Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақытының ұйымдасуын анықтау жайлы



Кіріспе 4
1 Сабақтан тыс жұмыстар 5
1.1 Сабақтан тыс жұмыстар түсінігі мен түрлері. 5
1.2 Колледждегі сабақ жүргізу 10
2. Колледждердегі сабақтан тыс жұмыстар 13
2.1 Колледждердегі сабақтан тыс жұмыстар өткізу процесі 13
2.2 Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 21
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26
Қосымша
Зерттеудің өзектілігі. Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі- сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар.
Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.
Зерттеу мақсаты. Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақыиының ұйымдасуын анықтау.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс 2 бөлімнен, кіріспе, қорытынды бөлімдерінен, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Зерттеу міндеті: Оқушыларға сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру барысында жағымды жағдайлар жасау. Оқушылар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз ету.
1. Л.Н. Белинская, Г.А. Сенько«Грузоведение и складское дело на морском транспорте», М. - «Транспорт» 1982
2. С.В. Асеев, «Грузоведение и технология перевозок», М. - «Транспорт» 1982
3. Л.П. Андронов «Грузоведение и стивидорные операции», М. - «Транспорт» 1975
4. Ф.Ш. Каплун и др. «Тара и упаковка грузов» Справочник. М. - «Транспорт» 1972

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті


Кафедра:Кәсіптік оқыту


КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС

___________________________________ ____________________
(пәннің атауы)

Тақырып: ___________________________________ ___________

___________________________________ ____________________



Қабылдады:
____________________
(оқытушының аты-жөні)

____________ ____________________
(баға) (қолы) (уақыты)

Комиссия мүшелері:Орындаған:
______________________ ____________________
(қолы, аты-жөні) (студенттің аты-жөні)

______________________ ____________________
(қолы, аты-жөні) (тобы)
___________________
(сынақ кітапшасының
шифрі,нұсқа)
Карағанды 2017
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Факультет _____ БЕКІТЕМІН
Кафедра_______ Каф.меңгерушісі ____В.В.Готтинг
(қолы)
___ _________2017ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА

Пән___________________________________ ____________________________
___________________________________ _______________________________
Студент____________________________ __________топ__________________
Тақырып___________________________________ _______________________
___________________________________ _______________________________
___________________________________ _______________________________
___________________________________ _______________________________
Негізгі мәліметтер___________________________________ _______________
___________________________________ _______________________________
___________________________________ _______________________________
___________________________________ _______________________________

Тапсырма берілді _______________________________ ___________2017ж.
Жетекші____________________________ ______қолы____________________
Студент____________________________ ______қолы____________________

МАЗМҰНЫ


Кіріспе 4
1 Сабақтан тыс жұмыстар 5
1.1 Сабақтан тыс жұмыстар түсінігі мен түрлері. 5
1.2 Колледждегі сабақ жүргізу 10
2. Колледждердегі сабақтан тыс жұмыстар 13
2.1 Колледждердегі сабақтан тыс жұмыстар өткізу процесі 13
2.2 Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 21
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26
Қосымша

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі- сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар.
Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.
Зерттеу мақсаты. Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақыиының ұйымдасуын анықтау.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс 2 бөлімнен, кіріспе, қорытынды бөлімдерінен, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Зерттеу міндеті: Оқушыларға сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру барысында жағымды жағдайлар жасау. Оқушылар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз ету.

1 Сабақтан тыс жұмыстар
0.1 Сабақтан тыс жұмыстар түсінігі мен түрлері.

Сыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларының кітапқа деген ынтасын үнемі арттыруымен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш сыныпты бітіргенде, совет ақын-жазушыларының белгілі шығармаларымен таныс болулары қажет екенін де үнемі есептеп отырады.
Сыныптан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардың ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі. .
Екінші сыныптан бастап мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан алған кітаптарды бере бастайды. Оларға кітапты дұрыс ұстап, күте білудің ережелерін үйретеді: кітапты газетпен не қағазбен тыстап қою, оқыған кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау т.б. Мұғалім бұл ережелерді анық етіп жазып, сыныпқа іліп қояды.
Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өзгерістерінен оқи алу дағдыларын арттыруымен бірге, Ана тілі оқулықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқиғаға өзінің қалай қарайтынын айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы қажет.
Сыныптағы оқу сабақтарында оқушылар көркем тілмен жазылған шығармалардан басқа тарих, табиғаттану т.б. пәндерінен мағлұмат беретін материалдармен танысады. Осындай,сыныпта алған ұғым сыныптан тыс оқу кезінде нығая, жетіле түседі.
Сыныптан тыс сабақтарында мұғалім балалардың қандай кітаптарды оқығандарын біліп отырумен қатар, алдағы уақытта не туралы оқығылары келетінін де есепке алуы қажет.
Бастауыш мектептердегі сыныптан тыс оқудың мазмұны мен ұйымдастыруы жолы жөнінде жаңа программаның жобасында былай делінген: Сыныптан тыс оқудың мақсаты: баланың сыныптан тыс оқуы арқылы барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қажетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу; өз бетімен жұмыс істеу дағдысын нығайта түсу; оқуға, білімге ынтасын, құштарлығын арттыра түсу; баланың эстетикалық және дүние тану құмарлығын арттыру.
Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың ең негізгі принціпі - оның сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланыста болуы.
Оқушының сыныптан тыс оқитын кітаптары сыныпта өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде ұсынылады. Оны мұғалім күнделікті оқу, табиғат тану, сурет, ән, еңбек т.б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сұрап, сыныпта оқығандарына байланыстырып отырады....
Сөйтіп, сыныпта оқу сабағы жақсы ұйымдастырылса, онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе, балаларды мұғалім осы мәселелер жайында тағы да біле түсуге қызықтыра алса, сыныптан тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді. Оқушыларға қандай кітаптарды оқу керектігі, олардың тізімі беріледі. Мысалы, сыныпта М.Әлімбаевтің Ұқыпты бала және Ұқыпсыз бала өлеңдері оқылды делік, оның жалғасы ретінде Ұқыпты оқушы өленің оқытуға болады. Немесе Совет Армиясы бөліміндегі Т.Бигилдиновтың Қаһарлы күндерде әңгімесін оқығаннан кейін, сөз жоқ, оқушылар Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған, ұшқыш Т.Бигилдиновтың балалық шағы жөнінде білгілері келеді. Ол үшін мұғалім С.Бақбергеновтың Талғат атты кітабынан үзінді беруіне болады.
Сыныпта оқушылар жазушының бір шығармасынан үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра оқу сыныптан тыс оқуда іске асырылады. Кейде белгілі ақын-жазушылармен балаларды толырақ таныстыра түсу мақсатында оның сыныпта оқылғаннан басқа шығармаларымен сыныптан тыс таныстыруға болады. Мысалы, Ы.Алтынсаринның Әдептілік әңгімесін оқығаннан кейін, оның Баланың айласы, Аурудан аянған күштірек, Өтіріктің залалы т.б. әңгімелері сыныптан тыс оқуға беріледі.
Кейбір жекелеген шығармаларды сыныптан тыс оқу сабағында да талдауға болады. Онда талданатын шығармалардың тәрбиелік жағы күшті болуы қажет.
Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы және бейім екендіктерін білу үшін мұғалім олардың әрқайсысымен оқыған кітаптары жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін, жазып алғандарын қарап , - бүкіл деректермен жеке танысады. Кейде кітапханадғы карточкасын қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты тексерудің нәтижесінде, балалардың қайсысы қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады. Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері ерлік жайлы шығармаларды, ал бір сыпырасы қиял-ғажайып ертегілерін т.б. ұнатады.
Осыдан кейін мұғалім балаларды бір жақтылықтан сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға қызықтыру жолдарын іздестіреді.
Балаларға сыныптан тыс оқуға арналған тартымды кітаптарды іріктеп немесе жаңадан шығып жатқан шығармалардың ішінен іріктеп ұсынады, әдемі суреттермен безендірілген кітап жаймаларын, түрлі әдеби ойындар ұйымдастырады т.б.
Сыныптан тыс оқылуға тиісті кітаптардың тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан сайын ұсынылып отырады. Балалардың оқуға ынтасын арттыру мақсатымен мұғалім ұсынып отырған кітаптарының ішінен кейбір оқиғаларды бастап, одан әрі не болатынын осы кітапты оқып білесіңдер деп аяқтайды. Кейде кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі кейбір әдемі суреттерді көрсету арқылы да қызықтыруға болады. Ал енді бір жағдайларда шығарманың, кітаптың атын, авторын ғана айтып, оның осылайша неге аталғанын білуді тапсыруға болады.
Оқушылардың сыныптан тыс оқуын ұйымдастырудың бір жолы - оқу жұмысын дұрыс жоспарлау. Сыныптан тыс оқу былайша жоспарланады: сыныптан тыс оқуға жалпы сипаттама беру; сыныптан оқуға байланысты ұйымдастыру жұмыстары; әр сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қарай анкеталық сұрақтарға жауап алу; сыныптан тыс оқу сабағы, кеш, диспут, оқырмандар кконференциясы, семинар, ауызша журнал, әдебиет үйірмесі сияқты сыныптан тыс жұмыстардың жекелеген түрлеріне үлгі жоспар беру; оқушылардың жазған шығарма, мазмұндама үлгілері, қолжазба журналы, жинақ пен альбомдар, әдеби бюллетень, қабығы газеттерін шығару, т.б.
Осындай жоспар үлгісі жасалғаннан кейін түрлі көрнекіліктер дайындалады: әдеби стенд, альбомдар, оқушылардың көркем әдебиет күнделіктері мен шығарма үлгілері, кейіпкерлер бейнесін иллюстрияциялау, әдеби кештердің жоспарларын дайындау, диспут, конференция тақырыптарын белгілеу, әдебиет үлгілерінің тақырыптары, т.б.
Сыныптан тыс оқуға көбірек уақыт бөлген жөн. Өйткені қазір балалар кітап оқудан қалды. Көпшілігі теледидар мен компьютерге назар аударып кеткенін жақсы білеміз. Оқушылар кітапты аз оқығандықтан ойларын еркін жеткізе алмайтындықтары эксперимент нәтижелерінде анық байқалды.
Сыныптан тыс оқудың жүйелі жоспары мектептің іс жоспарына еніп, педагогикалық кеңесте бекітіледі. Атап айтқанда, сыныптан тыс оқуға қойылатын талаптар, V-IX сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс оқу үшін ұсынылатын әдебиеттер тізімі (тізбесі, күнделікті сабаққа қажетті әдебиеттер, нұсқаулар, сабақта оқу бағдарламасы бойынша өтілетін (оқылатын) ақын-жазушылардың шығармалары, диспут, әдеби кеш, әңгіме, кітап оқушылар конференциясының жсопары, V-IX сынып оқушыларына кітаптың маңызы мен оқылуы жайлы педагогикалық басшылық, кітап туралы ұлағатты сөздер, т.б. материалдар бекітіледі.
Сыныптан тыс оқудың алғашқы ұйымдастыру жұмыстарында түрлі қажеттіліктерді өтейтін сыныптан тыс оқудың бұрышы мен кабинеттік кітапхана ұйымдастырылады.
Оқушылардың сыныптан тыс көркем шығармаларды оқуын ұйымдастыруда мынадай жұмыстар жүргізіледі:
а) әр сынып бойынша оқуға тиісті көркем шығармалардың тізімін жасау,
ә)мектеп және қала (ауыл,село) кітапханаларындағы және оқушылардың тізімін жасау,
б) мектеп ішіне кітап оқуға үгіттейтін плакаттар жазып ілу. Сыныптан тыс оқу жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін оқу жылының басында оқушылар конференциясы өткізіледі. Мұндағы мақсат - жазғы демалыс кезінде оқушылар қандай кітап оқығандығын білу, екіншіден, сыныптан тыс оқуды дұрыс ұйымдастыру.
Мұғалім конференцияны өткізер алдында мына мәселелерді шешіп алады:
1. Демалыс кезінде оқушылар қандай кітаптарды оқыды және оның қандай әсер қардылғанын білу;
2. Оқыған кітаптарына байланысты шығарма жаздырылады: Менің сүйікті жазушым Билал Назим, Кітап - менің досым, т.б.
3. Кітапханашымен бірлесіп оқуға ұсынылатын кітаптардың көрмесін ұйымдастыру, бұл жөнінде оқушылардың пікірлері жинастырылады;
4. Бірнеше оқушыны конференцияда шығып сойлеуге, оқыған кітаптары жөнінде пікір айтуға дайындайды [3].
Оқитын кітаптырының тізімі беріледі де,оқу жылының басында сол көрсетілген кітаптардың қайсысын оқығанөоқырмандарын тексереді. Олардың оқыған кітаптары туралы жазылғандарын, әсерлерін, пікірлерін, кейбір үзінділерді, кейіпкерлердің аттарын, суреттерін т.б. қарайды, оқытады.
Міне, осындай жұмыстардан кейін қосымша оқуға тиісті кітаптардың тізімі беріледі. Мектептерде ана тілі сабақтарының өтілу жайлы мен сыныптан тыс оқудың мазмұнына сай, бастауыш сынып оқушыларымен мынадай жұмыстар орындауға болады:
1) Көркем шығармаларды (бір шығарманы немесе тақырыбына қарай топталған бірнеше шығарманы), ертегілерді, мақалаларды талдау.
2) Күнделікті баспасөздегі мақалаларды оқу.
3) Кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Көркем шығармаларды талдау үшін сюжетті әңгіме қолайлы.
Оқушылардың өз беттерімен оқитын шығармаларына сұрау берудің қажеті жок, олар өз беттерінше қорытынды шығарған жөн, яғни әркімнің өз оқығандары жөнінде өз көзқарастары болғаны дұрыс. Кейде оқығандары жөнінде жолдастарынан сұрау, пікір алысу тыйым салынбайды.
Сыныптан тыс оқуда бір жазушының шығармасын талдауда сол жазушының өмірі мен қызметіне толығырақ мағлұмат беруге болады. Мұндай сабақ шамамен былай ұйымдастырылады:
a) мұғалім немесе балалардың бірі жазушы жөнінде қысқаша әңгімелеп береді;
ә) жазушының балаларға таныс кітабы я шығармасынан үзінді оқылады, кейде бір шығармасынан әдеби монтаж, ойын ұйымдастыруға да болады.
Бірінші сабақта сол жазушының өмірбаяны туралы айтылып, оның балалар оқыған шығармасы жайлы қысқаша әңгімеленеді де, басқа бір шығармасы тағы оқуға тапсырылады.
Екінші сабақта оқуға берілген шығарма талқыланады, ал үшінші сабақта қорытындыланады.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ескеретін жайттар:
1. Сыныптан тыс жұмыс оқушының сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.
2. Сыныптан тыс жұмыс оқушы инициативасынан басталып, олардың жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта жүргізілуі керек.
3. Сыныпта тыс жұмыс оқушыларды математикаға қызықтыру мақсатында өтуі тиіс.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты:
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей қиын балада өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасқан.
3. Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін жіне қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.
4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік , эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді [5].
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері:
Тіл ширатуға, есеп дағдыларын жетілдіруге, зейінді шоғырландыруға, тапқырлығы мен дүние танымын арттыруға, кеңістіктегі қиялын дамытуға және қисынды ойлауды жетілдіруге септігін тигізеді.
Орыстың ұлы педагогы В. А. Сухомлинский: "Мектептің басты міндеті - әрбір адамның дарындылығын ашу, оның толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолын бағдарлау, әрбір оқушының дарынын дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу" деген.
Бала өмірге қандай дарынмен келсе де оқусыз, шығармашылықсыз дамуы мүмкін емес.
Дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушының ой өрісін кеңейтеді. Мұғалім үнемі оқушылардың ойлау белсенділігін арттырып, білімге құштарлығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді. Ал қызығуды тудырудың әдіс - тәсілдері өте көп. Олар сабақ барысындағы: жарыстар, эстафеталар, олимпиадалар, т. б. Егер оқушы сабаққа қызықса, білімді игеру оңай және ғылымға құрмет сезімі қалыптасады. Сондықтан заман талабына сәйкес оқу үрдісін жетілдіре отырып, қоғам сұраныстарына сай жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқушының шығармашылық іс - әрекетін дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Кейінгі жылдары Қазақстанда әртүрлі математикалық олимпиадалар өткізіле бастады. Дәстүрлі, дәстүрлі емес, сырттай т.с.с. Дәстүрлі олимпиадалар ереже бойынша бес кезеңмен өткізіледі: мектепішілік, аудандық, облыстық, аймақтық, республикалық. Кейінгі жылдары оқушылардың ойлау қабілетін арттыратын 3 -10 сыныптар арасында республикалық және аймақтық:"Ақбота", "Кенгуру" сияқты түрлі математикалық конкурстар өтіп жүр.

1.2 Колледжде сабақ жүргізу

Қазіргі кезде еліміздегі демократиялық қоғам құру кезеңінде экономика саласында нарықтық қатынастарға көшу, қоғамда гуманизация процесі жүріп жатқан кезде, осы демократиялық қоғамда өмір сүретін шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын біртұтас, жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу қоғамның басты мақсаты, әрі білім беру жүйесін реформалаудың кезек күттірмес негізгі міндеті болып табылады. Республикамыздың білім жүйесінің елеулі мәселелерінің бірі - еңбек нарығының әлеуметтік - экономикалық сипатының өзгеріп модернизациялануына байланысты жастарға кәсіптік білім беру болып табылады.Тақырып өзектілігі мамандықтардың тез көнеріп, жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптардың өсуінде. Бұндай жағдайда адамға үнемі кәсіптік жағынан өсіп, бойында бар шеберлігі мен машығын жетілдіріп, жаңа дағдыларды игеру керек. Жастарға кәсіптік білім беру жұмысының басты мақсаты - мерзімді және саналы мамандықты, оқу орнын, кәсіптік дайындықтың басқа да түрлерін таңдауға мүмкіндік беру және жұмысқа тұруға, оның әлеуметтік-кәсіптік бейімделуіне көмектесу[12].
Ал осы жерде білім беру жүйесінің толықтай еңбек нарығына жұмыс істеуі үшін дуалды оқыту жүйесі кеңінен, толық өз мағынасында қолданылуы қажет. Балқаш және Сәтбаев қалаларындағы Қазақмыс корпорациясы АҚ-ның колледждері дуалды оқыту жүйесінің негізінде құрылғанымен, ол жерде де өз мәнінде жүзеге асып жатқан жоқ. Тек кейбір мамандықтарға, оның ішінде балқытушы, слесарь және токарь мамандықтары ғана кірген. Ал кәсіптік лицей, колледждардағы мамандықтардың көбісі аталған жүйеде оқытуға жарайды. Сондықтан, дуалды оқыту жүйесінің еңбек нарығындағы кадрлар жетіспеушілігін, еңбек сұранысын азайтудағы рөлін ескеретін және жүзеге асыратын уақыт жетті деп ойлаймыз.
Елімізде жастарға кәсіптік-техникалық білім беруге маманданған 896 білім ошағы бар. Олардың 325 лицей болса, 571 колледждер. Бүгінде аталған білім ошақтарында 600,7 мың жас түрлі мамандықтар игеруде. Бүгінде кәсіптік техикалық білім ошақтарында тәлім алған жастардың басым бөлігі алған мамандықтары бойына жұмысқа тұра алмай жатады. Себебі, оның мамандығы мемлекет үшін қажет мамандық емес болуы мүмкін. Осы орайда кәсіптік-техникалық білім беру ошақтарын заман талабына сай жетілдіріп, замануи басқару жүйесін енгізудің маңызы зор. Бұдан басқа оқу бітірген жастарды жұмысқа тұрғызу мәселесін де кезек күттірмей шешуді талап етуде.
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің мәні қазіргі таңда жастарды өз бетінше кәсіп үйренуде ғылыми-теориялық және практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып отыр. Осы орайда экономика мен кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің дамуы арасындағы алшақтық дайындап шығарылған мамандар саны мен кәсіпкерлік құрылымдардың сұранысы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына алып келгенін айта кетуіміз керек. Құрылыс мамандықтары бойынша сұраныс 24 мың адамды құрағанына қарамастан, дайындалғандардың саны 8 мың адамнан аспаған. Елімізде 2012 жылғы жаңа статистика бойынша тау-кен металлургиясы саласына механик, балқытушы, қорытушы, дәнекерлеуші, темір ұстасы сияқты 30 мыңға жуық, ал химия өнеркәсібіне 12 мыңдай маман қажет. Бұл саланың ауқымы бұдан да ұлғайып, минералды тыңайтқыштар мен жаңа өнімдер өндіріледі. Көмір өнеркәсібі бір мыңдай маманға зәру. Білікті мамандарды даярлау үшін оқытушы - шеберлер де қажет.
Біздің еліміздің дәл қазіргі жағдайында әрбір отбасы, әрбір мектеп бітіруші кәсіптік мектеп, лицейлерде, колледждерде білім алып, жұмысшы және кәсіптік маман иесі болу бүгінгі күні дұрыс шешім болатындығын түсінуі қажет. Бұл орайда кәсіптік бағдар беру мен дуалды жүйеде оқыту өз мәнінде жұмыс істеуі керек.
Колледж - жоғары немесе арнаулы орта білім беретін оқу орны.
Білім беру деңгейіне қарай дүние жүзінде колледждің 3 түрі бар:
1) жоғары білім беретін колледж (университеттердің бөлігі мен автономды жоолар);
2) орта және жоғары оқу орындарының аралығындағы колледж;
3) жоғары сыныпқа сәйкес келетін орта білім беретін колледж.
Колледждер көбінесе, музыка, бейнелеу, би өнерлерімен байланысты ашылады. Колледж факультет ретінде университет құрамына кіреді, немесе жоғары оқу орындары сияқты дербес болады.
Бұл типтес колледждердің негізі алғаш рет 13 ғасырдағы Англияда (Оксфордта 1249 ж., Кембриджде 1284 ж.) қаланды.
Колледж ғылыми оқу орны ретінде 1523 ж. Лондонда ашылды. Англиядағы ерекше пұрсатты орта мектептер де колледж деп аталады. Қазір Қазақстанда экономика, құқық, бизнес, музыкалық, педагогикалық колледждері бар. Олардың кейбіреулері арнаулы мамандық беретін дербес орта оқу орны болып есептелсе, ал кейбіреулері жоғары оқу орындарының (университеттер мен академиялардың) құрамдас бөлігі болып саналады. Оны үздік бітірген түлектер жоғары оқу орындарына сынақсыз алынады. Колледждерде оқу ақылы түрде жүргізіледі[2].
Колледждерде кәсіби білім берудің негізгі ұйымдастыру формасы - сабақ. Сабақтың жалпы барысы:
1. Жалпы мәліметтер: күні, сыныбы, мектебі, жалпы мәліметтер. Оқыту бағдарламасының тақырыбы, сабақ тақырыбы.
2. Оқу ортасы мен оқыту құралдарына шолу. Кабинетті жабдықтау, оның мұғалім мен оқушыға ыңғайлылығы, жабдықтау құралы. Оқыту құралдарының күйі.
3. Компьютермен жұмыс жасауда техникалық қауіпсіздігін, санитарлы-гигиеналық нормаларын сақтау.
4. Мұғалімнің сабаққа дайындалуына кететін уақыт шығыны. Белгілі бір сабаққа материалының дайын болуы. Қолданылатын көрнекілердің сабақ тақырыбына сәйкестігі, қолдану моменті, материалының мазмұны, нұсқалар, сұрақтар кезеңі, әдістері.
5. Сабақ құрылымы: сабақтың негізгі кезеңдері, мақсаты және ұзақтылығы ұстаздың басқару жұмысын тіркестіру. Жеке, жұптық, топпен және сыныппен бірлесіп жұмыс істеу. Материалды қайталау және бекіту кезеңі, әдістері.
6. Мұғалімнің сабаққа қойған мақсаты, оның жетістіктері.
7. Сабақ мазмұнын, мектап оқулығының материалымен салыстыру.
8. Жалпы дидактикалық принциптер көзқарасынан сабақ мазмұнына баға беру.
Ғылымилық информатика сабағында жаңа жетістіктерді есепке алу және т.б.
Көрнекілік-графикалық ақпаратты қолдану алгоритмдердің орындалу кестесі және т.б.
Тізбектілік - түсіндірілетін материалдың логикалық көрнекі болуы түсіндіруде материалды қалдырмау күрделі түсініктерді оқығанда циклдің болуы.
Практикамен байланысы компьютермен және ақпараттық қоғамның талаптарына сай қолданбалы есептердің мазмұнын сәйкестендіру.
1. Мұғалімнің сабақтағы әрекет тәсілдері. Оқушыларды сабақты дайындау құралдарына және сабақ басында есептеу техникасын дайындауға кірістіру. Мұғалімнің материалды қолдануындағы еркіндігі. Негізгі сұрақтарға жауауп қайтару кезеңі. Оқытуды жекешелендірудің тапсырмалардың түрлі деңгейі, білімі мықты оқушылардың нашар оқитын оқушыларға көмек беруі. Мұғалімнің оқушылар зейінін ауып кетпеуін қадағалау әдістері. Тақтадағы программадағы есептеу қателерін табу кезіндегі іс-әрекеті.
2. Материалға қызығушылықты бекіту әдістері. Оқушылардың танып білу қабілеттерін ынталандыру. Тапсырманы беру кездері: оқулықтан, басқа әдебиеттерден, мұғалімнің сабақ барысында ойлап табуы оқушыларды іздендіру, сабақтағы басқа белгісіз және стандартты емес оқыту әдістері.
3. Оқушылардың сабақта жұмыс істеуі. Оқушылардың материалға оқушылардың қызығушылығы белсеңділігі және өз бетімен жұмыс істеу. Саналы түрде меңгеру ЭЕМ-дегі әрекет қызметінің мағынасын меңгеру. Оқытудың тиімділігі оқыту уақытының толықтығы. Оқытушының және оқушылардың қарым-қатынасы, тәрбиесі және ұйымдасуы есептеу техникасына қатынасы қауіпсіздік техникасын сақтау.
4. Кері байланыс мұғалімнің білімін бақылау жүйесі. Білімін тексеру үшін компьютерді қолдану бақылаушы бағдарламасы білімді бағалау объектілігі белгілі мұғалімнің баға критерийлері үй жұмысын бағалау.
5. Сабақтың тәрбиелік эффектісі. Мұғалім тұлғасының ерекшеліктері оқушыларға бағыттаушы ретінде сіздің көзіңізге көрінген тәрбиелеу әдістері және тәсілдері.

2. Колледждердегі сабақтан тыс жұмыстар
2.1 Колледждердегі сабақтан тыс жұмыстар өткізу процесі

Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады.
Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.
Кәсіптік жоғары білім беру:
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім:
Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді .
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру.
Жұмысшылар мен мамандардық басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім асыру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.
Қосымша білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді.
Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады [1]
Кәсіби колледждардың оқу бағдарламасында теориялық және кәсіби білім беру де қарастырылады. Ұйымның мәндеттері, әдістері мен түрлері, осы білім берудің мазмұны, барлғы бір мақсатқа бағытталған - жоғары кәсіби біліктігі бар кіші мамандарды дайындау. Теориялық және кәсіби білім беру дербес түрде болады, бірақ арнайы орта оқу орталарындағы білім беру жүйесінің өзара байланысқан бөлігі [14].
Колледждарда тәжірибелік кәсіби білім беру білім алушылардың тұлғасының дамуына бағытталуы тиіс, яғни, білім алушылар өздерінің жеке құқықтарын, генетикалық-психологиялық мүмкіндіктерін, әлеуметтік-экономикалық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, және де кәсіптің (технологиялардың) талаптарын ескере отырып, алынған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алу дағдыларын қалыптастыру.
Колледжда кәсіби тәжірибелік білім берудің мазмұны мен кәсіби біліктілік негіздерінің құрылуы арасындағы қажетті байланысты ашу - негізгі мәселе болып табылады, яғни, берілген кәсіби білім берудің әдістемесіндегі қарам-қарсылықтардың негізі. Кәсіби білім берудің мазмұны деп - теориялық және тәжірибелік кәсіби білім берудің бірлігі, олардың функциялары өзара байланысқан.
Колледжда кәсіби тәжірибелік білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттері - оқушылардың кәсіби біліктігін құруға және өздерінің таңдаған мамандығының болашақ еңбек қызметіне дайындауға бағытталған. Бұл дайындық тәжірибелік дағдылар мен іскерліктерді игеру арқылы жүзеге асады, бұл дағдылар теориялық білімдерді тәжірибеде қолдануға, өздерінің мамандығына тән кәсіби үрдістерді - дайындық, жүзеге асыру, басқары мен қызмет көрсетуді жоспарлау үшін қажет. Себебі кіші маман - кәсіби колледждардың білім беру жүйесінің теориялық және тәжірибелік бағдарламаларын меңгерген түлектеріне берілетін кәсіби дәреже. Кіші маман өзінің мамандығы бойынша компьютер және басқа құралдармен байланысты техникалық тапсырмаларды орындайды; инженерлік-техникалық жабдықтар мен құралдарды қызмет көрсетеді, оларды жөндейді; станоктарды (білдектерді), металл құрылымдарын орнатады, басқа ұқсас жұмыстарды орындайды [7].
Тәжірибелік кәсіби білім беру жалпы білім беруден өзінің мақсатымен, бағдарламасымен және бағдарлама мазмұнымен ерекшеленеді. Жалпы білім беру үрдісі және кәсіби теориялық білім берудің үрдісі негізінен ұқсас болып келеді, бірдей дидактикалық қағидалары мен әдістемелерін жүзеге асыру арқылы орындалады. Кәсіби тәжірибелік білім беру негізінен түпкі әдісері мен оқыту түрлерімен ерекшеленеді. Себебі бұл жерде оқыту өнеркәсіппен қатар жүргізіледі: оқушылар оқытылады, өндіріспен айналысады, еңбек қызметін жүзеге асырады. Кәсіби тәжірибелік білім берудің негізгі ерекшелігі - оқу үрдісі оқушылардың кәсіби еңбегімен қатар жүреді.
Кәсіби тәжірибелік білім беру - оқушылардың ақыл-ойы мен физикалық іс-әрекеттерінің нәтижесінде кәсіби білімдер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оқу үрдісі. Егер теориялық кәсіби білім беруде теориялық дағдылар мен білімдер жүйесі қалыптасса, онда тәжірибелік кәсіби білім беруде тәжірибелік дағдылары қалыптасады. Осы екі өзара байланысқан үрдістердің нәтижесінде, нақты мамандығы мен дағдылары бар, кіші маман тұлғасы қалыптасады.
Егер колледждарда кәсіби теориялық білім берудің үрдісінде теориялық қызметтің ерекшеліктері оқылса, онда тәжірибелік кәсіби білім беру үрдісінде тәжірибелік қызметтің ерекшеліктері оқылады. Сәйкесінше, егер теориялық кәсіби білім берудің негізгі құрылымын жалпы білім беретін және кәсіби пәндер кешені құраса, онда тәжірибелік білім берудің негізгі элементтері тәжірибелік қызметтің түрлерінен: зертханалық жұмыстар, оқу бағдарламалары, өндірістік тәжірибе, дипломға дейінгі тәжірибе т.б. тұрады.
Кәсіби колледждарда кәсіби білім берудің негізгі мазмұнын құрайтын құралдарды анықтау үшін, келесі жағдайларға сүйену қажет:
1. Тәжірибелік білім берудің мазмұны кәсіби дағдыларды, кәсіби қызметтерді игеру арқылы жүзеге асады;
2. Тәжірибелік білім берудің құрамды бөліктері игерілетін кәсіби қызметтің құрылымымен анықталады.
Кәсіби колледждарда тәжірибелік кәсіби дайындықтарды арнайы пәндердің мұғалімдері мен мамандары басқарады. Тәжірибелік кәсіби дайындық - бұл белгілі бір кәсіптің жұмыстарын жүргізуге арналған дайғдылар мен білімдерді құлыптастыру үрдісі. Тәжірибелік кәсіби дайындық барысында дәрежесі мен екінші мамандық та қарастырылады.
Тәжірибелік кәсіби дайындықтың негізгі міндеті оқушыларды, яғни болашақ кіші мамандарды - өздерінің тікелей мамандықтарына дайындауға, теориялық білімдерді тәжірибеде қолдана алуға, кәсіби дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Кәсіби білім берудің теориялық және тәжірибелік бөліктері салыстырмалы түрде дербес және өзара байлынысқан бөліктер болып табылады.
Тәжірибелік кәсіби білім беру кіші мамандарды дайындаудың бөлігі болып табылады, ол үшін барлық оқу үрдісінің (29,1 %) үшінші бөлігі болып келеді. Егер бұл жерде көрсеткіштерді щетел елдерінің оқу орындарымен салыстырса, бұл жерде тәжірибенің аздығы білінеді.
Тәжірибелік кәсіби білім беру үрдісі - оқышуларды мамандыққа дайындайтын, кәсіби дағдыларды қалыптастыратын үрдіс. Сондықтан, бұл үрдісті басқару ыңғайлы, тиімді, шығармашылық болуы тиіс. Басқаша айтқанда, берілген үрдіс белгілі бір жүйеде ұйымдастырылуы тиіс және оқытушының ақыл-ой мен физикалық еңбегінің нәтижесінде оқушыда кәсіби дағдылар мен іскерлікті дамытуға бағытталған.
Колледждердің оқу жаспарынды теориялық және кәсіби білім беру сұрақтарын шешу қарастырылады. Білім берудің екі түрінде де міндеттер, әдістер мен түрлерінің өзіндік қасиеттері бар, бірақ мақсаты бер міндетті шешуге, яғни, жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталған.
Білім берудің осы екі түрі өзара байланысқан.
Оқу бағдарламаларында арнайы технологиялық пәндерді, тәжірибелік-кәсіби білім беру үрдістері қарастырылады.
Тәжірибелік-кәсіби білім беру - бұл оқушыны кәсіби қызметке үйрететін, кәсіби құлыптастыратын және дамытатын үрдіс.
Тәжірибелік-кәсіби білім беруді жүйелі талдау негізінен екі бағытта жүргізіледі:
1. тәжірибелік-кәсіби білім берудің мақсаттарымен міндеттерін жүйелі талдау;
2. тәжірибелік-кәсіби білім беру үрдісін жүйелі талдау.
3. Жүйелі талдау кезінде оның келесі құрылымды бөліктері анықталған:
1. Тәжірибелік - зертханалық сабақтар.
Тәжірибелік-зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру үшін оқу-зертханалық жұмыстарды жоспарлап, зертхана бөлмелерін арнайы жабдықтап, оқушылардың білім алу деңгейлерін басқару тиіс. Тәжірибелік-зертханалық сабақтардың үрдісінің әдістемелік ұсыныстары дайындалады.
2. Оқу тәжірибесі
Оқу тәжірибесін жүйелі қамтамасыз ету үшін, оқу тәжірибелік жұмыстарды жоспарлап, оқу орындарын арнайы жабдықтау қажет, бұл жерде оларда дағдылары қалыптасып, игерген білімдерді бағалау жүргізіледі.
3. Өндірістік (технологиялық) тәжірибе
Өндірістік (технологиялық) тәжірибені кәсіпорындар мен ұйымдарда жүйелі ұйымдастырып, бөлмелерді арнайы жабдықтау қажет. Өндірістік (технологиялық) тәжірибені жүргізудің әдістемелік ұсыныстары дайындалады.
4. Кәсіби-шығарушылық тәжірибе
Кәсіби-шығарушылық (дипломға дейінгі) тәжірибені кәсіпорындар мен оқы зертханаларында арнайы дайындық жүргізу қажет, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын өткізу қарастырылады. Кәсіби-шығарушылық (дипломға дейінгі) тәжірибені жүргізудің әдістемелік ұсыныстары дайындалады.
Егер тәжірибелі-кәсіби оқытуға сол үрдістің көзқарасынан қараса, оның келесідей бөліктерін бөліп қарастыруға болады.
1. тәжірибелі-кәсіби оқыту үрдісін жоспарлау. Аға мастердің басқаруымен жүргізіледі, және төрт құраушыдан тұрады: тәжірибелік-зертханалық жұмыстарды жүйелі жоспарлау және жүргізу, оқу тәжірибесі, оқу-өндірістік тәжірибе мен кәсіби білікті тәжірибе.
2. тәжірибелі-кәсіби оқытуды жүргізуге дайындық.
Бұл жерде аталған үрдістің төрт құраушысын жүргізуге дайындықты ескеру қажет.
- тәжірибелі-зертханалық сабақтар - оқу зертханалары;
- оқу тәжірибесі - оқу орындары;
- өндірістік тәжірибе - кәсіпорындар мен ұйымдар;
- кәсіби білікті-шығаратын тәжірибе - кәсіпорындар мен оқу зертханалары метиралды-техникалық жадықталуы тиіс. және де шеберлердің арнайы дайындығы қежнт.
3. тәжірибелі-кәсіби оқыту үрдісін қамтамасыз ету. Бұнда да төрт құраушы қарастырылады.
Сондықтан, тәжірибелі-зертханалық жұмыстар оқу-зертхана оқыту технологияларының негізінде, оқу тәжірибесі оқу-тәжірибелік оқыту технологиялары негізінде, оқу-өндірістік тәжірибесі оқу-өндірістік тәжірибе негізінде және кәсіби білікті тәжірибе тәжірибелі-зерттеу технологияларының негізінде өткізіледі.
Оқу шеберлері мен оқытушылардан арнайы пәндік дайындықты, оқу үрдісіне технологияларды енгізуге және тәжірибелік кәсіби оқытудың үрдісін жоспарлауды талап етеді.
Тәжірибелік кәсіби оқыту үрдісін басқару.
Тәжірибелік кәсіби оқыту үрдісін басқару жүйелі түрде жүргізіледі, жеткен нәтижелерін талдау қажет, осы талдау негізіне жіберілген қателіктер мен олардың пайда болу себептері, және оқушылардың жаңа дағдыларды игеру деңгейі нақтыланады. Соның нәтижесінде оқушылардың білімдері бағаланады. Өткен материалды игеруді басқару үрдісі, бақылау немесе бақылау жұмыстарын орындаумен жүргізіледі.
Тәжірибелік-кәсіби оқыту әдістемесі.
Тәжірибелік-кәсіби оқыту мақсатына сәйкес, оны басқару жүйелі түрде жүргізіледі, сабақтарды жүргізудің жолдары мен педагогикалық шеберлікті тұрақты жоғарылату жолдары анықталады.
Осыған орай, жоғарыда аталған Тәжірибелік-кәсіби оқытудың төрт әдістерінің әдістемесін дайындауды қажет етеді.
Тәжірибелік-кәсіби оқытуға деген жүйелі көзқарас оқытушы мен оқушылардың кәсібилігі дамуына, орындалатын жұмыстардың мазмұнын анықтауға әкеледі.
Бүгін, көп бейінді колледж - жоғары білімдік, ғылыми-зерттеу мен тәрбиелеу потенциалы бар, көп деңгейлі, көп бейінді кәсіби жүйесін құруға қажетті барлық материалды-техникалық ресурстары бар білім беру жүйесі.
Көп деңгейлі көп бейінді кәсіби дайындық білім беру бағдарламасын дайындау арқылы жүзеге асырылады. Осындай білім беру жүйесінде білім беру модульдері бөлінеді, олардың арасында кәсіби бағдарламалар мен әдістерде, оқу сипатында сәйкестігі бар байланыстар байқалады.
Білім берудегі инновациялы қызмет - бұл жас маманның жоғары деңгейлі дайындығына қажетті шарт. Сапалы білім беру қызметін жүзеге асырудың басты шарттарының бірі - кәсіби педагогикалық қызметкерлердің болуы, олар өндірістік технологиялардың жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Қызметкерлердің сапалы және кәсіби сипаттамалары, білім беру қызметтерін көрсетеді. Жаңа педагогикалық технологияларды дайындап, енгізу қажет, студенттерді оқытуға жаңа көзқарастар қажет, сондай ақ, түлектің кәсібилік жағынан жаңа үлгісін қалыптастыруға шарттар қажет.
Инновациялық өзгерістер, біріншіден, студенттерді оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарастарды енгізудің, және де оқытушы мен студенттердің, 80-90 жылдардан ерекшеленетін, қазіргі маманның түріне сәйкес келетін, жалпы және кәсіби құзырлықтары бар санасының өзгеруін білдіреді[15].
Білім беру мазмұны нұсқаулы бола бастағанда, оқытушы білім беру туралы құжаттарды жақсы біліп, колледждің білім беру жүйесіне инновациялы өзгерістерді енгізе алуы қажет. Инновациялық өзгерістер дегеніміз - студенттерге жеке білім беру ортасын құлыптастыруға мүмкіндік беру, оларда бастамалардың, еңбекке қабілеттіктерін, қауіпсіз және сау өмір сүру қалпына үйлестіру бойынша педагогикалық жұмыстар.
Колледж мұғалімдері арасында инновациялық қызметке дайындығы бірдей емес. Бұл, жоғары жастағы педагогтардың жаңа, дәстүрлі емес құбылыстардан қорқуының салдары. Оларға қарағанда, жас педагогтар жаңа педагогикалық технологияларды жылдам қаблдайды. Компьютермен және ақпараттық технологияларды игеру, желілік ақпаратты білім беру қызметтерін қолдану, кәсіби-тұлғалық дамуы - осының барлығы жас, жаңадан бастаған мамандарға жеңл беріледі. Бірақ жастарға қарғанда, жоғарғы жастағы педагогтар колледж қажеттіліктерін анықтауға жақын, оларда кәсіби жауапкершілік жоғары, педагогикалық жүйеде және әлеуметтік (өмірлік) тәжірибе деңгейі жоғары. Сондықтан, колледжда білім беру жүйесінің инновациялы дамуы жас педагогтардың әлеуеттерін және үлкен педагогтардың тәжірибесін үйлестіре отырып енгізу қажет.
Қазіргі кезде, көп бейінді колледждарда студенттермен жұмыс істеу кезінде оқытушылардың шыдамды көңіл бөлуі маңызды, себебі студенттердің көбінде психика тұрақсыз, көбісі ақпаратты қабылдау мен есте сақтау қабілеттіктері төмен. Колледжде білім беру сапасы педагогикалық қоғамның құрған шарттарына тікелей байланысты. Қазіргі кезде, білім беру сапасының түсінігі басқаша: егер бұрынғы кезде студенттер жақсы нәтижелерге жете алмауын өздерінің қабілеттіктері немесе оқуға деген қызығушылықтарының төмендігінен деп санаса, онда қазір мәселені шешу үшін алдымен педагогтың құрған шарттарына байланысты деп санайды, әрбір бала білім жүйесінде өз жолын табу үшін[4].
Дегенмен, тіпті қазіргі заманға сай білім беру ортасы да тиімсіз болуы мүмкін, егер оны қолдану мүмкіндіктерін педагогтар дайындамаса. Ол үшін, жаңа оқыту бағдарламаларымен қатар, студенттерді кәсіби дайындауға қажетті мастер-класстар, көріністер енгізіледі. Студенттер ашық есік күндеріне, кәсіптердің жәрмеңкесіне, кәсіби шеберлік конкурстарына, кәсіби білім оқу орындарын сапарларға қатыстырылады.
Қазіргі заман, болашақ мамандар жылдам өзгеретін әлемде жұмыс істеп, дамуға, ақпаратты ресурстарды тиімді пайдалануға,жауапты шешімдер қабылдауға, құқықтық нормаларды сақтауға талап қояды. Бұл барлық дағдылар сәйкес білім беру стандарттарында көрсетілген. Жаңа заман стандарттары, орта уәсіби білім беру орындарының қызметкерлерін дайындауға негізгі әдістемелік көзқарастарды өзгертуді талап етеді.
Студенттердің көп бөлігі колледжде білім беру жүйесін, ұзақтығы мен сабақтардың әдістемесін толығымен өзгертуге қарсы емес. Студенттердің қалауынша, педагогтың баяндауы қысқа әрі созылмауы тиіс, және де тест жұмыстарын орындауды қалайды, себебі бұл кезде сабақтың ұзақтығы білінбейді. Бұның шыққан себебі, студент сабақ барысында не істерін білмейді, оның ойынша, оқытушы беріп жатқан ақпаратты ол қысқа мерзімде алуы мүмкін еді. Колледждің білім беру жүйесіне инновацияларды енгізудің қажеттігін көрсетеді, олар өткен материалдың ары қарай бекітілуіне септігін тигізеді. Бұлардың қатарына: компьютер технологияларын, интерактивті технологияларды (семинар-пікірталастар, мәселелік дәрістер, миға шабуыл) белсенді қолдану, олар оқушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақытының ұйымдасуын анықтау
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
Сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың технологиялық ерекшеліктері
Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Биологияны оқыту әдістерінің тұжырымдамалық негіздері
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
Биология оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Пәндер