Салық мекемесіндегі іс-тәжірибе есебі


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазіргі жағдайда салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету шеңберінде ғана бағалауға болмайды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет Салық кодексі жасалғанда барлық маңызды сәттер барынша ескерілді. Салыққа қатысты заң актілеріне ортақ методалогиялық және тұжырымдамалық негіздері еліміздің аумағында бірегей салық тәртібін қолдануды және барлық салық қатынастарын реттеуді қамтамасыз етуде. Әлемдік тәжірибеде қолданылып жүрген салық салу принциптеріне және республика экономикасының даму деңгейіне жете назар аударылды. Салықтардың саны қысқартылды, салықтың анағұрлым маңызды түрлеріне бірегей ставка белгіленді. Салықты жетілдіру ұзақ даму жолынан өткен көптеген елдерге қарағанда, экономиканы жедел орнықтыру және дамыту қажеттігі ескеріле отырып Қазақстанда қоғамның талабына жауап беретін және нарықтық экономиканың жағдайына икемделген салық жүйесін жасауды шұғыл қолға алды.

Салық жүйесі дегеніміз - бұл мемлекетте жиналатын салықтардың, сондай-ақ оларды ұйымдастырудың формалары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады.

Тәжірибеде зерттеу обьектісі болып - бөлімнің нақты жасайтын жұмысы, бөлімнің мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда нақты рөлі және басқа да бөлімдермен, органдармен, субьекттермен қатынасы болды. Тәжірибе өту барысында оқу орнының қатаң тәртіпте ескерткен этикалық ережелері сақталды:

  • мекеменің ішкі тәртіп ережелеріне бағыну, мәдениетті болу;
  • өндірістік тазалықты, техникалық қауіпсіздікті, еңбек қорғау ережелерін қатаң сақтау және білу;
  • орындалатын жұмысқа және оның қорытындыларына жауапты болу;
  • тәжірибе бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толық орындау;
  • мекеменің мәдени-шаралық, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысу.

Мемлекеттік кірістер басқармасы - салықтардың барынша түсуін және оның қызметіне қоғамның барынша қанағаттанануын қамтамасыз ететін басқарудың тиімділігі жоғары жүйесі бар мемлекеттік кірістер басқармасы. Салық басқармасы мықты болу үшін: тиімділігі жоғары салық қызметін құру керек.

Дипломалды тәжірибенің мақсаты - мемлекеттмемлекеттк кірістер басқармасында салық салуды жетілдіру.

Өз кезегінде тәжірибе уақытында тәжірибеге жіберу туралы үшжақты келісімшартта көрсетілгендей келесідей міндеттерді орындалды:

  • салық комитетінің жұмыс істеу уақытын бұзбауға
  • жұмыс орнында өзіме тапсырылған жұмысты орындауға, оның нәтижесі мен орындалу сапасына жауап беруге;
  • бекітілген қалып бойынша күнделік жүргізуге және оны күн сайын тәжірибе жетекшісіне тексеріске және қол қоюға тапсыруға.

Бұл тәжірибе есебінде ең алдымен бөлімнің экономикалық мәні, басқарылу құрылымы, салық басқармасы ішінде алатын орны, мемлекеттің салық саясатын жүзеге асыруда маңыздылығы, бөлімаралық қатынастары, жасалатын жұмыстарына сай жіктелуі, жұмысын ұйымдастыруды автоматтандыру мәселелері қарастырылған.

Дипломалды тәжірибе үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде: Ақтөбе облысы Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының құрылу кезеңдері мен қызметтері онда:Қазақстан Республикасының салық жүйесінің мазмұны және пайда болуы, Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметі, аудандар қалалар және қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен қызметтерді көрсету тәртібі. Екінші бөлімінде: Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бюджетке түскен салықтар және басқа да міндетті төлемдерге экономикалық талдау онда: Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштерін талдау, Байғанин ауданы бойынша бюджетке түскен салық және басқа да төлемдерге экономикалық талдау және жеке табыс салығының түсімдерін талдау. Үшінші бөлімінде: Қазақстан Республикасындағы салық салуды жетілдіру жолдары қарастырылған.

1 Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік салық басқармасының құрылуы және қызметтерді көрсету тәртібі

1. 1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің мазмұны және пайда болуы

Салық жүйесі дегеніміз - бұл мемлекетте жиналатын салықтардың, сондай-ақ оларды ұйымдастырудың формалары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Салық жүйесінің әрбір құрамдас бөлігі мемлекеттік экономикалық реттеудің нақты құралы болып табылады.

Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай - ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

«Салық»ұғымымен «салық жүйесі»ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.

Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:

- реттеушілік;

- фискалдық;

- қайта бөлу.

Салық салу элементтері мыналар:

Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.

Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз - заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.

Салық объектісі - табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т. б.

  • Салық көзі - салық салынатын табыс.
  • Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
  • Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.
  • Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.
  • Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды.

Салық оклады - салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.

Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.

Салық төлеу мерзімі - салық төленетін уақыт.

Салық төлеу тәртібі - белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:

  • салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;
  • заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
  • салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.

Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:

  1. уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
  2. мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
  3. белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
  4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;
  5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;

1. 2 Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметі мен құрылымы

Байғанин ауданы 1928 жылы құрылды. Ол кезде аудан Табын деп аталып Адай уезінің солтүстік-шығысындағы ірі бөлінісі еді. Кейін 1932 жылы Ақтөбе облысының әкімшілігіне еніп, 1940 жылы ауданға халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің есімі берілді.

Байғанин ауданының Салық басқармасы 1991 жылдарда салық Инспекциясы деп аталды.

Қазақстан Республикасындағы салық төлеу міндеттемесі азаматтардың конституциялық міндеттемесіне енгізілген. Қазақстан Республикасының Конституциясында тек қана салық төлеу емес, сонымен бірге алымдар және басқа да міндетті төлемдер туралы айтылған.

Салық салу ісін ұйымдастыруда және іске асыруда негізгі жұмысты аудан бойынша мемлекеттік кірістер бойынша басқарма жүргізеді. Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мынадай бөлімдерден құралған:

  • Ақпараттарды қабылдау және өңдеу бойынша орталығы» және салық төлеушілерді тіркеу бөлімі
  • Салықты әкімшілендіру және құқықтық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімі
  • Есептеу, өндіру және салық төлеушілермен жұмыс бөлімі
  • Енді, Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жалпы ережелерін және әрбір бөлімнің негізгі қызметтері мен міндеттерін қарастырып өтейік.
  • Мемлекеттік кірістер басқармасының атқаратын қызметтері:
  • өз аумағындағы салық заңдарының сақталуын, бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бақылауды жүзеге асырады;
  • салық заңдарын қолдануына байланысты салық төлеушілердің арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;
  • салық заңдарының бұзылуы бойынша өтініштің қатынастың және басқа да ақпараттың тексерулерін жүргізеді;
  • барлық деңгейлердегі бюджетке түсетін салықтар мен төлемдердің, алымдардың қортындысы бойынша белгіленген тәртіпте есептемені жүзеге асырады;
  • кадрлар квалификациясын жоғарлату мақсатында іс-шаралар ұйымдастырады.
  • Мемлекеттік кірістер басқармасының негізгі міндеттері:
  • салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің барлық деңгейлердегі бюджеттерге толық және уақытында түсуін қамтамасыз ету;
  • табысты кеміту немесе жасыру мақсатында салық төлеуден және басқа да төлемдерден жалтаруға жол бермеу;
  • бюджетке салықтарды төлемеу және басқа да қаржылық міндеттемелерді мемлекет алдында орындамауына байланысты фактілерді анықтау;
  • салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, уақытында салық заңдарының өзгеруі жөнінде салық төлеушілерге ақпарат беру;

Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының құрылымы 10 адамнан тұрады. Салық Комитеті өзінің қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жүзеге асырады.

Салық Комитетінің Заң актілеріне сәйкес мынадай құқықтары бар:

  • салықтарды есептеуге және төлеуге байланысты барлық жеке және заңды тұлғалардың ақшалай құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарға, есептемелерге, сметаға, ақшалардың толықтығына, бағалы қағаздарға және басқа да құжаттарға тексерулер жүргізуге құқығы бар;
  • салық заңын, салық санкцияларын және айыппұлдарды бұзған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына және азаматтарға Заңға сәйкес белгілі бір іс-шараларды қолдану;
  • салық заңын бұзған жағдайда салық комитеті құжаттарды, ақшалай және материалдық қаражаттарды алуға құқылы.
  • бюджетке төленетін салық және басқа да төлемдерді төлеу бойынша ұйымдар мен тұлғаларға салықтық жеңілдіктерді ұсыну;
  • салықтарды, айыппұлдарды, пеняларды уақытында төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының Салық Заңына сәйкес, ұйымдардың және азаматтардың жылжитын және жылжымайтын мүліктерін, ақшаларын есептеп алу.

Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының негізгі бөлімдері:

1. Салықты әкімшілендіру және салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімі .

Бұл бөлімнің бастығы өз қызметкерлері және бөлімнің атқаратын қызметтері үшін жауап береді. Бөлім бастығы әр қызметкерге өзінің атқаратын жұмысын тапсырады. Бұл бөлімде төрт бас салық инспекторы, екі жетекші салық инспекторы, бір маман жұмыс істейді.

Әрбір салық инспектор өз қызметі және участогы бойынша жауап береді. Мысалы: жетекші салық инспекторы патент берумен айналысады, бас салық инспекторы ауыл шаруашылық қожалықтары мен өз округі бойынша, басқа бас салық инспекторы тек заңды тұлғалармен жұмыс істейді. Бұл бөлімде салық төлеушіні салық есебіне бірыңғай тіркейді. Бірақ бұның алдында кәсіпкер мемлекеттік тіркеуден өту үшін алым төлеу керек.

Салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі мемлекеттік қызметкерлерден және заңды тұлғалардан декларация қабылдау, күәлік беру, СТН, патент беру, басқа салық түрінен төлеушілердің тіркелуі және есебі туралы кітап жүргізеді.

2. Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы.

Негізгі функционалдық міндеттері: Салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету; салықтық тіркеуді жүзеге асыру; салық төлеушілерден (салық агенттерінен) салықтық өтініштерін және салық есептіліктерін қабылдауды және өңдеуді жүзеге асыру; салық төлеушілердің салық міндеттемелерінің орындалуына бақылау жасау; салық төлеушілердің салық заңнамасы талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хаттамалар толтырып тиісті жұмыстар жүргізу; мүлік жер және көлік құралдары бойынша салықтардың дұрыс есептелуін және толық жиналуын қамтамасыз ету; салық төлеушілердің салық міндеттемелерінің орындалуына бақылау жасау; өз функционалдық міндеттерінің шеңберінде жоғары тұрған органның немесе лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

3. Есептеу, өндіру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі.

Бұл бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңының іс-әрекетімен, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті, Ақтөбе облысы бойынша салық комитеті өкілінің бұйрығымен және басқа да нормативтік, құрылымдық және методикалық құжаттармен басқарылады.

Негізгі қызметтері:

  • бюджетке түскен салықтардың есебін жүргізу;
  • салық төлеушілердің жеке шотын ашу және жүргізу;
  • болжама мәліметтердің орындалу есебін тұрақты жүргізу.

1. 3 Aудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен қызметтерді көрсету тәртібі

1-бөлім. Жалпы ережелер

1. Осы Тәртіп мемлекеттік кірістер органдарының Қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Тәртіпте мынадай ұғымдар, анықтаулар және қысқартулар қолданылады:

  1. Аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - Орталық) - осы Тәртіпке сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына келіп түскен құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру жолымен жұмысты жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының құрылымдық бөлімшесі;

2) Құжаттарды қабылдау және беру тобы (бұдан әрі - Қабылдау және беру тобы) - осы Тәртіптің 26-27-тармақтарының талаптарын есепке ала отырып жұмыс істейтін және осы Тәртіпке сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс кезінде мемлекеттік кірістер органдарына келіп түскен құжаттарды қабылдау, өңдеу және дайын құжаттарды беру жолымен жұмысты жүзеге асыратын Орталық қызметшілерінің тобы;

3) Құжаттарды өңдеу тобы (бұдан әрі - Өңдеу тобы) - осы Тәртіптің 28-29-тармақтарының талаптарына сәйкес жұмыс істейтін және осы Тәртіпке сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысқа түспей қабылдау және беру тобынан, кеңседен және Мемлекеттік корпорациясынан алынған құжаттарды өңдеуді жүзеге асыратын Орталық қызметшілерінің тобы;

4) Кіріс құжаттары - Орталықтарда көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдануға жататын құжаттар. Мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін әрбір мемлекеттік қызмет түрі бойынша кіріс құжаттарының тізбесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен анықталған;

5) Шығыс құжаттары - кіріс құжаттарын өңдеу нәтижесі болып табылатын және Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға берілетін құжаттар. Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін әрбір мемлекеттік қызмет түрі бойынша шығыс құжаттары тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен анықталған;

6) Көрсетілетін қызметті алушының ісі - келу тәртібімен, почта бойынша немесе Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар.

Көрсетілетін қызметті алушының ісі мемлекеттік кірістер органның мұрағатында заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, адвокатқа, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, кәсіби медиаторға бөлек жүргізіледі;

3. Орталықтың қызметшілері осы Тәртіпте жүктелген функцияларды жүзеге асырады. Орталықтың қызметшілеріне оларға тән емес қосымша функцияларды жүктеуге жол берілмейді.

4. Құжаттарды қабылдауға, өңдеуге және беруге, сондай-ақ компьютерлік және сканерлік жабдықтарды техникалық қызмет көрсетуге, ақпараттық жүйелерді жүргізуге қатысатын мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілері мәліметтерді өңдеу және ақпараттық алмасу кезіндегі жүзеге асырылатын іс-шаралардың, ақпараттардың сақталуы, қорғалуы және құпиялығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.

2-бөлім. Орталықтың жұмысын ұйымдастыру

1-тарау. Орталықтың жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

1. Өңделген кіріс құжаттары, осы Тәртіптің 2-тармағы 6) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ісіне тігілетін құжаттарды қоспағанда, мұрағатта күндер бойынша тігіледі (әрбір 15 күн сайын) .

2. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мыналарға қол жеткізуге шектеу жасау қажет:

1) құжаттарды қабылдайтын және өңдейтін компьютерлік және сканерлік құралдарға. Орталықтың қызметшілері тек өздерінің функционалдық міндеттерінің шамасында (өзара алмасуды қамтамасыз ету) мүмкіндіктерге ие болуы қажет;

2) көрсетілетін қызметті алушының істеріне. Көрсетілетін қызметті алушының істеріне Орталықтың басшысы, сондай-ақ оның функционалдық міндеттерін орындау шегінде мемлекеттік кірістер органдарының басқа да қызметшілері қол жеткізу мүмкіндігіне ие болу қажет (өзара алмасуды қамтамасыз ету) .

3. Телефон байланысына қол жеткізуді тек Орталықтың басшысына және оны алмастыратын адамға, сондай-ақ Өңдеу тобының қызметшілеріне берілуі тиіс.

4. Көрсетілген уақыт ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет ететін «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалына» арнайы бөлінген кабинеттің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалына» бөлінген компьютерлердің саны, мемлекеттік кірістер органдарымен ерікті түрде оны қолданушы көрсетілетін қызметті алушылар санымен анықталады және көрсетілетін қызметті алушыға уақтылы және сапалы қызмет көрсету қағидасын сақтауды қамтамасыз етуі керек.

5. Орталықтың жұмысы көрсетілетін қызметті алушыларға бөлініссіз жүзеге асырылады (санаты бойынша, алфавит бойынша, қызмет ерекшеліктері, салық салу режимі) .

6. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету қызмет көрсету уақытының аяқталуына дейін Орталыққа кірген «соңғы көрсетілетін қызметті алушыға дейін» қызмет көрсету қағидасын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Жұмыс тәртібі туралы хабарлама осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Орталықтың кіру есігіне орналастырылады.

7. Орталықтың қызметшілерінің саны 10 адамды құраса және одан артық болса, екі топқа бөлінеді:

1) Қабылдау және беру тобы;

2) Өңдеу тобы.

Бұл ретте Қабылдау және беру тобының және Өңдеу тобының саны бір күн ішінде келіп түсетін құжаттардың орташа санына байланысты Орталықтың басшысымен анықталады. Қабылдау және беру тобының қызметкерлер саны көрсетілетін қызметті алушыға уақтылы қызмет көрсету қағидасын қамтамасыз етуі қажет.

8. Мемлекеттік кірістер органдарында Орталықтың қызметшілерінің жалпы саны 10-нан кемді құраса, Қабылдау және беру тобына және Өңдеу тобына бөлінбейді.

9. Орталық функционалдық шарттарға байланысты екі салаға бөлінеді:

1) көрсетілетін қызметті алушының шартты түрде күту бөлігіне және қызмет көрсету бөлігіне бөлінген көрсетілетін қызметті алушының саласы;

2) жұмыс саласы (Орталық қызметшілерінің саласы) .

10. Орталыққа қойылатын жалпы талаптар (мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына ұсынылатын талаптардан басқа) :

1) Орталықтың көлеміне сәйкес келетін жарықтандыру, желдеткіш, жылулық құралдармен жабдықтандыру;

2) Орталықтың кіретін бөлек есігі болған жағдайда - темір немесе металлопластикалық есіктерді орнату;

3) Орталықтың кіре берісіне видеобақылау жүйесі бары туралы ескерту хабарлама орналастыру арқылы жұмыс саласын және күту бөлігін видеокамера көмегімен көзкөрімдік бақылаумен жабдықтау;

4) мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы жағдайлар жасау;

11. Көрсетілетін қызметті алушы саласына қойылатын талаптар:

1) көрсетілетін қызметті алушылардың күту орындары - дивандар, креслолар, орындықтардың бар болуы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық тамақтану
Ағымдағы міндеттемелер аудиті
Оқыту тәжірибесінің мақсаты
Тамақтандыру мекемесіндегі азық түлік, шикізат және тауарды есепке алу
Банк мекемесіндегі кассалық операциялардың есебі мен ұйымдастырылуы туралы
Ақша құндылықтарымен операцияларының есебі
Кәсіпорынның кассадағы операциялары
Диплом алдындағы тәжірибе нәтижелерінің есебі
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНДЕ ЕСЕП ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРБИЕСІ
Міндеттемелер есебін бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz