Педагогикалық менеджменттің ғылыми - теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
4
:
Кіріспе:
4:
: 1
Кіріспе: Педагогикалық менеджменттің ғылыми - теориялық негіздері
4: 6
: 1. 1
Кіріспе: "Педагогика" туралы ілім
4: 10
: 1. 2
Кіріспе: Менеджменттің педагогикадағы негізгі функциялары
4: 11
:
Кіріспе:
4:
: 2
Кіріспе: Басқару, мектепішілік басқару және мектепішілік менеджмент
4: 17
: 2. 1
Кіріспе: Мектепті басқарудың жалпы қағидалары
4: 20
: 2. 2
Кіріспе: Мектеп басшысының басқару мәдениеті
4: 24
: 2. 3
Кіріспе: Мектепті басқарудың жаңаша заңдылықтары
4: 26
:
Кіріспе: Қорытынды
4: 32
:
Кіріспе:
4:
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4: 33
:
Кіріспе:
4:

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерде ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.

Жалпы басқару дегеніміз - шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандақ білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп ішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе - орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т. б.

Басқарудың түрақтылығы мен обьекттік сипаты XX ғасырдың 50-60 жылдарында өзгерістерге ұшырай бастады. Басқарудың мәні тек оңтайлы жұмыс атқару, түрақтандыруды ұстап отыру ғана емес, сонымен қатар ұйым қызметі мен оның қызметкерлерінің қызметін сандық жэне сапалық жағынан жетілдіру деп үғындырылды. Оқыту мен тәрбиелеу үдерістерінің анықтамаларында да, басқару үдерісін анықтағанда да негізгі түсінік ретінде «өзара әрекет» пайдаланыла бастады, ол білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының белсенді субъективтік ұстанымын білдірді. Басқару - жүйенің оңтайлы жұмыс істеуі және оны қоғамның әлеуметтік тапсырысына сэйкес келетін сапалық тұрғыдан жаңа қалпына ауыстыруды қамтамасыз етуге бағытталған субъектілердің мақсатты түрде белсенді өзара әрекет етуі (К. Я. Вазинаның, Ю. А. Конаржевскийдің, М. М. Поташниктің, П. И. Третьяковтың, Н. Д. Хмельдің, Т. И. Шамованың жэне т. б. жұмыстарынан) .

Мемлекеттік басқару органдары - білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды жәнеіске асырады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын (постификация)

айқындайды; білім мекемелерін қаржыландырады және т. б. көптеген мәселелерді шешеді.

Қазіргі жағдайда білім беруді басқару жүйесін орталықсыздандыру (дезентрализация) процесі жүреді. Оның мәні жоғарғы басқару органдарының бірқатар функциясынжергілікті органдарға беру. Бұл жерде республикалық органдар стратегиялық бағыттарды талдап жасаумен айналысса, жергілікті

органдар нақты қаржылық, кадрлық, материалдық және ұйымдастырушылық мәселелермен айналысуы тиіс.

Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұртшылық өкілдері енеді. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі - мектеп кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады.

Зерттеудің нысаны: оқушылар.

Зерттеудің пәні: мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, жалпы отбасыдағы бала тәрбиесі, халықтық педагогика саласы бойынша, ұлттық талғамда салт-дәстүрлерді қолдана отырып, зерттеу пәнінің негізі ретінде алынды. Әсіресе, баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлымұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйретуге көп көңіл бөліну қажет.

Зерттеудің мақсаты: мектепті қазіргі таңда жаңа талаптарға сай басқарғанда мектептің оқу-тәрбие үрдісінің сапасының озгеру мәселелерін, жалпы басқару мәселелерін тереңдетіп зерттеу.

Зерттеудің міндеттері: тәлім-тәрбие тұжырымдамасында «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгіқасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі, ең алдымен, ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Зерттеудің әдіснамалық негізі: Л. С. Выготскийдің балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-әрекетті ұйымдастыру теориясы, В. Н. Мясищев, С. Л. Рубинштейн, Л. И. Божович еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселесіне арналған ілімдер, педагогика және психология ғылымындағы А. С. Макаренконың "Жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады" деген қағидасы, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізетінін дәлелдейтін зерттеулер - зерттеу жұмыстарының теориялық жақтарына арқау болды.

Зерттеу әдістері:

- Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену мен талдау;

- Бақылау әдісі;

- Әңгімелесу;

- Педагогикалық эксперимент.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Педагогикалық менеджменттің ғылыми - теориялық негіздері

«Менеджмент» терминінің анықтамасын көптеген авторлар А. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури өз тұжырымдамаларында былайша береді: менеджмент - бұл баска адамдардың еңбегін, ой өрісін, тәртіп уәждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу ептілігі .

«Менеджмент» түсінігінің мазмұны әр алуан, терең жэне келесі аспектілерде қарастырылуы мүмкін :

- басқару туралы ғылым, ұйым мақсаттарының ең тиімді жетістіктеріне ықпал ететін жаңа көзқарастардың, әдістердің, технологиялардың ғылыми ізденісі аясында іске асады;

- белгілі нәтижелерді, кәсіпкерлік қызмет барысында пайда алуға бағытталған фирмамен тәжірибелік басқару ретінде;

  • үрдіс ретінде, яғни бөлек әрекет немесе операция емес, бірақ ұзақ, кезеңдік қызмет;
  • өзіне белгілі жиынтықты, фирма бөлімшелерінің, сондай-ақ баскару субъектілерінің кұрылымын енгізетін басқару ұйымы ретінде. (Жалпы айтқанда, менеджмент бойынша әдебиетте басқару субьектілері деп тек басқарушы қызметтерін атқаратын адамдар ғана емес, баскарушы құрылымдар да танылады) ;
  • басқару аппаратының әртүрлі деңгейлері ретінде. Басқару проблемалары бойынша әдебиетте ғана емес, басқарудың жоғары деңгейін, жоғары басшылықты белгілейтін «топ-менеджмент» де­ген термин кеңінен таралды. (Мекемелердің штаттық кестелерінде қазір кеңсе-менеджерлері, яғни хатшылар; жайлылық бойынша менеджерлер, яғни тазалаушылардың лауазымдарын кездестіруге болатынын атап кету керек. Осылай шетел терминдерін дұрыс орнымен пайдаланылмауы олардың бастапкы мазмұнының жоғалуына әкеп соғады) ;
  • нарықтың басқару тұжырымдамасы ретінде және басқалары.

Менеджмент түсінігі ұзақ уақыт бойы тек негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын ұйымдарға қатысты пайдаланып келгені белгілі. Мысалы, И. Н. Герчикованың оқулығында «менеджмент дегеніміз - нарық жағдайында қызмет аткаратын фирманың кез келген шаруашылық қызмет барысында менеджменттің экономикалық механизмінің ұстанымдарын, функцияларын жэне әдістерін пайдалана отырып, материалдық жэне еңбек қорларын тиімді пайдалану жолымен белгілі бір алға қойған мақсаттарға жетуге бағытталған, кәсіби жүзеге асырылатын қызметтің дербес түрі» деп тұжырымдалады.

Автордың пікірі бойынша, менеджмент дегеніміз - нарық, нарықтық экономика жағдайындағы басқару, оған келесілер қажет:

  • фирманың нарық сұранысы мен қажеттіліктеріне, нақты тұтынушылардың талаптарына бағдарлануы және сұранысқа ие болатын жэне фирмаға жоспарланып отырған пайда түсіретін өнім түрлерін өндіруді ұйымдастыру;
  • өндіріс тиімділігін арттыруға үнемі талпыну: шығындарын азай- тып, оңтайлы нәтиже алу;
  • фирманың немесе оның бөлімшелері "қызметінің соңғы нэтижелеріне жауапкершілік артатын тұлғаларға еркін шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін шаруашылық дербестік;
  • нарық жағдайына қарай мақсаттар мен бағдарламаларды үнемі түзетіп отыру;
  • айырбастау үдерісінде фирма қызметінің немесе оның шаруашылық дербес бөлімшелерінің қызметінің нарықтағы соңғы нәтижесін табу;

- негізделген жэне оңтайлы шешімдерді қабылдау барысында көп нұсқалык есептеулер жасау үшін компьютерлік техникасы бар зама- науи акпараттық базаны пайдалану кажеттілігі.

Осының нәтижесінде автор «менеджмент» атқаратын қызмет сипатына қарамастан, өз қызметін пайда түсіру (кәсіпкерлік табыс) мақсатында жүзеге асыратын фирмалар мен кәсіпорындарға ғана катысты деп қорытынды жасайды. «Менеджмент» жэне «басқару» терминдерін салыстыра отырып,

И. Н. Герчикова басқару ұғымының аясы өз мазмұнына карай неғүрлым кеңірек, себебі адам қызметінің әртүрлі салаларына, қызметтің әртүрлі аяларына, басқарудың әртүрлі органдарына байланысты пайдаланылады, ал «ме­неджмент» түсінігі тек нарық жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруға қатысты деп көрсетеді.

Ұзақ уақыт бойы педагогикалық теория мен тәжірибеде, басқару жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу үрдісінің оңтайлы әлеуметтік-экономикалық жэне ұйымдастыру-педагогикалық қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшін, оның барлық буындарына түрлі деңгейдегі басқару субъектілерінің жүйелі, жоспарлы, саналы жэне мақсатты түрде әсер етуі деп түсіндірілген болатын

(М. И. Кондаков, П. В. Худо­минский жэне т. б. ) . Ю. В. Васильев педагогикалық басқарудың мэнін түсіндіргенде ол қоғамның талаптары мен мақсаттарын есепке ала оты­рып жүзеге асырылады және педагогикалык ғылым анықтайтын өз нысандары, үрдістер мен заңдылықтар сипатымен басқарудың басқа түрлерінен бөлек деп көрсеткен.

Басқарудың түрақтылығы мен обьекттік сипаты XX ғасырдың 50-60 жылдарында өзгерістерге ұшырай бастады. Басқарудың мәні тек оңтайлы жұмыс аткару, түрақтандыруды ұстап отыру ғана емес, соны- мен қатар ұйым қызметі мен оның қызметкерлерінің қызметін сандық жэне сапалық жағынан жетілдіру деп үғындырылды. Педагогикада гуманистік парадигмалардың, субъектілік көзқарастың күшеюі тек оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне ғана емес, сонымен қатар білім беру мекемесін басқаруға өзгерістер енгізді. Оқыту мен тәрбиелеу үдерістерінің анықтамаларында да, басқару үдерісін анықтағанда да негізгі түсінік ретінде «өзара әрекет» пайдаланыла бастады, ол білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының белсенді субъективтік ұстанымын білдірді. Басқару - жүйенің оңтайлы жұмыс істеуі және оны қоғамның әлеуметтік тапсырысына сэйкес келетін сапалык тұрғыдан жаңа қалпына ауыстыруды қамтамасыз етуге бағытталған субъектілердің мақсатты түрде белсенді өзара әрекет етуі (К. Я. Вазинаның, Ю. А. Конаржевскийдің, М. М. Поташниктің, П. И. Третьяковтың, Н. Д. Хмельдің, Т. И. Шамованың жэне т. б. жұмыстарынан) . Педагогика оқулығында мектепішілік басқаруда дұрыс ақпарат негізінде қорытынды жасау, алға қойған мақсатқа сай шешімдер қабылдау, басқару нысанын ұйымдастыру, бақылау жасау, реттеуге бағытталған қызмет деп таниды. Осының нәтижесінде мектепішілік басқаруды олар «оңтайлы нәтижеге қол жеткізу мақсатымен педагогикалық үрдістердің объективті заңдылықтарын түсіну негізінде бүтін педагогикалық үрдіске қатысушылардың мақсатты, саналы өзара эрекет етуі» деп анықтайды. Оқулықта менеджмент теориясы «ең алдымен, тұлғалық бағытымен баурайды, мұнда менеджер (басқарушы) қызметі өз қызметкерлеріне шынайы қүрмет, сенім арту, оларға табысқа жету жағдайларын жасау негізінде құрылады. Менеджменттің дәл осы жагы, мектепішілік басқару теориясын айтарлықтай толықтырады. Менеджмент идеяларын ұғыну, оларды мектептану мәселелері сала- сына ауыстыру дербес бағыт - мектепішілік менеджмент зерттемесіне негіздеме береді» деп түсіндіреді.

Педагогикалық басқарудың «адами» кұрамдас бөлігінің маңызы менеджмент саласындағы теориялық жэне тәжірибелік зерттеулерге алдымен зерттеушілерді, содан кейін тәжірибешіл-педагогтардың назарын аудартты, себебі басқару туралы бұл ғылым ең басынан қойылған мақсатқа басқа адамдардың еңбегін, уәждері мен қажеттіліктерін пайдалану арқылы жету үдерістеріне бағытталған болатын. Менеджмент саласындағы зерттеу көзқарастары мен басқарудың тәжірибелік әдістері өз кезегінде психологиялық жэне педагогикалық ғылымдарды өз негізіне алды, оларда адамның дамуы- на, оның қызметін ұйымдастыруға, оны уәждеу жэне ынталандыру жэне т. б. байланысты мәселелер тереңінен қарастырылған. Осының арқасында бұл теориялық пәндер, тәжірибелік қызметтің салалары бір-бірін өзара байытады. Мысалы, сапа менеджменті саласындағы белгілі ресейлік маман Ю. П. Адлер, менеджмент жүйесінде ең тиімді статистикалық немесе сапаны басқару әдістеріне қараганда, басты рөлді адам оның пәнге жэне еңбек мақсатына деген көзқарасы атқарады деп көрсеткен. Осылайша, көптеген авторлар менеджментті адам құндылығының негізін қалаушы концептуалды идеясы деп тануға негізделген заманауи басқару философиясы ретінде де қарастыра бас- тады.

Менеджмент пен педагогикалық басқарудың жақындасуына коммерциялық, кэсіпкерлік қүрамдас бөлік қазіргі уақытта, көп мөлшерде бұрын кэсіпкерлік емес деп танылған элеуметтік, соның ішінде, білім беру мекемелерінің ажырамас бөлігі болып келе жатқаны да себепкер болды. Бүгінгі таңда, нарықтық жетістіктер білім беру мекемесінің қызметін атқарып анықтайтын тек сыртқы факторларғана емес, сонымен қатар, осы қызмет етудің ішкі, табиғи бөлігін құрастырушы болып табылады.

Менің ойымша, іс жүзінде басқа әдістемелік негіздеріне карамастан, педагогикалық менеджмент әкімшілік-басшылық кезеңде калыптасқан басқару жүйесін толық жоққа шығармайды, бірақ нәтижелі тәсілдерді сақтап, оларды жаңа жағдайларға бейімдеп, сапа тұрғысынан жаңа деңгейге көтереді.

Нақтылап айтқанда, «педагогикалық менеджмент» терминінің дэл анықтамасы әлі жоқ, ол «білім беруді басқару», «мектепті басқару», «мектепішілік басқару», «мектепішілік менеджмент», «педагогикалық басқару» және осы проблема бойынша жұмыс авторларымен пайдаланылатын басқа да көптеген түсініктермен дұрыс сараланған жоқ.

В. П. Симонов педагогикалық менеджментті оқу-тәрбиелеу және оқу-тану үдерісін басқарудағы қағидаттар, әдістер, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық амалдар кешені ретінде аныктайды. Педагогикалық менеджмент нақты мұғалімнің басқарушылық қызметі жаңа әлеуметтік-педагогикалық жағдайларда өмір сүруге дайын баланың жеке басын дамыту мақсаттарына бағытталады деп біржақты таяз түсіну қалыптасқан, оның барысында педагог келесілерді жүзеге асырады:

  • басқаратын объектінің калпын өзгерту бойынша шешім қабылдау үшін ақпаратты түрлендіру;
  • оқыту мен тәрбиелеу үдерісін қағидаттар, әдістер, құралдар мен нысандардың өзара байланысты жүйесіндей басқару;
  • оқушылардың еңбегін, зиятын, уәждері мен қажеттіліктерін пай- далана отырып, қойған максаттарға жету;
  • білім беру тұжырымдамалары негізінде қабылданатын, жүзеге асырылатын және адам факторын есепке ала отырып, оқу-тәрбиелеу мақсаттарының жүйесін оқушылардың жету үдерістерін ұйымдастыру және т. б.

Байкаганымыздай, бұл педагогикалық менеджмент дефиницияларында педагогикалық қызметтің маңызды бағыттары, білім беру үдерісінің сапасына тікелей эсер ететін білім беру мекемесінің жүмыс аткару салаларына назар салмаган: ғылыми-зерттеу және әдістемелік жүмыс, педагогтардың біліктілігін арттыру, оқушылардың ата-аналарымен жұмыс және т. б. Педагогикалық менеджмент мәнін бұлайша тарылту авторлардың көпшілігі басқаруды негізінен оқу мекемесі басшысының ұйымдастыру-экімшілік қызметі ретінде қарастыруынан туындаған. Білім беру мекемесін басқарудың теориясы мен тәжірибесінде оқушылардың қызметін тікелей басқаруды жүзеге асыратын бірінші буын менеджерлері ретінде оқытушылардың кәсібиқызметінің мәселелері лайықты дамуы мен негіздемесін алған жоқ. Осы саладағы олқылықтарды толықтыруға ұмтылу, зерттеушілердің зейінін көбінесе, педагогтың баскару қызметіне негіздейді.

Бүгінгі күнде басқарудың маңызды субъектісі ретінде оқушының өзін де қарастыру қажет. Педагог жүзеге асыратын менеджмент функциялары тек олар оқушы тарапынан өзін-өзі басқарудың (өздігінен ме­неджмент) барабар әрекеттерімен қолдау тапқан жағдайда ғана тиімді болып, қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.

1. 1 Педагогика туралы ілім

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т. б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б. э. б. 2, 5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайдос" - балалар және "гагос" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. .
Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада-"тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.

Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие болып табылады. .
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, , еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру. .
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс. .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Менеджмент пәнін оқытуда дамыта оқытудың тиімділігі
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Орта кәсіби оқу орнындағы менеджменттің педагогикалық-психологиялық негізі
Мектеп қызметін басқару
Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы
Менеджмент теориясы
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде
Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидалары
Жүйе жəне басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz