Кәсіпкерлікке қолдау көрсету


Кіріспе 3
I Кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің теориялық негіздері
1. 1 Кәсіпкерліктердің түрлері, қатынастары және бизнеске
қатысудағы өзгешеліктері 6
1. 2 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің
дамуы 13
1. 3 Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекешелендіру
барысы 21
II Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметін басқарудағы
мемлекеттің рөлі
2. 1 Шағын кәсіпкерлік - ұлттық экономиканы дамытудың
маңызды шарты 30
2. 2 Қазақстандағы кәсіпорындар қабылдаған маркетинг және
менеджмент 36
2. 3 Кәсіпорындардағы қаржы мәселесін қалыптастыру 44
III Кәсіпкерліктің кәсіпорын қызметінің пайдалы-
лығын арттыруы
3. 1 Кәсіпорынның жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі 52
3. 2 Кәсіпкерліктің кәсіпорындардағы сыртқы экономикалық
қызметін жандандыруы 62
Қортынды 68
Қолданылған әдебиеттер 71
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастарды қалыптастыру-дың қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және көтеру экономиканың басты міндеті болып отыр.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін Республикамыздың тәуелсіздікке ие болған уақыттан бастап атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын.
Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорындарда ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарда өнімді және өндірісті сатуға кететін шығындарды азайтуға қол жетеді. Сол - сияқты бизнес жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі - менеджмент іске асырылады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса салауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғарғы табыспен, ең соңында көп пайданы табуды қамтамасыз ететін болса.
Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық негізін терең білгендері қажет.
Шағын кәсіпкерлікті қамтыған қиындықтар елдегі экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және мемлекеттік сектордың оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы мен айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл осы саласына қайтадан бағдарлап жіберді. Ал қазіргі кезде мемлекетімізде шағын бизнесті дамытуға қолайлы жағдайлар қалыптасты және мемлекет тарабынан, сонымен қатар бизнестің өзі де ары қарай жылдам дамуы үшін іс-әрекеттер жасалынып жатыр.
Мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру, инфляция деңгейін төмендету, төлемді сұраныстың жалпы қысқаруы, капитал айналымының аясын толтырып жіберу және осы саладағы күшейе түскен бәсекелестік, шағын кәсіпкерлікті айтарлықтай қиындықтарға ұшыратты. Қатал бәсеке, ең алдымен, бағасыздану және таза табыс мөлшерінің төмендеуі шағын кәсіпкерлікті өз табысын өсіріп немесе сақтау үшін «көлеңкелі» экономикаға кетуге, салық төлеуден жалтаруға мәжбүр етуде.
Осы дипломдық жобада ұсынылып отырған жалпы теориялық жақтармен қатар кәсіпорынның күрделі және жан-жақты қызметін тереңірек көрсетуде нақты мысалдар мен берілген бірқатар жобалар бар.
Менің «Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі» деген тақырыпқа тоқталған себебім қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар Қазақстанда қанат жайып, өз жұмыстарымен айналысуда. Кәсіпкерлікті не үшін мемлекеттің қолдауы тиіс? Кәсіпкерліктің қандай пайдасы бар? Олардың тиімді және тиімсіз жақтары қандай? Деген және т. б. көптеген сұрақтардың туындауы еді. Мен осы жұмысты қолға алып үшінші курстан бастап мәселелер жинақтадым. Мысалы «ТИКО-1» құрылыс кәсіпорынында тәжірибелік жұмысты атқару барысында көптеген кәсіпкерлік жұмысының мән-жайымен таныс болдым. Осы кәсіпорында аз ғана уақыт тәжірибе жұмыстарымен айналысып, көптеген жұмыстардың тәсілімен таныстым. Кәсіпорынды қаржыландыру жағын қарстыра отырып Қаржы министірлігінде тәжірибе жұмысын атқару барысында жалпылай таныс болдым.
Міне осы ұсынып отырған дипломдық жобамда кәсіпкерлікті қолдау, олардың даму, жұмыспен қамтамасыз ету тағы басқа мәселелерді ортаға салып талқыладым. Тек қана теория жақтарын қамтымай көптеген мысал келтіре отырып дипломдық жұмысты бастадым.
Дипломдық жобаның мақсаты мемлекеттегі кәсіпорындардың қолдануын зерттеп, тану. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, сегіз бөлімнен, қортынды және қолданылған әдебиеттен тұрады. Осы тараулардың ішінде өзекті мәселелер қарастырылған. Оның ішінде кәсіпкерлікке қолдау көрсету, кәсіпкерлікті басқарудағы мемлекеттің рөлі және пайдасын арттыру сияқты сұрақтар қозғалған.
I Кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің теориялық негіздері
1. 1 Кәсіпкерліктердің түрлері, қатынастары және бизнеске
қатысудағы өзгешеліктері
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында қызметтің бұл түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктерінің пайда болуына әкеледі.
Қазақстанда мемлекет игілігінен алу және жекешелендіру саясаты әрқайсысы алдыңғысының қисынды жалғасы болып келетін төрт кезеңмен жүзеге асырылады. Әрбір кезең тиісті нормативтік құқықтық базаны жасаумен және онан арғы түбегейлі өзгерістердің барысын анықтайтын бағдарламаларды әзірлеумен қатар жүрді. Кеңес одағынан кейінгі көптеген мемлекеттегідей, Қазақстандағы жекешелендіру мемлекеттік меншіктен сақтап қалуға салмай, жалпы экономикалық реформалар мен мәтінінде қарастырылады. Жекешелендіру өз алдында экономикалық өрлеу үшін әмбебап рецепт болып табылмайды. Ол бар болғаны меншіктің жеке және мемлекеттік түрлерін өндіріс құралдарына осы сөздің кең мағынасында енгізетін экономикалық саланың бәсекеге қаблеттігін күшейтеді.
Бастапқы кезеңде екі жылға мемлекеттік меншікті мемлекет игілігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы жасалды.
Шағын кәсіпорындарды сату үшін аукциондық және конкурстық әдістер қолданылады. Орта және ірі кәсіпорындарды мемлекет игілігінен алу кезінде оларды алдын ала акционерлік және басқа да шаруашылық серіктестіктер мен ұжымдық кәсіпорындарға түбегейлі өзгерту қарастырылды.
Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш - жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға:
Біріншіден, коммерциялық бағыт - бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге;
Екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде, тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми техникалық прогреске жетуге тікелей байланысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық - өндірістік, сауда, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және тағы басқалар коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің объектілері мыналар бола алады:
- Қазақстанның азаматтары;
- шетел мемлекеттерінің азаматтары;
- адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы) .
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды емес тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдармен реттеледі:
- кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар орындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
- барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
- меншік түрлеріне және ұйымдастыру - құқықтық реформасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
- `кәсіпкерлердің мүліктерін заңсыз айыруды қорғау;
- кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
- нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды өз қолына алады, ал тұтынушы оған бүгінен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, оны сатады, пайда түсіреді. Осыған орай кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады.
Жоғарыда айтылғандай, кез - келген кәсіпорынның нарықтық жағдай-дағы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамта-масыз ету. Бұл мақсатқа жетуді күрделі жолы, бұған қосылатын тек пайда тауып қана қоймай, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес. Кәсіпорын, егерде өзінің жұмысында белгілі бір қағидаға сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:
- жоғарғы сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктерге, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
- өзара алмасушылардан ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
- кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
- ғылыми - техникалық жетістіктер мен озық тәжрибені еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
- өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуі және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгей-лерін арттыру, еңбек ұжымдарына қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
- кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қорғау;
- Баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.
Қорыта айтқанда, ең маңыздысы кәсіпорындардың барлық фукциясы межеленген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн. Қазіргі заман жағдайында көптеген отандық кәсіпорындардың алдында кәмілдік басқа мақсаттар мен міндеттер тұр, ал пайда табу осылардан кейінгі орынды иеленеді. көптеген кәсіпорындардың басшылары бұл кезеңдегі негізгі мақсаттары олар үшін - өнімді өткізу, кәсіпорын қызметкерлеріне жалақыны уақытылы төлеу деп есептейді.
Осы кезеңдегі қиындық жағдай Қазақстан экономикасы үшін жақын арада бастан өтеді, кәсіпорындар бірте - бірте қалыпты жұмыс істей бастайды, нарықтық экономикаға тән алға қойған міндеттер шешіліп, мақсаттарға жетеді, үдемелі қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларын, атап айтқанда кәсіп-орындарды шоғырландыру, кооперациялау және құрамдастыру жұмыстары іске асады деп үміттенуге болады.
Қазақстанда «Меншік туралы» Заңға сәйкес кәсіпорындар мемлекеттік, жеке меншіктік сол сияқты меншіктік аралас нысанасы түрінде құралады және іс істей алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар - мұнда негізгі құралдар мемлекеттің мен-шігінде болады. Мемлекеттік органдардың қарамағында болатын кәсіпорындар қазыналық деп аталады.
Мемлекеттік холдинг компаниясы - холдинг деп үлкен корпорация-лардың ортақ мүдделерінің сақталуына акциялардың бақылау пакеті арқылы бірыңғай бақылай жасауды айтады. Алғашқы кезеңде Қазақстан-да мемлекеттік акционерлік кәсіпорындарды құрылғанда халық шаруашылығы салаларында көптеген холдингтер көріне бастады. Біздің республикада жеке меншік секторы мына төменгі бөлімшелерден тұрады:
Жеке кәсіпкерлік - деген бір адам иелік ететін бизнес. Бұл жеке кәсіпкерліктің ең жай нысаны, мұнымен айналысуға әрекетті әрбір азаматтың құқығы бар. Жеке бизнеспен заңды тұлға болмайды, сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл түрі ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға заңгерлік іс - әрекеттерге тән болады.
Толық серіктестік - екі немесе одан да көп тең құқықты адамдардың ұйымдасқан шаруашылық қоғамының, бірлестігінің түрі. Бұл заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Олар кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыру үшін бірігіп, жасасқан шарт негізінде өз мүліктерімен қоғам алдында жауапты болады. Толық серіктестіктің мүлкі оның қатысушыларының үлес жарнасы негізінде қалыптасады.
Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері: шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген; фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі; фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы және тағы басқалар.
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорациялар иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның кемшіліктерінен артықшылықтары басым.
Фирманың көлеміне сәйкес кіші, орташа және ірі бизнес болып бөлінеді. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді.
Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады.
Венчурлік фирма бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Венчурлік кәсіпкерлік тұңғыш ретекінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-та пайда болған. Ал, Қазақстанда құрыла бастаса да жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас кең тарамай отыр. Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы зор өйткені ол көп мәселелерді шешеді.
Орташа бизнестің рөлі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес бола алады. Нәтижесінде ірілер қатарынан шығуы мүмкін, немесе мүлде күйрейді. Ірі бизнес - көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арзан және мол өнім өндіруіне мүмкіндік береді.
Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «кәсіпорын» деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уақытқа дейін ол ерекше ұйымдық - құқықтық форма деп түсіндірілетін, яғни меншігі жоқ коммерциялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет. Шынында да мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-әрекетте болды, өйткені кәсіпорындардың өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір-бірімен жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді, өйткені меншік иесі болып қала береді.
Сенімгерлік серіктестік - шаруашылық қоғамдарының бір түрі. Оған шарт жасасу негізінде екі, одан да көп кісі біріге алады. Алайда олар мүлікке деген жауапкершілігіне қарай екіге бөлінеді. Бірінші топқа жататындар толық үлесшілер немесе толық мүшелері деп аталады. Олар қоғамның борышы үшін өз мүліктерімен толық жауап береді. Ал, командиттер сенім бірлестігі деп аталатын екінші топтағылар қоғамға қосқан жарнасы көлемінде жауапты.
Жауапкершілігі шектеулі қоғам - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның түрі. Жауапкершілігі шектеулі қоғамның оның мүшелері есебінен жиналған жарғы қоры бар. Жауапкершілігі шектеулі қоғам жабық қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады. Қоғам акциялар шығармайды. Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы тарату мүмкіндігін шектейді.
Қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам - қатысушылардың жарғылық қорға өздерінің міндетті салымдарымен жауап беретін қоғам, ал бұл қаражат-тардың жетіспейтін кезінде - қосымша өздерінің мүліктерімен салған салымдарының үйлесімді мөлшері. егер бір мүше банкрот болса, оның жауап-кершілігі қалғандарына, солардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.
Ашық акционерлік қоғам - бұл заңдылық құқығы, жарғысы бар қоғам. Ол рұқсат ету жолымен құралады, акцияда бірден үлесі бар, белгілі бір мөлшерде бір бөлшектенген негізгі капиталы болады. олардың негізгі капиталы акция-ларға бөлінеді. Акцияның ақшалай соммасы негізгі капитал көлеміне сай болуы керек.
Жабық акционерлік қоғам - ашық акционерлік қоғамнан акцияларды таратудың ерекше әдісімен өзгеше. Оның мәні акционерлік қоғамның акциясын сатып алуды акционер басқалармен салыстырғанда артық құқыққа ие болады. Міне, осыдан барып, акционерлік қоғамның өнеркәсіпте, саудада, банк және сақтандыру жүйесінде, экономиканың басқа да салаларында кеңінен дамуына әсер етеді.
Өндірістік кооператив - бұл қоғамның қызметі принцпінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Кооператив кәсіпкерлік нысанына тән жағдай, оның мүшелерінің сол кооперативпен тығыз орнатуында. Кооператив - ол заңды иегер. Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшіл экономикасынан өзгеше, тауар-ақша айналымына, номиналды емес ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да құқықтық жағынан да кәсіпорын құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру емес, бір тұлғаның компаниясын құруды көздейді, яғни шаруашылық қоғам-дарды. «кәсіпорын» деген түсінік тек коммерциялық емес ұйым ретінде - меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.
- Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктер-дің дамуы
Президент Н. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдау-ында үлкен міндеттер қойды. Осы міндет үдесінен шығу үшін облысымызда шағын кәсіпкерлік нысандардын дамытудың маңызы зор. Дамып та келеді.
Кәсіпкерлік - кәсіпорынның экономикалық дамуының негізгі факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. 15 жыл ішінде Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауда, экономиканың дамуының нақты кезеңіне тән проблемалық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұған - шағын кәсіпкерліктің даму келешегі мен мәселелері, оның жеке мәселелері мен мән - мәтінінде, мемлекеттің ұзақ мерзімді перспективаға экономикалық дамуының мақсаттары мен артықшылықтарының жалпы жүйесінің өзара байланыссыз қаралуы себепші болады.
Соңғы жылдары мемлекеттік саясат өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен мемлекеттік ғылыми - техникалық әлеуетін арттыру көзқарасы тұрғысынан ең үлкен әлеуеті бар шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына жәрдем беруіне бағытталған. Шағын және орта бизнестің дамуы, шағын кәсіпкерлік пен мемлекеттің өзара байланысы, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатының қалыптасуына жаңа тәсілдер талдау - бұл мемлекеттің жаңа мәселелері.
Қазақстанда шағын бизнестің тіркелген субъектілер саны жыл сайын көбейіп жатыр. Осылайша соңғы бес жыл ішінде олардың саны екі есеге өсті, соның ішінде шағын бизнес кәсіпорындарының саны - 1, 5 еседен астам, жеке кәсіпкерлер саны - 2, 7 есе, шаруа қожалықтары - 1, 6 есе өсті.
1 кесте - Шағын бизнестің тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны.
Соңғы 7 жыл ішінде республикадағы шағын бизнес кәсіпорындарының үлесі екі еседен аса өсті. Бұл арада өсудің ең жоғарғы серпіні келесі қызмет түрлеріне тән: «құрылыс» - 3 есеге; «сауда, автомабильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдалану бұйымдарын жөндеу», «кен өндіру өнеркәсібі» - 2, 3 есеге өсті.
Осы жылдар ішінде шағын бизнес экономикалық қызметтің барлық түрінің ішінде «сауда; автомабильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдалану бұйымдарын жөндеу», «құрылыс» және «көлік және байланыс» үлесі үздіксіз өскен.
2 кесте - Экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындарының құрылымы
Жыл басында, пайызбен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz