Қазақстанның физикалық географиясы


1. Қазақстанның физикалық географиясына кіріспе
Қазақстан елінің физикалық геогафиясын оқып үйренгенде 1991 жылдан бастап, өз алдына көк байрақ туын көтерген егеменді ел болғанын барша жұрт біледі. Біздің республика территориясы жағынан әлемдегі 10 мемлекеттің 9-шы болып есептелінеді, яғни Ресей 17, 3 млн. км 2 ; Қытай 9, 6 млн. км 2 ; АҚШ 3, 2 млн. км 2 ; Аргентина 2 млн 760 мың км 2 ; Қазақстан 2 млн 717, 3 мың км 2 . Судан 2, 5 млн. км 2 -ге бөлініп дүние жүзінде жерге бай мемлекет болып есептелінеді.
Қазақстан территориясына Еуропаның шығыс бөлігіннен жалпы сырттың Оңтүстік бөлігі, орыс жазығының Азияға дейінгі немесе Мұалжар тауларымен Жем өзеніне дейінгі жерлері кіреді. Ал, Азия матергінің Солтүстік таман жерлері немесе Солтүстік батыс бөлігі еніп жатыр. Қазақстан Республикасының жер көлемі Африкадағы көптенген мемлекеттердің жер көлемінен әлде қайда артық. Әрине, мұндай үлкен елдің табиғат жағдайларының алуан түрлі болуы заңды құбылыс. Көптеген мысалдарды келтіруге болады. Қазақстанның мыңдаған километр шекарасы бар соның ішінде Солтүстігінде орманды дала алқабы сонау Алтай тауларына дейін сыңсып жатыр. Әр кездерде орман даламен алмасып отырғандықтан оны біз орманды дала зонасы деп білеміз. Орманды далада тұрған халыққа қарағайлы шыршалы орманның шайыр аңқыған ауасы да, қайың тоғайы мен көктерек орманы да адамды баурап шақырып тұрғандай.
Даламыздың ұшы - қиыры жоқ. Созылып жатқан шексіз - шетсіз жазық жерлері мен шоқы- шоқы қырқалы төбелі жазықтар, теп - тегіс көкжиек сызығы, сирек кездесетін өзен аңғарлары туған анаңдай қол бұлғап тұрған тәрізді. Жазда даланың көп жерінде алтын дәнді бидай телегей - теңіз болып шалқыса, қыста оны көзге шағылысатын аппақ қар басып жатады.
Бізде шөлдер де көп. Онда адамның айналасын құм немесе қорым тастар, ал кейде шыжыған күн көзінен быт-шыт болып жарылып кеткен беті тегіс саз немесе тақыр алаңдар алып жатады. Шөлде аздаған өзендер мен қолдан жасалған қаналдардың баға жетпес ылғалы ғана құнарсыз жерлерді ажарландырып, оларды жазира айналдырады. Шөлдерде түйемен жол жүріп сапар шеге қалсаң онда ерекше сағымдар пайда болады, сондықтан сағымнан сақ болу керек.
Қазақстанның таулары зәуліз биік, әрі сәулетті келеді. Батыс Тянь-Шань тауының Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекарасы болып есептелінетін нүктеде ең биік шың 6995 метр келетін Хан -тәңірі орналасқан. Тауларда тұратын жұртқа кейде жал-жал өркештері мен шыңдарын мәңгі қар басқан асқар жоталар көрінісі, таулардағы көкорай шалғындар, ағыны қатып сарқыраған су тілімдеген терең әрі тар аңғарлар тау баурайындағы қалың ормандар, тастақты жерлердегі шағын егістік жерлер өз болмысымен көз тартады.
2. Қазақстанның физикалық географиясы
Физикалық география ғылыми жердің географиялық қабығының әр түрлі бөлімдерге -өлі (тау жыныстары, су, ауа) және тірі (өсімдік, жануарлар дүниесі) табиғаттан пайда болған күрделі топырақ та әлгі екеуінің қатысуымен түзіледі.
Тау жыныстары мен олардың бетінің бедері, су, ауа, өсімдік жануарлар дүниесі және топырақ табиғат компоненттері бәрі бір-бірімен тоғысады және бірінің ішіне бірі еніп, мысалы, су мен ауа литосфера бөлшектері (тозаң түрінде ) мен су (бу түрінде ) атмосфераға араласады, өсімдіктер мен жануарлар организмдері Жердің бетінде, топырақ пен грунтта (топырақ астындағы жыныста ), гидросфера, атмосфераның төменгі қабаттарында тіршілік етеді. Табиғат компоненттері бір-бірімен ұштаса отырып, бедері әр түрлі комплекстер түзеді. Сөйтіп, әрбір жер үлкенді-кішілі территорияны қамтитын табиғат компоненттерінің белгілі бір комплексі болып табылады. Сондықтан да оларды территориялық табиғат комплекстері (қысқаша ТТК) немесе л а н д ш а ф т а р деп атайды. Мысалы, Қазақстанның орманды-дала жазығы мен төбелі-қырқалы жерлер, даланың таулы, төбелі, ойпатты жерлері, шөлейт пен шөлде нақ осылай болып келеді. Осылардың территориялық табиғат комплекстері (ландшафтары) бар. Күн энергиясының (жылу мен жарық ), сондай-ақ біздің планетамыздың ішкі энергияның жерімен географиялық қабықтың барлық табиғат компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста және бір-біріне әсер етіп отырады. Егер олардың бірі өзгерсе, басқалары да міндетті түрде өзгеріске ұшырайды. Мәселен, атмосфера (климат) қабаттарының қатты құрғап кетуі ылғалды азайтып жібереді. Мұның өзі өсімдіктің және сонымен байланысты жануарлар дүниесінің, топырақтың өзгеруіне әкеп соғады. Адамның шаруашылық қызметі табиғат комплектеріне ежелден өзгеріс енгізіп келеді. Оның әсері әсіресе, өнеркәсіп пен техника дамыған сайын күшейіп отыр. Ағашты кесу, жер жырту, өзендерге плотина салу, қолдан бөлгендер жасау, ағаш отырғызу, жерді милиорациялау және басқа да толып жатқан шаралар көптеген табиғат компоненттерінің сипаты мен сыртқы бейнесін қатты өзгертіп жібереді.
Табиғат компоненттері және олардың арасындағы өзара байланыс территориялық табиғат комплектерінің сипатын анықтайды. Еліміздің халық шаруашылығы үшін өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, транспортты дамыту үшін мұның зор маңызыбар. Территориялық табиғат комплекстері территорияны шаруашылық тұрғыда игеру кезінде міндетті түрде есепке алынады. Мұның не үшін табиғаттың жеке компоненттерін, олардың арасындағы байланыстарды және сол байланыстардан құралатын территориялық табиғат комплекстерін тыңғылықты зерттеу керек. Сонымен физикалық география біздің еліміздің табиғат жағдайларын жек компоненттері жағынан да, территориялық табиғат комлекстері жағынан да зерттейді.
3. Табиғи ресурстары
Адам тіршілігінде пайдаланып жүрген және болашақта пайдаланатын табиғат байлығының барлық түрін табиғат ресусы немесе табиғи ресурс деп аталады. Олар сан алуан. Пайдалы қазбаларға толы жер қойнауы, су энергиясының аздаған қоры бар өзендері, топырақты, далалы жерлердегі және тау бөктеріндегі шалғындар, аңдар, құстар, балықтар - мұның бәрі табиғи ресустар. Бұлардың кейбіреуінің қоры жөнінен мыса; ы, темір вольфрамнан Қазақстан алдыңғы елдер қатарына саналады. Біздің халқымыздың әрбір ұрпағы келесі ұрпақтың осы ресурстардан тапшылық көрмеуі үшін табиғат байлықтарын сақтап, молайтып отырады, әйтпесе ресурстардың кейбір түрлері мысалы; металл, рудалар, тас көмір, мұнай, жанар газ түгел таусылып қалуы мүмкін. Мұндай ресурстар қалпына келмейді.
Шаруашылық дұрыс пайдаланса, ресурстардың басқа түрлерін қалпына келтіруге, тіпті көбейтуге де болады. Олар орман, шалғын, кәсіпшілік және басқа да барлық жануарлар. Ғылым мен техниканың қазіргі дамуы жағдайында бұл ресурстарды оған көбінесе қайтадан қалпына келтVре алады. Бұлар қайтадан қалпына келетін ресурстар. Табиғат адам шаруашылық мақсатын барған сайын көбірек пайдаланып отырған сарқылмас ресурстар да бар. Ол теңіз толысулары мен ағыстарының, желдің, күннің, жердің ішкі жылуының энергиясы.
І - Бөлім. ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫМЕН ОНЫҢ РЕСУРСТАРЫНА СИПАТТАМА
Қазақстан жерінің жер бедері мен гелогиялық құрылысының әр түрлілігі оынң жер қойнауында көптеген пайдалы қазбалардың болуына себеп болған. Пайдалы қазбалардың түрлері мен таралуы олардың жату жағдайы сол жердің геологиясы мен жер бедеріне тығыз байланысты. Руда қазбалары әдетте таулы аудандарға әсіресе ертедегі тау түзілу процесінде пайда болған тауларға тән. Рудадан алынатын метеллдар ауыр элементтер болғандықтан жер қойнауының терең жерлері, әсіресе магма жыныстарының құрамында жатады. Магма жыныстары тау жасалу кезінде тектоникалық жарықтар бойымен көтерілген де тау мүжілуінен барып жер бетіне жақындаған кейде, тіпті жер бетіне шығып та жатады. Руда қазбаларына темір: темір металдары әр түрлерді игереді, олардың мол қоры бізде Алтай, орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы тауларында Мұғалжарда, Жоңғар Алатауында және Қазақстанның басқа да көптеген кен орны жоғарғы палеозойда пайда болған, сондықтан бұл қазбалардың кен орны сол дәуірдің жыныстарына байланысты.
Қазақстанның территорисында пайда қазбалардың таралуы мынадай: Темір - таяу уақытқа дейін Қазақстан темірге кедей болып келген. Бірақ кейінгі жылдардағы зерттеулер бойынша Қостанай облысының территорисында темір рудасының өте мол қорының барлығы анықталды. Темірдің ТМД елдері бойынша ең ірі кен орны - Қазақстандағы Қостанай бассеині ол темір қоры жөнінен Курск-магнит аномалиясынан асып түседі. Бұл бассеиннің ірі кен орындары Лисаковск және СоколовСарыбай. Мұндағы руда өзінің құрамы жағынан Оңтүстік Урал рудаларына ұқсас, онда 40-45% таза темір бар. Мұнымен қатар мұндағы жер бетіне жатады, сондықтан оны ашық әдіспен өндіреді. Темір кені, сонымен қатар Атасу өзенінің бассеинінде, Қарқаралы тауларында (Кентөбе) және тағы басқа жерлерде кездеседі. Марганец рудасы көбіне рудасының кен орындарымен іргелес (Атасу) кездеседі. Марганецтің ірі кен орындарына Орталық Қазақстандағы Жезді, Қаражал және Маңғыстау жатады.
Хромит -хромиттің ең ірі кені Мұғалжар тауларында, Қазақстан хромит қоры жағынан ТМД - де жетекші орын алады.
Мыс шығатын ең ірі кен орындары қазақтың қатпарлы өлкесінде орналасқан, олар Жезқазған өңірінің мыс қоры Бозшакөлде, Жезқазған өзінің мыс қоры жағынан ТМД елдерінде жетекші орын алады.
Полиметалл қоры жағынан Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші орын алады. Полиметалл рудалары құрамында қорғасын, мырыш, мыс және т. б. түсті металдар кездеседі. Полиметалл рудаларының ең ірі кен орындары кенді Алтайда орналасқан. Олар: Лениногорск, Зырянды, Белоусовскіде т. б. олардан біраз кішіріек кен орындары: Жоңғар Алатауындағы Текелі, Қаратаудағы Ащысай мен Мырғалымсайда орналасқан.
Алтын - Қазақстанның ішіндегі ең маңызды - Алтайдағы Үлбі, Бұқтырма, Күршім өзендерінің бассеинінде. Солтүстік Қазақстанда - Майқайдың Жетіқарада бар. Шортанды мен Степнякта көп алтын өндіріледі. Вольфрам жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орынды алады, ол Қалба жоталарында кесдеседі.
- Табиғат зоналары мен ландшафтың көріністері
Қазақстан территориясының геология-геоморфология, климаты мен топырақ-өсімдік жамылғысының әртүрлілігі оны ландшафт, табиғат топтастығына немесе ланшафт зоналарына бөледі. Республика территориясы барлығы төрт зонаға бөлінеді:
1. Қоңыржай белдеудегі орманды дала ландшафт зонасы.
А) оңтүстік орманды дала зонасындағы;
Ә) орманды даланың типтік емес зонасындағы;
- Қоңыржай белдеудегі дала ланшафт зонасы;
А) оңтүстік дала зонасының батысы;
Ә) оңтүстік дала зонасының шығысы;
- Қоңыржай белдеуіндегі шөлейт ландшафт зонасы.
А) Қоңыржай белдеуіндегі шөлейт ландшафт зонасының батысы;
Ә) Қоңыржай белдеуіндегі шөлейт ландшафт зонасының шығысы;
- Қоңыржай белдеуіндегі шөл ландшафт зонасы.
А) Қоңыржай белдеуіндегі шөл ландшафт зонасының батысы;
Ә) Қоңыржай белдеуіндегі шөл ландшафт зонасының шығысы;
Қазақстанның орманды дала зонасы тегіс жазықты болып келеді. (Батыс Сібір ойпатының Оңтүстік бөлігі) ; тек қана орманды дала зоанысынң шеткі бөлігі Қазақстанның ұсақ шоқысының солтүстік шеткі бөлігімен өтеді. Қазақстан жерінде орманды дала зонасы үлкен емес, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының аз бөлігін қамтиды. Ал, Көкшетау облысының үлкен емес реликті участогы жатады. Негізіг орманды дала зонасы орман және дала өсідіктерімен ерекшеленді. Бұл зонаның жер бедері терең емес ұсақ көлдерімен ерекшеленеді. Жалпы ойпат Солтүстікке қарай еңістеу болып келеді. Осы бағытта абсолюттік биіктік 180 метрден 120 м-ге кемиді.
Орманды дала зонасының жер бедері қазіргі кездегі өзен аңғарларымен тілімденген. Ең негізгі өзен Есіл өзені болып табылады. Батыс Сібір ойпатының шөгінділері негізінен полеозойлық және мезозойлық ежелгі шөгінділер. Қызылжар қаласының 700м тереңдіктегі жатысында кристалды фундаменттер қалыптасқан. Оның саз қабаттары мен құмдақтары жыныстармен көмкеріліген.
Климаты.
Орман зонасынан, орманды дала зогасы жылы және құрғақ климатымен ерекшеленеді. Жауын-шашынның жылдық орташа жиынтығы 250 мм-ден 350-400мм-ге дейін жетеді. Жазда әсіресе, дәнді дақылдарға зияны мол оңтүстік батыстан ыстық және құрғақ жел соғады.
Қыс орманды дала зонасындағы ең ұзақ жыл мезгілі. Ол қазан айының соңынан сәуір айының бас кезіне дейін созылады. Қаңтар айының орташа температурасы -19 0 С, кейбір жылдар -40 0 С-қа жетеді. Бұл зонада қар жамылғысы қалың түседі.
Көктем жылдың ең қысқа мерзімі, орта есеппен 1, 5 айға созылады. Температураның тез көтеріліп, қайта түсуімен ерекшеленеді. Көктемде аяздар болып тұрады, кей кездері ол қарға ұласады. Аяз 15-25 мамырға дейін созылады. Жаз үш айға созылады. Шлденің орташа температурасы 18-19 0 С. Осы кезеңде жылдың атмосфералық жауын-шашынның 60%-ы түседі.
Күзде температура төмендейді. Мұнда күз тамыз айының соңында түсіп, екі айға созылады. Бірінші күзгі суық 15-20 қыркүйек айында болса, кей жылдары 15-30 тамызда басталады.
Ішкі сулары.
Өзендері -орманды дала зоансы Қазақстан территориясындағы бөлігі өзен торларымен аз тілімденген. Өзендердің басым көпшілігі ұсақ өзендер. Олар ұсақ көлдерге құяды, кейбіреулері тартылып қалады, ал жазда кеуіп келеді. Өзендердің 80%-ы қар суымен қоректенсе, қалғандары грунт суымен және жаңбыр суларымен қоректенеді. Қар қалың түскен жылдары өзен 2-4 м-ге көтеріледі. Ең ірі өзен Есіл, оңтүстіктен солтүстікке қарай ағады. Ол өзінің бастауын солтүстік шығыс Қазақтың ұсақ шоқыларынан алады да, Ертіс өзеніне құяды. Ол қар суымен қоректенеді. Көктемде өзен суы 4 м-ге көтеріледі. Есілде қараша айының ортасынан бастап көкек айына дейін қатады.
Көлдер олар әр түрлі көлемдегі қазан шұңқұрларда орналасқан. Ірі Есілдің сол жағалауында Лебянсье, Сиверка, Акуги, ал оң жағалауындағы Конюховск және Камышлов. Көпшілігі шағын көлдер. Ал, ірі көлдердің тереңдігі 2-4 м ғана, көлемі 1 км 2 жерді камтиды. Жазда суы тартылып көлемі кішірейеді. Құрамы ащы болып келеды.
Зоналық ландшафтық бөлінуі.
Орманды дала зонасына мынандай кіші топтар бар. Олар:
- Торғай ландшафтық зонасы.
- Торғай қақпасы.
- Батыс Сібір ойпаты.
- Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстік бөлігі.
- Солтүстік Алтай.
- Оңтүстік Алтай ландшафты.
- Солтүстік Батыс Алтай ландшафты.
Оңтүстік орманды дала зонашығы зонаның солтүстік бөлігін қамтиды. Ол жер асты суына және ішкі суларға бай. Бұл зонаның қайыңды ормандарымен және орманның сұр топырағымен және қара топырағымен ерекшеленеді. Мұнда қара топырақтар орта гумусты. Қайыңды ормандар көл маңындағы батпақты жерлерде көптеп кездеседі.
Типтік емес зонашық Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігінде қамтиды. Зонашық табиғат жағдайына байланысты ерекшеленеді, онда орман және дала элементтерінің араласып келуі.
Қоңыржай белдеудегі дала ландшафт зонасы. Бұл зона Қазақстан жерінің 30% -ін алады. Зонаның солтүстік шекарасын анықтау қиын, себебі қайыңды ормандар дала зонасына ептеп біразы енген. Оңтүстік шекарасы Орал қаласынан Мұғалжар тауы арқылы Торғай өлкесімен және Теңіз Қорғалжын көлінің оңтүстігі 50-51 с. е. Мұғалжал және Қазақтың ұсақ шоқысының зонаға енетін орта бөліктерінде биіктік белдеуліктері кездеседі. Қазақстан терриориясы бойын ша біркелкі орналаспаған . Олар бір -бірінен жүздеген километр алшақ жатады немесе кейбір жерде жиі орналасатындары соншама көл жүйесін құрып тұтасады . Солтүстік Қазақстанда жалпы аудан 15623 км ² -лік (35%) 21580 көл болса, Орта және Оңтүстік Қазақстанда жалпы аудан дары 4658 км ² (10%) 17554 көл бар . Солтүстік Қазақстанда 100км² -лік территорияға көл айдының 2, 61км Орта және Оңтүстік Қазақстанда алдыңғыға сәйкес 0, 23 және о, 35 км -ден келеді. Ең ірі көлдер республиканың оңтүстік батыс және оңтүстік -шығыс бөліктерінде орналасқан. ОЛар Орта Қазақстандағы Балхаш пен Теңіз көлдері . Жоңғар қақпасындағы Алакөл, Сасықкөл, Алтайдағы, Марқакөл. Көлдер әсіресе орманды дала және дала зонасының солтүстік бөлігінде сонымен қатар ірі өзендердің жайылмаларында құмға сіңіп жоғалып кететін тұйық өзендердің атырауларында жиірек орналасқан . Су айдындындарының көпшілігі борпылдақ кайнозой шөгінділері үстінде, 100м-ден 350м-ге дейінгі биіктіктерде орналасқан . Көлдердің су жи%алатын н алабы әдетте 10км-ден 320км-ге дейін ал шөлейт және шөл зоналрыда олардың ауданы үлкейеді. Көлдердің тереңдігі 1м-ден 8-км дейін ауытқып отырады кей жағдайларда одан да терең болады. Атап айтқанда Алакөлдің тереңдігі 45м, Үлкен Шабақты көлінікі 35м, шортандікі 31м, Марқакөлдікі 27м Балхаштікі 26м . Көлдердің суының жалпы көл 190км-ден артады. Республика бойынша жалпы мөлшері 1, 66пайыз . Ақтөбе 1748 көл бар
Алматы 9392
Гурьев 2095
Жамбыл 1171
Жезқазған 649
Көкшетау 2116
Қарағанды 1251
Қостанай 7154
Қызылорда 2582
Маңғышлақ 55
Орал 3260
Павлодар 3164
Семей 964
Солтүстік Қазақстан 2490
Талдықорған 1450
Торғай 2410
Целиноград 4256
Шығыс Қазақстан 1004
Шымкент 1049
Ал Карелия және СССР-дің солтүстік батыс бөлігінде 12, 6%-ке тең . Қазақстан СССР-нің көптеген көлдерінің, әсіресе ұсақ көлдерінің марфометриялық деректері алдағы уқытта әжептеуір өзгерулері мүмкін . Қазақстан көлдері шығу тегі, ауданы, тереңдігі су режимі және гидрохим ерекшеліктеріне қарай әр түрлі айырмашылықтар геологиялық факторлармен ( жаңа
генетикалық топтарға жатады. Қазан шұңқырлардың шығу тегіндегі
Дала зонасына Орал маңы үстірттерінің оңтүстік бөлігі, батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батыс бөлігі, Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстік бөліктері кіреді. Онда өзен топтары мен көл қазаншұңқырлары өте көп.
Климаты
Дала зонасыда орманды даламен салыстырғанда ауа райы жылы, мұнда атмосфералық жауын-шашын мөлшері азаяды, климаттық континентальдылығы артады. Дала зонасы құрғақ тез континентальдылығыме ерекшеленеді. Тез континентальдылық қыстық құрғақ, ал жазғы температураның жоғары болуына әкеліп соғады және жауын-шашыны аз түседі. Сібір антицилоны күшті әсер ететін зонаның шығыс бөлігінде континентальдылық арта түседі. Зонада атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 ден 300 мм-ге дейін. Максимум, орманды дала зонамен шамалас, жауын-шашынның 60-80% жылы айларда түседі. Бұл зонада қаңтар айының орташа температурасы-16-19 0 С, кей күндері температура 50 0 С-қа төмендейді. Жылдық жауын-шашынның 37%-і қыста түседі. Қар 140-160күн жатады. Мұнда жаз айы өте ыстық болады, орманды далаға қарағанда жаз ұсаққа созылады. Шілде айының орташа температурасы +18 0 + 22 0 С, кей күндері температура+35 0 С+40 0 С -қа дейін көтеріледі. Бұл зонада жаз айларында жауын-шашын жаумайды. Қыркүйек айының екінші жартысынан бастап күн суиды.
Ішкі сулары
Бұл зонадағы өзен торларының бассейні Ертіс өзені болып табылады, өзендерінің суы аздығымен ерекшеленеді. Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді. Көп өзендер (Селеті, Шідерті, Түндік және т. б. ) Ертіс өзеніне жетпей Батыс Сібір ойпатындағы кіші көлдерге келіп құяды. Тек үлкен Тобыл және Есіл өзендерінің сулары жыл он екі ай бойы ағып Ертіс өзініне құяды. Дала зонасындағы негізгі су артериясы Ертіс өзені, өзен бастауын Қытайдан алады. Бұл өзеннің бойында Бытырма және Өскемен СЭС -ры жұмыс істейтін Бұқтырма және Өскемен су қоймалары салынған. Ертістің Павлодар қаласындағы су шығыны максимум 8000 м 3 /сек, минимум 130м 3 /сек. Өзен 140-190 күн мұз құрсауында жатады. Көктемде сел 5-8 күн3е созылады. Өзен суымен 3млн. гектар жерді суландыруға болады. Ертіс-ҚарағаЀды қанлы қазылған. Қазақстандағы кеме жүзетін бірден-бір өзен. Бұл зонада көлдердің ауданы 1м 2 -тан аспайды. Ең ірі көлдер Теңіз, Қоржалжын, Қарасор, Селеті -Теңіз, Құсмұрын және т. б. , Селеті -Теңіз тұздары мол, ауданы 965км 2 көлдің орташа тереңдігі 1-3м ғана. Теңіз көлі де тереңдігі 2-4м, ауданы 1500км 2 жерді алып жатыр. Көлдердің негізгі қорегі көктемде еріген қар суы болып табылады. Ал, жазда көлдердің суы азайып, кейбіреулері тартылып қалады. Жер асты грунт сулары 10-20м тереңдікте орналасқан көбісі минералданған, Қазақтың ұсақ шоқысында жер асты сулары тұщы болып келеді.
Зонаның ландшафт бөлінуі
Дала зонасындағы кіші топтар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz