Коммерциялық банктің қызметін талдау және бағалау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Қысқартылған сөздер тізімі

АҚ - Акционерлік Қоғам

ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы

ҚР ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ШОБ - Шағын және орта бизнес

ЭЕМ - электрондық есептеуіш машина

SPV - жеке бизнес-процестерді, тиімді басқаруға мүмкіндік береді

Кіріспе

Қазақстан - бұрынғы одақтас республикалар арасында әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды әрі дағдарыстан қысқа мерзімде шығу шараларын жасаған бірден-бір ел. Дәл қазіргі уақытта республикамызда жоспарлаудың жаңа үлгісі жұмыс істеуде. Елді гүлдендіріп, көркейтуді мақсат еткен, халықтың әл-ауқатын арттыруды негіз еткен маңызды құжат «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағыты осы жаңа үлгінің арқауы. Осы құжат қабылданғаннан бергі он жылды қорытындылай отырып, біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы осындай стратегиялық өзектіліктің болуының маңыздылығын түсіндік.

Осы орайда, Қазақстан экономикасындағы банк саласында реформа өте жақсы жүріп, рейтингілік агенттіктер банктер беделін жоғары бағалап, әрі банк капиталдары нақты активтермен бекітіліп отырғанымен, олар да дағдарыстан шет қала алмады.

Біріншіден банктер Америкадағы «ипотекалық дағдарыс» әсерін болжамдай алмады. Жағдайдың тұрақты болатынына сеніп қалған олар, сырттан қаражаттарды қысқа мерзімге алып, оларды өз клиенттеріне ұзақ мерзімге беріп отырды. Екіншіден, банктер тұрғын үй саласында алыпсатарлық бағаның қалыптасқанын ескермеді және басқа салаларға көңіл бөлген жоқ. Үшіншіден, банктер тапқан мол табыстарын өз қорларын өсіру үшін жұмсамай, оларды еліміздегі және шетелдердегі ғимараттар мен өндірістік нысандар түріндегі бағдарсыз активтерге айналдырып отырды. Сондықтан да еліміздің банк жүйесіндегі айтарлықтай қауіптердің бір мезгілде жинала бастағандағы заңдылық.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты 2008 жылдың ақпан айында Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс» делінген.

Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шарушылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.

Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау. Бұл дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы - «Коммерциялық банктің қызметін талдау және бағалау».

Дипломдық жұмыстың мақсаты - коммерциялық банктердің қызмет етуінің теориялық негіздерін зерттеу және «АТФ Банк» АҚ-ның мәліметтері негізінде коммерциялық банктің қызмет нәтижелерін талдау.

Дипломдық жұмыстың қойылған мақсаты аясында келесі міндеттерді шешу қарастырылған:

  • коммерциялық банктердің қызмет етуінің теориялық негіздерін қарастыру;
  • «АТФ Банк» АҚ-ның қызметін зерттеу және қаржылық нәтижелерін талдау;
  • «АТФ Банк» АҚ-ның негізгі қызмет түрлеріне талдау жасау;
  • коммерциялық банктердің қызметін кеңейту мақсатындағы аймақтық даму мәселелерін қарастыру;
  • коммерциялық банктердің қауіп-қатерлерін басқаруға байланысты ұсыныстар беру;
  • коммерциялық банктердің несие қауіп-қатерлерін реттеу аясында ұсыныстар жасау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлімде коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыруға, коммерциялық банктердің жүзеге асыратын операцияларына байланысты теориялық мәселелерге зерттеулер жасалынған.

Екінші бөлімде ҚР-ның Коммерциялық банктерінің қызметтерін және «АТФ Банк» АҚ-ның қызметін ұйымдастыру негіздері қарастырылып, банктің қаржылық көрсеткіштеріне, қызметіне талдау жасалынған.

Үшінші бөлімде Қазақстандағы банк қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дамыту мәселелерін шешу жолдары қарастырылды.

Қорытындыда коммерциялық банктердің қызмет етуіне теориялық зерттеулер жасау және нақты банк қызметінің нәтижелерін талдау нәтижесінде банк қызметін оңтайландыруға байланысты ұсыныстар жасалған.

1 Коммерциялық банктердің қызметінің теориялық негіздері

1. 1 Коммерциялық банктер - банк жүйесі мен олардың қызметінің негізгі буыны

Коммерциялық банктер мәртебесі, мақсаты және бағыттары бойынша теңдей емес, дегенмен барлық банктердің балансының және оның құрылымының болуы; негізгі қызметтер мен операциялардың сипаты, өзінің қызметінен кірістер алу сияқты орталық негіздері бар.

Коммерциялық банк қызметінің принциптері.

1. Нақты қолда бар ресурстар шегінде жүмыс істеу. Коммерциялық банктер өзінің ресурстары мен кредит салымдарының арасын сандық арақатынаспен қамтамасыз етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдырылған ресурстардың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіруге ұмтылуы керек.

2. Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық түрғыдан жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.

3. Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық қатынастың негізінде құрылады.

4. Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық әдістермен реттеледі.

Коммерциялық банктер сондай-ақ несие беру жүйесінің негізгі буыны ретінде сипатталады. Бұл банктердің негізгі несие орталығы ретінде несие берудің мол мүмкіндіктерін ашатындығын білдіреді. Банк жүйесінде несиені орталық банк, екінші деңгейдегі банктер, арнаулы несие институттары береді. Нарықтық экономикалық жағдайындағы коммерциялық банктер - бұл активті іскерлік банктер болып саналады жэне олар барлық елдердің банк жүйесінде айрықша орын алады. Бұл банктер бүкіл экономикаға қызмет көрсете отырып, шаруашылықтарға, кәсіпкерлерге, жекелеген түлғаларға несие береді, тұтынушыларға неғұрлым жақындай отырып, өндіріс саласы мен айналым дамуына көмегін тигізеді.

Нарық бәсекесі жағдайында әрбір банк өзінің басымдықтарын айқындайды, өзіне несие жүйесінің негізгі буыны ретінде бекітеді.

Елдің банк жүйесіндегі несие беру қызметін мынадай банктер орындайды:

- Орталық банк - екінші деңгейдегі банктерге мемлекетке несие беруі кезінде;

- Коммерциялық банктер - меншікті коммерциялық мүдделердің дамуымен қаржы алушылардың қажеттіліктерін барлық түрлеріне экономика салаларына несиелер беру кезінде.

Коммерциялық банктер клиенттер үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жүмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде қатысады. Коммерциялық банк түсінігін кең түрде түсіндіре отырып, оларды мынадай белгілер бойынша жіктеуге болады.

Жалпыға белгілідей, коммерциялық банктер өздерінің дәстүрлі базалық қызметтері негізінде жұртшылық арқылы қабылданады, олар клиенттерге сан алуан қаржылық қызметтер көрсетеді, трасталық операциялар жасайды, клиенттер үшін бағалы қағаздар сатып алады, қозғалмайтын мүлік пен кепілдік міндеттемелерді басқарады. Коммерциялық банктердің қызметтерін дәстүрлі және дәстүрлі емеске, базалық жэне жаңа қызметтерге бөлуге болады. Коммерциялық банктерді қызметін жалпылай топтастырғанда былай болып шығады:

  • Бос ақша капиталдарын жүмылдыру мен шоғырландыру қор жинау мен сақтықтар (салымдық және депозиттік операциялар) ;
  • Экономикаға жэне түрғын халыққа (активті операциялар) несиелер беру;
  • Төлемдер жасау мен ақша аударымдарын (делдалдық операциялар) ұйымдастыру;
  • Инвестициялық қызмет (бағалы қағаздар салымы жэне жобалар) ;
  • Сыртқы сауданы қаржыландыру;
  • Сейфтерде қүндылықтарды сақтау;
  • Клиенттерге өзге қаржылық қызметтер корсету.

Жинақтарды жұмылдыру мен шоғырландыру қызметі жеке адамдардың ұсақ шашыранды ақша қаражаттарын жинақтай отырып, ақша ресурстарының ортақ қорын қүру арқылы оларды экономиканың неғұрлым тиімді салаларына бағыттауға болатындығын растайды. Өз ақшаларының жоғары өтімді формада сақталуына және пайыздық үлес алуға деген салымшылардың қызығушылығын банктер арқылы қамтамасыз етілуі тиіс және ол үшін соңғы жауапкершілікті өзіне алады.

Несие берудегі делдалдық, банк үшін ең айқындаушы қызмет болып саналады, өйткені уақытша бос ақша қаражаттары шаруашылық жүргізуші субъектілерге саудаға беру жолымен қайыра бөле отырып, одан ол пайда табады. Банктің осы қызметі (несие категориясын) көрсетуге үлкен әсерін тигізеді. Мұндай кезде несие қаржыны тиімді пайдалануға несие беруші мен қарыз алушы бірдей мүдделік танытады. Коммерциялық банк үшін несие төлеуге қабілетті қарыз алушыларға ссудалар беру коп кіріс келтіретін операциялар болып саналады.

Есеп - шоттардан төлемдер жасау мен есеп айырысулар кезіндегі делдалдық қызмет клиенттердің тапсырмасы бойынша банктің ақша аударымдарын жасауы кезінде. Елде шаруашылық операцияларын жүзеге асыруы жағдайында есеп - шоттар арқылы төлемдер жасаған кездерінде көрінеді.

Банктердің бағалы қағаздармен операциялар жасау кезіндегі делдалдық қызметі қосымша кірістер алу, өзінің өтімдігін ұстап тұру мақсатындағы бағалы қағаздарды сатып алу кезіндегі операцияларды жүзеге асыру жағдайында көрінеді.

Банк бағалы қағаздарды сатып ала отырып, оларды мемлекеттік билік органдары алдындағы салымдар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету түрінде пайдаланады. Банктердің сатып алатын бағалы қағаздарының мынадай түрлері болады:

  • Мемлекеттік бағалы қағаздар;
  • Корпорациялардың облигациялары;
  • Әртүрлі компаниялардың акциялары;
  • Банктік акцептер;
  • Нарықта айналым жасап жүрген коммерциялық векселдер;
  • Тауар-несие корпорацияларының сертификаттары.

Кесте 1. Коммерциялық банктің негізгі қызметтерін топтастыру

Дәстүрлі
Дәстүрлі емес
Дәстүрлі: 1. Депозиттік-ссудалық
Дәстүрлі емес: 1. Есеп айырысулар және несие қарыздарын өтеу кезінде үшінші жақ үшін міндеттемелер мен кепілдіктер беру.
Дәстүрлі: 2. Клиенттерге кассалық қызмет корсету.
Дәстүрлі емес: 2. Шетел валюталарын, қымбат металдар мен тастарды сатып алу және сату.
Дәстүрлі: 3. Клиенттердің есеп-шоттарын, тапсырма бойынша есеп айырысуларын жүргізу.
Дәстүрлі емес: 3. Сенім білдіру негізінде қаржыларды тарту мен орналастыру жэне клиенттердің тапсырмасы бойынша олардың қаржылары мен бағалы қағаздарын басқару
Дәстүрлі: 4. Төлем құжаттарын шығару /чек, вексел, аккредитивтер/.
Дәстүрлі емес: 4. Банк қызметімен байланысты мәселелер бойынша клиенттерге кеңестер беру.
Дәстүрлі: 5. Мемлекеттік және өзгеде бағалы қағаздарды сатып алу, сату және сақтау.
Дәстүрлі емес:
Дәстүрлі: 6. Қызметтер корсету / Лизингтік, факторингтік, инжинирингтік.
Дәстүрлі емес:
Дәстүрлі: Дерек көзі: Коммерциялық банк қызметтерінің мәліметтері бойынша автормен құрастырылған

Құндылықтарды сейфтерде сақтау коммерциялық банктердің тарихи маңызды қызметі болып саналады. Құндылықтардың сенімді сақтаушысы ретіндегі банктің жоғары беделі ақшалар мен өзге де құндылықтар үшін оның кассалық операцияларының, қорларының, сақтайтын органдарының, кассалық сейфтердің болуымен нығайтыла түседі. Құндылыктарды сақтауды банк екі формада жүзеге асыра алады:

- Банк шартқа сәйкес көрсеткен қызметіне қарай ақы алатын және өз негізінде клиентке кепілдікті қамтамасыз ететін құндылықтарды сақтау үшін сейфтер береді;

- Банк құндылықтарды өз жауапкершілігіне алып, агент рөлінде қатысқан кезде клиенттің өтініші бойынша жүргізген кезде болат камерада сақтайды. Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.

1. 2 Коммерциялық банктің атқаратын қызметтерінің түрлері

Қандай жүйе болмасын оның өзiнiң формалары мен қызметтерi болатыны анық. Жалпы банктiң атқаратын қызметтерiн төмендегiдей жiктеуге болады:

  • Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
  • Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу;
  • Ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысу жүйесi арқылы клиенттерiне айырбас, ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады;
  • Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентiне тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттiк чектердi, вексельдердi шығарумен де несиелейдi;
  • Экономикалық және қаржылық ақпарат берiп отыру ;

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:

  • акция қаражатын шоғырландыру және тарту;
  • несие беру;
  • шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
  • төлем құралдарын шығару;
  • бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
  • сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару, яғни траст операциясын жүргізу;
  • клиенттерге кеңес беру.

Уақытша бос акша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру - банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың несие процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.

Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі - несие беруде делдал болу. Бос акция қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады. Каппитал иесі қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. Коммерциялық банктер қарыз қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.

Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты экононмика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде банктердің рөлі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттредің тапсырысы бойынша шотқа акция қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.

Инфрақұрылымы жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі жетілдіруін талап етеді. Банктер арасында өзара келісім боынша корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент - банктер арқылы да жүргізіледі. Банктерде төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін арттыру үшін қазіргі кезде есептеудің электрондық жүйесі енгізілуде.

Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарғабанктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді. Мысалы, егер клиент банкке 10 доллар салып, оны талап бойынша алынатын шотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның нәтижесінде банк балансының активінде кассалық қалдық 10 долларға өседі, ал пассивінде депозиттар да осы сомаға өседі.

Дегенмен банк өзінің қызметі барысында акция шығарумен қатар акцияның бірсыпыра бөлігін “жоюмен” де айналысады. Бұл, біріншіден, клиент банктегі шотының қолма-қол ақша алғанда, екіншіден, несиені қайтарғанда депозиттік шоттан шығарылады. Дәл осындай нәтиже банктер бағалы қағаздарды сатқанда алынады - ақша салушылардың шотындағы салым сомасы және шаруашлықтағы төлем қаражатының массасы да азаяды.

Коммерциялық банктердің депозиттерді ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі арқылы несие декларациясын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару реакциясын тудырс, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады.

Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып және орналастырып эммисиялы-құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз байланыст жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңауды, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өщіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алуды - сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.

Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мемлекеттік операцияларды қайта сатуға делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырады. Бұл нарықтағы операцияларды сату курсы мен сатып алу курсының айырмасынан түсетін аса көп пайданы өзіне салып, оларды аса ірі банктер тобы монополды түрде жүргізеді.

Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметтерін де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың, сондай-ақ жесірлердің, жасы толмағандардың мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару; құндылықтарды сейфте сақтау және т. б. қызметтер көрсетеді. Компанияларға көрсететін қызметтері бұл аталғандардан өзгеше: банктердің облигациялар бойынша кепілгер болуы; нарыққа шағарылған акцияларды және трансферттерді (атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т. б. қызметтер атқаруы мүмкін.

Банк бұл қызметтерді формальды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен, шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды қадағалауына және экономикалық хабарлауды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады. Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп, банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құрия мағлұматтарға ие болады.

Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банктердің клиенттерге кеңес беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне, бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.

Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп-несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргізуге дейін нұсқау береді.

Коммерциялық банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға болады:

  • несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша - ақша нарығында коньюктура проценттік мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы және формасы туралы хабар, несие-есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі мәмілелер бойынша нұсқау беру, қолма-қол ақшасыз есептесуді талдау, оны жетілдіру жолдарын зерттеу;
  • бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша - бағалы қағаздар нарығы коньюктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы қағаздардың элементтері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі және олардың айналыс ережесі туралы хабар;
  • күрделі қаржы беру бойынша - құрылыс қызметі нарығының конъюктурасы, құрылыс материалдарының бағасы мен әр түрлі құрылыс-монтаж жұмыстарының тарифтері, күрделі қаржының экономикалық тиімділігін есептеу туралы анықтама.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктегі қаржылық талдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Банк балансын құрылымдық талдау
Ақша несие саясатын жүргізу
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржылық экономикалық жағдайын талдау
Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері
Коммерциялық банктің рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесі
Банк балансының активі мен пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету бағыттары
Банкті қаржылық талдаудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz