Қонақ үй түрлері жайлы жалпы мәлімет жинау, саралау, сараптау, және типологиясы мен ерекшеліктерін ашып көрсету



І.Кіріспе
1.1 Қазіргі кездегі қонақ үйдің даму тарихынан қысқаша шолу.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қонақ үйдің мәні мен мазмұны
2. 2. Қонақ үйлерді классификациялау, оның түрлері
2.3 . Қонақ үйдің түрлері.
2.4. Кішігірім қонақ үй іс.әрекетін ұйымдастыру және оның спецификасы
2.5. Қонақ үйлердің дәрежесіне қойылатын негізгі талаптар
2.6 Қонақ үй кәсіпорындарының жіктелінуі
ІІІ. Қонақ үйдің даму тұжырымдамасы
3.1. Достық қонақ үйі
3.2 Қазжол қонақ үйі
ІV. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Орта ғасыр (V – VIII ғ) заманында Европа мен Шығыс елдерінде сауда
мен саяхаттың қайта жандануына орай орналастыру мен тамақтану қыз-
мет көрсету саласы дамудың жаңа жолдарына бағытталды.Европалық монастырларда арнайы қонақжайлық орындар пайда болды.
Қайта өрлеу заманында Европа дүние бөлігінде кәсіпкершіліктің дамуы, ат жегілген тарантас, көлік құрылысының пайда болуы қонақтар
тоқтайтын аулалар орындарының көбеюіне септігін тигізді.
XIX ғ.Европа мен Америкада өндірістік революция нәтижесінде көлік
түрлерінің пайда болуы ( пороход, паровоз ) туризмнің дамуына үлкен
ықпалын тигізді.
1930 ж. қонақ үй шаруашылығының «Ұлы күйзеліс» өзіндік ықпалын тигізді.Екінші дүниежүзілік соғыс кзеңі де өз септігін тигізді.
1950 – 60 ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың тұрақталуы,
қонақ үй шаруашылығының қайта жандануына ықпалын тигізді.Қонақ үйдің жаңа типтері мотель, отель, кемпинг пайда болуы және курорт –
ты қалаларда демалыс қонақ үйлер салына бастады.
ДТҰ мәліметі бойынша 17 млн. адамдар тоқтай алатын қонақ үй жүйелері қалыптасқан.Солардың ішіндегі ең ірілері « Шератон »,
« Рамада », « Марриот », « Редиссон » қонақ үй кластарына орай
« Апартамент », « Кондоминниум » түрлері пайда болды.
2000 ж. жекеменшік, шағын әртүрлі типтегі қонақ үйлер қалыптасуы
нарықтық жағдайда өтуде.
Зерттеу нысаны- қонақ үй орындары.
Зерттеу мақсаты - қонақ үй түрлері жайлы жалпы мәлімет жинау, саралау, сараптау, және типологиясы мен ерекшеліктерін ашып көрсету.

Зерттеу міндеттері:
1. Қонақ үй ұйымдары туралы мәліметтер жинау
2. Қонақ үй кәсіпорындарына жалпы мәлімет беру
3. Қонақ үйлердегі негізгі қызмет түрлеріне талдап, сараптама беру.
4. Қонақ үйлердің дәрежесіне қойылатын негізгі талаптар мен ережелер.
Орта ғасыр (V – VIII ғ) заманында Европа мен Шығыс елдерінде сауда
мен саяхаттың қайта жандануына орай орналастыру мен тамақтану қыз-
мет көрсету саласы дамудың жаңа жолдарына бағытталды.Европалық монастырларда арнайы қонақжайлық орындар пайда болды.
Қайта өрлеу заманында Европа дүние бөлігінде кәсіпкершіліктің дамуы, ат жегілген тарантас, көлік құрылысының пайда болуы қонақтар
тоқтайтын аулалар орындарының көбеюіне септігін тигізді.
XIX ғ.Европа мен Америкада өндірістік революция нәтижесінде көлік
түрлерінің пайда болуы ( пороход, паровоз ) туризмнің дамуына үлкен
ықпалын тигізді.
1930 ж. қонақ үй шаруашылығының «Ұлы күйзеліс» өзіндік ықпалын тигізді.Екінші дүниежүзілік соғыс кзеңі де өз септігін тигізді.
1950 – 60 ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың тұрақталуы,
қонақ үй шаруашылығының қайта жандануына ықпалын тигізді.Қонақ үйдің жаңа типтері мотель, отель, кемпинг пайда болуы және курорт –
ты қалаларда демалыс қонақ үйлер салына бастады.
ДТҰ мәліметі бойынша 17 млн. адамдар тоқтай алатын қонақ үй жүйелері қалыптасқан.Солардың ішіндегі ең ірілері « Шератон »,
« Рамада », « Марриот », « Редиссон » қонақ үй кластарына орай
« Апартамент », « Кондоминниум » түрлері пайда болды.
2000 ж. жекеменшік, шағын әртүрлі типтегі қонақ үйлер қалыптасуы
нарықтық жағдайда өтуде.
Зерттеу нысаны- қонақ үй орындары.
Зерттеу мақсаты - қонақ үй түрлері жайлы жалпы мәлімет жинау, саралау, сараптау, және типологиясы мен ерекшеліктерін ашып көрсету.

Зерттеу міндеттері:
1. Қонақ үй ұйымдары туралы мәліметтер жинау
2. Қонақ үй кәсіпорындарына жалпы мәлімет беру
3. Қонақ үйлердегі негізгі қызмет түрлеріне талдап, сараптама беру.
4. Қонақ үйлердің дәрежесіне қойылатын негізгі талаптар мен ережелер.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І.Кіріспе
1.1 Қазіргі кездегі қонақ үйдің даму тарихынан қысқаша шолу.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қонақ үйдің мәні мен мазмұны
2. 2. Қонақ үйлерді классификациялау, оның түрлері
0.3 . Қонақ үйдің түрлері.
2.4. Кішігірім қонақ үй іс-әрекетін ұйымдастыру және оның спецификасы
2.5. Қонақ үйлердің дәрежесіне қойылатын негізгі талаптар
2.6 Қонақ үй кәсіпорындарының жіктелінуі
ІІІ. Қонақ үйдің даму тұжырымдамасы
3.1. Достық қонақ үйі
3.2 Қазжол қонақ үйі
ІV. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Орта ғасыр (V - VIII ғ) заманында Европа мен Шығыс елдерінде сауда
мен саяхаттың қайта жандануына орай орналастыру мен тамақтану қыз-
мет көрсету саласы дамудың жаңа жолдарына бағытталды.Европалық монастырларда арнайы қонақжайлық орындар пайда болды.
Қайта өрлеу заманында Европа дүние бөлігінде кәсіпкершіліктің дамуы, ат жегілген тарантас, көлік құрылысының пайда болуы қонақтар
тоқтайтын аулалар орындарының көбеюіне септігін тигізді.
XIX ғ.Европа мен Америкада өндірістік революция нәтижесінде көлік
түрлерінің пайда болуы ( пороход, паровоз ) туризмнің дамуына үлкен
ықпалын тигізді.
1930 ж. қонақ үй шаруашылығының Ұлы күйзеліс өзіндік ықпалын тигізді.Екінші дүниежүзілік соғыс кзеңі де өз септігін тигізді.
1950 - 60 ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың тұрақталуы,
қонақ үй шаруашылығының қайта жандануына ықпалын тигізді.Қонақ үйдің жаңа типтері мотель, отель, кемпинг пайда болуы және курорт -
ты қалаларда демалыс қонақ үйлер салына бастады.
ДТҰ мәліметі бойынша 17 млн. адамдар тоқтай алатын қонақ үй жүйелері қалыптасқан.Солардың ішіндегі ең ірілері Шератон ,
Рамада , Марриот , Редиссон қонақ үй кластарына орай
Апартамент , Кондоминниум түрлері пайда болды.
2000 ж. жекеменшік, шағын әртүрлі типтегі қонақ үйлер қалыптасуы
нарықтық жағдайда өтуде.
Зерттеу нысаны- қонақ үй орындары.
Зерттеу мақсаты - қонақ үй түрлері жайлы жалпы мәлімет жинау, саралау, сараптау, және типологиясы мен ерекшеліктерін ашып көрсету.

Зерттеу міндеттері:
1. Қонақ үй ұйымдары туралы мәліметтер жинау
2. Қонақ үй кәсіпорындарына жалпы мәлімет беру
3. Қонақ үйлердегі негізгі қызмет түрлеріне талдап, сараптама беру.
4. Қонақ үйлердің дәрежесіне қойылатын негізгі талаптар мен ережелер.

2.1 Қонақ үйдің мәні мен мазмұны.

Қонақ үй - кең мағынасында қысқа мерзімдік уақытта тұруға
арналған жиһаздандырылған бөлмелер жиынтығы.
Қонақ үй - бұл қызметтерді өндіру және қызметтер көрсету бойынша қалыптасқан күрделі шаруашылық кешені.
ЮНВТО - ның анықтамасы бойынша қонақ үй дегеніміз - белгілі
бір нөмерлер санынан тұратын бірегей басшылығы бар және бір қатар қызметтер түрін көрсететін (кем дегенде төсек орнын ауыстыру және нөмерді жинау тағы басқа) сондай - ақ классқа, категорияға бөлінетін ұжымдық орналастыру құралы.
Қонақ үйлердің негізгі мақсаты - туристер үшін сапалы қызметтер көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көтере алады.
Қонақ үйді басқару ерекшеліктеріне байланысты олар айрықша қонақт үйлер немесе қонақ үй желілері болып бөлінеді.
Барлық қонақ үйлердің қызметтері негізгінен 4 топта қарастырылады:
1. орналастыру
2. тамақтандыру
3. бос уақытты ұйымдастыру
4. тұрмыстық қызмет көрсету
Орын (койка) - бір адам пайдалынатын және тікелей соған арналған төсегі бар жер көлемі.
Қонақ үйдегі номерлер көлемі жағынан, жиһаздандыру жағынан, құрал - жабдығы жағынан, жарақтандырылуы жағынан және тағы басқа сипаттарымен ерекшеленеді.
Категорияға байланыссыз әр бір қонақ үйде келесідей жиһаздар мен құрал - жабдықтар болуы тиіс:
1. төсек
2 2. орындық немесе бір орындық (кресло)
3 3. төсектің жанына арналған тумбочка
4 4. киім ілуге арналған шкаф
5 5. жарық көзі
6 6. қоқыс тастайтын себет
7 7. қонақ үй жөніндегі мәлімет және өрт кезінде болатын қауіпсіздік шарасының жоспары
Қонақтарды тамақтандыру жөнінен қызметтер әр түрлі комбинациядан тұруы мүмкін:
:: өндірістік (ас бөлмесінде тамақтарды даярлау)
:: шаруашылық (дайын өнімдерді сату, ішімдік және сусындарды сату)
:: сервистік (қонақтарға мейрамханаларда, кафелерде, барларда, номерлерді официанттардың қызмет көрсетуі)
Қонақ үйде қосымша болатын қызметтер:
:: бассейндер
:: спорттық жаттығулар (фитнис залдар, тренажор залдар, конференц залдар, келіс сөз жүргізу залдар )
:: автомобильдерді жалға беру
:: химиялық тазалау
:: кір жуу
:: шаштараздық қызмет (сұлулық салон)
:: массаж жасау кабинеттері
Қонақ үйлік бизнесті басқару кезінде көрсетілетін қызметтердің негізгі құрамын ескеру қажет:
1. өндірістік пен тұтыну процесінің бір уақытқа сәйкес келуі
2. қызметті сақтаудың шектеулігі
3. қонақ үйлік қызметтердің сипатының жылдамдығы және жеделдігі
4. персоналдардың өндірістік қатысуы
5. қонақ үйлік қызметтерге сұраныстың маусымдық сипатта болуы
6. саяхат жасау мақсатымен қонақ үйлік қызметтің өзара байланысы

2.2 Қонақ үйлерді классификациялау, оның түрлері
Классификация туралы жалпы түсінік
Қонақ үйдің классификациясы дегеніміз - бұл белгілі бір қонақ үйлері
мен нөмерлерінің қызмет көрсету критерийлері немесе стандарттары
бойынша сай келінуінің анықтамасын айтамыз.
Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы мен туризм
және саяхаттаудың кезекті көп түрлігінің келісімділігімен туристерді
орналастырумен айналысатын мамандардың үйлесімді іс әрекетіне қарай
саяхаттың әртүрлі мақсатына адамдардың материалдық сипатына, ұлттық
құрамына географиялық жағдайына және табиғат ерекшелігіне байланысты.
Қонақ үй классификациясы әр елде әртүрлі категорияларға бөлініп 30-
ға жуық атауға ие.Біртекті классификацияға келуге көптеген себептер мүмкіндік бермейді.Оларға мемлекеттердің тарихы - мәдени даму деңгейі, туристік қызмет көрсетудегі ұлттық дәстүрлер ерекшелігі және сапалы қызмет көрсетудегі бағалауы және сипаты әсер етеді.Кез келген
елде қонақ үй классификациясы өзіне сай разрадтары болады.Ол тиісінше
стандарттардың сапалық параметрлері болып табылады.
Қонақ үйлер жұлдызды, короналық, разрадты жүйе болып бөлінеді: қонақ үйдің разрадтылығы оның имеджіне, престижіне және қонақ үйдің қызмет ету жүйесіне байланысты болады.Әлемде қонақ үйдің бірыңғай жіктемесін енгізу сол елде қалыптасқан ұлттық дәстүрлеріне мемлекеттің тарихи - мәдени ерекшеліктеріне сапа критерийлеріне және тағы басқа кедергі келтіреді.
Қазіргі кезде 30 - дан астам қонақ үйдің классификациясы бар.Сонын ішінде қонақ үйдің орналасу жағынан төмендегідей болуы мүмкін:
1. Қаланың ішінде орналасуы ( орталықта немесе қала шетінде ).Әдетте орталықта орналасқан қонақ үйде іскерлік мақсаттағы қонақ үйлер, отельдер, отель - люкстер және орта класты қонақ үйлер орналасады.
2. Теңіз жағалауында орналасатын қонақ үйлер.Мұнда орналасуына қарай теңізден рарақашықтығы 50 м, 100 м, 150 м, 200 м, 300 м -- ге дейін орналасады.
3. Таулы жердегі қонақ үйлер.Бұл туристік маршрут бойындағы демалуға ыңғайлы жерде көркем пейзажды табиғат аясында орналасатын қонақ
үйлер.
Қонақ үйдің жұмыс мерзіміне байланысты:
1. жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үйлер
2. маусымдық курорттық қонақ үйлер
Қонақ үйлік тарифтеріне байланысты:
1.тарифке -- қонақ үйдің тұру бағасы ғана кіреді (RO) -- Room Only Европалық
2.орналасу және таңғы ас (BB) - Bed and Break fost континенталдық.Таңғы
астың 3 түрі болады:
:: континенталды - сок, кофе, чай, тоқаш және джем;
:: ағылшын таңғы асы - жұмыртқа және сиыр еті;
:: шветтік таңғы асы - ірімшік, шұжық, нан өнімдері, жеміс - шидек, джем
бал, чай және кофе.
3. жартылай пансион - ( орналастыру, таңғы асы, түскі ас және кешкі ас )
(HB) - Half Board.
4.Толық пансион - ( орналастыру және плюс 3 - 4 реттік тамақтандыру )
(FB) - Full Board.
5. Клубтық демалыс жүйесіне маманданған қонақ үйлер - 3 реттік тамақтану,
плюс тәулік бойына тегін закуска, ішімдік және сусындар қоылады.
(I) - Impereal.
Туристік қонақ үй типіндегі қонақ үйлерді таңдап алу бірнеше факторларға байланысты.Олар функционалды және экономикалық,
архитектуралық шарт -тарға тікелей байланысты.
Архитектуралық - болжамдалған туристік қонақ үй мекемесі туристерге мынандай шарттармен қамтамасыз ету керек:
- жоғары дәрежелі қызмет;
- туристердің барлық континентіне шарттарына байланысты жағдай жасау;
- қызмет түрінің жүйелігі;
- қызмет көрсетуге, тамақтандыруға, спортты қызмет көрсетуге кеткен минималды шығындар;
- құрылысқа және сол құрылысты жүргізуге жіберілген шығындар.
Кез келген туристік мекеменің фунционалды сұраныстарын айқындау кезінде, бірнеше басты классификациялық факторларға байланысты: а)қызмет көрсетілген континенттің, олардың жас ерекшелігіне байланысты,
социалды құрылымына байланысты, бос уақыттарына байланысты ерекшеленеді.Көбінесе туристік қонақ үйлер туристерге көрсететін қыз -
метті бір ыңғайлылықпен жүргізуге әрекеттенеді ( оқушылар каникул уақытында, балаларымен келген ата - аналар жаз мезгілінде ауылшаруа -
шылығы аудандарынан келген туристер қыс мезгілі ), сияқты уақыттарға бөлінеді.
Қонақ үй және мотелдердің жұмыс бағыты жыл бойына жоспарланады, турбазалар және приюттар -- жыл бойы және жазға жоспарланады.
Кемпингтер тек жаз айында қолданады.Турбазаларда жаз айлары кезінде туристер саны 50 % -- дан асады.Осыған байланысты бұл мекемелерде қосалқы палатка, үйшіктер жалға беріледі, бұл әрине олардың жұмысын жеңілдетеді.Сонымен қатар жаз айларында мұндай туристік мекемелер орын сандарына байланысты, өртке сай іс шаралар жүргізіледі;
в) туристік мекемелерде туристердің орны, сыйымдылығы мезгілдерге байланысты жоспарланады.
Қонақ үй мекемелерінде орын саны мынандай болғаны шарт:
Туристік қонақ үйлерде - 300, 500, 800, 1000;
Туристік базаларда - 500 - ден 1000;
Мотелдерде - 300 - ден көп емес;
Кемпингтерде - 500 - ден көп емес;
Туристік приютарда - 50 -- ден 100 - ге дейін.
Туристік комплекстерде туристердің сыйымдылығы мынандай көрсеткіштерге сай болғаны жөн деп қарастырылады:
- теңіз маңы аудандарда -- 2 - ден 7 мың орын;
- орман маңы және өзен маңы аудандарда - 3 - тен 5 мың орын;
- таулы аудандарда - 2 - ден 5 мың орын.
Қонақ үйге келу ұзақтығына қарай:
1. көп уақытқа келу;
2. қысқа уақытқа келу.
Қонақ үйдің номерлерінің бағасына қарай:
:: бюджеттік бағасы - ( 25 - 35 $ )
:: эконом класты қонақ үй - ( 35 - 55 $ )
:: орта класты қонақ үй - ( 55 - 95 $ )
:: бірінші класты қонақ үй - ( 95 - 195 $ )
:: апортаментті қонақ үй - ( 65 - 125 $ )
:: фешенебель қонақ үй - ( 125 - 425 $ )
Конфорт деңгейіне байланысты:
1. номерлік қордың жағдайына байланысты ( номердің көлемі -- м ), бір орынды бөлмелердің болуына қарай көп бөлмелі номерлер және коммуналдық қамтамасыз етілуі;
2. жиһаздардың санитарлық гигиеналық заттардың болуы;
3. қонақ үйде тамақтандыру кәсіпорындарының бар болуы және олардың жағдайы;
4. қонақ үй ғимаратының, онда жер асты жолдарының және қонақ үй территориясының жағдайы;
5. қонақ үйдегі ақпаратты қамтамасыз ету және технологиялық жарақталуы;
телефон, телевизор, спутник байланыс, тоңазытқыш, мини бар, мини сейф, интернеттердің болуы;
6. қосымша басқа да қызмет түрлерінің болуы.
Номерлік қордың сыйымдылығына байланысты:
1. шағын қонақ үйлер - ( 150 - 200 орындық )
2. орташа қонақ үйлер - ( 100 - 300 - 400 орындық )
3. үлкен қонақ үйлер - ( 300 - 600 - 1000 орындық )
4. гигант қонақ үйлер - ( 1000 - нан жоғары орындар )
Қонақ үй кәсіпорынының іс әрекетіне байланысты:
1.транзитті қонақ үй -- туристерге арналған темір жол, су жағасында орналасуы мүмкін және жол жанында орналасуы мүмкін.
2.мақсаттық - іскерлік бағыттағы қонақ үйлер.Олар: конгрес, синфозим, демалу, курорттық туристік қонақ үйлер.

2.3 Қонақ үйдің түрлері
Қонақ үйдің халықаралық тәжірибеде төмендегідей типтері жиі кездеседі:
1. Апортамент - сиымдылығы жағынан шағын және орташа болып келеді.Бұл ірі қалалар үшін тән.Сондықтанда ол пәтерлік типтегі қонақ үй болып табылады.
2. Эконом класты қонақ үй - сиымдылығы жағынан шағын немесе орташа мөлшердегі кәсіпорын болып табылады және магистралдарға жақын орналасады.
3. Отель - бұл сиымдылығы жағынан әр түрлі мөлшерде болып келетін қалалардың көрікті ыңғайлы жерлерінде орналасатын және де қонақ жайлылықтын барлық түрі ұсынылатын кәсіпорын.
4. Мотель - автобустерге арналған қонақ үйлер.Қаланың сыртында ірі автомобиль жолдарының бойында орналасады немесе туристік орта -
лықтар құрамына кіреді.Тұрақтары, автожағармайлары,техникалық қызмет орындары бар.Ғимараттын сиымдылығы орташа және шағын деңгейге тән.Ең бастысы бұнда клиенттер өз өзіне жұмыс жасайды.
5. Кемпинг - бұл авто, мото туристерге, вело туристерге арналған қаланың сыртында орналасатын кейде мотельдердің жанында орналасатын лагер типті қонақ үйлер.Туристер жазғы айларда палаткаларда түнеп шығу үшін ғана орналасады.Электрмен, сумен, автомашиналарды жуумен және жөндеумен қамтамасыз етіледі.
Автомашиналар қоятын орындар бар.Бұл жерде қосымша қызмет
орындары болуы мүмкін.Кейбір кемпингтер қонақ үйлердің, турбаза -
лардың, мотельдердің құрамына кіреді.Кемпингтер туристік маршруттар бойында, курорттық аудандар мен туристік орталықтарда салынады.
6. Түнеу және таңғы ас типіндегі жеке меншік қонақ үйлер - бұл АҚШ - та кең таралған.Сиымдылығы жағынан орташа болып келеді.
7. Пансион - бұл қарапайым стандартты қызметі шектеулі кәсіпорын.
Бірақ бұнын басты ерекшелігінен қонақтарға толық пансион көрсетіледі, яғни 4 уақыттық ас береді.
2.3 Жұлдыздық жүйе
Жұлдыздық жүйе - бұл қонақ үйлердің классификациясы француз ұлттық классификациясы болып табылады.Барлық қонақ үйлер комфорттылығына байланысты категорияларға бөлініп, жұлдыздық жүйемен белгіленеді, әрбір жұлдыздар саны да бірқатар көбейеді.
Жұлдыздық жүйе - қонақ үйлік қызметтер нарығын толық қамтуға мүмкіндік. Қонақ үйлік кәсіпорын категориясында міндетті түрде қойылатын шегі қарастырылады:
Қонақ үйлік кәсіпорын категориясында міндетті түрде қойылатын шегі қарастырылады:
:: бөлмелер саны
:: ғимараттың көлемі
:: отельдің құрал - жабдықтары
:: жайлылық
:: қызмет көрсетулері
:: мүгедектерге және қимыл қозғалысы шектеулі болған адамдарға
жағдайдың болуы.

2.4 Кішігірім қонақ үй іс-әрекетін ұйымдастыру және оның спецификасы

Қонақ үй шынжырлары демалудың немесе қызметтің жоғарғы деңгейін ұсынады деген түсінік қате, себебі қазіргі таңда мұндай қонақ үйлер туристің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, яғни кішігірім қонақ үйлердің дамуына жол ашады. Мамандардың айтуы бойынша кішігірім қонақ үйлер ХХ ғ типтік жүйедегі қонақ үй болып табылады. Ыңғайлы, демалуға немесе жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер жасалған. Қызмет бағасы қымбат емес.

Соңғы жылдары маркетингтік зерттеу бойынша кішігірім қонақ үйлер көш басшы болып табылады. Бұл қандай категориядағы отелдер? Және мұндай болуының себебі неге байланысты? Деген сұрақ туындайды. Қазіргі таңда орналасу орындарын көлемі бойынша халықаралық немесе ұлттық жіктеу нормасы жоқ.

Тәжірибе бойынша қонақ үйді төрт категорияға бөлеміз. Кішігірім қонақ үй (150 номерге дейін), орта (151-300 номерге дейін), ірілері(301-600номерге дейін) және қонақ үй гиганттары (600номерден жоғары). Әр елде жақша ішіндегі сан әр-түрлі болуы мүмкін. Еуропаның кішігірім қонақ үйлері 50 номерге дейін болса, Америкада 150 номерге дейін саналады. Мұндай қатынаста Қазақстан Еуропаға жақын. Қазір Қазақстанда кішігірім қонақ үйлерге 10 нан 100 номерге дейінгілері жатады.

Кішігірім қонақ үйлер әр клиентке тез үйренеді. Клиенттің ыңғайлылығы үшін барлық жағдай жасайды. Кішігірім қонақ үйлер жұмсақ жүйені қолдану арқылы әр-түрлі жеңілдіктерді ұсынады. Үлкен қонақ үйге барғаннан гөрі кішігірім қонақ үйлер клиентке ыңғайлы, әрі пайдалы. Осылардың барлығы мұндай кәсіпорын түрлерінің нарықта тұрақты және қарқынды дамуына әкеліп соғады. Мұндай қонақ үйлер рентабелді болуы үшін жанжақты дайындалған мамандары болуы керек. Оларға шығынды азайту басты проблема болып отыр. Шығындарды азайту үшін өздері сияқты қонақ үйлермен бірігу, өнімді көтерме бағада сатып алу. Маркетингтік анализ т.с.с. жүргізу керек.

Барлық қонақ үйлер сияқты кішігірім қонақ үйлерде кластарға жіктеледі.

1. Люкс отельдері; персоналдың көп болуымен және клиентке жоғары дәрежелі қызмет көрсетумен сипатталады. Люкс қонақ үйі қаланың орталығында немесе табиғаты жақсы жерде орналасады. Орналасу және қызмет бағасы өте жоғары. Бағасы сапасына сай келеді. Бөлмелер қымбат, мықты заттармен, жоғарғы технологиямен жабдықталған. Мұндай қонақ үйдің қызметін іскерлік мақсаттағы туристер, корпорация басшылары т.с.с тұтынады.

Мысалы, мұндай қонақүйге Алматыдағы Кумбель қонақүй комплексін жатқызуға болады. Жалпы 17 номері, 8 люкс номері бар. 2002 жылы ашылған. 2 орынды номер бағасы 100-150$ тәулігіне, ал люкс номерлер тәулігіне 300-330$ болады.

2. Жоғары кластағы отельдер. Қала төңірегінде орналасқан, білікті персоналмен қамтылған болады. Қызметтің көп түрін ұсыныды. Қызмет бағасы орташадан жоғары. Бөлмелер қымбат жиһаздармен жабдықталған болады. Отельде ресторан орналасқан. Мұндай отельдерге әдетте бизнесмендер, туристер келеді.

3. Орта кластағы отельдер. Қала маңында орналасады. Ұсынуға тиісті қызмет түрін ұсынады. Тарифтер орта деңгейде болады. Басқару командасы жақсы дайындықтан өткен.
4. Экономикалық кластағы қонақүй Қалаға жақын жерде орналасқан немесе жол бойында орналасады, себебі қалаға тез жету үшін. Мұндай қонақүйлерде баға орта деңгейге қарағанда 30-50% төмен болады. Бұл қонақүйлер бизнесмендерге. Туристерге арналған.

Кішігірім қонақүйлердің ыңғайлылығы мен тартымдылығына қойылатын талаптар:

1) Қоршаған ортаға ыңғыйластырып, жергілікті жердің немесе табиғи ланшафттың ерекшеліктеріне теріс келмеуі керек.

2) Ғимарат конструкциясы табиғи-климаттық факторларды ескеріп құрылуы тиіс, теңіз немесе басқа су қоймаларының жақындығы, желдің бағыты мен жылдамдығы т.б.

3) Қонақүй ғимараты эстетикалық, экологиялық, техникалық, санитарлы-гигиеналық нормаға сай болуы керек.

4) Қолдану режимі, жыл бойы немесе маусымдығына байланысты қонақүй көлемі мен биіктігі сәйкестендіріліп соғылады.

5) Қонақүй интерьері ыңғайлы және эстетикалық көріністе болу керек.

6) Қонақүй құрылысын жасауда мүгедек адамдардың қажеттіліктерін ескеруі тиіс, арнайы жабдықталған номерлер, лестница, дәретхана, жуынатын бөлмелердің орналасуын ескеру керек.

7) Қонақүй қызметі автоматтандырылған жүйемен жабдықталуы тиіс. Брондау, билеттерді резервтеу, компютерлік басқару.

8) Клиенттердің қауіпсіздігі әртүрлі жолдармен қамтамас етілуі тиіс. Ішкі электронды сейфтар, электронды құлптар және т.б. қорғау құралдары.

2.5 Қонақ үйлердің дәрежесіне қойылатын негізгі талаптар

1 жұлдызды қонақ үйлер - ғимараты ескі, 1 - 2 қабатты.
Бөлмелерінде терезелері ашылмайды, тек қана барлығына да ортақ коридор, бөлмелердің кіре беріс жері жоқ, полы ағаштан жасалған, холы және сервистік қызмет түрлері жоқ, душы мен дәретханасы бірге орналасқан,саханасы бөлек ғимаратта орналасқан, барлығына да ортақ.
Бөлмелері жиһаздалиаған, 1 - 2 төсек орны бар, үлкен столы, орын -
дықтары, айнасы, кондиционері, телефоны, тоңазытқышы,радиосы жоқ, электор жүйесі ортақ, төсек орын 12 күнге 1 рет ауыстырылады.Қонақ үй ішінде кезекшілік тек қана күндіз, күнделікті күзететін күзеті жоқ.
2 жұлдызды қонақ үйлер - ғимараты бетоннан немесе кірпіштен
салын ған, 1 - 2 қабатты ғимарат.Терезелері ашылады, лоджасы мен балконы жоқ, жалпы кішігірім холы бар.Холы телевизормен және жұмсақ жиһазбен жабдықталған, тек қана жүк тасуға арналған лифті бар.Бөлмелері кішігірім, жиһаздары стандартқа сай емес: төсек, қолдан жасалған гардероб, ванна бөлмесінде айнасы бар; душы дәретханасымен бірге орналасқан.Төсек орын келген мерзімнен бастап 2 рет ауыстыры лады климаты ыстық елдердегі қонақ үйлерде кондиционерлері бар; 1қолсүртетін орамал мен сабын беріледі; стол, орындықтар, тоңазытқыш, телевизор, қонақ үй ішіндегі телефон, қала бойынша телефон кезекшіде бар;электр жүйесі ортақ. Бөлмені жинау күнделікті жүргізілмейді, асхнасы бөлек ғимаратта орналасқан, сервисі көп түрлі емес және ақылы түрде жүргізіледі, қонақ үй ішінде тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі.
3 жұлдызды қонақ үйлер - ғимараты бетоннан немесе кірпішен салынған; 2 - 7 қабатты ғимарат, қонақ үйдегі ортақ холы едәуір үлкен; холда бірнеше телевизоры, кішігірім журналды столдары, ыңғайлы жұмсақ креслолары бар.Қонақ үйде тәулік бойы бар жұмыс істейді.Холы және әрбір қабаты жақсы жарықпен қамтамасыз етілген; қабаттарында кілем төселген; жылдам лифті
( жүк және адам тасымалдауға ) бар.Міндетті түрде қонақ үйдің сыртына аты жазылады.Бөлмелер кішігірім жиһаздармен жабдықталған; стандартты жиһаз, стол мен орындықтардың болмауы да мүмкін.Төсек орны бар; электр жүйесі бөлме бойынша барлығына да ортақ. Терезелері ашылады,балкон мен лоджия міндетті түрде емес, қонақ үйдің қабырғалары суреттермен безендірілген, телевизор пультпен; кондиционер, тоңазытқыш, радиоапаратура бар ( тек қана люкс нөмірлерінде ); қонақ үй бойынша телефон тегін, ал қала бойынша ақылы, дәретхананың ішіне: дәретхана қағазы, орамал ( қол сүртетін және моншалық ) сабын ( күнделікті ауыстырылады ). Бөлмені күнделікті жинайды, төсек орын күнделікті ауыстырылып отырылады; туристердің жеке құнды зат -
тарына арналған сейф ұсынылады.Қонақ үйде тәулік бойғы кезекшілік және күзет жүргізіледі.

4 жұлдызды қонақ үйлер - ғимараты міндетті түрде кірпіштен,
бетоннан салынады.Міндетті түрде сыртқы бетінде қонақ үйдің аты жазылып және демеушілердің жарнамасы болуы шарт.Қонақ үйдің көп қабаттылығы 17 қабатқа дейін болуы мүмкін.Қонақ үйде жылдам лифті( 2 жүк тасымалдауға және 4 - 5 адамдарға арналған ). Холы қазіргі заман талабына сай жиһаздалған, қабырғалары әдемі дизайынды, гүлдермен әсемделген, жалпы жақсы жарықпен және радио - видео - телеаппаратураларымен жабдықталған.Қонақ үйде кешкі мейрамхана, бөлек кафе және түнгі бар жұмыс істейді.
Бассейні қонақ үйдің қасында орналасқан және бильярд ойнайтын
жері бар.Әр қабатта және холында кілем төселінген .Бөлмелері үлкен кіреберісі жиһаздармен және толық жиһазбен жабдықталған.Міндетті түрде: телевизор, магнитола, кондиционер, тоңазытқыш және төсек асты кілемі бар.Қонақ үй ішінде және қала бойынша телефон соғуға болады.Душы дәретханасымен орналасқан, 2 орамал ( қол сүртетін және моншалық ) беріледі.Төсек орнын күнделікті ауыстырылады, бөлме күн делікті жинастырылып отырады.Қонақ үй бойынша кезекшілік пен күзет тәулік бойы жүргізіледі.Буклеттер, визиткалар, қала бойынша проспектілер тегін таратылады.
5 жұлдызды қонақ үйлер -- ғимараты қазіргі заманға талабына сай, көп қабатты.Міндетті түрде сыртқы және ішкі бөлімшелері қымбат соңғы үлгідегі құрылыс материалдарынан салынған.Кіре берісі есігінде міндетті түрде швейцар тұрады.Кіретін есіктері бірнеше, территориясы қоршалған және өте жақсы күтілген ( төсеніштер, гүлдер,клумбалар және тағы басқа ), міндетті түрде туристердің және қонақ үйдің көліктері тұратын орын болады.Бір қабаты қызмет көрсетушілерге арналған орындардан, қызмет көрсетуге арналған құрал - жабдықтар тұратын бөлме кеңістіктері мен бөлмелерден тұрады.
Егер де қонақ үйдің қасында теңіз болса, онда бассейн қонақ үйдің қасынан салынады және теңізге шыға алады.Төбесі жабылған бассейн қорғалмалы қақпамен салынады.Бассейн жағалауында көптеген столдар, тербелмелі креслолар, жатқыштар және тағы басқа нәрселер барлығы тегін.Бұл жерде солярий ( ауа ваннасы ) болуы мүмкін.Массаж және тағы басқа қызмет көрсету түрлері бөлек ақылы түрде жүргізіледі.
Дүниежүзілік стандартқа сай, көп қабаттардың бірінде теннис корты, пинг - понг ойынына арналған корт салынады.Сонымен қатар, бильярд және гольф ойындарына арналған залдары бар.Міндетті түрде 2 кон церттік залдары, біреуі холдың қасында орналасқан, барлығына да ашық. Бұл концерттік залы едәуір үлкен, бірақ саханасыз, түнгі бағдарламасыз, орындықсыз, тегін, ал екінші концерттік залы ақылы.Орталықхолл өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасылық әлеуметтік педагог. Оның қызметтік міндеттері
Ұжымдық орналастыру құралдары
Әлеуметтік жұмыста болжаудың типологиясы
Қазақстандық іскерлік журналистиканың қалыптасуын зерттеу
Қызметті әзірлеудегі сапа
Көңіл көтеру бағдарламалары
Іскери журналистика
Туризм нарығын сегменттеу
Әмбебап компьютерлік технологиялар
Дипломатиялық хаттамалар
Пәндер