту міндеті, ал несие беруші борышкерден өз міндетін орындауды талап етуге қақылы.

Жеке меншік капитал дегеніміз-бұл меншік иесінің активінен оның міндеттемелерін ұстағаннан қалған капитал.

Жұмыс істеп тұрған субъектінің балансы белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен қоса баланстардың бірнеше түрлері болады, олар бір-бірінен елеулі айырмашылақтарымен ерекшеленеді. Бұл ұйымдық (алғашқы) баланс, ол субъект қызметінің басталуына бағындырылған. Субъектінің бағыныштылығына қарай баланс. Жаңадан құралған субъектілер және бұрындары жұмыс істеген субъектілердің ізбасарлары болып бөлінеді. Бірінші жағдайда субъект баланс қарапайым болып келеді, өйткені мүліктердің көпшілігі негізінен тек ақша қаражатынан тұрады.

Бастапқы баланс субъектісінің шаруашылық қызметінің басталуын білдіреді. Мүліктер тізімін инвентатрь деп атайды және ол тізімге алынатын инвентатрь түрінде тіркеледі, оның варианты төменде келтірілген. Субъектілерге тиісті шаруашылық ресурстарының жалпы ауқымы 24 теңге (165000+75000), ал ресурстар-4 таңге, демек субъектінің құрылу сәтіндегі жеке меншік капиталы 2 теңге (24-4) . Бұлардың жаңадан құрылған субъектісінің жарғылық капиталына баланстық көрсеткішке айналады. Ол бастапқы баланс активті мен пассивті ауқымының теңесуіне мүмкіндік береді.

Инвентатрлық тізім.

Обьектілер атауы
сома
Обьектілер атауы:

Негізгі құрал

Ағымдағы активтер, соның ішіндегі:

Қосалқы тауар - материалдар қоры

Банктерге есеп айырысу есеп шотындағы ақша

Дебиторлық берешек

Жұмылдырылған ресурстар, соның ішінде

«Банк несиесі»

«Жұмысшылар мен қызметкерлер жалақысына берешек»

«Әлеументтік қорғаныс органдарына берешек»

сома:

165 00050 000

20 000

5000

40 000

25 000

14 000

1000

Бұл жерде теңестіруші ретіндегі қаржылық нәтиже (табыс пен шығын) көрсетілмейді, Өйткені субъект шаруашылық қызметін әлі жүзеге асырған жоқ.

Бастапқы баланс.

Актив
Сумма
Пассив
Сумма
Актив:

Негізгі құралдар

Қосалқы тауар -

Материалдар қоры

Қолдағы қаржы

4. Дебиторлар

Сумма:

165 000

5

20 000

5000

Пассив:

Жарғылық капитал

жұмысшы- қызметшілермен есеп айырысу

Әлеументтік қорғаныс бойынша есеп айырысу

Банк несиесі

Сумма:

200 000

14 000

10 000

25 000

Актив: Баланс
Сумма: 240 000
Пассив: Баланс
Сумма: 240 000

Екінші жағдайда бастапқы ресурстар тек қана ақша қаражаттарынан емес, сондай-ақ қайыра құрылған субъектілер баланысындағы басқа да құндылықтардан: шикізаттар мен құрал жабдықтардан және т. б. құрылады.

Мысалы: Айталық, ізбасар 400 000 теңгеге негізгі құралдар (құрал-жабдықтар және т. б. ) ; банктен жұмысшылар мен қызметшілерге жалақы төлеу үшін несие түрінде 60 000 теңге алды делік; ал өнім берушілерден 14 теңгеге шикізаттар мен материалдыр алды. Осы деректер негізінде мынадай формадағы таблица жасалынуы мүмкін.

Атаулар
Сумма
Атаулар
Сумма
Атаулар:

І. Негізгі құралдар.

Құрал - жабдықтар

Сумма: 400 000
Атаулар:

І. Жеке меншік ресурстар

Жарғылық капитал

Сумма: 400 000
Атаулар:

ІІ. Ағымдағы активтер.

Шикізаттар мен

Материалдар қолдағы ақша.

Сумма:

14

6

Атаулар:

ІІ. Міндеттемелер.

Банк несиесі.

өнім тапсырушылар

мен есеп айрысу.

Сумма:

6

14

Атаулар: Жиынтығы
Сумма: 6
Атаулар: Жиынтығы
Сумма: 6

Бұл жерде шаруашылық ресурстары құрамы мен құралу көздері жөнінен ірі топтарда көрсетілген. Таблицада ресурстардың жалпы сомасы шаруашылық ресурстары көздерінің жалпы сомасына тең екні көрініп тұр. Басқаша жағдай болуға тиіс те емес, өйткені ресурстардың әрбір түсу фактілері екіжақты актіні білдіреді: Біріншіден, материалдық мүліктің (активтердің) тікелей түсуіне; екіншіден, көздердің құралуын; жеке меншік ресурстары болып табылатын бұларды тапсыру немесе субъект ресурстарын уақытша банк несиесі түрінде және есептеу кезінде туындаған жағдай ретінде қабылдау.

Субъект ресурстарын таптау мен көрсетудің мұндай тәсілін қолдану қажеттілігі мынадан туындаған: ағымдағы бухгалтерлік есеп бірінші кезеңде жекелеген сипатта фактілерді бақылау мен жинақтауды қамтамасыз етеді, ал қортындылаушы кезеңде шаруашылық ресурстардың, олрадың көздерінің топталуы мен көріну жағдайын біріктірілген ақпарат түрінде қамтамасыз етеді.

Баланстың басқаша түрі өзге жағдайда, субъект банкрот алдында тұрғанда, яғни оны тарату мәселесі қойылғанда құрылады.

Тарату балансы әдеттегі баланстан негізінен өзінің мүліктік ресурстарын бағалаумен ерекшеленеді, өйткені ол көп жағдайда алғашқы құнынан көрі неғұрлым төмен бағаланады.

Сөйтіп, баланстар шаруашылық субъектінің кәсіпкерлік қызметіне қарай мазмұны мен мақсаты бойынша ерекшелене алады екен. Баланс мазмұны мен құрлымын субъект өзінше дербес белгілейді де, ал есеп саясатында бекітіледі.

Сөйтіп, бухгалтерлік баланс актив пен пассив сияқты екі бөліктен тұрады. Ол екі жақты таблица түріндегі көлбеу бойынша немесе тік форма бойынша құрылуы мүмкін. Шаруашылық субъектісі өз балансының құрылу формасы өзі таңдап ала алады. Активтегі немесе пассивтегі ресурстардың әр бір элементі баланс статьялары («баптары» деп аударылмайды!) деп аталады. Балансты оқу немесе талдау үшін баланс активті мен пассиві бөлімдерге біріккен жеке статьяларға бөлінеді. Баланс статьяларының орындары белгілі бір принциптерге бағынады. Баланс статьяларының топтасуын негізінен әралуан ресурстар түрлерінің сипаты мен экономикалық талдау мен аудит талаптары белгілейді. Активтер өздерінің өтімділік дәрежесіне қарай неғұрлым төмен өтімділікті неғұрлым жоғарысына қарай орналасады. Пассивтер міндеттемелердің жеделділіктен неғұрлым жоғары жеделділікке қарай орналасады. Сөйтіп, белгілі бір мезгілде қаржы ресурстарының кез келген түрі қайсы бір құн ауқымы мен саипатталады. Осындай барлық құн ауқымдарының жиынтығы сол ресурстардың жағдайын көрсетеді, оның ақпараттық моделі болып табылады. Ақпараттық модель, (үлгі) қаржы ресурстарының жағдайы бухгалтерлік баланс болып табылады.

Актив, активтер (латынша actіvus) -заңды тұлға меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік, игілік, дәулет, ақшалы қаржы, құнды қағаздар, патенттер, банктегі салымдар, авторлық құқықтар, негізгі және өндірістік қорлар, яғни экономикалық қызметте пайданың көзі ретінде табысқа иелік ететін субъектіні пайдаланатын не пайдалануға жарайтын қоғамдық байлықтың барлық түрлері. Активтерді әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты материалдық активтер (жабдықтар, құрылыстар, қарыз міндеттемелері) және материалдық емес активтер ( патенттер, ақыл-ой еңбегінің нәтижесі, сауда маркілері, мәртебе, атақ, жеңілдік, басқа кәсіпорындардың несие міндеттемелері, ресурстарды пайдалануға ерекше құқық тағы басқа) болып бөлінеді. Пайдалану дәрежесіне (айналымдағы, айналымнан тыс, күдікті, нәтижесіз, тағы басқа) өтімділігіне сәйкес (өтімді, өтімсіз), тозу деңгейіне, қызметтегі мерзіміне, не болмаса басқа иелікке беруіне (жалға, меншікке тағы басқа) байланысты да өзгешеліктері болуы мүмкін; бухгалтерлік баланстың(тепе-теңдіктің) екі жағының бірі. Онда барлық бағалы заттардың (құрал-жабдықтардың, тауарлардың, қаржының тағы басқа) түрлері, олардың орналасуы мен пайдалануы көрсетіліп, шаруашылықтағы атқаратын қызметіне қарай топтастырылады; табыстың шығыннан артқан бөлігі.

Пассив (лат. passіvus - енжар, әрекетсіз) - бухгалтерлік баланстың бөлігі, оң жағы. Ол кәсіпорын қаражатының белгілі бір күнгі құралу көздерін, нысаналы мақсатын, елдің шетелдегі шығысының шетелден түсетін түсімнен асып түсуін, төлем балансының тапшылығын көрсетеді.

Баланс активі мен пассиві

Бухгалтерлік баланстың формасы(түрі) жағынан бір жақты немесе екі жақты кесте болып табылады және бөлімнен тұрады: актив және пассив.

Актив-баланстың өндіріс процесінде шаруашылық қаражатының атқаратын міндеттеріне қарай бұлардың орналасуы мен пайдаланылуы бойынша топтастырылған бөлігін айтады.

Пассив-шаруашылық қаржыларының қорлану көздерінің құрамы, мақсаты, міндеті, өзіндік капиталы және орналасуы бойынша топтастырылған бөлігін айтады. Бухгалтерлік есептің №2 стандарты бойынша балансты тікелей және көлденең түрде жасауға болады. Көлденең түрде жасалған кезде баланстың сол жағы актив, оң жағы пассив деп аталады. Баланстың бұлай аталуын екі жақты кесте деп атайды. Баланстағы тепе-теңдікте көрсетілген көрсеткіштер жинақталып, топтастырылып жазылады. Мысалға, әрбір субьектілерде ондаған, мындаған, жүздеген негізгі құралдар болады, ал бұлардың әрқайсысының атауы мен атқаратын міндетіне қарай созып жаза берсек, ешқандай мағынаға жете алмай аса күрделі жазулар орындауға тура келеді, сондықтан негізгі құралдар, материалдар, т. с. с. баланс баптарында топтастырылып жазылады.

Осыған орай, баланс активі мен пассивінің жекеленген көрсеткіштері бап деп аталады.

Актив баптары-шаруашылық мүліктері мен қаржысының жекелеген түрлерінің жай-күйін бейнелейді.

Пассив баптары-меншік капиталы мен міндеттемелерінің көздерін бейнелейді.

Шаруашылық қаржысының және оның құрылу көздерінің жекелеген баптары бөлімдерге топтастырылады.

Бухгалтерлік есеп №2 стандарты бойынша барлық субьектілерге баланстың бірыңғай формасы бекітілген және олар актив бойынша екі бөлімнен, пассив бойынша үш бөлімнен тұрады.

Активтер екі бөлімнен тұрады:

1) ұзақ мерзімді активтер;

2) ағымдағы активтер.

Пассивтер үш бөлімнен тұрады:

1) меншікті капитал;

2) ұзақ мерзімді міндеттемелер;

3) ағымдағы міндеттемелер.

Бухгалтерлік баланстың аса айрықша ерекшелігі, олардың активі мен пассиві бірдей сомада болуы. Бұл теңдіктің ерекшелігі баланстағы қаражаттың көлемімұның активі мен пассивіндегі бірдей сомаға бір мерзімге көрсетіледі. Бірақ пассив пен активтің теңдігі екі мағынаны бейнелеп топтастырады.

Мысалы:

Жарғылық капитал-79000

Негізгі құралдар-6

Жабдықтармен есеп айырысу-18400

Тауар-80500

Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы-18000

Банк несиесі-40600

Кассадағы ақша-100

Ағымдағы банктік шоттағы ақша-15400

Кәсіпорын құралдары
Сома
Кәсіпорын құралдарының пайда болу көздері
Сома
Кәсіпорын құралдары: Негізгі құрал
Сома: 6
Кәсіпорын құралдарының пайда болу көздері: Жарғылық капитал
Сома: 79000
Кәсіпорын құралдары: Тауар
Сома: 80500
Кәсіпорын құралдарының пайда болу көздері: Жабдықтармен есеп айырысу
Сома: 18400
Кәсіпорын құралдары: Кассадағы ақша
Сома: 100
Кәсіпорын құралдарының пайда болу көздері: Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы
Сома: 18000
Кәсіпорын құралдары: Ағымдағы банктік шот-тағы ақша
Сома: 15400
Кәсіпорын құралдарының пайда болу көздері: Банк несиесі
Сома: 40600
Кәсіпорын құралдары: Жиынтық: 156 000

Шаруашылық операциялар әсерінен баланста болатын өзгерістер

Кәсіпорын шаруашылығындағы барлық процестер сол кәсіпорын мүлкі мен қаржыландыру қорларының қатысуымен болады да, оардың қай-қайсысы болмасын шаруашылық процестері нәтижесінде өздерінің тұрақты қалпын өзгертеді. Кәсіпорын мүлкі не көбейіп, не азаяды, сол сияқты қаржыландыру қорлары да не азайып, не көбейеді. Бұл құбылыстардың өзіндік ерекшелігі сонда, сол баланс баптарының өзара өте тығыз байланысты екенін көрсетеді. Кәсіпорын мүлкінің мазмұнын көрсететін баптарда көбеюі көрсетілсе, сол баптарға байланысты қаржыландыру қорын көрсететін баптарда көбею көрсетіледі. Оған қарама-қарсы активті баптарда азайту көрсетілсе, пассивтегі баптарда да азаю көрсетіледі.

1-нші операция түрі: Сатылған тауар үшін 500теңге кассаға өткізілген, бұл операция бойынша тауар бабы 500теңге кемиді де, касса бабы 500теңгеге көбейеді. Бұл операция нәтижесінде өзгерген екі бап та екі активті бап, сондықтан баланс тепе-теңдігі өзгермейді. Кәсіпорын мүліктері арасында өзара орын ауыстыру құбылысыболады.

2-нші операция түрі: Кәсіпорын басшылығының шешімі бойынша жылдық пайданың бір бөлігі (1теңге) жарғылық қорына қосылған. Осы операциядан кейін кәсіпорын пайдасы азаяды да, жарғылық қор бабы (1теңге) көбейеді. Екінші операциядан кейін кәсіпорын қаржыландыру қорында өзара орын ауыстыру болады. Бұл операцияның нәтижесінде екі пассивті бапта өзгеріс болады, сондықтан пассивтегі ақша жиыны да өзгермейді.

3-інші операция түрі: Кәсіпорын дүкеніне жабдықтаушылар мен есеп айырысу үшін 15000 теңге мөлшеріндегі тауар келіп түскен. Бұл операциядан кейін тауар да, жабдықтаушылар алдындағы берешек қарыз да 15000 теңгеге көбейді, себебі кәсіпорын сатып алған тауары үшін ақшасын әлі төлеген жоқ, осы операцияның балансқа әсері өзгеше. Өйткені бұл операция баланстық бірі активті бабында немесе бірі пассивтік бабында әсерін тигізеді, баланс жиыны өзгермейді.

4-інші операция түрі: Кәсіпорын банкіндегі ағымдағы шотынан 12000 теңгені банк несиесінің берешегін жабу үшін аударды. Осы операциядан кейін кәсіпорын банкі ағымдағы шотындағы өзінің меншікті ақшасы 12000 теңге кемиді де, банкіге несие үшін берешегі 12000 теңгеге азайды. Осы операция нәтижесінде баланс жиыны 12000 теңгеге азайды, себебі активті бапта «Банкідегі ағымдағы шотында» бабы және пассивтегі«Банк несиесі» бабы да 12000 теңгеге азаяды.

  • Бірінші операцияда: баланстың екі бабы да активті, баланс жиыны өзгермейді.
  • Екінші операцияда: баланстың екі бабы да пассивті, баланс жиыны өзгермейді.
  • Үшінші операцияда: баланстың жиыны көбейеді.
  • Төртінші операцияда: баланстың жиыны азаяды.

Бухгалтерлік баланс және есеп беру

Шаруашылық операцияларды «екі жақты жазу» әдісімен есепке алу алдында мынандай жагдайларды ескеру керек:

• аталған шаруашылық операцияларының қандай объектілерге қатыстылығын;

• шаруашылық операцияньщ обьектіге қаңдай әсер ететіндігін;

• аталған объектілердің есебі бухгалтерлік есептің қай шоттарында есептелінетінін;

• операцияларды шоттардың қандай бөлігіне жазу керек екендігін (дебитіне немесе кредитіне) .

Бірінші операция нәтижесінде кәсіпорынның материалдары және соған сәйкес жабдықтаушы-мердігерлерге берешек қарызы көбейеді. Келіп түскен материалдарды есепке алу үшін «материалдар» деп аталатын активті шоты, ал жабдықтаушы мердігерлерге берешек соманы есепке алу үшін «Жабдықтаушы және мердігер-лермен есеп айырысу» деп аталатьш пассивті шоты қолданылады.

Активті шотта құралдардың көбеюі шоттың дебитіне, ал пассивті шотта қорлану көздерінің көбеюішопың кредитіне жазылады. Соған сәйкес бұл операция бойынша мынадай екі жақты жазу жазылады:

Д-т: «Материалдар» шоты 25000 теңге

К-т: «Жабдықтаушы-мердігерлермен

есеп айырысу» шоты 25000 теңге

Екінші операция нәтижесінде ұйымның нақты ақшасы және соған сәйкес банк мекемесі алдындағы қарызы азайды. Брі операцияны алдыңғыға қарама-қарсы деп түсінуге болады. Бірінші операцияда кәсіпорынның активтері және соған сәйкес пассивтері көбейген болса, екінші операцияда ұйымның активтері және пассивтері азайып отыр. Бұл операция бойынша ұйымның бухгалтериясында мынадайекі жақты жазу жазылады:

Д-т: «Банк несиесі» шоты 5 теңге

К-т: «Ақшалар» шоты 5 теңге

Үшінші операция нәтижесінде кәсіпорынның қорлану көздерінде ешқандай өзгеріс болмаған, яғни бұл операция кәсіпорьшньщ пассив бөлімінің баптарына ешқандай әсерін тигізбейді. Ал актив бөлімінде өндіріске материалдардың босатылуьша сәйкес аяқталмаған өндіріс деп аталатын бөлім сомасы артып және осыншама сомаға материалдар деп аталатын бөлім сомасы кемиді. Бұл жағдайда екі жақгы жазу мына түрде жазылады:

Д-т: «Аяқталмаған өндіріс» шоты 3 теңге

К-т: «Материалдар» шоты 3 теңге

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы, түрлері, өзгерісі
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ТУРАЛЫ
Бухгалтерлік баланс туралы түсінік
Шаруашылық субъектінің түрлері
Есеп бөлімінің ережелері
Кәсіпорын балансы
Бухгалтерлік баланс туралы мағлұмат
Бухгалтерлік баланстың құрылымы
Бухгалтерлік есептің міндеті
Баланстың активі мен пассиві
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz