Педагогикалық практика міндеттері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: Кәсіптік білім беру кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: « Педагогикалық практика міндеттері»

Орындаған: ПО-14-1 студенті

Асалбеков К. А.

Қабылдаған: Нұрмағанбетова М. С.

2014

Жоспар:

I. Кіріспе.

Педагогика туралы жалпы ұғым.

II. Негізгі бөлім:

1) Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері.

2) Студенттерді педагогикалық практикаға даярлау.

III. Қорытынды.

Кіріспе

Педагогика бұл - адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т. б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б. з. б. 2, 5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", - деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс", саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді. Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуін рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор.

1)

Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық, қоғамдық, педагогикалық және арнайы ғылымдарды үйрету студенттердің практикалық педагогикалық қызметімен үйлестіріле жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы - педагогикалық практика. Мұғалімдердің кәсіптік даярлығын арттыруға деген талаптың жылма-жыл күшейіп отыруына байланысты студенттердің педагогикалық практикасы ұдайы жетілдіре түсуде. Қазіргі кезде оның өзі педагогика институттарының оқу жоспарында елеулі орын алып, мұғалімдерді даярлау жүйесінің маңызды компонентіне айналды.

Теориялық курстарда тәрбиелеу мен оқытудың ғылыми логикасы айқындалады. Оқу-тәрбие процесінің принциптері мен методикалары психологиялық-педагогикалық ғылымдар жүйесінде (педагогика, психология, тарих, оқыту жұмыстарының методикасы және оқыту методикасы) тиянақты оқытылады. Соның нәтижесінде оқу-тәрбие процестері, оның мәні, заңдылықтары, даму факторлары мен жағдайлары туралы ғылыми білім қалыптасады. Алайда теориялық білімді игеру оны дербес жұмыс тәжірибесінде жүзеге асыруға кепілдік бере алмайды. Мұндай кепілдік беру үшін теорияны жүйелі түрде игерумен қоса, практикалық педагогикалық іскерлікті үнемі жетілдіріп отыру қажет.

Мұғалімдерді кәсіптік даярлауда педагогикалық практиканың ролін бір жақты қарастыруға болмайды. Оны тек теориялық оқытудан кейінгі педагогикалық іскерлікті практикада орындау деп қана түсінуге болмайды. Теория мен практиканың байланысы педагогикалық жоғары оқу орындарында оқытудың басты принципі ретінде болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудың күрделі диалектикасы ретінде қамтып көрсетеді. Бір жағынан, қажетті педагогикалық білімсіз нақты оқу тәрбие процесін түсінуге және оны басқаруға болмайды. Екіншіден, жанды фактілерге сүйенбей, нақты мектеп қызметіне талдау жасамай тұрып, оқыту және тәрбиелеу теориясын терең, әрі жете түсіну мүмкін емес. Демек, жоғары оқу орнында оқып жүрген барлық жылдар ішіндегі оқушылармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстар теория мен практика арасында табиғи байланыс орнатуға жәрдемдеседі.

Педагогикалық практиканың мағызды міндеттері - оқу-тәрбие процестерін мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрену, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну. Мұндай іскерлікті саналы түрде үйрену қажет. Тәрбиелеу мен оқыту педагогикасын психологиясын терең үйрену мұғалімдер қолына қажетті «құрал» береді, педагогикалық құбылыс мәнінің механизмін жете түсінуіне мүмкіндік береді.

Нақты оқу-тәрбие процесін, балалар мен педагогтардың әрекетін бақылаудың, мәселен, табиғатты бақылаудан түбегейлі айырмашылығы бар. Бақылаушы-студенттің қатысуы (оның үстіне студенттер тобымен қатысқан жағдайда) жағдайдың табиғилығын бұзуы, тіпті құбылыс мәнін өзгертуі мүмкін. Егер жасөспірімдер бір-біріне жақсы көретін өлеңдерін оқу үшін, өздерін толғандыратын өнегелі проблемалар туралы әңгімелесу үшін тобымен жиналса, мұндайда өздерінің сүйікті мұғалімі бірге болса, онда бұл басқа мәселе. Мұндайда мұғалімнің бөгеттігі жоқ. Мұғалім мен оқушылар бірін-бірі түсінеді, ашық әңгіме-дүкен құрады. Олардың өзіндік, сенімді педагогикалық қарым-қатынас стилі қалыптасқан, соның нәтижесінде оқушылардың өнегелілігі, азаматтық қалыптасуы дами түседі. Ал егерде олардың арасында «бақылаушы» болса, ол мүлде басқаша мәселе. Сондықтан да дұрыс педагогикалық бақылауды ұйымдастырудың қажетті жағдайы оқушылармен және мұғалімдермен өзара белсенді әрекет болып саналады.

Мұндайда үйреншікті жағдайды бұзатын бөгде адам ретінде қалып қоюға болмайды. Тәрбие процесі - бұл бұрыннан белгілі сценарий бойынша қойылған, оны алдын ала әлде неше рет оқуға, автор ойынан шықпаған жағдайда қайталап ойнауға болатын спектакль емес. Оқушы тәрбиесі - бұл олардың өмірін, өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру. Осы өмірге өзің тікелей араласпай оны тану, күрделі тәрбие процестерінің барлық астарын түсіну мүмкін емес.

Сонымен, теорияны терең түсінуды белсенді педагогикалық қызметпен үйлестіруге негізделген оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық бақылау - педагогикалық практиканың алғашықы күнінен бастап-ақ жетекші міндеттердің біріне айналады.

Педагогикалық практика бірінші курстың екінші семестрінде басталады. Әзірше болашақ мұғалім ретінде мектеп табалдырығын аттағанда толқымайтын, толғанбайтын студент жоқ. Былайша, мектеп те, класс бөлмелері, мұғалімдер бөлмелері, кеше ғана өзін жақсы, әрі еркін сезінген үлкен мектеп коллективінің күрделі өмірі де таныс секілді. Бірақ енді сен педагогика институтының студенті болдың да, мектепке практикаға келдің. Енді сенің өзіңе класстағы, мектептегі балалардың өмірі қызғылықты болатындай етіп ұйымдастыруды үйренуің керек.

Бірінші курс студенттерінің педагогикалық практика алдында ерекше толқуының басты себептерінің бірі - олардың өз күшіне, қабілетіне сенімсіздігі. Мұның өзі кейбір практиканттардың оқушылармен дербес тәрбие жұмысына тез, белсенді, әрі ынталана кірісуіне бөгет жасайды. Мұндайда студенттер алғашқы практикалық қадамынан қанағаттана алмай, өзін педагогикалық қызметке мүлде қабілетсізбін деп ойлап, кәсібінен тайсақтай бастайды. Мұндай құбылыс жиі байқалады, бұл түсінікті де. Тіпті ұзақ жыл ойдағыдай жұмыс істеген тәжірибелі мұғалімнің өзі де жаңа класспен кездесер алдында әрдайым толғанады. Кейде талантты мұғалімнің өзі нағыз дұрыс шешім таба алмайтын кездері де болады. Ал, кейбір мұғалімдердің бір-екі жыл жұмыс істегенімен оқушылармен ортақ тіл таба алмайтыны, олармен дұыс қарым-қатынас жасай білмейтіндігі де жиі ұшырасады. Мұндай жағдайдың жиі болатын себебі, олар сүреңсіз бір амалды ғана қолданады: тым қаталдығымен оқушыларға жек көрінішті болады, олардан оқшауланып қалады немесе керісінше, оқушылардың айтқанын мақұлдаймын деп солардың жетегінде кетеді.

Балалармен дұрыс педагогикалық қарым-қатынас орнату педагогикалық іскерлікке байланысты. Мұндай іскерлікті меңгеру - ерекше міндет, оның өзі педагогикалық практика барысында, әсіресе бірінші курста шешіледі.

Неден бастау керек? Оқушылармен қалайша тіл табысып, ықпал етуге, тілектестік қарым-қатынас орнатуға болады? Іскер мұғалімдер бұл сұрақтарға өз тәжірибесінен, өзі бақылап, талдап жүрген басқа мұғалімдердің тәжірибесінен жауап табады. Студент - практиканттардың өз тәжірибесі болмайды. Бұл істе басқаның тәжірибесін қайталау нәтижесі бермейтіндігін оп-оңай аңғаруға болады.

Педагогикалық қарым-қатынастағы іскерлікті қалыптастыру негіздері алдыңғы тарауда айтылған болатын. Әрине, біркелкі балалар, біркелкі класс болмағанымен, жалпы педагогикалық заңдылық әрбір нақты жағдайда дұрыс жол табуға мүмкіндік береді. Антон Семенович Макаренко ең қиын кластарда біркелкі ойдағыдай жұмыс істеген мұғалімдерді әр алуан түрде, жақсы сипаттап жазды. Әрине Антон Семеновичтің таланты қайталанбайтын құбылыс, алайда оған және оның әріптестеріне балалар психологиясын жете білуі, балалардың, жасөспірімдердің, жеткіншектердің жеке дара ерекшеліктерін, олардың қажеті мен мүддесін, тұрмыс жағдайын т. б. түсінуі жәрдемдескені сөзсіз.

Мектеп оқушыларының ерекшеліктерін, оқушылар коллективінің ерекшеліктерін зерттеп, түсінуге психология курсы жәрдемдеседі. Өйткені бұл курста жеке адамның психикалық ерекшеліктерін зерттеудің жалпы тәсілдері, амалдары беріліп, оның өзі оқыту мен тәрбиелеуде дербес ықпалды қолдануға жәрдемдеседі. Сабақта тәртіптің нашарлағанын байқаған мұғалім әр класта біркелкі әрекет етпейді. Бір класта ол қаталырақ болып, барлығына талапты күшейтеді, өйткені бұл класта берік коллективтік қатынас, күшті актив қалыптасқан. Ал екіншісінде - кейбір оқушыларға ықпал етеді, өйткені мұнда нағыз коллектив жоқ, олардың арасында басқалар қорқатын «бұзақылар» бар. Оның үстіне әрбір «бұзақының» өзіне дербес ықпал қажет, олар да алуан түрлі.

Педагогикалық практикада жекеленген оқушылармен де, оқушылар коллективімен де педагогикалық бірлікте әрекет еткенде ғана оларды танып білуге жәрдемдеседі. Адам дербестігі тек әрекетке ғана қалыптасады, көрінеді. «Бүгін сен немен шұғылданасын»деген тура сұраққа оқушылардан бүгін бір түрлі, ертең басқа түрлі жауап алуға болады; кейде тіпті шын жауап ала алмауың да мүмкін. Оқушылар кез келген әрекетке қатыса отырып өзінің құштарлығын, икемділігін жасыра алмайды.

Сонымен, педагогикалық практика процесінде болашақ мұғалімнің педагогикалық іскерлігі мен өзіне тән кәсіптік сапаларын қалыптастыру міндеті шешіледі, ал оған мыналар жатады:

Қоғамдық-саяси, психологиялық-педогогикалық және арнайы білімдерді орнықтыру, тереңдету, әрі байыту, оларды нақтылы оқу-тәрбие міндеттерінде шешуге қолдану;

Мұғалім мамандығына деген ықыласы мен сүйіспеншілігін, өзінің кәсіптік-педагогикалық тәрбиесі мен біліміне қажеттілігін, педагогикалық қызметке творчестволық тұрғыда қарауды ұдайы тәрбиелеу;

Мектептегі, орта кәсіптік-техникалық училищедегі оқу-тәрбие жұмысының қазіргі жағдайымен, педагогикалық озат тәжірибемен танысу, балалар мен жеткіншектерге коммунистік тәрбие беру міндеттерін шешуде оқу тәрбие мекемелеріне қолдан келгенше көмек көрсету.

2)

Мұндағы елеулі кезең педагогикалық практиканың басталуы оқушылармен алғашқы дербес жұмыстар болып саналады. Бұл кезеңде, жоғарыда айтылғандай, психологиялық тұрғыда ғана назар аударуды қажет етпейді. Тіпті студент өзіне сенімді болғанның өзінде, оқушылармен қалай жұмыс істеуді, алғашқы күндері олармен практикалық жұмысқа қалай кірісу керектігін жете білуі тиіс. Әрі қарай мұндай сауалдар басқаша қойылады: пионерлермен, комсомолецтермен, нашар оқитындармен, тәртіпсіздермен ұзартылған күн тобымен тұратын жерімен т. б. т. с. қалай жұмыс істеу қажет. Оқушылармен күнделікті күнделікті практикалық жұмыс істеудің өзі-ақ қажетті тәжірибе жинақтаудың қайнар көзі болып саналады. Педагогикалық практиканың басты міндеттерінің бірі, міне, осында. Алайда сонымен қоса педагогикалық практикаға даярланудың белгілі бір жүйесі болады. Онда педагогикалық практикаға даярланудың теориялық және практикалық жолдары мен құралдары қарастырылады.

Әрбір теориялық курста педагогикалық қызметтің мәнін белгілі бер шамада айқындайтын, сондай-ақ болашақ мұғалімнің жеке басына қажетті сапаларды қалыптастыратын білім болады. Студенттің өз міндеті - алған білімін болашақ кәсіптік қызметіне неғұрлым ертерек пайдалана білуде. Тіпті студенттің жалпы ой-өрісін дамытуға арналған педагогикалық білімнің өзі де, түптеп келгенде, болашақ педагогтың жеке басының дамуына ықпал етеді. Ал нақтылы практикалық қызмет туралы, оқушылармен алдағы кездесу туралы сөз болғанда нақты басшылық, нағыз көмек қажет.

Мұндай басшылық, педагогикалық практикаға даярлық оқу жоспарында және оқу программасында көзделген. «Мамандыққа кіріспе» курсының көпшілік бөлігі педагогикалық даярлыққа арналған. Бұл курсқа теориялық және практикалық сабақтар енгізіліп, онда басқаларымен қоса оқушылармен тәлім-тәрбие жұмысы, педагогикалық қарым-қатынас амалдары туралы мәліметтер беріледі, сондай-ақ мектеппен - алдағы педагогикалық практика объектісімен танысады.

Бірінші семестрде оқушылардың - балалардың, жеткіншектердің, жасөспірімдердің ерекшеліктерін үйрену методикасын меңгеру жөнінде арнайы сабақтар өткізу көзделген. Бұл методикалар педагогикалық практика барысында пайдаланылуы мүмкін.

Бірінші семесрде педагогикалық практика басталғанға дейін студенттердің ұйымдастырушылық іскерлікті және былайша айтқанда, кейбір қолданбалы педагогикалық іскерлікті меңгеруіне болады: онша күрделі емес спорт ойындарын өткізеді, ертегі оқып береді немесе айтады, пионерлерге қабырға газетін безендіруге көмектеседі. т. б. Мұнсыз оқушы-пионерлермен қарым өатынас жасау мүмкін емес. Осының барлығын институттағы қоғамдық кәсіп факультетінде оқып-үйренуге болады және оқып-үйрену керек те.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломалды практика бағдарламасы
Педагогикалық практиканың жетекшілерінің міндеттері
Жоғары оқу орынындағы студенттердің педагогикалық практикасы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Педагогикалық практиканың міндеттері
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін үздіксіз педагогикалық практика арқылы даярлау
Педагогикалық практиканың бағдарламасын құрастыру
МАГИСТРАНТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
СТУДЕНТТІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ-ТІРКЕУ КІТАПШАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz