Қоғамдағы демографиялық және экономикалық проблемалар


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қоғамдағы демографиялық және экономикалық проблемалар

Демография (грекше demos-халық, grapho-жазу), ғылыми мағынасын 1855 ж. қабылдады. Демография - бұл салыстырмалы жаңа ғылым, ол қоғамдық ғылымдардың бір саласы болып табылады.

Халықты көптеген қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары зерттейді. Халық кең мағына адамдардың жиынтығын білдіреді. Ол белгілі бір территорияда өмір сүреді, іс-әрекет, қызмет жасайды. Демография халықтың құрамын, санын және өмір сүруін, өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді. Бұл процесте адамның жынысы, жасы, атқаратын қызметі, жұмысы т. б. жақтары негізге алынады, сөйтіп жалпы халықтың әр түрлі қозғалыс өзгерістерін зерттейді. Мысалы, некелесу, туу, миграция, өндіріске әсерін, т. б.

Халық белгілі бір мемлекеттің субъектісі, мемлекеттің құрамдас бөлігі, яғни оның дамуының қаинар көзі болып табылады. Сондықтан да, әрбір мемлекет халқының өсіп-өнуіне бағытталған демографиялық саясат жүргізеді.

Демографиялық саясат дегеніміз- халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық және құқықтың шаралар жүйесі. Демографиялық саясат мемлекеттегі әлеуметтік институттар арқылы жүзеге асырылады.

Шаралар тікелей некеге тұру, отбасы жандарының туып өсуі қарқынын реттеу, көші-қонды бақылау немесе халықтың өмір сүру деңгейге дейін көтеру, көп балалы отбасыларға жағдай жасау, қоғамдық санаға ықпал және т. б. арқылы жүзеге асады.

Демографиялық саясат жүргізуде демографиялық зерттеулерге сүйенеді. Демографиялың зерттеудің өлшемі-нақтылы адам. Оның өмір-тіршілігінде физилогиялың және психологиялық ерекшеліктері, әсіресе, оның тұрғын орнын, отбасы жағдайы, қызмет түрі, білім деңгейі және т. б. біртіндеп өзгеруі мүмкін. Жеке адамның кейбір сипаттамасының өзгеруі жалпы халықтың сипаттамасын өзгертеді. Мысалы, неке үйленушілердің қатарын көбейтіп, бойдақтардың санын кемітеді, жеке адамдардың мекен-тұрағын ауыстыруы, яғни миграция. Халықтың саны, оның құрамы, туу, өлу сияқты биологиялық заңдылықтарға сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Халықтың құрамын ғылыми ұйымдастырылған статистикалық жолымен есептеу әдісі қолданылады.

Демография статистикалық әдістің ерекше зор маңызы бар. Демографиялық статистика немесе халық статистикасы-белгілі бір халықтың санын, құрамын, орналасуын және өзгеріс-қозғалысын немесе оның жекелеген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өндеуге, баяндауға және талдауға статистикалық тәсіл қолданылатын статистика саласы. Халықты зерттеуде ең дәл және егжей-тегжейлі деректерді халық санағы береді. Санақ аралығында халықтың саны, оның топтық және жыныстық жасына қарай құрамы арнаулы есептеулер арқылы анықталады.

Демографиялық жарылыс-ол белгілілі бір уақытта қалықтың санының көбеюі, ол әлеуметтік және саяси тұрақты кезеңде болуы мүмкін. 1945-1970 ж. арасында 25 қазақ халқының саны 2 есе көбейде: 2, 1 млн. 4, 2 миллионға дейін.

Демографиялық жаңғыру. Халықтың санының әлеуметтік дағдарыстан, эпидемия, жер сілкінісі, аштықтан, соғыс, миграция, репрессиядан кейін бірте-бірте өсуі.

1988 ж. жазына республика халық санының 50% жетті. Бұл сан маңызды емес, егер біз 1962 ж. бұл пайыз 29, 5 болса, онда қазір ол жетістік болып табылады.

1926 ж. халық санағы бойынша Республикада қазақ халқының саны 58% болды. Қазақ халқы 33 жылда (1970-2003) арасында халық санын екі есе өсті.

Демографиялық көзқарас бойынша қазақ халқы жас халық болып табылады. Демографиялық жастық халықтың санының өсуінің деңгейі.

1922 ж. Қазақстанның халық саны 17, 8 млн. болды. Ол ХХ ғ. соңғы он жылдығының әлеуметтік-экономикалық және саяси оқиғаларғаайланысты азаюға басталды. 1987-1998 ж. аралығында халық санының өсуі бәсеңдетілді. 1989-1998 ж. аралығындағы халық саны бойынша Республикадағы орыс халқының саны 6, 2 млн. 4, 6 млн., немістердің 0, 9-0, 3 млн азайды.

Қазақстаннан көптеген украиндықтар, белорустар, татарлар кетті, сондықтан 1999 ж. халық саны 15 млн. дейін азайды.

«Қазақстан Республикасының миграция туралы заңы» 1992 ж., ол оның жаңа редакциясы-1998 ж. қабылданды.

Экономикалық даму мен географиялық жағдайынын денгейіне қарамай, ғаламдық проблемаларға әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді де жатқызамыз. Олар планетадағы барлық елдердің дінгекті мүдделерін қамти отырып, дүниежүзілік қоғамдастықтағы мемлекеттердің өзара әрекеттенуінін дейекті жолдарын іздестіріп, бүгіндері еркениеттілік адамдар тағдырының өмірлік маңызы барлығын паш етуде. Оған жататыңдар мыналар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау; қоршаған ортаны қорғау; дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою; энергетикалық, шикізаттык, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт - жағдайда космосты игеру; ауруларды жою және басқалар.

Бұл проблемалар басқару тәсілі және экономикалық процестердің динамикасы, ұдайы өндіріс құрылымының әсерімен тығыз байланысты болып, жалпы экономикалық аспектіні айкындап көрсете түседі.

Ғаламдық соғыс шығындары 80-шы жылдарының ортасында жыл сайын 100 млн. адам-жылға (человек-лет) жетті. Соғыс дайындығына әдетте "еркін емес", "тегін емес" ресурстар пайдаланынады. Оларға әлемдік ресурстардың көптеген мөлшері жұмсалады. Ол адамзат дамуы мен өмір сүруі үшін ең қымбат, ең қажетті ресурстар еді. Соғыс қару-жарақтарына жұмсалған көптеген ресурстар ғаламдық масштабта көптеген зиян келтіреді. Олардың зияндылығы, тіпті, дүниежүзіндегі елдерде болған жер сілкінісі, куаңшылық, су тасқыны, тайфундар мен басқалай стихиялық жағдаилардан әлденеше рет асып кетеді.

Соғыс және соғыс тұтынастары К. Марсктің сөзімен айтқанда: "тікелей экономикалық қатынастарда сондай болып көрінеді, егер бар ұлт суға өзінің капиталының белгілі бөлігін лақтырса" (Маркс К., Энгельс Ф. Шығ. 46т, I б, 67 бет) .

Әдетте қару-жарақтану күрделі саяси, әлеуметтік және экономикалық шығындарға алып барады. Қоғамдағы ғылыми-техникалық прогресс жетістігі қару-жарақтануды өсірумен емес, оны қысқартумен бағаланады. Экономиканы демилитаризация жасамай, дүниежүзілік ынтымақтастық болмай тіпті соңғы есепте басқада ғаламдық проблемалардың өзі шешілмек емес.

Қазакстан мұралық қаруды таратпау шартына қосылды. Ядролық қаруды сынау полигоны Семей жауып, мұралық зарядтары бар алысқа атылатын ракеталардан босатылады. Қазақстан Республикасы жер планетасында алғашқылардың бірі болып мұрасыздық зонаға айналды.

БҰҰ-ның мәлімдеуінше дамушы елдерде 800 млн астам адам немесе тұрғыңдардың 40 % абсолютті кедейлік жағдайда өмір сүруде. Болжам бойынша 2000 жылға таман кедейлер саны 1, 2 млрд адам болмақшы. Дамушы елдерде 1980 жылы аштықтан 50 млн. адам қайтыс болған, ал оның 15 млн. сәбилер. Азық-түлік жағдайы төмендеп, оны өндіру есімі көп елдерде "жеп қойылды". Ол тұрғындардың өсуімен жұтылуда. Демек, дамушы елдерде кедейлік, аштық, аурудың асқынуы демократиялық процестермен байланысты. Дамушы елдерде астықты импорттау жоғарғы қарқынмен өсуде: жылына 70-ші жылдың басында - 30 млн т., 1975 ж. -80 млн. т., 1990 ж. - 135 млн. т, ал 2000 ж. -226 млн. т., болып 37 млрд. АҚШ долларын құрамақ. Көптеген елдерде мұндай ақша жоқ та. Әдетте, астық импортына кедей елдер мұқтаж екені белгілі.

Бар ресурстар мен халық саны ара қатынасының алшақтығы өсуде. Қазіргі кезде жер бетіндегі адамзат 6 млрд. құраса, келесі ғасырда 8-14 млрд. өседі деп көзделуде, соның 90%-тен астамы ең кедей мемлекеттердің үлесінде болмақ.

Энергия тұтынудың құрлымы мен деңгейін анықтайтын экономикалық өсу бастапқы энергияның барлық түрлерінің өндірісінің айтарлықтай өсуіне әкеледі. Егер қазір әлемдік энергия тұтыну 20 млрд. тонна шартты отын құрайды, ал ХХІ ғасырдың ортасында (болжам бойынша) 30-38 млрд. тонна құрамақ.

Қайта өндірілетін ресурстар (су энергиясы, жел, күн энергиясы) мамандардың бағалауы бойынша әлемдік энергия тұтынудың 15% қамтамасыз ете алады. ХХІ ғасырда энергияның көп бөлігі ядролық отын есебінен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфераның ғаламдық экологиялық мәселелері: Әлемдік мұхиттың, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы. Экологиялық жағдайлар мен экологиялық дағдарыс
Қазақстандағы демографиялық проблемалар және олардан арылудың негізгі жолдары
Жастар субмәдениетімен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері
Қазақстандағы демографиялық процестер
Жаһандық қауіптер.Атмосфералық ауа бассейнінің ластану мәселелері
ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ
Әлеуметтік басқару жайында
Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар мен саясат элементтері
Қазіргі ғаламдық проблемалардың экономикалық жақтары
Демографиялық процесстерді реттеу мен жоспарлау қажеттігі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz