Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың жолдары
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
2.2 Сабақ уақытында оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру ... ... ... .5
2.3 Сыныптан тыс бос уақытты ұйымдастырудың тиімді жолдары ... ... 9
2.4 Бос уақытты ұйымдастыру . шығармашылық қабілетті арттыру...
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.5 Бос уақытты ұйымдастырудың теориялық аспектісі ... ... ... ... ... ... .17
Практикалық бөлім
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың кестесі ... ... ... ... ... ...
Зерттеу бөлімі
«Оқушылар бос уақытын қалай ұйымдастырады?» сауалнамасының хаттамасы
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
3.1 Әдістемелік нұсқау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Курстық жұмыстың өзектілігі. Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында « Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте, оның білімділік, тәрбиелік деңгейімен анықталады » деген сөзі бүгін білім берудің ұлттық моделіне көшкен әрбір педагогтың мұратына айналары сөзсіз. Жаһандану кезінде балалар мен жасөспірімдерді «рухани жұт» майданынан құтқаратын ұлтымыздың ұлттық идеологиясы. Балалардың бос уақытын ұйымдастырғанда ұлттық рухани жағына көбірек көңіл бөлген жөн. Ол үшін компьютерге ұлттық ойындарды, батырлар жырларынан, ерлікті дәріптейтін көріністерді енгізу керек.
Баланың рухани дамуы мен кемел жетілуіне ықпал ететін мерекелер жиі өткізіліп тұрса, ұлттық мүлікпен жабдықталған ойын бөлмелері көбірек ашылса деп ойлаймын. Батырлар, ғұламалар мүсіні орнатылған балалар саябақтарын ашу да - жас өскіндердің ұлттық санасын оятар еді. Ұлттық рухты ұмытпай жандандырсақ Қазақстан қашан да алда болады.
Адамзат өркениетінің ұлы жемісі - өз ұрпағына бүкіл дүниедегі барлық жақсылық атаулыны тілей отырып, көзі ашық, көкірегі ояу, санасы биік толыққанды азамат болып тәрбиеленіп шығуы. Қай ел болмасын өз қоғамындағы жас ұрпақ өкілдері жан – жақты жетілген, ақыл, парасаты кемелденген, ойлау өрісі ғаламдық талаптарға сай мәдениетті, білімді,еңбекқор азамат болып өсуін басты орынға қояды. Қазіргі жастарымыздың анасын қарттар үйіне өткізу, түнгі клубтарға деген құмарлық, нашақорлық, т.б. жаман қылықтарға әуестенуі көбейе берсе, ұлттық болмысымыздың жоғалатыны айтпаса да түсінікті. Осындай жан түршігерлік құбылыстардан құтылудың бір жолы – тәрбие.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда қосымша білім берудің де әсері мол. Мектептен тыс бос уақытын тиімді, қызықты өткізу үшін жаңа технологияларды үнемі қолданып отыруымыз керек. Жас буын бос уақытында салауатты өмір салтын сақтап, театрға барып, өнер туындыларын тамашалап кітап оқумен өткізсе, басқа арзан сауық – сайран, түнгі клубтардан қашық жүрсе екен дейміз.
Бүгінгі заманда халық өзінің үш қорқынышын ортаға салады: Біріншіден сәбиіне « Бесік жырын » айтып бере алмайтын аналардың көбейіп бара жатқанынан қорқамын; екіншіден, немерелеріне ана тілінде ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын; үшіншіден, салт – дәстүрді қадірлемейтін жас ұрпақтың өсіп келе жатқанынан қорқамын, олардың көкірек көзі соқыр бола ма деп қорқамын. Ұлттық рухтан жұрдай болып қалған адамдар көп емес,бірақ бар... Білім саласындағы мемлекеттік заңдар мен ресми құжаттарда жас ұрпақтың шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жас ұрпақтың жеке басының дамуы арқылы интеллектін байытуға, дарындылығын дамытуға баса назар аударылған. Жас ұрпақтың рухани эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру үшін баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды міндеттердің бірі. Бос уақытты ұйымдастырудың тағы бір тиімділігі үздіксіз білім беруді жетілдіру мәселесі де себін тигізеді. Бос уақыт тек көңіл көтеру емес, ол баланың өз бетінше жұмыс істеуіне, өнер түрлерімен танысуына және өнерге талпынуына жағдай жасайды. Бос уақытты дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана олардың танымдық және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай туады. Бос уақытты ұйымдастырудың болашаққа тигізер пайдасы зор. Осы арқылы олардың қоғамдағы орнын табуға негіз қаланады.

1. Р.М.Қоянбаев. «Қысқаша педагогикалық сөздік» Алматы 2003
2. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. Алматы 1995. 120
3.Әкімтаев Т. “Отбасындағы бала тәрбиесі”. Қазақстан мектебі 1994ж.
5.Есмағанбетова, Шаханова Р. “Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
6.Майғаранова Ш. “Рухани адамгершілік тәрбиесінің негіздері”. Бастауыш мектеп.
7.Отбасы саясатының мәні // Ақиқат, 2009 ж. №6.
8.Берікбаев С. Баланың бас ұстазы –ата-анасы. Тәрбие құралы 2004.
9.К.Оразбекова. «Отбасы психологиясы»-Алматы, 1997.
10.Мұсырманов А. Ата-ана және мектеп ынтымақтастығы. Қазақстан мектебі.
11Ж.Қоянбаяев, Р.Қосянбаев. Педагогика- Алматы. 1998.
12."Учителям и родителям о психологии подростка" ' Под
13.Макаренко А.С. Работа воспитателей. Сочинения, 5 том, 88-бет.
14.Оразбекова К. Отбасы психологиясы. Алматы. 2000.
15.Сагындыкұлы Е. Педагогика. Алматы. 1999.
16.Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жетекшілер тәрбиесі.
17.Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім - тәрбиесі.
18.М.Жұмабаев. Педагогика- Алматы, 1992.

Тақырыбы: Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың жолдары
Курстық жұмыстың мазмұны
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
2.2 Сабақ уақытында оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру ... ... ... .5
2.3 Сыныптан тыс бос уақытты ұйымдастырудың тиімді жолдары ... ... 9
2.4 Бос уақытты ұйымдастыру - шығармашылық қабілетті арттыру...
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
2.5 Бос уақытты ұйымдастырудың теориялық аспектісі ... ... ... ... ... ... .1 7
Практикалық бөлім
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың кестесі ... ... ... ... ... ...
Зерттеу бөлімі
Оқушылар бос уақытын қалай ұйымдастырады? сауалнамасының хаттамасы
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
3.1 Әдістемелік нұсқау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Курстық жұмыстың құрылымы.Курстық жұмыс кіріспеден,негізгі бөлімнен,практикалық және зерттеу бөлімдерден және қорытындыдан,әдебиеттер тізімі мен әдістемелік ұсыныстардан тұрады.
Кіріспе бөлімде жұмыстың өзектілігі,зерттеудің мақсаты мен міндеттері және басқа да ғылыми ақпараттар айқындалады.
Негізгі бөлімде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру және сабақ уақытында оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруды сыныптан тыс бос уақытты ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастырады.
Практикалық бөлімде тақырыпқа сәйкес оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың кестесі және де мектеп оқушыларымен зерттеулер жүргізілді.
Қорытынды бөлімде жұмыс бойынша айтылған ой-пікірлер тұжырымдалып,негізгі түйіндер жасалады.Зерттеу нәтіжелеріне сүйене отырып мамандарға әдістемелік ұсыныстар беріледі.
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте, оның білімділік, тәрбиелік деңгейімен анықталады деген сөзі бүгін білім берудің ұлттық моделіне көшкен әрбір педагогтың мұратына айналары сөзсіз. Жаһандану кезінде балалар мен жасөспірімдерді рухани жұт майданынан құтқаратын ұлтымыздың ұлттық идеологиясы. Балалардың бос уақытын ұйымдастырғанда ұлттық рухани жағына көбірек көңіл бөлген жөн. Ол үшін компьютерге ұлттық ойындарды, батырлар жырларынан, ерлікті дәріптейтін көріністерді енгізу керек.
Баланың рухани дамуы мен кемел жетілуіне ықпал ететін мерекелер жиі өткізіліп тұрса, ұлттық мүлікпен жабдықталған ойын бөлмелері көбірек ашылса деп ойлаймын. Батырлар, ғұламалар мүсіні орнатылған балалар саябақтарын ашу да - жас өскіндердің ұлттық санасын оятар еді. Ұлттық рухты ұмытпай жандандырсақ Қазақстан қашан да алда болады.
Адамзат өркениетінің ұлы жемісі - өз ұрпағына бүкіл дүниедегі барлық жақсылық атаулыны тілей отырып, көзі ашық, көкірегі ояу, санасы биік толыққанды азамат болып тәрбиеленіп шығуы. Қай ел болмасын өз қоғамындағы жас ұрпақ өкілдері жан - жақты жетілген, ақыл, парасаты кемелденген, ойлау өрісі ғаламдық талаптарға сай мәдениетті, білімді,еңбекқор азамат болып өсуін басты орынға қояды. Қазіргі жастарымыздың анасын қарттар үйіне өткізу, түнгі клубтарға деген құмарлық, нашақорлық, т.б. жаман қылықтарға әуестенуі көбейе берсе, ұлттық болмысымыздың жоғалатыны айтпаса да түсінікті. Осындай жан түршігерлік құбылыстардан құтылудың бір жолы - тәрбие.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда қосымша білім берудің де әсері мол. Мектептен тыс бос уақытын тиімді, қызықты өткізу үшін жаңа технологияларды үнемі қолданып отыруымыз керек. Жас буын бос уақытында салауатты өмір салтын сақтап, театрға барып, өнер туындыларын тамашалап кітап оқумен өткізсе, басқа арзан сауық - сайран, түнгі клубтардан қашық жүрсе екен дейміз.
Бүгінгі заманда халық өзінің үш қорқынышын ортаға салады: Біріншіден сәбиіне Бесік жырын айтып бере алмайтын аналардың көбейіп бара жатқанынан қорқамын; екіншіден, немерелеріне ана тілінде ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын; үшіншіден, салт - дәстүрді қадірлемейтін жас ұрпақтың өсіп келе жатқанынан қорқамын, олардың көкірек көзі соқыр бола ма деп қорқамын. Ұлттық рухтан жұрдай болып қалған адамдар көп емес,бірақ бар... Білім саласындағы мемлекеттік заңдар мен ресми құжаттарда жас ұрпақтың шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жас ұрпақтың жеке басының дамуы арқылы интеллектін байытуға, дарындылығын дамытуға баса назар аударылған. Жас ұрпақтың рухани эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру үшін баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды міндеттердің бірі. Бос уақытты ұйымдастырудың тағы бір тиімділігі үздіксіз білім беруді жетілдіру мәселесі де себін тигізеді. Бос уақыт тек көңіл көтеру емес, ол баланың өз бетінше жұмыс істеуіне, өнер түрлерімен танысуына және өнерге талпынуына жағдай жасайды. Бос уақытты дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана олардың танымдық және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай туады. Бос уақытты ұйымдастырудың болашаққа тигізер пайдасы зор. Осы арқылы олардың қоғамдағы орнын табуға негіз қаланады.
Осы айтылғандарды ескере отырып мәдениет қызметкерлері өздерінің жұмыс барысында аянбай еңбек етіп, балалармен жұмыс жүргізгенде мынаны ескеруі тиіс:
- Балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мақсат қою.
- Әр түрлі шаралар арқылы балаларды қызықтыру.
- Мәдени шараларға ата - аналар мен балаларды қатыстыру, бірге өткізу.
- Эстетикалық талғам мен рухани күш беру.
- Жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесу.
- Шығармашылығын ұйымдастыру.
Білім мен тәрбиені бір арнаға құю үшін мектеп мұғалімдері, ата - аналар, мектептен тыс мекеме педагогтары баланың бос уақытын тиімді өткізуге қолдау көрсетсе, нұр үстіне нұр болар едіҚоғамның бар байлығы - оның дұрыс жетілген ұрпағы. Сондықтан бос уақытты педагогикалық негізде және баланың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырып отыру келешек ұрпақтың мәдени, саяси, рухани негізін қалауға жағдай туғызатынын естен шығармайық. Осы себепті бұл тақырып өте өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Сондықтан мен оны өзімнің курстық жұмысым ретінде таңдап отырмын.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасындағы оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың тиімді жолдарын табу, әдістемелік тұрғыда негіздеу.
Міндеттері:
1. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың тиімді екенін дәлелдеу;
2. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың жолдарына жаңа педагогикалық технологияларды енгізу;
3. Бос уақытты ұйымдастырудың теориялық аспектісін анықтау
Курстық жұмысының нысаны: Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі.
Курстықу жұмыстың әдісі: Зерттеу мәселесіне қатысты отандық және шетелдік педагог ғалымдардың еңбектерін зерделеу, талдау жасау; бос уақытты ұйымдастырудың тәсілдерін анализдеу. зерттеу проблемасы бойынша ғылыми -педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, теориялық әдебиеттерді саралау арқасында тиімді әдістерді анализдеу, алынған нәтижелерді сұрыптау.
Курстық жұмыстың болжамы: Егер біз болашақта әр мектептерде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыра білсек, онда оқушылар рухани азғындаудан, экстремизм мен неше түрлі секталардан ада болар еді. Онымен қоса өздерінің еңбек үрдісін жақсы ұйымдастырып үйренетін еді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл зерттеу кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттен тұрады. Оның ішінде негізгі бөлімнің өзі екі бөліктен құралған.
І Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
0.1 Сабақ уақытында оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
Тәуелсіз мемлекетіміздің саяси - экономикалық әлеуметтік жағдайының ерекшеліктеріне қарай - бұл күнде халыққа білім беру саласы және оның әр буыны үлкен өзгерістерге ұшырайды. Еліміздің тәуелсіздік алды. Соның арқасында халыққа білім саясатының бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан талданды және оны реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап айтқанда, ел Конститутциясынан бастау алған: Білім туралы Заң, Қазақстан Республикасы мектептерінің және осы мектептерден білім мазмұнының тұжырымдары сияқты құжаттар дүниеге келді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі- сабақтар мен кластан тыс жұмыстар.
Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу процесі күрделі әрі көп қырлы процесс. Оқыту және кластан тыс жұмыстардың органикалық бірлігі мен тығыз байланысы осы процестің деңгейін көтеруде маңызды орындардың біріне ие болады.
Оқу тәрбие процесіндегі кластан тыс жұмыстардың маңызы үздіксіз жоғарлайды, себебі тәрбие жұмыстарының мақсаттары жүзеге асырушы осы кластан тыс жұмыстар. Кластан тыс жұмыстардың атқаратын қызметі сан қилы әрі күрделі. Атап өтсек:
- Табиғат пен қоғам арасындағы баайланысқа деген диалектика-материалистік көзқарастары қалыптасады.
- Теориялық білімдерін өмір көріністері мен ұштастыруына себепші бола алады.
- Оқушылардың мамандыққа байланысы қызығушылықтарын арттырады.
- Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы мектеп оқушылардың бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтық дамытуға жұмылдырады.
- Пәнге байланысты тұрақты қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың сабақта алған білімдерін кеңейтіп тереңірек дамытуды география пән мұғалімі кластан тыс жұмыстарға өте көп көңіл бөледі. Сондықтанда кластан тыс жұмыстардың дәстүрлі және дәстүрсіз формаларын қалыптастырып, олардың мүмкіндіктерін одан әрі дамыту.
Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе кластан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықытра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады. Олардың адамгершілік мінез құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады. Оның оралымдылығы, мазмұнын түрлендіру және белгілі бір істерді орындау үшін балаларды әртүрлі орналастыру мүмкіндіктері оқушыларға жеке дара қатынас жасауға өте үлкен мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты - алған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларрында еркін бағдарлай алатын, білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген.
Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында құндылық пен нәтиже білім сапасын көтерудің көкейтесті мәселесіне айналуда. Географиялық білімді жетілдірудің бірден-бір жолы сабақта берілген сапалы білім мен тәрбие және оның нәтижелері екені даусыз. Оқушылардың рухани санасын көтеруде қазақ зиялыларымен қатар әлемдік ойшылдың қалдырған ұлағатты ойларын да пайдалану керек. Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс, тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтыруын қамтамасыз етеді. Біз өмірімізде бос уақыттың рөлін айырықша танимыз. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс.
Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.
Адам факторының белсенділігін жандандырудың көп шарттарының бірі - бос уақытты тиімді пайдалану. Бос уақыт - бұл жұмыстан немесе оқудан тыс мезгілде өз бетінше білім деңгейі мен мамандығын көтеруге, қоғамдық жұмыстарды атқаруға, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға, шығармашылық еңбек пен бала тәрбиесіне көңіл бөлуге, көркем өнермен айналысуға, көңіл көтеруге бағышталған уақыттың бір бөлігі. Ғылыми - техникалық дамудың жеделдеуіне орай халықтың жұмыстан бос уақытты тиімді пайдалануы К. Маркс айтқандай рухани өмірді және жеке қабілетті дамытудың негізгі қоғам мүшелерінің жан - жақты дамуының басты шарты болмақ. Бос уақытты тиімді пайдаланудың қызықты түрлерінің бірі көркем әдебиет оқу мен теледидар көру болып келеді. Теледидар көрсетілуінің молдығы мен бейнелеу сапасының жақсаруы, тұрғындардың демографиялық құрамының өзгеруі, яғни жасы ұлғайған адамдар мен зейнеткерлердің көбейуі, келешекте мәдени - ағарту және ойын - сауық мекемелерінің басты бәсекелесі теледидар болуы ғажап емес. Сондықтан адамдар рухани өмірдің жай тұтынушысы ғана болмай, оның белсенді жасаушысы да болуы үшін оларды міндетті түрде бос уақытты ұтымды пайдалануға дағдыландыру орынды. Осыған орай, мектепте атқарылатын маңызды мәселелерді ескере отырып, енжарлыққа, тұтынушылыққа, маскүнемдікке қарсы ымырасыз күрес жүргізуді жолға қою керек. Бұл үшін міндетті түрде балалардың бос уақытында орындалатын іс - шараларды ұйымдастыру, тәрбиелік бағыттағы жұмыс түрлеріне адамдарды көптеп тарту, әлеуметтік белсенділікті жандандыруға бағытталған тәрбие және мәдени - ағарту жұмыстарының сапалық деңгейін көтеру қажет.
Бос уақыт дегеніміз еңбек етуге, үй жұмысы мен басқа да тұрмыстық қызмет, сонымен қатар физиологиялық қажетімізді (ұйықтау, тамақтану, жеке адам гигиенасы, т.т) қанағаттандыруға кететін уақыттарды есептемегендегі жұмыстан тыс уақыттың бір бөлігі. Бос уақыттың жұмыстан тыс уақыттардың басқа түрлерінен айырмашылығы - мектеп оқушылары оны өз қалауынша еркін пайдалана алады.
Сабақтан тыс уақытты қалай ұйымдастыруы керектігі озық ойлы адамдарды ертеден - ақ толғандырған. Босқа өткен уақыт ішінде адам қандай жұмыстарды атқара алар еді. Осы тұрғыдан біздің қоғамымызда бос уақыттың зая кетуін болдырмау шаралары қандай нәтиже беретінін анықтауды қажет етеді. Бұл - өмірдің барлық жақтарын түгел қамтитын зор міндет.
ХХ ғасырдың екінші жартысында техникалық прогресс жедел қарқынмен дамыды. Өмір сүріп отырған дәуірімізде информацияның берілу көлемі, жылдамдығы, тездігі, ірі ғылыми жаңалықтардың жиі ашылуы, уақыттың тез өтуі мен оның құны барған сайын артып отыр. Уақытын бекер өткізген адам ұтылған адам болып есептелінеді.
Бос уақыт адамның қалауына сай ұйымдастырылады. Кейбіреулер бос уақытын көркем шығарма оқумен өткізуді қаласа, кейбіреулері телевизор көруді, ал енді біреулері табиғат саясында жан сергіткенді ұнатады.
Қоғам мүшелерінің басым көпшілігі өздерінің бос уақыттарын ең алдымен оқуға, білімін жетілдіруге, көркем әдебиетті және күнделікті баспасөз жаңалықтарын оқып - білуге, музейлерге, парктерге, көрмелерге баруға пайдаланады.
Ал қазіргі уақытта ата - аналардың балалармен қарым - қатынасы басқаша. Жастар еңбекке бұрынғыдан әлдеқайда аз араласады және олар ата - аналарымен үнемі бірге бола бермейді. Жас өспірімдердің дене бітімінің жетілуі тез өсуде, яғни акселерация құбылысы, сондай - ақ кейбір ата - аналар мен балаларының білім деңгейінің арасындағы айырмашылықтар қосымша қиындықтар тудырып отыр. Сондықтан барлық ата - аналардың педагогикалық және психологиялық білімге ден қоюы, олардың тәрбиелеу дағдыларын жетілдіруі айрықша маңызды. Бұл тұрғыдан келгенде ата - аналардың арнайы оқу жүйесін, бәлкім мектептерде педагогикалық кеңестер ұйымдастыру қажет сияқты. Бұған жұмсалған күш зая кетпесе керек. Бос уақытты барынша тиімді пайдалану көптеген жастарды толғандыруда. Ол ең алдымен адамның өзіне, оның қажеттілік сипатына және мақсат ауқымына, оның әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Адам бос уақытында тау аралап, сырғанақ тебуге де, фильм немесе спектакль көруге де немесе өзі ұнататын тақырыпта реферат жазуға да не қызықты ғылыми, әдеби - көркем кітап оқуға да үлгереді.
Бос уақыттың пайдаланылуы көп ретте жеке адамның өндірістегі іс - қызметі мен ол жүзеге асыруға атсалысатын мәселелерге тәуелді және белгілі бір коллективтің сол адамға деген талап - тілегімен айқындалады. Бос уақыттағы әрбір іс - әрекет, қимыл (мақсатсыз демалыстан басқасы) осы екі міндетті де атқарады. Мысалы, серуендеу, дене шынықтырумен шұғылдану - тынығумен қатар, жеке адамның эстетикалық тәрбиесіне де игі әсерін тигізеді. Бос уақытта қандай тиімді жұмыспен айналасуға болады? Мұнда ең алдымен қоғамға пайдалы творчествалық іспен шұғылдануға, материалдық және рухани байлықтарды(техникалық творчества, өзіндік білімін жетілдіру, қоғамдық жұмыстармен, балаларды тәрбиелеумен) немесе мәдени қазыналарды(кітап, газет - журналдар, театр, кино, телевизиялық хабарлар, т.т) пайдалануға болады. Адамның өзін - өзі толығымен меңгеруі, өзінің икемділігін, ептілігін ұштауы, адамгершілік қасиеттерін жан - жақты қалыптастыруы, эстетикалық жағынан дамуы үшін адамға, қоғамға пайдалы қызмет етудің тигізетін ықпалы зор. Бос уақытты демалыстың кең тараған түрлерімен - туризм, саяхат, серуендермен өткізуге болады. Осы аталғандардың барлығы адамның эстетикалық талғамын ұштап, қасиеттерін биіктете түседі.
Бос уақытта адам бойындағы көркемдік бастаманы көркемөнерпаздар үйірмесінде де ұштай түсуге болады. Рухани қажеттеріміз түрлі мәдениет мекемелері, жалпы информация мен насихат құралдары көмегі арқасында қанағаттандырылуда.
Дене тәрбиесі, спортпен айналысу бос уақытты мәнді өткізудің бірден - бір тиімді жолы. Өйткені адамның жан - жақты қалыптасуында, оның дене бітімін жетілдірудің орны ерекше.
Бос уақытты тиімді пайдалану әр оқушының қалауынша жүзеге асырылатын жұмыс дедік. Өйткені бұл әлеуметтік мәселе.
0.2 Сыныптан тыс бос уақытты ұйымдастырудың тиімді жолдары
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі басқаруын, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді ,-деп көрсетіледі.
Балаларға қосымша білім беру-білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі, үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Балаларға қосымша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағытталған.
Қазіргі заманның ағымында қосымша білім беру бағытындағы жұмыстарға барынша мән беріп, болашақ ұрпақтың тәрбиесін қамтып жүрген тәрбие ошақтарын дамыту қажет. Оқушылардың үйірмеге деген ықыласын арттыра отырып, ұлтымыздың ой парасатын нығайту мақсатында үйірмелерге қамтумен қатар жасөспірімдердің ішінен дарынды балаларды анықтап, олардың қабілетін дамытуға жан-жақты эстетикалық тәрбие беріп, сұлулыққа, тазалыққа үйретуде мектептен тыс ұйымдардың қызметі аса маңызды.
Қосымша білім беру ұйымдарынан бала сабақтан тыс уақытта өзінің таңдауы бойынша қосымша білім алып, кәсіптік бағдарын айқындауға және өздерінің шығармашылық қабілеттерін танып білуге талпынады.
Егемендігімізбен еңсесін биіктетіп, тәуелсіздігімен тұғырын мықтаған Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық оқушылар үйі заман талабына сай бейімделіп, жас өрендеріміздің мектептен тыс бос уақытында қосымша білім беру жолында жемісті еңбек етіп келеді. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, жауапкершілік пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында барлық білім беру ұйымдарында төмендегі іс-шаралар қатары ұйымдастырылып, өткізілді
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, жауапкершілік пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында барлық білім беру ұйымдарында төмендегі іс-шаралар қатары ұйымдастырылып, өткізілді:
26- 29 желтоқсан аралығында барлық мектептерде 0 сыныптан 8 сыныпқа дейінгі оқушылардың жаңа жылдық ертеңгіліктері өтті. Жаңа жылдық бағдарламаларға ұстаздардың қатысуымен болған қызықты ойындар, сахналық қойылымдар, көңілді ән,билер, сайыстар енгізіліп, тартымды өтті.
29- желтоқсанда жоғары сынып оқушыларының жаңа жылдық кештері болды. Барлық білім беретін ұйымдар аталған іс-шараны өткізуге үлкен жауапкершілікпен қарады. Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімімен Жаңа жыл-2010 шыршасын безендіру және өткізу туралы бұйрық шығарылып, онда жоғары сынып оқушыларының жаңа жылдық кештерін өткізуге ерекше көңіл бөлінген болатын. Ғимарат және мектеп жанында тәртіптің сақталуына бақылау жүргізу үшін мектеп инспекторларының, мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен кезекшілік ұйымдастырылды.Жаңа жылдық кеш кезінде мектеп әкімшілігінің мүшелері толық құрамда кезекшілік атқарды. Жоғары сынып оқушылары тек қана өздері ғана қатыспай, сонымен қатар мұғалімдер мен ата-аналарды қатыстыра отырып, қызықты бағдармалар дайындаған. Барлық жаңа жылдық ертеңгіліктер мен кештерге білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Жаңа жыл мерекесін өткізу кезінде мектептерде күтпеген жағдайлардың алдын-алу мақсатында қызметкерлердің кезекшілігі ұйымдастырылды.
5- 8 қаңтар аралығында барлық білім беру ұйымдары білім бөлімінің, сынып жетекшілердің тәрбиелік жоспарлары мен балалардың қызығушылығына сәйкес мектеп директорларымен алдын-ала бекітілген жоспар бойынша жұмыс істеді. Үйірмелер мен факультативтер, спорттық секциялар да өз жұмыстарын жүргізді. Жоғары сынып оқушыларының кеңесі, сыныптық іс-шаралар өткізілді.
Оқушылар сарайы қысқы демалыс кезінде Жаңа жыл достарды жинайдыатты жалпы ұранмен қала мектептерінің оқушылары үшін қызықты, әрі танымдық шаралар: жаңа жылдық би кештері, отырыстар, байқаулар мен сайыстар, КТК және т.б.ұйымдастырды. Әрбір мектеп алдын-ала сарайға келетін күнінің кестелерін алды. 2000-ға жуық әр түрлі жастағы балалар Оқушылар сарайында өткізілген іс-шараларға қатысты.
Бұдан басқа мектептің педагогикалық ұжымдарымен заң бұзушылық пен қылмыс жасаудың, тәртіп бұзушылықтың алдын-алу бойынша Тәуекел іске барушы топқа жататын балалардың үйлері мен кешкі уақытта жастардың жиналатын орындары араланып, рейдтер жүргізілді.Бұл бағыттағы шаралар үйлерді аралау және есепке алу журналдарына тіркелді. Рейдтерді жүргізуге мұғалімдер, ата-аналар қоғамы, мектеп инспекторлары мен КТІЖИ қызметкерлері қатысты.
Қысқы демалыс кезінде іс-шараларға қатысып, қамтылған балалар саны 9 мың адамға жуық. Осы секілді шараларды қолдану керек.
0.3 Бос уақытты ұйымдастыру - шығармашылық қабілетті арттыру жолы
Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасынқамтамасыз ететін басты жүйе. Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана адамболып қалыптасады. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі-өркениетті, адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы...
Иә, егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі алға қойған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушысы.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. О. Әуезов: Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды деген екен. Жан жемісі алдымен оқу-білім, тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз мектеп, ол мектептің жүрегі- мұғалімдер емес пе?!
Мектеп-білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп-тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек-зерттелмеген құпия. . Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу-ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр.
Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салды. Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс.
Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты - оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Сонымен бірге оқушылардың бос уақытына мектептен тыс білім беру мекемелері қызмет етеді. Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысы атқарылуда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін мектебімізде дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады.
Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымөн қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды. Оқу-тәрбие үрдісінде әрбір шара ата-аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атағым келеді. Ата-ананың балаға өнегесі-барлық жағдайдағы ең күшті бағдар екендігі сөзсіз. Отбасындағы шынайы ұлттық тәрбие қолға алынбай, бала ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай жағдайда ол өзін де, өзгені де сыйлап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын ойлап жарытпайды. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс. ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ.
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Жас жеткіншектің жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді.
Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек. Мұның қиындығы балалардың бос уақытын ұйымдастыру тәсіддерінің сан-қилылығына тікелей байланысты. Осы ретте ұйымдастырушылардың талай-талай кедергілерге де кездесетінін айтпасқа болмайды. Өйткені осындай аса маңызды проблеманы жүзеге асырудың теориясы толық зерттеліп болмаған тың мәселе екенін күнбе-күңгі жұмысымызда кездестіріп те жүрміз. Сондықтан да біз практикалық және теориялық ісімізде әр жағдайға байланысты мәселенің әр қырынан келіп, әрқилы тәсіл таба білуіміз кажет-ақ.
Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін жетілдіріп, нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек.
Үй тапсырмасын тексерудің теориялық білім мен практикалық дағдыны меңгертуде рөлі үлкен. Үй еңбегін тексеру үстінде өткен материал бекітіліп, берік түрде қайталанады. Тапсырманы жүйелі тексеру нәтижесінде оқушы мұғалімнен әртүрлі кеңес алады және ол туралы естіген, білгендері мықтап сақталады. Мұғалім үй тапсырмасын тексеру үстінде окушылардың тапсырманы калай орындағанын, калай меңгеретіндігін және материалдың қайсы жері түсініксіз болғандығын қадағалайды. Осыған лайықты қандай дағдыны дамыту керек екендігін анықтайды. Сыныпта үй тапсырмасын тексеру төмендегі тәсілдермен алып барылады: а) бірнеше окушылардан өткен теориялық материалдарды ауызша сұрау тәсілімен; ә) бірнеше окушыларға карточкадағы мысалдарды дәлелдету тәсілімен; б) талдау жүргізу тәсілімен; в) оқытушы өзі отырған столдың жанына дәптерімен шақыру тәсілімен; г) дәптердегі жазылғандарын барлау тәсілімен тексеріледі. Мұғалім окушылардың № 1 және № 2 дәптерлерін үнемі қадағалап, үйде тексеріп отыруы абзал.
Жаңа материалды түсіндіруде негізгі объектінің мынадай қасиеттері жете танытылады: тақырыптың аты айқыңдалады; такырыптың көлемі мен өтілу жүйесі сұрыпталады; материалдың өзіндік белгілері бір-бірімен салыстырылып, тиісті тұжырымдамалар шығарылады; объектілерге сай анықтамалар мен ережелер айтылады және тақырыпқа лайықты дағдылар жүргізіледі. Сөйтіп түсініксіз құбылыстар меңгертіліп, окушы санасына жаңа білім қорын жинақтайды. Окушыларға жаңа білімді меңгертуде сабақтың өзіндік кұрылымы да ерекше қызмет аткарады. Озат муғалімдер тәжірибесі мен жүргізілген методикалық эксперимент материалдарының нәтижесіне сүйене отырып жаңа қалыптың мына сияқты кұрылымын ұсынуға болады: 1. Өткенді еске түсіру. Сабақтың бүл процесі талдау жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Өткенді еске түсіру, өткен материалды сұрау, кайталау, пысықтау және үй тапсырмасын тексеру сияқты сабақ элементтерін қамтиды. Сұрақтар беру арқылы оқушылардан берілгенді сұрау сабақ процесінің құнын түсіреді. Сондықтан да өткенді еске түсіру казақ тілі бойынша талдау ауызша және жазбаша түрде өткізіледі. Бұл сабақ негізінде өткен материал жаңа тақырыппен байланыстырылады, өткен материал пысықталып кайталанылады, үй тапсырмасы тексеріледі. 2. Жаңа материалды түсіндіру. Түрлі иллюстриациялар мен демонстрациялар негізінде оқылып материалдың көлемі мен жүйесін, негізгі белгілерін, жасалу жолдарын тақырыптың бөгде материалдармен байланысын жүзеге шығарады. 3. Қорытынды пікір ретінде оқытылып отырған материалдың өзіндік қасиеттерін ескере отырып, дәл анықтама мен ереже шығарылады. 4. Дағдыландыру жұмыстарын жүргізу. Такырыпқа тиісті бестен артық жаттығу жұмыстарының түрлері орындалады. 5. Үй тапсырмасын беру. Үй еңбегін қалай орындау жөнінде методикалық бағыттама айтылады. Бүл сабактың өи бойындағы орындалған жүмыстардың иәти-жесімсн өлшенеді.
Қазақ тілінен өтілетін жаңа қалып жүйесі - сабақ процесінің ішіндегі ең күрделісі. Жаңа қалыпта окушыларға жаңа теориялық білім меңгертіледі. Жаңа калыптың білім беру мақсатында жүргізіледі. Жаңа құбылысты тану арқылы окушылардың ой-өрісі, білім аясы, дүниеге көз қарасы және жалпы білім дәрежесі кеңейеді. Окушыларға жаңа тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін танытуда бұл сабаққа койылатын мына сияқты негізгі талаптарды ескерген жөн: 1) өтілетін материалдың такырыбы дәл, анық болуы; 2) түсіндірілетін негізгі логикалык ойлардың толық болуы; 3) өткен тақырып пен жаңа материалдың байланысты болуы; 4) жаңа тақырыптың көлемі таңдалып, өзіндік белгілері сараланып көрсетілуі; 5) жаңа білімге сай берілетін анықтамалар мен ережелердің дәл болуы; 6) жаңа тақырыпқа сай берілетін психологиялық дағды жаттығулардың көлемі жағынан ықшамды, жүйесі жағынан тиянақты болуы; 7) тіл дамыту жұмыстарының көзделуі кажет.
Окушыларға теориялық білім беруде біріккен қалып үлкен қызмет атқарады. Біріккен қалыптың термині сабақ құрылымдарының бір-біріне кірігуіне орай жасалған. Сабақтын кұрылымдық элементтері бірімен-бірі байланысып, бірін-бірі толықтырп отырады. Біріккен сабақта оқушыларға теориялық мәлімет берілумен қатар өткен материалдар да еске түсіріледі, яғни окушыларға берілетін жаңа білім танытылумен бірге өткен тақырып та қайталанып отырады. Осы сабақта жана білім беру элементі мен өткен сабақты бекіту элементі болғандықтан, мұны бірішен қалып деп атайды. Бұл сабақты бұрын аралас сабақ деп те атап келді. Мұның жүргізілу мақсаты, құрылымдық элементтері, өткізілу жүйесі жаңарғандықтан біріккен сабақ деп өзгертуге тура келді. Біріккен сабақта жаңа материалға да байланысты жаттығу жұмыстары жүргізіледі, осылар арқылы қайталап пысықталады. Жаггығуда біріккен сабақпен жүргізуде мынадай талаптарды ескерген жөн: 1) материалдың көлемін анықтаған жөн; 2) өткен материалдың ауырлық дәрежесін ескеріп отырған макұл; 3) жаңа және өткен материалға сай дағды түрлері іріктеп алынуы тиіс.
Жана және өткен материалға байланысты нақтылы сабақ жоспары жасалуы қажет. Біріккен сабақтың құрылымлык элементтері төмендегі уакыт мөлшерімен өлшенеді: 1. Жаңа материалды түсіндіру -- 17-20 минут. 2. Қорытынды пікір ретінде анықтамалар мен ережелер шығару -- 2-3 минут. 3. Ауыспалы жаттығу жұмыстарын жүргізу -- 10-13 минут. 4. Өткен материалды еске түсіру -- 4-6 минут. 5. Үй тапсырмасын беру 2-3 минут
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беру процесінде лекция қалпын өткізіп отырудың пайдасы мол. Лекция қалып түсіндіру қалыптары тобына кіреді. Лекция -- гректің оқу деген сөзінен алынған термин сөз. Бұл -- оқытудың бір калпы. Лекция мұғалімнің белгілі бір тақырыпты ауызша мазмұндан түсіндіруі, оқушы алдында баяндама жасауы, арнайы тақырыпқа хабарлама беруі дегенді білдіреді.
Лекция калып өзінің мазмұнына қарай мынадай түрлерге жіктелелі: лексика бойынша өтілетін лекция қалып, фонетика бойынша өтілетін лекция қалып, морфология бойынша өтілетін лекция қалып, орфография, орфоэпия, иунктуация бойынша өтілетін лекция қалып, синтаксис бойынша өтілетін лекция қалып, тіл ұстарту бойынша өтілетін лекиия қалпы. Сондай-ақ лекция калып көлеміне өткізілу мақсатына қарай төмендегі топтарға ажыралады: Тусіндіру лекциясы. 2. Баяндау лекциясы. 3. Шолу лекциясы.
Бекіту қалпы окушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімін пысықтауда үлкен қызмет атқарады. Бұл сабақ мектеп окушыларынын қазақ тілінен күнделікті алған білімдерін нығайтып отыруы мақсатында жүргізіледі. Білім мен дағдыларды нығайту психологиялық объектілерге тікелей байланысты. Сондықтан да бекіту қалпының мына сияқты негізгі басқыштары айқын көрініп тұрады. Өткен немесе жана материалдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz