Құқықтық мемлекттің экономикасы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім

1. Құқықтық мемлекттің эканомикасы.

2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен оның қажеттілігі.

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы “Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық Өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері ” атты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі айтылған
Осы мәселені ескере отырып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру мақсаты ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси реформалар ерекше орын алады деген пікір баршылық. Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы онын әлеуметтік-экономикалық және саяси деңгейімен, қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі - аталған мемлекеттің бар болуы болып табылады. Құкыктык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, соның ішінде заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды ескермей болмайды.
Мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған.
Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің - мемлекеттің пайда болуына әкелді.
Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттарының нығая бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, қоғамды басқару мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында, тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.
Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық қоғам институттарын қайта өмірге әкелді

Құқықтық мемлекттің эканомикасы.

Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағытталды. Азаматтық қоғамды құруды елді демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгінде берік қалыптасқан.
Сонымен, халықтың басым бөлігі - саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не?
Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не?
Азаматтық қоғам ұғымымен қатар, соңғы кезде «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы да ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.
Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық құндылықтарды және әлемдік практиканы есепке алуға негізделеді.
Азаматтық қоғамның қалыптасу процесіне, оның басты факторлары мен құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау құқықты-демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. «Азаматтық қоғам» ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пе қоғамның әлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық құрылысқа аса қажет әлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне жағдай туады: азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да демократиялық сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның алатын орны ерекше.
Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол - құрамындағы мүшелердің арасындағы экономикалық, мядени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекеттесуші қоғам, мемлекеттпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы. Азаматтық қоғамның шынайылығы идеал мен идеалдық жобаның және осындай жобаны жүзеге асырушы қоғамның шын мәнісінде қол жеткізген жетістіктерімен анықталады.
Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және олардың ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды. Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген және психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілген әлеуметтік-саяси қызметтің материалдық және идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның жеке өміріне ешбір қол сұғушылыққа жол берілмейді, ол тек заңды бұзып, оған қайшы келмесе болғаны. Адам құқығы басты орындағы мәселе.
Соңғы кездері «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.
Құқықтың мемлекет терминінің өзі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет теориясы құқықтық мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті. Қазіргі кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі - мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда әрбір адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады.
Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен оның қажеттілігі.

Экономиканы мемлекеттік реттеу - белгілі мақсатты қойып, оны жүзеге асыруға ұмтылады. Сондықтан экономиканың дамуындағы маңызды мақсатты анықтап алу қажет. Кез-келген елде ол мақсат-барлық қоғам мүшелерінің әл-ауқатын максималдлы деңгейге көтеру. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғамдық дамудың объективті қажеттіліктеріне сүйенеді. Нарық жағдайында бұл сұраныс пен ұсыныс, құн заңы. Еркін сұраныс арқылы пайда болатын нарық адамдардың ақшалай түрдегі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мемлекеттік реттеуді қажет етеді. Сондықтан мемлекеттің экономикаға араласуының бірнеше себептеріне сүйенуге болады, олар:

1. Ақша айналымын дұрыс реттеу қажеттілігі.

2. Мемлекеттің халықты қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету қажеттілігі.

3. Мемлекеттің сыртқы әсерлерге араласу қажеттілігі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңыздылығы мен ролін төмендегідей жіктеуге болады:

♦ жалпы экономикалық, құрылымдық өзгертулердегі мемлекеттің ролі;

♦ нарықтық қатнастарды дамытудағы мемлекеттің ролі;

♦ табиғи ресурстарды пайдаланудағы мемлекеттің ролі;

♦ сыртқы экономикалық байланстарды реттеудегі мемлекеттің ролі;

♦ экономикалық тұрақтылықты сақтаудағы мемлекеттің ролі т. б.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты - бұл экономикалық қатынастарды реттеуде үкімет органдары алдында тұрған мақсатты ұсталымдар жиынтығы. Оның құрамына келесі ұсталымдар кіреді:

· экономикалық өсу және экономикалық даму;

· толық және тиімді жұмыспен қамтылу;

· экономикалық тиімділікке жету;

· бағалардың тұрақты деңгейі;

· экономикалық еркіндік;

· табыстарды әділ бөлу;

Мемлекеттік реттеудің обьектісі мен субьектілері экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі субъектісі ретінде мемлекет қаралды. Жалпы алғанда экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері бірнешеу. Оларға ең алдымен мемлекет (оның құрамына, аймақтық, жергілікті институционалдық құрылымдар кіреді), сондай-ақ мемлекеттік емес одақтармен бірлестіктер жатады.

Мемлекетке экономикалық және саяси билік берілген. Ал одақтармен бірлестіктерге заң шығарушылық құқық берілмеген, олар тек өздерінің экономикалық жағдайына сүйенеді. Бірінші кезекте мемлекеттік ретте жүргізуші субъектілер мен оладың міндеттерін тиянақты белгілеуіміз керек:

1. Заң шығарушы орган (парламент) . Экономикалық және әлеуметтік процестерді құқықтық рәсімдеуді қамтамасыз етеді, мемлекеттің экономикаға араласу деңгейін белгілейді. Оның негізгі құралы - мемлекеттік бюджетті қарастыру және қабылдау. 2. Атқарушы билік (үкімет) . Халық шаруашылығының оперативті реттелуін қамтамасыз етеді, әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді жоспарларын жасайды.

3. Нарықтық экономиканың салыстырмалы тәуелсіз субъектісі - Орталық банк. Оның қызметтері: ақша эмиссиясы және ақша нарығына бақылау жүргізу.

4. Соттық жүйе экономикалық құқықтарды қорғайды және шаруашылық дауларды шешеді.

Сондықтан үкімет органдары үшін экономиканы мемлекеттік реттеуді қажет ететін мәселелер сенімді ақпарат жүйелері арқылы толық уақытында жетуі маңызды. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізі объектісі ретінде аса кең тараған экономикалық маңызды үрдістерді жатқызуға болады.

Мемлекет экономиканың құрылымдық дамуын нарық қатынастардың басты мақсатына сәйкес, яғни халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту принципіне сәйкес реттеу қажет.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістемесі жөніндегі ұғым және оның оның элементтері.

1. Ұдайы өндіріс айналымы және экономикалық құбылыстардың өзара байланстылығы.

2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидасы мен принциптері.

3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен механизмдері

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидасы мен принциптері. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидасы мен заңдылықтарын, тәртіптерін және принциптерін айқындап көрсету.

Экономиканы мемлекеттік реттеуідің мақсаты - нақты қалыптасқан жағдайларды жан-жақты ескере отырып, оңтайлы шешім қабылдауға көмектесу. Ол үшін анықталған қалыпты жағдайларды терең де нақты түрде зерттеп ұғыну қажет болады, бұл әдісті экономикалық үрдістердің бастапқы кезеңінде қолданған ерекше маңызды. Осындай негізгі бастапқы қағидаларға сүйене келе, экономиканы мемлекеттік реттеу курсының келесі құрылымын ұсынуға болады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу оның принциптері, мақсаттары қайшылықтары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттің фискалды саясаты мемлекеттік кәсіпкерлік әкімшілік және тура реттеу әдістері
Саяси биліктің және мемлекеттің адам өміріне әсері
Дамыған және дамушы елдердің экономиканы мемлекеттік реттеуі
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге туризмнің әсері
Азаматтық қоғамының экономикалық жүйесі
Мемлекттің әлеуметтік саясаты
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы
Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика туралы
Қазақстан Республикасының салық құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz