Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы


Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы “Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы”. Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің инвестициялық саясатының ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету.
Инвестиция (латынша іnvestіre - киіндіру) - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестициялар деп-өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландырукөздеріне қарай негізгі капиталға салынаты инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция - құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат.
Курстық жұмыстың өзектілігі - Қазақстандағы шетел инвестицияларын тиімді пайдалануды басқару тетіктері мен бағыттары болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстанда шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласында тиімді пайдалануды жетілдіруді ілімдік-әдістемелік негіздеу, сондай-ақ инвестицияларды тиімді пайдалануды жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттелетін тақырып бойынша көптеген теориялық және практикалық мәселелерге қатысты ресейлік және шетелдік зерттеушілердің, сонымен бірге қазақстандық ғалымдардың еңбектері қолданылды. Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізін қарастырылатын мәселе бойынша отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеу барысында ҚР Президентінің жарлықтары, үкімет қаулылары, заңдар мен нормативтік құжаттар, Президенттің жолдаулары, мемлекеттің даму бағдарламалары қолданды.
Зерттеу барысында ғылами жаңалыққа ие келесі нәтижелер алынды:
- инвестициялық орта мен ұдайы өндіріс үрдісін жүзеге асырудағы инвестициялау қажеттілігі негізделді;
- инвестициялық қызметті реттеудегі мемлекеттің ролі мен қызметтері сараланды;
- Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша мұнай өндіру саласына инвестиция тарту мен пайдалану ерекшеліктері анықталды;
- мұнай өндіру саласын мемлекеттік реттеу негізінде инвестициялық стратегия айқындалды;
- мұнай өнімдері нарығын зерттеу негізінде осы салаға инвестицияларды тарту тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды;
- 2015 жылға шикі мұнай және газ өндірудің пайдалылық деңгейіне әсер ететін көрсеткіштерді зерттеу арқылы болжам жасалды.
Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласына тарту және тиімді пайдалануды жетілдіруді зерттеу қажеттілігі ұлттық экономикалық қауіпсіздікпен және қазақстанның сыртқы экономикалық қатынастарымен байланысты болғандықтан, курстық жұмыстың тақырыбы бүгінгі таңда өзекті болып табылады.
1 Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы мен теориялық негіздері
1. 1 Инвестицияның мәні, түрлері және инвестициялық саясат
Қазіргі ғылым, экономиканың маңызды құрамдас бөлігінің бірі - тартылған инвестициялар туралы білімдердің елеулі жиынтығын қамтиды. Барлық салалардан экономико-заңдық танып білуді өкілдерінің ғылымдағы көптеген дискуссияларынан кейін, осы жағдайдың спецификасы мен оны құқықтық реттеу қажеттілігі мойындалды.
Бұл проблемаға ортақ көзқарас П. Массемен қарастырылған, ол инвестициялауды “инвестициялау көмегімен бүгінгі қажеттілік қанағатын келешекте күтілетін қанағатқа айырбастау актісі” деп түсінеді.
Инвестицияны “Қазіргі кезеңдегі өндірістік қызмет нәтижесінің капиталды меншік құндылығының ағымдағы өсімі” ретінде, немесе, “тұтыну үшін қолданылған, қазіргі кезеңдегі табыстың сол бөлігі” ретінде анықтайтын Дж. Кейнстің жұмыстарында инвестициялау процессінің ғылыми негіздері қарастырылған.
Экономикалық теорияда сәйкес саланы дамыту сатысы инвестициялаудың көкейтесті проблемалары бойынша көп санды аспектті зерттеулерді өрістетумен сипатталады.
В. Фельзенбаум, “капитал жұмсалымдары” және “қаржы” (портфельді) инвестициялар түсінігіне мазмұны бойынша жақын, инвестиция түсінігі нақты инвестицияларды қамтиды деп белгілейді. Яғни, меншіктен табыс табуға құқық беретін, меншік иесінің титулымен байланысты акция, облигация және тағы басқа құнды қағаздарға салынған салымдар. Инвестициялаудың негізгі этаптары:
- капитал жұмсалымдарына шығындар ресурстарды қайта құру, яғни инвестиция қызметінің (тіпті инвестициялау) нақты объектілеріне инвестицияларды трансформациялау үрдісі;
- инвестицияны түпкілікті қайта құру мен жаңа тұтыну құнын алуды сипаттайтын салынған қаражатты капитал құнының өсіміне айналуы;
- табыс және әлеуметтік әсер нысанындағы капитал құндарының өсімі, яғни инвестициялық қызметтің түпкілікті мақсаты жүзеге асады.
Инвестициялау инвесторлардың қолдану үшін іздейтін, қаражатты тұтынудан кейінгі кейбір артықтардың қорлануының (жиналуының) нәтижесі болып келеді.
Жоспарланатын шығындар мен ұлттық өнім, және мультипликатор арасындағы мұндай байланыс жалпы экономикалық тепе-теңдіктің ортақ түсініктерінің бірі болып келеді. Және де шығындар бабында жеке тұтыну, инвестициялық және мемлекеттік шығындарды бөліп көрсетеді.
Бұлардың әр қайсысының көлемінің өсуі шығындардың ортақ сомасының артуына алып келеді. Сонымен қатар, жинақ ақшалар мен инвестициялар тепе-теңдігінің проблемасына классикалық мектептің көз қарасы бар екені әйгілі. Бірақ, бұл мектеп қаржыландыру көзін оның жалғыз формасына қосып - жинақ ақшаға және оған несиені қоспай - механизмді шамадан тыс оңтайландырған. Өкінішке орай, кейнсианстық теория күшті, әрі жеткілікті болып келмейді. Мұнда, қаржы нарығы сұраныс пен ұсыныс заңының күші капиталдың тек бір түріне және бір проценттік мөлшерлемеге таралатын абстракция болып ұсынылады Ал, нақтылық күрделірек болып келеді “сандық аспект капиталдың сұранысы мен ұсынысы сапалық сипаттамамен толықтырылмаса оны ешқандай экономикалық талдау дәлме-дәл кескіндемейді”.
Инвестициялар, төлемақылардан басталатын, әрі қарай түсімдер күтуге мүмкіндік беретін, ақша төлемдерінің ағымын сипаттайды. Инвестициялық қызмет шаруашылықтың нарықтық жағдайында кәсіпкерлік қызмт болып келеді және табыс табу мақсатында инвестициялық нарықта шаруашылық жүргізуші субьектілермен жүзеге асырылады. Инвестициялар дегеніміз - мүліктік құндылықтардың барлық түрлері және оларға деген құқық, сондай-ақ пайда (табыс) алу мақсатында инвестордың кәсіпкерлік қызмет нысандарына жұмсаған меншікке құқық. Шетелде қызмет ететін, шығарылатын, әкелінетін капиталды жекеменшік, мемлекеттік және сыртқы деп бөлуге болады. Ол ақшалай және тауарлы нысанда, қысқа және ұзақ мерзімді, ссудалық және кәсіпкерлік бола алады. Кәсіпкерлік капитал (және ішінара ссудалық) тікелей және портфельді инвестициялармен ұсынылған.
Тікелей инвестициялар - тікелей өндірістік кәсіпорындарға жасалынған инвестициялауды сипаттайды. Тікелей инвестициялардың негізгі айрықша сипаттамасы - тікелей инвестор кәсіпорынды басқаруға елеулі әсер етеді. Осыған орай, инвесторға кәсіпорында 10 %-дық қатысуды қамтамасыз ететін барлық салымдар тікелей инвестициялар деп аталады. Тікелей инвестициялар санатына жататын операциялар санына, мұндай қатынастар негізін қалайтын капитал жұмсау бойынша бастапқы операциялар ғана емес, инвестор мен кәсіпорын арасындағы кейінгі операциялардың барлығы жатады.
Портфельдік инвестициялар - пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздар сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайтадан бөлу ісінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша салады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдардың ішкі құйылысында тікелей сияқты портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады. Бұл, сонымен бірге, экономика ресурстарындағы негізгі массаның Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан қаржылық аясына көшуінің спецификалық жағдайы - отандық инвестициялық қордың мәртебесі туралы ойға қалдырады. Портфельдік инвестициялау арқылы қор нарығының әр түрлі секторларындағы барлық инвестициялық қызметтің түпкі нәтижелерін жоспарлауға, бағалауға және бақылауға болады. Портфельдік инвестицияларды жүргізу нарық дамуын сипаттайды. Қазіргі кезде, портфельдік инвестициялаумен клиенттердің екі типі қызығушылықта. Біріншілеріне, уақытша бос қаражаттарын орнықтыру проблемалары барлар (мысалы, ірі корпорациялар) . Екіншілеріне, айналым қаражаттарын қажетсінетін, портфель идеясын “приманка” ретінде ұсынатындары жатады (мысалы, аса ірі емес банктер, қаржы компаниялары т. б. ) .
Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынадай кезеңдерден тұрады:
- Инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
- Инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу;
- Жобаны техникалық- экономикалық негіздеу;
- Жер учаскесін алу немесе жолға алу;
- Келісім құжаттарын дайындау;
- Құрылыс- монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру;
- Объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі. Республиканың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж. ) ; “Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж. ) ; ”Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж. ) ; “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж. ) ; “Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы” ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж. ) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.
Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін, олардың функциялары мен міндеттерін анықтады.
Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:
1. Жоспарлау;
2. Бағдарламалау;
3. Бюджетті дайындау;
4. Орындау.
Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік - экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ, әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кезеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық-экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.
Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат-жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.
Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет:
- бюджет орындалатын, макроэкономикалық жағдай;
- инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері, соның ішінде экономикалық аспектілер.
Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет.
Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:
- жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;
- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;
- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;
- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;
- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;
- менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;
- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;
- қоршаған табиғи ортаны жақсарту;
Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі: бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ, келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.
Сонымен қатар, инвестициялар тәуекелдік (венчурлік) және ануитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік капитал - үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз-өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.
Ануитеттік - тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.
1. 2 ҚР экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары
Нарық қатынастарын дамытудың қазіргі кезегінде Қазақстанда инновоциялық - инвестициялық саясатты құру және жүргізу үшін алғышарттар қалыптасты: кәсіпорынның шаруашылық қызметін реттеудің нарық құралдарын пайдалану; макроэкономикалық процесстер арқылы басқарудың нарықтық әдістерін әзірлеу және енгізу; қос деңгейлі банк жүйесіне өту; мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды және оны қаржыландыру көздерін әзірлеу; инновациялық және инвестициялық саланың ролін түсіну және елдің ішкі резервтерінің есебінен инвестициялау көздерінің қажеттілігі. Бірақ, қалыптасқан алғышарттарға қарамастан, экономиканың инновациялық және инвестициялық тартымдылығы қалай ішкі, солай сыртқы инвесторлар үшін әлі төмен. Бұл жағдайдағы, мемлекеттің, аймақтағы өкімет органдарының міндеттері ресурстарды ғылымның және өндірістің басымдырақ салаларына шоғырландырудан және инвесторлар бұл процесстерге қатысу үшін қолайлы инновациялы - инвестициялық ахуал қалыптастырудан тұрады.
Мемлекеттік реттеу тетіктерінің жоқтығы, қаржылы-несиелік саясаттағы жаңсақтықтар нарық жағдайында тұрақтылықты қамтитын кәсіпорындардың инвесторлар үшін тартымдырақтығына алып келді, себебі, өз өніміне сұраныс шектеулері жоқ. Бұл көбінесе, үлкен экспорттық мүмкіншіліктері бар және осыдан шығатын, инвестиция көздерін қалыптастырудағы, артықшылықтары бар мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптері. Осы мұнай мен газ өндірісінің өнеркәсібі инвестиция белсенділігінің деңгейін анықтады. Ол экономиканы ұзақ уақытқа қалыптастырушы фактор болып келеді. Нарық қатынастарына өту жағдайында инвестициялардың өндірістік емес және кен өндіруші өнеркәсіп салаларына қайта бағдарлануы болған. Бұл, өңдеуші өнеркәсібіне капитал салымдарының қысқаруына алып келіп, инвестиция қызметінің сапалы параметрлерінің жақсыруына жағдай жасамады.
Инвестицияның салалық құрылымы біздің толықтай тиімді емес құрылымымызды бекітеді де, түбінде экономика өсіміне жағымсыз әсер етеді. Осы құрылымдық қиғаштықтар консервациясының себептерінің біреуі - аймақ экономикасының дамуындағы артықшылықтарды анықтайтын және шетел инвестицияларын тартуға сараланған тәсілдемені іске асыратын экономикалық саясат шараларының жоқтығы. Шетел инвесторлары салынған капиталға жоғары табыс нормасын басшылыққа ала отырып, салаларды өздері таңдайды. Өкінішке орай біздің мемлекет бұл процесске елеулі әсер етпейді. Отандық өндірістің құлдырауынан болған ішкі ұсыныстың жеткіліксіздігі, сол ішкі сұраныстың көп бөлігі импорт есебінен өтелуіне алып келеді. Екіншіден инфляцияның жоғары қарқыны, отандық өндіріс тиімділігінің төмендігі және тұрақсыздығы, ел капиталының кемуіне алып келетін, инвестициялауға жағымсыз жағдай жасайды.
Индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік инвестициялық саясатының мақсаты, жеке меншік секторы мемлекеттің араласуынсыз жүзеге асыра алмайтын тауашаларына, қаржыландыру көздерін және инвестицияны қолдау және тартудың қатысты механизмдерін анықтаудан тұрады. Мемлекет қолдауы мен нарық ынтасының сәйкестігінде ғана мүмкін болатын, инвестиция белсенділігін арттыру арқылы экономикалық дағдарыстан шығуға және өндірісті жандандыруға болады.
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің негізгі бағыттары болып, жоғары техникалық және технологиялық деңгейді сақтаған, салалар мен өндірістің экспорттық және импорттық орнын алмастырушы, бәсекеге қабілетті салаларды қолдау табылады. Дүниежүзілік тәжірибені талдау, құрылымының қайта құрылуының шешуші шарты болып қарастырылатын, экономикадағы инвестициялық үрдістерді мемлекетпен қолдау экономика өсуінің тұрақты қарқындарын қолдау және жетістік түріндегі нақты нәтиже береді. Қазақстанда инвестицияларды ынталандырудың заңды және экономикалық негіздері 2013 жылы 8 қаңтарда қабылданған ҚР-сының “Инвестициялар туралы” заңында анықталған. Бұл заң ҚР-дағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, ҚР-да инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвестициялардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді. Қазіргі технологияларды пайдаланатын қолданыстағы өндірісті жаңарту, кеңейту және жаңаларын жасаудағы инвестицияны ынталандыру үшін және экономиканы дамыту үшін жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру мақсатымен инвестицияны мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.
Инвестицияны мемлекеттік қолдау келесі преференцияларды ұсынумен тұжырымдалады:
- инвестициялық салықтық преференциялар;
- кеден баждарымен салық салудан босату;
- мемлекеттік натурдық гранттар;
Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту үшін инвестицияға сұраныс ұсынатын тауарларын экспорттайтын салаларға бағдарлану қажет, оларға бюджеттік қаржыландыру, салықтық престі төмендету, мемлекеттік тапсырыс беруді кеңейту және сыртқы экономикалық саясаттағы орынды қолдампаздық (протекционизм) түрлерінде көмек көрсету қажет. Халықтың әл - ауқаттық деңгейін және отандық өнімдерге деген оның төлем қабілеттілігі бар сұранымын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануы қажет. Бұл мультипликативті әсер беріп, кәсіпорындарға инвестициялар іздеуге, оларды төлеуге, несие берушілермен және мемлекетпен төлеп құтылуға, өндірісті дамытуға мүмікіндік беретін еді.
Инвестициялық процеске кәсіпорынның өз қаражатын және халықтың жинақ ақшаларын тарту халықтың әл-ауқатын жоғарлату және экономикалық өсу үшін маңызды болып келеді. Зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар және басқа да институционалдық инвесторлар капиталдың отандық нарығын дамытуға жәрдемдесу керек және осы арқылы - сапалы экономикалық өсуге.
Басқа ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасы, инвесторлар үшін тартымды болып келетін, жоғары несиелі рейтингке ие. Батыс сарапшылардың көзқарасы бойынша саяси дамудың тұрақтылығы ҚР - сының артықшылықтарының бірі болып табылады.
1. 3 Инвестицияны пайдаланудың көрсеткіштері және оны анықтау әдістемелері
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикалық жүйеге бірігуі шетел инвестициялары үшін қалыпты инфрақұрылымды және құқықты жағдайларды қалыптастырусыз мүмкін емес. ҚР-ның экономикасын жаңғыртуда шетел капиталы маңызды роль атқарады. Ұзақ мерзімді саясаты бар жаңа іскерлік ахуал жасау міндетті түрде қажет. Тек осы жағдайда ғана ҚР артықшылықтары, табиғи ресурстарды, транзиттік геополитикалық жағдайды, ғылыми-техникалық әлеуеті мен білімі бар халықты қосқанда, капитал тартудағы ҚР-ның бәсеке қабілеттілігінің маңызды шарттары болады.
Республиканың дамыған инфрақұрылымдағы өмірлік қажеттілігі кең территориялы-орнықтырушылық базамен және экономикалық шаруашылық-салалық құрылымымен анықталады. ҚР-сы қысқа мерзімде негізгі өндірістік қорларға капитал түсімін қамтамасыз ету қажет және базалық салалар мен өндірістерді сақтау мен дамыту мақсатында шикізат ресурстарын экспортқа бағдарланған қайта өңдеуді ұйымдастыру керек. Болмаған жағдайда, экономика құрылымын қайта құру міндеттерін шешпейтін, экспорттың тауарлы - шикізаттық бағдарлануы ҚР - на көптеген жылдарға бекітіледі. Қазақстан Республикасында тұрақты экономикалық өсуге жету үшін үлкен көлемдегі инвестициялық салымдарды талап етеді. Капитал салымдары, тұтыну деңгейінің ары қарай төмендеуін тудыратын, ішкі көздер есебінен қатаң биімделуді талап етеді, ал, бұл саяси-әлеуметтік түсініктемелерге қолайлы емес. Негізгі өндірістік қорларға сыртқы тікелей инвестицияларды тарту баламалы таңдау болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz