Көйлек үлгісіне сайкес лекалдарды дайындау


Көйлек үлгісіне сайкес лекалдарды дайындау
Киім бөлшектері лекалосының сызбасын жасауға арналған бастапқы мәліметтер ретінде бұйымның модельдік конструкциясының сызбасын, бұйымды дайындауға ұсынылатын материалдардың қасиеттері мен таңдалған технологиялық өңдеу әдістерін айтуға болады. Қиық сызықтары бойынша жинақтау кертпелерінің орналасу орны белгілейді. Тігістің 40см асу мөлшері жағыдайында, жинақтау кертпелері жоғарғы және төменгі қиықтардан 10cм арақашықтықта қойылады. Негізгі бөлшектердің қима үлгілері ішкі контур сызықтарымен қиылады және қиықтарды біріктіру жолмен қиықтар ұзындығын, кертпелер орналасуын, технологиялық өңдеу мөлшерін тексереді. Сызба конструкциясына өзгерістер енгізеді. Негізгі бөлшектерді өңдеу есебімен олардың лекалосы негізінде жасалатын туынды лекалолаорға;
-негізгі матадан жасалатын лекало-өңір асты, жаға, белдік және т. б;
-астарлық матадан жасалатын лекало-алдынғы бой, артқы бой, жең, қалта қапшықтары;
-қатырғылайтын іштік матадан жасалатын лекало-қолтық ойындысы мен мойын ойындысының, жең түбінің, жағаның қақпақшаларының және т. б. жатады;
Қосымша лекалолар негізгі лекало және туынды бөлшектер базасында сызық белгілерінің максималдық дәлдігін сақтау мен пайдалану ыңғайлығын ескере отырып құрылады.
Ерлер айыр қалпағын, белбеуді тігу. Айыр қалпақтың алдыңғы бөлігіне оюды кестелеу немесе жапсыра тігу, алдын ала желімдік қатырманы жапсыру
Шапандар мен куртка-бешпенттерге қосымша ерлер бас киімдерінің бірнеше нұсқалары ұсынылады: Тақия, бөрік, тымақ, айыр қалпақ т. б.
Тақия- екі бқлшектен ғана құралуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тақия төбесі бірдей бірнеше қималардан (әдетте 6 дана) тұрады.
Тақия- Азия елдері бас киімінің бір түрі. Тақияның көптеген түрлері бар: зерленген тақия, асыл тастармен безендірілген тақия, кестелі тақия, т. б.
Ер адамдар немесе ер балалар киетін тақия. Ер балалар киетін тақияның айырмашылығы тана, моншақ, теңге, т. б. әшекейлік заттар бастырылып тігілмейді. Ерлер тақиясы қатипадан, пүліштен, т. б. сондай тыстық маталардан, қалың тығыз маталардан тігіледі. Сырма, кестелі тақияларды кейінгі кезде ақ бәтестен немесе гипюрден киіп жүр.
Бөрік- ұлттық бас киімдердің бара -бөрік. Бөрікті әйел де, ер адамда киеді. Оның мынадай түрлері бар: құндыз бөрік, қама бөрік, жанат бөрік, сусар бөрік, былғары бөрік, пұшпақ бөрік, т. б. Аса шеберлікті талап ететін ұсақ бөлшектерден тұратын пұшпақтар - түлкінің пұшпақтары. Түлкі пұшпағынан пұшпақ ішіктер, кеудешелер жасалады. Тонның да кеудешелердің де сырты құралып, бидайланып, тысталған. Егер осы пұшпақтан бас киім тігілсе, осы пұшпақпен жұрындалған бөрік тіккен. Мұндай бөрікті, пұшпақ бөрік деп аталған.
Тымақ- ер адамдардың қысты күндері киетін бас киімі. Оны түлкі мен елтіріден тіккен. Тымақ негізінен төрт сайдан, екі құлақ, бір артқы құлақ бойдан тұрады.
Тігу технологиясы. Бас өлшемін алып тымаққа керекті үлгі қағазын дайындаймыз. Дайындаоған үлгіні керекті тымақ бөлңктерінің үстіне қойып пішеміз. Үлгі дайындау барысында төбе биіктігі 20 см болады, ал ені киетін адамның басының өлшеміне байланысты болады.
Тымақтың төбесіне негізінен шымыр жұқа киіз немесе күспе сырып дайындаймыз.
Тымақ құлақтары, маңдай асты күспесінің екі жағы арзан матамен бидайланады. Төрт бөлікті жеке-жеке белгілеп алып, бір жағына төбе астарын, екінші жағына төбенің бидайын салып, жиілеп сырамыз.
Жеңді жең ойығына көктеп қондыру, манекенге кигізіп қонымдылығын тексеру жең ұзындығын нақтылау
Бұйымның сыртқы көрінісінің әдемі болуы, оның киюге ыңғайлылығы, қолдың еркін қозғалысы жеңді қолтық ойындысына дұрыс біріктіруге байланысты. Жеңді бұйыммен біріктіру әдістері бұйымның түріне, моделіне және қолданылатын мата ерекшелігіне байланысты. Тігін өндірісінде жеңді қолтық ойындысына арнайы машинада қондырады. Ол жең түбін ір түрлі бөліктерде қажетіне қарай іркеді. Жеңді ірку мөлшері және оны қолтық ойындысы бөліктеріне бөлу, бұйымның конструкциясы мен мата түріне тікелей байланысты. Ірку мөлшері әр түрлі маталарға 10 мм-75 мм дейін.
Қолдың еркін қимылдауын қамтамасыз ету үшін жең иілімінің іркілуін ойма ұзындығы бойынша, белгілі бір бөлікте қойылатын талаптарға байланысты әр түрлі етіп орналастырады.
Көктеудің дұрыстығы манекенге кигізіліп тексеріледі, жеңді қолтық ойындысына мынадай сыртқы белгілеріне қарай дұрыс қондырылған деп санауға болады: жең еркін салбырап қалта аузының үштен екі бөлігін жауып тұрады, арқау жібі жеңнің сырт бөлігінде көлденең орналасады.
Оң жақ жеңді қондырып көктеуді қолтық ойындысы иілісінің жоғарғы нүктесіне бағыттай отырып, шынтақ иіліс тігісінен бастайды. Жең жағынан қиығынан 8-9 мм қашықтықтан көктейді. Тігісті тіке қол инешаншыммен бекітеді. Сол жақ жеңін қолтық ойындысына біріктіруді оң жақ жеңін біріктіргендей етіп атқарады, бірақ көктеуді алдыңғы иіліс тігісінен бастайды.
Қондырып тігер алдында жең иілісіндегі іркуді арнайы қалыпқа салып жия үтіктейді, бұл кезде үтік иіліс қиықтарынан 20-25 мм әрі кетпеу тиіс. Жеңді қолтық ойындысына жең жағынан 10 мм қондырады, тігісті төменгі бөлігінен бастап, тігіс соңын бекітеді. Жең қондырудағы ақаулар мен өңдеу сапасы тексеріледі. Жеңді қондыру тігісін арнайы қалыпта немесе престе жия үтіктейді.
Көйлекті лекалдар көмегімен пішу
Қазіргі кезде матаны түрліше әдістермен пішеді. Әуелі төсемді бөліктерге бөледі және ең ірі бөліктерін вертикаль пышағы бар жылжымалы пішу машинасымен ойып алады. Бөліктерді дәл ойып алу үшін лентаны стационарлы пішу машинасын қолданады. Жұқа маталардың пішілуін дискілі пышағы бар машинамен жүргізеді.
Жеке заказдар бойынша бұйымдарды пішкен кезде электірлік -пішу қайшыларын қолданады.
Кездеменің ығысуын азайту үшін қыспаларды, қанылтырмен жиектелген қатаң лекал мен лекалды қолданады. Бөліктерді қиып болған соң пішудің сапасын төсемнің үстіңгі астыңғы және орта кездемелерінің бөліктерін сәйкес бақылау лекалдарына салып тексереді. Пішімнің сапасын тексерумен бір мезгілде кейбір жағдайларда бөліктерде бүкепе сызықтарын, қалталарының орналасу орнын бомен белгілейді және қақпақтарындағы, жапырақтарындағы және жапсырма қалталарындағы суреттеріне қиыстыру жасайды.
Пішудің сапасы қиятын аспапты дұрыс қайрауға байланысты (қайрау бұрышынан) . Қиятын аспапты дұрыс қайрамаған кезде бөлік пішімінің жиектері жалбыр-жалбыр болуы мүмкін.
Материялды пішу заказ берушіден өлшеп алынған өлшеулер мен алынған модельге сәйкес орындалады.
Пішуші пішкен кезде модель жасаушы мекемелердің мода бағытына сәйкес жасаған киімнің негізгі конструкциясының лекалдарын пайдаланады. Әрбір өлшемнің лекал комплектісіне сырт киімнің бөліктері (артқы бойы, алды, жеңдерін және жағасын), сондай-ақ қосымша бөліктер лекалдары енеді, мысалы жапсырма қалталардың.
Лекалдарда арқау жіптің бағытын және негізгі конструкциялық учаскелердің өзгеру орындарын көрсетеді, олардың пішу процесінде заказ берушінің өлшеулеріне сәйкес дәлдеп түзеткен жөн.
Дайын бұйымдарда әйел көйлектері мен блузкаларында тігіске арналған әдіптер мен пішім запасы төменде көрсетілген шамаларға сәйкес болуға тиіс.
Дайындалған желбірлердің екінші қимасына машина тігісін жүргізу(жиыру үшін)
Қыз бала мен жас әйелдердің көйлегін өңдеуде бүрме, қатпар, желбір, желбіршек, желбезек, қосетек тек қана әрлеп-безендіру мақсатын ғана емес, сонымен қатар эксплуатациялық талабын да қанағаттандырған. Киімдердің бөлшектерінің жиектерін, жең аузы мен етегін жиектеу әдісіне арнайы сәндік материалдар, не өзі түстес мата қолданылған.
Желбіршектер менжелбірлермен көйлектің, блузкалардың мойын ойындысын, көйлек етегін және жеңдерді өңдейді. Желбіршектер мен желбірлердің ені мен олардың қатар саны моделіне байланысты әр түрлі болуы мүскін. Желбіршектер мен желбірлер негізгі немесе әрлеуші маталардан дайындалуы мүмкін.
Желбірлер шеңбер бойынша пішіледі. Жолақты ішкі қиығының ұзындығы оның қосып тігу сызығының ұзындығына тең болуы тиіс.
Желбірлер мен желбіршектердің жиек қиықтарын машинамен ирек тігім арқылы, сырып тігетін машинамен жабық қиықты енсіз бүгіп тігумен, жиектеу тігісімен өңдейді.
Желбір немесе желбіршектердің жиек қиықтарын өңдеудің тәсәлә моделі мен матасына байланысты. Бөлшектің жиектерін ирек тігісті машинаның арнайы жабдығына енгізіп бағыттайды және жабық қиықты тігіспен бүгіп тігеді, арнайы табанша болмаған жағдайда тігісті бүгілген жиек жағынан жүргізеді, ал тігіс жағындағы тігім қосымшасын дәлдеп қияды.
Желбіршектің жиегі қосымшасын жиектеумен ңдеген кезде, жиектеу үшін керек жолақшаны желі жіпке немесе арқау жіпке 45º бұрышпен пішеді. Матаны үнемді шығындау мақсатында жиектеуге қажетті жолақша бірнеше бөліктен түруы мүмкін. Жолақтың бөліктерін өң жағын ішіне қаратып салады да тігіс желі жіп бойынша өтетіндей етіп сырып тігеді. Бөлшектің жиегін арнайы жабдығы бар машинамен жолақша қиықтарын ішіне қарай бүге отырып өңдейді.
Жеке тапсырыс бойынша бұйым дайындағанда желбіршектің жиегін жолақпен көмкерме ені бойынша тігіссіз-ақ өңдеуге болады. Бұл жағдайда көмкеру үшін керекті желбіршектің өң жағына жолақтың өң бетін төмен қаратып жаяды, қиықтарын теңестіреді, көмкерменің еніне байланысты қашықтықта қосып өктейді және қосып тігеді. Тігіс қиығын айналдыра отырып, жлоақты теріс бетіне бүгеді, ішкі қиығын ішіне қарай бүккенде жиек қосып тіккен тігісті 1-2 мм жауып тұратындай етіп қайырады, бүгіп көктейді және өң бет жағынан машина тігісімен жолақты қосып тігу тігісіне бекітеді немесе жасырын қол инешаншымы арқылы жапсырып тігеді. Инешаншым жиілігі 10 мм-де үш-төрт рет. Көктеген жіптерді сөгіп алып тастайды, желбіршек жиегін баса үтіктейді.
Қосып тігетін қиықты арнайы машинада торлайды. Содан соң осы жиек бойымен арнайы табаншасы бар бір немесе қос инелі машинамен бүрмелер дайында үшін екі тігіс жүргізеді, арнайы табанша болмаса әлсіз керілген инешаншымдармен параллель жатқан қос тігіс екінші тігімге дейінгісі 5-10мм. Төменгі тігімдері тартып жияды. Бөлшекте пайда болған бүрмелерді ұзына бойына бірдей етіп бөледі. Бүрме жасағаннан кейінгі жиектің ұзындығы белгіленеген сызықтың немесе желбіршек қосып тігілетін бөлшектің ұзындығына сәйкес болуы керек.
Моделі бойынша біріктіру тігісіне желбіршек немесе желбір салынатын негізгі бөлшек екі бөлшектен тұруы мүмкін. Желбіршекті не желбірді бөлшектің бір бөлігінің үстіне өң жағымен төмен қаратып, қиықтарды теңңестіріп, бүрмелер дайындалған екінші тігім бойымен желбіршек немесе желбір жағынан қосып тігеді. Соның өзіпде бүрмелердің біркелкі орналасуын және бөлшектің қатпармен жабылып қалмауын қадағалайды. Тігістің ені 10 мм.
Бұйымды бірінші өлшеуге жасап, белгілеу, нақтылау
Киімді өлшеуге дайындауды жеке немесе киім дайындалатын бригада орындайды, бірақ мұнда киімді өлшеуге дайындау жұмысын 4 немесе 5 - разряды бар бір адам орындайды. Киімді тапсырыс берушінің тұлғасына қонымды ету үшін негізгі бөліктерді пішкен кезде қиықтары бойынша қосымша ен жасайды. Пішкен кезде әдіптерді бормен белгілейді. Түрлі қиықтардың қосымша шамасы түрліше.
Бел сызығы бойынша қырқылған көйлектерге келесі қосымшалар жасалады: артқы бойында - мойын ойындысы, иық, жан қиықтары және бел қиығы бойынша.
Тұтас жеңді бел қиығынан қосып тігілген көйлектерде келесі қосымшаларды жасайды: артқы бойында - мойын ойындысының және иық қиықтары, жеңнің орта және астыңғы қиықтары, жан қиығы және бел қиығы; алдыңғы бойында - мойын ойындысы және бел қиығы; алдыңғы бойында - мойын ойындысы және иық қиықтары, жеңдерінің орта астыңғы қиықтары, жан қиықтары және бел қиығы бойынша.
Қималарын торлау, бүкпелерді, тігістерді үтіктеу екінші өлшемге дайындау
Киімді тапсырыс берушінің түлғасына өлшенгеннен кейін барлық дәлденген сызықтар бойынша жіп салады. Жіпті киім етегін бүктеу сызығы және жең аузы, түбі мен қолтық ойындысы және т. б. бойынша көктейді.
Егер киім өлшеу кезінде әжептәуір өзгерістеге ұшыраса, көктелген жіптерін тігістерінен алып тастайды және көктеуді барлық тігістері, қатпарлары және бүкпелері бойынша жүргізеді.
Пішушінің тәжіпибелік деңгейіне, сондай - ақ тапсырыс берушінің тұлғасына және киімнің моделіне байланысты, киім бірінші рет өлшеуден кейін дайындалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда конструкциясына өзгерістерді енгізгеннен кейін киімді одан әрі өңдеу үшін бригадаға немесе шеберге, ал киімді екінші рет өлшегеннен кейін дайындағанда, киімді бригадаға немесе шеберге екінші рет өлшеуге дайындауға береді.
Жеңнің шынтақ тігістерін тігу торлау үтіктеу жең доғасына тігіс жүргізу
Шынтақ сызығы . А нүктесінен төмен қарай АН сызығына, жеңнің шынтаққа дейінгі ұзындығына 2см қосып Л нүктесін белгілйміз А=Ұ +2=32+2=34. ОО сызығын тең 6бөлікке бөліп, бөлу нүктелерін О2, O3, O4, O5, O6 деп белгілейміз. Осы бөлу нүктелерінен жоғары қарай АВ сызығына қиылысқанша тік сызықтар жүргізіп қиылысқан жерлерді А1, А2, А3, А4, А5нүктелері деп белгілейміз.
Қолдың төменгі буынының сызығынан тордың ені мен жоғарғы қарай 3см өлшеп көмекші нүкте мен қолтық ойындысының сызығы аралығын екіге бөліп ол нүктені тігіс сызығына көлденең сызықпне қосамыз Бұл-шынтақ сызығы.
Тігіс сызығы мен тордың енінің аралығын иық сызығымен екіге бөліп оны қолдың төменгі буынының сызығына тік пунктир сызықпен қосамыз. Жеңнің алдынғы жағының сызығы дөңес сызықтың жоғарғы нүктесімен тордың енінің аралығын екіге бөліп ол нүктені қолдын төменгі буынның сызығымен қосамыз. Бұл жеңнің артқы шынтақ сызығы.
Тігіс сызықтарынан оңға және солға қарай қолтық ойындысы сызығын екіден 5см-ге дейін ұзартамыз. Ол нүктелерден төмен қарай 0, 5см түсіреміз. Барлық табылған нүктелерден дөңес ойық сызық жүргіземіз Дөңес сызықтың оң және сол жақтарынан шынтақ сызығы мен тор сызығының әрі қолдың төменгі буынының сызығына дейін тік сызық түсіреміз. Төменгі сызықтан жоғарғы қарай алдыңғы сызықпен 2см көтереміз, ал артқы сызығынан 2см төмен түсіреміз. Табылған нүктелерден дөнес ойық сызық жүргіземіз.
Жеке тапсырыс бойынша модель жобалау, дайындау
Жеке тапсырыстар бойынша киімді дайындайтын кәсіпорынның негізгі өндірстік бөлмелері болып салон өндіріске жіберу учаскесі, пішу цехы, шикізат пен фурниктура қоймасы тігін цехы дайын өнім қоймасы т. б. есептеледі. мұндай пункттердің мақсаты функциясы қызыметін атқару халықа қызымет көрсетудің жаңа түрлері қабылдау пунктіне кездемелердің жаңа мадельдерінің түсуі шала фабрикат-киімдердің жаңа модельдері туралы жүйелі түрде информация беру қызмет көрсетудің түрліше түрлерін е халықтың сұранымның өзгеруі туралы кәсіпорындар үшін хабарлама дайындау т. б елді мекендерге дала қостарына, фермаларға жоспарлы түрде қызмет көрсету. Модельдері таңдап алу жөнінде кеңес беретін аймақта суретші - кеңесшісінің жұмыс орны орналасады Ол тасымал көшіргі өндіріске жіберу учаскесінде негізгі жұмыста диспечер тапсырмаларды пішушілерге таратады пішушілердің жұмыс графигін заказдардың өндіріске жіберілуні заказдарды өлшеу және орындау мерзімдерін тағайындайды заказ топтарының орындалуына бақылау жасайды заказ берушілер берген бағалау есебінің қарталарын толтырады айдың аяғында кәсіпорынның жұмысты орындау сапасы туралы қортындысы шығарады. Пішу цехнда жаймалардың және метериалдардың жалаң қабат кездемелері пішеді шала дайындамаларды тігу үшін кездеме материалдарын.
Жеңді жең ойығына машинада тігіп қондыру, көктеу жібін алып, тігіс енін торлау.
Көйлектер мен жейделердің жеңдері қондырмалы, реглан, алдыңғы және артқы бойымен тұтас пішілген, қиыстырылған болуы мүмкін. Анағұрым кең тарағаны - қондырма жең. Олар құрылымы бойынша бір тігісті немесе екі тігісті, тік, жең ауызына қарай кеңейтілген немесе тарылтылған, үстінде немесе астында бүрмелері бар, түрлі қатпарлары, бүктесіндері, кесінділері, бүрдіктері және бедерлі сызықтары бар болуы мүмкін. Қондырма жеңдері бар бұйымдардың жең ойығы төмен түсірілген, шаршы және т. б болуы мүмкін.
Жеңдердегі бүкпелері, қатпарлар, бүктесіндер, бүрмелер, кесінділер мен бүрдіктер басқа бөлшектердегі сияқты өңделеді.
Жеңнің бөліктерін өң жағын ішіне қаратып жайып салады, қиықтарын теңестіріп, сырып тігеді. Тігіс ені - 1, 2-1, 5см. Жеке тапсырыс бойынша бұйым дайындағанда сырып тігуді алдын ала көктеп орындайды.
Жаппай өндірісте сырып тігіп торлайтын машинамен іске асырады. Тігіс ені- 0, 7-0, 8см. Жеңдердің алдыңғы қиықтарын жеңнің жоғарғы бөлігі жағынан сырып тігеді, ал шынтақ қиықтарын жеңнің төменгі бөлігі жағынан сырып тігеді. Кертпелер арасындағы шынтақ бөлігінде жоғарғы бөлігін отырғызады. Жүн, жібек маталар және синтетикалық талшықтары бар мата бұйымдарының тігістерін моделіне байланысты айыра немесе жатқыза үтіктейді, ал мақта-мата бұйымдарында бір жағына қарай бүгеді. Тігістердің қиықтарын арнайы машинамен торлайды. Тігістерді айыра үтіктеу арқылы өңдегенде, қиықтарды сырып тікпес бұрын торлау ұсынылады.
Жең аузын әдіптермен, жиектермен, көмкермелермен жеңдердің қиықтарын біріктіргенге дейін өңделуі мүмкін. Жеі аузы тұйықталған сызықтар бойынша өңделген жеңдердің қиықтарын өңделген төменгі жиектері тігісте бір-бірімен ұштасатындай етіп біріктіреді. Жеңнің астындағы тігіс қосымшасын жңеге ұзындығы 0, 7-1см қосарланған қайырма тігіспен бекітеді. Тігісті жеңдердің қиықтарынан 0, 3-0, 4см қашықтықта жиекке кесе көлденең орналастырады. Тігіс қосымшасы өң жағынан көрінбейтін болуы тиіс.
Көйлектін етегін, жеңнің ұшын бүгіп тігіп бекіту, үтіктеу
Бұйымдардың етектері бойынша жан тігістерінде немесе артқы бойдың орта тігісінде жарма өңделуі мүмкін. Ол алдымен негізгі бөлшектерді сырып тігеді, жарманың ұзындығын анықтайтын кертпелер арасындағы бөлікте тігісте орындалмайды. Етектің бүгу бөлігіндегі жармаларды бөлшектерді біріктіретін негізгі тігістердің жалғасы етіп жөрмеу тігісімен өңдейді. Жөрмеуді жармалардың енін айқындайтын кертпелер арасындағы бөлікте жүргізеді. Жармаеығ бұрыштарын сыртына айналдырады. Негізгі бөлшектерді біріктірген тігістерді айыра үтіктейді.
Ұзындығы етекті бүгу еніндегі артқы жармаларды, оларды өңдеуге қажетті негізгі бөлшектердің қосымшасымен өңдейді. Жармаларды өңдеуге қажетті қосымшалардың ішкі жиектері, бүгу тігісінде өңделуі керек немесе арнайы машинамен торлануы қажет. Жармалардың астыңғы ұштарын етекті төмен бүгу белгіленген сызықтары бойынша жөрмейді. Егер жарма жатқыза үтіктелген тігісте орналасқан болса, жарманың үстіңгі жағын тқмен бүгу тігісімен өңдейді, ал төменгі жағын әдіппен өңдейді.
Жарманың жиектерін өңдегеннен кейін негізгі бөлшектерді өң жақтарын ішіне қарата жатқызып салады, жарманың жоғағы ұшын жарма қосымшасының ені бойынша қосарланған тігіммен бекітеді, бөлшектерінің бөліктерін сонымен бір мезгілде сырып тігеді, яғни жарма орналасқан тігісті өңдейді. Содан соң бұйымның етегін дәлдеп қияды, оны белгіленген сызық бойынша теріс жағына қарай бүгеді, қиықты ішіне қарата бүгіп сырып тігетін машинамен бүгіп тігеді. Мақта-мата, зығыр және штапель мата бұйымдарында инешаншымды машинамен торлап, жапсырып тігеді. Жеке тапсырыс бойынша әзірлегенде бұйым етегінің қиығы көмкерілуі мүмкін. Кейбір модельдерде бұйым етегін ызба қолдана отырып, арнайы машинамен өңдейді.
Етек қиығы жалаң немесе қосарланған жиекпен өңделуі де мүмкін немесе көмкермелі тігіспен. Әйел жейдесінің етегі белбеумен өңделуі мүмкін.
Ерлер ұлттық (шапан, шалбар, қалпақ) бұйымын жобалау,
ою-өрнегін таңдау, лекалдарын жасау
Ұлттық киім үлгілерінің бірі - шапан. Шапанның бірнеше түрлері бар, мысалы, қаптал шапан - ішкі жағын астармен бидалап, иректеп сырып, сыртын бос жабады. Бұл шапан түрін қонаққа барғанда киеді. Екінші - сырма шапан. Бұл бидайсыз, сырты мен астарын қосып сыриды. Сырма шапанды шаруаға ыңғайлы деп санаған.
Біздің тігетініміз жадағай шапан. Бұл шапанды сыйлы адамдарға сыйға тартады. Шапан жаға, жеңдерін жас мөлшеріне байланысты өрнектеп жасаған. Беріліп отырған шапан өлшемі - 52.
Жұмсалатын мата көлемі егер мата ені 140 см болса, 4м. өңір жағалары мен жең аузына 1 м қатырма тігеді. Шапанды №90 машина инесімен және қол тігістерін №7 инемен тігеді. Шапанды көктеуге №50 ақ жіп керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz