Бұйрық пен өкімді дайындау мен рәсімдеудің ерекшеліктері



Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім
І. Бұйрық
1.1. Бұйрықтар
1.2. Бұйрық . бұл негізгі өкімдік құжат.
1.3. Бұйрық пен өкімді дайындау мен рәсімдеудің ерекшеліктері
1.4. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және
туынды түрлерi

Қорытынды бөлім

Пайдаланған әдебиеттер
Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
7-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
1) регламент – қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;
2) ереже – қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
3) қағида – қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
4) нұсқаулық – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.
4. Туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады.
5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.
6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.
1. Ш.Д.Адамбаев «Іс жүргізу екі тілде» - Алматы 1992ж
2. А.Алдашева, З.Ахметжанова, К.Кадашева, Э.Сулейменова «Ресми іс қағаздары» - Астана 2000ж
3. В.Салагаев, Б.Шалабай «Іс қағаздарын жүргізу» - Алматы-2002ж
4. А.Алдашева «Ресми іс қағаздары» - Алматы 2001ж
5. М.Ғ. Жукенова «Іс қағаздарын жүргізу» Астана 2008ж
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнідегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 2 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2331
7. Мемлекеттік және мемлекеттіәк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік ережелері

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім
І. Бұйрық
1. Бұйрықтар
2. Бұйрық – бұл негізгі өкімдік құжат.
3. Бұйрық пен өкімді дайындау мен рәсімдеудің ерекшеліктері
4. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және
туынды түрлерi

Қорытынды бөлім

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар
Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық
Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк
қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк
органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
7-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк
құқықтық бұйрықтары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің
нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
1) регламент – қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық
бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;
2) ереже – қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық
бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық
акт;
3) қағида – қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру
тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
4) нұсқаулық – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында
қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.
4. Туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi
нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және
олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң
нормативтiк құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң
деңгейiмен анықталады.
5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық
органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім
уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық
актілер шығаруға құқығы жоқ.
6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке
қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып
табылмайды.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар.
2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң
күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары;
2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстерi;
3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк
қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтары; *
6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
7) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк
органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық
мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары және Қазақстан
Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
7-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк
құқықтық бұйрықтары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің
нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
3. Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары
деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.
5. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық
шешiмдерi, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң
нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының
Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен
белгiленедi.
6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары
тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық
өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келуге тиiс емес.
Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттарының ішіндегі ең маңызды
әрі көп тараған түрі болып табылады. Сондықтан басқару құжаттарын үлгі
негізінде жасаймыз. Бұйрық – қандай да бір міндетті (өндірістік немесе
кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты) шешу үшін кәсіпорын директоры
шығаратын нормативтік құжат.
Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс-әрекеттеріне және
қызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады. Мұндай
құжаттарға мекеме, ұйым, бірлестік жетекшісі қол қояды. Бұйрықтарда
ұйымның, өндірістік-шаруашылық және маңызды бағыттағы моселелері жазылады.
Сондықтан оларды безендіруде, сақтауда нактылы талаптар қойылады.
Бұйрықтар жобасын дайындауда реквизиттер құрамы толык болуы тиіс жоне
безендірілуі мен оған қол қойылуы белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Бұйрыққа қол қойылған соң ол тіркеуге алынады, түп нұсқасы немесе оның
көшірмесі я үзіндісі бұйрықта орындаушыларға беріледі және оларға бақылау
жасалады.
Бұйрықты безендірудің ең негізгі бөлігі — оның мәтіні. Бұйрық мәтіні
өкілеттік бөлімдерден құралып, "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзбен беріледі және жеке
жолға жазылады.
Орындалуы міндетті бүл өкілеттік құжат мәтіні нақты, түсінікті, қысқа
жазылады. Онда іс-әрекеттің орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні
көрсетіледі. Бұйрықта түсініксіз сөз орамдары мен сөйлемдер болмауы керек.
Егер бұйрық бірнеше ісәрекетгің орындалуына негізделген болса, мәтіннің
өкіметтік бөлігі бөліктерге бөлінеді және олар араб цифрларымен белгіленіп,
азат жолдан басталып жазылады.
Бұйрықта іс-әрекетті орындаушы көрсетілсе, онда оның аты-жөні,
фамилиясы, кызметі толық жазылуы тиіс.
Бұйрықтың орындалуы үнемі іске асып отыруды қажет ететін жағдайда,
орындалу уақытына шек қойылмайды яғни мерзімі көрсетілмейді. Бұйрықтың
соңында жауапты адамның аты-жөні, фамилиясы жазылады.
Бұйрықтың соңғы бөлімінде оны орындауға міндетті және жауапты тұлғаның
қызметі көрсетіледі.

І.Бұйрық
1.1. Бұйрықтар

Бұйрық - жетекшінің мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды,
ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін,
қарамағындағылар орынадауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың
бір түрі. Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға
жүктеледі. Бұйрық ауызша да жазбаша да беріледі, төменде біз жазбаша
берілетін бұйрық түрлерін қарастырамыз. Жұмыс жүргізу ыңғайлы болу үшін
мекемеде бұйрықты екі топқа бөледі: 1) мекеменің негізгі жұмыстарына
байланысты; 2) жеке құрамға байланысты. Ірі мекемелердің маңызды іс-
әрекетіне байланысты бұйрықтар А4 форматты қағазда басылады. Бұйрықтың
мынадай реквизиттері бар: елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның аты және оның
қандай ұйымға қарасты екені, құжат аты, жазылған күні, орны, индекс,
тақырып, қол, қол қойылған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі. Бұйрық
мөтіні әдетте екі бөліктен тұрады:
1) констатациялык; 2) өкімдік.
1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші бөлігі)
бөлікте, бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі.
Өкілеттік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады.
Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат негіз
болса, онда ол құжаттың аты, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.
Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпесе констатациялык бөлік
жазылмайды.
2. Өкімдік бөлік "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзден басталады да, бұйрық мазмұны
жаңа жолдан басталып, әр бөлімі араб цифрларымен белгіленді. Бұйрықты
дайындау барысында, оны орындалуына мүдделі мекемелер және құрылымдармен
келісіледі. Келіскені туралы белгі бұйрық жобасынын бір данасына қойылады.
Келісілген, бланкке басылған бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды. Бұйрық қол
қойылган күннен бастап күшіне енеді. Бұйрық журналаға тіркеліп, оган нөмір
қойылады және канцелярияда сақталады.
Жеке құрам жөніндегі бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Бұл
бұйрықтарда мекеме жұмысшыларының атқаратын қызметіне байланысты
қабылданған әкімшілік әрекеттері мен шаралар айқын көрсетіледі.
Бұйрықтың өкімдік бөлігі нақты, қысқа, анық, басы артық
түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу керек және
қашан істеу керек деген мәселе ғана сөз болады.
Егер бұйрық орындаушының үнемі атқаруга тиіс мәселесіне байланысты
болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.
Егер бұйрық бірнеше бөлімнен тұрса, оның барлыгының орындалуына бір
ғана адам жауапты болса, онда ол соңгы бөлімде ғана корсетіледі. Мекеменің
ішкі іс қағазына жататын қызметтік құжаттың бүл түрін сипаттай отырып,
мынадай бұйрықтарды атап көрсетуге болады:
- жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты
бұйрықтар;
- күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар;
- арнайы бұйрықтар;
- төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар;
- басқа да бұйрық түрлері.
Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар ұйым
жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында шығарылады. Онда ұйымның күн
тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы,
күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді.
Мұндай бұйрықтаға мекемедегі жұмыс ағымына қарай жыл бойы толықтырулар мен
қосымшалар енгізілуі мүмкін.
Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар мекеме жұмысының күнделікті
болып жататын түрлі мәселелеріне байланысты беріледі. Оған жұмысқа
қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі басқа жұмыска ауыстыру, демалыс
беру, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі бұйрықтар жатады.
Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар, мекемеде күтпеген оқиға болған
кездегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар
белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды
адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша
өкілдік (полномочие) те беріледі.
Арнайы бұйрықгар көбіне қаржы-экономикалық мәселелерге байланысты
беріледі. Мысалы, жыл немесе квартал қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық
тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, көтермелеу,
т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп, басылып, 1 дана марапатталған
адамға тапсырылады.
Басқа да бұйрык түрлері мекеменің күнделікті жұмыс барысындағы кейбір
мәселелерді қажет жағдайда шешу барысында беріледі. Мысалы, уақытша бөлім
бастығының немесе басқа қызметкердің қызметін атқару, маусымдық жұмыс
мерзімін белгілеу т.б. Түрлі жағдайға байланысты бұйрыктардың да түрлі
нұсқалары болады.
Бұйрық – (негізгі қызмет бойынша) мекеме басшысының жеке басшылықты
негізге ала отырып мекеменің негізгі және қауырт жұмыстарын (тапсырмаларын)
шешуге бағытталған құқықтық акті.
Бұйрық – бұл, негізгі тұлға (тәртіп орнатушы) басқаратын құжат.

Бұйрықпен: мекеменің қызмет тәртібі (реті); жұмысты ұйымдастыруда шешім
мен жүктеме; ұйымдық мекемелер; жұмыстар саны, есебі; тексерудің
қорытындылары және т.б. беріледі.
Бұйрықты тек керекті жағдайда ғана шығарады. Бұйрыққа өзгертуді,
қосымша сөз қосуды, жоюды тек жаңа бұйрық беру негізінде іске асырады.
Бұйрық жобасының дайындығына келесі сатылар жатады:
- сұрақтың мәніне қарау; осы сұрақ бойынша басылған заң шығарушы
актілермен және басқа құжаттармен танысу, мекеменің ақпаратты-
анықтамалық құжаттарын қайта қарау (анықтамалар, есептер, хаттар);
- құжаттың мәтінін дайындау;
- мәтіннің келісімдігі;
- бұйрыққа қол қою;
- орындаушылардың есіне.
Бұйрықтың мәтіні екі бұйрық беруші және анықтаушы бөліктен тұрады.
Анықтаушы бөлігінде деректер баяндалады, бұйрық шығару үшін қандай
себебі мен мақсаты бар екендігі айқындалады. Егер, бұйрықтың негізіне
мемлекеттік ұйымдар құжаты тиісті болса, онда құжаттың аты, авторы, уақыты,
күні, нөмірі, бас әрпі, сөзі көрсетілуі тиіс. Анықтаушы бөлімнің жоқ болуы
да мүмкін.
Бұйрық беруші бөлігі БҰЙЫРАМЫН сөзімен басталады, табулятордың нольдік
жағдайында (сол жақтан) бас әріптермен жазылады.
Бұйырушы пунктер мынадай жүйеде (нобайда) жасалынады:
- орындаушы, атқарушы (қызметкердің аты, фамилиясы, аты-жөні
немесе құрылымдық бөлім, мекеме);
- іс-әрекет;
- уақыт, берілетін мерзім.
Бұйрық соңғы пункті келесі түрде беріледі: бұйрықтың орындалуын жүктеу
(қызметкердің аты-жөні, фамилиясы). Егер басшы бұйрықтың орындалуын өзі
қадағаласа онда жүктеу пунктін жазу керек емес. Бұйрықтың уақыты – оған қол
қойылған уақыт, оның жарамды уақыты. Бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды, ол
болмаған жағдайда – орынбасары. Бұйрықта басшылықта жазылған басшы болмаса
онда бұйрық қайта жазылады.
Бұйрықты дайындау құрылымдық ұйымға, арнайы қызметкерге беріледі.
Бұйрыққа өзгертулер мен толықтырулар қол қоюшының рұқсатынсыз
енгізілмейді.

Бұйрықтың жобасына бұйрық тиісті ұйымдар, қызметкерлер, бөлімдер тізімі
жіберіледі.
Бұйрықтың қосымша көшірмелері басшының рүқсатымен жасалады.
Бұйрықтың көшірмесі мен үзінділерін, олардан таратылатын тізімді ғана
жасауға болады.
Бұйрықтардың түпнұсқалары кеңседе сақталады және қолданылуға
берілмейді.
Бұйрықтың толық көшірмесін құрастыру
БҰЙРЫҚТАН КӨШІРМЕ
(жеке құрам бойынша)
Бұйрықтан көшірме – түпнұсқа құжаттың көшірме бөлігі.
БҰЙРЫҚТАН КӨШІРМЕНІҢ деректемелері:

- мекеменің аты (министрлік, басқарманың аты) – құжат авторы;
- құжат аты – БҰЙРЫҚТАН КӨШІРМЕ;
- түпнұсқа құжаттың күні мен нөмірі (бұйрық)
- басылған жері (қала);
- бұрыштамасы;
- анықтаманың бөлігі (егер бар болса);
- міндеттеме бөлігі – қажетті бұйрық пункті;
- қол қою;
- куәландырылған қысқа жазуы (қол қою деректемелері төмен 3
интервал арқылы).

Бұйрық – дара басшылық негізінде іс-әрекет жасайтын министрліктер,
ведомостволар, бөлімдер, басқармалар, мекемелер, бірлестіктер, ұйымдар,
кәсіпорындар басшылары шығаратын құқықтық акті. Бұйрық негізгі шұғыл
міндеттерді шешу үшін шығарылады.
Бұйрық басқару құжаттарының ішінде ең көп тараған түрі. Ол көбіне
басқару тәжірибесінде жиі қолданылады.
Бұйрық мекеменің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің құрылу,
таратылу, қайта ұйымдастырылу; оларға өзгеріс енгізу мақсатында ережелерді,
нұсқаулықтарды бекіту; кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру,
жоспарлау, есеп беру, жабдықтау, өнімдерді сату және басқа да өндірістік
мәселелер, сондай-ақ кадр мәселелері бойынша жұмысқа қабылдау, ауыстыру,
босату және т.б. мәселелер бойынша шығарылады. Бұйрық шығару арқылы басшы
қызметкерлердің алдына негізгі міндеттерді қояды, түбегейлі мәселелерді
шешу жолдарын көрсетеді. Бұйрық осы кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін
орындауға міндетті. Жекелеген жағдайларда, бағыныштылығына байланыссыз
ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың үлкен тобына қатысты болуы да мүмкін.
Төмендегі құжаттар бұйрықпен ресімделуге жатады:
● кәсіпорын үшін тұрақты сипаттағы және орындалуы міндетті жұмыстарды
ұйымдастыруға байланысты шешімдер мен тапсырмалар;
● ережелерді, жарғыларды, тәртіптерді, нұсқаулықтарды және с.с.-ды
бекіту және енгізу;
● құрылымдық бөлімшелерді қайта құру, құру, тарату мәселелері;
● кәсіпорын жұмысының қорытындылары, хабарландыру, жүргізілген
тексеріс қорытындылары;
● қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату;
● қызметкерлерді көтермелеу, тәртіптік жазаға тарту және басқа да
кадрлық мәселелер.
Бұйрықтар нақты қажеттік туындаған кезде ғана шығарылуы керек.
Бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тек бұйрық арқылы ғана
жүргізіледі.
Бұйрық шығаруға төмендегілер заңдық негіз бола алады:
● Қазақстан Республикасының заңдары;
● Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлықтары, өкімдері;
● Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, өкімдері;
● кәсіпорын қызметін құқықтық реттеудің қажеттігі, кәсіпорын алдында
тұрған шұғыл және негізгі мәселелерді шешу.

Бұйрықты ресімдеу үлгілері 1-қосымша

Ведомоствоның, Мемлекеттік елтаңбаның Ведомоствоның,
мекеменің, ұйымның атауынемесе диаметрі 20 мекеменің, ұйымның атауы
мм-ден аспайтын фирмалық(орыс тілінде)
(қазақ тілінде) белгінің орны
ПРИКАЗ
БҰЙРЫҚ

00.00.00. _________ №__________
№ ___________ г. ________________
__________ қаласы
Шығарылатын орны Шығарылатын орны
(қазақ тілінде) (орыс тілінде)

___________________
не туралы екендігі

___________________________________ ________БҰЙЫРАМЫН:

1. ___________________________________ _____________________.

1) ___________________________________ _____________________;

2) ___________________________________ _____________________;

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау
___________________________________ _____________ жүктелсін.
(аты-жөні)
3. Негіздеме__________________________ ___________________.

Мекеменің басшысы __________ _____________
(қолы) (аты-жөні)

Белгі

Есік жолдары ЖШС

БҰЙРЫҚ

Есік қаласы № ________ 200_ жылғы ___ ______

Жылдық түгендеу жүргізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:
1. Кәсіпорынның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының іс жүргізу және мұрағат ісі мемлекеттік стандарты
Бұйрықты немесе өкімді орындау
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтықтары және негізгі міндеттері
Әскери құқық
Текелі қалалық әкімшілік ұйымдастыру, бұйрық жарлық құжаттарын талдау
Мекеменің қызметтік іс жүргізу
Полиция қызметі этикасының негізгі қағидалары
ҚОРҒАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАҢҒА СЫЙЫМДЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Кедендік рәсімдеудің басы
Қоғамға қауіпті және оған қарама-қарсы іс-әрекеттер
Пәндер