Құстардың жіктелуі
І. Кіріспе бөлім.
Құстардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Құстар класына сипаттама.
2. Құстардың көптүрлілігі, мекен ету ортасы.
3. Құстар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер:
а) Маусымдық өзгерістердің себептері.
ә) Табиғат календары.
б) Құстардың қайту себебі.
в) Маусымдық миграция
г) Құстардың ұя салуы.
д) Құстардың балапанына қамқорлығы.
е) Құстардың ұрпағын өрбітуі
ж) Құстарды үйір ету
4. Дүниетану сабағында құстар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді оқыту.
ІІІ. Практикалық бөлім.
IV.Зерттеу жұмысы
V. Қорытынды.

Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні зор. Құстар қунақылығымен, әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да, алуан түрлі сыртқы көрінісімен, ормандарды, тынымбақтарды, шалғындарды және суқоймаларды жандандырып, табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді. Шағын денелі құстар бунақ денелі жәндіктерді жеп, ал жыртқыш құстар кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы таралу мөлшерін реттейді. Көптеген құстар өсімдікпен қоректеніп, олардың жемістерін, тұқымдарын таратады. Өлексемен қоректенетін құстар табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады. Тропиктік аймақта шірнемен қоректену арқылы өсімдіктерді тозаңдандыратын да құстар бар. Құстар – тірі ағзалардың қоректік тізбегіндегі негізгі буын, өйткені оларды басқа жануарлар қорегіне пайдаланады.
Адам құстарды спорттық және әр түрлі мақсатта аулайды. Көптеген құстар өздері қоректеніп, балапандарын жемдеу арқылы бунақденелі жәндіктерді, ауыл шаруашылығына зиянкес жәндіктерді жояды. Жыртқыш құстар кемірушілермен қоректеніп, әр түрлі аурулардың (оба, сары ауру, т.б) таралуын тежейді. Кейбір жыртқыш құстар (бүркіт, қаршыға, жағалтай т.б) саяхатшылыққа пайдаланылады. Қауырсыны (үкі) және мамығы (гага) үшін ауланатын да құстар бар. Тіпті құстардың саңғырығы да пайдаға асырылады – тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Құстардың көптеген түрі қолға үйретіліп, жаңа қолтұқымдар шығарылуда.
Құстарды қорғау. Адамзаттың көптеген мұқтаждарын өтеудегі құстардың мәні баршамызға мәлім. Кіп-кішкене көкшіл шымшықтың бір тәулікте 600 бунақдене жеп, жапалақтың жаз бойы 1000-ға тарта сұртышқан аулауы құстардың адамға таптырмайтын қолғанат екенін дәлелдейді. Еті, жұмыртқасы және мамығы пайдаланылатын құстар қаншама десеңші?! Сондықтан да қанатты достарымызды сақтап қалудың барлық шаралары жасалуда.
1980 жылы қабылданған жануарлар туралы заңда сайрағыш құстарды өлтіруге, олардың ұяларын бұзуға тыйым салынып, жыртқыш құстарды қорғау, кәсіптік мәні бар құстарды аулаудың қатаң мерзімі белгіленіп көбею кезінде құстарды аулауға заң арқылы тыйым салынады.
Тұяқты құстардың ішіндегі аңшылық кәсіпке ең керектісі әрі пайдалысы – қыран заттылар. Олар жаратылысынан түйсігі мол, сезгіш жануар болғандықтан да адамның қолына үйренуге икемді келеді. Тумысынан аң, құс алып, кәделі қызмет атқаруға лайықталып жаралған қыран құстардың негізгі тұқымы үш түрлі. Олар: бүркіт, қаршыға, сұңқар тектес қанаттылар. Бұл көрсеткен үш текті құстың жаратылысы өзге құстан бүтіндей басқа. Олар түз құсының ішіндегі ең қарулысы, тегеуріндісі әрі ұшқыры және олардың тұяқ, тұмсық бітісі де басқа құстан өзегеше келеді. Сондықтан да оларды саятшылар тілінде “қыран құс” деп атайды.
Қыран құстар түзде өз еркімен емін-еркін ұшып жүріп әрқайсысы өзінің болат тұяқтарына сеніп, оны күшті қару қылып жұмсап, өзіне керек жемін алып тіршілік жасайды. Бұлардың дағдылы ісі – бір ғана түз аңын жеп күнелту болғандықтан да олар жапан түз, сары дала демей, ұша береді, өте кезеген келеді. Қай жерде желбесін құс, аң көп болса – сол жерді баса сағалап, өмірін көбінесе ұшумен өткізеді. Жердің алыс-жақынына қарамайды. Әбден жемсіреп, аңға құмартқан кезінде олар көз жетпес қиянға да, сағымды далаға да жол тарта береді.

1. С.А. Веретенникова – «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру»
2. Энциклопедия «Қазақстандағы жануарлар әлемі»
3. Маңғыстау энциклопедиясы. Алматы, 1997 жыл. Атамұра баспасы.
4. А. Байғабылова. Қазақстан құстары ғажайып әлем. Алматы, Аруана 2003 жыл.
5. С. Қондыбаев. Маңғыстау географиясы. Алматы қанағат- ҚС-1997 жыл.
6. М. Естұрсынов, Ш.С.Набидоллина «Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі»
7. Табиғаттану кітабы.
8. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева «Биология» оқулығы, 7-сынып
9. Э.И.Гаврилов. "Фауна и распространение птиц Казахстана". Алматы, 1999.
10. "Жизнь Животных" том 5. Птицы. Москва. "Просвещение", 1970.
11. В.К.Рябицев. "Птицы Урала, Приуралья и Западной Сибири".
Екатеринбург. Изд-во Уральского университета, 2000
12. Р.Л.Бёме, А.А.Кузнецов "Птицы открытых и околоводных пространств СССР" Москва. "Просвещение", 1983.
13. А.Ф.Ковшарь "Хищные птицы". Алма-Ата, "Кайнар", 1983 г.

Тақырыбы: Құстардың жіктелуі
Пәні: Дүниетану
Орындаған:
Жетекшісі:
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім.
Құстардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Құстар класына сипаттама.
2. Құстардың көптүрлілігі, мекен ету ортасы.
3. Құстар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер:
а) Маусымдық өзгерістердің себептері.
ә) Табиғат календары.
б) Құстардың қайту себебі.
в) Маусымдық миграция
г) Құстардың ұя салуы.
д) Құстардың балапанына қамқорлығы.
е) Құстардың ұрпағын өрбітуі
ж) Құстарды үйір ету
4. Дүниетану сабағында құстар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді оқыту.
ІІІ. Практикалық бөлім.
IV.Зерттеу жұмысы
V. Қорытынды.
Құстар әлемінің ерекшеліктері
Дүниетану пәні бойынша базалық білім мазмұны.
Құстар:
Құстар тіршілігінің маусымдық өзгерісі. Құстардың көбеюі. Құстар тіршілігіне қажетті жағдайлар: жарық, су, қорек, баспана т.б. Құстардың тіршілік ортасына бейімділігі, қоректенуі.
Жойылып бара жатқан құстар.
Қазақстандағы Қызыл кітапқа енген құстар.
Білім:
-құстардың тіршілігіне қажетті жағдайлар; құстардың тіршілік
ортасына икемделуі;
- құстар тіршілігінің жыл мезгілдеріне байланысты өзгерісі;
-құстар тіршілігіне маусымдық өзгерістің тигізетін әсері;
-құстарды сақтау, қорғау үшін жасалған қорықтар жайында білуі тиіс.
Білік:
-жергілікті құстар тіршілігін бақылауы, олардың түр-түсін, қоректенуін, тіршілік әрекетін қысқаша сипаттауы;
-жыл мезгіліне байланысты құстар тіршілігінің өзгерісін бақылауы;
-көктемгі, күзгі, қысқы, жазғы құстар тіршілігін бақылауы, байқағандарын ауызша айтуы;
-Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы мағұлматтар жинауы, құстардың суретін дәптерге салуы.
Пән бойынша оқу жүктемесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес Дүниетану оқу пәнінің апталық жүктеме сағаты:
1 сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылында - 68 сағат;
2 сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылында - 68 сағат;
3 сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылында - 68 сағат;
4 сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылында - 68 сағат.
1 сынып Дүниетану
Жануарлар әлемі
Сүт қоректілер
Бунақденелілер
Қосмекенділер және жорғалаушылар
Балықтар
Құстар
2-сынып Дүниетану
Жануарлар
Құстардың алуан түрлілігі
Құстар қалай өсіп өнеді?
Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы.

Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні зор. Құстар қунақылығымен, әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да, алуан түрлі сыртқы көрінісімен, ормандарды, тынымбақтарды, шалғындарды және суқоймаларды жандандырып, табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді. Шағын денелі құстар бунақ денелі жәндіктерді жеп, ал жыртқыш құстар кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы таралу мөлшерін реттейді. Көптеген құстар өсімдікпен қоректеніп, олардың жемістерін, тұқымдарын таратады. Өлексемен қоректенетін құстар табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады. Тропиктік аймақта шірнемен қоректену арқылы өсімдіктерді тозаңдандыратын да құстар бар. Құстар - тірі ағзалардың қоректік тізбегіндегі негізгі буын, өйткені оларды басқа жануарлар қорегіне пайдаланады.
Адам құстарды спорттық және әр түрлі мақсатта аулайды. Көптеген құстар өздері қоректеніп, балапандарын жемдеу арқылы бунақденелі жәндіктерді, ауыл шаруашылығына зиянкес жәндіктерді жояды. Жыртқыш құстар кемірушілермен қоректеніп, әр түрлі аурулардың (оба, сары ауру, т.б) таралуын тежейді. Кейбір жыртқыш құстар (бүркіт, қаршыға, жағалтай т.б) саяхатшылыққа пайдаланылады. Қауырсыны (үкі) және мамығы (гага) үшін ауланатын да құстар бар. Тіпті құстардың саңғырығы да пайдаға асырылады - тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Құстардың көптеген түрі қолға үйретіліп, жаңа қолтұқымдар шығарылуда.
Құстарды қорғау. Адамзаттың көптеген мұқтаждарын өтеудегі құстардың мәні баршамызға мәлім. Кіп-кішкене көкшіл шымшықтың бір тәулікте 600 бунақдене жеп, жапалақтың жаз бойы 1000-ға тарта сұртышқан аулауы құстардың адамға таптырмайтын қолғанат екенін дәлелдейді. Еті, жұмыртқасы және мамығы пайдаланылатын құстар қаншама десеңші?! Сондықтан да қанатты достарымызды сақтап қалудың барлық шаралары жасалуда.
1980 жылы қабылданған жануарлар туралы заңда сайрағыш құстарды өлтіруге, олардың ұяларын бұзуға тыйым салынып, жыртқыш құстарды қорғау, кәсіптік мәні бар құстарды аулаудың қатаң мерзімі белгіленіп көбею кезінде құстарды аулауға заң арқылы тыйым салынады.
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген құстар тізімі
Қызғылт бірқазан - 1- дәреже
Бұйра бірқазан - 2-дәреже
Сары құтан - 2 - дәреже
Кіші аққұтан - 3-дәреже
Қалбағай - 2-дәреже
Қарабай - 2-дәреже
Ақ ләйлек - 1-дәреже
Қара ләйлек - 3-дәреже
Қоқиқаз - 2-дәреже
Қызылжемсаулы қарашақаз - 2-дәреже
Қытай қазы, қутұмсық - 1-дәреже
Сұңқылдақ аққу - 2-дәреже
Кіші аққу - 5-дәреже
Мәрмәр шүрегей - 1-дәреже
Алакөз сүңгуір - 3-дәреже
Дентұмсық түрпан - 3-дәреже
Қара тұрпан - 3-дәреже
Ақбас үйрек - 1-дәреже
Балықшы тұйғын - 1-дәреже
Жыланжегіщ қыран - 2-дәреже
Бақалтақ қыран - 3-дәреже
Дала қыраны - 5-дәреже
Қарақұс - 3-дәреже
Бүркіт - 3-дәреже
Кезқұйрықты субүркіт - 1-дәреже
Аққұйрықты субүркіт - 1-дәреже
Сақалтай - 3-дәреже
Жұртшы - 3-дәреже
Құмай - 4-дәреже
Ақ сұңқар - 3-дәреже
Ителгі - 1-дәреже
Құстардың жіктелуі
Саятшылардың анықтауынша, жалпы құс атаулы біріне-бірі қарама-қайшы жаратылған екі үлкен топқа бөлінеді. Оның бірі - "желбесін құстар", екіншісі - "тұяқты құстар". Бұларды ескі ұғым бойынша бұрын "адал құс", "арам құс" деп атап келген.
Желбесін құс дегеніміз - етін жеп, мамық жүнін шаруаға жарататын пайдалы құстардың тобы. Бұлардың өзі тіршілік етуіне қарай екі жікке айырылады: суға жүзіп, су ішіндегі неше түрлі жұмсақ жалбыз, балдырған жапырақ, қазоты секілді шөптер мен минералдарды, құм, сүлік, балық, молюскаларды жеп күнелтетін құстарды "су құстары" дейді. Олар - аққу, қоңырқаз, қоқиқаз (қызыл қаз), бірқазан, қалбағай, аққұтан, көкқұтан, керқұтан, әупілдек, шағалалар, тағы толып жатқан неше алуан құстар.
Ал, суға жүзе алмайтын, қырда жүріп шалғын шөп, бидайық, бетеге, жусан, тамырдың түбі, ащы кертарлан өсімдіктерді және құрт-құмырсқа, шегіртке, неше түрлі шыбын-шіркейді қорек етіп, суды сирек ішетін қанаттылар тобын "қыр құстары" деп атайды. Бұл топқа кіретіндер - дуадақ, жорға дуадақ, безгелдек, оқпақ, қарабай, тырна, шыңырау, тарғақ, тағы басқалар.
Кейбір құстар тау ішіндегі шытырман сай-саланы, ну орманды, бұталы, тоғайлы өзен бойларын көбірек сағалап, қыр мен сулы өлкені бірдей жайлап жүреді. Олар - қырғауыл, құр, шіл, ұлар, тауқұдірет, орақтұмсық, сутауық, бөдене (бытпылдақ), бұлдырық сияқты қанаттылар. Саятшылық кәсібіне кіретін құстардың көпшілігі, әсіресе, қопалы көлді, қамысты, желкенді су бойларын, қақшымақ сорды көбірек мекендейді. Ондай құстардың тобына кіретіндер - сүңгуір үйректер, сарыалақаз, торыалақаз, италақаз, жылқышы, балшықшы, қызғыш, қаралақалқа, тағы да басқалар. Қаншыр тұқымдастардың ішіндегі тырна, қарабай, шыңырау, шағала сияқты құстар болмаса, өзгесінің барлығы да етін жеп, мамық жүнін шаруаға жаратуға келетін пайдалы желбесін құстар болып саналады. Тырна, шыңырау, қарабай, шағала тәрізді құстар көбінесе кесірткі, жылан, бақа сияқты жәндіктерді қорек ететін болғандықтан да олардың еті өте дәмсіз және улы келеді. Сондықтан да олар жеуге келмейді және саятшылар олардың соңына түспейді де. Қопалы көлді, өзен бойын сағалайтын құтан, қалбағай тұқымдас құстардың да бағалы мамық жүні болмаса, еті онша дәмді бола қоймайды.
Ал енді тұяқты құстарға келсек, олар да өзара екі топтан құралады. Бұлардың бір тобы - адамның үйретуіне көніп, аңшылық кәсібіне қызмет ететін "қыран заты" болса, енді бір тобы - не шаруашылыққа, не аңшылық кәсіпке пайдалануға келмейтін "керексіз заттылар" болып табылады. Бұл соңғыға қосылатындар: әртүрлі қарақұстар (көкжөре, күшеген, балтақұстар, сақалтақ), субүркіт, саңқылдақ, сарышағыл, саржала, жаламансары, бөктергі, кезқұйрық, құладын, күйкентай, ақсары, ақүкі, жапалақ, тағы сол сияқты өлексе, тышқан, кесірткі, бақа, жылан жеп күнелтетін құстар. Өзінің күнкөріс, тіршілік әдетіне қарай құзғын, қарға, сауысқан тектес құстар да осы айтқан топқа кіреді.
Тұяқты құстардың ішіндегі аңшылық кәсіпке ең керектісі әрі пайдалысы - қыран заттылар. Олар жаратылысынан түйсігі мол, сезгіш жануар болғандықтан да адамның қолына үйренуге икемді келеді. Тумысынан аң, құс алып, кәделі қызмет атқаруға лайықталып жаралған қыран құстардың негізгі тұқымы үш түрлі. Олар: бүркіт, қаршыға, сұңқар тектес қанаттылар. Бұл көрсеткен үш текті құстың жаратылысы өзге құстан бүтіндей басқа. Олар түз құсының ішіндегі ең қарулысы, тегеуріндісі әрі ұшқыры және олардың тұяқ, тұмсық бітісі де басқа құстан өзегеше келеді. Сондықтан да оларды саятшылар тілінде "қыран құс" деп атайды.
Қыран құстар түзде өз еркімен емін-еркін ұшып жүріп әрқайсысы өзінің болат тұяқтарына сеніп, оны күшті қару қылып жұмсап, өзіне керек жемін алып тіршілік жасайды. Бұлардың дағдылы ісі - бір ғана түз аңын жеп күнелту болғандықтан да олар жапан түз, сары дала демей, ұша береді, өте кезеген келеді. Қай жерде желбесін құс, аң көп болса - сол жерді баса сағалап, өмірін көбінесе ұшумен өткізеді. Жердің алыс-жақынына қарамайды. Әбден жемсіреп, аңға құмартқан кезінде олар көз жетпес қиянға да, сағымды далаға да жол тарта береді.
Қыран құстардың тіршілігі осы тәрізді ылғи аң аулау әрекетімен байланысты болғандықтан да олардың дене құрылысы, мүше-бітімдері де өзгеше жаратылған, талмай ұзақ ұшуға бейімделген. Аспанда үздіксіз ұшқан кезде солқақтамай, талмай жинақы ұшуы үшін олардың сүйектері жинақы, бірімен-бірі тұтаса, дене құрылысы жұмыр біткен. Бұл, әрине, саят құстарының ұшу мерзімін ұзартатын негізгі фактордың бірі. Ұшуға ыңғайлы, жұмыр, жинақы біткен дене бітімі саят құстарына сыпылдап ұйытқи ұшуына не сыпырма ағыза ұшуына пәлендей ауырлық келтірмейді, қанатымен денесін еркін ұстап, оны неше аунап құбылтып отыруына мүмкіндік береді. Оларға кенеттен жоғары қарай атылу, не құдия төмен сорғалау, не қырындап бұлдырай ұшу ешбір қиындық келтірмейді. Бұл сипат, әсіресе, қаршыға, лашын, сұңқар тектес құстарда көбірек кездеседі.
Саят құстарының денесінің жинақы болуы көбінесе, олардың арқа омыртқасы мен құйымшақ, төс сүйегіне тікелей байланысты. Лашын, сұңқар тұқымдас құстардың арқа мойын омыртқаларында буын болмайды, олар қайнаса бітеді. Сондықтан бұлар әрі ұшқыр, әрі тегеуірінді келеді. Қыран құстардың қайсысының да болсын, барлығының да жая, төс сүйектері берік, шымыр және кең болады. Бұғана сүйектері келдек, әлді болып бітеді. Төс сүйегінің қабырғамен астасатын шеті жұмыр, ал бауыр жағы тік қырлы келіп, желқайықтың төсіне ұқсап тұрады. Жалпы, айтқанда, төс сүйек пен арқа омыртқа сүйектері саят құстарының денесін тұтастырып тұратын орталық мүшелер. Өзге сүйектер оларға жалғаса бітіп, саят құстарының денесіне ерекше тегеурін бітіреді.
Төс сүйекпен тұтасып бітетін мүшелер бұғана, қарсүйек, жауырын. Саят құстарының күш алатын ең мықты сүйегінің бірі - бұғана. Ол өте шымыр, соқталы келіп, оның шодыр бастарының бір ұшы арқа омыртқамен қайнасып, енді бір ұшы төс сүйекпен жалғаса бітеді. Қазақ саятшылары мұны "төс айшық" дейді. Екінші сөзбен айтқанда, бұғана мен қабырға сүйектері саят құстарының арқа мен төс сүйектерін тұтастырып тұратын ең күрделі әрі негізгі мүшелеріне жатады.
Саят құстарының ұшқырлығына себепкер болатын ең негізгі мүшенің бірі - иық сүйектері мен қартопшы сүйектері. Оған кіретіндері - жауырын, қарсүйек не тоқпақ жілік, шынтақ сүйек, білезік сүйектер. Құстар ұшқан кезде қанатын тежеп күш алып отыруы, көбінесе, осы жоғарыда айтқан қар иық сүйектері мен топшы сүйектеріне тікелей байланысты.
Қыран құстардың қар сүйегі өте балғын, соқталы келіп, оның жауырын мен кәрі жілікке (не шынтақ сүйекке) жалғасатын екі басы өте берік, темір тектеніп бітеді. Дегенмен олардың қар сүйегі денесіне жақын, жауырынмен тұтасып біткендіктен де оған ұшатын ұзын қанат емес, тек қана мықты, қысқа қауырсындар ғана өседі. Ұшатын ұзын қанаттар (шалғы) тек топшы мен білек сүйектерден салаланып шығады. Сондықтан қар сүйектен гөрі топшы сүйектер әрі ұзын, әрі шымыр, берігірек келеді. Қыран құстардың күшті, шалымды, ұшқыр болуына, әсіресе, осы топшы сүйектері көп әсер етеді. Ал қанат топшы сүйектер қағылшаң, берік, ырғақты, қозғалғыш келіп, құстардың ұшуына аса ыңғайлы жағдай жасайды. Қаршыға, тұйғын, қырғи сияқты құстардың сонша шапшаң, сыпылдап ұшатыны олардың қанат сүйектерінің өте қолайлы болып келуіне байланысты.
Саят құстарының бас сүйегіне келсек, ол да құйған болаттай қайнаса біткен өте шымыр, қағылшаң келіп, желке жағы біраз сыпырықтанып тұрады. Өткір, қырағы көздері еркін қозғалуы үшін олардың көз ұясы кең, аумақты болып бітеді. Сондықтан өзгеше біткен жарқабақтары жан-жағына жоғары-төмен қарауға қолайлы мүмкіндік тудырады. Көз алды шіркеусіз ашық болған соң іздеген жемін қиядан көреді, қырағы келеді. Қыран құстардың өте қырағы болуының енді бір себебі, олардың қарақұсындағы сүйегінің желкесіне қарай шодырая бітуінде. Бұл сүйек саят құстарына айқын бағыт көрсетіп, олардың көз жаздырмайтын шырағы тәрізденіп тұрады. Қазақ саятшылары құсқа томаға орнатарда оны қарақұстың осы шодыр басына кигізеді.
- Қыран құстардың өз тіршілігіндегі ең мықты қаруының бірі - олардың көк мүйіз болат тұмсығы. Мүйізді болат тұмсық тек қана аңды боршалап, оның етін сүйегінен айырып жеу үшін жұмсалады.
Саят құстарының тұмсығы өте берік, кейкі тұмсықтың ішіне қарай имие біткен үшкір қармағы өте берік келеді. Олардың аузын самқайтын жиектері де аса өткір, қиғаш, кейбіреуінікі қияқтанып тұрады. Өткір араның тісі сияқты самқау, жиектері қияқты келеді.
Саят құстарының көз алдының қабығы күс басқан қара қылшықтанып тұрады. Және олардың әрбірінің тегіне, жасына қарай ол қабық қызыл, жасыл, сарғылт, көгілдір-қоңыр болып әр тұста кездесіп отырады. Бұл қабық саят құстарының қай текке жататынын көрсететін негізгі ерекшеліктерінің бірі, сондықтан оны "көз алдының қабығы" не "кеңсірік қабығы" деп атайды. Сол кеңсірік қабық пен езудің (самқау) арасын ала көлденеңінен танаудың тесігі орналасқан. Және әрбір қыран құстарының тегіне қарай олардың танау тесігі де әр алуан түрде кездеседі. Мәсе - лен, бүркіт, қаршыға тектес құстардың танау тесігі көлденең тартқан сопақтау, "жарма тесік" болса, сұңқар, лашын тектес құстардікі дөңгеленіп келген тік не "шұңқыр тесік" түрінде жолығады. Екінші жағынан, әрбір саят құстарының алатын аңына, жейтін жеміне қарай, олардың шоқитын тұмсығы да үлкен-кішілі болып кездесіп отырады. Қаршыға, сұңқар тұқымдас құстардың тұмсығының түп жағы келтелеу, соқталы келіп, имек ұшы едәуір ұзын, әрі үшкір, жарғыш болады.
Саят құстарының енді бір зор қаруы олардың алмас тұяқтары. Тегеурінді болат тұяқ көбінесе аңды бұлжытпай ұстап, кенеттен іліп әкету үшін керек. Тұяқтың ат - қаратын қызметі осы болған соң оның құрылысы да соған қарай бейімделе біткен.
Саят құстарының тұяқтары мейлінше тегеурінді, мықты, әрі жарғыш үшкір, желбесін құстарды бүріп қысса мытып жіберетіндей аса қабілетті келеді. Олардың тұяқтары тек қана аңды бүріп ұстауға арналған соң, көбінесе салалы келіп, саусақ сүйектерінің ұшын ала тұрады. Екінші жағынан, саят құстарының тұяғының әлді болуы олардың аяғының кеспелтек берік жаралуына байланысты. Олардың аяғы сердиген ұзын болмай, аңды бүріп қысуға бейімделген, өте ықшам, мықты келеді.
Қыран құстардың саусақтары сырт жағынан шодырайып, күс-күс болып тұрады. Оның үшеуі алға қарай бейімделе бітсе, енді біреуі артқа қарай бітеді. Қазақ саятшыларының тілінде оның алға қарай біткені - "жембасар", артқа қарай біткені - "тегеурін" деп аталады. Желбесін құстарға түскенде осы төрт шеңгелді айқастырып, аңды сонымен мұқатады.
Қыран құстардың аяғының құдіретті болуы, әсіресе, олардың бұлшық етінің аса шымыр бітіп, тарамыс сіңірлерінің берік, айқасып жатуында. Бұлшық ет пен тарамыс сіңірлер сүйекпен бірге берік байланыса біткен соң, ол саят құстарының күш алатын үлкен қаруы болып табылады. Тарамыс сіңірлердің қатты күш көрсететін кезі, әсіресе, саят құстарының жемге түсіп, аңмен алысатын уақыты. Тарамыс сіңірлер ондай кезде құстың сан етін создырмайды, оның болат тұяғы аңмен айқасқанда көмек көрсетеді.
Кейде аңғырт жас бүркіттер түлкіге түсіп, қан майдандасып жатқанда, жырынды саятшылар: құсымның саусағын түлкі шайнап кетпесе еді, болмаса балақ етін жыртып алмаса еді, не қанатын сындырып кетпесе еді деп қатты алаңдаумен бо - лады. Өйткені, бұл үш мүшенің үшеуі де саят құстарының жаратылыс ерекшелігін көрсететін, оның ең күрделі қарулары ғой.
Ылғи аңмен алысып күн өткізетін саят құстарының тарамыс бітісі де басқа хайуандікінен өзгешерек. Бұлардың тарамысы жембасар мен тегеуріннің бауырын ала иректеле бітіп, оның әрбір ирегіне шодырайған сіңір қыры дәл келіп отырады. Сөйтіп, тұяқты қысып-жазғанда мықты тарамыстың ирегіне буындағы сіңір қырының дәл келіп отыруы құстың тегеурініне ерекше күш береді. Соның нәтижесінде оның шеңгеліне түскен желбесін құстар темір қысқыштың арасына түскендей жаншылып отырады.
Қырандардың желбесін құстарды қысып, бауырына басатын саусақтарының ішкі жағын саятшылар "шеңгел", не "алақан" болмаса "табан" дейді. Олардың бұл жері күс-күс, шодыр, құж-құж көріністе болып келеді. Осындағы кіреукелі қабықтар тұяқтың түбінен балақ жүннің шетіне дейін тұтасып жатады. Бірақ саят құстарының бәрінің аяғы құжыр аяқ келеді деп айтуға болмайды, кейбір сұңқар тектес құстардың аяғы жембасардың үстіңгі жиегіне дейін жүнмен жабылып тұрады. Ол балақ жүн деп аталады.
Саят құстарының тұяғы іліп алуға, қысуға лайықтанған өте үшкір, шалымды, үш жағы қармақ тәрізді имек келеді. Орта саусағының тұяғы (жембасар) өзгесінен сәл ұзынырақ, іле түсуге ыңғайлы, үшкір болады. Алған жемді мытып жаншуға арналған ең мықты тұяқ тегеурін, яғни артқы бармақ тұяқ өзгелерінен анағұрлым әлдірек келеді. Бүркіт аңға түскенде, осы екі тұяқ бірімен бірі айқаса кіріп, саятшы - лар оны жемнен айыра алмай, көп әуреге түседі. Ірі аң алуға бейімделген қарулы түз бүркіттерінің саусағы дембелше, быртиған, жуан келіп, олжаны қусырып әкетуге бейімделген ересен күшті болады. Кейбір тентек бүркіттер ауылдағы итке не балаға түскенде, оны ең мықты деген жігіттердің өзі әзер айырып алатын кездері болған.
Құстар класына сипаттама
Құстар - ұшуға бейімделген жоғары сатылы омыртқалы жануарлар тобы. Олар бүкіл жер шарына таралған. Зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы - орнитология (грекше орнитес - құс+ логос - ғылым).
Құстардың денесін қауырсындар жауып жатады, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, ішіне ауа толғандықтан (пневматикалы) сүйектері өте жеңіл. Бауырымен жорғалаушыларға қарағанда құстардың қан айналу системасы едәуір жетілген. Жүрегі төрт камералы. Артерия қандары мен вена қандары бір - бірімен араласпайды.
Құстар - жылы қанды жануарлар. Артериялық және веналық қан ағыстарының бөлінуінен қан айналуы шапшаңдайды да, газ алмасу қарқынды жүріп, дене температурасының жоғары, орташа 42˚ - қа тең болуына себепші болады.
Зат алмасуының күшеюіне байланысты құстар да өз денесінің салмағына тең мөлшердегі насекомдарды жейді.
Бауырымен жорғаушыларға қарағанда нерв системасы да едәуір жақсы дамыған. Сондықтан құстардың мінез - қылығы да едәуір күрделі. Олар шартты рефлекстерге оңай дағдыланады.
Бұрын қарастырып өткен жануарлар типіндегі өкілдердің ұрпаққа қамқорлығы болымсыз ғана еді. Құстар болса ұя салады, жұмыртқа басып шығарады, балапандарын қоректендіреді.
Құстар жетілген балапанды және қызылшақа балапанды (болжыр балапанды) болып екіге бөлінеді.
Жетілген балапанды құстардың балапаны жұмыртқадан шығысымен едәуір бейімделіп: көздері бар, қозғалуға қабілетті, жемін теріп жейтін болады. Жетілген балапанды құстарға тауықтар, үйректер, қаздар, құрлар т.б. құстар жатады.
Қызылшақа балапанды құстардың балапандары жұмыртқадан: денесі қауырсынсыз, соқыр, ата-анасы қоректендіретін дәрменсіз болып шығады. Қызылшақа балапанды құстарға барлық сайрағыш құстар, қарғалар, кептерлер т.б. жатады.
Құстар классификациясы күрделі болады. Отызға тарта отрядтар бар деп есептеледі. Төменде қырсыз төс құстар, пингвиндер және аршын төс құстардың кәдімгі өкілдеріне сипаттама беріледі.
Қырсыз төс құстар Африкада, Аравияда, Австралияда, Оңтүстік Америкада және Жаңа Зеландияда тіршілік етеді.
Құстар - ұрыққабықты жануарлар тобының ұшуға бейімделген бір класы. Бұл омыртқалы жануарлардың алдыңғы аяқтары қанатқа айналып, денесі қауырсынмен қапталған. Дене температурасы тұрақты болғандықтан, құстар жылықанды жануарларға жатады. Денесін, құйрығы мен қанатын қаптаған қауырсын құстың шапшаң ұшуына зор мүмкіндік туғызады.
Құстар өкпе арқылы тыныс алады, жүрегі төрт бөлікті, зәршығару мүшесі - бүйрек, іштей ұрықтанады, жұмыртқа салып көбейеді.
Қазіргі кезде жер бетінде құстардың 9000-ға тарта түрлері, бұрынғы КСРО-да шамамен 800-дей және Қазақстанда 498 түрі мекендейді. Осы заманғы құстар 28 отрядқа топтастырылады. Жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін құстардың 200 түрі мен 83 түртармақтары ХТҚО-ның, 80 түрі бұрынғы КСРО-ның және 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Құстардың сыртқы құрылысы және тіршілік әрекеті.
Дене пішіні. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардың тұлғасы жинақы да жұмыр болып келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері, тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын-қысқалығы, қанаттары мен құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше нұсқаларда кездеседі.
Бассүйектің созындысы ретіндегі мүйізбен қапталған құстың тұмсығы екі бөліктен құралады: үстіңгі бөлігі - тұмсықүсті, ал астыңғы бөлігі тұмсықасты деп аталады. Кейбір құстардың (сұңқар тәрізділер, жапалақ тәрізділер, кептерлер және тоты тәрізділер) тұмсықүстіндегі тесік тұсында қалың тері қабаттары болады, ол балсірі деп аталады. Құстар ұшатын болғандықтан, алдыңғы аяғы өзгеріп, қанатқа айналған. Олар жайшылықта екі қанатын қомдап, қапталына жиыстырып алады.
Құстар жерде жорғалағанда, ағашқа өрмелегенде, көтеріліп ұшарда және қонарда денесінің барлық ауыртпалығы аяғына түседі. Аяғы төрт бөліктен құралады: сан, сирақ, жіліншік және саусақтар. Әдетте құстардың төрт саусағы болғанымен де кейде үш, тіпті екі саусақты да (африкалық түйеқұс) құстар кездеседі. Төрт саусақтың үшеуі алға қарай, ал біреуі артқа қарай бағытталады, саусақтардың ұшында тырнақ болады. Тауықтәрізділер отрядына жататын құстар (тауық, қырғауыл) аталығының жіліншігінде саусақтардан басқа сүйекті өсінді болады, ол тепкі деп аталады. Құстардың саусақтарын, әсіресе жіліншігін, кейбір құстардың сирақтарын мүйізді қалқаншалар қаптайды. Бұл құстардың арғы тегінің жорғалаушылардан шыққанын дәлелдейді.
Тері және тері түзілістері. Құстың денесі құрғақ та жұқа терімен қапталады. Теріде без болмайды, тек май тәрізді сұйықтық бөлетін бір ғана без - құйымшақ безі құйрық омыртқалардың үстінде орналасып, құс қауырсынының суланбауына, серпімді болуына мүмкіндік жасайды. Құйымшақ безі әсіресе суда жүзетін құстарда күшті дамыған, ал құрғақ климатты мекендейтін түйеқұс, дуадақ, тоты және кейбір кептер тұқымдастарда құйымшақ без мүлде болмайды.
Құстың денесін қауырсын қаптап жатады. Қауырсын дегеніміз - терінң үстіңгі қабатындағы теріден пайда болған түзіліс. Құстың басқа жануарлардан ерекшелігі - денесін жамылғы қауырсын қаптап жатады. Қауырсын мүйізді заттан түзіліп, мынадай бөліктерден құралады: қалам, сояу және пәр. Қауырсынның теріге қадалатын ұшы қалам деп аталады. Сояу дегеніміз - ортасында мүйізденген кеуекті өзегі бар тығыз мүйізден тұратын түтік. Сояудың екі жағында орналасқан майысқақ, жіңішке мұртшалар жиынтығы қауырсынның пәрі деп аталады.
Енді пәрдің құрылысына назар аударайық. Сояудың екі жағындағы мұртшалардан түзілген майысқақ пәрді саусақпен ажыратуға да, қайтадан біріктіруге де болады. Оның мәнісі неде? Сояудың екі жағына ең алдымен жуантықтау тармақтар түзіледі, бұларды мұрт деп атайды. Мұрттан ілмекшелері бар жіңішке тармақтар таралады, оны мұртша деп атайды. Мұртшалардың ұсақ ілмектері көршілес жіңішке мұртшаларға жабысып, оларды бірімен-бірін байланыстыру арқылы серпімді де майысқақ пәр түзеді. Саусақпен ажыратқанда мұртшалардағы ілмекшелер адырасып, үзіледі де мұртшаларды біріне-бірін жайлап қосқан кезде мұртшалардың ілмектері қайтадан біріне-бірі байланысып, пәр тұтасады. Мұртшалардың ілгектерін тек микроскоп арқылы ғана көруге болады.
Құстың бүкіл денесін жауып жататын жамылғы қауырсын бірнеше топқа бөлінеді. Қанаттың қалақшасын түзетін ұзын қауырсындар желпуіш қауырсындар деп аталады, ол ұзын және қысқа желпуіш қауырсындарға бөлінеді. Ұзын желпуіш қауырсындар кәрі жіліктен кейінгі саусақ сүйектерге бекініп, қанаттың ұшын ала орналасады. Қысқа желпуіш қауырсындардың серпімділігі нашар және кәрі жілік тұсындағы теріге бекінеді. Құстың құйрығында орналасатын ұзын да берік қауырсын бұлқын қауырсын деп аталады. Ол құстың ұшуына бағыт береді. Құстың денесін жабатын ұсақтау келген қауырсындар белгілі орнына байланысты жамылғы қауырсыны және құйрықүсті қауырсыны деп жіктеледі. Сонымен жамылғы қауырсындар құс денесінің сүйрленіп, оның ауада кедергісіз, еркін ұшуына мүмкіндік береді.
Жамылғы қауырсындардың астында мамықты қауырсын болады. Мамықты қауырсынның сояуы өте жіңішке және қосалқы мұртшасы болмағандықтан, ол пәр түзбейді. Ал сояуы өте қысқарып, мұртшалар теріде шоқ түзіп орналасса - мамық деп аталады. Мамықты қауырсын мен мамық әсіресе суда жүзетін құстар мен ауа райы суық елдердегі құрлықта мекендейтін құстарда мол болады. Мамықты қауырсын мен мамық денеде жылу сақтауға жәрдемдеседі.
Құстардың қауырсын жабындысы жылына бір немесе екі рет мезгіл-мезгіл жаңарып отырады. Құс денесіндегі ескі қауырсынның түсіп, орнына жаңа қауырсын түзуі түлеу деп аталады. Жыртқыш құстар мен жемін ауадан аулайтын құстар біртіндеп түлейді, сондықтан олардың ұшуына ешқандай кедергі болмайды. Ал тауықтәрізділер отрядына жататын құстар бірден, өте шапшаң түлейтіндіктен, ауаға көтеріле алмай, ағаш, бұталардың түбіне жасырынады. Суда жүзетін құстар (қаз, үйректердің кейбір түрлері, аққу) түлеген кезде желпуіш қауырсындар бір мезгілде түсетіндіктен, мүлде ұша алмай қалады. Мұндай жағдайда олар өзен, көл, теңіздердің адам аяғы баса алмайтын жерлеріне барып, топтасып тіршілік етеді.
Құстың тұмсығы, аяқтарындағы мүйізді қабыршақтар немесе қалқаншалар, тырнағы, қауырсындары мен мамықты қауырсыны, мамығы терінің үстіңгі қабатынан пайда болады, сондықтан бұлар тері түзілістері деп аталады.
Құстардың шығу тегі. Құстардың жорғалаушыларға ұқсастығы да айырмашылығы да бар. Құстардың жорғалаушыларға ұқсастығына зер салайық. Тек қана құймышақ безі болмаса, құс денесін құрғақ терінің қаптауы, аяғындағы жіліншігін қаптайтын қабыршақ тәрізді жабын, асқорыту мүшесіндегі клоака, қаңқасындағы кейбір ұқсастықтар оның арғы тегінің жорғалаушылар екенін анықтайды. Тіпті құс жұмыртқасы құрылысының жорғалаушылар жұмыртқасына өте ұқсас болуы бұл пікірді толық дәлелдейді.
Ғалымдар құстардың жорғалаушыларға арғы тегінен ұқсастығын қазба қалдықтар бойынша да дәлелдей түсті. Тұңғыш рет 1861 жылы бұдан 150 миллион жыл бұрын тіршілік еткен қанатты жануардың қазбадан қауырсынның қалдығын тауып, археоптерикс деп атады. Кейінірек дене құрылысы айқынырақ көрінетін, көнеқұстың тастағы таңбасы табылды. Көне құстың қанаттары мен құйрығындағы қауырсындары жақсы жетілгендігін көреміз. Дене мөлшері кептердей бұл қанатты жануар құсқа да, жорғалаушыларға да ұқсас болып шықты. Олар онша жақсы ұша алмағанымен де орманда тіршілік етіп, ағаштан ағашқа секіргенде біраз қашықтыққа қалықтауаға қанатын пайдаланғаны байқалады. Астыңғы және үстіңгі жақ сүйектерінде тістердің болуы , 20 омыртқадан тұратын құйрығы - оның кесірткеге ұқсас белгілері еді. Ал аяғында төрт саусақпен жіліншік нағыз құсқа тән қасиет болатын. Бұл белгілер көнеқұстардың жорғалаушылар мен құстар арасындағы аралық жануар екенін білдірді.
Ең алғашқы құстардың көнеқұстардан ерте тіршілік еткені де дәлелденуде. Американдық полентологтар қазба жұмысында жүріп, Техас штатаының Батыс бөлігіндегі Пост деген шағын қаланың маңынан бұған дейін 225 млн жыл бұрын тіршілік еткен құс тәрізді жануардың тасқа айналып, жақсы сақталған қаңқасын тапты. Оны ғалымдар протоавис деп атады, мұның қазақша баламасы - ілкіқұс. Ілкіқұстың мөлшері қарғадай. Оның көз шарасы, ми сауыты және төссүйегі құстарға өте ұқсас. Құстардың бәлкім осы ілкіқұстардан бастама алуы да ықтимал.
Құстардың мекен ортасы.
Пингвиндер. Бұлар өте қарапайым құстар. Оларға түйеқұстар мен кивилер жатады. Түйеқұстар - қазіргі құстардың ішіндегі ең ірісі. Кейбір особьтарының (африкалық түйеқұстың еркектерінің) биіктігі 260 см-ге жетеді. Бұл құстар өте шапшаң жүгіргенімен де, ұша алмайды. Қанаттары әжептәуір үлкен. Бірақ құс оны тек шапшаң жүгіргенде ғана пайдаланады. Кейбір түйеқұстардың (австралиялық) қанаттары мүлде кішкене болады. Киви - қанаттарының бастамасы ғана бар кішкене қырсыз төс тқұстар.
Пингвиндер - ұша алмайтын құстар. Олар жақсы жүзеді, скелет сүйектернінде ауа болмайды, төсінде қыр (киль) бар. Пингвиндер Антарктида жағалауларында тіршілік етеді. Құрылықта жүргеннен де, ескектерінің көмегімен суда жақсы жүзеді. Пингвиндер балықтармен, шаян тәрізділермен, моллюскалармен қоректенеді. Ұясын жер бетіне салады. Антрактидада корольдық пингвиндер кеңінен тараған.
Аршын төс құстар - ең көп тараған құстар тобы. Сүйектері ауаға толы. Аршын төс құстардың көпшілігі ұшады. Құстар түрінің көпшілігі аршын төс құстарға жатады.
Құстардың әр түрлі тіршілік жағдайларына байланысты мынадай экологиялық топтарға бөлінеді: бұталы - орман құстары, батпақ - шалшық су құстары, шөл - дала құстары, су құстары, жыртқыш құстар.
Бұталы - орман құстарына орманда ұя жасап, қорегін аулайтын құстар жатады. Олардың ішінде насекомдармен (тоқылдақтар, жүрдек торғайлар, дүпілдіктер т.б.), өсімдіктердің тұқымымен (шыпшықтар, шымшықтар, қайшыауыздар т.б), өсімдіктердің жемісімен (колибрилер, шірнежегір) қоректенетін құстар бар.
Батпақ-шалшық су құстары аз ғана. Оларға тырналар, дегелектер, құтандар, балықшылар, тартарлар жатады. Бұл құстар су маңындағы ормансыз жерлерді мекендейді. Бұл топқа жататын құстардың аяқтары ұзын болады. Аталған құстар ұсақ жануарлармен қоректенеді.
Шөл - дала құстары өсімдіктері аз, ашық жерлерде мекендейді. Құстардың бұл тобына түйеқұстар, жүрдектер, дуадақтар жатады.
Жыртқыш құстар -- тірі жануарларды немесе олардың өлекселерін жеп тіршілік ететін құстар. Жыртқыш құстардың тұмсығы имек, шеті өткір, кескіш. Қанаттары ұзын, көбіне ұшты, кеуде тұсы, сан еттері жақсы дамыған. Көру, есту жүйелері жақсы жетілген. Тырнақтары өткір, имек, жемін бүріп ұстауға, өлтіруге бейім. Жыртқыш құстар саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құстар. Қазақстанда олар кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы сандары белгісіз, бұл құстардың көбі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Жыртқыш құстардың санының азаюының негізгі себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі және қақпанға түсуі. Бұл құстарды қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек. Жыртқыш құстар (Falconiformes отряды) мен жапалақ (Strigiformes отряды) отрядына қатысты құстардың түрлері жыртқыш құстар деп танылады. Жыртқыш құстар -- тірі жануарларды немесе олардың өлекселерін жеп тіршілік ететін құстар. Жыртқыш құстардың арасында тұрқы 1 метрге, жайған қанаты 2,75 метрге жететін ең ірі (құмай), тұрқы 15 сантиметрдей өте ұсақ (ергежейлі сұңқар) түрі бар. Жыртқыш құстардың тұмсығы имек, шеті өткір, кескіш. Қанаттары ұзын, көбіне ұшты, кеуде тұсы, сан еттері жақсы дамыған. Көру, есту жүйелері жақсы жетілген. Тырнақтары өткір, имек, жемін бүріп ұстауға, өлтіруге бейім. Жыртқыш құстардың көбі жемін күндіз аулайды. Кейбір түрі сүт қоректілерді (әсіресе кемірушілерді), құстарды, бауыры мен жорғалаушыларды, кейбіреуі моллюскілерді жейді. Өлексемен, балықпен, насекомдармен қоректенетіндері де бар. Жыртқыш құстардың 5 тұқымдасқа бөлінеді. Олар: Оңтүстік және Солтүстік Америкада тараған америка құмайлары (6 түр), Африка саванналарында кездесетін секретарь (1 түр), жер жүзіне кең тараған балықшы (1 түр), тек Антарктика мен кейбір мұхит аралдарында ғана жоқ қаршыға (205 түр) және сұңқар тұқымдасы (58 түр). Бұдан Қазақстанда 38 түрі кездеседі.
Жыртқыш құстар -- моногамды құстар, жылына бір рет жұмыртқалайды.
Ірілері 1 -- 2, ұсақ түрлері 6 -- 7 жұмыртқа салады.
Балапандарын 28 (сұңқар), 55 күн (құмай) арасында шығарады. Ауыл шаруашылығына зиянды кемірушілерді, насекомдарды, өлекселерді жеп, аймақты санитарлық жағынан тазартып, ауру, әлсіз құстарды, жануарларды оңай ұстап, табиғи сұрыптау процесіне қатысып пайда келтіреді.
Жыртқыш құстардың кейбір түрі (бүркіт, қаршыға, ителгі т. б.) өте ерте заманнан бері әуесқойлық аң аулау үшін пайдаланылады.
Бүркіт. Біздің елімізде бүркіттің жеті түрі мекендейді. Олардың арасындағы ең бір ерекше ғажабы -- қыран бүркіт. Ол -- қасқырды да алатын, өте күшті, ірі денелі алып құс. Кавказды, Орта Азия мен Қазақстанды мекендейтін халықтар ежелдеи бүркіт салып, аң аулайды. Ең алдымен бүркітші бүркіттің балапанын ұядан алады. Мұмын өзі өте қауіпті кәсіп. Өйткені, бүркіт өзінің ұясын жан аяқ баспайтын қия жартасқа салады және аталық (шәулі) бүркіт пен ұябасар бүркіт өз балапандарын жанын сала қорғайды. Бүркіт еліміздің оңтүстігіндегі адам аяғы баспаған, ешкім аспаған мұзарт шыңдар мен қия жартастарды мекендейді. Олар Сібірдің ит тұмсығы өтпейтін қалың ормалдарында, сондай-ақ еліміздің Европалық бөлігіндегі ормандарда да кездеседі. Ормандағы бүркіттер елден, жолдап аулақ алыс түкпірлердегі кәрі ағаштың ұшар басына ұя салады. Өздері өте сақ. Адам көзіне сирек шалынады. Тек күздігүні балапандары есейігенде ғана бүркіт ұясымсн топтанып, шырқау биікте қалықтап жүреді. Күн суығанда бүркіттер ұясынан алыс жақа сапар шегеді. Жас бүркіттер қыста қоныс аударған жаңа жерге тұрақтанып, келесі суық түскенге дейін осы өңірді мекен етеді.
Ал енді кәрі аталық бүркіт пен ұябасар бүркіт өздерінің түпкілікті мекеніне қайтып оралады. Олар бұрынғы ұяларын жөндеп, мұнда тағы да балапан басып шығарады.
Дала қыраны. Саны қалпына түсіп келе жатқан түр. Евразияның, соның ішінде Қазақстанның далалық және шөлейтті аймақтарында кең тараған. Әсіресе Батыс Қазақстан мен құрғақ далалы тау бөктерлерінде көп болған.
Жыртқыштармен күресу кампаниясынан кейін (50-60 жылдар) саны азайып кетті, екінші себеп - жоғарғы кернеулі электр таратү жүйелерінің сымдарында өлім-жітімге ұшырауы. Бұл қырандардың жердегі ұялары өте жеңіл бұзылады. Бүркіттерді және олардың ұяларын қорғауды насихаттау, сонымен қатар электр жүйесін жеткізетін тіректерді тиымды қорғаныш құрластармен жабдықтау қажет.
Қарақұс. Сирек, саны кеміп бара жатқан түр. Қазақстанда солтүстік ендік бойынша 53-ші градусқа дейін кең тараған; ол тек биік таулар мен мүлдем орманы жоқ аудандарда ғана кездеспейді. Саны белгісіз, бірақ 50-60-шы жылдардағы күрт төмендеуден кейін қайтадан қалпына келуі өте баяу жүрсе, ал кейбір жерлерде - мүлдем жоқ. Басқа бүркіттер сияқты электр жүйесін тарату тіректерінде жиі өлім-жітімге ұшырайды, кейде бүркіт орнына аулаушы қүс ретінде қолда ұстау үшін ұядан да балапандарын алады. Қарақұсты қорғау үшін үгіт насихатты жандандыру, белгілі ұя салатын орындарды қорғау және орманы жоқ, аудандарда оларды ұялауға тарту үшін ағаш басына жасанды ұялар тұғырын жасау қажет.
Жыланжегіш. Сирек, саны кеміп бара жатқан түр. Африка мен Евразиядо кең тараған, Қазақстанның барлық оңтүстік бөлігіндегі құмды шөлдерде, шөлді таулар мен құрғақ тау бөктерлерін мекендейді. Саны нақты анықталған, бірақ соңғы он жылдықтарда оның кемуі жақсы байқалады. Негізгі себептер: электр тарату жүйелерінің тіректеріндегі өлім-жітім, қасақылардың тікелей кыруы, ұя маңында мазалау факторлары. Қаратауда, Бетпақдалада және Қызылқұмда, Іле өзенінің аңғарында қорықтар құру қажет.
Сақалтай. Саны тұрақты болғанымен аз, сирек кездесетін түр. Қазақстандо Талас Ала-тауынан Жоңғар Алатауына дейінгі тау жоталарында таралған, ұясын таудың жартасты-құзды жерлеріне салады. Санының қанша екені белгісіз, дегенмен 100-ге жете бермес. Ақсу-Жабағылы және Алматы таулы қорықтарында 20 шақтысы қорғауға алынған. Олардың қорықтардан тысқары ұяларын тауып, оны қорғап, саяхатшылардың сақалтайдың ұясы бар шатқалдарға бармауын қадағалап, қолдан өсіруді жолға қою керек.
Құмай. Аз зерттелген, сирек кездесетін құс. Тибет, Гималай, Памир-Алай жене Тянь-Шаньды мекендейді. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы биік тау жоталарында, тау орманынан жоғары тіршілік етеді. Санының азаю себептері анықталмаған, шамамен оған улы жемдерден өлуі және оның қорегі-жабайы тұяқтылардың азаюы себеп болуы мүмкін. Ұяларын тауып, оларды қорғауға алу керек, мүмкін, қыста қосымша жемдеуді үйымдастырып, қолдан өсіру тәсілдерін табу керек шығар.
Аққұйрықты субүркіт. Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін құс. Евразияның солтүстік белігінде, оңтүстігінде Орталық Азия мен Моңғолияға дейін кең тараған. Соңғы 30-40 жылда Қазақстанның бұрын дағдылы суларының көпшілігінде кездеспейтін болды. Кәзір Қазақстанда 200-дейі ұялайтын болса, оның жартысынан көбі Жайық пен Іле өзендерінің су алқаптарында. Сонының азаюының негізгі себептері - тікелей жою, сулардың жағаларын шаруашылыққа пайдалану, өрт кезінде ұяларының жой-ылуы. Балқаш маңы, Торғай және Алакөл қорықтарын ұйымдастыруды тездету керек.
Кезқұйрықты субүркіт. Жойып жіберу қаупы бар түр. Оңтүстік және Орталық Азияда біршама кең тараған. Қазақстанда үстіміздегі ғасырдың ортасында оның ұясын Алтайда, Сырдария мен Іле өзендерінде, Маңқыстау түбегінде кездестіруге болатын. Жыртқыш құстарды жою науқанынан кейін ол өте сиреп кетті: соңғы 25 жылда ұя басатын мезғілінде 5, ал, барлығы 50-дей ғана кездескен. Ұялары табылмаған. Ұялайтын жерлерін тауып, оларды қорғау керек.
Бақалтақ қыран. Сирек, аз зерттелген құс. Евразия мен Солтүстік-ботыс Африканың орманды аудандарында кең тараған. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы ор-манды тауларында, шөл өзендерінің жайылмаларында мекендейді. 50-60 -шы жылдары, жыртқыш құстармен күресу шаралары кезінде, саны күрт төмендеді, ал қазір саны өте жай қалпына келуде. Бүркіттерді қорғауды насихаттау, сонымен қатар Қаратауда, Жоңғор Алатауында және Іле өзенінің аңғарында қорықтар құру қажет.
Ителгі. Қазақстанда бұл түрдің кейінгі 3-4 жылда саны күрт кеміп кеткендіктен жойылып кету қаупы бар. Оның басты себебі: араб елдеріне сатү үшін ересектерін аулау және ұядағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz