Қылмыс заты
ЖОСПАР:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
І.Негізгі бөлім. Қылмыс заты
1.1. Қылмыстың заты ұғымы және оның маңызы ... ... ...5.7
1.2. Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері...8.14
1.3. Қылмыс құрамының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.18
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19.20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.22

Кіріспе.
Құқықтық нормаларда бекітілген ережелердің бұзылуы кез келген қоғамда жаппай сипатқа ие болып оған айта қаларлықтай материалдық және моралдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалатын іс-әрекеттердің себептерінің, жағдайларының, субъектілерінің және сипаттарының әртүрлілігіне қарамастан олардың барлығы оларды бір әлеуметтік құбылыс – құқық бұзушылыққа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ белгілерге ие болады.
Адамның кез-келген іс-әрекеті оның қоғамдық қауіптілігі барысында құқық бұзушылық ретінде бағаланады.
Құқық бұзушылық құрамы туралы түсінік ұғымы жалпықұқықтық, жалпытеоретикалық маңызға ие болғанымен ол барынша тиянақты және толық қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамына қатысты түрде зерттелген.
«Құқық бұзушылық» және «құқық бұзушылық» құрамы ұғымдары өзара тығыз байланысты болғанымен бір ұғым болып табылмайды. Әртүрлі зиянды іс-әрекеттермен ұшыраса отырып адамдар алғашында өздерінің санасында, кейіннен заңда олардың тікелей белгілерін бекітті: іс-әрекеттің субъектісінің белгілерін, іс-әрекеттің өзін, субъектінің іс-әрекетке қатынасын көзқарасын, қол сұғушылықтың затын және жасалған қоғамға қарсы жүріс-тұрыстың салдарын. Осындай жолмен адамның әлеуметтік маңызы бар кез-келген жүріс-тұрыстың мазмұнын құрайтын элементтер біртіндеп ажыратыла бастады. Осындай эмпирикалық белгілерді қорыту жалпы теоретикалық категория құқық бұзушылық құрамының пайда болуына алып келді.
Құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің барынша жалпы, типтік және маңызды белгілерінің жүйесін көрсететін ғылыми абстракцияны құқық бұзушылық құрамы дейміз. Белгілердің бұл жүйесі құқық бұзушыны заңи жауаптылыққа тарту үшін қажетті және жеткілікті болып табылады. Аталған белгілердің біреуінің болмауы тұлғаны жауаптылыққа тартуға мүмкіндік бермейді.
Кез-келген құқық бұзушылықтың міндетті элементтеріне құқық бұзушылық объектісі; құқық бұзушылықтың объективтік жағы; құқық бұзушылықтың субъективтік жағы жатқызылады. Қарастырылған белгілердің ортақтығына қарамастан құқық бұзушылық әртүрлі болады. Құқық бұзушылықты олардың әлеуметтік қауіптілік деңгейіне тәуелділікте сыныптау барынша кең таралған және әлеуметтік маңызды болып табылады. Осыған байланысты барлық құқық бұзушылықтар қылмысқа және теріс қылыққа бөлінеді.

Пайдаланылған әдебиеттер.
І Нормативті-құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Алматы “Жеті жарғы”, 1999 – 424 бет.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Оқулық құрал – Алматы: ЖШС “Баспа”, 2000 – 176 бет.
3. Комментарий к Угаловному кодексу Республики Казахстан. – Алматы. Баспа. 1999 – 808с.
4. Комментарий и постатейные материалы к Закону Республики Казахстан « О борьбе с коррупцией» Алматы, ТОО «Баспа», 2001, 248с.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін Заңдарды соттардың қолдану тәжрибесі туралы” 1993 жылдың 23 – сәуіріндегі №1 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1993, №2).
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы №3 “Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы” қаулысы. (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Жаршысы №2, 1993).
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжрибесі туралы” 27 – мамыр 1994 жылғы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жаршысы, 1994 №3).
8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы” 1994 жылғы 23 – желтоқсандағы №7 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1994 №1).
Арнайы әдебиеттер.
1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: Оқулық. Толықтырылып, екінші басылуы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999 – 320 бет.
2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім – Алматы: Жеті жарғы, 2000 – 520 бет.
3. Алауханов Е.О., Үмбеталиев С., Рахметов С.М. Қылмыс құрамы. Алматы,2000.
4. Бойцов А. И., Волженкин Б. В. Уголовный закон: Действие во времени и пространстве. Санкт-Петербург, 1993-150 бет.
5. Брайнин Я. М. Уголовный закон и его применение. М., 1967-160 бет.
6. Бұғыбай Д.Б. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім: Лекциялар курсы – Алматы, 2003.- 253 бет
7. Гонтарь И.Я. Преступление и состав преступления как явления и понятия в уголовном праве. Владивосток, 1997.
8. Дурманов Н. Д. Советский уголовный закон. М., 1967-220 бет.
9. Игнатов А. Н., Костарева Т.А. Уголовная ответсвенность и состав преступления. Лекция. М., 1996.
10. Карпушин М.П., Курляндский В.И. Уголовная ответственность и состав преступления. М., 1974
11. Ковалев М. И. Советское уголовное право: Курс лекций. Вып. 2.
12. Наумов А. В. Применение уголовно-правовых норм. Волгоград, 1973-180 бет.
13. Наумов А. В. Реалзация уголовного права. Волгоград, 1983-167 бет.
14. Незнамова З. А. Коллизии в уголовном праве. Екатеринбург, 1995-190 бет.
15. Осипов П. П. Теоретические основы построения и применения уголовно-правовых санкции. Л., 1976-218 бет.
16. Текшелидзе Г. Т. Судебная практика и уголовный закон. Тбилиси, 1975-397 бет.
17. Шаргородский М. Д. Уголовный закон. М., 1960-158 бет.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 3-4
І.Негізгі бөлім. Қылмыс заты
1-1. Қылмыстың заты ұғымы және оның маңызы ... ... ...5-7
1-2. Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері...8-14
1-3. Қылмыс құрамының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-18
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...19-20
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .21-22
Кіріспе.
Құқықтық нормаларда бекітілген ережелердің бұзылуы кез келген қоғамда
жаппай сипатқа ие болып оған айта қаларлықтай материалдық және моралдық
зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалатын іс-әрекеттердің себептерінің,
жағдайларының, субъектілерінің және сипаттарының әртүрлілігіне қарамастан
олардың барлығы оларды бір әлеуметтік құбылыс – құқық бұзушылыққа жатқызуға
мүмкіндік беретін ортақ белгілерге ие болады.
Адамның кез-келген іс-әрекеті оның қоғамдық қауіптілігі барысында
құқық бұзушылық ретінде бағаланады.
Құқық бұзушылық құрамы туралы түсінік ұғымы жалпықұқықтық,
жалпытеоретикалық маңызға ие болғанымен ол барынша тиянақты және толық
қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамына қатысты түрде зерттелген.
Құқық бұзушылық және құқық бұзушылық құрамы ұғымдары өзара тығыз
байланысты болғанымен бір ұғым болып табылмайды. Әртүрлі зиянды іс-
әрекеттермен ұшыраса отырып адамдар алғашында өздерінің санасында, кейіннен
заңда олардың тікелей белгілерін бекітті: іс-әрекеттің субъектісінің
белгілерін, іс-әрекеттің өзін, субъектінің іс-әрекетке қатынасын
көзқарасын, қол сұғушылықтың затын және жасалған қоғамға қарсы жүріс-
тұрыстың салдарын. Осындай жолмен адамның әлеуметтік маңызы бар кез-келген
жүріс-тұрыстың мазмұнын құрайтын элементтер біртіндеп ажыратыла бастады.
Осындай эмпирикалық белгілерді қорыту жалпы теоретикалық категория құқық
бұзушылық құрамының пайда болуына алып келді.
Құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің барынша жалпы, типтік және
маңызды белгілерінің жүйесін көрсететін ғылыми абстракцияны құқық бұзушылық
құрамы дейміз. Белгілердің бұл жүйесі құқық бұзушыны заңи жауаптылыққа
тарту үшін қажетті және жеткілікті болып табылады. Аталған белгілердің
біреуінің болмауы тұлғаны жауаптылыққа тартуға мүмкіндік бермейді.
Кез-келген құқық бұзушылықтың міндетті элементтеріне құқық бұзушылық
объектісі; құқық бұзушылықтың объективтік жағы; құқық бұзушылықтың
субъективтік жағы жатқызылады. Қарастырылған белгілердің ортақтығына
қарамастан құқық бұзушылық әртүрлі болады. Құқық бұзушылықты олардың
әлеуметтік қауіптілік деңгейіне тәуелділікте сыныптау барынша кең таралған
және әлеуметтік маңызды болып табылады. Осыған байланысты барлық құқық
бұзушылықтар қылмысқа және теріс қылыққа бөлінеді.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы категориясы үлкен маңызға ие
болады. Себебі адамның іс-әрекетінде қылмыс құрамы белгілерінің толық болуы
оны қылмыстық жауаптылыққа тартудың бірден-бір заңды негізі болып табылады.
Сонымен бірге қылмыс құрамы қылмысты саралау барысында да үлкен маңызға ие
болады.
Қылмыс құрамы туралы ұғым қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін өте
маңызды және әмбебап ұғым болып табылады.
Аталған ілім тек заң ғылымдарының жетістігі негізінде ғана пайда
болған жоқ. Онда философияның ұғымдары (объекті, себепті байланыс
мәселелері) медицина ұғымдары (есі дұрыс еместік ұғымын анықтаумен
байланысты мәселелер) психологиялық ұғымдар (қылмыстық жауаптылық
басталатын ең төменгі жас мөлшерін анықтау кінә, пиғыл ұғымдары)
пайдаланылады. Аталған ілімнің әмбебаптағы бұл ілімді әртүрлі сипаттағы
қылмыстық заңдарға қолдануға болады.
Жалпы алғанда қылмыс құрамы туралы ілімсіз қылмыстық заңды дұрыс
қолдану негізінен мүмкін болмайды.
Қылмыс құрамының теориялық мәселелері атты тақырыпқа жазылған
курстық жұмыстың мақсаты: қылмыс құрамы туралы ілімнің қылмыстық құқық
теориясында алатын орны және қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын
терең ашып, оған теориялық талдау жасау жолымен зерттеу жүргізу болып
табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін автор алдына төмендегідей міндеттер
қояды:
1. Қылмыс құрамы ұғымының ғылыми негіздері мен заңи негіздеріне
талдау жасау;
2. Қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы және қылмыстық заңнаманы
жүзеге асырудағы практикалық қолданбалы маңызын ашып көрсету.
3. Қылмыс құрамының жекелеген элементтеріне талдау жасау жолымен
қылмыс құрамы ұғымының жалпы теориялық базасын тұжырымдау.
Курстық жұмыстың теориялық негізін отандық және шетелдік негізінен
алғанда бұрынғы кеңестік ғалым-заңгерлердің еңбектері құрайды. Атап
айтқанда Е.И. Қайыржановтың; Орымбаевтың; В.Н. Кудрявцевтің; А.В. Наумовтың
еңбектері құрайды.
Сонымен бірге курстық жұмыстың жекелеген тарауларында А. Ағыбаевтың;
Н.И. Ветров пен Ю.И. Ляпуновтың; Н.Н. Смирнованың; Н.А. Беляев пен М.И.
Ковалевтың оқулықтары пайдаланылды.
Курстық жұмыстың эмпириялық базасы болып Қазақстан Республикасының
қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңы яғни 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне
енген Қылмыстық Кодекс табылады.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін автор өзінің диплом жұмысын
төрт тарауға бөліп, олардың мазмұнын тиісті бөлімдерге жіктеуді дұрыс деп
есептейді.
Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктеріне байланысты және аталған
тақырыптың зерттелу деңгейіне сәйкес курстық жұмыстың кіріспе, тиісті
бөлімдерге бөлінген төрт тарау, қортынды және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұратын құрылымы жасақталған.
Қылмыстың заты.
1.1. Қылмыстың заты ұғымы және оның маңызы
Қылмыстың заты қылмыс құрамының факультативті белгісі болып табылады.
Дегенмен де қылмыстың объектісінен оның затын ажырата білген жөн. Өйткені
біршама қылмыстар оның затына, бұйымына әсер етумен байлансты болады.
Қылмыстың затына әсер ету арқылы қылмыскер оны бүлдіру, жоюы немесе оның
жағдайын өзгертуі мүмкін. Мысалы, диверсия жасағанда әр түрлі құрлыстар,
кәсіпорындар жойылуы мүмкін, ұрлықта зат меншік иесінің иелігінен
қылмыскердің иелігіне өтуі мүмкін. Қылмыс жасау барысында қылмыскердің
тікелей әскер етуіне тап болатын материалдық заттар, бұйымдар қылмыстың
заты болып саналады. Қылмыстың затын оның объектісімен шатастыруға
болмайды. Қылмыстың объектісі қоғамдық қатынастар, ал қылмыстың заты сыртқы
дүниедегі материалдық нәрселер, қылмыскер соған әсер ету арқылы тиісті
объектіге қол сұғуды жүзеге асырады, яғни қоғамдық қатынастарды бұзады.
Мысалы, біреудің автомашинасын ұрлауда қылмыстың заты болып, автомашинаның
өзі болады, ал объектісі болып соған меншіктік құқығы саналады. Міне осы
қоғамдық қатынастар (заты емес) қылмыстың объектісі болып табылады.
Қылмысты саралау үшін де қылмысты қол сұғу затының маңызы ерекше.
Кейбір жағдайларда қылмыс затының құны, бағасы қылмысты саралауға тікелей
әсер етеді. Мысалы, ірі мөлшердегі, аса ірі мөлшердегі зиян ұрлықтың,
мүлікті ысырап етудің дұрыс саралануына тікелей әсері бар. Кейбір
жағдайларда қылмыс затының құрамының өзіне құсас қылмыстарды бірінен-бірін
ажыратуға, қылмысты әрекетті қылмысты емес әрекеттен ажыратуға тікелей әсер
етеді. Мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қол
сұғуды құрайды (253-бап). Ал аңшылық мылтығын ұрлау меншікке қарсы қылмыс
болып табылады. Қылмыс затының мәні, оның ерекшелігі жазаның көлеміне де
әсер етеді. Мысалы, ұрланған мүліктің көлемі оны саралауға, жаза көлемін
белгілеуге әсер етеді. Құжаттарды қолдан жасағаны үшін жаза тағайындағанда
құжаттың құндылығы еске алынады. Құжат аса қүнды болса, соған орай жаза да
қатаңырақ болып белгіленеді.
Қылмысты қол сұғушылықта қылмыс заты әр түрлі күйге душар болады.
Біреудің меншігін қылмысты жолмен иемденсе, сол мүлік бастапқы түріне қала
береді, өзінің материалдық құндылығын жоғалтпайды. Мысалы, ұрланған ақша
бәз қалпында сақталуы мүмкін. Кейбір жағдайларда қылмыстың заты, мысалы,
азық-түлік өнімдерінің түбірімен өзгеріске түсуі немесе жойылып кетуі, я
болмаса ішіп-жемге ұшырауы мүмкін.
Қылмыстың барлығында қылмыс затын кездестіре бермейміз. Кейбір
қылмыстарда мемлекетке опасыздық (165-бап), бұзақылық (257-бап), әйел
зорлау (120-бап), қорлау (130-бап), қиянат жасау (307-бап) сияқты қылмыс
құрамында қылмыстық қол сұғудың заты болмайды. Қылмыстың затын қылмыс
істеудің құралынан ажырата білуіміз керек. Қылмыстың құралы дегеніміз
қылмыскердің сол құрал арқылы затқа қол сұғып әсер етуін айтамыз. Мысалы,
атылатын қару кісі өлтіруде, шабуыл жасап тонауда, қылмыстың құралы ретінде
пайдаланылады. Бір зат бір қылмыста қылмыстың заты болса, екінщісінде
қылмыс істеу құралы болып кетуі мүмкін. Мысалы, тапанша ұрлағанда ол
қылмыстың заты ретінде, ал оны шабуыл жасап пайдаланғанда қылмыстың құралы
болып саналады. Яғни, қылмыс жасаудың құралы материалдық заттар болуы
мүмкін (кісі өлтіруде – қару, ұрлықты автокөлік). Қылмыстың заты кей
жағдайда заңның өзінде көрсетілуі мүмкін. Мысалы, жалған ақша немесе бағалы
қағаздар жасау немесе сатуды (206-бап) алайық. Заң бұл жерде қылмыстық қол
сұғушылықтағы оның заты болатын нәрселерді банкноттар мен мәнеттер
мемлекеттік бағалы қағаздар, шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы
қағаздар деп тізбектей көрсетіп отыр. Қылмыстық кодекстің 210-бабында
қымбат металдардың, табиғи асыл тастардың немесе інжу-маржанның заңсыз
айналымы үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілген. Осы бапта да қылмыстың заты
заңның мәтінінде ап-айқын аталып тұр. Кейбір реттерде қылмыстың объектісіне
қол сұғу қоғамдық қатынастың субъектісіне әсер етуі арқылы өз көрінісін
табуы мүмкін. Мұндай жағдайда қоғамдық қатынастың субъектісі болып
жәбірленуші танылады. Өйткені, жәбірленушіге әсер ету нәтижесінде соған
материалдық, моральдық немесе басқадай зиян келтірілуі мүмкін. Мысалы,
қорлауды алайық (130-бап). Қорлау арқылы кінәлі адам негізгі объекті
адамның жеке басына қол сұғу арқылы жәбірленушінің ар-намысы, қадір-
қасиетін әдепсіз түрде кемсіту арқылы оған моральдық зиян келтіреді. Қол
сұғудың заты қылмыс құрамында жалғыз болуы мүмкін (мысалы, мүліктік
қылмыстардағы материалдық заттар) бірақ сонымен қатар бірнеше қол сұгу заты
бар құрамдарда болуы мүмкін (мысалы, бандитизмнің барысында қол
сұғушылықтың заты болып материалдық заттар, мекемелердің қызметі табылуы
мүмкін ).
Затқа әсер ету жолымен қоғамдық қатынастардың бұзылуы жағдайы барлық
уақытта қол сұғылған зат шығынға ұшырайды дегенді білдірмейді. Мысалы,
мүлікті ұрлау барысында қылмыскер затқа залал келтірмей керісінше оның
материалдық құндылығын сақтауға тырысады.
Қол сұғушылықтың затын және оның белгілерін анықтаудың үлкен
практикалық маңызы бар:
а) қол сұғушылықтың затында болған өзгерістер қылмыс оқиғасының
болғандығын дәлелдейді, себебі кез келген қылмыстың нәтижесі әдетте қол
сұғушылықтың затында болған өзгерістерден байқалады (мүліктің меншік
иесінің иелігінен шығып кетуі, жәбірленушіге дене жарақатының келуі,
лауазымды тұлғаның өзі жасауға тиісті іс-әрекеттерді жасамауы және т. б. )
б) қол сұғушылық затының сипаты қылмыстық іс-әрекеттерді қылмыстық
емес әрекеттерден ажыратуға қызмет етеді (мысалы тапсырыс берушінің
материалынан суық қару жасау тыйым салынған әрекет болса, ал ұстаның өз
материалынан ауыл шаруашылығының саймандарын жасауы қылмыс болып
саналмайды).
в) қол сұғушылық затына келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері коп
жағдайларда іс-әрекетті саралауға ықпалын тигізеді (мысалы, келтірілген
залалдың мөлшеріне байланысты заң талан-таражды елеулі , ірі, аса ірі
мөлшерде деп бөледі соған байланысты олар әртүрлі сараланып жазалауға
ұшырайды);
г) қол сұғушылық затының белгілеріндегі айырмашылықтар кейбір аралас
құрамды қылмыстарды ажыратуға мүмкіндік береді, себебі әртүрлі заттар
әртүрлі қоғамдық қатынастардың элементі ретінде көрініс береді. Мысалы,
лауазымды тұлғаның мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды жоғалтуы ҚК-тің 173
бабында қарастырылған қылмыс болып табылады ал мемлкеттік құпиялары жоқ
заттар мен құжаттарды жоғалтуы тиісті жағдайларда 316 бапта қарастырылған
салақтық болуы мүмкін.
Д) қол сұғушылықтың затында тиісті белгілердің болуы жауапкершілікті
ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар болып табылуы мүмкін. Мысалы
азаматтың төлқұжатын,жеке басының куәлігін немесе жеке басының басқа
маңызды құжатын ұрлау ҚК-тің 324 бабының 1-ші бөлімімен сараланса,
пайдакүнемдік мақсатта немесе өзге де жеке бастың мүддесінде ресми
құжаттарды , мөртаңбаларды, немесе мөрлерді ұрлау, жою, бүлдіру немесе
жасыру 324 баптың 2-бөлімімен саралануы тиіс.
1.2. Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері
Қоғамдық қауіпті іс-әрекетті қылмыс ретінде бағалауға мүмкіндік беретін
қылмыстық заңмен бекітілген белгілерінің жиынтығын қылмыс құрамы деп атау
қалыптасқан.
Әрбір қылмыс қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы. Қылмыстық құқыққа
қайшылық қылмыстық-құқықтық норма талаптарының бұзылғандығын білдіреді.
Қылмысты заңда сипаттап жазу арқылы заңшығарушы тыйым салынған іс-
әрекеттердің шеңберін белгілейді. Қылмыс құрамы осындай негізде,
заңшығарушының белгілі-бір іс-әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігі және
қылмыстың құқыққа қайшылығы туралы пікірін білдіреді.
Қылмыс құрамының маңызы мынада, тек тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс
құрамының барлық белгілері болғанда ғана оның қылмыс жасағандығын айтуға
болады және жауапкершіліктің сипаты мен көлемін анықтау мүмкіндігі пайда
болады. Тек қылмыстық заң ғана қылмыстық жеке қылмыстық емес іс-
әрекеттердің арасына шек қояды; заң талабы барлық лауазымдық тұлғалар және
азаматтар үшін міндетті болып табылады. Ендеше, қылмыс құрамына сәйкес іс-
әрекет ғана қылмыс болып табылады деген ережеде, қылмыстық істер бойынша
әділсоттылықты жүзеге асырудағы заңдылық қағйдасы басшылыққа алынған.
Қылмыстың әрбір нақты құрамы қылмыстың объектісінің, объективтік
жағын, субъектісін, субъективтік жағын сипаттайтын объективтік және
субъективтік белгілердің жиынтығынан тұрады. Қылмыс құрамының барлық
белгілері өзара байланысты: әрбір белгі органикалық бірліктің бөлшегі,
тұлғаның іс-әрекетінде олардың біреуінің болсада болмауы, тұтас алғанда
қылмыс құрамының жоқ екенін білдіреді.
Кез-келген қылмыстың құрамының белгілері тек заңмен бекітіледі.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарының әрбір диспозициясында
қылмыстар сипатталып жазылған. Мысалы, ҚК-тің 144-бабы, пациенттің сырқаты
немесе медициналық қызметкердің жария етуі – дәрігерлік құпияны жария
еткені үшін қылмыстық жауаптылықты қарастырған. Алайда бірде-бір диспозиция
қылмыс құрамының барлық белгілерін сипаттап жазбайды. Диспозицияда заң
шығарушы тек берілген қылмыс түрі үшін сипатты болып табылатын, оны
дербестендіру үшін қажетті – қылмыстық іс-әрекетті анықтауға және оны басқа
қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік беретін белгілерді ғана сипаттап жазады.
Барлық қылмыстыр үшін ортақ болып табылатын басқа белгілер заңшығарушымен
Қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінде көрсетіледі. Егер нақты қылмыстық-
құқықтық норманы қылмыстық құқықтық басқа нормалары және институттарымен
байланыссыз оқшау қарастыратын болсақ оның мазмұнын толық түсіну мүмкін
болмайды. Қылмыстың нақты құрамының белгілерін анықтау үшін Жалпы бөлім
нормаларында есепке алу және қарастырылатын қылмыстық-құқылық норманың
қылмыстық заңның Ерекше бөлімі жүйесіндегі орнын дұрыс анықтау қажет
болады.
Мысалы ҚК-тің 175 бабы ұрлық құрамының белгілерін сипаттайды: -ұрлық,
яғни бөтен мүлікті жасырып ұрлау, яғни бұл жерде іс-әрекеттің сипаты және
қолсұғушылықтың заты (объективтік белгілер) жазылады, бірақ бұл қылмыстың
субъектісі туралы және басқа да қажетті белгілер туралы еш нәрсе
айтылмаған. Оларды анықтау үшін Жалпы бөлімге жүгінуге тура келеді.
Қылмыстық кодекстің 15-бабы 2-бөлімі бойынша ұрлықтың субъектісі 14 жасқа
толған адам екенін, ал 14-баптың 1-бөлімі бойынша ол адамның есі дұрыс,
жеке адам болуға тиісті екенін анықтаймыз. Қылмыстық кодекстің 20-бабы мен
175-бабына салыстырмалы түрде талдау жасау арқылы ұрлықтың тек тікелей
қасақаналықпен жасалатындығын анықтаймыз. 175-баптың Ерекше бөлім
жүйесіндегіорналасқан орны бойынша (6-тарау; Меншікке қарсы қылмыстар)
ұрлықтың топтық объектісі болып қылмыстық қол сұғушылықтан қорғалатын
меншік қатынастары екендігін байқаймыз, яғни тұлғалардың материалдық
құндылықтарды иелену, пайдалану, және билік жүргізу құқықтарының заңмен
танылуы және қорғалуы. ҚК-тің 175 және 260 баптарын салыстыру арқылы
ұрлықтың затын және оның объектісін анықтай аламыз және меншікке қарсы
қылмыстар қатарына жатқызлатын ұрлықтың және Ерекше бөлімінің 10-
тарауындағы Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
қатарындағы 260-баптың (Есірткі заттарды немесе жүйеге әсер ететін заттарды
ұрлау не қорқытып алу) арасын ажыратамыз. Қылмыс құрамының барлық
белгілерін анықтау, қылмыстың субъектісін, оның объектісін, объективтік
және субъективтік жақтарын анықтау қылмыс құрамын анықтау болып табылады,
қарастырылған мысалда – ұрлықтың құрамы.
Ерекше бөлімнің әрбір қылмыстық-құқылық нормасында әдетте қылмысты
орындаушымен тікелей жүзеге асырылған аяқталған қылмыс белгілері сипатталып
жазылады. Алайда қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғу
алдын-ала қылмыстың әрекеттер барысында (қылмысқа оқталу және қылмысқа
дайындалу) және тек орындаушымен емес басқа да қатысушылармен жүзеге
асырылуы мүмкін (ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші). Алдын-ала
қылмыстық іс-әрекет барысында, немесе көмектесушінің іс-әрекеттерінде тұлға
жасағысы келген немесе жасалуына қатысқан қылмыс құрамының барлық белгілері
болмайды. Алайда бұл қарастырылған әрбір жағдайда қылмыс құрамы мүлдем жоқ
дегенді білдірмейді. Көрсетілген іс-әрекеттер қылмыс ұғымына (ҚК-тің 9-
бабы) толық сәйкес келеді ал олардың негізгі белгілері заңшығарушымен Жалпы
бөлімнің 24 бабында (дайындалу және оқталу) және 28 бабында
(ұйымдастырушылық, айдап салушылық, көмектесушілік) сипатталып жазылған.
Осылайша, ҚК-тің Жалпы бөлімінде қылмыстық іс-әрекеттің бірқатар жалпы
белгілерін анықтау қылмыс құрамдарының құрлымын анықтаудың ерекше тәсілі
болып табылады. Алайда заңда тікелей көрсетілген қылмыс белгілерінің
жиынтығын анықтау әдетте қылмыс құрамын толық жасақтау үшін жеткіліксіз
болады. Қылмыс құрамының барлық белгілерін дәл анықтау түпкі нәтижесінде
ғылыми білімге негізделген, қылмыстық заңды түсіндіру жолымен жүзеге
асырылады. Қылмыстық заңдарды және оларды қолданудың практикасын зерттей
отырып қылмыстық құқық ғылымы қылмыстың әрбір құрамының барлыұ белгілерін
түпкілікті ашып көрсетуге тырысады. Әрине, бұның барысында қылмыс құрамының
белгілерін қарапайым түрде анықтау туралы әңгіме болмауы тиіс: жетіспейтін
белгілер тек заңға негізделген ой қорытулар жолымен толықтырылады. Нақты
қылмыс және оның құрамы бір-бірімен құбылыс және ол туралы ұғым ретінде ара
қатынаста болады. Қылмыс – белгілі бір қоғамға қауіпті құбылыс, яғни
көптеген дербестік ерекшеліктерімен сипатталатын, оны барлық басқа
қылмыстардан айырып көрсететін, белгілі бір уақыт және орын жағдайында
жасалған белгілі бір тұлғаның нақты іс-әрекеті болып табылады. Қылмыс
құрамы – белгілі бір түрдегі қылмыстар туралы құқықтық ұғым яғни,
қылмыстың, оның құқықтық және әлеуметтік-саяси мәнісін, қоғамға қауіпті іс-
әрекет ретінде және оның қауіптілігінің деңгейін сипаттайтын белгілерінің
ғана жиынтығы. Белгілі бір қылмыс түрінің көптеген белгілерінің ішінен
заңшығарушы барынша маңыздыларын іріктеп алады және осындай жолмен қылмыс
құрамдарын жасақтайды.
Мысалы белгілі бір тұлғамен жасалған ұрлық екінші бір тұлғамен
жасалған ұрлықтан әрдайым белгілі бір жағдайда өзгешеліктерге ие болады,
алайда олардың жасаған қылмыстарының құрамы ұқсас егер олардың әрқайсысы
жасырын түрде техникалық құралдарды пайдалану арқылы бөтен мүлікті иеленіп
алса. Көрсетілген белгілердің анықталуы, тонау емес ұрлық жасалған деп
пайымдауға жеткілікті болады. Қылмыс құрамдарын анықтай отырып заңшығарушы
әрқашан қылмыстың нақты маңызды емес белгілерін деректендірмейді: мысалы
ұрлық құрамы үшін А-ның демалыс бөлмесінің есігін сындырып магнитофон
ұрлағаны, ал Б-ның автокранның көмегімен автокөлікке тиеп құрлыс
материалдарын ұрлағаны маңызға ие болмайды, ұрлықтың біреуі күндіз, ал
екіншісі түнде жасалғаны, бір жағдайда ұрланған заттың сатылғаны, екінші
жағдайда үй салу үшін пайдаланғаны т.б. ешқандай маңызға ие болмайды.
Ендеше қылмыс және қылмыс құрамының белгілерінің көлемі әртүрлі.
Қылмыс құрамы әрқашан қылмыстың типтік белгілерінің жиынтығынан тұрады.
Сонымен бірге қылмыс құрамы нақты бір ғана қылмысты суреттеп ғана қоймайды,
белгілі бір түрдегі барлық қылмыстарды қамтығандықтан ол әрбір нақты
қылмыстан кеңірек болады.
Қылмыстың жалпы түсінігі (ҚК-тің 9 бабы) және қылмыстың нақты құрамы
бірі мен бірі жалпы мен жекенің қатыстылығындай болады. Қылмыс ұғымы барлық
қылмыстардың барынша жалпы әлеуметтік-құқықтық белгілеріне ие болады –
олардың қоғамдық қауіптілігі мен құқыққа қайшылығы көрсетіледі. Қылмыстың
нақты құрамдарында қылмыс ұғымының жалпы белгілері нақтыланады және белгілі
бір мазмұнмен толықтырылады, себебі қылмыс құрамдарында қоғамға қауіпті
және құқыққа қайшы іс-әрекеттің белгілі бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz