Киім тігу технологиясы


Өңірлерді қиылатын өңір астарымен өңдеу.
Өңірлерді қиылатын өңір астарымен өңдеген кезде өңір астарлары жалғаулармен өңделуі мүмкін: бел сызығына дейін түймелігі бар көйлектерде және блузкаларда - бір жалғау, түймелігі астына дейінгі көйлектерде, халаттарда және көйлек - пальтоларда екіден артық емес. Жалғалмалы өң жағын төмен қаратып өңір астарының өң жағына келтіріп қималарын теңестіріп жалғама жағынан сырып тігеді. Тігіс ені 0, 7 см. Тігістерін тегістейді, ал жүн және жібек маталарда үтіктейді. Жалғаманың сырма тігісі көлденең немесе қиғаш бағытта өтуі мүмкін. Жалғама ені 6 см-ден кем болмауы керек. Тігістерінен ілгектеріне дейінгі қашықтық 2 см-ден кем болмау керек. Егер бұйым көрінетін матадан пішілсе, оң өңір астары тұтас болуға тиіс.
Өңір астарының ішкі қималарын арнайы (торлайтын) немесе қайып тігетін машинамен өңдейді.
Моделіне байланысты блузкаларда, көйлек - халаттарда, курткаларда өңір астарының астыңғы жиектері жөрмелген және бұйымның астын жапсыра тігумен бір мезгілде өңделуі мүмкін. 0, 2 - 0, 5 мм қалдырып бұрыштарындағы тігістерді қысқартып қияды.
Жүн, жібек маталары және синтетикалық талшықтары бар мата бұйымдарында астын бүктеген жерлерінде өңір астарының іш жағынан жиектерін бүктеуге жиегінен 0, 2 - 0, 3 см қашықтықта қайып тігеді, ал одан әрі әрбір 15 - 20 см сайын қолдан жабық қабумен бекітеді, әрбір бекітуде бес - алты қабу жасайды. Егер бұйым жөрмелген немесе торланған ілгектер мен түймелер орналасқан жерлеріндегі өңір астарының ішкі жағының жиектері бекітілмейді, оны иық тігісімен және үстіңгі ілгек арасында орналастырады.
Өңір астарының ішкі жағының жиектері өңірлеріне қималарын ішіне бүктеп қайып тігілуі мүмкін, бірақ оларды алдын ала қайып тікпейді. Бел сызығы бойынша қондырмалы бұйымдарда көкірекшесінің оң жақ алдын сол жағына келтіреді, алдының орта сызығын немесе жырмаларын төменгі қимасымен сәйкестендіреді және оларды өңір астарының енімен төменгі қимасынан 1 - 1, 2 см қашықтықта машина тігісімен бекітеді.
Өңірлерді тұтас пішілген алды бар өңір астарымен өңдеу.
Мұндай жағдайда алдында алдының және өңір жиегінің орта сызықтары немесе оларды ауыстыратынқималары бойынша жырмалары түсірілуге тиіс. Өңірлерін тұтас пішілген алды бар өңір астарларының ішкі қималарын жеке пішілген өңір астарының қималары сияқты өңдейді. Жөрмелген ілгектерді өңдегеннен кеиін, егер олар үлгілермен жобаланған болса, өңір астарларын өңір жиегінің белгіленген сызығы бойынша немесе жырмалары бойынша өң жағына бүктейді және кертпештерін бүктемесінен жырмаларына дейін және түймелігі астына дейін болатын өңірдің астыңғы жиектерін жөрмеп тігеді. Бұрыштарындағы тігістерді қысқартып қияды, өңірлерін өң жағына айналдырады, тігістерін түзетеді және үтіктейді. Өңір астарларының ішкі жиектерін жоғарыда көрсетілгендей бекітеді. Оң жақ өңірінде жөрмелген ілгектер болған кезде ілгектердің астындағы өңір астарының ұштарын бұрыштарымен кеседі, өңір астарының қимасын ішіне қарай бүктейді және жасырын қабумен жапсырып тігеді.
Өңірлерін қайып тігетін планкалармен өңдеу.
Бұл түймелікті өңірдің ұзындығын соңғы дәлдеуден кеиін өңдеген жөн. Етекте жәнемпланкада астының бүктелу сызығын белгілейді. Жүн, жібек жіне синтетикалық маталар бұйымдарында планканың ішкі жиегін теріс жағына 0, 5-0, 7 см-ге бүктейді немесе қайып тігудің өңделген тігісінің енінен тым тәуелді және үтіктейді. Айталық, өңдеу тігісінің ені 0, 5 см болған кезде тарқатылмайтын маталар үшін бүктелу шамасы 1 см және оңай тарқатылатыны үшін 1, 2 см-ге тең болу керек. Дайындалған планканы астыңғы жиегімен теріс жағын астына қаратып өңірінің өң жағына келтіреді, астының иілуінің белгіленген сызықтарын сәйкестендіреді және планканы белгіленген сызықпен сырып тігеді. Мұнда мақта маталары бұйымдарында планканың ішкі жиегін теріс жағына қарай 0, 5-0, 7 см бүктейді немесе қайып тігу тігісінің енінен тым тәуелді. Етегінің астын бүктейтін әдіпті белгіленген сызық бойынша теріс жағына бүктейді, қиманы ішіне қарай 0, 5-0, 7см бүктейді және бүкіл асты бойынша немесе тік планка учаскесінде сырып тігетін машинамен қайып тігеді немесе арнайы машинамен жапсыра тігеді.
Планканы өң жағын төмен қаратып етегінің теріс жағына бүктейді, кесілген шеттерін теңестіре, планканың қайып тігу тігісін асты бойынша бүктемесіне орналастыра келтіреді және өңірін және жағаны жөрмеп тігу тігісінің аяқталуын анықтайтын жырмаға дейінгі өңір кертпешін жөрмеп тігеді. Тігістің ені 0, 5-0, 7см. Бұрыштарындағы тігістерді қысқартып кеседі, планканы өң жағына айналдырады, тігісті түзетеді, алдының теріс жағына қарай планкадан көмкерме жасайды, ал жүн және жібек маталар бұйымдарын үтіктейді. Жеке өндірістегі планканың ішкі жиегін көктеп тігеді, ал жаппай өндірісте алдын ала көктемей үлгісі бойынша қарастырылған қашықтықта қайып тігеді. Дайын түріндегі планканы үтіктейді.
Сол жақ етегінің өңірі оң жағынікі сияқты немесе өңір астарының теріс жағымен өңделуі мүмкін.
Түймелігін астар - жөрмеумен өңдеу.
Мұндай түймелікті бір жөрмеу тігіспен немесе екі астар - жөрмеумен өңдейді. Астар жөрмеулерде қиманың ұзындығын дәлдейді. Астар - жөрмеу бөліктерін өң жақтарымен ішіне қаратып қояды, қималарын теңестіреді, астынан түймеліктің қимасының соңын білдіретін жырмаларына дейін қайып тігеді. Жүн және жібек маталарындағы тігісті үтіктейді, ал мақта маталары бұйымдарында екі жағына жаяды. Жөрмеудің ішкі қималарын көктеп тігеді немесе қайып тігеді, 0, 5 - 0, 7 см теріс жағына бүктейді және бүктелген шетінен 0, 1 - 0, 2 см қашықтықта қайып тігеді.
Тез тарқатылатын мата бұйымдарында қималарды қайып тігердің алдында арнайы машинамен көктеп тігеді. Қима сызығының негізгі бөліктің теріс жағынан дәлдейді. Жөрмеуді өң жағына астына қаратып негізгі бөліктің өң жағына келтіреді, жеке өндірісте көктеп тігеді, ал жаппай өндірісте түйреуіштермен түйрейді. Қиманы жөрмеп тігуді негізгі бөліктің теріс жағынан жүргізеді, тігіс іш жағынан түседі немесе қиманың шетінде бір - екі қабу шамасында дөңгелектеу жасайды. Негізгі бөлікті белгіленген сызық бойынша қияды. Қиманың соңындағы тігісті тігіске 0, 1 - 0, 2 см жеткізбей қияды. Жөрмеуді негізгі бөліктің теріс жағына айналдырады, тігісті түзетеді, оны бүктемесіне орналастырады немесе негізгі бөліктен жасалған көмкермені жөрмеу жағына қарай шығарады және үтіктейді. Тез тарқатылатын мата бұйымдарында жөрмеп тігілген тігісті арнайы машинамен көктеп тігеді. Жөрмеудің ішкі жиектері мен төменгі бұрыштарын негізгі бөлікке бірнеше жерден қолдан жасырын тігістермен немесе арнайы машинамен бекітеді. Түймелікті дайын түрінде үтіктейді.
Түймелігін қондырма планкалармен (өңіржиекпен) өңдеу.
Түймелігін қондырма өңіржиекпен өңдеу үшін алдыңғы бойдың өң жағында мына сызықтарды: түймелік қимасының ортасын, түймеліктің өлшемін анықтайтын көлденең сызықты және ортаңғысынан сол және оң жақтарына қарай өңіржиектің екі еселенген еніне тең қашықтықта белгіленген екі қосымша сызықты белгілейді.
Жаппай өндірісте артық қалыңдықты болдырмау үшін өңіржиек астындағы артық матаны (негізгі бөліктегі) қияды, сырып тігу тігісіне 10 мм - ден және астынан түймелік бекітуге 10 - 15 мм қосымша қалдырады. Өңіржиекті ортасынан бойлай өң жағын ішіне қаратып бүгеді, қималарын теңестіреді және үстіңгі ұштарын үлгісіне байланысты толық немесе ортасын анықтайтын жырмасына дейін жөрмеп тігеді. Бұрыштарындағы тігістерді қырқады, өңіржиекті өң жағына аударады, түзетеді, үтіктейді және өңіржиектің дайын түріндегі енін анықтайтын сызықты белгілейді. Негізгі бөліктің теріс жағынан түймеліктің соңында мақта матасынан бойлық салады. Жылтыр мата бұйымдарында бойлықты қосып тіккен тігісті одан әрі өңдеген кезде тігіске түсетін етіп көктейді немесе қосып тігеді.
Өңіржиекті кезекпен негізгі бөліктің өң жағына жапсырады, бүктемелерін белгіленген қосымша сызықтармен теңестіреді және өңіржиекті белгіленген сызықпен қосып тігеді немесе өңіржиек қиықтарын қима жиектермен теңестіре отырып қосып тігеді, тігістің ені - 10 мм.
Өңіржиектің қосып тігілуін теріс жағынан тексереді. Тігістері параллель және бір деңгейде бітуге тиіс. Тігістердің арақашықтығы планканың дайын түріндегі еніне тең болуы тиіс. Белгілеудің бірінші әдісінде түймелек қимасы негізгі бөлшектің теріс бетінен тігіс аралығының ортасынан тігіс соңына 15 мм жеткізбей қырқады, тігіске қарай қиғаштап, 1 - 2 мм жеткізбей бұрыштап қырқады, екінші әдісте негізгі бөлшектің теріс жағынан, бұрыштарындағы тігісті белгіленген сызықпен қырқады. Өңіржиектің өңделмеген қиығы мен соңын теріс бетіне аударады. Өңіржиектің оң жағын сол жақ үстіне салып, өңіржиекті қосып, тіккен тігістерді туырлайды. Негізгі бөлшекті түймелік соңы деңгейінде бүктейді, өңіржиек соңын туырлап және бұрыштарын қосып, кері тігіспен бекітеді. Өңіржиекті қосып тіккен тігіс соңы арнайы машинада торланады. Түймелікті баса үтіктейді.
Жағасы бар бұйымдарда қапсырма - түймелікті өңдеу.
Негізгі бөлшек бөліктерінің өң жақтарын беттестіреді, қиықтарын теңестіреді, жеке тапсырыстар бойынша дайындалған кезде түймеліктің соңын анықтайтын белгілеуге дейін көктейді және сырып тігеді. Тігістің ені 10 - 15 мм. Жаппай өндірісте негізгі бөліктің бөліктерін алдын ала көктемей сырып тігеді. Тігістің көктеу жіптерін сөгіп алып тастайды, тігістің қыртысын жазады. Түймелік бөлігінде бүктелген жиектерін жатқыза үтіктейді.
Негізгі бөлшектің теріс жағынан, түймеліктің үтіктелген жиегінің астына сыдырма түймеліктің тістерін үтіктелген қиықтарына қаратып салады, жеке тапсырыстар бойынша дайындалған кезде көктейді, жаппай өндірісте алдын ала көктемей арнайы шағын табанның көмегімен бастыра тігеді. Үлгілеріне байланысты тігістерінің жиегінен бірдей немесе әр түрлі қашықтықта орналастырады. Түймеліктің соңындағы тігіс сыдырма түймеліктің соңғы үзбесінен 1 - 5 мм қашықтықта қимаға перпендикуляр өтуі тиіс. Белі қынамалы, түймелігі бел сызығынан төмен аяқталатын бұйымдарда, іш киім түймеліктің түйінінің астына тиюін болдырмау үшін теріс жағына негізгі матадан қақпақша салады. Қақпақшаға арналған жолақша ені 70-80 мм тең және түймеліктің ұзындығына байланысты ұзындығы мен негізгі мата жолақшасын ортасынан бойлай бүктейді, өң жақтарын ішіне қаратып салады, қиықтарын теңестіреді және соны жөрмеп тігеді. Тігістің ені - 5-7 мм. Бұрыштарындағы тігістерді қырқады. Қақпақшаны өң жағына айналдырады, тігістерін жазады, қақпақшаны баса үтіктейді. Өңделген қақпақшаны түймеліктің теріс жағына салады, жіңішке сәндік тігісі жағынан түймеліктің теріс жағынан түймеліктің қиықтары мен қақпақшаны өңделмеген қиығына теңестіреді, негізгі бөлшекті бүгеді және қақпақшаны қосып тігеді, тігісті негізгі бөлшектің бүктелген жиек жағынан түймелікті қосып тігу тігісіне жақын жүргізеді. Қақпақшаны қосып тігумен бір мезгілде қапсырма - түймелікті қосып тігуге болады.
Жағасы жоқ бұйымдарда қапсырма - түймелікті өңдеу.
Жағасы жоқ бұйымдарда мойын ойындысын жөрмеп өңдеген кезде орта тігісті қайып тігуді, тігісін үтіктеп тегістеуді және түймелік учаскесіндегі бүктелген жиектерін үтіктеуді жағасы бар бұйымдардағы түймелік-қатырманы өңдеген сияқты жүргізеді.
Түймелік-қапсырманың үстіңгі тігіс мойын ойындысы қимасынан 0, 5см қашықтықта өтетіндей етіп әдіптің бүктелген жиектеріне сырып тігеді. Мойын ойындысы жөрмеуінің ішкі қималарын теріс жағына 0, 5-0, 7см бүктейді және жиегінен 0, 1-0, 2см қашықтықта қайып тігеді. Түймелікті өңдеу үшін жөрмеудің жиектерін әдіп қималарына сырып тігеді, олардың өң жақтарын ішіне қаратып қималарын теңестіреді. Тігістің ені 0, 7см. Оданкейін әдіп қималарын және мойын ойындысының жөрмеуін бұйымның өң жағына бүктейді, өң жақтарымен ішіне қарай салады, қималарын теңестіреді және түймеліктің мойын ойындысын және үстіңгі бұрыштарын жөрмеп тігеді. Жөрмеуді бұйымның теріс жағына бүктейді, түймеліктің бұрыштары мен тігістерін жазады және үтіктейді, жөрмеу жағына қарай ені 0, 1-0, 2см көмкерме жасайды. Қапсырма-түймелікке бұйым түймелігінің бүктелген жиектерін қайып тігуді арнайы шағын табанның көмегімен орындайды, жеке өндірісте алдын ала көктейді. Өңдеу тігінсіз түймелікті өңдеген кезде қапсырма-түймелігі бар астар-жөрмеуінің жиектерін алдының қимасының жөрмеуіне сырып тігеді, негізгі бөлік пен өңір астарын бүктейді, тігісті қапсырма-түймелікті сырып тігу тігісіне жүргізеді. Астар-жөрмеуінің ішкі жиектерін негізгі бөлікке бірнеше жерден жасырын қабумен бекітеді. Түймелікті дайын түрінде үтіктейді.
Жағаларды өңдеу.
Жағаны өңдеу және мойын ойындысымен біріктіру: жағаны өңдеу үшін жағаны ортасынан бүгеді, өң бетін ішіне қарата салады, қиықтарын теңестіріп, ұштарын жөрмеп тігеді. Тігістің ені-0, 5-0, 7см.
Ұштары байланатын тік жағалардың ұштарын жөрмеумен қатар оның ұзындық бойындағы жиектерін де кертпеге дейін жөрмейді, бұл кертпелер тік жағаны мойын ойындысына қондырып тігудің басы мен соңын айқындап береді.
Бұрыштарындағы тігістерді дәлдеп қияды. Жағаны арнайы жабдықтың көмегімен өң жағына айналдырады, тігістерін түзетіп баса үтіктейді. Мойын ойындысымен біріктірген кезде, тіктеменің ішкі бөліктерін өң жағымен бұйымының теріс бетіне салады және кертпелерін ұштастыра отырып жаға жағынан қондырып тігеді. Тігіс ені - 0, 7 - 1 см. Тігісті жаға жағына қарай қайыра бүгеді. Тіктеменің сыртқы бөлігінің қиығын 0, 5 - 0, 7 см бүгеді және тіктеменің ішкі бөлігінің қондырып тігу тігісін жаба отырып, бүгілген жиектен 0, 1 см қашықтықта бастыра тігеді. Жағаны дайын күйінде баса үтіктейді.
Қайырма жағаны қайырма жағасы бар бұйымдардағы
мойын ойындысымен қосу.
Алдыңғы боймен тұтас пішілген астыңғы жағаның орта қиықтарын теңестіреді және сырып тігеді. Тігістерін айыра үтіктейді. Бұйымның иық қиықтарын, астыңғы жағаны артқы бойдың мойын ойындысына қондырып тіккеннен кейін, иық қиықтарында алдыңғы бойда кертпе жасай отырып, сырып тігеді. Тігісті алдыңғы боймен астыңғы жаға жағынан жүргізеді.
Егер астыңғы жаға иық қиықтары деңгейіне дейін алдыңғы бойлармен тұтас пішілген болса, онда алдымен астыңғы жағаның бір бөлігін артқы бойдың мойын ойындысына қондырып тігеді, содан соң астыңғы жағаның бөліктері мен иық қиықтарын бір мезгілде сырып тігеді.
Өңір қайырмаларымен тұтас пішілген үстіңгі жаға бөліктерін сырып тігеді және тігістерін айыра үтіктейді. Содан соң өңір мен жағаны алдыңғы бой жағынан жөрмеп тігіп, өң жағына айналдырады. Жөрмелген тігістерді жаға бөлігінде астыңғы жағаға және алдыңғы бойға бастыра тігу арқылы бекітеді, ал өңір бөліктерінде өңір қайырмасына бекітеді. Өңір мен жағаның бұрыштарын түзеп, баса үтіктейді. Үстіңгі жаға тіктемесінің қиығында иық тігістерінде кертпе қияды, содан соң иық тігістерінің арасында бүгіп, астыңғы жағаның қондырып тігу тігістерін жаба отырып бүгіп тігеді. Үстіңгі жаға өңір қайырмасымен тұтас пішілген, ал астыңғы жаға алдыңғы бойдың алдыңғы өңірлік бөліктерімен бірге пішілген модельдер жиі кездеседі. Бұл жағдайда алдымен өңірлері мен жағаны өңдейді, содан соң жағаны қондырып тігу қиықтарын бір мезгілде немесе кезекпен торлау арқылы бұйыммен біріктіреді. Жағаны қондырып тігу тігісін, иық тігістері арасында, бұйымның мойын ойындысына жағаны қондырып тігу тігісінен 0, 3 - 0, 5 см қашықтықта бастыра тігеді.
Ұшы доғал болып келген қайрма жағаны өңдеу.
Бұл жаға алдыңғы бөліктің мойын ойындысы қиылмаған модельге арналған. Жағаның ұзындығы жүргізілген көлденең сызыққа, мойын айналымына 1 см қосып А және А1 нүктесін белгілейміз. ЖАм = 18+1=19 см.
А және А1 нүктелерінен төмен қарай тік сызық жүргіземіз.
А нүктесінен төмен қарай жағаның енін түсіреміз, сосын оны Н нүктесімен белгілейміз. Н нүктесінен оңға қарай А1 нүктесімен қиылысқанша көлденең сызық жүргіземіз. қиылысқан нүктені Н1 деп белгілейміз, ол - тігіс сызығы. А нүктесінен төмен қарай 2 см түсіріп, А2 және А нүктелері арасындағы пунктир сызықтың ортасынан тауып, төмен қарай 1 см перпендикуляр түсіреміз. Бұл нүктені А2А1 нүктелерімен ойық сызықпен қосамыз.
Сырты шығыңқы болып келген қайрма тік жағаны өңдеу.
Жүргізілген көлденең сызықтың бойына мойын айналымына 1 с қосып жүргізіп, АА1 нүктесін белгілейміз. ЖАм = 18+1=19 см. АА1 нүктелерінен төмен қарай тік сызық жүргіземіз.
А нүктесінен төмен қарай жағаның енін түсіріп, Н нүктесімен белгілейміз. Н нүктесінен оңға қарай . А1 нүктесіне дейін көлденең сызық жүргіземіз.
Н1 нүктесінен жоғары қарай тік сызықпен 2 см өлшеп, Н2 нүктесін белгілейміз. Н нүктксінен оңға қарай мойын айналымының 1/3-не (ЖАм : 3) + 1, 5 см қосып, Н3 нүктесін белгілейміз. Н1, Н2, Н3 нүктелерін доғал сызықпен қосымыз.
Бүтін қиылған үш жағы үшкір өңірлі жағаны өңдеу.
Бүтін қиылған жағаларды киімнің алдыңғы бөлігімен бірге тігеді. Тігіс сызығының В нүктесінен төмен қарай алдыңғы бөліктің сызығымен 10 -12 см өлшеп А нүктесімен белгілейміз. А нүктесін В3 нүктесіне пунктир сызық арқылы қосып, сызықты әрі қарай жалғастырамыз. Осы сызық бойына В нүктесінен жоғары қарай мойын айналымының 1/3-не 2 см қосып өлшеп, А1 нүктесін белгілейміз (В3А1 ═ 18:3+2═8 см) . А1 нүктесінен оңға қарай және солға қарай АА1 нүктелеріне перпендикуляр тұрғызамыз. А1 нүктесінен солға қарай перпендикуляр бойымен 1 см өлшеп, А2 нүктесімен белгілейміз. А2 нүктесінен В3 нүктесіне ойық сызықпен қосамыз. Жағаның ортаңғы сызығы А1 нүктесінен оңға қарай перпендикуляр бойымен 8 см өлшеп, А3 нүктесін белгілейміз. А3 нүктесінен жоғары қарай А1А3 сызығына 0, 8 см перпендикуляр тұрғызып, А4 нүктесімен белгілейміз. А4А2 нүктелерін қисық сызықпен қосамыз.
Түймебаулық өңдеу.
Киім алдының түймеліктері әр түрлі болады. Сыртқы киімдер түймеліктері міндетті түрде торланады. Негізінде мүндай түймеліктерді жасау үшін автоматты торлау машиналары пайдаланылады. Егер бұл киім үй жағдайында тігілсе, көп жүйелі машиналар көмегімен торланады. Әйелдер сырт киімінде пальто, кастюмдерде рамка қалтаға ұқсас түйме диаметріне байланысты әдіпті түймеліктер арнайы сән үшін жасалынады. Негізгі түймебаулықтар: торланған баулық, жарма түймелік, таспа баулы баулық, т. б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Бұл сонымен қатар, әркімнің таңдаған сән үлгісіне де байланысты. Негізінен торлау жұмысы түймелікті киімдердің алдыңғы өңірін жасап болғаннан кейін торланады.
Ал матадан жасалынған әдіпті түймелік алдыңғы бойдың өзіне белгі жасалынып сызылады. Сол сызық бойына матадан арнайы сызып алынып, екі қатар көмкерме тігіліп аударылады. Екі шетіне бекітпе арқылы бекітіліп, алдыңғы бой көмкермесі ұсақ тігіспен бекітіледі.
Торланған баулық, жарма түймелік, таспа баулы баулық өңдеу.
Жеңіл бұйымдарда түймеліктің негізгі элементі - ілмектер. Олар жарма және күрмекті болады. Күрмек ілмектері өрілген, сырма, ызылған баудан және әр түрлі материалдардан дайындалады. Жарма ілмектерді арнайы машинада торлайды немесе әдіппен өңдейді. Бұйымда жарма ілгектер көлденең немесе тік жайласады. Тік ілмектерді түймелік сызығында белгілейді, ал көлденең ілмектерді белгілегенде түймелік сызығына 2-5 мм ену қажет. Ілмектің ұзындығын түйменің өлшеміне байланысты анықтайды және диаметрінен 3-5 мм үлкен болуы керек. Ілмек орнын белгілеу киім моделіне байланысты.
Торланған ілмек. Негізгі бөлшекте ілмек орнын лекаломен белгілейді. Арнайы машинада немесе қол инешаншымымен ілмекті жібек жібімен торлайды. Ілмек өлшемі мен саны үлгісіне қарай орындалады.
Ойма түймелік. Оң жақ ойма жапсырманы, бөліктің үстіндегі белгі бойынша оң жағынан салып, қиылған жиегін тегістейміз. Сосын бұйымның астар жағынан өзі тектес әдіпті сала отырып, көктелген әдіпті киімге алдын ала теріс жағынан өңделетін тіліктегі 0, 5 - 1 см қашықтықта тігіп қоюға болады. Бұрышында тігіске қалдырылған артық жерді қиып тастау керек. Оң жақ ойма жапсырманы сол жаққа салып, ойма жапсырманың төменгі тігілген шетін киімнің астарына қарай аударып, түймелікті төменгі жағынан екі тігіспен бекітеді. Соңында ойма жапсырманың тігілген жиегі мен шет - шетін торлау керек.
Үстіне дейінгі түймелігі бар бұйымдарда мойын ойындысын жағамен қосу.
Үстіне дейін түймеленетін жұқа мата бұйымдарында жағаны мойын ойындысымен біріктірген кезде өңір қайырмаларын алмастыратын өңірледі өңдеу қосымшаларын, өңір қайырмасының ішкі жиегі немесе алдыңғы бой өңірінің қосымшасын шығыңқы тұс нүктесінен 1, 5-3 см шығып тұратындай есеппен жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz