Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І. Негізгі бөлімі

1-тарау:Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі

1 . 1. Тәрбиешінің қызметі мен міндеттері

1. 2. Тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар

1. 3. Тәрбиеші-педагогтың бейнесі

1. 4. Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі

1. 5. Тәрбиешінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны

ІІ. Практикалық бөлім

ІІІ. Зерттеу бөлімі

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Тәрбиеші - оқу-тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші. Мектепке дейінгі мекемелерде, мектеп-интернаттарда, кәсіптік-техникалық оқу орындарында, балиғатқа толмаған тәртіп бұзушылардың еңбек колонияларында Тәрбиеші тағайындалады. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады, көпшілік-мәдени жұмыстарын жүргізеді. Тәрбиеші пед. оқу орындарында даярланады.

Жаңа заман тәрбиешісі - бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді адам. Бұл бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы психолог. Бұл бірлесіп еңбек етуге, ұжымдас жолдасына кез келген кезде көмек беруге даяр тұратын маман.

Мақсаты : Жаңа заман педагог дегеніміз үнемі ізденіс үстінде өз білімін жетілдіріп отыратын, жаңа әдіс жолдарын пайдалануға құштар және жақсы жетілген педагогикалық тәжірибені өз ісіне еңгізе білетін шебер маманды айтамыз. Атақты ұлы педагог Амонашвили «Тәрбиеші бұл- өзге адамның дамып жетілуін өз жауапкершілігіне алатын кәсіби адам» деп атап өткен. Біз ата-аналармен бірге балаларды тәрбиелей отыра еліміздің болашағын құрамыз. Әр бала жылылықты, қайырымдылықты, еркелетуді күтеді. Егер бұндай сезім болмаса, егер адам сезімсіз, яғни қатал ортада тәрбиеленсе жас сәби жүрегі сол қатал қайрымсыз болып дамиды.

Міндеттері: Жаңа заман тәрбиешісі төмендегідей болу керек:

  • Балаларды сүйеді
  • Балаға балабақшада психологиялық қамқорлық жасайды
  • Баланың ойнауына, еңбек және білім алуына жағдай туғызады
  • Баланың дамып жетілуіне ат салысады
  • Өз білімін көтеруімен шұғылданады
  • Білімін жетілдіреді.

Ата-аналарды баплабақшада жүргізілетін сабақ түрлері ойландырады.

Демек, ата-ана баланың жеке дамуы, психикасы, эмоцияналдық көңіл күйі, балабақша қабырғасында жүргізілнтін барлық оқу-процессіне байланысты екенін сезімбейді. Сондықтан тәрбиеші ата-ана алдына талап қоя білетін, баланы ұйымдастырылатын, сабақты сауатты жүргізетін жақсы маман екенін дәлелдей білу керек. Тәрбиеші тек балаға белгілі бір дағдыларды қарапайым үйретуші, білім элементтерінен түсінік беруші ғана емес, ол баланы сүйеді, олар қуанса бірге қуанады, мұңайса себебін таба білетін маман.

1. Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі рөлі

Қоғамды жан-жақты дамытатын өндіргіш күштің негізгі тұлғасы-адам, сондықтан адам факторына ерекше мән беріледі.

Қоғам дамуы мен адамның жеке басының дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе, жетілген адам қоғамды соншалықы дәрежеде дамытады. Тәрбиесіз қоғам қоғам болудан, адам адам болудан қалады. Материалдық және рухани байлық жасап, қоғамды дамытатын-адамдар. Ал, адамдарды соған дайындап, тәрбиелейтін-ұстаздар. Олай болса, мұғалім-қоғам мен қоғамды, ғасыр мен ғасырды жалғастыратын буын. Тарихты жасайтын-халық, халықтың көзін ашып, көңілін оятатын, саяси қырағылыққа, сенімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, бауырмалдыққа, Отаншылдыққа, азаматтыққа баулитын тәрбиеші-ұстаз.

Біздің еліміздің мектепке дейінгі мекемелерде, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда, ұзартылған күн тобы бар мектептерде, кәсіптік-техникалық оқу орындарында, еңбек колонияларында тәрбиеші тағайындалады. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі.

Қай кезде болса да алдыңғы қатарлы ойшыл адамдар тәрбиеші еңбегін жоғары бағалап, оның қоғамдағы рөлін құрметті де маңызды деп санаған. Бұл жөнінде К. Д. Ушинский: " . . . тәрбиеші өзін өткен мен болашақтың арасында тірі дәнекермін, шындық пен жақсылықтың құдіретті жауынгерімін деп біледі және ол өз ісінің сырт қарағанда қарапайым екендігін, бірақ тарихтың ұлы істерінің бірі екендігін, бұл істен көптеген ұрпақтар нәр алатынын түсіндіреді" деп жазды. Еңбектеген баладан ғұлама ғалымға дейін ұстаз алдынан өтеді. Мемлекет қайраткерлері де тәрбиеші-педагогтерден тәлім-тәрбие алады. Педагог адамзат қоғамы жасап шығарған байлықты жас ұрпаққа үнемі сіңіріп отырады.

Тәрбиеші-ұстаздың адам өміріндегі рөлі туралы халқымыздың классик ақыны Абай:

Ақырын жүріп анық бос,

Еңбегін кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға . . .

десе, славянның ұлы педагогы Ян Амос Коменский:"Мұғалімнің атқаратын қызметі өте құрметті. Әрі тамашалығы соншалық, күн астында мұндай қызмет жоқ"-деп бағалаған. Балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин:"Балалармен:қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлесу, әрбір пәнді бар пейілмен және қарапайым тілмен, екі ұшты мағыналы сөздерсіз әрі қатесіз, терминдерді араластырмай түсіндіру керек", -деп кеңес берсе, М. Горький балаларды бала тәрбиесіне бейім адам, төзімділікпен, байыптылықпен жұмыс істей білетін адам тәрбиелеуі керек деген. Нағыз тәрбиеші деп уақытын балалармен өткізуден жалықпайтын, оларға қызық әңгімелер мен ертегілер айтып бере білетін, кеме, ұшақ жасап бере алатын, олармен бірге жүріп, тас коллекциялар мен гербарийлер жинай алатын, оларға жұлдыздың құрылысын түсіндіріп бере алатын, оларға мылтық атуды, жүзуді үйрете алатын үлкендерді айтады. Жазушының ойынша тәрбиеші жан-жақты жетілген, білімді, бәрі де қолынан келетін "сегіз қырлы, бір сырлы", өз ісінің шебері болуы керек.

Қазақтың ғұлама ғалымы Әл-Фараби "Жаман мінез-құлық рухани кесел" десе, Жүсіпбек Аймауытов " . . . Дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық, дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады", -деген.

Н. К. Крупская "Мұғалімнің тәрбиелеушілік рөлі" атты мақаласында мектепке, қоғамдық тәрбие орындарына тәрбиеші-мұғалімнің аса қажет екенін айта келіп, ол балаларға үнемі уағыз айтып, оларды ұстамды бол деп үйретіп, өзі ұстамсыз болатын, жолдастыққа үйретіп, өзі жолдас болудың үлгісін көрсетпейтін, сөзі мен ісі үйлеспейтін тәрбиешінің балаларға ықпалы аз екенін ескертеді. Балаға адамгершілік тұрғыдан қарап, оның барлық әрекетін қалт жібермей бақылау, дер кезінде ескертіп, кемшілігін жөндеуге ықпал етумен қатар, педагог балалардың кейбір қылықтарын елеусіз қалдырып, оларды қазымыр болмауға, бір-біріне адамгершілікпен қатынас жасауға үйрете білуі тиіс дейді. Сондай-ақол баланы зорлықпен саналалыққа тәрбиелей алмайсың, сондықтан оны қызықтырып, еліктіріп, сендіре білу, баланы зеріктірмей, істі батыл жолға қою керектігін педагогикалық кеңес ретінде айтқан.

Тәрбиешінің өнегелі істері мен тәлім-тәрбиесінің адам өміріне әсері, ықпалы зор. Мысалы, Ұлы Отан соғысы батырының біріне:"Сіздің мүсініңізді туған ауылыңызға орнатамыз", дегенде, ол:"үкіметтен мүсінді маған өмірдің сырын, мағынасын ашып берген мұғаліміме орнатуыңызды сұраймын " деп жауап қайырған екен. Бұл мұғалім өз шәкіртінің жүрегінен өшпес орын алғынын дәлелдейді.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі балаларға білім-тәрбие беру, оларды мектепте оқуға дайындау ісін жүзеге асырады. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнын бітірген немесе жоғары білімі бар тәрбиеші Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы іс-әрекеттерін терең түсінетін, елдің қоғамдық-саяси өміріне өз деңгейінде белсене қатысатын, педагогтық шеберлігі жеткілікті маман болуы керек.

Тәрбиешінің саяси сауаттылығы оның бала тәрбиесіндегі еңбегі Отан мен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге, педагогикалық міндеттерді шешуге шығармашылықпен қарауға, өз шеберлігін үнемі жетілдіріп, қызметтесжолдастарына шын пейілмен көмектесуге мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі теория мен тәжірибені ұштастыра алатын, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын түсінетін, қоғамдық-саяси белсенділік, жалпы және мектепке дейінгі педагогиканы, балалар психологиясын, физиологиясын меңгерген, педагогикалық құбылыстарды талдауға ғылыми тұрғыдан қарайтын, баланы жан-жақты дамыту ісін ойдағыдай жүзеге асыратын маман болуы тиіс.

Тәрбиеші-ұжым мүшесі, оның педагогтық шеберлігі, жеке қасиеттері ұжымда көрінеді. Мектепке дейінгі ұйым мақсаты мен міндеті арқылы ұжым шығармашылығын дамытуға, тәрбие тиімділігін арттыруға, әр педагогтың моральдық бейнесі мен педагогикалық шеберлігін жетілдіруге көмектеседі. Тәрбиеші өз міндеті мен жауапкершілігін түсінетін, мақсат қоя білетін, табанды, өзіне сын көзбен қарайтын педагог болуы тиіс. Сондай-ақ мектепке дейінгі балалармен жұмыс істеу үшін ән айтып, би билеу, сәнді қимылдау, дұрыс сөйлеу, көркем шығарма оқу маңызды

Тәрбиеші-мектепке дейінгі ұйым тапсырмаларынан бастап Отандық деңгейдегі мемелекеттік басқару ісіне қатысуға дейін мүмкіндігі бар азамат.

1. 1. Тәрбиешінің қызметі және міндеттері .

Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балалалрды ереклету қажет. Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып, тәрбие беру, оны өмірге, еңбекке даярлауда педагогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.

Балабақша тәрбиешісінің міндеттері:

а) балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз етеді;

ә) өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажетіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарайды;

б) балалардың денсаулығын сақтауға, қорғауға байланысты дәрігер талабын орындайды;

в) балаларды отбасында, балабақшада тәрбиелеу мәселелері туралы ата-аналарымен жұмыс жүргізеді;

г) аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктерде, балабақшада педагогикалық кеңестің жұмысына қатысады;

д) балалармен жүргізілетін өз жұмыстары туралы жоспар құрады, есеп береді, әрбір сабаққа ұқыпты дайындалады.

Балалар тобын тәрбиеші мектепке шығарып салғанға дейін жетелейді.

1. 2. Тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар.

Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптастыра алатын, адамгершілігі жоғары, мәдениеті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оны түсіндіре алатын адам болуы керек. Тәрбиешінің мәдениеттілігінің көрсеткіші-әдептілігі, қоғамдық орындарда өзін сыпайы, еркін, ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртібі, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым-қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар арасында беделі зор болады.

Тәрбиешінің жеке басының үлгісі-жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себептен де ол үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүріп, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы, әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі керек. Бала еліктегіш болғандықтан, жақсыны да, жаманды да тез қабылдайды.

1988 жылғы еесп бойынша, Қазақстанда 9100 мектепке дейінгімекеме болды. Өкінішке орай, оның 8096-сында оқу тәрбие жұмысы орыс тілінде жүргізілсе, 1185-інде ғана оқу-тәрбие жұмысы қазақ, т. б. ұлттардың тілінде жүргізілген.

Бұл қазір аздық етіп, халықтың мектепке дейінгі балалар мәкемелеріне деген сұранысын қанағаттандыра алмай отыр.

Қазақстан Республикасы Білім министірлігі 2000-жылға дейін республикамызда қазақ тілінде оқу, тәрбие жұмысын жүргізетін балабақша санын 1216-ға жеткізіп, онда 265 мың бүлдіршін тәрбиелеуді міндетті етіп қойып отыр. Бұл-болашақтың ісі.

Ал қазіргі таңда оқу, тәрбие ісін қазақ тілінде жүргізетін балабақшаларда ана тілін білетін арнаулы мамандар жетіспейді. Бүгінгі таңда Алматы қаласында 27 таза қазақша, 80 аралас балалар мекемелері жұмыс істейді. Оларда істейтін арнаулы білімі бар тәрбиешілер тым аз.

Қазір талантты тәрбиешілер өз білімін жетілдіруге, өз саласын жан-жақты зерттеп, ғылыми үлес қосуына мүмкіндіктер туып отыр.

Тәрбиешілер курстарға, семинарларға, үйірмелерге қатысу арқылы да білімін, шеберлігін, іскерлігін арттырады. Тәрбиешілер үшін мезгіл-мезгіл оқу, тәрбие ісінің көкейкесті мәселелеріне арнап педагогикалық дәрістер, баяндамалар ұйымдастырылады. Жыл сайынғы өткізілетін қалалық, аудандық конференцияларда тәжірибе алысып, шеберлігін ұштауға мүмкіндіктері бар. Тәрбиешілердің білімін көтеру мүмкіндік тудыратын әдістемелік бірлестіктердің маңызы аса зор. Әдетте әдістемелік бірлестіктерде тәрбие жұмысының әдістемесі талқыланып, пікір алмасады.

Тәрбиешілердің әдіскерлік дәрежесің көтеру, мамандығын арттыру, аудандық, қалалық, облыстық оқу бөлімі жайында ұйымдастырылатын семинарлар мен үйірмелерде жүзеге асырылады, онда жүздеген тәрбиешілер әрбір 5 жылда мамандығын арттырып отырады.

Балабақшада тәрбиешілердің білімін жетілдіру, мамандығын арттыру тікелей педагогикалық мәжілістерде, педагогикалық кітаптарды талдау арқылы меңгерушінің, әдіскердің басшылығымен іске асады.

Балабақшаның барлық қызметкерлері қатысатын ашық тәрбие сағаттарының үлкен маңызы бар. Одан кейінгі өткізілетін бірқатар әдістемелік талдаудың да тәрбиешілердің әдіскерлік шеберлігін арттырудағы мәні ерекше.

Тәрбиешіге қойылатын талаптар:

1) тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;

2) арнаулы білім, білік пен іскерлік-дағдыны меңгеруі керек;

3) баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек;

4) ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек;

5) жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт;

6) тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуы тиіс.

Жаңашыл педагог Ш. А. Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды:

-педагог тәрбиеші әріптестеріне мейрімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек;

-әріптестерімен қарым-қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеруі керек;

-әріптестерінің табысына қызғанышпен, күншілдікпен қарауға құқы жоқ;

-әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті, үйренуге ұялмауы керек;

-әріптестеріне жоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әріптестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек;

-балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білуі керек, бірақ оны ешкімге шашпау, айтпау керек.

1. 3Тәрбиеші-педагогтың бейнесі:

1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін жетік білуі.

-материалды түсінікті жеткізе білуі.

2. Сабақты өткізу әдістемесі.

-балаларды оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі және баланың іс-әрекетін дұрыс бағалай білуі;

-тәжірибелік білім-білік дағдыларды қалыптастыра білуі.

Өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалай білу қабілеті:

-кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі;

-балалармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білуі;

-ата-аналармен тіл табыса білуі;

-сөйлеу мәдениеттілігі.

3. Балаларды арнайы қарапайым білім негіздерімен қаруландыру және дұрыс сөйлей білуге үйрету:

-өзінің эмоциялық көңіл-күйін басқара алуы;

-;

-балалардың сөздік қорынмолайтуға көмек көрсете алуы;

-педагогикалық терминдерді дұрыс, тиімді пайдалана білу дағдысы.

4. Жас ерекшелігі психологиясы туралы білімі:

-балалардың басым көпшілігінің қызығушылығын туғыза білуі;

-балалардың өздігінен дербес әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;

-жеке-дара оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы.

5. Жаңа технологияларды пайдалана білу:

-қазіргі іс-тәжірибелерді пайдалана білуі;

-білім беруді дамыту бағыттарын айқындай білуі.

Тәрбиешінің өз қызметінде жетістікке жетуінің шарттары:

1. Сыртқы кескін-келбеті.

2. Сабақтан тыс пәндер туралы ақпараттармен қамтамасыз ету.

3. Мінез-құлық және пайымдау мүмкіндіктері.

4. Оқу тәрбие процесіндегі қарым-қатынас мәдениетін сақтай білу.

5. Педагогикалық талаптарды орындай білуі.

6. Әзіл-қалжыңға мән бере білуі.

7. Балалардың жеткен жетістігін мақұлдай, қолдай білуі.

8. Балалармен қарым-.

9. Шыдамдылық және төзімділік.

10. Басқалардың пікірін сыйлай білу.

11. Балалардың құпия-сырын сақтай білу.

12. Басқа адамдарды түсіну және сезіне білу қабілеттілігі.

13. Еркіндік, икемділік.

14. Табан астындағы тосын іс-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білу.

15. Байқампаздығы, бақылампаздығы.

16. Кез келген жағдайда қарым-қатынас жасай алуы.

17. Балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.

Тәрбиешінің бойында болатын маңызды сапалары:ақылдылығы, қайырымдылығы, мәдениеттілігі, білімділігі, кәсіби шеберлігі, балаларға деген сүйіспеншілігі, тәртіптілігі, шығармашылық қабілеттілігі, белсенділігі, жан-жақты қызығушылығы, ұйымдастырушылық қабілеті, бір нәрсемен шұғылдануы, зиялылығы, әзіл-қалжыңға бейімділігі, басқаны тыңдай білуі, талдау жасай білу қабілеті, еңбексүйгіштігі, мейірімділігі, әділдігі, ашықтығы, шыншылдығы, әділеттілігі, әдептілігі, жақсылық жасай білуі.

Тәрбишінің артистігі дегеніміз- түрлі қиын жағдайларға кездескенде тапқырлық көрсету. Баланың көзін жеткізетін іс-әрекет, тәсіл, ұтымды әдістауып, шеберлік көрсете білу. Өз сезімін, ішкі жан-дүниесін басқарып, ұжыммен қарым-қатынас үстінде ерік-жігерін икемділікпен іске асыру. Бұл мәселені кезінде А. С. Макаренко көтерген:"Педагогика ғылым ғана емес, өнер де, сондықтан педагог өз бойына артистік шеберлікті қалыптастыруы керек". Балаларға суық, ызалы, ашуланшақ тәрбиешілерге қарағанда, әзілді түсінетін, жайма-шуақ, шыншыл, өмірге шаттана қарайтын тәрбиешілер ұнайды. Тәрбиешінің жұмысқа шат көңілмен, ширақ қарауы балаларды сергітіп, жұмысқа жұмылдыра түседі.

Педагогтік оптимизм туралы болғанда, психолог Владимир Левидің өзіне-өзі гипноз жасау туралы кеңестерін пайдаланып (таңертең сенімді, әрі әсерлідауыспен:"Мен жұмысымды сүйемін!", "Бәрі де жақсыболады!"т. б. ), өзін- қажет. Бұл педагогтік оптимизмді қалыптастырады. Педагогтік оптимизм үшін тәрбиешінің денсаулығы, күн тәртібі жүйелі түрде сақталуы қажет. Тәрбиеші киімінің эстетикалық талғамға сай, сәнді, жасына лайықты, жұмыс істеуіне ыңғайлы, тігілуі де көтеріңкі көңіл-күй тудырады. Балалар тәрбиешінің салдар-салпақ киініп, шашын жөндеп тарамай келгенін кешірмейді, ол дұрыс та. Адамның сыртқы келбет-көрінісі-айналасындағыларға құрмет көрсетуі. Киім адамды жинақыландырып, тәртіпке салудың факторы бола алады. Мысалы:сәнді киініп тұрып балаларға дөрекі дауыспен айқайлауға, ерсі қимыл-әрекет жасауға болмайды. Ол сыртқы әсемдікпен үйлеспейді. Педагог әдептілігінің келесі бөлігі-тәрбиешінің кәсіби қарулануы. Өзін-өзі жетілдіру үшін үздіксіз жұмыс жүргізу, мамандығы бойынша білімін тереңдету, педагогика және психология теориясын білу, әдістемені игеру, әдебиет пен өнерге ден қою, үздіксіз іздену. Сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар:тыныс алуды реттеу, дауысты жолға қою, анық, мақамдап сөйлеу, орфоэпия нормаларын сақтау, әдеби тілді игеру, сөздің эмоциялық әсерлілігін қалыптастыру қажет. "Атына заты лайық педагог" болу үшін жоғары мәдениетті, идеялық сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім қабылдай алатын тәрбиеші болуы керек. Міне, осындай педагог қана болашақ қоғам иесі бүлдіршіндерге тыңғылықты тәрбие бере алады.

1. 4. Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі .

Оқу-тәрбие ісін жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік тудыратындай етіп ұйымдастыра білген тәрбиешіні шебер тәрбиеші дейді. Тәрбиешінің шеберлігі талантты қажет ететін ерекше бір өнер меес, бірақ ол-дәрігер мен музыкантты шеберлікке баулитындай етіп үйретуді қажет ететін мамандық (А. С. Макаренко) . Шебер тәрбиешінің жұмысы өз ісін терең білумен, белгілі стилі мен даусы дауыс ырғағынан, тәжірибеде тексерілген әдіс-тәсілдер жиынтығынан, күнделікті оқу-тәрбиенің мақсат, міндетін анықтауынан байқалады. Шебер тәрбиеші тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істейтінін, не үшін істейтінін, қандай дәрежеге жеткісі келетінін саналы, анық және дәл біледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақша тәрбиешісінің тәрбие жұмысын жоспарлау
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру
Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ете отырып, саналы, тәрбиелі, білімді азамат етіп қалыптастыру
Ертегі мазмұны бойынша ересек балаларды сурет салуға үйрету
Ойын әрекеті
Балабақша мен отбасы жұмысы сабақтастығы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz