Адамзат тәрбиесіндегі халық педагогикасының ролі


Жоспар:
Кіріспе
Адамзат тәрбиесіндегі халық педагогикасының ролі
Негізгі бөлім
Тәрбие аясы жеке адам және оның дамуының ішкі, сыртқы факторлары.
Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі теориялық көзқарастар.
Қорытынды
Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні және оның жалпы заңдылықтары мен принциптері.
Адамзат тәрбиесіндегі халық педагогикасының ролі. Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келеді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың парызы болды. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиетерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын көрсетеді.
Әрине жастарға тәлім - тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлермен шетелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін халық педагогикасына кешенді қараған жөн.
Халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық даналығы - мақал-мәтел, ертегі, өлең жыр түрінде, ақын - жыраулардың, шешендердің сөздері толғау, өсиет өлеңдері арқылы баяндалып отырған. Осы тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі - ауыз әдебиеті, оның ішінде тәрбиелілік мәні зор. 15 ғасырдан 20 ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын - жырауларының шығармалары болады. Бұл жөнінде көптеген мына мысалдарды еске алайық.
Мінезі жаман адамға,
Енді қайтып жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен,
Жалған айтып суыспа.
Ғылымым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөз бастама.
Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен қостама.
Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы)
Жаманмен жолдас болсаңыз
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз
Айырылмасқа серт етер.
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы.
(Бұқар жырау)
Тар заман құрсуында өтсе де өмір,
Адамдық қасиетке жастан жармас!
Мәз болмайды күнгі күн көріске,
Есіңе ал келешекті жора - жолдас!
Біленге білім байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренсең өнер - білім, өшпес мұра,
Таусылмас тау кеннің қордасындай.
(Омар Шораяқов)
Кейбіреу сәл бақытқа мас болады.
Шабақтай шалпылдаған қайраңдағы.
Адамдық ісіне жұрт аңсап тұрсын.
Не керек қарыныңың құр майланғаны?!
Көңіліне Мен де адаммын! деп жүргенде көп,
Кілегей майға ұқсап айрандағы.
Үйретіп үлгі өнеге,
Таза бақ, жасы кішіңде!
Ақылың астам болғанмен,
Ойласпай етпе ісіңді!
«Қоям, - деп - халықпен қарсы» - бір өзіңді,
Байқамай болып жүрме тірі езінді.
«Әрқашан алам - десең, - төрден орын, -
Түзеп ал, татуасыз қып мінезіңді!
( Тұрмағамбет Ізтілеуов)
Ақын - жыраулардың даналық сөздерінің этникалық, философиялық маңызы зор. Олардың өсиет өлеңдерінде адам баласының мінезіне психологиялық, этикалық сипаттама берілген. Өнер - білімді игеру, ел қамын, оның келешегін ойлау мәселесі де баяндалған. Халықтың даналық сөздерінің мазмұнын ашу, жастардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру, адамгершілік сезімін ояту ұрпақ тәрбиесінде басты мәселе екені сөзсіз.
Халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындары, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, ауызша есеп т. б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой - өрісін, зеректігін дамыту және тапқырлығы мен шешендігін анықтау үшін тәрбие құралы түрінде қолданылып келді.
Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жас өспірімдік шақтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім - тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналды. Бүкіл халқымыздың ұзақ өмірінде өздері қызықтаған алуан ойын өнері болды. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шатандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байлаысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған.
Қазіргі қайта өркендеу ұлттық мәдениет пен салт - сананың жаңғыру кезеңінде баспа беттерінде ұлттық ойындар туралы жазылған бірсыпыра мақалалар, құнды еңбектер пайда бола бастады. Солардың ішінде Е. Сағындықовтың «Қазақтың ұлттық ойындары» деген кітабын атауға болады. Кітапта ұлт ойындарының шығу жолдары мазмұны және ұйымдастырып жүргізу тәсілдері жақсы баяндалған. Оларды оқу тәрбие саласында үлгі түрінде шебер пайдаланып, бүгінгі және болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру қажет.
Кітапта ұлт ойындары өзінің мазмұнына байланысты үш топқа бөлінген: ойын сауық, тұрмыс - салт ойындары, дене шынықтыру, спорт ойындары, оймен келетін ойындар.
- Ойын - сауық тұрмыс - салт ойындарының қырықтан астам түрлері бар. Олар: мысалы: «Қалтырауық қара кемпір», «Ақ боран», «Күзем алу», «Жар-жар», «Қыз кәде», «Беташар», «Сыйқырлы таяқ», «Сақина тастау», «Алтыбақан» т. б.
Ұлт ойындарының бұл тобында халқымыздың өмірінде, тұрмысында қалыптасқан өнер мен білім, еңбектің түрлері, жастар арасындағы ойын - сауықтар, халықтың мақал-мәтелдері, ұрпақтың негізгі жайттарды жан - жақты түсінуіне көмектеседі.
- Дене шынықтыру, спорт ойындары қазақ халқында үлкен орын алады. Олардың саны жүзден астам. Сондықтан, ол ойындардың халық жиі қолданып келген бірнеше түрлерін атап кетуге болады: «Ақ серек, көк серек», «Айгөлек», «Ақ сүйек», «Жаяу көкпар», «Қазақша күрес», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Қыз қуу» т. б.
Бұл топтағы ұлттық спорттық ойындардың дене шынықтыру тәрбие саласында маңызы өте зор. Ұлт ойындарының түрлері жастарды батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, қайраттылыққа еңбектенуге ұжымдық іс - әрекетіне шығармашылық ынтымақтастыққа бағдарлай білуге тәрбиелейді, олардың қабілетін жетілдіреді. Мысалы: «Ақ сүйек» ойыны жастары қараңғыда бағдарлап білуге, шамамен қашықты айыра білуге, жылдам жүгіруге, тез табуға үйретеді.
Спорттық және таза ауада дене шынықтыру ойындарын тиімді етіп өткізу ұйымдастырушылардың тәрбиешілердің білім деңгейіне, қабілетіне, шеберлігіне байланысты.
3. Оймен келетін ойынар жастардың қисындылық және математикалық ойындарының дамуына көмектеседі. Олардың ішінде өте күрделі ойындарға тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы жатады. Сонымен бірге оймен келетін ойындардың жастардың басқа да көптеген түрлері бар. Мысалы: «Үш аманат», «Қай қолымда?» және жұмбақтар арқылы орындалатын ойындар.
Мақал - мәтелдер. Халықтың ауызша ақындық (поэзиялық) шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Оларда ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік - тарихи тәжірибесі жинақталған және өмір, тұрмыс, жастар тәрбиесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой - пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Осындай қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп дана адамдардың өлең өрнектерімен ойластырған мақал - мәтелдерін үнемі пайдаланып келген. Мақал - Мәтелдер халық өмірінің барлық жағын қамтиды. Мысалы: Ел, жер жөнінде.
Ұлтарақтай болса да
Ата қоныс жер қымбат
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен жер қымбат.
Басқа елде сұлтан болғанша
Өз еліңде ұлтан бол.
Имандылық қасиеттерге байланысты мақал - мәтелдер:
Жолдас болсаң жақсымен,
Жетеді қолың мақсатқа.
Жолдас болсаң нәмәртпен
Аунатар бір күн батпаққа.
Адам болар жігіттің
Етек жеңі кең болар.
Қошқар болар қозының.
Маңдайлары дөң болар.
Ата - аналар жайлы:
Әкеге қарап ұл өседі,
Шешеге қарап қыз өседі.
Ата - ананың қадірін
Балалы болғанда білесің.
Білім практика жайлы мақалдар.
Күшті адам бірді жығады,
Білімді адам мыңды жығады.
Ғалымның сөзін тұтпасаң
Жаһилдің жолын ұстасаң,
Көретін шырақ шілде жоқ.
Көп жасаған білмейді,
Көп көрген біледі.
Халықтың мақалдары мен мәтелдерін оқу - тәрбие жұмысында қолдану үшін олардың түрлеріне байланысты жоспардың әр тарауларына енгізуді дұрыс ойластыру керек. Әрбір тақырып бойынша шаралардың тәрбиелік білімдік жағына мән беріп; жоғары әдістемелік деңгейде өткізілуін қамтамасыз ету қажет. Әрине, мұның бәрі ұйымдастырушы адамның кәсіби қабілетіне, іскерлігіне байланысты.
Жұмбақтар. Халық арасында ежелден айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптен саналады. Жұмбақ жастардың қиялын, танымдық іс - әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап, ой елегінен өткізеді. Содан кейін шешім қабылдайды.
Жұмбақтың тәрбиелік және дидактикалық мәні де зор. Сондықтан оларды тәрбие сағаттарында, әр түрлі ойын - сауықтарда пайдалануға болады.
Ауызша есеп. Халқымыз жеткіншектік және жасөспірімдік шақтағы балалардың логикалық және материалдық ойлау қабілетін дамыту үшін, оларды ауызша есептеу тәсіліне үйреткен.
Тәрбие аясы жеке адам және оның дамуының ішкі, сыртқы факторлары.
Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастастыру және оның жан - жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттердің табысты шешімін беру жеке адамның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал ететінін білумен байланысты.
Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі «жеке адам» түсінігінің өзін айқындап алу.
Шынында да тәрбие аясы «жеке адам» нені білдіреді? Бұл түсініктің «адам» түсінігімен арақатынасы қандай? Бұл сұрақтардың жауабын генетикалық тұрғыдан берген жөн.
Ең алдымен ескертетін жайт: адамның дамуында бір - біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі биологиялық, екіншісі - әлеуметтік. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап, оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің даму адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы процесінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру процесі оның дамуының жастық сатылары мен мінез - құлығында көрініп, осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратымыз.
Бірақ адамның табиғи дамуы көпсанды әрі саналуан әлеуметтік салалар қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып барады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т. б. Өсе келе ол білім игереді, моральдық қалыптармен ерекшеліктерді орындайды, әр түрлі жұмыс істеуге ептіліктермен дағдыларды қалыптастырады, және олардың барлығы да өмір барысында адамда пайда болып дамып отырады.
Сонымен адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады әрі дамытады. Міне осыдан ол ғылымда био әлеуметтік тұлға субъект яғни тарихи - қоғамдық қызметпен таным иесі деп танылады. Демек «адам» түсінігі осыдан әлеуметтік және биологиялық сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді. Ал «жеке адам» түсінігін алатын болсақ ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты.
Сонымен « жеке адам » дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.
Егер жеке адам өз сапа және іс - әрекетін қоғамдық прогресс бағыты мен ойластыра алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неұрлым айқын көрсте алса өз іс әркетіе ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан «адам» және «жеке адам» түсініктерінің сипаттмасы «даралық» түсінігімен толықтырылады.
Даралық. Бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері шығармашылық іс - әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің өзіндік көріністерімен бөлектенеді. Даралық түсінігі бар адамды екіншіден айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді.
Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры моллая түседі; көптеген әлеуметтік - тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игерді.
Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі теориялық көзқарастар.
Адам жөніндегі басқа ғылымдардағыдай педагогика үшін де ең басты мәселе -жеке адамның дамуы және сол дамудың көзі мен ықпал күштері. Идеалистік және материалистік ағымдар бұл туралы әртүрлі тұжырымдар пайымдауда.
Идеализм өкілдері қай бағыттағы болмасын, жеке адамның қалыптасуын алдын - ала болжастырылған бағдарламаға теліп, ол бағдарламадағы сапа мен қасиеттер өз
бетінше өріс алатынын уағыздайды. Ал тәрбие олардың ойынша жәрдемші роль атқарып, сол бағдарламаның іске асуына көмектесуші ғана құрал.
Қазіргі заманғы идеалистік философия, психология мен педагогика әлеуметтік төңкерістер мен күйзелістерге толы қоғам жеке адамның тозуына себепші, сондықтанда адам өзінің шын кемеліне жету үшін қоғаммен байланысын үзу қажеттігін дәріптейді. Бұдан шығатын қортынды: адамдық мән рухани және әлеуметтік бостандықты алу үшін күрес емес, өз болмысының шын, ең жоғары сыр-мағынасын тану немесе тәңірлік кемелге жақындау.
Идеалистік педагогикада жеке адам дамуы жөніндегі пікір - сайыста бірнеше теориялық концепциялар бар.
Матералистік бағыттағы философия және оның көрнекті өкілдері жеке адамның дамуы мен қалыптасуы туралы:
- ежелгі грек философы Эпикур: адамның қоғамдағы иеленген орнының әртүрлі болуы оның табиғтынан емес, тұрмыстық жағдайы мен таптық тұрғысынан;
- француз философы Гельвеций: адам қоршаған орта нәсілдік және тәрбиеге байланысты біртұтас әсерлердің нәтижесінде қалыптасады. Соның ішінде аса маңыздысы
- тәрбие;
- В. Г. Белинский: адам табиғаттан, бірақ оны дамытып, жасайтын қоғамнан;
Н. Т. Чернышевский: адамдарды бұзықтыққа келтіретін табиғат не олардың нәсілдік кемістігі емес, қолайсыз қоғамдық жағдайлар мен жаман тәрбие.
Осы күнгі педагогикада жеке адам дамуы жөнінде қалыптасқан ой - пікірлер төмендегіше:
Адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуына оның дамуға деген табиғи қабілеті аса маңызды. Әр адам іс - әрекеттің түрінде негіз болар нышанмен дүниеге келеді. Сондықтан да адамның биологиялық және әлеуметтік даму мүмкіншілігі бір - бірімен тығыз байланыста, бірақ әлеуметтік фактордың ролі басымдау.
Жеке адамдық дамудың ықпалды көзі - тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса ол адам қалыптасуына жетекші фактор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz