Газ-66 автокөлігінің жалпы сипаттамасымен танысу



Кіріспе 4
1. Агрегаттарды сипаттау 5
1.1.Рульдік механизмдер туралы түсінік 5
1.2. Рульдік басқару жүйесінің талаптары 7
1.3. Рульдік басқару жүйесінің мақсаты мен түрлері 9
2. ГАЗ . 66 жүк көлігі туралы жалпы түсінік 22
2.1 ГАЗ . 66 көлігінің сипаттамасы 22
2.2. ГАЗ . 66 көлігінің рөлдік басқару жүйесін жөндеу 26
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32
Алғашқы қауымдық құрылымда да көліктік талаптарды қанағаттандыру мәселелерін адамдар қарапайым жолмен шешкен. Еңбек құралдары, жануар және өсімдік тағамдары, баспана мен киім дайындауға арналған материалдар және отынды бастапқы кезеңдерде адамдар өз иықтарында немесе сүйреу арқылы тасымалдады. Жануарларды қолға үйретіп асырау шегінде оларды адамдар мен жүктерді тасымалдау мақсатында жиі пайдалана бастады.
Мұнымен байланысты көлік анықталған төлем- ақыға жолаушылар мен жүктерді тасуды жүзеге асыратын өзіндік салаға бөлінді.
Мұнда көлікке де кеңінен тараған бір жағынан көліктің өзінің даму прогресін жылдамдатуға, екінші жағынан ірі машина өндірісінен ескі бұғауларды шешіп тастауға ықпал ететін мұнан кейінгі мамандандыруды байқау қиын емес.
Жалпы мемлекеттік көліктік жүйенің негізін ортақ пайдаланылатын көлік құрайды. Дәл соның өзі халық шаруашылығының барлық салаларының өзара әсерлесуінен туындайтын елдегі тасымалдаудағы барлық негізгі талаптар мен сауда аймағындағы және тұрғындарға қызмет етудегі барлық негізгі тасымалдауды қамтамасыздандыратын өзіндік «көліктік өнеркәсіп» болып табылады.
Қазіргі заманғы автомобиль көлігінің техникалық базасы болып қозғалмалы состав, жолдар және автокөліктік кәсіпорындар болып табылады[6].
Қозғалмалы бөлік - автомобильдер, жарты тіркемелер және тіркемелер. Автомобильдер активті өзіндік қозғалмалы бірліктердей жабдықтаудың басқа барлық элементтерінің техникалық деңгейін және экономикалық- эксплуатациялық сипаттамаларын анықтайтын қозғалмалы составтың негізгі және күрделілек бөлімі болып табылады. Жарты тіркемелер мен тіркемелер- бұл жүктер мен жолаушылар үшін моторсыз арба.
Рөлдік басқару – жүргізуші басқару дөңгелектеріне әсер еткенде басқару дөңгелектерінің айналысын қамтамасыз ететін қондырғылардың жиынтығы. Ол рөлдік механизм мен рөлдік берістен тұрады. Басқару дөңгелектерін рөлдік механизмге айналысын жеңілдету үшін күшейткіш орнатылуы мүмкін. Рөлдік механизм жүргізуші күшін руьлдік беруге өткізуге арналған және рөлдік дөңгелекке қойылған айналдыру мезетін арттыруға арналған. Ол ішкі дөңгелектен, білік пен редуктордан тұрады. Рөлдік беру рөлдік механизмнен көліктің басқару дөңгелектеріне күшті өткізу үшін және олардың айналы бұрыштары арасындағы қажетті қатынасты қамтамасыз етуге қазмет етеді [1].
Зерттеу мақсаты. ГАЗ-66 автокөлігінің жалпы сипаттамасымен танысу. Рөлдік басқару механизмін жөндеу кезіндегі детальдармен жақсылап танысу.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс 2 бөлімнен, кіріспе, қорытынды бөлімдерінен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу міндеті: ГАЗ-66 жүк көлігінің жөндеу кезінде белгілі бір артықшыылықтар мен кемшіліктерді таба отырып, тереңдетіп зерттеу.
1. Алиев Б.А. Автомобильдер мен қозғалтқыштартеориясы. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2010. – 209б.
2. Мусабеков М.О. Көліктехникасыныңэнергетикалыққондырғылары. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 359б.
3. Жүнісбеков П.Ж. Автомобиль құрылысыжәнепайдаланылуы. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2010. – 349б.
4. Вахламов В.К. Автомобили. Основы конструкции. Учебник для ВУЗов. М.: Издательский центр «Академия», 2004.- 528 с.
5. Стуканов В.А. Устройство автомобилей: Учебное пособие.- М.: «Форум», 2006.- 496 с.
6. Роговцев В.Л., Пузанков А.Г. Устройство и эксплуатация автотранспортных средств: Учебник водителя – М.: Транспорт, 1991. – 432 с.
7. Вишняков Н.Н., Вахламов В.К. и др. Автомобили: Основы конструкции – М.: Машиностроение, 1986. – 304 с.
8. Литвинов А.С., Фаробин Я.Е. Автомобиль: Теория эксплуатационных свойств – М.: Машиностроение, 1989.- 240 с.
9. Гришкевич А.И. Автомобили: Теория – М.: Высшая школа, 1986. – 203 с.
10. Гришкевич А.И. и др. Автомобили: Конструкция, конструирование и расчет. Трансмиссия – Минск: Высш. школа, 1985. 240 с.
11. Осепчугов В.В., Фрумкин А.К. Автомобиль. Анализ конструкций, основы расчета – М.: Машиностроение, 1989. – 304 с.
12. Михайловский Е.В. и др. Устройство автомобиля. – М.: Машиностроение, 1985. – 352 с.
13. Сергеев В.П. Автотракторный транспорт: Учебник для вузов. – М.: Высшая школа, 1984. – 304 с.
14. Тракторы. Конструкция: Учебник для вузов. Под общ.ред. И.П. Ксеневича. – М.: МГТУ «МАМИ», 2001. – 821 с.
15. Виноградов В.М. Технологические процессы ремонта автомобилей: Учеб.пособие. – М.: Академия, 2007. – 384с.
16. Епифанов Л.И., Епифанова Е.А. Техническое обслуживание и ремонт автомобилей. Учеб.пособие СПО. – М.: Форум, 2004 – 208с.
17. Руководство по обслуживанию ГАЗ-66, 1990 г.
18. «Войсковой ремонт автомобиля ГАЗ-66»
19. Устройство, техническое обслуживание и ремонт. — Москва: Транспорт, 1988. — С. 4-6. — 312 с
20. Автомобиль ГАЗ-66 и его модификации. Руководство по ремонту — каталог деталей / под ред. главн. конструктора ОАО «ГАЗ»Кудрявцева Ю. В.. — М.: Агро-книга, 1996.
21. https://ru.wikipedia.org/wiki/ГАЗ-66

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
4
1. Агрегаттарды сипаттау
5
1.1.Рульдік механизмдер туралы түсінік
5
1.2. Рульдік басқару жүйесінің талаптары
7
1.3. Рульдік басқару жүйесінің мақсаты мен түрлері
9
2. ГАЗ - 66 жүк көлігі туралы жалпы түсінік
22
2.1 ГАЗ - 66 көлігінің сипаттамасы
22
2.2. ГАЗ - 66 көлігінің рөлдік басқару жүйесін жөндеу
26
Қорытынды
31
Қолданылған әдебиеттер тізімі
32

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.
Алғашқы қауымдық құрылымда да көліктік талаптарды қанағаттандыру мәселелерін адамдар қарапайым жолмен шешкен. Еңбек құралдары, жануар және өсімдік тағамдары, баспана мен киім дайындауға арналған материалдар және отынды бастапқы кезеңдерде адамдар өз иықтарында немесе сүйреу арқылы тасымалдады. Жануарларды қолға үйретіп асырау шегінде оларды адамдар мен жүктерді тасымалдау мақсатында жиі пайдалана бастады.
Мұнымен байланысты көлік анықталған төлем- ақыға жолаушылар мен жүктерді тасуды жүзеге асыратын өзіндік салаға бөлінді.
Мұнда көлікке де кеңінен тараған бір жағынан көліктің өзінің даму прогресін жылдамдатуға, екінші жағынан ірі машина өндірісінен ескі бұғауларды шешіп тастауға ықпал ететін мұнан кейінгі мамандандыруды байқау қиын емес.
Жалпы мемлекеттік көліктік жүйенің негізін ортақ пайдаланылатын көлік құрайды. Дәл соның өзі халық шаруашылығының барлық салаларының өзара әсерлесуінен туындайтын елдегі тасымалдаудағы барлық негізгі талаптар мен сауда аймағындағы және тұрғындарға қызмет етудегі барлық негізгі тасымалдауды қамтамасыздандыратын өзіндік көліктік өнеркәсіп болып табылады.
Қазіргі заманғы автомобиль көлігінің техникалық базасы болып қозғалмалы состав, жолдар және автокөліктік кәсіпорындар болып табылады[6].
Қозғалмалы бөлік - автомобильдер, жарты тіркемелер және тіркемелер. Автомобильдер активті өзіндік қозғалмалы бірліктердей жабдықтаудың басқа барлық элементтерінің техникалық деңгейін және экономикалық- эксплуатациялық сипаттамаларын анықтайтын қозғалмалы составтың негізгі және күрделілек бөлімі болып табылады. Жарты тіркемелер мен тіркемелер- бұл жүктер мен жолаушылар үшін моторсыз арба.
Рөлдік басқару - жүргізуші басқару дөңгелектеріне әсер еткенде басқару дөңгелектерінің айналысын қамтамасыз ететін қондырғылардың жиынтығы. Ол рөлдік механизм мен рөлдік берістен тұрады. Басқару дөңгелектерін рөлдік механизмге айналысын жеңілдету үшін күшейткіш орнатылуы мүмкін. Рөлдік механизм жүргізуші күшін руьлдік беруге өткізуге арналған және рөлдік дөңгелекке қойылған айналдыру мезетін арттыруға арналған. Ол ішкі дөңгелектен, білік пен редуктордан тұрады. Рөлдік беру рөлдік механизмнен көліктің басқару дөңгелектеріне күшті өткізу үшін және олардың айналы бұрыштары арасындағы қажетті қатынасты қамтамасыз етуге қазмет етеді [1].
Зерттеу мақсаты. ГАЗ-66 автокөлігінің жалпы сипаттамасымен танысу. Рөлдік басқару механизмін жөндеу кезіндегі детальдармен жақсылап танысу.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс 2 бөлімнен, кіріспе, қорытынды бөлімдерінен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу міндеті: ГАЗ-66 жүк көлігінің жөндеу кезінде белгілі бір артықшыылықтар мен кемшіліктерді таба отырып, тереңдетіп зерттеу.
1. Агрегаттарды сипаттау
1.1.Рульдік механизмдер туралы түсінік.
Рульдік механизм беріліс күшін жүргізушіден рульдік жетекке беруді жүзеге асырады. Оны арттыра отырып, рульдік донғалақтардың бұрылысын жетілдіреді. Рульдің механизмі иірмекті, винтті, аралас, рейкалы механизмді рульдік басқару болып бөлінеді.
Иірмекті рульдік механизм, кейбір рульдік басқарудың механикалық күшейткіші бар автомобильдерде қолданылады. Бұрамда механизмдер бұрамда - ролик, бұрамда - сектор, иірмек - иінді берілісті болып келеді. Аунақша екі қатарлы немесе үш қатарлы, сектор - екі немесе көп тістегерішті, иін - бір немесе екі шегелі болады.
Иірмек рульдік механизм ГАЗ - 53 автомобилінің барлық модельдерінде орнатылған (1-сурет). Рульдік механизмінің мұндай түрі үш қатарлы аунақшада және доғаланған(глобоидты) иірмек , бұл беріліс қуатты иірмек жұбын құрайды.

Сурет 1 - ГАЗ-53 автомобилінің рульдік механизмі

Иірмектің ішінде щилиці бар, соның көмегімен ол рульдік біліктің щилиціне орнатылған. Иірмек қуысталған білікке престеліп, картердің қашап кеңейтілген жеріне орналасқан екі конус подшипникке тіреледі. Ролик осьте инелі подшипникте айналып тұрады. Аунақшаның осі сошка білігінің ұшына престелген және цилиндрлі роликті ішпекте айналып тұрады. Ішпектің сыртқы құрсауы ось бағытында қапақпен қысып жабылған. Төменгі қақпақтың фланеці астына ішпектің остік саңылауын реттеу үшін жұқа аралық төсем салынған. Жоғарғы қақпақ рульдік бағананың негізі: оның төменгі шеті қақпақтың қашап кеңейтілген жеріне еніп тұрады. Бағанының ішінде рульдік белдік орналасқан. Жоғарғы бөлігінде рульдік білік бағанға орнатылған радиалды тіректі шарикті ішпекке тіреледі. Рульдік біліктің жоғарғы конустық шетіне рульдік дөңгелек шпонка мен гайка арқылы бекітілген [4].
Реттеуіш винтпен сошка білігін ось бағытында ауыстырып тұруға, бұрамда пен ролик аралығындағы саңылауды өзгертуге болады, мұның өзі рульдік доңғалақтың еркін жүрісіне әсерін тигізеді. Сошка білігінің сыртқы шетінде ұсақ жіңішке шлиці бар, оған сошка кигізіледі. Сошканың білікке дұрыс орнату үшін оның ұшына сызат сызықтар белгіленген. Білікке сошканы гайкамен бекітеді және пайдалану кезінде оны керіп тұрады. Рульдік механизмінің корпус бөлшектерін майлау үшін құю тесігінің деңгейіне келтеріп трансмиссиялық май құйып, тығынмен бұрап бекітіледі. Корпустан май ағыуын болдырмау үшін өздігінен қысатын сальник, киіз сақина және картоннан аралық төсем салып бекітеді.
Автомобильдің бағытын қозғалыс барысында өзгерту басқару доңғалақтарын бойлық бағыт осінен бүру арқылы жүзеге асырылады.
Басқарушы доңғалақтар автомобиль каңқасына тәуелді немесе тәуелсіз түрде ілінеді.
Әдетте рульдік механизмде гидравликалық күшейткішті қолданады. Жеңіл автомобильдерде механикалық рульдік басқару да қолданылады.
Рульдік механизмнің бірнеше типтері бар: бұрамдық-роликті, бұрамалы-рейкалы және рейкалы (2-сурет).

Сурет 2 - Руль механизмі. а -- бұрамдық-роликті, б -- бұрама-рейкалы, в -- рейкалы,
1 -- бұрамды, 2,4,9 -- біліктер, 3 -- ролик, 5 -- бұрама, 6 -- шарикті гайка-рейка,
7 -- шариктер, 8 -- тісті сектор, 10 -- шестерня, 11 -- рейка.

1.2 Рульдік басқару жүйесінің талаптары

Рульдік басқаруға ұсынылатын негізгі талаптар мыналар:
- көліктердің жоғары маневрлігінқамтамасыз ету, яғни салыстырмалы шектелген аудандарда тез және кең бұрылыс жасай алу мүмкіндігі;
- қозғалыстағы және қозғалыссыз күйдегі көлікті басқару оңайлығы;
- рульдік дөңгелекке түсірілетін күш айналу радиусы 15 м және орталықтар арасындағы қашықтық 42м болғандағы "сегіздік" траекториясы бойынша жатқан асфальтобетонды қабатта 20 кмсағ жылдамдықпен жүрген көлік қозғалысы кезінде 6 кгс-тен аспауы керек, ал көліктің тұрған орнында басқару дөңгелектерін айналдыруға жұмсалатын күш құрғақ асфальтті-бетонды қабатта 16-20 кгс-тен көп болмауы керек; барлық дөңгелектер қапталға сырғанаусыз жүруі үшін айналудың дұрыс кинематикасы, яғни қатаң айналмалар бойынша;
- рульдік дөңгелекке қайта ұрылатын соққының минималды берілісі;
- дөңгелектердің бұрынғы жағдайына қайтып келе алуы және көліктің қозғалысына берілген бағыттың сақталуы [8].
Басқару дөңгелектерінің айналысы мен рульдік басқарудың қатаң сәйкестендірілген әрекеті қамтамасыз етілетін, бірінші кезекте кинематикалық қайталанатын әрекеттің нақтылығы; көліктің түгел қызмет көрсету мерзімінің ұзақтығы мен таймайтындығы.
Пайдалану ыңғайлығы, басқару дөңгелектеріне әсер етпеуі және жолдағы көліктің дұрыс жүруіне кедергі болмауы үшін рульдік басқаруда ірі ара қашықтықтар болмауы керек. Рульдік басқаруды жеңілдету мен ауыр жүк көтеру көліктері қозғалысын арттырудың тиімді шешімі - ол күштендіру.
Жүргізушілердің жұмыс кезінде ауыр жүк көтеретін көлікерінде күштендіргіші жоқ рульдік басқарудан шаршау себебі - ол жүргізуші тегіс емес жолда жүрген кезде рульдік басқаруға өте көп соққылар тиеді және жүріп бара жатырған кезде дөңгелектерді басқаруға қолмен үлкен күш жұмсауына тура келеді. Сондай-ақ рульдік механизм толықтай өзі тоқтай алмайды, сондықтан басқару дөңгелектеріне қаптал импульстары артқан кезде жүргізуші оларды ұстап тұру жағдайда ұстай алмайды (мысалы, тыныш күйдегі көліктің тіксызықты қозғалысы) және дөңгелектер жан-жаққа кетеді. Нәтижесінде төтенше жағдай туындауы мүмкін. Бұл әсіресе, басқару дөңгелектері шиналарының кәмірлері тесіліп қалғанда өте қауіпті.
Гидравликалық күшейткіштер жол тарапынан рульдік басқаруға өзіндік әсер ететін соққы аммортизаторлары ретінде қызмет етеді, және үлкен жылдамдықпен қозғалған жағдайда да бағытын сақтап қалады. Сондай-ақ, жүргізуші аз шаршаса және көліктің маневрлігі күшті болған жағдайда қауіпсіздігі артады. Көліктің маневрлігін жақсарту таулы және орманды жолдардан жүру кезінде орташа техникалық жылдамдығын арттыру үшін үлкен мағынаға ие. Осыған байланысты ауыр жүк көтеретін көліктердің барлығына қазіргі таңда рульдік басқару күшейткіштерін орнатып жатыр.
Қазіргі уақытта Ресей мен батыс мемлекеттерден шығарылып жатырған көліктерде рульдік беріліс типі бойынша көзге түсетін келесі негізгі рульдік механизмдерді қолданады:
1) Глобоидалды бұрамда пен ролик;
2) Тісті дөңгелек пен рейка;
3) Винт - шарикті гайка, рейка - сектор;
4) Кривошипті және саусақпен айналатын винт;
5) Архимоидты бұрамда пен сектор.
Глобоидалды рульдік механизмдер мемлекеттік көліктерде кең қолданылды (ВАЗ, ГАЗ, УАЗ, ЗАЗ, АЗЛК), олардың дөңгелектеріне түсетін салмақ 2,5 тс-ға дейін.Егер глобоидалды берілімдер кішігірім уақытқа арналған болса олардың КПД-сы (0,8-0,9) тік биік, кішігірім өлшемдермен ерекшеленеді, рульдік дөңгелекке жол тарапынан берілетін соққыны жақсы тындырады. Сонымен қатар, глобоидалды рульдік механизмдердің біршама кемшіліктері бар. Үлкен өлшемді бұндай рульдік берілістегі механизмдер төмен КПД (0,6-0,65) ие және рульдік басқару гидрокүшейткіштерінің таратқыштарымен нашар бірігеді.
Рейка типті берілістегі рульдік механизмдер шет елдерде шығарылатын кіші және орта топтағы жеңіл көліктерде кең тараған [11].

1.3 Рульдік басқару жүйесінің мақсаты мен түрлері

Рульдік басқару (3-сурет) рульдік механизм 4, рульдік дөңгелегі бар рульдік колонка 7, гидравликалық күшейткіш 19, помпа 14, рульдік тартқыштар, құбырлар мен шлангтар. Рульдік механизм балканың сол бөлігіне жабыстырылған кіші кронштейн 2-де төрт шпилька көмегімен қыстырылған.
Рульдік механизм винт 11 (3-сурет), шарикті гайка-рейка 17 және онымен үнемі бірге тұратын тіс секторы 1. Винттің сыртқы қабатында және гайка-рейканың ішкі қабатында жартылай домалақ бұранда кесілген.

Сурет 3 - Рульдік басқару

Винт сәйкесінше тұрған болса гайка ішінде бұл бұранда шариктер 13-пен жиналу кезінде толатын спиралды каналды қалыптастырады. Механизмде қолданылған шариктер бір-бірінен 2 мкм-ден көп емес диаметр бойынша ерекшеленеді.
Гайкадағы винт айналысында екі үздіксіз шариктер ағымын алу үшін және гайка-рейка тесіктеріне шариктердің түсіп кетуінің алдын алу үшін әрқайсысы екі штампталған жартылардан құралған екі бағыттауыш 14 қойылған. Бағыттауыштар гайка-рейкада 12 қысқышымен бекітілген. Винт 11, гайка-рейка 17 және 102 шарик 13, шариктер жиынтығымен винт комплектіне жатады, барлығы бірдей размерде және бөлуге жатпайды. Бөліктерін дайындау дәлдігінің жоғары дәрежесі мен оларды жинақтау кезіндегі талдау механизмнің жеңіл және ыңғайлы жұмысын және тиімді әсердің жоғары коэффициентін қамтамасыз етеді. Жоғарыда келтірілген мәліметтер картер 5-ке қойылған, мұнда жиынтық жиналғаннан кейін екі 9 және 20 қақпақтарымен жабылады [12].
Винт 11 екі радиалды-талпынысты, сфералық мойынтіректерде 10 айналады, олардың біреуі картер 5-ке тығыздалған, ал басқасы - 9 қақпаққа. Осы мойынтіректердің тартуын қақпақ 9 астындағы 7 прокладкаларының реттеу санын өзгертумен реттейді.
Рульдік механизмнің тісті секторы 1 сыртқы штампталған сақиналарымен 4 бірдей инелі мойынтіректерде айналады. Ол мойынтіректердің екеуі 5 картер ағысында, ал біреуі - 20 қақпағында. Тісті сектор 1-мен гайка-рейка 17 арасын реттеуге 20 қақпаққа салынған 21 винт қызмет етеді. Винттіңсфералық басы сектор 1-де орындалған расточкада. Винт сфералық басымен домалақ пластина 18-ге ұмтылады, ал тегіс жағымен - оның еркін айналысындағы біріңғай қамтамасыздалған 21 винтінің остік ара қашықтығын таңдауға дейінгі сектор расточкасының бұрандалы бөлігіне салынған гайка 19-ға ұмтылады. Гайканың 19 өзіндік шығып кетуінің алдын алу үшін бір-екі нүктелеріндегі секторға салынады.
Винт айналысымен сектордың остік ауысымы қамтамасыз етіледі, сәйкесінше, сектор жұбының ара қашықтығының өзгерісі - гайка-рейка. Винттің орнын реттеуден кейін контргайкамен өлшейді.
Механизмнің соңғы жағдайларға түсіп қалуын болдырмас үшін сектор тісінің кесіндісі эксцентриситетпен орындалған, яғни тістің кесіндісінде сектордың айналу осі оның мойынтіректеріндегі 0,5 мм жоғарыға қарай айналысымен түсіндіріледі, нәтижесінде гайка-рейкалы сектор ара қашықтығы соңғы жағдайларда орташамен салыстырғанда біршама көбірек.
Механизм бөліктерін орындаудың басқа маңыздылықтарына винт 11-дің жұмысшы бөлігінің бөшке тәрізділігі болып табылады. Винт өзінің орташа 40 мм-лік ұзындығында оның шетке қарай 0,05 мм-ге кем-кемнен азаятын тұрақты диаметріне ие.
Винттің бұндай қалпы оның жұмысшы қабатының барлық ұзындық бойынша біркелкі тозуына әкеп соғады, өйткені винт өзінің орташа бөлігімен көбірек ұзақ уақыт жұмыс істейді.Винт пен тісті сектордың сыртқа шығып тұратын соңдары өзі қозғалатын резиналы сальниктер 16 және 3-пен тығыздалған, ал картер мен қақпақтардың жоғарғы қабаттары - картонды прокладкалар 6 мен 22-мен оралған [9].
Рульдің басқару жүйесі рульдік механизм мен рульдік берістен тұрады. Басқару дөңгелектерін рульдік механизмге айналысын жеңілдету үшін күшейткіш орнатылуы мүмкін. Рульдік механизм жүргізуші күшін руьлдік беруге өтккізуге арналған және рульдік дөңгелекке қойылған айналдыру мезетін арттыруға арналған. Ол ішкі дөңгелектен, білік пен редуктордан тұрады. Рульдік беру рульдік механизмнен көліктің басқару дөңгелектеріне күшті өткізу үшін және олардың айналы бұрыштары арасындағы қажетті қатынасты қамтамасыз етуге қазмет етеді.
Көліктерде әдетте топсалы тетіктер жүйесі мен тартпалардан: сошка, ұзына бойлы тартпа, айналу цапфасының тетігі, көлденең тартпалар мен көлденең тетіктерден тұратын механикалық рульдік жетек қолданылады. Жүргізуші басқару дөңгелектерін бұрып, көлік қозғалысының бағытын өзертеді. Басқару дөңгелектерін алдынғы және артқы дөңгелектер жатқызылады. Артқы басқару дөңгелекті көліктің алдынғы басқару дөңгелекті көліктермен салыстырғанда негізгі кемшілігі - ол тротуарлар мен қабырғалардан бұрылыстың өте үлкен радиусымен тек қана артқы дөңгелектермен бұрылады; көліктің алдынғы бөлігі бұрылған кезде бірінші бағытымен салыстырғанда кішкене қисаяды. Егер барлық дөңгелектер басқарушы болса, онда бұрылу радиусы минималды болып, дөңгелектер бұрылысының шектелген бұрыштарына маңыздылығы артады. Дегенмен барлық басқару дөңгелектері бар көліктерде көбінесе артқы басқару дөңгелектерінің кемшілігі кездеседі, бірақ алдынғы дөңгелектері басқарушы болғандықтан ол сирек кездеседі [10].
Көліктің маңызды табандылық элементтерінің біріне басқару, яғни жүргізушімен берілетін қозғалыс бағытын қамтамасыз ететін сапасы жатқызылады. Θ бұрышына көліктің тіксызықты қозғалысына сәйкес келетін бейтарап жағдайдан өзгертілген басқару дөңгелектері өзінің айналысынан қапталға сырғанап немесе олардың әрқайсысындағы қаптал әсері сәйкес мәннен азайғанша буксовать етілмей тегістікке қарай ұмтылатын болады.
Ауыр және жеңіл көлік жүргізушісі көлікке берілген бағыттан көліктің қисаюы минималды күйінде қалатындай етіп, рульдік дөңгелектердің бұрышын таңдауы керек. Дегенмен рульдік дөңгелектер жасайтын бұрылыс пен талап етілетін қозғалыс бағытының өзгерісі арасында бірмәнді функционалды байланыс жоқ, өйткені "рульдік дөңгелек бұрылысы-басқару дөңгелектерінің бұрылыу бұрышының өзгерісі - қаптал күштерінің қалыптасуы - қозғалыс бағытын өзгерту" шынжыршасы рульдік басқару элементтерінің шектеулі қаттылығының арқасында сызықтық емес. Сондықтан жүріп бара жатқан кезде рульдік дөңгелектің бұрылу бұрышы мен ондағы пайда болған қозғалыс бағытының өзгерісі арасындағы байланыс тұрақты өзгеріп отырады. Нәтижесінде жүргізуші үлкен көлемдегі ақпараттар өңдеуіне тура келеді. Көлденең жылдамдату әсері астында жүргізушінің қисаю керектігі менжүргізуші сезінетін рульдік дөңгелектегі тұрақты мезетті осыған жатқызсақ болады.
Рульдік басқару қызметіне рульдік дөңгелек бұрышының бірмәнді қалыптасуы мен рульдік дөңгелек арқылы жүргізушіге көлік қозғалысының жағдайы туралы ақпарат беруі жатқызылады.
Рульдік басқару құрылымы мынаны қамтамасыз етуі шарт: Рульдік дөңгелектегі күшті арттырғандағы жүргізу жеңілдігі. Күштендіргішсіз жеңіл көліктер қозғалғанда бұл күш 50...10 Н жетеді, ал күштендіргішпен 10...20 Н. Ауыр жүк көтеру көліктеріндегі рульдік дөңгелектерде сәйкес стандарттармен регламентталады және тіксызықты қозғалыстан құрғақ қатты қабатты горизонталды учаскедегі жылдамдығы 10 кмсағ, радиусы 12 м айналмалар бойынша қозғалысқа ауысқанда мына мәннен аспауы керек: 250 Н - 17 м-ден көп емес ұзындықтағы күшейтусіз рульдік басқаруға; 120 Н - 11 м ұзындықта күшейтулі рульдік басқаруға; 500 Н - 17 м ұзындықта күшейту өз әсерін тоқтатқан жағдайда[15].

Рульдік басқару жүйесінің түрлері
Рульдік басқару жүйесі автомобильді бұру тәсіліне, басқару дөңгелегі мен рульдік дөігелектің орналасуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Автомобильді бұру тәсіліне байланысты рульдік басқару жүйесі төрт түрге бөлінеді:
- бұрылатын басқару дөңгелектерін қолданатын жүйе;
- ортасынан бұрыла алатын (сынатын) машина тұғырын қолданатын жүйе;
- бір жақтағы дөңгелектерді жүріс бағытына кері бағытта айналдыруды қолданатын жүйе;
- бір жақтағы дөңгелектерді тежеуді қолданатын жүйе.
Осылардың ішіндегі көп қолдау тапқаны ол басқару дөңгелектерін қолданатын жүйе. Себебі мұндай жүйе жоғарыда айтылған талаптарға толық жауап береді деседе болады. Ортасынан бұрыла алатын машина тұғырын қолданатын жүйе өтімділігі өте жоғары машиналарға қолдануға арналған. Себебі ондай машиналарда диаметрі үлкен дөңгелектер қолданылатындықтан оның бұрылуына өте көп кеңістік қажет, ал ол машинаның сыртқы мөлшерлерін орасан үлкейтіп жіберетіндігі сөзсіз. Дегенмен бұл тәсілді автопоездарда , к-701, т-150к тракторларында қолданады.
Бір жақтағы дөңгелектерді кері айналдыратын немесе тежейтін тәсілдерді тіпті қолданбайды деседе болады. Тек қайсыбір көп осьті арнаулы машиналарда ғана қолданылады, себебі оныі бұрылғыштығы бұл жағдайда өте жақсарады, ал бірақ машина құрылысы өте күрделі болады. Басқару дөңгелектерінің орналасуына байланысты рульдік басқару жүйесі мынандай түрлерге бөлнеді: - екі осьті автомобильдерде - басқару дөңгелектері алдыңғы осьте, артқы осьте және екі осьте де орналасқан рульдік басқару жүйелері; - үш осьті автомобильдерде - басқару дөңгелектері бірінші осьте және бірінші мен үшінші осьтерде орналасқан рульдік басқару жүйелері; - төрт осьті автомобильдерде - басқару дөңгелектері бірінші мен екінші осьтерде, бірінші мен үшінші осьтерде және барлық осьтерде орналасқан рульдік басқару жүйелері.
Осылардың ішіндегі көп қолдау тапқан жүйеге екі осьті автомобильдерде басқару дөңгелектері алдыңғы осьте орналасқан рульдік басқару жүйесі жатады. Себебі мұндай жүйені қолданғанда автомобиль жүрісінің орнықтылығы жақсарады әрі құрылысы онша күрделенбейді. Ал басқару дөңгелектері артқы осьте орналасатын рульдік басқару жүйесі қайсыбір арнаулы машиналарда ғана қолданылады, мысалы автотиегіштер. Олардың алдында жүк көтеретін механизмдер орналасатын болғандықтан рульдік басқару жүйесін артқы оське орналастырады. Үш немесе көп осьті машиналарда да көбінесе басқару дөңгелектері автомобильдің алдыңғы осінде орналасатын рульдік басқару жүйесі қолданылады, ал кейбір ерекше жағдайларда басқа түрлері қолданылады [5].
Рульдік дөңгелектің орналасуына байланысты рульдік басқару жүйесі оң жақта немесе сол жақта орналасқан болып екі түрге бөлінеді. Оның негізгі себебі сол елде қолданылатын автомобильдің жүріс бағыты болып табылады.
Мысалы, Ұлыбритания мен Жапонияда автомобильдер жолдың сол жағымен жүретін болғандықтан рульдік дөңгелекті автомобильдің оң жағына орналастырады, ал басқа елдерде керісінше автомобильдер жолдың оң жағымен жүретін болғандықтан рульдік дөңгелек сол жақта орналасады. Осылардың қайсы түрін қолданса да автомобильді басқару сапасына тигізетін әсерлері бірдей деуге болады.
Рульдік басқару жүйесінің жалпы құрылысы басқару жүйесiне рульдiк басқару механизмi, басқару дөңгелектерi және осы екi тораптардың аралығындағы жетек құралдары жатады. Сондай басқару жүйесiнiң жұмыс схемасы 4-суретте көрсетiлген [14].

Сурет 4 - Басқару жүйесі

Ол мынандай негiзгi тораптар мен бөлшектерден құралған: рульдiк механизм (3), рульдiк тұтқа дөңгелегi (1), рульдiк құлақша (4), ұзындық рычаг (6), рульдiк трапецияның көлденең (5) және жандық (7) рычагтары, бұрылғыш жұдырықша (9) мен оның рычагы (8).
Бұрылғыш жұдырықшада (9) басқару дөңгелегi iшкi және сыртқы подшипниктер арқылы бекiтiледi, ал жұдырықшаның (9) өзi топса (шкворень) арқылы басқару белдемесiнде (2) орналасады. Соның салдарынан, дөңгелек бұрылғыш жұдырықша арқылы әртүрлi бұрышқа бұрыла алады.
Осындай басқару жүйесi мына ретпен жұмыс атқарады. Жүргiзушi автомобильдi бұратын бағытқа қарай рульдiк дөңгелек тұтқаны (1) бұрайды. Сол кезде рульдiк механизм (3) арқылы рульдiк құлақша (4) бұрылады. Оның бұрылуы ұзындық рычаг (6) арқылы бұрылғыш жұдырықшаны (9) басқару дөңгелегiмен қоса тиiстi жағына бұрады. Сол жақтағы дөңгелектiң бұрылуы рульдiк трапеция (5,7) рычагтары арқылы оң жақтағы дөңгелектi бұрады. Сөйтiп басқару дөңгелектерiнiң жүрiс бағытын өзгерткендiктен, онымен бiрге автомобильдiң де жүрiс бағыты өзгередi. Осылайша құрылған басқару жүйесiнiң негiзгi ерекшелiгiне, басқару дөңгелектерiнiң бұрылуы рульдiк трапеция арқылы болатындығын жатқызуға болады. Себебi оң және сол жақ дөңгелектер өзара осы трапеция рычагтары арқылы жалғасқан. Трапеция деп отырғанымыз оның бiр табанын бұрылғыш жұдырықша бекiтiлген алдыңғы белдеменiң екi жақтағы топса аралығы құраса екiншi табанын көлденең рычаг (5) құрайды, ал екi жаны жандық рычагтармен (7) жалғасқан. Рульдiк трапецияның бұрылыс кезiнде дөңгелектерге әртүрлi бұрыш бередi. Мысалы оңға қарай бұрылғанда оң жақтағы дөңгелек сол жақтағы дөңгелекке қарағанда көбiрек бұрышқа бұрылады. Сонда ғана олар тайғанамай, жер бетiне үйкелмей дөңгелей алады. Сондықтанда рульдiк трапеция бұрылыс кезiнде басқару дөңгелектерiн тек әртүрлi бұрышқа бұрып қана қоймайды, осыған қосымша сол екi бұрыштың айырмашылығын үнемi тұрақты ұстап тұрады. Оны арнаулы қондырғыларда тексерiп, қажет болса көлденең рячагтың ұзындығын өзгертуге болады [3].
Басқару жүйесiндегi негiзгi механизм - ол рульдiк механизм болып табылады. Рульдiк механизм үшiн көбiнесе бұрама ретінде - роликтi немесе винттi рейкалы механизмдер қолданылады. Себебi бұл механизмдердiң керi қарай берiлiсi болмайды, яғни күштi рульдiк басқару тұтқасынан басқару дөңгелектерiне жеңiл бередi де керiсiнше дөңгелектен рульдiк тұтқаға бермейдi. Себебi жұмыс кезiнде басқару дөңгелектерi жол бедерiнiң әсерiнен әртүрлi күштерге душар болады. Ол керi берiлсе жүргiзушiге зиян келтiруi мүмкiн. Автомобильдiң басқару жүйесiнде рульдiк механизммен қатар күшейткiш механизмдер қолданылады. Себебi тек қана бұрамдатi берiлiстiң бұру күшi жеткiлiксiз болуы мүмкiн. Сол кезде күшейткiш механизм бiрге қосылып iстейдi. Ондай механизм үшiн көбiнесе гидравликалық механизм қолданылады. Онда арнаулы насос арқылы гидроцилиндрдi қозғайды. Ал гидроцилиндрдiң қозғалуын рульдiк механизм басқарады, яғни рульдiк механизм бұралғанда гидроцилиндр iске қосылады да, ол тоқтаған кезде гидроцилиндр ажыратылады.
Ендi төменде осылардың құрылысы мен жұмысы қаралады. Бұрамда роликтi (червякті рульдік механизм) рульдiк механизм алдыңғы басқару белдемесiне 25 кн дейiн күш түсетiн автомобильдерде қолданылады. Оның жалпы құрылысы 5-суретте көрсетiлген және құрылысы мынандай болады.

Сурет 5 - Бұрамда роликтi (червякті рульдік механизм) рульдiк механизм

Рульдiк дөңгелек тұтқаның бiлiгiне (14) бұрамда (10) отырғызылып, рульдiк механизмнiң қорабында (1) екi подшипник (12) арқылы айнала алады. Бұрамдапен қырлы ролик (18) тiстесiп тұрады. Ал ролик (18) инелi подшипник (3) кигiзiлген ось(16) арқылы рульдiк құлақшының (18) аша иiнi бар бiлiгiне (2) жалғасады. Бұл бiлiк (2) рульдiк механизмнiң қорабында бiр жағы роликтi подшипникке (23), ал екiншi жағы қола iшпекке (26) орнатылған. Оның ось бойымен қозғалу мөлшерiн реттегiш винтпен (21) шектейдi. Бұрамда (10) бұралған кезде роликтiң (18) онымен тiстесiп тұрған қырлары арқылы бұрай қозғайды да руль құлақшасын (28) бұрады, ал оның бұрылуы ұзындық рычаг арқылы басқару дөңгелектерiне жетедi.
Бұрамда роликтi рульдiк механизмнiң артықшылығына, әдеттегi бұрамдатi механизмдегi сырғанау үйкелiсi мұндағы роликтiң дөңгелеу үйкелiсiмен алмастырылғандығын жатқызуға болады. Соның салдарынан автомобильдi басқару жұмысы жеңiлдейдi. Бiрақ мұндағы айтарлықтай кемшiлiктiң бiрiне, бұрамда пен роликтiң қорларының тiстесу саңылауын үнемi реттеп отыру қажеттiгi болып табылады. Сондықтанда мұнда осы саңылауды реттейтiн күрделi қондырғы қолданылады. Оның бiрi жоғарыда айтылған реттегiш винтпен (21) ролик бiлiгiн (2) қозғайтын болсақ, екiншiсi бұрамда осiнде қозғайды. Ол үшiн қорап (1) пен оның қақпағының (7) аралығына әртүрлi қалыңдықтағы аралық төсем (8) қойылған. Сол аралық төсемнiң қалыңдығын өзгерту арқылы бұрамдатi жылжытады [7].
Басқару белдемесіне түсетін салмақ 25 кН-нан көп болған жағдайда рульдік механизмге қосарлана жұмыс істейтін күшейткіш қондырғы қолданылады. Ол кезде рульдік механизмді винтті рейкалы беріліс етіп жасайды. Сондай механизм мен күшейткіштің жұмыс схемасы 5-суретте көрсетілген.
Күшейткіші бар рульдік басқару жүйесінде рульдік механизмге қоса гидравликалық цилиндрі, реттегіші және май айдағыш тораптары бар жүйе қолданылады. Ондағы жұмыс мына ретпен іске асады.
Рульдік дөңгелек тұтқасын автомобиль жүргізуші ешқай жаққа бұрмаған кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орал қаласындағы 4 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автокөліктеріне жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету жүйесін толық жетілдіру
Тазалық ГККП-да биогаз станциясын игеру жобасы
АО "КазАвтоТранс" кәсіпорынында тәжірибеден өту
Автокөліктің күрделі жөндеу әдісін таңдау және негіздеу
Автокөліктің қысқаша сипаттамасы
Автокөліктің қысқаша сипаттамалары
Беріліс қорабының қызметі
Ілініс ақауы
Автомобиль моторлары және оның негізгі бөлшектері
Mercedes-Benz G 320
Пәндер